СТ РК 944-92 каз ПАНЕЛИ ГИПСОБЕТОННЫЕ ДЛЯ ПЕРЕГОРОДОК Технические условия СТ РК 944-92

МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ

 

АРАҚАБЫРҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ГИПСБЕТОН ПАНЕЛЬДЕР

Техникалық шарттар

 

 

Панели гипсобетонные для перегородок

Технические условия

 

 

Енгізілген күні 1993-02-01

 

Осы стандарт гипстік тұтқырғыш (гипсцементті- пуццоланды, гипсәкқожды, гипсқожды және т. б.), ағаш қаңқалармен армиленген бетондардан әзірленген және әр түрлі қызметтік ғимараттардағы көтеруші емес арақабырғаларға арналған гипсбетон панелдерге (онан әрі - панелдер) қолданылады.

Стандарттың барлық талаптары міндетті болып табылады.

 

1 Техникалық талаптар

 

1.1 Панелдерді осы стандарттың талаптарына сәйкес белгілі бір тәртіпте бекітілген жұмыс сызбалары мен техникалық құжаттама бойынша дайындау керек.

 

1.2 Негізгі параметрлер мен өлшемдер

 

1.2.1 Панелдерді құрылымдық шешімге байланысты мынадай типтерге бөледі:

- ПГ - ойықтарсыз;

- ПГП - ойықтармен;

- ПГВ - кесіктермен.

1.2.2 Панелдердің пішіндері мен өлшемдері жұмыс сызбаларында көрсетіл­гендермен сәйкес болуы тиіс.

1.2.3 Панелдер егер нақты ғимараттың жобасымен қарастырылса, инженерлік коммуникацияларды өткізуге арналған тесіктерді, тұтасқұймаланған түтік­терді, каналдарды, жасырын электр тартылымға арналған кемерлерді немесе кертпелерді, тарамды қорапшаларға, ажыратқыштарға және ашалық розеткаларға арналған ұялар мен салмалы цилиндрлер иеленуі тиіс.

1.2.4 Панелдердің - МСТ 23009 бойынша шартты белгіленулері (марка­лары). Панелдің маркасы дефистермен бөлінген әріптік-сандық топтардан тұрады.

Бірінші топты панел типін белгілеу мен оның габариттік өлшемдері былай құрайды: дециметрлерде бүтін санға дейін дөңгелектеумен ұзындығы мен биіктігінің мәнін және сантиметрлерде қалыңдығын.

Екінші топты бетонның сығылуға беріктігі бойынша маркасы және тұтқырғыш түрінің белгіленуі (Г - гипстік, ГЦ - гипсцементті- пуццоланды, ГИ - гипсәкқожды, ГШ - гипсқожды) құрайды.

Панел маркасы, жұмыс сызбаларымен қарастырылған жағдайларда, оның қосымша сипаттамаларын белгілеуді мазмұндайтын үшінші тобын иелене алады.

Ұзындығы 5960 мм, биіктігі 2740 мм, қалыңдығы 80 мм, гипстік тұтқыр­ғыштағы М50 маркалы бетоннан әзірленген ойықтарсыз панелдің шартты белгі­ленуінің (марканың)  мысалы:

 

ПГ60.27.8-50Г

 


Е с к е р т у

1 Дайындаушы мен тұтынушы арасындағы келісім бойынша оңайлатылған шартты белгілер тағайындалуы мүмкін.

2 Панелдердің маркаларын белгілеуді осы панельдерге арналған жұмыс сызбаларының талаптарына сәйкес оларды қайта қарағанға дейін қабылдауға жол беріледі.

                                                                                                                              

1.3 Сипаттамалар

 

1.3.1 Панелдердің бетонының беріктігі бетонның жұмыс сызбаларында көрсетілген сығылуға беріктігі бойынша маркаларына сәйкес болуы тиіс. Бұл жағдайда панелдердің бетонының маркасы М50-ден кем болмауы тиіс.

1.3.2 Панелдердің сығылуына арналған бетонның босату беріктігі (оның маркасына тәуелсіз) 3,5 МПа (35,7 кгс/см2) - тан кем болмауы тиіс.

1.3.3 Құрғақ күйдегі панелдердің бетонының орташа тығыздығы 1100 - ден кем емес және 1500 кг/м3- тан артық емес болуы тиіс.

