СТ РК 947-92 каз Панели стеновые наружные бетонные и железобетонные для жилых и общественных зданий Технические условия СТ РК 947 – 92

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ

ТҰРҒЫН ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҒИМАРАТТАРҒА АРНАЛҒАН СЫРТҚЫ ҚАБЫРҒАЛЫҚ БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН ПАНЕЛЬДЕР.

Техникалық шарттар

 

ПАНЕЛИ СТЕНОВЫЕ НАРУЖНЫЕ БЕТОННЫЕ И ЖЕЛЕЗОБЕТОННЫЕ

ДЛЯ ЖИЛЫХ И ОБЩЕСТВЕННЫХ ЗДАНИЙ.

Технические условия

 

Енгізілген күні 1993-02-01

 

Осы стандарт тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сыртқы қабырғаларына арналған жеңіл бетон, автоклавты кеуек бетон мен ауыр бетоннан дайындалған бетон мен темірбетон панельдерге қолданылады.

Жемірлі орта әсерлері жағдайларында пайдалануға арналған панельдер осы стандарттың талаптарын және жобалау құжаттамасының ҚР ҚНжЕ 2.01-19-2004-тің талаптары ескеріліп белгіленген қосымша нұсқауларын қанағаттандыруы тиіс.

Ғимараттарда панельдерді, ғимараттың отқа төзімділігінің талап етілетін дәре­же­сіне байланысты, ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 , ҚР ҚНжЕ 3.02-43-2007, ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001-ге сәйкес қабырғаның отқа төзімділік шегі және оттың таралу шегі ескеріліп, қолданады.

Автоклавты кеуек бетоннан әзірленген бір қабатты және ірікеуекті құрылым­ның жеңіл бетонынан әзірленген жылуоқшаулағыш қабаты бар екі қабатты панельдерді шығыңқы іргелік қабаттың және техникалық еденастының қабыр­ғаларында қолдануға жол берілмейді.

Стандарт түраралық қолданыстағы панельдерге (өнеркәсіптік кәсіпорын­дардың қоғамдық және өндірістік ғимараттарына арналған қабырғалар жолақтық кескінде) типтері,негізгі параметрлер, өлшемдер және шартты белгілер жағынан, сондай-ақ алдын ала кернеуленген панельдерге, автоклавты кеуек бетоннан әзірленген жылуоқшаулағыш қабаты бар тұтас екі қабатты панельдерге, құрамды сыртқы қабырғаларда ішкі болып табылатын панельдерге және ылғалды режимді бөлмелердің қабырғаларына қолданылмайды.

Стандартта қолданылған терминдер мен олардың түсіндірмелері № 1 анықтама қосымшада келтірілген.

Осы стандарттың барлық талаптары міндетті болып табылады.

 

1 Жіктеу

 

1.1 Панельдерді олардың типтерін сипаттайтын келесідегідей белгілері арқылы:

 - ғимараттың қызметі;

- құрылымдық шешімі;

- негізгі қабаттарының саны бойынша жіктейді.

1.2 Панельдерді ғимараттағы қызметі бойынша:

- жерүстілік қабаттарға арналған панельдерге;

- шығыңқы іргелік қабатқа және техникалық еденастына арналған панель­дерге;

- шатыраастына арналған панельдерге бөледі.

1.3 Панельдерді құрылымдық шешім бойынша:

- тұтас панельдерге;

- құрамды панельдерге бөледі.

 

 


1.4 Панельдерді негізгі қабаттардың саны бойынша:

- бір қабатты панельдерге;

- қабатты панельдерге (екі - және үш қабаттылар) бөледі.

Қабатты панельдер тұтас (ауа аралықтарсыз) және ауа аралықты болуы мүмкін. Сыртқы қабаттардың сыртында орналасқан ауа аралықты қабаты бар екі - және үш қабатты панельдер онан әрі қарай экраны бар екі - және үш қабатты панельдер деп аталады.

 

2 Типтері, негізгі параметрлері және өлшемдері

 

2.1 Панельдердің типтері

 

2.1.1 Панельдерді келесідегідей типтерге бөледі:

жерүстілік қабаттар үшін:

- 1НС –тұтас бір қабаттылар;

- 2НС – тұтас екі қабаттылар;

- 3НС – тұтас үш қабаттылар;

- 4НС – құрамды бір қабаттылар;

- 5НС – құрамды екі қабаттылар;

- 6НС – құрамды үш қабаттылар;

шығыңқы іргелік қабат немесе техникалық еденасты үшін:

- 1НЦ – тұтас бір қабаттылар;

- 2НЦ – тұтас екі қабаттылар;

- 3НЦ – тұтас үш қабаттылар;

- 4НЦ – құрамды бір қабаттылар;

- 5НЦ – құрамды екі қабаттылар;

- 6НЦ – құрамды үш қабаттылар;

шатырасты үшін:

- 1НЧ – тұтас бір қабаттылар;

- 2НЧ – тұтас екі қабаттылар;

- 3НЧ – тұтас үш қабаттылар;

- 4НЧ – құрамды бір қабаттылар;

- 5НЧ – құрамды екі қабаттылар;

- 6НЧ – құрамды үш қабаттылар;

 

2.2 Панельдердің негізгі өлшемдері

 

2.2.1 Панельдердің үйлестіргіш өлшемдерін олардың ғимараттың шектес құрылымдарымен шектесуі орындарында бөлуші элементтер жоқ кезде (мәселен, перпендикуляр бағыттағы қабырғалар, аражабындар мен балкон тақталары) 1-кесте бойынша алу керек.

Егерде панельдердің шектесуі орындарында үйлестіргіш элементтер бар болса, панельдердің ұзындығы мен биіктігі 1-кестеде келтірілген өлшемдерге тең болуы және бөлуші элементтердің үйлестіргіш өлшемдеріне байланысты шама­ларға кішірейтілуі тиіс.

1 Панельдердің 1-кестеде көрсетілген үйлестіргіш биіктіктері жерүстілік қабаттарға арналған панельдерге, ал панельдердің үйлестіргіш қалыңдықтары - бір қабатты және тұтас қабатты панельдерге жатады.

 

 

 

1 - к е с т е

 

Қабырғаларды панелдерге кесу түрі

 

Панельдің

түрі

Панельдің өлшемінің атауы

Модуль өлшемімен үйлестіру еселігі

(М=100мм)

Үйлестіру өлшемдері, мм

Бір қатарлық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұзындығы

 

 

 

 

 

 

 

Биіктігі

15М

1500, 3000, 4500, 6000, 7500

12М

 

1200, 2400, 3600, 4800, 6000, 7200

 

 

1200, 1800, 2400, 3000, 3600, 4200, 4800, 5400, 6000, 6600, 7200

6М, 3М, М

2800, 3000, 3300, 3600, 4200

Горизонталь

жолақтық

 

Жолақтық

 

 

 

 

 

 

Ұзындығы

 

 

 

 

Биіктігі

 

15М

 

3000, 4500, 6000,

7500, 9000, 12000

 

3000, 3600, 4200, 4800, 5400, 6000, 6600, 7200

3М, М

600, 900, 1200, 1300, 1500, 1800, 2100, 3000

Қабырға

аралық

Ұзындығы

300, 600, 1200, 1800

Биіктігі

3М, 3М/2

300, 450, 600, 750, 1200, 1800

1200, 1500, 1800, 2100, 2400, 2700

Вертикалды жолақтық

 

Жолақтық

 

 

 

 

Ұзындығы

 

 

Биіктігі

 

 

3М, 3М/2

 

600, 750, 900, 1200, 1500, 1800

6М, 3М, М

 

2800, 3000, 3300, 3600, 4200, 4800, 5400, 6000, 6600, 7200, 8400

Терезеалдылық

Ұзындығы

 

 

 

Биіктігі

1200, 1800, 2400

 

 

3М, 3М/2

 

900, 1200, 1350, 1500, 1800, 2100, 2400, 2700

6М, 3М, М

600, 700, 900, 1200, 1300, 1800, 2100, 1500

Бірқатарлық жолақтық

-

Қалыңдығы

М/2

200, 250, 300, 350, 400

М/4

200, 225, 250, 275, 300, 325, 350, 375, 400

 


1-кестенің жалғасы

 

Қабырғаларды панелдерге кесу түрі

 

Панельдің

түрі

Панельдің өлшемінің атауы

Модуль өлшемімен үйлестіру еселігі

(М=100мм)

Үйлестіру өлшемдері, мм

 

Е с к е р т у

1-кестеде бірнеше модульдер келтірілген жағдайда, үйлестіргіш өлшем осы модульдердің біреуіне еселік болып келеді.

2 Бұрыштық панельдердің үйлестіргіш ұзындығын панельдердің қалың­дығына және бұрыштық түйістік қосылыстардың құрылымдарына байланысты анықтайды.

3 Аралық панельдердің үйлестіргіш ұзындығына, 1-кестеде келтірілген­дерден, егерде бұл ғимараттың қасбеттерінің шешімдерінің ерекшеліктерімен негізделсе, бөлек алуға жол беріледі.

4 25 мм-ге тең М/4 модулге еселік панельдердің үйлестіргіш қалыңдығын қабатты панельдер үшін алу жөндірек болады.

5 Тиісті техникалық-экономикалық негіздеу арқылы және республиканың сәулет, қала құрылысы және құрылыс жөніндегі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылысы жөніндегі Уәкілетті органының рұқсатымен панельдердің үйлестіргіш қалыңдығын 400 мм-ден астам етіп алуға жол беріледі.

6 Қолданылатын жабдықтарға арналған1-кестеде көрсетілгендерден бөлек үйлестіргіш өлшемдермен панельдер дайындауға жол беріледі.

 

 

2.2.2 Панельдердің құрылымдық ұзындығы мен биіктігін құрылымдық өлшемдерді анықтаудың жалпы ережелеріне сәйкес панельдердің өзара және ғимараттың шектес құрылымдарымен түйістік қосылыстарының пішіндемелеріне және өшемдеріне тәуелді шамаға кішірейтілген (немесе үлкейтілген) тиісті үйлестіргіш өлшеміне тең етіп алу керек.

Жазық қасбеттік беті бар панельдердің, сондай-ақ ғимараттың қасбетіне шығыңқы болатын (мәселен, қабырғалармен) элементтері бар панельдердің құрылымдық қалыңдығын осы элементтердің арасындағы учаскелерде 1- кестеде көрсетілген үйлестіргіш қалыңдыққа сәйкес тең етіп алу керек.

Өзінің ұзындығының бөліктерінде ғимараттың ішкі қабырғаларының элементтері болып табылатын, автоклавты кеуек бетоннан әзірленген бір қабатты панельдердің құрылымдық қалыңдығын, панельдердің қалыңдығы 300 мм-ден кем болған жағдайларда, 20 мм-ге тең М/5 еселік модулімен алуға жол беріледі.

 

2.3 Панельдердің негізгі параметрлері

 

2.3.1 Ойықтар мен каналдар.

2.3.1.1 Шеткі қырларына түйісетін ойықтары бар (мәселен, есік ойықтары) панельдерде, қажетті жағдайларда оларды ғимараттарға орнатқанға дейінгі ойықтар аймақтарында (тиеу-түсіру операциялары, тасымалдау, сақтау және жинақтау кезінде) панельдердің жарықшақтыққа беріктігін қаңқалардың, арма­туралық шыбықтардың көмегімен немесе өзге тәсілдермен қамтамасыз ететін арматураланған бетондық маңдайшалар құрылғылау жолымен тұйық контур қарастыру керек.

