СТ РК 940-92 каз БЛОКИ СТЕНОВЫЕ БЕТОННЫЕ И ЖЕЛЕЗОБЕТОННЫЕ ДЛЯ ЗДАНИЙ Технические условия СТ РК 940-92

МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ

 

ҒИМАРАТТАРҒА АРНАЛҒАН БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН

ҚАБЫРҒАЛЫҚ  БЛОКТАР.

Техникалық шарттар

 

Блоки стеновые бетонные и железобетонные для зданий.

Технические условия

 

 

Енгізілген күні 1993- 01-01

 

Осы стандарт ауыр бетоннан кеуек толтырғыштардан әзірленген жеңіл бетоннан, тығыз силикатты бетоннан және автоклавты кеуек бетоннан әзірленген және сейсмикалық емес аудандардағы құрылысқа, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жылытылатын өндірістік және қосалқы ғимараттарының қабырғаларына арналған бетон және темірбетон блоктарға қолданылады.

Автоклавты кеуек бетоннан әзірленген блоктарды ылғалды режимді бөлмелердің қабырғаларында немесе ортаның құрылымдарға әсерлерінің орташа және күшті жемірлі дәрежелері кезінде, сондай-ақ шығыңқы іргелік қабатта және техникалық еденастында қолдануға жол берілмейді.

Стандарт МСТ 22951 бойынша ұсақ бетон блоктарға және арнаулы қызметтік (желдету, түтіндік, электрблоктық және басқалар) блоктарға қолданылмайды.

Стандартта қолданылған терминдер мен олардың түсіндірмелері анықтама қосымшада келтірілген.

3.6., 3.6.3 - т. т. ұсынылғандар болып табылады.

Стандарттың басқа талаптары міндетті болып табылады.

 

1 Жіктеу

 

1.1 Блоктар олардың типтерін сипаттайтын келесідегідей белгілер бойынша жіктеледі:

- қабырғалардың түрі бойынша;

- қабырғадағы қызметі (орналасқан орны) бойынша;

- негізгі қабаттардың саны бойынша.

1.2 Блоктар қабырғалардың түрлері бойынша мыналарға бөлінеді:

- сыртқы қабырғаларға арналған блоктар (онан әрі – сыртқы блоктар делінеді);

- ішкі қабырғаларға арналған блоктар (онан әрі – ішкі блоктар делінеді);

1.3 Блоктар қабырғадағы қызметі (орналасқан орны) бойынша былай бөлінеді:

- қабырғааралық, терезеастылық, маңдайшалық, белдеулік, жиекқабыр­ғалық, ернеуастылық, шығыңқы іргелік, қатарлық.

1.4 Сыртқы блоктар негізгі қабаттарының саны бойынша бір – және екіқабаттық болып бөлінеді.

 

2 Типтері мен өлшемдері

 

2.1 Блоктар келесідегідей негізгі типтерге бөлінеді:

 

Ресми басылым

 

 
 


с ы р т қ ы л а р :

- 1БН - қабырғааралық, қатарлық,

- 2БН - терезеастылық,

- 3БН - маңдайшалық,

- 4БН - белдеулік,

- 5БН - жиекқабырғалық,

- 6БН - ернеуастылық,

- 7БН - шығыңқы іргелік;

і ш к і л е р :  

- БВ - қабырғааралық, қатарлық, баспалдақ торының блоктары,

- БВП - маңдайшалық, белдеулік.

Сыртқы блоктардың қабырғаларда бұрыштық болып табылатын типтерінің көрсетілген белгілеулерін Б (У) бас әрпімен, деформациялық жіктер жанында орналасқандарды - Т әрпімен, лоджияларда - Л әрпімен толықтыру керек. Мәселен, 1СББ (1БНУ) - сыртқы қабырғааралық бұрыштық блок.

Сыртқы екі қабаттық блоктардың типтерінің белгіленуін Е (Д) бас әрпімен толықтыру керек. Мәселен, 1СБЕ (1БНД) - сыртқы қабырғалық бұрыштық екі қабаттық блок.

2.2 Блоктардың үйлестіруші ұзындығы мен биіктігін олардың ғимараттың (мәселен, перпендикуляр бағыттағы қабырғаларда) шектес құрылымдарымен шектесу орындарында бөлуші элементтер болмаған жағдайда, 1-кесте бойынша 12 М, 6 М және 3 М еселік модульдермен алу керек; негізделген жағдайларда бұл өлшемдерді 100 мм тең еселенген М модулімен алуға жол беріледі.

Блоктардың үйлесімдік қалыңдығын 1-кесте бойынша М және М/2 еселік модулімен алу керек; негізделген жағдайларда блоктың қалыңдығын М/5 еселік модулімен алуға жол беріледі.

Егерде блоктардың шектесу орындарында бөлуші элементтер бар болса, блоктардың үйлестіруші ұзындығы мен биіктігін 1-кестеде келтірілген өлшемге сәйкес кішірейту жолымен анықтау керек.

2.3 Блоктардың құрылымдық қалыңдығын блоктардың 1-кестеде көрсетілген үйлестіруші қалыңдығына сәйкес тең алу керек.

2.4 Сыртқы екі қабаттық блоктардың оқшаулаушы қабатының қалыңдығы 50 мм-ден кем болмауы тиіс.

2.5 Блоктарды МСТ 23009-ге және жобалау құжаттамасына сәйкес маркалармен белгілеу керек.

 

3 Техникалық талаптар

 

3.1 Блоктарды осы стандарттың талаптарына және нақты типті блоктардың белгілі бір тәртіппен бекітілген жобалау және техникалық құжаттамалары бойынша техникалық шарттарына сәйкес дайындау керек.

3.2 Блоктарды дайындауға арналған болат қалыптар МСТ 25781 талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

3.3 Блоктар осы стандарттың талаптарына және нақты ғимараттың жобасының қосымша талаптарына сәйкес зауыттық даярлығын иеленуі тиіс.

 

3.4 Бетон

 

3.4.1 Блоктарды түрлері, құрылымы және кластары немесе сығылуға беріктігі бойынша жобалау маркалары нақты ғимараттың жобасында көрсетілген және 2-кестеге сәйкес тағайындалған бетоннан дайындау керек.