1.3.4 Тұтынуға панелдердің бетонының ылғалдылығы (массасы бойынша) гипс тұтұтқырғыштағы бетон үшін 12 %-тен және гипсцементті-пуццоланды, гипсәкқожды, гипсқожды тұтқырғыштағы бетон үшін14%-тен артпауы тиіс.

1.3.5 Панелдерді, панелдер мен ойықтардың контуры бойынша орап бай­лауларды тудырушы ағаш жұпталған білеушелерден тұратын және ағаш жұқа тақтайшалармен бекітілген қаңқалармен армирлейді. Қаңқадағы ағаш білеушелер мен жұқа тақтайшалардың орналасуы, сондай-ақ оларды қосу тәсілдері мен өлшемдері жұмыс сызбаларында көрсетілгендермен сәйкес болуы тиіс.

1.3.6 Қаңқаның бөлшектерін МСТ 2695 бойынша 3-ші сорттан төмен емес қылқанды жыныстардың ағаштардың білеушелерінен дайындау керек.

1.3.7 Қаңқаны орап байлауларды бүтін білеушелерден дайындау керек.

Орап байлаудың білеушелерін олардың бірі түйістің орнында бүтін болып сақталған жағдайларда, түйістіруге жол беріледі. Орап байлаудың бір жағындағы түйістердің саны 1-қосымшада келтірілген.

1.3.8 Қаңқаны дайындауға қолданылатын ағаштың ылғалдылығы 22-ден      40 %-ке дейін болуы тиіс.

1.3.9 Панелдер панелдің барлық биіктігіне бекітілетін болат жинақтау ілмектерін иеленуі тиіс. Жинақтау ілмектерінің орналасуы және оларды қаңқаға бекіту тәсілі жұмыс сызбаларында көрсетілгендерге сәйкес болуы тиіс.

Панелдерді көтеру және жылыту үшін арнаулы ұстағыш құрылғыларды қолдану кезінде дайындаушы мен тұтынушы арасындағы келісім бойынша панельдерді, ұстағыш құрылғыларды бекітуге арналған тереңдіктер мен кесіктер қарастыра отырып, жинақтау ілмектерінсіз дайындайды.

1.3.10 Панелдердің жинақтау ілмектерін ВСт3пс2, ВСт3сп2 маркаларының А-I класты шыбықтық тегіс ыстық тегістелген арматуралық болатынан немесе МСТ 5781 бойынша 10ГТ маркасының Ас-II класты периодтық пішінінен дайындау керек.

ВСт3пс2 маркалы болатты панелдерді ауаның температурасы минус 40 0С-тан төмен кезінде көтеруге және ауыстыруға арналған жинақтау ілмектерін қолдануға жол берілмейді.

1.3.11 Панелдердің геометриялық панелдерінің анық ауытқуларының мәні 1-кестеде көрсетілген шектерден артпауы тиіс.

1.3.12 Панелдердің бетондық беттеріндегі қаяулардың, жергілікті қатпарлар­дың және шұңқырлардың, сондай-ақ қабырғашалар бетонының сынықтарының өлшемдері мынадан артпауы тиіс, мм:

- қаяудың диаметрі немесе үлкен өлшемі - 15;

- жергілікті қатпардың (шығыңқылықтың) биіктігі немесе шұңқырдың тереңдігі - 2

- қабырғашалар бетонының сынықтарының тереңдігі - 10;

1 - к е с т е

 

Геометриялық параметрлер, мм

Шект. ауытқ.

Панелдің ұзындығы:

4000-ға дейін қоса алғанда

4000-нан жоғары

 

+8, -16

+10, -20

Панелдің биіктігі

+5, -15

Панелдің қалыңдығы

±5

Ойықтың, кесіктің биіктігі мен ені

±10

Жағдайды анықтайтын өлшемдер:

Саңылаулардың, ойықтардың, кесіктердің, тесіктердің (инженерлік коммуникацияларды өткізуге арналған),

 

±10

 

түтіктердің, каналдардың, жасырын электр тартылымды  арналған кемерлер немесе саңылаулар, ойықтардың,

тарамды қорапшаларға, ажыратқыштарға, розеткаларға  арналған ұялар мен салмалы цилиндрлердің, ұстағыш

құрылғыларын бекітуге арналған тереңдіктер мен кесіктердің

±40

 

 

 

 

 

жинақтау ілмектерінің

±50

Панелдердің бетондық беттерінің пішінінің ұзындығы 1600 кез келген учаскедегі тік сызықтығы

3

Диагоналдардың ұзындықтарының айырымы:

ұзындығы мынадай панелдердің бетондық беттерінің:

4000-ға дейін қоса алғанда

4000-нан жоғары

ойықтардың, кесіктердің

 

 

16

20

10

 

- бетонының сынықтарының қабырғашаның 1 м-іне алғанда  қосынды ұзын­дығы - 100;

Диаметрі немесе ең үлкен өлшемі 20 мм-ден артық емес жеке қаяуларға (1 м2 - қа 2 данадан артық емес) жол беріледі.