2.3.1.2 Жасырын электр өткізуге арналған ішкі каналдардың номиналды диаметрін 35 мм-ден астам емес, ал канал бетінің таяудағы арматуралық шыбыққа немесе төсеме бұйымға дейінгі номиналды қашықтығын, каналдар тұтасқұймалы пластмассалы немесе резеңкелі құбыршалармен жасалған жағдайларды қоспағанда, мыналардан кем емес етіп алу керек, мм:

- 10 - каналдың арматуралық шыбықтың немесе төсеме бұйымнан бойымен орналасқан кезде;

- 5 - өзге жағдайларда.

Тұтасқұймалы пластмассалы немесе резеңкелі құбыршалармен таяудағы арматуралық шыбыққа жасалған каналдар бетінен номиналды қашықтық канал шыбықтың бойымен орналасқанда 10 мм-ден кем емес етіп алу керек.

Үш қабатты панельдерде каналдың бетінен жылуоқшаулағыш қабатқа дейінгі номиналды қашықтықты 20 мм-ден кем емес етіп алу керек.

2.3.2 Панельдерді орнатуға арналған ағаш терезелер мен есіктердің типтерін, құрылымдарын және өлшемдерін былай алу керек:

терезелер мен балкондардың есіктерінде:

- екі қабатты шынылаумен – МСТ 11214 бойынша;

- үш қабатты шынылаумен – МСТ 11214 бойынша;

- шыныпакеттермен – МСТ 24700 бойынша;

- шыныпакеттермен және әйнектермен – МСТ 24699 бойынша;

- сыртқы есіктерді МСТ 24698 бойынша.

Сондай-ақ, ағаш терезелерді және есіктерді Қазақстан Республикасының стандарттарымен немесе белгілі тәртіпте бекітілген техникалық шарттармен алуға жол беріледі.

2.3.3 Жасанды органикалық материалдарды пайдалану арқылы дайын­далған панельдерге арналған жылуоқшаулағыш, герметикалық, нығыздағыш, әрлеуші және басқа материалдар мен бұйымдарды Қазақстан Республи­касының Денсаулық сақтау министрлігінің қолдануға рұқсат еткен қатар­ларынан алу керек.

Жасанды органикалық материалдарды пайдалану арқылы дайындалған өзге материалдар мен бұйымдарды тек қана олардың қолданылуы мен панель­дердің құрылымы бөлменің ауасында шектік рұқсаттық деңгейден жоғары зиянды заттар шоғырлануы мүмкіндіктері болмаса, алуға жол беріледі. Мұндай ма­териалдар мен бұйымдарды қолдануға санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің белгіленген тәртіпте рұқсаты алынуы тиіс.

2.3.4 Панельдерді әрлеу

2.3.4.1 Жеңіл бетоннан әзірленген бір қабатты панельдердің және ауыр бетоннан немесе жеңіл бетоннан әзірленген сыртқы негізгі қабаты бар қабатты панельдердің сыртқы (қасбеттік) беттерін әрлеудің келесідегідей түрлерін алу керек:

- қыш, шыны, табиғи тастан немесе әшекей бетоннан әзірленген тақта­шалармен қаптау;

- жалаңаш толтырғышты әшекей бетонмен әрлеу;

- бедерлі немесе бірдей тегісті бетті ерітінді немесе бетон қабатымен әрлеу;

- әшекей қиыршықтасты немесе өзге әшекей материалды себу немесе батыру;

- қыш зертаспен әрлеу;

- ақ цемент бетон немесе ерітінді қабатымен әрлеу;

- түрлі-түсті бетон немесе ертінді қабатымен әрлеу;

- желімдік негіздегі ұсақ түйірлік материалдармен әрлеу;

- атмосфералық төзімді боялармен сырлау.

Панельдердің бетін тақташалармен қаптауды тақташалар арасын панель­дердің сыртқы түріне қойылатын талаптарға және оларды пайдаланудың шарт­тарына байланысты толық немесе ішінара толтырумен қарастыру керек.

2.3.4.2 Жеңіл бетоннан әзірленген бір қабатты панельдерде және осы түрдің бетонынан әзірленген сыртқы негізгі қабаты бар қабатты панельдерде ерітінді немесе бетон қабаты кіретін сыртқы қорғаныстық-әшекейлік қабат қарастыру керек.

Ылғалдық жағынан құрғақ немесе қалыпты аймақта пайдалануға арналған сығылуға беріктігі бойынша В 3,5 және онан жоғары сыныпты немесе сығылуға беріктігі бойынша маркасы М50 және онан жоғары жеңіл бетоннан әзірленген бір қабатты панельдерді және жеңіл бетоннан әзірленген сыртқы негізгі қабаты бар қабатты панельдерді (ірікеуекті құрылымды бетоннан әзірленген сыртқы негізгі қабаты бар панельдерден өзгелері), тиісті негіздеу кезінде былай алуға жол беріледі:

- ерітіндіден немесе бетоннан әзірленген қабат кірмейтін сыртқы қорғаныстық-әшекейлік қабатпен, - панельдерді атмосфераға тұрақты гидро­фобты құрамдармен, тақташалармен немесе қорғаныстық және әшекейлік қызметтерді орындайтын өзге қаптау материалдарымен және бұйымдарымен, сондай-ақ көлемдік түйіраралық кеуектері бар және ауаны нығыздалған бетондық қоспаға 3%-тен астам емес тартылған және панельдер сыртқы (қасбеттік) бетпен төменге қарай пішінделген тығыз құрылымның негізгі қабатының жеңіл бетоны кезінде;

- сыртқы қорғаныстық-әшекейлік қабатсыз – панельдердің лоджия тереңдігінде немесе қабырғаның атмосфералық жауын-шашын әсерлерінен қорғалған басқа учаскелерінде орналасқан кезінде.

2.3.4.3 Жеңіл бетоннан әзірленген бір қабатты панельдердің және жеңіл бетоннан немесе ауыр бетоннан әзірленген сыртқы қабаты бар қабатты панельдердің қорғаныстық-әшекейлік қабатындағы ерітінді немесе бетон қабатының номинальды қалыңдығын, қаптау жоқ кезінде, мыналардан кем емес етіп алу керек,мм:

- 15 - тұтас үш қабатты панельдерде;

- 20 - бір қабатты панельдерде (шығыңқы іргелік қабатқа техникалық еденастына арналған панельдерден өзгелері) және тығыз құрылымды жеңіл бетонынан әзірленген сыртқы жылуоқшаулағыш қабаты бар тұтас екі қабатты панельдерде;

- 30 - шығыңқы іргелік қабатқа және техникалық еденастына арналған бір қабатты панельдерде және ірі кеуекті құрылымды жеңіл бетонынан әзірленген сыртқы жылуоқшаулағыш қабаты бар тұтас екі қабатты панельдерде;

2.3.4.4 Жеңіл бетоннан әзірленген бір қабатты панельдерде және осы түрдің бетонынан әзірленген ішкі негізгі қабаты бар қабатты панельдерде ішкі әрлеу қабатын қарастыру керек.

Бұл панельдерде ішкі әрлеу қабатын қарастырмауға немесе оларды былай дайындау кезінде оған ерітіндіден әзірленген қабат енгізбеуге жол беріледі:

- ішкі бетпен төмен қараған жағдайда;

- панельдер құрғақ немесе қалыпты ылғалды режимді бөлмелердің қабырғаларында қолдануға арналса, ішкі бетпен жоғары қараған жағдайда, ал олардың ішкі беті әрлеуге (сырлауға, тұсқағаздармен немесе үлдірлермен желімдеуге) жатпайды.

2.3.4.5 2.3.4.4 т. көрсетілген панельдердің ішкі әрлеу қабатындағы ерітіндіден әзірленген қабаттың номинальды қалыңдығын мыналардан астам емес етіп алу керек, мм:

- 15 - құрғақ немесе қалыпты режимдегі бөлмелердің қабырғаларына ар­налған панельдерде;

- 20 - ылғалды режимді бөлмелердің қабырғаларына арналған панель­дерде.

2.3.4.6 Автоклавты кеуек бетоннан әзірленген бір қабатты панельдерде сыртқы қорғаныстық-әшекейлік қабат қарастыру керек. Бұл қабаттың түрі мен параметрлерін ҚН 277-80 талаптарына сәйкес алу керек.

2.3. 5 Панельдердің негізгі қабаттарының қалыңдығы.

2.3.5.1 Көтеруші екі қабатты панельдердің көтеруші қабатының номиналды қалыңдығын мыналардан кем емес алу керек, мм:

- 80 - ауыр бетоннан әзірленген қабаттан;

- 100 - жеңіл бетоннан әзірленген қабаттан.

2.3.5.2 Үш қабатты панельдердің ішкі және сыртқы қабаттарының номиналды қалыңдығын, ерітіндіден немесе бетоннан әзірленген ішкі әрлеулік және сыртқы қорғаныстық-әшекейлік қабатты қоса отырып, 2-кестеде көрсе­тілгеннен кем емес етіп алу керек.

 

2 - к е с т е

 

Үш қабаттық панелдің қабаты

 

Ішкі және сыртқы қабаттар арасындағы байланыс-тырғыштардың түрі (2.3.6 т.)

Панелдің тік жүктемелерді қабылдауға қаты­суы бойынша түрі

Бетон қабатының түрі

 

Қабаттың ең аз номинал­ды қалың­дығы, мм

Ішкі

 

Байланыстыр­ғыштардың барлық түрлері

Көтергіш

 

Ауыр бетон

80

Жеңіл бетон

100 (90)

Байланыстыр­ғыштардың барлық түрлері

Көтергіш

 

Ауыр бетон

65 (60)

Жеңіл бетон

80 (70)

Ауыр бетон

60 (50)

Жеңіл бетон

80 (50)

Сыртқы

Байланыстардың тұтасқұймалы арматураланған бетон қабырға­лардан басқа барлық түрлері

Көтергіш немесе көтергіш емес

 

Ауыр бетон

65 (50)

Жеңіл бетон

80 (60)

Тұтасқұймалы арматураланған бетон қабырғалар

Ауыр бетон

50

Жеңіл бетон

80 (50)

 

Е с к е р т у - Қабаттың жақшаларда көрсетілген ең аз қалыңдығын жобалау ұйымы – нақты ғимаратқа арналған жобалау құжаттамасының авторы және кәсіп­орын-дайындаушы арсындағы келісім бойынша, панельдің нақты құрылымдары үшін, олардың ғимараттарда қолдануы жағдайлары және климат­тық әсерлер ескеріліп, алынған эксперименттік деректер негізінде әзірленген техникалық-экономикалық негіздеулер қолда бар кезде, алуға жол беріледі.

 

2.3.6 Үш қабатты панельдердегі байланыстырғыштар

 

2.3.6.1 Үш қабатты панельдердің сыртқы және ішкі қабаттарын қосуды келесідегідей түрдегі байланыстырғыштармен қарастыру керек:

- металл байланыстырғыштармен;

- жеке арматураланған бетондық байланыстырғышмен (қабыршақтармен);

- арматураланған бетондық қабырғашалармен.

Бүтін тұтас үш қабатты панельдердің металл байланыстырғыштарын шы­бықтар немесе өзге иілімді металл элементтер (жеке немесе пісірілмелі арматуралық қаңқаларға кіретіндер) түрінде алу керек.

2.3.6.2 Арматураланған бетондық қабырғалар номиналдық қалыңдығын және үш қабатты панельдердің сыртқы және ішкі қабаттарын қосатын жеке арматураланған бетондық байланыстырғышдың (кілтектердің) бүйірлік қимасының өлшемдерін, олар ғимаратты пайдалану кезінде осы қабаттар арасында күштерді беруге және онда орналасқан арматураны тоттанудан қорғауға арналған жағдайларда, 40 мм-ден кем емес етіп алу керек.