3.4.2 Кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетоннан әзірленген блоктардың сыртқы қорғаныстық-әшекейлік қабаттың бетонының немесе ерітіндісінің сығылуға беріктігі бойынша класы мен маркасы, нақты ғимараттың жобасымен қарастырылған жағдайда (3.6.2 т.), блоктың негізгі қабатының бетонының класы  мен маркасына тең болуы немесе бір сатыға арттырылады, бірақ  олар М 7,5 немесе М 100-дан төмен емес болуы тиіс.

3.4.3 Кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетоннан әзірленген блоктардың ішкі әрлеу қабатының сығылуға беріктігі бойынша жобалау маркасы ол нақты ғимараттың жобасымен қарастырылған жағдайда (3.6.3 т.), тұрғын, қоғамдық және қосалқы ғимараттардың қабырғаларының блоктарында В 3,5-тен төмен емес және өндірістік ғимараттардың қабырғаларының блоктарында В 7,5-тен төмен емес болуы тиіс.

 

1 - к е с т е                                                                            

 

Блоктың қабырғаның түрі бойынша типі

Блоктың қабырғадағы қызметі (орналасқан орны) бойынша типі

Үйлестіруші өлшемдері, мм

ұзындығы

биіктігі

қалыңдығы

Сыртқы

Қабырғааралық,

шығыңқы іргелік,

қатарлық

400, 600, 900

1000, 1200

1300, 1500

1800, 2100

3000*, 3300

300, 1000

1200*, 1600

1800*, 2200

2500, 2700

2800, 3000

3300, 3900

200-600

Терезеастылық

900. 1200

1500, 1800

2100, 2400

600, 800, 900

1500

200-600

Маңдайшалық,

белдеулік

 

2100, 2400

2700, 3000

3300, 3600

600, 800

200-600

Жиекқабырғалық

400, 900

1200, 1500

3000, 3300

900, 1200

2400, 2700

200-600

Ернеуастылық,

900, 1200

1500, 1800

2100

500, 600

900, 1200

200-500

Ішкі

Қабырғааралық,

қатарлық, баспалдақ торының блогі

400, 600

2700

1100, 2100

2500, 2800

3000, 3300

160, 200

250, 300

Маңдайшалық,

белдеулік,

900-3300

300-600

160, 200

250, 300

 

*Тек өндірістік ғимараттардың қабырғаларына арналған.

 

Е с к е р т у

1 Бұрыштық блоктардың үйлестіруші ұзындығын бұрыштық түйістік қосылыстардың блоктары мен құрылымдарының қалыңдығына байланысты анықталады.

2 Блоктарды қолданылатын жабдықтарға арналған 1-кестеде көрсетілген үйлестіруші өлшемдерден айырмашылықпен, сондай-ақ ӨЭК СТ 6084-87-де қарастырылған жағдайларда дайындауға жол беріледі.

 

 

 

 

 

 

2 - к е с т е

 

Блоктың қабырға түрі және негізгі қабаттардың саны бойын­ша типі

Блоктың негізгі қабаты

Бетонның түрі

Бетонның

құрылымы

Бетонның

сығылуға беріктігі бойынша жобалау маркасы

Бетонның

сығылуға беріктігі бойынша

класы

Сыртқы

бір қабат тық

Негізгі қабат

 

Кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетон

Тығыз

 

 

 

Кеуектелген

М50, М75

М100, М150

 

 

М50, М75

М100

В3,5; В6

В7,5;В 10

В 12,5

 

В3,5; В7,5; В5

 

 

Автоклавты ұяшықты бетон

Ұяшықты

М25, М35,

М50, М75.

М100

М1,5; В2,5;

В3,5; В5;

В7,5

Сыртқы екі қабаттық

 

 

Ішкі

көтеруші

 

 

 

 

Ауыр бетон

 

Тығыз

 

М200, М250,

М300,

М200, М250

В15; В20;

В22,5; В25;

В15, В20

Кеуек толтырғыш-тардағы жеңіл бетон

Тығыз

 

М50 М75

М100

В3,5; В5

В7,5

Сыртқы

жылытқыш

қабат

Кеуек толтырғыш-тардағы жеңіл бетон

Тығыз

М50, М75

М100

В3,5; В5

В7,5

Кеуекті

Ішкі бір қабаттық

Негізгі

қабат

Ауыр бетон

 

М100, М150

М200

В7,5; В10;

В12,5; В15

Кеуек толтырғыш-тардағы жеңіл бетон

Тығыз

М75, М100

М150, М200

В5; В7,5;

В10; В12,5;

В15

Тығыз силикаттық бетон

М150 және жоғары

В12,5 және жоғары

Автоклавты

ұяшықты бетон

Ұяшықты

 

М25, М25,

М50, М75,

М100

В1,5; В2,5;

В3,5; В5;

В7,5

 

Е с к е р т у - сыртқы бір қабатты блоктар үшін В2,5 класты немесе жобалау маркасы М35 кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетонды - биіктігі екі қабаттан көп емес ғимараттардың қабырғалары үшін , сондай-ақ В15 класты немесе жобалау маркасы М200-ді – техникалық-экономикалық негіздеу кезінде қолдануға жол беріледі.

 

 

3.4.4 Бетонның нақты беріктігі (жобалау мезгіліндегі және босату кезіндегі) МСТ 18105-тің бетонның жұмыс сызбаларында көрсетілген нормаланған берік­тігіне және бетон беріктігінің нақты біртектілігі көрсеткішіне байланысты тағайын­далған талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Блоктардың ерітіндісінің беріктігі жұмыс сызбаларында белгіленген ерітіндінің сығылуға беріктігі бойынша жобалау маркасына сәйкес болуы керек.

3.4.5 Тұтынушыға блоктарды жеткізуді блоктардың бетондары талап етілетін босату беріктігіне, блоктардың ерітінділері - нормаланған босату беріктікке қол жеткізілгеннен кейін жүргізу керек.