Дайындаушы мен тұтынушы арасындағы келісіммен ҚР СТ 937-92 бойынша беттің санаты белгіленуі мүмкін.

1.3.13 Панелдердің бетонында, ені 0,5 мм-ден артпайтын беттерді қоспаған­да, жарықшақтарға жол берілмейді.

 

1.4 Таңбалау

 

Панелдерді таңбалау - ҚР СТ 937 бойынша. Таңбаланған жазулар мен белгілерді бетондық беттердің бірінің жоғарғы немесе төменгі бұрышына түсіру керек.

1.5 Панелдерден жасалған арақабырғалар бойынша отқа төзімділік шекте­рін және оттың таралу шектерін жұмыс сызбаларында көрсетеді.

 

2 Қабылдау

 

2.1 Панелдер дайындаушы-кәсіпорынның техникалық бақылау бөлімімен (ТББ) қабылдануы тиіс.

2.2 Панелдерді қабылдауды партиялармен жүзеге асырады. Партияның құрамына кәсіпорынмен бір түрдің материалынан бір тәуліктен артық емес кезде технологиялардың бірі бойынша дайындалған панелдер кіреді.

2.3 Панелдерді қабылдау-тапсыру сынақтарының мынадай нәтижелері бойынша қабылдайды: бетонның беріктігінің (бетонның құрғақ күйдегі сығылуға беріктігі бойынша маркасының, нақты босату ылғалдылығындағы босату берікті­гінің), бетонның орта тығыздығының және ылғалдылығының, геометриялық параметрлердің дәлдігінің, жарықшақтардың ашылу енінің, бетондық беттердің сапасының көрсеткіштері бойынша.

2.4 Панелдердің бетонның беріктігі мен орташа тығыздығы көрсеткіштері бойынша қабылдауын панелдерді қалыптастыруға арналған бетондық қоспалар­дан дайындалған үлгілер серияларын сынау нәтижелерінің орташа мәні бойынша өткізеді. Панелдердің әрбір партиясы үшін қабырғашаның номиналдық ұзындығы 70 мм кубтар түрінде алты үлгіні дайындайды. Олардың үшеуін бетонның орташа тығыздығын және беріктігін анықтау үшін және үшеуін - босату беріктігін анықтау үшін пайдаланады.

2.5 Панелдерді босату ылғалдылығы көрсеткіштері бойынша қабылдауды тұтынушыға жөнелтуге арналған партиялар панелдерінен алынған сынамаларды сынау нәтижелерінің орташа мәні бойынша жүргізеді.

2.6 Панелдерді геометриялық параметрлердің дәлдігінің, бетондық беттің сапасының, жарықшақтардың ашылу енінің көрсеткіштері бойынша қабылдауды таңдауда ақаулы панелдердің санын ақаулық санымен салыстыра отырып, бір сатылық (2-кесте) немесе екі сатылық (3-кесте) жоспарларға сәйкес жүзеге асырады. Панелдерді бақылауға арналған партиялардан кездейсоқ таңдау әдісімен іріктеп алады. Ақаулы панелдердің санын бақыланатын параметрлердің әрбірі бойынша жеке анықталады.

 

2 - к е с т е

 

Панелдер партияларының көлемі

Таңдау көлемі

Ақаулық сан

5-ке дейін

5

1

26-дан 90-ға дейін

8

2

91-ден 280-ге дейін

13

2

 

3 - к е с т е

 

Панелдер партияларының көлемі

Бірінші таңдаудың көлемі

Екінші таңдаудың көлемі

Ақаулық сан

Бірінші таңдаудың беттері

Екінші таңдаудың беттері

25-ке дейін

5

5

1

-

26-дан 90-ға дейін

5

5

2

2

91-ден 280-ге дейін

8

8

2

2

 

Панелді, егер ол осы стандарттың бір талабын қанағаттандырмаса, ақаулы санау керек.