2.3.7 Бетон және ерітінді

2.3.7.1 Жерүстілік қабаттардың панельдерінің және шатырастының негізгі қабаттары үшін, сондай-ақ үш қабатты панельдердегі арматураланған байланыстырғыштар үшін бетонның сығылуға беріктігі бойынша түрлерін, құрылымын және сыныптарын немесе маркаларын 3-кестеде көрсетілгендей алу керек.

 

3- к е с т е

 

Панель­дердің негізгі қабаттар­дың саны бойынша типі

 

Панельдің негізгі қаба­ты немесе үш қабатты панельдің арматура-ланған бе­тон байла­ныстырғыш­тары

Бетонның түрі

 

Бетонның құрылымы

 

Бетонның сығылуға беріктігі бойынша класы

 

Бетонның сығылуға беріктігі бойынша маркасы

Орташа тығыздық

(көлемдік масса)

Бір қабаттық

 

 

Негізгі қабат

Жеңіл бетон

 

Тығыз

Vn 6%

Vb 6% кезде

В3,5; В5; В7,5; В10; В12,5

М50, М75, М100, М150

Тығ.1000

Тығ. 1100

Тығ. 1200

6% <

Vn

12% кезде тығыз және

кеуек

В3,5; В5; В7,5

М50, М75, М100

   Тығ. 900

Тығ. 1000

Тығ. 1100

Авто-клавты кеуек бетон

Кеуекті

 

В1,5; В2,5; В3,5; В5;

В7,5

М25, М35, М50, М75, М100

Тығ. 600

Тығ. 700

Тығ. 800

Тығ. 900

Тығ. 1000

Екі қабатты тұтас

 

Көтеруші қабат

 

Ауыр бетон

 

Тығыз

Vn 3%

кезде

В12,5 және жоғары

 

М150 және жоғары

 

Тығ. 1200

 

Жеңіл

бетон

 

В7,5 және жоғары

М100 және жоғары

 

 

 

3 - кестенің жалғасы

 

Панель­дердің негізгі қабаттар­дың саны бойынша типі

 

Панельдің негізгі қаба­ты немесе үш қабатты панельдің арматура-ланған бе­тон байла­ныстырғыш­тары

Бетонның түрі

 

Бетонның құрылымы

 

Бетонның сығылуға беріктігі бойынша класы

 

Бетонның сығылуға беріктігі бойынша маркасы

Орташа тығыздық

(көлемдік масса)

Екі қабатты тұтас

 

Жылуоқшау­лағыш

 

Жеңіл бетон

 

Ірі кеуекті

В2,5; В3,5

М35, М50

Тығ.900

Тығ. 1000

Тығыз

Vn 6%

Vb 6%

кезде

В3,5;

В5

М50,

М75

 

Сыртқы жә­не ішкі қа­баттардың аралық ар­мирленген

бетонды бай­ланыстар

Жеңіл

Бетон

 

Ауыр

бетон

 

Тығыз

Vn 3%

кезде

В5 және жоғары

 

В12,5 және жоғары

М75 және жоғары

 

М150 және жоғары

Тығ.1000

Жылуоқшаулағыш

 

Жеңіл

бетон

 

ПСБ,

ПСБ-С типті поли­стирольды көбіктас, минераль­ды мақта,

газбетон­ды қыс­тырмалар

Тығ.400

 

 

Экранды екі қабатты

 

Ішкі қабат

Жеңіл

бетон

 

Тығыз

V£ 6%

Vв£ 6%

кезде

В3,5;

В5;

В7,5;

В10;

В12,5

М50,

М75, М100, М150

Тығ.900

Тығ.1000

Тығ.1100

Тығ.1200

 

 

Тығыз

6%<Vв £12% кез­де және кеуектелген

В3,5;

В5;

В7,5

 

М50,

М75,

М100

 

-

 

Автоклав­ты кеуек бетон

кеуекті

В1,5;

В 2,5;

В3,5

В 5;

В 7,5;

М25,

М35,

М50,

М75,

М100

Тығ.600

Тығ.700

Тығ.800

Тығ.900

Тығ.1000

 

3 - кестенің соңы

 

Панель­дердің негізгі қабаттар­дың саны бойынша типі

 

Панельдің негізгі қаба­ты немесе үш қабатты панельдің арматура-ланған бе­тон байла­ныстырғыш­тары

Бетонның түрі

 

Бетонның құрылымы

 

Бетонның сығылуға беріктігі бойынша класы

 

Бетонның сығылуға беріктігі бойынша маркасы

Орташа тығыздық

(көлемдік масса)

Экранды екі

қабатты тұтас

Ішкі қабат

 

Ауыр бетон

 

Жеңіл

бетон

 

Тығыз

Vn 3%

кезде

В12,5 және жоғары

 

В7,5 және жоғары

М150 және жоғары

 

В75 және жоғары

Тығ. 1100

Экранды үш

қабатты тұтас

 

Ішкі қабат

 

Ауыр бетон

Тығыз

Vn 3%

кезде

В12,5 және жоғары

М150 және жоғары

Тығ. 1200

Жеңіл

бетон

 

Жоғары көтеруші  панельдер

үшін

В7,5 және жоғары,

көтеруші емес па­нельдер

үшін

В5 және жоғары

М100 және жоғары – көтеруші панельдер үшін, М75 және жоға­ры – көте­руші емес панельдер

Тығ. 1200

Экран

Ауыр бетон

Тығыз

Vn 3%

кезде

В12,5 және жоғары

М150 және жоғары

Тығ. 1200

Жеңіл бетон

В7,5 және жоғары

М75 және жоғары

 

Е с к е р т у

1 Кестедегі Vn және Vв – қоспалардың жалпы көлемінен алынған түйіраралық кеуектердің және нығыздалған бетондық қоспаға келтірілген ауаның, проценттердегі көлемдері.

2 Бір қабатты панельдер үшін мынадай жеңіл бетондарды алуға жол беріледі:

- сығылуға беріктігі бойынша М35 маркалы – көтеруші панельдер үшін, сондай-ақ биіктігі екі қабаттан астам емес ғимараттардың көтеруші панельдері үшін;

- 3-кестеде көрсетілгенге қарағанда, сығылуға беріктігі бойынша неғұрлым жоғары класты немесе маркалы – техникалық-экономикалық негіздеу кезінде.

3 Қалыңдығы 150 мм-ден кем емес ішкі қабаты бар тұтас үш қабатты панельдер үшін сығы­луға беріктігі бойынша В3-тен кем емес кластың немесе сығылуға беріктігі бойынша М50-ден төмен емес марканың Vn 6% және Vв 6% өлшемі бар тығыз құрылымды жеңіл бетон алуға болады.

4 Нығыздалған қоспадағы түйіраралық кеуектердің көлемі 3%-тен астам, бірақ 6%-тен көп емес (3% < Vn 6%-) тығыз құрылымның жеңіл бетонын атмосфералық жауын-шашын әсер­лерінен қорғалған қабырғалардың учаскелерінде орналасқан панельдер үшін, ал басқа учаскелерде – сыртқы қорғаныстық-әшекейлік қабаттың түріне және параметрлеріне және панельдерге түсетін климаттық әсерлер сипатына байланысты алуға жол беріледі.

 

Шығыңқы іргелік қабаттың және техникалық еденастының панельдерінің негізгі панельдері үшін былай алу керек:

- бір қабатты панельдер және екі қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабаты үшін - түйірараралық кеуектердің және келтірілген ауаның көлемдері 3%-тен астам емес кезде тығыз құрылымның жеңіл бетоны;

- үш қабатты тұтас панельдер және екі қабатты тұтас панельдердің көтеруші қабаты үшін - түйірараралық кеуектердің көлемі 3%-тен астам емес кезде ауыр немесе жеңіл бетон.

2.3.7.2 Бетонның сығылуға беріктігі бойынша класы немесе маркасын және ерітіндінің панельдердің қорғаныстық-әшекейлік қабаттың сығылуға беріктігі бойынша маркасын былай алу керек:

- жеңіл бетоннан әзірленген бір қабатты панельдер үшін – панельдің бетонының класына немесе маркасына тең немесе олардың бір немесе екі сатыдай артатын мөлшерлерде, бірақ В7,5 немесе М100 маркасынан төмен емес;

- жеңіл бетоннан әзірленген сыртқы жылуоқшаулағыш қабаты бар тұтас екі қабатты панельдер үшін – В7,5 класына немесе М100 маркасына тең;

- тұтас үш қабатты панельдер үшін – панельдің сыртқы қабатының сатыдан бетонының класына немесе маркасына тең немесе олардан бір астам емес, бірақ В7,5 класынан немесе М100 маркасынан кем емес және В15 класынан немесе М200 маркасынан жоғары емес ерекшеленетін.

2.3.7.3 Панельдердің ішкі әрлеу қабатының ерітіндісінің сығылуға беріктігі бойынша маркасын бұл қабат түсірілетін бетонның маркасынан жоғары емес және М25 -тен төмен емес етіп алу керек. Техникалық-экономикалық негіздеу арқылы ерітіндінің маркасын бетонның сығылуға беріктігі бойынша маркасынан жоғары, бірақ М100-ден жоғары емес алуға жол беріледі.

2.3.7.4 Бетон мен ерітіндінің нақты ғимаратқа арналған жобалау құжат­тамасында белгіленген аязға төзімділік бойынша маркаларын ҚНжЕ 2.03.01-84*, МСТ 25820, МСТ 25485, МСТ 26633 талаптарына сәйкес алу керек. Бұл жағдайда сыртқы ауаның есептік қысқы температурасы минус 50С-тан төмен аудандарда (ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001 бойынша ІБ, ІГ, ІІА, ІІГ климаттық қосалқы аудандардан басқалары) дайындалған панельдерге арналған аязға төзімділік бойынша бетон мен ерітінді маркасын мыналардан төмен емес тағайындау керек:

F 50 - сыртқы негізгі қабаттың ауыр бетоны, үш қабатты панельдердің жеке арматураланған бетондық байланыстырғыштары (қабыршақтары) және тұтас қабырғашалары үшін; экрандардың кез келген бетонның түрі, шығыңқы іргелік қабаттың және техникалық еденастының панельдерінің және панельдердің жиекқабырғалық бөліктерінің, сыртқы қорғаныс - әшекейлік қабаттың бетоны немесе ерітіндісі үшін;

F 35 - бетоннан немесе ерітіндіден әзірленген сыртқы-әшекейлік қабатты иеленбеген бір қабатты панельдердің жеңіл бетоны үшін; сыртқы негізгі қабаттың жеңіл бетоны, жеке арматураланған бетондық байланыстырғыштар (қабыршақтар) және тұтас үш қабатты панельдердің қабырғашалары, бетоннан немесе ерітіндіден әзірленген қорғаныстық-әшекейлік қабатсыз үш қабатты панельдер үшін; бір қабатты панельдердің ылғалды режимді бөлмелердің қабырғаларында қолдануға арналған жеңіл бетоны және автоклавты кеуек бетон үшін;

F 25 - бір қабатты панельдердің бетоннан немесе ерітіндіден әзірленген сыртқы-әшекейлік қабаты бар және құрғақ және қалыпты режимді бөлмелердің қабырғаларында қолдану үшін белгіленген жеңіл бетоны; сыртқы негізгі қабаттың жеңіл бетоны, бетоннан немесе ерітіндіден әзірленген қорғаныстық-әшекейлік қабаты бар тұтас үш қабатты панельдердің жеке арматураланған бетондық байланыстырғыштар және қабырғашалары үшін; бір қабатты панельдердің құрғақ және қалыпты режимді бөлмелердің қабырғаларында қолдануға арналған автоклавты кеуек бетоны үшін; тұтас екі қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабатының жеңіл бетоны үшін.