Блоктардың бетоны мен ерітіндісінің нормаланған босату беріктігінің мәні сығылуға беріктік бойынша класынан немесе маркасынан проценті мыналарға тең:

- 70 - ауыр бетон үшін, бірақ В 12,5 және жоғары класты немесе М 150 және жоғары маркалы кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетондар үшін, сондай-ақ сыртқы қорғаныстық-әшекейлік және ішкі әрлеу қабаттарының ерітіндісі мен бетоны үшін 9,8 МПа-дан (100 кгс/см2) төмен емес;

- 80 - В 10 және төмен класы немесе М 100 және төмен маркалы кеуек толтыр­ғыштардағы жеңіл бетон үшін;

- 100 - тығыз силикатты және автоклавты ұяшықты бетондар үшін;

Блоктарды жылдың суық мезгілінде жеткізу кезінде бетон немесе ерітіндінің нормаланған босатылмалы беріктігі мәні сығылуға беріктік бойынша класынан немесе маркасынан проценті мыналарға тең:

85 - барлық класты немесе маркалы ауыр бетондар үшін және В 12,5 және жоғары класты немесе М 150 және жоғары маркалы кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетондар үшін;

90 - В 10 және төмен класты немесе М100 және төмен маркалы кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетон, сондай-ақ сыртқы қорғаныстық-әшекейлік және ішкі әрлеу қабаттарының ерітіндісі мен бетоны үшін;

Бетоны мен ерітіндінің нормаланған босату беріктігінің мәнін нақты ғимараттарға арналған жобалау құжаттамасы бойынша ҚР СТ 937-92 талапта­рына сәйкес алу керек.

Бетонның, олардың сығылуға беріктігі бойынша класы немесе маркасына сәйкес беріктіктен төмен бетон және ерітінді блоктарын жеткізуді, егерде дайындаушы талап етілетін беріктікті (ертіндімен – оның маркасына сәйкес беріктікті) МСТ 10180 бойынша көзделген жағдайларда сақталған бақылау үлгілерін сынау нәтижелері бойынша анықталатын жобалау мерзіміне жеткізуге кепілдік беретін жағдайларда жүргізеді.

 3.4.6 Блоктардың бетоны мен ертіндісінің аязға төзімділігі жұмыс сызбаларында белгіленген аязға төзімділік маркаларына сәйкес болуы тиіс.

3.4.7 Сыртқы бір қабаттық блоктардың кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетонының және сыртқы бір қабаттық блоктардың автоклавты ұяшықтары  бетонының, сондай-ақ жұмыс сызбаларында көрсетілген екі қабаттық блоктардың (тұрақты масса күйіне дейін кептірумен) жылытқыш қабатының кеуек  толтырғыш­тардағы жеңіл бетонның жобалық орташа тығыздығы (көлемдік массасы) 3-кестеде келтірілгендерден артпауы тиіс.

Бетонды дайындау үшін қолдануға арналған жергілікті материалдардың сапасына байланысты, тиісті техникалық-экономикалық негіздеу кезінде және сәулет, қала құрылысы, құрылыс жөніндегі Уәкілетті органның рұқсатымен блоктарды дайындау үшін, блоктар осы стандарттың барлық басқа талаптарын қанағаттандырса және қолдану кезінде ҚР ҚНжЕ 2.04-21-2004 және МҚН 2.04-02-2004 талаптары орындалатын болса, 3-кестеде көрсетілген жобалық орташа тығыздығынан үлкен бетонды қолдану керек.

Блоктардың бетонының жобалық орташа тығыздығы 3-кестеде көрсетілген мәндерден артпауы тиіс.

3.4.8 Сыртқы блоктардың бетонының нақты орташа тығыздығы (тұрақты масса күйіне дейін кептірумен) (көлемдік масса) жұмыс сызбаларында белгіленген жобалықтан мынадай өлшемдерде артпауы тиіс:

- 5 % - бір қабатты блоктардың кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетон және екі қабатты блоктардың жылытқыш қабаты;

- 7 % - автоклавты ұяшықты бетон;

- 3 % - бір қабатты блоктардың кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетон және екі қабатты блоктардың жылытқыш қабаты;

- 5 % - автоклавты ұяшықты бетон;

Екі қабатты блоктардың оқшаулаушы қабатының кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетонының нақты орташа тығыздығының (тұрақты масса күйіне дейін кептірумен) жобалықтан ауытқуы (көлемдік масса) ± 5 %-тен артпауы тиіс.

3.4.9 Ішкі блоктардың бетонының нақты орташа тығыздығы (тұрақты масса күйіне дейін кептірумен) (көлемдік масса) жұмыс сызбаларында белгіленген жоба­лықтан мынадай өлшемдерде ерекшеленбеуі тиіс:

- 5 % - кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетон;

- 7 % - автоклавты ұяшықты бетон;

 

3 - к е с т е

 

Бетонның

сығылуға беріктігі бойынша жобалау маркасы

Орташа тығыздығы (көлемдік массасы) кг/м3

Сығылуға беріктігі бойынша класы

перлит-бетонның

керам-

зит бе-

тонның

және шунги-

зите­бе-

тонның

қожпем­за­-

бетон-

ның

агло­-

порит бе-

тонның

және

табиғи

толтыр-

ғыштар-

дағы

бетон-

дардың

авто-

клавты

ұяшықты

бетон-

ның

кеуек толтыр-

ғыштар-

дағы

жеңіл

бетон-

ның

авто-

клавты

ұяшықты

бетон-

ның

М 25

М 35

М 50

М 75

М 100

М 150

-

800

900

1000

1100

1200

-

900

1000

1100

1200

1300

-

1400

1500

1600

1700

1800

-

1200

1300

1400 1500 1600

600

700

800

900

1000

-

-

В2,5

В3,5

В5

В7,5

В12,5

В1,5

В2,5 В3,5

В5

В7,5

-

 

Е с к е р т у

1 Кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетон атаулары ірі толтырғыш түрі бойынша алынған.

2 Шығыңқы іргелік блоктар үшін кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетонның орташа тығыздығы 200 кг/м3 -қа арттырылуы мүмкін.

3 Өндірістік ғимараттардың блоктары үшін керамзитбетонның орташа тығыздығы 100 кг/м3-қа арттырылуы мүмкін.

 

 

3.4.10 Сыртқы бір қабаттық блоктардың кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетонының және осы бетоннан жасалған екі қабатты блоктардың жылытқыш қабатының нақты ылғалдығы (көлем бойынша) блоктарды тұтынушыға босату кезінде мыналардан артпауы тиіс:

- кез келген ұсақ толтырғыштардағы бетоннан (ісінген перлитті құмнан немесе күлден басқалары) және ұсақ толтырғышсыз бетоннан жасалған блоктар:

- 13 % - тұрғын, қоғамдық және қосалқы ғимараттар үшін;

- 15 % - өндірістік ғимараттар үшін;

- ісінген перлитті құмдағы немесе күлдегі бетоннан жасалған блоктар үшін;

- 15% - тұрғын, қоғамдық және қосалқы ғимараттар үшін;

- 18 % - өндірістік ғимараттар үшін.