2.6.1 Бір сатылық бақылау кезінде панелдердің партияларын, егер таңдауда ақаулы құрылым болмаса немесе олардың саны 2-кестеде көрсетілген ақаулы саннан кем болса, қабылдайды.

2.6.2 Екі сатылық бақылау кезінде панелдердің партияларын, егер бірінші таңдауда ақаулы панелдер болмаса, қабылдайды және ақаулы панелдердың саны бірінші таңдауға арналған 3-кестеде көрсетілген ақаулы саннан артық немесе тең болса, қабылдамайды.

Егер ақаулы панелдердің саны бірінші таңдауда ол үшін көрсетілген ақаулық саннан аз болған жағдайларда, онда панелдердің бұл партиялары үшін панелдердің саны біріншідегі сияқты болатын екінші таңдау тағайындалады. Егер екі таңдаудағы ақаулы панелдердің жалпы саны екі таңдауға арналған ақаулық саннан аз болса, онда панелдердің партиясын қабылдайды.

2.6.3 Таңдау бақылауы нәтижесінде қабылданбаған панелдердің партиясы үшін тұтас бақылау қолданылады, бұл жағдайда панелдерді тек партия қабылданбаған көрсеткіштер бойынша бақылайды.

2.7 Панелдердің 1.2.3 т. аталған ойықтардың, кесіктердің, элементтер мен бөл­шектердің барлығы бойынша, сондай-ақ таңбалаушылық жазбалардың түсірілуінің дұрыс­тығы бойынша қабылдауын тұтас бақылау нәтижелері бойынша жүзеге асырады.

2.8 Тұтынушы құрылыс алаңшасында панельдердің осы стандартта белгіленген қабылдау ережелерін қолдана отырып, дайын панелдерде тексеріле­тін көрсеткіштер бойынша таңдау бақылауын жүргізу құқын иеленеді. Тұтыну­шы дайын панельдерде тексере алмайтын сапа көрсеткіштерін ТББ, зауыттық зертхананың журналдарының немесе дайындаушы-зауыттың өзге құжаттама­ларының деректері бойынша тексеруге құқы бар.

2.9 Қабылдаудың нәтижелері бойынша ҚР СТ 937 - ге сәйкес жеткізілген өнімдердің сапасы туралы құжатты құрастырады.

 

3 Бақылау әдістері

 

3.1 Бетонның орташа тығыздығын, беріктігін және босату беріктігін үлгілерді сынаумен анықтайды.

3.2 Үлгілерді қалыптауды бетондық қоспаны іріктеп алғаннан кейін 1 минуттан кеш қалдырмай жүргізеді. Бетондық қоспаны таңдауды бетон төсегіш жұмысының аймағында орындалады. Бетондық қоспаларды қалыптарда нығыздауды қалыптарды дірілдетусіз немесе шанышқылаусыз сілкумен жүргізеді.

3.3 Үлгілерді оларды дайындағаннан кейін қалыптан босатуға дейін қалыптарда сынау бөлімшелерінде сақтайды.

Үлгілерді оларды дайындағаннан кейін 1 сағаттан кем емес уақыттан соң қалыптан босатады.

 

3.4 Бетонның орташа тығыздығын анықтау

 

Бетонның орташа тығыздығын МСТ 12730.1 бойынша үлгілерді құрғақ күйде сынаумен анықтайды.

Дайындалған үлгілерді кептіру шкафында (60±5)0С температура кезінде тұрақты массаға дейін іледі және кептіреді.

 

3.5 Бетонның беріктігін анықтау

 

Орта тығыздықты бақылағаннан кейін осы үлгілерде бетонның сығылуға беріктігін МСТ 10180 бойынша анықтайды.

Бетонның беріктігін R, МПа (кгс/см2) әрбір үлгі үшін мына формула бойынша есептейді:

 

R = P/F,                                                                (1)

мұнда Р - қиратушы күш, Н (кгс),

F - үлгінің көлденең қимасының алаңы, мм2 (см2)

 

3.6 Бетонның босату ылғалдылығын анықтау

 

3.6.1 Бетонның ылғалдылығын тұтынушыға жөнелтуге арналған партиялар­дың дайын панелдерінен алынған сынамаларды сынаумен анықтайды. Бұл үшін кездейсоқ таңдау әдісімен партиялардан үш панелді таңдап алады.