ІБ, ІГ, ІІА, ІІГ климаттық қосалқы аудандарында қолданылатын панельдерге арналған аязға төзімділік бойынша бетон мен ерітіндінің ең аз маркаларын бір сатыға жоғары алу керек.

2.3.7.5 Жеңіл бетонның және бір қабатты панельдердің автоклавты кеуек бетонының және экраны бар екі қабатты панельдердің ішкі қабатының, жерүстілік қабаттарға арналған тұтас екі қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабатының жеңіл бетонының орташа тығыздығы (көлемдік массасы) бойынша маркаларын 4-кестеде келтірілгендерден жоғары емес алу керек.

 

4 - к е с т е

 

Сығылуға беріктігі бойынша класы

Сығылуға беріктігі бойынша маркасы

 

Орта тығыздық бойынша максимальды марка

 

Перлит­бетон­ның

Керрам­зитбе­тонды және шунгизит-бетонның

Қож кеуектастыбетон­ның және

қож бе­тонның

Аглопо-ритбе-тонның және табиғи толтыр-ғыштар-дағы бетон-ның

Авто-клавты кеуек бетон-ның

Жеңіл бетонның

 

Автоклав­ты кеуек бетонның

-

В1,5

М25

-

-

-

-

Тығ.600

 

В2,5

В2,5

М35

Тығ. 800

Тығ. 900

Тығ.1400

Тығ.1200

Тығ.700

 

В3,5

В3,5

М50

Тығ. 900

Тығ. 1000

Тығ.1500

Тығ.1300

Тығ.800

 

В5

В5

М75

Тығ.1000

Тығ. 1100

Тығ.1600

Тығ.1400

Тығ.900

 

В7,5

В7,5

М100

Тығ.1100

Тығ. 1200

Тығ.1700

Тығ.1500

Тығ.1000

 

В12,5

-

М150

Тығ.1200

Тығ. 1300

Тығ.1800

Тығ.1600

-

 

 

Е с к е р т у

1 Кестедегі жеңіл бетондардың атаулары ірі толтырғыш түрі бойынша алынған.

2 Шығыңқы іргелік қабаттың және механикалық еденастының панельдері үшін жеңіл бетонның орташа тығыздығы бойынша ең көп маркасы сығылуға арналған беріктігі бойынша осы берілген класы немесе маркасында екі сатыға үлкейтілуі мүмкін.

 

 

 

Бетонды дайындау үшін қолданылатын жергілікті материалдардың сапасына байланысты, тиісті техникалық-экономикалық негіздеу арқасында және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс жөніндегі Уәкілетті органының рұқсатымен 4-кестеде көрсетілгенге қарағанда, сығылуға арналған беріктік бойынша осы берілген класы мен маркасында, панельдер осы стандарттың барлық басқа талаптарын қанағаттандыратын жағдайларда және оларды қолдану кезінде МҚН 2.04-02-2004-тің талаптары орындалатын кезде орташа тығыздығы бойынша жоғары маркалы бетон алуға жол беріледі.

2.3.7.6 Нақты ғимаратқа арналған жобалау құжаттамасында белгіленген құрғақ күйдегі бетонның жылу өткізгіштігін бақылау нәтижелерін бағалау үшін жылуөткізгіштікті (жылуөткізгіштік коэффициентін) былай алу керек:

- жеңіл бетон үшін – міндетті 2 - қосымша бойынша;

- автоклавты кеуек бетон үшін - МСТ 25485 бойынша ;

2.3.7.7 Жеңіл бетонды былай алу керек:

- бір қабатты панельдердің негізгі қабаты және экраны бар екі қабатты панельдердің ішкі қабаты үшін – кеуек құммен, ЖЭС күлімен, күлқождық қоспамен және бұл қабат кеуек құмсыз бетоннан орындалған жағдайларда ұсақ толтырғышсыз;

- тұтас екі қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабаты үшін - кеуек құммен немесе бетон ірікеуекті құрылым иеленетін жағдайларда, ұсақ толтырғышсыз.

Бір қабатты панельдердің негізгі қабаты және экраны бар екі қабатты панельдердің ішкі қабаты үшін техникалық-экономикалық негіздеу, панельдер мен бетондарға осы стандартпен және жобалау құжаттамасымен белгіленген барлық талаптар қамтамасыз етілгенде және бетонның ертінділігін бетондық қоспаның кеуектілігін реттестіретін ауа келтіруші қоспалармен міндетті кеуектеу жағдайларында тығыз құмды жеңіл бетон алуға жол беріледі.

2.3.8 Арматуралық және салынбалы бұйымдар

2.3.8.1 Панельдерді арматуралау үшін арматуралық болаттың мынадай түрлері мен сыныптарын алу керек:

- жұмыс арматурасы ретінде – МСТ 5781 бойынша А-ІІІ және А-ІV,           МСТ 10884 бойынша АтІІІС, Ат ІV және Ат ІVС класты шыбықтық арматурасын, МСТ 6727 бойынша ВрІ класты арматуралық сымы, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген кластардағы арматураны пайдалану орынсыз болатын жағдайларда немесе жобалау нормаларымен жол берілмегенде МСТ 5781 бойынша АІ және А-ІІ класты шыбықтық арматурасын;

құрылымдық арматура ретінде – А І және Вр І класты арматураны.

2.3.8.2 Үш қабатты панельдердің сыртқы және ішкі қабаттарын қосуға арналған иілімді металл байланыстырғыштар үшін пайдалану жағдайларында қажетті тоттануға төзімділік иеленген болаттардан әзірленген шыбықтарды немесе өзге қосқыш элементтерді,сондай-ақ тоттануға қарсы жабыны бар А-І, А-ІІ және Вр-І кластарының арматурасын алу керек.

Техникалық-экономикалық негіздеу арқылы иілімді байланыстырғыштар үшін алюминий қорытпалардан алынған қосқыш элементтерді, сондай-ақ өзге сыныптардың арматурасын алға жол беріледі.

2.3.8.3 Панельдердің салынбалы бұйымдары үшін панельдерді пайдалану жағдайларына байланысты ҚНжЕ 2.03.01-84*-тің талаптарына сәйкес қарапайым сапалы көміртекті болатты немесе төмен қоспаланған болатты алу керек.

2.3.9 Бетонның қорғаныстық қабатының жобалау құжаттамасымен белгіленген арматураға дейінгі номиналды қалыңдығын (ерітіндіден немесе бетоннан әзірленген панельдердің сыртқы қорғаныстық-әшекейлік немесе ішкі әрлеу қабаттарын қоса алғанда), 30 мм-ден кем емес етіп алынатын бетонның қорғаныстық қабатының панельдердің сыртқы қабатынан шығыңқы іргелік қабаттағы және техникалық еденастындағы панельдердегі арматураға дейінгі номиналды қалыңдықты қоспағанда, 5-кестеде көрсетілген мәндерден кем емес етіп алу керек.

2.3.10 Үш қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабаты

2.3.10.1 Үш қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабаты үшін тақталар немесе блоктар түріндегі жылуоқшаулағыш бұйымдарды, сондай-ақ, жылуоқ­шаулағыш бетоннан әзірленген қабаттарды және панельдерді дайындау үрдісінде қатаятын немесе қажетті беріктікті иеленетін құймалы құрамдар түрінде қолданылатын өзге жылуоқшаулағыш материалдарды алу керек.

 

 

5 - к е с т е

 

Бетонның қорғаныс қабатының қалыңдығы белгіленетін бет

 

Арматура орналасатын қабаттың бетонының

түрі

Бетонның қорғаныстық қабатының арматураға дейінгі минимальды номиналды қалыңдығы, мм

Жұмыстық

Құрылымдық

Сыртқы (қасбеттік);

жылуоқшаулағыш қабатқа түйісетін бет;

Ауыр бетон

20

15

Жеңіл бетон

20

20

Автоклавты

кеуек бетон

25

25

Ішкі; шеткі; ойықтың қыры; ауалық қабатқа түйісетін бет

Ауыр бетон

15

10

Жеңіл бетон

20

15

Автоклавты

кеуек бетон

25

20

Үш қабаттық панель­дің қабаттарын қоса­тын жеке арматура­ланған бетондық байланыстырғыш­тардың (кілтектердің) немесе қабырға­лардың қыры

Ауыр бетон

10

10

Жеңіл бетон

15

15

 

Е с к е р т у

1 5-кестенің талаптары панельдердің тірек аймақтарының, олардың жоғары немесе төменгі шетжақ қырларынан жанама (көлденең) арматурасына дейінгі номиналды қалыңдығына қолда­нылмайды.

2 Бетонның қорғаныстық қабатының жеке арматураланған бетондық байланыстыр­ғыштардың (кілтектердің) немесе үш қабатты панельдердің қабырғашаларының арматурасына дейінгі ең аз номиналды қалыңдығы, олар күштерді ғимаратты пайдалану кезеңінде сыртқы және ішкі бетондық қабаттар арасында беруге және оларда орналасқан арматураны тоттанудан қорғау үшін берілген.

 

2.3.10.2 Үш қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабаты үшін ПСБ немесе ПСБ-С түріндегі полистрольді пенопластан, резольді феноформальдегидті шайырлар, портландцементтегі фибролитті негіздегі пенопластан әзірленген қатты тақталарды, сондай-ақ синтетикалық байланыстырғыштағы немесе шынылық штапельді талшықтағы минералмақталы тақталарды алу керек.

Жылуоқшаулағыш қабат үшін стандарттар немесе техникалық шарттар бойынша дайындалған және осы стандарттың талаптарын қанағаттандыратын өзге жылуоқшаулағыш бұйымдар мен материалдарды алуға жол беріледі.

2.3.10.3 Үш қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабаты үшін орташа тығыздығы 400 кг/ м3-тан астам емес жылуоқшаулағыш бұйымдар мен материалдарды алу керек.

Техникалық-экономикалық негіздеумен орташа тығыздығы 400 кг/ м3-тан астам жылуоқшаулағыш бұйымдар мен материалдарды алуға жол беріледі.

Е с к е р т у

1 Жылуоқшаулағыш қабаттың орташа тығыздығын панельдерді дайындау үрдісіндегі жылуоқшаулағыш материалдар мен бұйымдардың нығыздалуы ескеріп анықтайды.

2 Жылуоқшаулағыш қабаттың орташа тығыздығын оның құрғақ күйдегі массасының көлемге бөліну нәтижесінде ретінде анықтайды. Бұл жағдайда көп қабаттық жылуоқшаулау үшін есепке қосынды массаны және қабаттардың көлемін алады.

 

2.4 Панельдердің шартты белгіленуі

 

2.4.1 Панельдерді МСТ 23009 талаптарына сәйкес маркалармен белгілеу керек.

Панельдің маркасы дефистермен бөлінген әріптік-цифрлық топтардан тұрады.

Бірінші топ панельдің типінің белгісін және оның номиналдық габариттік

өлшемдерін (бүтін санға дейін дөңгелектейтін мәндерін) құрайды: ұзындығы мен биіктігі дециметрлер, қалыңдығы сантиметрлер.