Сыртқы және ішкі блоктардың автоклавты ұяшықты бетонының нақты ылғал­дылығы (массасы бойынша) оларды тұтынушыға босату кезінде мыналардан артпауы тиіс:

- 25 % - құмдағы автоклавты ұяшықты бетон;

- 30 % - тақтастық күлдегі автоклавты ұяшықты бетон;

- 35 % - басқа түрлі күлдегі автоклавты ұяшықты бетон;

3.4.11 Сыртқы бір қабаттық блоктардың ұяшықты толтырғыштардағы жеңіл бетонының және автоклавты ұяшықты  бетонының сыртқы бір қабаттық блоктардың және екі қабатты блоктардың жылытқыш қабатының нақты жылуөткізгіштігі (жылуөткізушіліктің коэффициенті) (тұрақты масса күйіне дейін кептірумен) ҚР ҚН  2.04-21-2004 және  МҚН 2.04-02-2004-ке  сәйкес нақты ғимараттың жобасының жұмыс сызбаларымен белгіленген мәндерден 10%-тен артпауы тиіс.

3.4.12 Тығыз құрылымды кеуек толтырғыштарындағы жеңіл бетонның нығыздалған қоспасындағы түйір аралық қуыстардың көлемі 3 %-тен астам емес болуы тиіс.

Блоктарда сыртқы қорғаныстық-әшекейлік және ішкі әрлеулік қабаттарды және блоктардың жоғарғы және шеткі беттерін ылғалданудан қорғауды, жұмыс сызбаларында көрсетілген талаптарға сәйкес орнатқан жағдайда, түйір аралық қуыстардың көлемі 3%-тен жоғары 6%-ке дейін кеуеу толтырғыштардағы жеңіл бетоннан әзірленген сыртқы блоктарды дайындауға жол беріледі.

3.4.13 Бетондар, сондай-ақ жемірлі ортаның әсер ету жағдайларында қолданылатын блоктардың бетонын дайындауға арналған материалдар ҚР ҚНжЕ 2.01-19-2004 және  ҚНжЕ 2.03-02-86 талаптарына сәйкес және блоктарды дайындауға арналған тапсырыста келтірілген нақты ғимараттың жобасына сәйкес талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

3.4.14 Бетонды дайындауға қолданылатын материалдың сапасы осы стандартпен белгіленген бетонға қойылатын техникалық талаптарды орындауды қамтамасыз етуі тиіс және стандарттарға немесе осы материалдарға белгіленген тәртіпте бекітілген шарттарға сәйкес болуы тиіс.

Кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетондарды былай қабылдау керек:

- блоктар кеуек бетоннан дайындалса, кеуек құмда, күлде немесе ұсақ толтырғышсыз кезде сыртқы бір қабатты блоктардың негізгі қабаты және екі қабатты блоктардың жылытқыш қабаты үшін;

-  тығыз немесе кеуек құмдағы екі қабатты блоктардың оқшаулаушы қабаты үшін

Сыртқы бір қабатты блоктар және екі қабатты блоктардың жылытқыш қабаты үшін техникалық-экономикалық негіздеумен, бетонға осы стандартпен белгіленген барлық талаптарды қамтамасыз еткен кезде және бетонның ертінді бөлігін міндеттті кеуектендіру жағдайында тығыз құмды кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетонды қабылдауға жол беріледі.

 

3.5 Арматуралық және салмалы бұйымдар.

 

3.5.1 Блоктарды арматуралау үшін келесідегідей түрдегі және кластағы арматуралық болатты қолдану керек:

- жұмыс арматурасы ретінде - МСТ 5781 бойынша А-III класының,                  МСТ 10884 бойынша Ат-III класының шыбықтық арматурасын және МСТ 6727 бойынша Вр-I сыныпты арматуралық сымын, сондай-ақ А-III және Вр-I кластарындағы арматураны пайдалану орынды болмаған жағдайда, МСТ 5781 бойынша А-I және А-II класты шыбықты арматурасын;

- құрылымдық арматура ретінде - А-I және Вр-I кластық арматураны.

3.5.2 Блоктардың салмалы бұйымдарын дайындау үшін МСТ 380 бойынша кәдімгі сапалы көміртектілі болатты немесе МСТ 19281 бойынша төмен қоспалы болатты сыртқы ауаның есептік қысқы температурасына байланысты ҚНжЕ 2.03.01-84 және ҚР ҚНжЕ 5.03-34-2005-тің тарауына сәйкес қолдану керек.

3.5.3 Арматуралық және салмалы бұйымдарының пішіндері мен өлшемдері және олардың блоктардағы жалғасуы жұмыс сызбаларында көрсетілгендерге сәйкес болуы тиіс.

3.5.4 Пісірілмелі арматуралық және болат салмалы бұйымдары МСТ 10922 талаптарына, ал пісірілмелі торлар - МСТ 8478 талаптарына сәйкес болуы тиіс.

3.5.5 Арматуралық болаттың маркалары, сондай-ақ салмалы  бұйымдарына арналған көміртекті болаттың маркалары нақты ғимараттың белгіленген жобасына (ҚНжЕ 2.03.01-84 -ке сәйкес) сәйкес болуы тиіс.

3.5.6 Блоктардың жинақтау ілмектерін дайындау үшін ВСт3пс2 және ВСт3сп2 маркаларының А-I класының шыбықтық тегіс ыстық тегістелінген арматурасын немесе МСТ 5781 бойынша 10ГТ маркасының Ас-II класының периодтық пішінін қолдану керек.

ВСт3пс2 маркасының болатын минус 400С-тен төмен температурасы кезінде блоктарды көтеруге және жинақтауға арналған жинақтау ілмектері үшін қолдануға жол берілмейді.

3.5.7 Ылғалды немесе сулы режимді бөлмелердің қабырғаларына арналған тығыз силикатты бетоннан әзірленген блоктардағы және автоклавты ұяшықты  бетоннан әзірленген бетондардағы, сондай-ақ, қабырғаларды жинақтау кезінде бетондалмаған және қалау бұйымдары бетінің және арматуралық шығың­қылықтардың жұмыс сызбаларында көрсетілген арматура тоттануға қарсы жабын иеленуі тиіс.