3.6.2 Әрбір панельде жоғарғы, орта және төменгі бөлікте панельдің бетінен 30-40 мм тереңдікке диаметрі 15-20 мм үш тереңдік бұрғылайды.

Сынамаларды таңдау орны (панельдердің типіне байланысты) 2-қосым­шада келтірілген.

3.6.3 Осы партияның барлық панельдерінің тереңдіктерінен бұрғыланған бетон ұнтағын араластырады және кварттау жолымен әрбірі массасы 10 г-нан кем емес үш орташа алынған сынамаларды таңдайды.

3.6.4 Бетон сынамаларының ылғалдылығын МСТ 12730.2 бойынша анықтайды. Сынамаларды 3.4 т.бойынша кептіреді.

3.6.5 Панелдердегі тереңдіктері сынамаларды таңдаудан кейін бетондық қоспамен бекітілуі тиіс.

3.6.6 Бетонның ылғалдылығын МСТ 21718 бойынша диэлькометрикалық әдіспен анықтауға жол беріледі. Бұл жағдайда ылғалөлшегіштерді градустауды да панельдерді 3.2., 3.3 т.т. - тарға сәйкес қалыптастыруға арналған бетондық қоспалардан дайындалған үлгілердегі ауыр бетондардікіндей жүргізеді. Үлгілерді кептіру - 3.4 т. бойынша.

 

3.7 Бетонның босату беріктігін анықтау

 

3.7.1 Бетонның босату беріктігін анықтау үшін дайындалған үлгілерді кептіргіш шкафта (60 ±5)0С температура кезінде массаның осы партияның бетонының 3.6 т. бойынша белгіленген ылғалдылығына сәйкес мәніне дейін кептіре түседі.

3.7.2 Осы партияның панелдерінің бетонының ылғалдылығының берілген мәніне сәйкес үлгілердің массасын (mW), г мына формуламен есептейді:

 

                                                             (2)

 

мұнда m -құрғақ үлгілердің 3.4 т. бойынша алынған орташа арифметикалық мәні, г,

W - панелдер партияларының 3.6 т. бойынша алынған ылғалдылығы, %,

3.7.3 Әрбір үлгінің массасының мәнінің кептіре түсуден кейін (2) формула бойынша есептелген массаның мәнінен ауытқуы ±2 г-ден артпауы тиіс.

3.7.4 Кептіре түсірілген үлгілерді беріктікке МСТ 10180 бойынша сынайды. Бетонның босату беріктігін әрбір үлгі үшін формула 1 бойынша есептейді. Босату беріктігінің орташа арифметикалық мәні нормаланған босату беріктігінен кем болмауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, партиялардың панелдері кәсіпорын зертханасының белгіленген қажетті беріктікті қамтамасыз ететін ылғалдылық мәніне дейін кептіріле түсуі тиіс.

3.7.5 Бетонның босату беріктігін МСТ 22690 бойынша қиратушы емес әдістермен анықтауға жол беріледі.

Бетонның босату беріктігін таңбалаудың эталондық балғаларымен анықтау кезінде панелдердің екі бетондық бетіне үш деңгейде - жоғарыда, ортада және төменде түсіру керек. Әрбір деңгейде панелдің әр жағынан таңбаларының арасындағы қашықтық 30 мм-ден кем емес 10-12-ден кем емес таңба түсіреді.

3.8 Ағаштың ылғалдылығын МСТ 16588 бойынша анықтайды.

3.9 Панелдердің өлшемдерін, тіксызықтықтан және диагоналдар ұзындықтарының теңдігінен ауытқуларды, бетондық беттердегі қаяулардың, жергілікті қат­парлардың және шұңқырлардың өлшемдерін, панельдер қабырғашаларының бе­тоны сынықтарының өлшемдерін, сондай-ақ беттік жарықшақтардың енін МСТ 26433.0 және МСТ 26433.1 бойынша тексереді.

 

4 Тасымалдау және сақтау

 

4.1 Панелдерді ҚР СТ 937 және осы стандарттың талаптарына сәйкес тасымалдау және сақтау керек.

4.2 Панелдерді вертикалды жағдайда немесе вертикалдан 60-тан артық емес көлбеумен арнаулы құндақтарда немесе пирамидаларда тасымалдау және сақтау керек.

4.3 Әрбір бұйым тасымалдау және сақтау кезінде тұтас немесе 1 м-ден артық емес аралықпен қойылған төсемдерге төселуі тиіс.