Екінші топта бетонның класы (маркасы) цифрлық индекспен белгіленген бетонның сығылуға арналған беріктігі бойынша сыныбы (маркасы), әріптермен белгіленген бетон түрі көрсетілген: Т – ауыр бетон, Л – жеңіл бетон, Я – автоклавты кеуек бетон. Сығылуға беріктігі бойынша әр түрлі сыныпты (маркалы) бетоннан әзірленген сыртқы қабаты бар қабатты панельдер үшін панельдің көтеруші қабатының бетонының класын (маркасын) және түрін көрсету керек.

Үшінші топ әріптермен белгіленген және панельдерді қолданудың ерекше шарттарын және олардың төзімділігін былай бейнелейтін қосымша сипаттамаларын құрайды: С – сейсмикалық әсерлер (есептік сейсмикалық 7 балл және онан астам кезде); М – сыртқы ауаның төмен температуралары әсерлері (сыртқы ауаның минус 400С-тан төмен есептік қысқы температурасы бар аудандардағы құрылыс кезінде). Жемірлі ортаның әсерлері жағдайларында қолданылатын панельдер үшін марканың үшінші тобына панельдердің олардың пайдалану жағдайларындағы төзімділігін қамтамасыз ететін сипаттамаларының белгіленуі кіреді; бұл жағдайда панельдердің бетоны тығыздығының дәрежелерінің сипаттамаларын былай әріптермен белгілейді: Н – қалыпты тығыздық, П – жоғарылатылған тығыздық, О – ерекше тығыздықты.

Үшінші топқа қажетті жағдайда, сондай-ақ панельдің құрылымдық ерекшеліктерінің белгіленуі кіреді (панельдің пішіні; шетжақ аймақтың пішіндемесі; ойықтардың түрі мен орналасуы; шектес құрылымдардың түйісу орындарындағы кемерлердің бар болуы мен пішіні; арматуралық шығыңқылықтардың және салынбалы бұйымдардың түрі мен орналасуы; шөкпелі, ісінбелі, тоңды. шымтезекті, төкпелі және өзге күшті пішінделген топырақтармен және өзгелермен төселген негіздердің тең емес деформацияларымен тудырылған күштерді қабылдауға арналған арматураның барлығы). Панельдің бұл ерекшеліктерін маркада араб цифрларымен немесе кіші әріптермен белгілеу керек.

Сығылуға беріктігі бойынша маркасы М75 жеңіл бетоннан әзірленген ұзындығы 5990 мм, биіктігі 2865 мм, қалыңдығы 350 мм (1НС60.29.35 типөлшемді) 1НС типті панельдің шартты белгіленуі (маркалары) мысалы:

 

1НС60. 29.35-75Л

 

Сығылуға беріктігі бойынша маркасы М200 жеңіл бетоннан әзірленген ішкі көтеруші қабаты бар ұзындығы 3590 мм, биіктігі 2865 мм, қалыңдығы 400 мм (2НС36.29.40 типөлшемді) 2НС типті панельдің, сондай:

 

2НС36. 29.40-200Л

 

Сыртқы ауаның есептік температурасы минус 400С-тан төмен аудандарда салынатын есептік сейсмикалығы 8 баллды ғимараттарға белгіленген сығылуға беріктігі бойынша маркасы М200 ауыр бетоннан әзірленген ішкі көтеруші қабаты бар ұзындығы 2990 мм, биіктігі 2865 мм, қалыңдығы 350 мм (3НС30.29.35 типөлшемді) 3НС типті панельдің, сондай:

 

3НС30.29.35-200Т-СМ

 

Сығылуға беріктігі бойынша маркасы М100 жеңіл бетоннан әзірленген ұзындығы 2990 мм, биіктігі 2300 мм, қалыңдығы 300 мм (1НЦ30.23.30 типөлшемді) 1НС типті панельдің, сондай:

1НЦ30.23.30-100Л

 

Е с к е р т у - Панельдердің маркаларының белгіленуін типтік құрылымдардың жұмыс сызбаларының нұсқауларына сәйкес оларды қайта қарағанға дейін алуға жол беріледі.

 

3 Техникалық талаптар

 

3.1 Нақты түрлердің панельдерін осы стандарт ескеріліп әзірленген техникалық шарттардың талаптарына сәйкес, белгілі бір тәртіпте бекітілген жобалау және технологиялық құжаттама бойынша дайындау керек.

3.2 Панельдер осы стандарттың талаптарына және нақты ғимаратқа арнал­ған жобалау құжаттамасының панельдерді тасымалдау және сақтау жағдайлары, тиеу-түсіру жұмыстары және ғимараттарды жинақтау технологиясы ескеріліп белгіленген қосымша талаптарына сәйкес зауыттық даярлығын иеленуі тиіс.

Құрамдас панельдерді жинақталған түрде жеткізу керек.

Нақты ғимараттарға арналған жобалау құжаттамасында қарастырылған жағдайларда, панельдерді, терезе және есік блоктары және ойықтар қырлары, салынбалы бұйымдар және 3.4. т. көрсетілген өзге құрылымдық элементтер аралығындағы түйістерде герметикалықпен және жылуоқшаулаумен орындалған терезелер, есіктер, терезеалдылық тақташа (тақтайлар) және құйындылар орнатумен түсірілген су сіңірмейтін және және өзге астарлаумен, гидрооқшау­лағыштық және буоқшаулағыштық жабындармен жеткізу керек.

Панельдерді терезелерсіз, есіктерсіз, терезеалдысыз тақталарсыз (тақтай­ларсыз) және құйындыларсыз жеткізуге, егер оларды орнату жобалау құжаттамасымен қарастырылса, дайындаушының тек тұтынушымен және жоба авторы – жобалау ұйымымен келісімі бойынша жол беріледі.

3.3 Жобалау құжаттамасында қарастырылған жағдайларда панельдер мы­наларды иеленуі тиіс;

- шығыңқылықтар, кесіктер, кемерлер, қуыстар, болат салмалы және бастыр­малы бұйымдар және панельдерді ғимараттың құрылымдарына тіреуге, сондай-ақ, аралас құрылымдарды тіреуге және түйістіруге арналған өзге құрылымдық элементтер;

- шетжақтық аймақтардағы және түйістерді тұтасқұймалағаннан кейін кілтектік қыстырмалық біріктіруді тудыруға арналған шектес құрылымдардың панельдеріне түйісетін өзге орындарындағы кесіктер мен тереңдіктер;

- панельдерді өзара және ғимараттың шектес құрылымдарымен қосуға арналған арматуралық шығыңқылықтар, болат салмалы бұйымдар және өзге құрылымдық элементтер;

- панельдердің шетжақтарында, сондай-ақ ойықтардың периметрі бойындағы жауынға қарсы кедергілер, нығыздаушы төсемелерді және герметиктерді тіреуге, түйісте суқайтарғыш элемент (таспалар) тудыруға және басқа мақсаттарға арналған шығыңқылықтар, саңылаулар мен өзге құрылымдық бөлшектер;

- жинақтау (көтергіш) ілмектерге және басқа жинақтау және қосу бөл­шектеріне арналған ұялар;

- терезеалдылық тақталары (немесе тақтайлары) мен құйындылары бар орнатылған терезелер және есіктер;

- жалғамалы терезеалдылық тақталарды (тақтайларды), күннен қорғағыш құрылғыларды, шымылдықтарды, ернеулерді, перделерді және ғимараттың өзге жабдықтарын ілуге арналған құрылғыларды, ашық жылытқыш құралдарды және инженерлік жабдықтардың өзге элементтерін бекітуге арналған салмалы және бастырмалы бұйымдар мен өзге құрылымдық элементтер;

- жасырын электр жүргізу жүйелерінің элементтері.

3.4 Панельдер ҚР СТ 937 талаптарын мыналар бойынша қанағат­тан­дыруы тиіс:

- панельдердің беріктігі, қаттылығы және жарықшақтыққа төзімділігі бойын­ша;

- бетонның нақты беріктігі көрсеткіштері бойынша (жобалау жасындағы және жіберілмелі);

- бетонның аязға төзімділігі бойынша;

- бір қабатты панельдердің жеңіл бетоны мен автоклавты кеуек бетонының, экраны бар екі қабатты панельдердің ішкі қабатының және үш қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабатының, сондай-ақ тұтас екі қабатты панель­дердің жылуоқшаулағыш қабатының орташа жылу өткізгіштігі және жіберу ылғал­дығы бойынша;

- арматуралық және салмалы бұйымдардың пішіні, өлшемдері және сапасы және олардың панельдердегі орналасуы бойынша;

- жинақтау ілмектеріне арналған арматуралық болаттың кластары және маркалары бойынша;

- бетонның қорғаныс қабатының қалыңдығының жұмыс арматурасына дейінгі ауытқуы бойынша;

- арматуралық шығыңқылықтарды, салмалы және қосқыш бұйымдарды, сондай-ақ үш қабатты панельдердегі ортаның жемірлі әсерлеріне төзімді емес болаттардан орындалған металл байланыстырғыштарды тоттанудан қорғау бойынша.

3.5 Бетонға және ерітіндіге қойылатын талаптар

Панельдердің сыртқы қорғаныстық-әшекейлік және ішкі әрлеу қабаттары ерітіндісінің нақты беріктігі жобалау құжаттамасымен белгіленген сығылуға беріктігі бойынша ерітінді маркасына сәйкес болуы тиіс.

3.5.2 Панельдерді тұтынушыларға жеткізуді ерітінді нормаланған жіберіл­мелі беріктікке жеткеннен кейін жүргізу керек.

3.5.3 Панельдердің бетоны мен ерітіндісінің нормаланған жіберілмелі берік­тігінің сығылуға беріктік бойынша кластан немесе маркадан алынған процент­тердегі мәні мыналарға тең етіп алу керек:

- 70 - В12,5 және жоғары класты немесе М150 және жоғары маркалы ауыр және жеңіл бетон үшін, сондай-ақ сыртқы қорғаныстық-әшекейлік және ішкі әрлеу қабаттарының ерітіндісі мен бетоны үшін;

- 80 - В10 және төмен класты немесе М100 және төмен маркалы жеңіл бетон үшін;

- 100 - автоклавты кеуек бетон үшін.

Ақ цементтегі сыртқы қорғаныстық-әшекейлік қабатының бетоны мен ерітіндісінің нормаланған жіберілмелі беріктігін сығылуға арналған беріктік бойынша класс немесе марканың 60 %-іне дейін төмендетуге жол беріледі.

Жылдың суық кезеңі үшін бетон мен ерітіндінің нормаланған жіберілмелі беріктігінің сығылуға беріктік бойынша класс немесе маркасынан алынған проценттерге арттыруға жол беріледі, бірақ мыналардан астам емес:

- 85 - барлық кластардағы немесе маркалардағы ауыр бетон үшін және В12,5 және жоғары класты немесе М150 және жоғары маракалы жеңіл бетон үшін;

- 90 - В10 және төмен класты немесе М100 және төмен маракалы жеңіл бетон, сондай-ақ сыртқы қорғаныстық-әшекейлік және ішкі әрлеу қабаттарының ерітіндісі мен бетоны үшін.

Көтеруші емес панельдер, үш қабатты панельдердің сыртқы қабаты, сондай-ақ панельдерді тасымалдау және сақтау кезінде және ғимаратты жинақтау кезінде туатын күштерге арналған есеп анықтаушы болып табылатын панельдер үшін жылдың кез келген кезеңі үшін ауыр және жеңіл бетонның, сондай-ақ сыртқы қорғаныстық-әшекейлік және ішкі әрлеу қабаттарының ерітіндісінің немесе бетонының нормаланған жіберілмелі беріктігін сығылуға беріктігі бойынша класын немесе маркасын 100% - ке дейін арттыруға жол беріледі.