Жабынның түрі мен техникалық сипаттамасы ңақты ғимараттың белгіленген жобасына (ҚР ҚНжЕ 2.01-19-2004, ҚН 277-80 және ҚНжЕ 2.03-02-86-ға сәйкес) және блоктарды дайындау тапсырысында көрсетілгендерге сәйкес болуы тиіс.

 

3.6 Әрлеуге қойылатын талаптар

 

3.6.1 Кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетоннан әзірленген сыртқы блоктардың қасбеттік беттерін әрлеудің келесідегідей түрлері болуы мүмкін:

- ашылған толтырғышы бар әшекейлік бетонмен әрлеу;

- ерітінді қабатымен немесе бедерлік бетті бетонмен, сондай-ақ, әшекейлік ерітінді қабатымен немесе тегіс бетті бетонмен әрлеу;

- әшекейлік қиыршықтастарды, эрклезді немесе қыш түйіршіктерін себу немесе сіңіру;

- қыш, шыны, табиғи тастардан жасалған тақташалармен қаптау;

- тұрақты бояғыштармен сырлау.

Нақты ғимараттың жобасымен қарастырылған және блоктардың негізгі қабатының бетонымен берік ұстасуды қамтамасыз етуші өзге түрлердегі әрлеуді қолдануға жол беріледі.

3.6.2 Кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетоннан әзірленген сыртқы блок­тардың бетоннан немесе ерітіндіден әзірленген сыртқы (қасбеттік) қорға­ныстық-әшекейлік қабатын иеленуі тиіс.

Көрсетілген блоктарды оларды тақтамен қаптау немесе тұрақты гидро­фобты бояғыштармен сырлау кезінде сыртқы қорғаныстық-әшекейлік  қабатсыз дайындауға жол беріледі.

Сыртқы қорғаныстық-әшекейлік қабаттың номиналды қалыңдығы мыналар­дан кем болмауы тиіс, мм:

- 30 - шығыңқы іргелік блоктарда;

- 20 - өзге типті блоктарда.

3.6.3 Кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетоннан әзірленген сыртқы блоктардың және осы түрдің бетонынан әзірленген ішкі негізгі қабаты бар екі қабатты блоктар ішкі әрлеу қабатынсыз цементтік немесе немесе кеуек немесе тығыз құмдағы цементтік-әктік ерітіндіден әзірленген ішкі әрлеу қабатымен дайындалуы мүмкін.

Ішкі әрлеу қабатының номиналды қалыңдығы 20 мм-ден астам емес болуы тиіс.

3.6.4 Автоклавты ұяшықты бетоннан әзірленген сыртқы блоктар жұмыс сызбаларында көрсетілген сыртқы қорғаныстық-әшекейлік қабат, жабын немесе жабыны бар қорғаныстық қабат иеленуі тиіс.

3.6.5 Автоклавты ұяшықты бетоннан әзірленген блоктар, олар ылғалды режимді бөлмелердің қабырғаларына арналған жағдайларда, ішкі беттерде буоқшаулағыш жабынмен, ал, әлсіз жемірлі ортаның көрсетілген бөлмелердің блоктарына әсер ету кезінде - осы жемірлі ортаға төзімді қорғаныстық жабынмен дайындау ұсынылады. Ғимараттың жабынының түрі мен техникалық сипаттамасы нақты ғимараттың белгіленген жобасымен және блоктарды дайындау тапсыр­масында көрсетілгендерге сәйкес болуы тиіс.

 

3.7 Блоктарды дайындаудың дәлдігі

 

3.7.1 Блоктардың нағыз өлшемдерінің жұмыс сызбаларында келтірілген номиналдыларынан ауытқуы 4-кестеде келтірілген шамадан артпауы тиіс.

 

4 - к е с т е

 

Номиналды ұзындық

Шектік ауытқулар

ұзындығы бойынша

биіктігі бойынша

қалыңдығы бойынша

      4000-ға дейін

4000-тан жоғары

± 5

± 5

± 5

± 5

 

3.7.2 Блоктар бөлшектерінің нағыз өлшемдерінің жұмыс сызба­ларында көрсетілген номиналдыларынан ауытқуы мыналардан артпауы тиіс, мм:

± 5 - ойықтар өлшемдерінікін;

± 3 - кесіктер және шығыңқылықтардың өлшемдерінен;

± 2 - түйістерді тұтасқұймалағаннан кейін қыстырмалық қосылыстарды ту­дыру­ға арналған кесіктер мен тереңдіктердің өлшемдерінен;

± 2 - дәнекерлік қораптарға, ажыратқыштарға және штепселді  розеткаларға арналған ұяшықтардың өлшемдерінен және электртартылымдарға арналған каналдардың және қарықтардың  көлденең қимасының өлшемдерінікі.

Блоктар бөлшектерінің жұмыс сызбаларында көрсетілген номиналды жанасуының  ауытқуы 5 мм-ден артпауы тиіс.

3.7.3 Беттік жақтардың пішінінің тіксызықтықтан ауытқуы 5 мм-ден артпауы тиіс, мм:

- учаскелердегі ұзындығы 2 м ........................................................  3

- мынадай ұзындықтағы блоктардың барлық ұзындығында:

- 2,5 м-ге дейін .................................................................................  3

- 2,5-тен жоғары 4,0 м-ге дейін .......................................................  5

- 4,0 м -ден жоғары ..........................................................................  8

3.7.4 Блоктардың беттік жақтарының жазықтығынан ауытқу 5-кестеде көрсетілген шамалардан артпауы тиіс.

 

5 - к е с т е                                                                                                              мм

 

Блоктың номиналды ұзындығы

Блоктың номиналды  биіктігі кезіндегі шектеулі жазықтық еместігі

2500-ға дейін

2500-ден жоғары

4000-ға дейін

4000-нан жоғары

5

8

8

13

3.7.5 Блоктардың беттік жақтарының диагоналдарының ұзындығының айырмашылығы ауытқу 6-кестеде көрсетілген шамалардан артпауы тиіс.

Тікбұрышты пішіндердің ойықтарының диагоналдары ұзындығының айырмашылығы 10 мм-ден артпауы тиіс.