4.4 Панелдерді көтеруді, ауыстыруды және жинақтауды арнаулы ұстағыш құрылғылары бар траверстерді немесе төрт ілмектік өзі теңгеруші траверстерді қолдана оты­рып, жүргізу керек.

4.5 Ойықтары және кесіктері бар панелдердің оларды сақтау, тасымалдау, көтеру және ауыстыру кезінде қажетті жағдайда сақталушылығын сақтау үшін уақытша толтырмалар, кермелер немесе қиғаш тіректер орнатылады. Тұтынушы­мен келісім бойынша бетонмен толтырылған арматуралық қаңқаны қалдыруға жол беріледі.

 

5 Қолдану жөніндегі нұсқаулар

 

Бөлмелердің ылғалды режимдері үшін: құрғақ, қалыпты және ылғал үшін Г, ГИ, ГЦ, ГШ тұтқырғыштар негізіндегі бетондардан жасалған панелдер; сулылар үшін - ГЦ тұтқырғыштар негізінде.

 

6 Дайындаушының кепілдіктері

 

6.1 Дайындаушы панелдердің тасымалдау және сақтау шарттарын қолдану  кезінде осы стандарттың талаптарына сәйкестігін кепілдендіреді.

6.2 Панелдерді сақтаудың кепілдік мерзімі - тұтынушыға жөнелткен күннен бастап бір ай.

 

 


1 - қосымша

(Анықтама)

 

Орап байлау білеушелерін түйістірудің мысалы

 

 

 

 

 

1 - сурет

 


2 - қосымша

(Ұсынылатын)

 

Бетонның босату ылғалдылығын анықтауға арналған

сынамаларды таңдау орны

 

 

 

 

2 - сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-қосымша

 

Сілтемелік нормативтік-техникалық құжаттар

 

Сілтеме берілген НТҚ-лардың белгіленуі

Тармақ, тармақшаның нөмірі

МСТ 23009

1.1 т.

МСТ 2695

3.3 т.

МСТ 5781

4.3 т.

МСТ10180

2.2 т.

ҚР СТ 937-92

 1.3. 12, 1.4, 2.9 т.т.

МСТ 21718-84

 3.6.6 т.

МСТ12730.2

 3.6.4 т.

МСТ 22690-88

 3.7.5 т.

МСТ16588-91

3.8 т.

МСТ 26433.0-85

3.9 т.

МСТ 26433.1-89

3.9 т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘОЖ 69.022.51:006:354                    МСЖ 91.100.10                                                        Ж35

 

Түйін сөздер: гипсбетон панелдер, гипсцементпуццоланды, гипсәкқожды, гипсқожды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

 


Ресми басылым

 

ҚР ИСМ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТКШ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ

 

МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ

 

ҚР СТ 944-92

 

АРАҚАБЫРҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ГИПСБЕТОН ПАНЕЛЬДЕР

Техникалық шарттар

 

 

  

Мемлекеттік тілге аударған:

“KAZGOR” ЖА  ЖШС-і

Басылымға жауапты:

 “KAZGOR” ЖА ЖШС-і

Компьютерлік беттеу:

 Сиротина О. А.

 

 

Басуға __________ қол қойылды. Пішімі 60 x 84 1/8.

Қарпі: Arial (K). Шартты баспа табағы 0,58

Таралымы     дана. Тапсырыс №

 

KAZGOR” Жобалау академиясы

 

 

 

Бас офис:

050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 81

тел.+7 327 2588570, 2588572 - қабылдау бөлмесі

факс: +7 327 2588571;

тел.: +7 327 2795084, 2795047 (қос. тел. 127); - тапсырыстарды қабылдау.

E-mail: info@kazgor.kz

Астана қ. филиалы:

010000, Астана қ., Кенесары к-сі, 24

тел.:  +7 3172 323448,факс: +7 3172 322068

E-mail: astana-kazgor@mail.kz

Атырау қ. өкілдігі:

060011, Атырау қ.,  Сәтбаев к-сі, 42

тел: +7 3122 214470, факс:+7 3122 213926,

E-mail: kazgor-atyrau@mail.ru

 

 

Талдықорған қ. өкілдігі:

040000, Талдықорған қ.,

Қабанбай батыр к-сі, 26

тел: +7 3282 210292, факс: +7 3282 273572

E-mail: kazgor_tal@mail.online.kz

 

 

 
 






(c) 2020 - All-Docs.ru :: Законодательство, нормативные акты, образцы документов