Бетонның және ерітіндінің нормаланған жіберілмелі беріктігінің мәнін нақты ғи­мараттың жобалау құжаттамасы бойынша ҚР СТ 937 талаптарына сәйкес алу керек.

Бетонның және ерітіндінің, олардың сығылуға беріктігі бойынша класы мен маркасына сәйкес беріктігінен төмен жіберілмелі беріктігі бар панельдерді жеткізуді жүргізуге, егерде панельдерді бетонмен немесе ерітіндімен жұмыс құрамындағы бетон қоспасынан дайындалған және ҚР СТ 937-ге сәйкес жағдайларда сақталған бақылау үлгілерін сынау нәтижелері бойынша анықталған болып, панельдердің жобалау жасындағы талап етілетін беріктікке жететініне дайындаушы дайындаушы кепілдік берсе дайындаса, жол беріледі.

3.5.4 Панельдердің ертіндісінің аязға төзімділігі нақты ғимаратқа арналған жобалау құжаттамасында белгіленген аязға төзімділік бойынша маркаларға және панельдерді дайындауға арналған тапсырыста көрсетілгендерге сәйкес болуы тиіс.

3.5.5 Экраны бар бір қабатты панельдердің тақтатас күліндегі автоклавты кеуек бетонның массасы бойынша ылғалдығы панельдерді тұтынушыға жіберу кезінде 30 %-тен артпауы тиіс.

3.5.6 Бетондар, оларды дайындау үшін материалдар және жеңіл бетонның қоспалары бетонның осы түрлеріне арналған стандарттардың (жеңіл бетон үшін – МСТ 25820, кеуек бетон үшін - МСТ 25485, ауыр бетон үшін - МСТ 26633) және осы стандарттың талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

3.5.7 Панельдердің негізгі қабаттарының бетонының, үш қабатты панельдердегі қосқыш қабырғашалардың және кілтектердің түрі мен нақты құрылымы, сондай-ақ панельдердің ірі және ұсақ толтырғыштарының түрі нақты ғимаратқа арналған жобалау құжаттамасында белгіленгендерге сәйкес болуы тиіс.

3.5.8 Жеңіл бетонды дайындау үшін қолданылатын ісінбелі перлитті құмның үймелі тығыздығы бойынша маркасы 250-ден кем емес болуы тиіс.

Техникалық-экономикалық негіздеу және жеңіл бетонның берілген қасиеттерін қамтамасыз ету кезінде үймелі тығыздығы бойынша маркасы 200 ісінбелі перлитті құмды қолдануға жол беріледі.

3.5.9 Ерітіндіні дайындау үшін қолданылатын материалдардың сапасы осы стандартпен белгіленген ерітіндіге қойылатын техникалық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

 

3.6 Үш қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабатына қойылатын талаптар.

3.6.1 Үш қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабаты үшін қолданы­латын материалдар мен бұйымдардың сапасы осы материалдар мен бұйымдарға арналған стандарттардың немесе белгілі бір тәртіпте белгіленген техникалық шарттардың талаптарын қанағаттандыруы тиіс және жылуоқшаулағыш қабатқа осы стандартпен және жобалау құжаттамасымен белгіленген техникалық талаптарын орындалуын қамтамасыз етуі қажет.

Үш қабатты панельдерге арналған жылуоқшаулағыш бұйымдар қойылатын талаптарды мынадай реттерде қанағаттандыруы тиіс:

- ПСБ немесе ПСБ-С түріндегі полистрольді пенопластан әзірленген жылу­оқшаулағыш тақталар - МСТ 15588;

- резольді фенолоформальдегидті шайырлар негізіндегі пенопластан әзір­ленген жылуоқшаулағыш тақталар - МСТ 20916;

- синтетикалық байланыстырғыштар қолданумен қаттылығы арттырылған минералмақталы тақталары - МСТ 9573;

- шынылық штапельді талшықтан әзірленген жылуоқшаулағыш тақталар - МСТ 10499;

- портландцементтегі арналған фибролитті тақталар - МСТ 10499;

- портландцементтегі фибролитті тақталар.

3.6.2 Үш қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабатының сығылушы­лығы, дайындау кезінде сыртқы және ішкі қабаттың бетоны жылуоқшаулағыш қабатқа төселсе, осы бетондық қабаттың салмағынан түсетін қысымы кезінде 6 %-тен аспауы тиіс.

Сығылушылығы 4%-тен аспайтын жылуоқшаулағыш бұйымдармен үйлесім­дікте Мұндай панельдерде көрсетілген қысымдағы сығылушылығы 6-дан 15%-ке дейін болатын жылоқшаулағыш бұйымдарды қолдануға жол беріледі. Бұл жағдайда неғұрлым қатты жылуоқшаулағыш бұйымдардың қабаты азырақ қатты бұйымдардың қабаты бойынша төсеу керек.

3.6.3 Жылуоқшаулағыш бұйымдардың ылғалдылығы үш қабатты панель­дерге салу кезінде (бастапқы ылғалдылық) осы түрдің бұйымдарына арналған стандартпен немесе техникалық шарттармен белгіленген шекті рұқсаттық ылғалдылықтан аспауы тиіс.

Үш қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабатының ылғалдылығы оларды тұтынушыға босату кезінде (босату ылғалдылығы) осы қабат орындалған жылуоқшаулағыш бұйымдар үшін белгіленген шекті рұқсаттық ылғалдылықтан массасы бойынша 5 %- тен аспауы тиіс.

3.6.4 Жылуоқшаулағыш тақталар немесе блоктар үш қабатты панельдерде бір немесе бірнеше қабаттар бір-бірлеріне тығыз орналастырылуы тиіс.

Жылуоқшаулағыш тақталардың немесе блоктардың бірнеше қабаттарда орналасуы кезінде шектес қабаттарда жіктері олардың қалыңдығынан кем емес санға айқасу арқылы жобалау құжаттамасында көрсетілгендерге сәйкес төселуі тиіс.

Жылуоқшаулағыш тақталардың шектес қабаттарда олардың панельдер мен ойықтардың шетжақтарына, сондай-ақ сыртқы және ішкі қабаттарды қосатын байланыстырғыштарға түйісетін орындардағы өзара орналасуын жобалау құжаттамасының нұсқаулары бойынша алу керек.

3.6.5 Жылуоқшаулағыш тақталардың немесе блоктардың шетжақтарының аралығындағы саңылаулар және олардың қалыпқа түйісу орындарындағы саңылаулар бетондық қоспаның және оның ерітінділік құрамдарының ағуынан жобалау құжаттамасында көрсетілген учаскелерінде қорғалуы тиіс.

3.6.6 Ылғал сыйымдылықты және ылғалға төзімді емес жылуоқшаулағыш материалдар мен бұйымдар үш қабатты панельдердің құрылымдарымен, оларды пі­шіндеудің технологиясымен және жылулық өңдеумен анықталған қажетті жағдайларда дайындау процесінде ылғалданудан су өткізбейтін материалдармен қорғалуы тиіс.

 

Ылғал сыйымдылықты және ылғалға төзімді емес жылуоқшаулағыш материалдар мен бұйымдарды қорғау тәсілдерін жобалау құжаттамасының нұсқаулары бойынша алу керек.

3.7. Панельдердің әрлеуіне қойылатын талаптар

3.7.1 Панельдерді сыртқы түрі мен әрлеудің параметрлерінің нақты мәндері осы стандартпен және нақты ғимараттарға арналған жобалау құжаттамасына сәйкес болуы тиіс.

3.7.2 Панельдерді әрлеуге үшін қолданылатын материалдар мен бұйымдардың сапасы стандарттардың немесе осы материалдар мен бұйымдарға белгілі бір тәртіпте бекітілген техникалық шарттардың талаптарын қанағаттандыруы тиіс және панельдердің сыртқы түрі мен әрлеуіне қойылатын, осы стандартпен және жобалау құжаттамасымен белгіленген, талаптарын орындауды қамтамасыз етуі тиіс.

3.7.3 Ісінбелі перлитті құмды бетоннан әзірленген панельдерді қыш, шыны және өзге тақташамен қаптау мынадай реттерде жол беріледі:

- панельдердің бетонының, оларды тұтынушыға жіберу кезінде, көлемі бойынша ылғалдылығы 12%-тен астам емес кезінде;

- панельдердің бетонының, оларды тұтынушыға жіберу кезінде, көлемі бойынша ылғалдылығы 12%-тен астам кезінде - панельдерді құрғақ немесе қалыпты ылғалды режимді бөлмелердің қабырғаларында қолдану жағдайларында және оларды жаппай құрылыс жүргізілетін климаттық қосалқы ауданда салынатын ғимараттарда тексеру кезінде.

3.7.4 Қаптау тақташаларының ерітіндімен немесе бетонмен жабысу берікті панельдерді жылулық өңдеуден кейін 7 тәуліктен соң мыналардан кем болмауы тиіс:

- табиғи тастан әзірленген тақташалармен - 0,49 МПа (5 кгс/см2);

- қыш және шыны тақташалармен - 0,98 МПа (10 кгс/см2);

- шыны таскестелермен - 1,47 МПа (15 кгс/см2).

3.8 Панельдерді ылғалданудан, су- ауа өткізіушіліктен қорғауға қойылатын талаптар

3.8.1 Автоклавты кеуек бетоннан әзірленген бір қабатты панельдер және ірі кеуекті құрылымның жеңіл бетонынан әзірленген сыртқы жылуоқшаулағыш қабаты бар тұтас екі қабатты панельдер пайдалану сатысында сыртқы (қасбеттік) бет, ойықтардың құламаларының жоғарғы және бүйірлік шетжақтық қырлары жағынан жобалау құжаттамасы нұсқауларына сәйкес қорғаныстық-әшекейлік қабатпен, суқорғаныстық жабынмен немесе өзге тәсілмен суланудан және ылғалданудан қорғалуы тиіс.

3.8.2 Панельдердің арасындағы түйістердің су-және ауаоқшаулағыш аймақтарын жасауға арналған панельдердің жоғарғы және бүйірлік шетжақтық қырларының учаскелері топырақтық құраммен жабылуы тиіс. Бұл учаскелер ірі кеуекті құрылымның жеңіл бетонынан әзірленген қалыңдықтың шегінде орналасқан жағдайларда оларды цемент ерітіндісімен немесе өзге құраммен алдын ала тегістеу керек.

3.8.3 Гидрооқшаулағыш материалдардың және топырақтық құрамдардың түрі мен техникалық сипаттамасы, оларды панельдерге түсіру орындары, сондай-ақ панельдердің шетжақтық және өзге қырларының (мәселен, ойықтардың құламаларының) тегістеуге жататын учаскелерінің орналасуы белгіленген жобалау құжаттамасына сәйкес болуы тиіс.

3.8.4 Терезе және есік блоктарының ойықтардың қырларына түйісу орындары су-ауаөткізушіліктен жобалау құжаттамасының нұсқауларына сәйкес герметикалық жағымдардың нығыздайтын төсемелерінің көмегімен немесе өзге тәсілмен қорғалуы тиіс.

3.8.5 Автоклавты кеуек бетоннан немесе ісінбелі перлитті құмды немесе күлді жеңіл бетоннан әзірленген бір қабатты панельдердің және осындай түрлердің бетонынан әзірленген ішкі қабаты бар қабатты панельдердің ішкі беттері, бұл панельдер ылғалды режимді қабырғаларға арналса, буоқшаулағыш жабын иеленуі тиіс. Бұл жабынның түрі мен техникалық сипаттамасы белгіленген жобалау құжаттамасына сәйкес болуы тиіс.