 

6 - к е с т е                                                                                                              мм

 

Блоктардың нақты ұзындығы

Диагональдардың ұзындықтарының шектеулі айырмашылығы

2500-ге дейін

2500-ден жоғары

10

13

 

3.7.6 Жұмыс сызбаларына сәйкес бетонның бетімен бір деңгейде орналасқан және жинақтау кезінде бекіткіш қызметін атқармайтын болат салмалы бұйымдары элементтерінің номиналды жайғасуынан ауытқу мыналардан артпауы тиіс, мм:

блоктың жазықтығында:

- 5 - осы жазықтықтағы өлшемі 100 мм-ге дейінгі салмалы бұйымдары эле­менттері үшін;

- 10 - осы жазықтықтағы өлшемі 100 мм - тен жоғары салмалы бұйымдары элементтері үшін;

- жазықтықтан . . . . . . . 3.

Жинақтау кезінде бекіткіш қызметін атқаратын болат қалау бұйымдарының еоминалды жайғасуынан ауытқу 3 мм-ден артпауы тиіс.

3.7.7 Бетонның қорғаныстық қабатының арматураға дейінгі шын алынған қалыңдығынан жұмыс сызбаларында қабылданған номиналыдан ауытқу 7-кестеде көрсетілген шамалардан артпауы тиіс.

 

7 - к е с т е

 

Бетонның қорғаныстыстық қабатының арматуралық шыбықтың бетіне дейінгі номиналды қалыңдығы

Бетонның қорғаныстыстық қабатының қалыңдығы бойынша шекті ауытқу

блоктың қалыңдығы кезінде жұмыс арматурасына дейін

құрылымдық арматураға дейін

400-ге дейін

400-ден жоғары

 

10 -нан 14-ке дейін 

14 - тен жоғары 19-ға дейін

19-дан жоғары

+ 3

± 3

± 5

+ 3

± 5

± 10, - 5

± 5

± 7

 ± 10

 

3.7.8 Блоктың сыртқы қорғаныстық-әшекейлік және ішкі әрлеу қабатының нағыз қалыңдығының жұмыс сызбаларында көрсетілген нақтылыдан ауытқуы ± 5 мм- ден артпауы тиіс.

 

3.8 Беттердің сапасы және блоктардың сыртқы түрі

 

3.8.1 Дайындаушылар және тұтынушылар арасындағы келісім бойынша ҚР СТ 937-92 бойынша беттердің санаттары белгіленуі мүмкін.

3.8.2 Блоктарда шарбыланған қаптау тақталардың бар болуына жол бе­рілмейді. Тақталар арасындағы жіктер ерітіндімен толық толтырылуы тиіс. Жіктер­де диаметрі 3 мм-ден және тереңдігі 2 мм-ден астам қаяуларға жол берілмейді.

3.8.3 Блоктардың беттік жақтарында май және тат дақтарға жол берілмейді.

3.8.4 Тұтынуға жеткізілген блоктардың бетонында және ерітіндісінде, ені 0,2 мм-ден астам емес жергілікті беттік шөкпелі және өзге технологиялық жарық­шақтарды қоспағанда, жарықшақтар болмауы тиіс.

3.8.5 Болат салмалы бұйымдарының ашық беттері, арматураның шығың­қы­лық­тары және жинақтау ілмектері бетон қатпарларын иеленбеуі тиіс.

 

3.9 Блоктар массасы

 

3.9.1 Сыртқы блоктардың нақты массасының оларды тұтынушыға босату кезінде жұмыс сызбаларында көрсетілген номиналды босату массасынан мыналардан артпауы тиіс :

бір қабаттық блоктар үшін:

± 7 % - кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетоннан;

± 8 % - автоклавты ұяшықты бетоннан;

± 10 % - екі қабатты блоктар үшін.

Блоктардың номиналды босату массасын ҚР СТ 937-92 бойынша есептеу керек.

Екі қабаттық блоктардың номиналды босату массасын 100 кг/м3-қа үлкейтілген тұрақты масса күйіне дейін кептірілген оқшаулаушы қабаттардың бетонының жобалау орта тығыздығы кезінде есептеу керек.

 

4 Қабылдау ережелері

 

4.1 Блоктарды қабылдауды ҚР СТ 937-92 және осы стандарттың талаптарына сәйкес партиялармен жүргізу керек.

4.2 Сыртқы блоктарды кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетонның боса­тылмалы ылғалдылығы мен кеуектілігі (түйіраралық кеуектер көлемі) бойынша сынауды айына бір реттен сирек емес жүргізу керек.

4.3 Блоктардың қорғаныстық-әшекейлік және әрлеу қабаттарының немесе қаптау тақташаларының бетонмен ұстасуы барлығы жөніндегі қабылдау бақылауын бұйымдардың әрбір партиясына арналған қабылдау-тапсыру сынағы процесінде жүзеге асыру керек.

Блоктарды осы көрсеткіш бойынша қабылдауды ішінара бақылауы нәти­желері бойынша жүзеге асыру керек.

 

5 Бақылау және сынау әдістері

 

5.1 Бетон мен ерітіндінің сығылуға беріктігін МСТ 10180 бойынша анықтау керек.   

5.2 Блоктарды қиратпау әдістермен сынау кезінде бетонның сығылуға нақты босату беріктігін:

- МСТ 17624 бойынша ультрадыбыстық әдіспен;

- МСТ 22690.0, МСТ 22690.1, МСТ 22690.4 бойынша тек ауыр бетоннан жасалған блоктарда механикалық әрекет құралдарымен анықтау керек.

5.3 Аязға төзімділікті былай анықтау керек:

- ауыр бетонды, тығыз силикатты бетонды және 1500 кг/м3 және жоғары құрғақ күйдегі орта тығыздықтағы (көлемдік массамен) кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетонды, сондай-ақ, 1500 кг/м3 - тан кем құрғақ күйдегі орта тығыздықтағы кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетонды және ерітіндіні, олардың аязға төзімділігі Мрз 50 - ден жоғары кезінде, - МСТ 10060 бойынша;

- 1500 кг/м3 - тан кем құрғақ күйдегі орта тығыздықтағы кеуек толтыр­ғыштардағы жеңіл бетонды және ерітіндіні, олардың аязға төзімділігі МСТ 7025 бойынша Мрз 50 және төмен кезінде - (көлемдік мұздап қату кезінде);

- автоклавты ұяшықты бетонды - МСТ 12852.0 және МСТ 12852.4 бойынша.

- МСТ 7025 бойынша аязға төзімділікті анықтау кезінде бетон немесе ерітінді, егерде кезектестіріп мұздатуға және ерітуге тартылған үлгілердің беріктігі бақылау үлгілерінің беріктігінен 15 %-тен астам болмаса, ал массаның шығыны 5%-тен аспаса, сынаудан өткен деп саналады.