 

3.9 Панельдердің геометриялық параметрлерінің дәлдігіне қойылатын талаптар

3.9.1 Панельдердің геометриялық параметрлерінің нақты ауытқуының мәні 6-кестеде көрсетілген шектерден аспауы тиіс.

Нақты түрлі панельдеріне арналған техникалық шарттармен белгіленген геометриялық параметрлердің шекті ауытқуларының мәнін МСТ 21780 бойынша алынған дәлдік есебі негізінде алуға жол беріледі.

3.9.2 Панельдердің арматурасының шығыңқылықтарының өлшемдері мен жағдайларының нақты ауытқуының мәні жобалау құжаттамасында көрсетілген шектерден аспауы тиіс.

3.9.3 Панельдердің жеке қабаттарының қалыңдығының, сондай-ақ үш қабатты панельдердегі арматураланған бетондық байланыстырғыштардың өлшемдерінің нақты ауытқу мәні 7-кестеде көрсетілген шектерден аспауы тиіс.

3.9.4 Бетонның қорғаныс қабатының қалыңдығының құрылымдық арматура­ға дейінгі нақты ауытқуы бетонның жұмыс арматурасына дейінгі қорғаныс қабатының қалыңдығы бойынша ҚР СТ 937-92 - де белгіленген ауытқулардың екі еселенген шекті мәнінен, бірақ 20 мм-ден астам емес аспауы тиіс.

3.10 Панельдердің массасына қойылатын талаптар

3.10.1 Панельдердің нақты массасының, оларды тұтынушыға жіберу кезінде жобалау құжаттамасында көрсетілген номиналды жіберу массасынан ауытқу мынадай ретте аспауы тиіс:

- бір қабатты панельдер үшін:

- жеңіл бетоннан әзірленген ±7%

- автоклавты кеуек бетоннан әзірленген ±8%

- екі қабатты панельдер үшін ±10%

- үш қабатты панельдер үшін:

- сыртқы және ішкі қабаттардың қосынды

- қалыңдығы 160 мм-ге дейінгі кезінде ±12%

- сол қабаттардың қосынды қалыңдығы

- 160-тан жоғары 200 мм-ге дейінгі кезінде ±11%

- сол қабаттардың қосынды

- қалыңдығы 200 мм-ден жоғары кезінде ±10%

3.10.2 Панельдердің номиналды жіберу массасын бетонның жобалау орта тығыздығында, бетонның ең үлкен рұқсаттық жіберу ылғалдылығын, арматураның массаларын, салмалы бұйымдарды, сыртқы қорғаныстық-әшекейлік және ішкі әрлеу қабаттарын, терезе және есік блоктарын, терезеалдылық тақталарды және өзге элементтерді ескеріп, есептеу керек.

Үш қабатты панельдердің номиналды жіберу массаларын есептеу кезінде оны панельдерді тұтынушыға жіберу кезіндегі ең үлкен рұқсаттық ылғалдылығын ескеріп анықтау керек.

 

 

 

 

 

6 - к е с т е

 

Геометриялық параметрдің ауытқуының түрі

Геометриялық параметр және оның номиналды мәні, мм

Шеткі ауытқу

 

1

2

3

Сызықтық өлшемнен ауытқу

 

Панелдің ұзындығы мен биіктігі:

500-ге дейін

500-ден жоғары 1000-ге дейін

1000 -нан жоғары 1600-ге дейін

1600 -ден жоғары 2500-ге дейін

2500- ден жоғары 4000-ге дейін

4000 -нан жоғары 8000-ге дейін

8000-ден жоғары

 

±2,0

±2,5

±3,0

±4,0

±5,0

±6,0

±8,0

Сызықтық өлшемнен ауытқу

 

Панелдің қалыңдығы: 250-ге дейін

250-ден жоғары 500-ге дейін

Ойықтардың, кесіктердің, шығыңқылықтардың және тереңдік­тердің, оның ішіндегі түйістерді тұтас құймалағаннан кейін кілтектік қосы­лыстарды тудыруға арналған есіктер мен тереңдіктердің, нығыздаушы төсемдер мен герметиктердің, су тойтарғыш элементті (таспаларды) орнатуға арналған саңылаулардың өлшемдері: 20-ға дейін

20-ден жоғары 60-ге дейін

60-ден жоғары 120-ге дейін

120-ден жоғары 250-ге дейін

250-ден жоғары 500-ге дейін

500-ден жоғары 1000-ге дейін

1000-ден жоғары 1600-ге дейін

1600 -ден жоғары 2500-ге дейін

2500-ден жоғары 4000-ге дейін

 

±4,0

±5,0

 

 

 

 

 

 

 

±1,2

±2,5

±2,0

±2,5

±3,0

±4,0

±5,0

±6,0

±8,0

Дәнекерлеу қораптарына, ажырат­қыштағы және қосқыш розеткаларға арналған ұялар, электр жүргізуге арналған каналдар мен жыралардың өлшемдері

Түйістерді тұтас құймалағаннан кейін кілтектік қосылыстарды тудыруға арналған ойықтардың, кесіктердің, шығыңқылықтардың және терең­діктердің, нығыздаушы төсемдер мен герметиктердің, су тойтарғыш элементті (таспаларды) орнатуға арналған кесіктер тереңдіктердің саңылаулардың, сондай-ақ дәнекер­леу қораптарына, ажыратқыштарға және қосқыш розеткаларға арналған ұялар, электр жүргізуге арналған

 

 

 

 

+2,0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-кестенің жалғасы

 

1

2

3

Сызықтық өлшемнен ауытқуы

каналдар мен жыралардың өлшемдері:

20-ға дейін

20-дан жоғары 60-ге дейін

60-тан жоғары 120-ге дейін

120-дан жоғары 250-ге дейін

250-ден жоғары 500-ге дейін

500-ден жоғары 1000-ға дейін

1000-нан жоғары 1600-ға дейін

1600 -дан жоғары 2500-ге дейін

2500-ден жоғары 4000-ға дейін

Болат салмалы бұйымдарының жинақтау кезінде бетон бетонымен жобалау құжаттамасына сәйкес бір деңгейде орналасқан элементтерінің жағдайын анықтайтын өлшем:

панелдің жазықтығында:

бұл жазықтықтағы өлшемі

100 мм-ге дейінгі салмалы бұйымдары элементтеріне

Арналған бұл жазықтықтағы өлшемі

100 мм-ден жоғары салмалы бұйымдары элементтеріне арналған

панелдің жазықтығынан

Жинақтау кезінде бекіткіш ретінде қызмет атқаратын болат салмалы бұйымдарының жағдайын анықтай­тын өлшем

 

 

1,2

1,5

2,0

2,5

3,0

4,0

5,0

6,0

8,0

 

 

 

 

 

 

 

5,0

 

10,0

 

 

3,0

 

3,0

Тіксызықтықтан ауытқу

 

Панельдің беттік жақтарының, оның тірек қырларының және түйістердің шығар ауыздарын тудыратын шеткі қырлар учаскелері пішінінің тіксызық­тығы, кез келген қимада: ұзындығы

1 м учаскелерде панельдің барлық ұзындығында мына ұзындықпен:

2500-ге дейін

2500 -ден жоғары 4000-ға дейін

4000-нан жоғары 8000-ға дейін

8000-нан жоғары

 

 

 

 

 

2,0

 

4,0

5,0

6,0

8,0

Жазықтықтан ауытқу

 

Панельдің бетінің үш бұрыштық нүк­тесі арқылы өтетін шартты жазық­тықтан өлшеулер кезіндегі панельдің беттік жағының, жазықтықтығы, ең үлкен өлшемде (ұзындығында неме­се биіктігінде)

2500-ге дейін

2500 -ден жоғары 4000-ге дейін

4000 -ден жоғары 8000-ге дейін

8000-нан жоғары

 

 

 

 

 

 

6,0

8,0

10,0

12,0

6 - кестенің соңы

 

1

2

3

Диагональдардың теңдігінен ауытқу

 

Панельдердің беттік жақтарының диагональдары ұзындықтарының (тікбұрыш пішінін иеленген панельдер мен ойықтар үшін) ең үлкен өлшемдегі (ұзындығында немесе биіктігінде) айырмашылығы:

4000-ге дейін

4000-ден жоғары 8000-ға дейін

8000-нан жоғары

 

 

 

 

 

 

8,0

10,0

12,0

Перпендикулярлықтан ауытқу

Шектес шеткі қырлардың ұзындықтары мынадай учаскелердегі (тікбұрышты емес пішіндердің панельдері мен ойықтары үшін)

перпендикулярлығы:

400

1000

 

 

 

 

 

2,0

2,5

 

7 - к е с т е

 

Геометриялық параметрдің ауытқу түрі

Геометриялық параметр, мм

Шекті ауытқу

 

1

2

3

Сызықтық өлшемнен ауытқу

 

Сыртқы қорғаныстық-әшекейлік және ішкі әрлеу қабаттарының қалыңдығы, сондай-ақ сыртқы қорғаныстық-әше­кейлік (немесе ішкі әрлеу) қабатының және қабатталған панельдердің пі­шіндеу кезінде төменгі болып табы­латын негізгі бетон қабатының жиын­тық қалыңдығы

Жеке арматураланған бетондық байланыстырғыштардың (кілтектер­дің) көлденең қималарының өлшем­дері және үш қабатты панельдердің сыртқы және ішкі негізгі қабаттарын және бұл қабаттардың қалыңдаты­луынан туатын (мәселен, панельдің немесе ойықтың периметрі бойынша), қабырғашаларды қосатын қалыңдық

Үш қабатты панельдердің жылуоқ­шаулағыш қабатының қалыңдығы:

тұтасқұймалы материалдан тұратын:

бір қабатта орналасқан бұйымдар­дан (тақталардан, блоктардан) әзір­ленген бұйымның сығылушылығы мынадай кезде:

2%-ке дейін

2%-тен жоғары

 

 

 

 

 

 

±5

 

 

 

 

 

 

 

 

±5

 

 

 

 

 

±5

 

 

±5

±7

7- кестенің соңы

 

1

2

3

Сызықтық өлшемнен ауытқу

екі қабатта орналасқан бұйымдардан (тақталардан, блоктардан) тұратын бұйымдардың мынадай сығылушылығы кезінде:

2%-ке дейін (екі қабатта да)

2%-тен жоғары (бір немесе екі қабатта)

 

 

 

 

 

±8

±10

 

Е с к е р т у - Жылуоқшаулағыш қабаттың нақты қалыңдығының осы қабаттың оның панельдерді дайындау кезіндегі нығыздалуы ескеріліп анықталған номиналды қалыңдығынан белгіленген.

 

 

Осы стандартпен жеке немесе барлық негізгі қабаттардың бетонының шектік рұқсаттық ылғалдылығымен белгіленбейтін қабатты панельдердің номи­налды жіберу массасын 100 кг/м3-қа үлкейтілген тұрақты масса күйіне дейін кептірілген осы қабаттардың бетонының жобалық орташа тығыздығымен есептеу керек.

 

Е с к е р т у - Ауыр бетоннан әзірленген қабат кіретін қабатты панельдердің массасын осы бетонның сынау нәтижелері бойынша белгіленген нақты орта тығыздығы бойынша анықтайды.

 

3.11 Панельдердің беттерінің және сыртқы түрінің сапасына қойылатын талаптар

3.11.1 Панельдердің беттерінің және сыртқы түрінің әрлеуінің сапасы ҚР СТ 937 талаптарына сәйкес болуы тиіс.