5.4 Бетонның орташа тығыздығын (көлемдік массасын) МСТ 12730.0 және МСТ 12730.1 бойынша анықтау керек.

Бетонның орташа тығыздығын радиоизотопты әдіспен МСТ 17623 бойынша анықтау қажет.

5.5 Кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетонның, автоклавты ұяшықты  бетонның ылғалдылығын дайын блоктардан таңдап алынған сынамаларды сынау арқылы МСТ 12730 және МСТ 12730.2 бойынша анықтау керек.

Әрбір блоктан кемінде екі сынамадан алу керек.

Блоктардың бетонының ылғалдылығын диэлькометрикалық әдіспен               МСТ 21718 бойынша анықтау керек.

5.5.1 Бетонның ылғалдылығын анықтауға арналған сынамаларды блоктың шеткі қырларынан оның қалыңдығынан кем емес және 200 мм-ден кем емес блоктың қалыңдығының жартысына тең тереңдікке аз жылдамдықпен бұрғы­лаумен немесе бұрғылап тесумен таңдап алу керек.

Блоктағы сынамаларды таңдап алғаннан кейін пайда болған тесіктер сынамаларды алу аймағында блоктардың талап етілетін пайдалану қасиеттерін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін материалмен бекітілуі тиіс.

5.5.2 Бетонның ылғалдылығын анықтау үшін пайдаланылатын әрбір өлшендінің  массасы мыналардан кем емес болуы керек:

- 100 г - кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетон үшін;

- 20 г - автоклавты ұяшықты  бетон үшін.

5.6 Тұрақты масса күйіне дейін кептірілген кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетонның және автоклавты ұяшықты бетонның жылу өткізгіштігін МСТ 7076 немесе өлшем қателігін 10%-тен кем емес мөлшерде қамтамасыз ететін белгіленген тәртіпте бекітілген өзге әдістермен анықтау керек.

Бетонның жылу өткізгіштігін МСТ 7076 бойынша сынауды үлгінің беттеріндегі температуралар плюс 10-нан плюс 40° С.-ға дейін болған кезде өткізу керек.

5.7 Кеуек толтырғыштардағы жеңіл бетонның түйіраралық қуыстарының  көлемін былай анықтау керек: нығыздалған бетондық қоспаларда - МСТ 10181.0 және МСТ 10181.3 бойынша, қатқан бетонда - МСТ 12730.0 және МСТ 12730.4 бойынша.

5.8 Жемірлі ортаның әсер ету жағдайларында қолдануға арналған блоктардың бетонының суөткізбеушілігін (3.4.13 т. қ-ңыз) МСТ 12730.0 және        МСТ 12730.5-ке сәйкес жұмыс құрамының бетон қоспасынан дайындалған үлгілер сериясында анықтау керек.

5.9 Жемірлі ортаның әсер ету жағдайларында қолдануға арналған блоктардың бетонының су сіңірімділігін (3.4.13 т. қ-ңыз) МСТ 12730.0 және          МСТ 12730.3 бойынша анықтау керек.

5.10 Пісірмелі арматуралық және салмалы бұйымдарын бақылау және сынау әдістерін МСТ 10922 және МСТ 23858 бойынша алу керек.

5.11 Қорғаныстық-әшекейлік және әрлеу қабаттарының немесе қабаттау тақташаларының блоктардың бетонымен тұстасуы барлығын массасы 50 г металл балғамен қағу арқылы тексеру керек.

Қағу кезінде қатаң дыбыс шығаратын қабаттар мен тақташалар шарбыланған деп саналады.

5.12 Блоктардың өлшемдерін, тік сызықтықты  еместігін және жазықтықты  еместігін, болат салмалы бұйымдарының, арматуралық шығыңқылықтардың және жинақтау ілмектерінің жайғасуын, бетонның қорғаныстық қабатының арматураға дейінгі қалыңдығын, бетондық беттердің сапасын, блоктардың сыртқы түрін және нақты массасын ҚР СТ 937-92-де белгіленген әдістермен тексеру керек.

             

6 Таңбалау, сақтау және тасымалдау

 

6.1 Блоктарды ҚР СТ 937-92 бойынша таңбаланады. Таңбалаушылық жазбаларды және белгілерді блоктың шеткі қырына немесе бүйірлік тік бетіне блоктың кейінгі әрлеуінің сапасын төмендетпейтін сырмен оның шеткі қырына жақын  түсіру керек. Дайындаушының тұтынушымен және жобалау ұйымымен – нақты ғимараттың авторымен жасалған келісімімен маркалардың орнына блоктарға олардың жобаның жұмыс сызбаларында қабылданған қысқартылған шартты белгілерін түсіруге жол беріледі.

6.2 Тұтынушыға жеткізілетін блоктардың сапасы туралы құжатқа қойылатын талаптар - ҚР СТ 937-92 бойынша алынады.

6.3 Блоктарды қоймада типтері және маркалары бойынша сұрыпталған тік (жұмысқа ыңғайлы) жайғасуында сақтау керек.

Биіктігі 800 мм маңдайшалық, белдеулік, ернеуастылық және өзге блок­тарды биіктігі 2,5 м-ден астам емес етіп қатқабаттап жинауға жол беріледі.

Әрбір блок қалыңдығы 30 мм-ден кем емес ағаш жабдықтық төсемдерге орнатылуы тиіс. Блоктардың астындағы төсемдерді тығыз, мұқият тегістелінген негіздікте қалау керек.

6.4 Блоктарды қоймада орнату кезінде әр маркадағы блокты тиеу немесе жинақтау үшін ұстау және еркін көтеру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

6.5 Блоктарды тасымалдау оларды ығысып кетуден сақтандыратын сенімді бекітумен жүргізілуі тиіс.

6.6 Блоктарды көтеруді, тиеуді және түсіруді жинақтау ілмектері немесе жобада қарастырылған арнайы ұстау құрылғыларын қолдану арқылы жүргізу керек.

6.7 Блоктарды тиеуді, тасымалдауды, түсіруді және сақтауды, олардың бүліну және ластану мүмкіндігін болдырмайтын шараларды сақтай отырып, жүргізу керек.

 

7 Дайындаушының кепілдігі

 

7.1 Дайындаушы жеткізілетін блоктардың осы стандарттың талаптарына, көлік ұйымдарының тасымал ережелерін, ал тұтынушылардың блоктардың осы стандартпен белгіленген қолдану және сақтау шарттарын сақтау кезінде сәйкестігін кепілдендіруі тиіс.

7.2 Тұтынушымен анықталған жасырын ақауларды дайындаушы жоюын міндетті болуының блоктарды сақтау және пайдаланудың кепілдік мерзімі блоктарды тұтынушыға тиеген күннен бастап екі жылға тең етіп  белгіленеді.

Жасырын ақау деп блоктарды тұтынушымен қабылдау бақылауы кезінде табылмаған және оларды тасымалдау, сақтау, жинақтауға дайындау, ғимараттағы жинақтау және пайдалану процесінде анықталған ақаулар саналады.

Қосымша

(Анықтамалық)

 

Осы стандартта пайдаланылған терминдер  және олардың түсіндірмелері

 

 

Терминдер

Түсіндірме

Блоктың негізгі қабаттары

Блоктың қалыңдығы бойынша, сыртқы қорғаныстық-әшекейлік және ішкі әрлеу қабаттарын қоспағанда, барлық қабаттары

Бір қабатты блок

Бетонның бір түрінен орындалған бір негізгі қабаттан тұратын блок

Екі қабатты блок

Жылытқыш және оқшаулаушы негізгі қабаттарынан тұратын блок. Екі қабатты блоктар, ең бастысы, бөлменің ауасының арттырылған ылғалдылығы бар ғимараттардың сыртқы қабырғаларына және жемірлі орта бар кезде пайдаланылады.

Жылытқыш қабат

Негізгі блок , ең бастысы, жылуоқшаулағыш қызмет­терді орындауға арналады. Жылытқыш қабат құры­лымдық-жылуоқшаулағыш бетоннан орындалады.

Бетон блок

Беріктігі пайдалану сатысында тек бетонмен қамта­масыз етілетін блок. Блок, егер онда құрылымдық арматуралау бар болса, сондай-ақ жұмыс арма­турасы тек шектелген учаскелерде (мәселен, жер­гілікті жүктемеден болатын кернеулер шоғырлануы аймағында) болса, бетонды саналады.

Темірбетон блок

Беріктігі пайдалану сатысында бетон мен арма­тураның бірлескен жұмысымен қамтамасыз етілетін блок.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелік нормативтік-техникалық құжаттар

 

Сілтемесі берілген НТҚ-ның белгіленуі

Тармақтың, тармақшаның нөмірі

МСТ 5781-82

3.5.1 т.

МСТ 7076-99

5.6 т.

МСТ 7025-91

5.3 т.

МСТ 8478-81*

3.5.4 т.

МСТ 10060-95

5.3 т.

МСТ 10181-2000

5.7 т.

МСТ 10884-94

3.5.1 т.

МСТ 10922-92

3.5.4 т.

МСТ 12730.0-78

5.4 т.

МСТ 12730.1-78

5.4 т.

МСТ 12730.2-78

5.9 т.

МСТ 12730.3-78

5.9 т.

МСТ 12730.4-78

5.7 т.

МСТ 12730.5-84*

5.8 т.

МСТ 12852.0-77

5.3 т.

МСТ 17623-84

5.4 т.

МСТ 17624-87

5.2 т.

МСТ 19281-89*

3.5.2 т.

МСТ 21718-84

5.5 т.

МСТ 22690-88

5.2 т.

МСТ 23009-78

2.5 т.

МСТ 23858-79

5.10 т.

МСТ 25781-83*

3.2 т.

МСТ 18105-86*

3.4.4 т.

МСТ 10180-90

3.4.5 т.

МСТ 6727-80*

3.5.1 т.

МСТ 380-94

3.5.2 т.

МСТ 25485-89

5.3 т.

ҚНжЕ 2.03.01-84

3.5.2, 3.5.5 т.т.

ҚР ҚНжЕ 5.03-34-2005

3.5.2 т.

ҚР ҚНжЕ 2.01-19-2004

3.5.7, 3.4.13 т.т.

ҚНжЕ 2.03.02-86

3.5.7, 3.4.13 т.т.

ҚР ҚН 2.04-21-2004

3.4.7, 3.4.11 т.т.

МҚН 2.04.02-2004

3.4.7, 3.4.11 т.т.

ҚР СТ 937-92

4.1 т.

 


 

ӘОЖ 624.012.4:006.354                           МСЖ 91.080.40                                          Ж 33

 

Түйін сөздер: бетон және темірбетон блоктар, кеуек толтырғыштар, қоғамдық ғимараттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

 


Ресми басылым

 

ҚР ИСМ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТКШ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ

 

МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ

 

 

ҚР СТ 940-92

 

ҒИМАРАТТАРҒА АРНАЛҒАН БЕТОН

ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН ҚАБЫРҒАЛЫҚ БЛОКТАР

Техникалық шарттар

 

 

Мемлекеттік тілге аударған:

KAZGOR ЖА ЖШС-і

Басылымға жауаптылар:

KAZGOR ЖА ЖШС-і

Компьютерлік беттеу:

А. Шымырбаев

 

 

 

 

Басуға __________ қол қойылды. Пішімі 60 x 84 1/8.

Қарпі: Arial (K). Шартты баспа табағы 1,1

Таралымы     дана. Тапсырыс №

 

KAZGOR” Жобалау академиясы

 

 

 

Бас офис:

050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 81

тел.+7 327 2588570, 2588572 - қабылдау бөлмесі

факс: +7 327 2588571;

тел.: +7 327 2795084, 2795047 (қос. тел. 127); - тапсырыстарды қабылдау.

E-mail: info@kazgor.kz

Астана қ. филиалы:

010000, Астана қ., Желтоқсан к-сі, 6/1

тел.: +7 3172 323448, факс: +7 3172 322068

E-mail: astana-kazgor@mail.kz

Атырау қ. өкілдігі:

060011, Атырау қ., Сәтбаев к-сі, 42

тел: +7 3122 214470, факс: +7 3122 213926

E-mail: kazgor-atyrau@mail.ru

Талдықорған қ. өкілдігі:

040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр к-сі, 26

тел: +7 3282 210292, факс: +7 3282 273572

E-mail: kazgor_tal@mail.online.kz

 

 
 






(c) 2020 - All-Docs.ru :: Законодательство, нормативные акты, образцы документов