3.11.2 Панельдердің бетондық (ерітінділік) беттерінің санаттары нақты түрлердегі панельдерге арналып белгіленген техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс. Егерде техникалық шарттарда беттердің (дайындау процесінде өңделетін беттерден басқалары) санаттары белгіленбесе, онда оларды былай алу керек:

- А2 - толық зауыттық әзірліктегі жақтық сыртқы және ішкі беттерді, сондай-ақ сырлауға құрылыс алаңшасында бітеп сылақтаусыз дайындалған жақтық ішкі беттерді (соның ішінде, терезе және есік ойықтарының құламаларын);

- А3 - сырлауға құрылыс алаңшасында бітеп сылақтаусыз дайындалған жақтық сыртқы беттерді, сондай-ақ, құрылыс алаңшасында бітеп сылақтаумен сырлауға дайындалған жақтық ішкі беттерді;

 - А4 - қалыңдығы1 мм-ге дейінгі тұсқағаздарды және өзге орамдық және табақтық материалдарды астынан желімдеуге, сондай-ақ астынан жағымдағы табақшалармен қаптауға дайындалған жақтық беттерді (ертінді қабатсыз);

- А5 - ерітінді қабаты бойынша астынан қыш, шыны және өзге мате­риал­дармен қаптауға дайындалған жақтық беттерді;

- А6 - жақтық өңделмейтін (мәселен, шатырасты бөлмелерінің панельдерінің ішкі беттерін) беттерді ;

- А7 - пайдалану жағдайларындағы көрінбейтін жақтық емес беттерді.

А7 санаты беттеріне арналған панельдің қабырғасының 1 м-іне арналған бетон төңірегінің қосынды ұзындығы панельдердің тіректік аймағында 200 мм-ден аспауы тиіс.

Ұйыммен - нақты ғимараттың жобасы авторымен келісім бойынша тіректік аймақтағы қабырғаның 1 м-іне арналған төңіректердің шектік қосынды ұзындығын үлкейтуге болады.

3.11.3 Түйістерде герметикаланатын аймақтарды құруға арналған панель­дердің беттерінің және желімделетін ауаоқшаулағыш құрылғысының учаске­ле­рінде мыналарға жол берілмейді:

- диаметрі 3 мм-ден артық және тереңдігі 2 мм-ден артық қаяулар;

- биіктігі (тереңдігі) 2 мм-ден астам жергілікті қатпарлар мен шұңқырлар;

- қабырғалар бетонының 1 м қабырғаға арналған тереңдігі 2 мм-ден астам және ұзындығы 30 мм-ден астам төңірегі.

3.11.4 Панельдерде қабатталған қаптау тақташаларының бар болуына жол берілмейді. Қаптау тақташаларының аралығындағы жіктердің сапасы панельді әрлеудің белгіленген эталонына (немесе оның үзіндісіне) сәйкес болуы тиіс.

3.11.5 Тұтынушыға жеткізілетін панельдердің бетоны және ертіндісінде, мыналардан артық емес жергілікті беттік шөкпелік және өзге технологиялық жарықшақтарды қоспағанда, жарықшақтар болмауы тиіс, мм:

- 0,15 - жобалау құжаттамасына сәйкес панельдерді жүктеумен сынау кезіндегі жарықшақтардың ашылу енін бақылау талап етілетін учаскелерде;

- 0, 2 - өзге жағдайларда.

3.12 Терезелерге және есіктерге қойылатын талаптар

3.12.1 Панельге орнатуға арналған ағаш терезелер мен есіктер келесідегідей стандарттарды қанағаттандыруы тиіс:

- терезелер мен балкондық есіктер ҚР СТ 950, МСТ 11214;

- сыртқы есіктер ҚР СТ 943, МСТ 24689.

 

4 Қабылдау ережелері

 

4.1 Панельдерді қабылдауды ҚР СТ 937 және осы стандарттың талаптарына сәйкес партиялармен жүргізу керек.

Партияның құрамына сығылуға арналған беріктігі бойынша бір сыныпты (немесе маркалы) және бір тәуліктен астам емес уақыт барысында бір түр және сападағы материалдардан бір технология бойынша орташа тығыздығы бойынша бір маркалы бетоннан әзірленген бір типті панельдер кіреді.

4.2 Партияның панельдерін, оларды геометриялық параметрлерінің дәлдік көрсеткіштері бойынша және бетондық беттердің дайын панельдерді өлшеу жолымен бақыланатын сапасын топтарға бөлу керек. Бұл жағдайда, егерде панельдерде ойықтар бар болса, топтарды ойықтарының түрі мен саны бірдей панельдерден жасау керек.

4.3 Беріктікті, қаттылықты және жарықшақтыққа төзімділікті анықтауға арналған жүктеумен қабылдау сынауына бақылау қажеттігі бірімен, екеуімен немесе осы көрсеткіштердің барлығымен жобалау құжаттамасымен белгіленетін панельдерді тарту керек.

Панельдерді жүктеумен сынауды жылына бір реттен сирек емес, сондай-ақ олардың құрылымдарын және дайындау технологиясын өзгерту кезінде жаппай дайындауды бастау алдында жүргізеді.

Жобалау ұйымының – нақты ғимаратқа арналған жобалау құжаттамасының авторы рұқсатымен, олардың құрылымдары (соның ішінде арматуралау) өзгерген кезде, егерде бұл өзгерістер панельдердің беріктігін, қаттылығын және жарықшақтыққа төзімділігін төмендетуге әкелмесе, панельдерді жүктеумен сынау жүргізбеуге жол беріледі.

Панельдердің сапасын, оларды жүктеумен сынау нәтижелері бойынша бағалауды МСТ 8829 талаптарына және жобалау құжаттамасы нұсқауларына сәйкес жүргізу керек.

4.4 Панельдердің сыртқы қорғаныстық-әшекейлік және ішкі әрлеу қабат­тарының (сығылуға арналған беріктігі және жіберу беріктігі бойынша маркасына) ерітіндісінің беріктігі көрсеткіштері бойынша қабылдау бақылауын бұйымның әрбір партиясына арналған қабылдау-тапсыру сынауы процестерінде жүзеге асыру керек.

Бұл көрсеткіштер бойынша панельдерді қабылдауды бақылау үлгілерін сынау нәтижелері бойынша жүзеге асыру керек.

Ерітіндінің беріктігін ерітіндінің бір сынамасынан, ауысымда бір реттен сирек емес дайындалған үлгілердің бір сериясынан кем емесін сынау нәтижелерінің орташа мәні бойынша бағалайды.

4.5 Тексеру нәтижесінде панельдердің бетоны немесе ерітіндісінің нақты жіберу беріктігі 3.4 және 3.5 т.т. белгіленгенге жетпегендігі анықталған жағдайларда, панельдерді, бетон және ерітіндінің, олардың сығылуға арналған беріктігі бойынша тиісті сыныптарына немесе маркаларына жеткеннен кейін қабылдау керек.

4.6 Панельдерді бетон мен ерітіндінің аязға төзімділігі бойынша сынауды 3 айда бір реттен сирек емес жүргізу керек.

4.7 Жеңіл бетонның жіберу ылғалдылығын, сондай-ақ үш қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабатының жіберу ылғалдылығын мерзімдік сынауларға арнап белгіленген тәртіпте, және мұнан өзге бетонның құрамы өзгерген кезде бақылау керек. Бұл жағдайда панельдерді ылғалдылығы бойынша сынауды былай жүргізу керек:

- жеңіл бетонды – айына бір реттен сирек емес.

- үш қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабатын - айына екі реттен сирек емес.

4.7.1 Жеңіл бетонның және автоклавты кеуек бетонның жіберу ылғал­дылығын, сондай-ақ үш қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш қабатының жіберу ылғалдылығын үш дайын панельден іріктеп алынған сынамаларды сынау нәтижелері бойынша бақылау керек. Нақты жіберу ылғалдылығын бағалауды әрбір бақыланатын панельді одан алынған сынамалардың ылғалдылығының орташа мәні бойынша тексеру нәтижелері бойынша жүргізу керек.

4.8 Жеңіл бетонның нығыздалған қоспасының кеуектілігі көрсеткіштері (түйіраралық кеуектер көлемінің, келтірілген ауаның көлемі) бойынша бақылауды айына екі реттен сирек емес жүргізу керек.

4.9 Панельдерді, қорғаныстық-әшекейлік және әрлеу қабаттарының немесе қаптау тақташаларының бетонмен немесе ерітіндімен жабысуы барлығы бойынша бұйымдардың әр партиясына арналған қабылдау-тапсыру сынаулары процесінде жүзеге асыру керек.

Панельдерді бұл көрсеткіштер бойынша қабылдауды іріктеу бақылауы нәтижелері бойынша жүзеге асыру керек.

4.10 Қаптау тақташаларының панельдердің бетонымен немесе ерітіндісімен жабысуы беріктігін мерзімдік сынауларға арнап белгіленген тәртіпте, және мұнан өзге бетонның құрамы өзгерген кезде, бірақ айына 3 реттен сирек емес бақылау керек.

Қаптау тақташаларының панельдердің бетонымен немесе ерітіндісімен жабысуы беріктігін бағалауды бұйымдардың бір қабылданған партиясынан іріктеп алынған бес дайын панелінің үлгілерін сынаудың нәтижелерінің орташа мәні бойынша жүргізу керек.

4.11 Бетонның қорғаныстық қабатының құрылымдық арматураға дейінгі қалыңдығын жобалау құжаттамасында көрсетілген орындарда, ал мұндай нұсқаулар жоқ болса – жобалау құжаттамасымен – нақты ғимараттың жобасы авторымен келісім бойынша бақылайды.

4.12 Панельдер топтарын бетондық беттердің (4.2 т. қараңыз) геометриялық параметрлерінің дәлдігі мен сапасы көрсеткіштері бойынша іріктеу бақылауын бұйымдардың партиясын қабылдауға арнап белгіленген бақылау жоспары бойынша жүзеге асыру керек. Бұл жағдайда бұйымдардың партиясына жататын нұсқауларды панельдердің тобына жатқызу керек.

4.12.1 Таңдамаларды іріктеу алдында, партияның барлық панельдерді сыртқы қарау жолымен анықталған, осы стандарттың талаптарынан анық ауытқуына байланысты панельдерін ақаулау керек.

4.12.2 Геометриялық параметрлердің тіпті біреуінің мәні осы стандартта белгіленген ауытқулардың артатын шекті мәндерінің нақты шамасыннан 1, 5 еседен астам ерекшеленетін іріктеу панельдері ақаулауға жатады, ал мұндай панельдер алынған топ осы параметр бойынша тұтастай бақылауға жатады.

4.12.3 Бес жүйелі партияда панельдердің екі бірдей тобы панельдердің бұл топтарын іріктеу бақылауы нәтижесінде қабылданбаса, келесі партияларда бақыланатын топтағы панельдердің үлкен тобының келесі аралығына сәйкес бақылау жоспары тағайындалуы тиіс. Егерде кейінгі бес партияда панельдердің бұл топтары бірінші ұсынылыммен жаңа жоспармен қабылданатын болса, оларды онан әрі қабылдау үшін бақылаудың бастапқы жоспарын алу керек.

4.13 Панельдерді қарау жолымен тексерілген және панельдердің сыртқы түрінің белгіленген эталонға сәйкестігін сипаттайтын көрсеткіштері бойынша, гидрооқшаулағыш және тоттануға қарсы жабынның барлығы бойынша, терезе­лердің, есіктердің сыртқы түрлері және оларды орнату бойынша, сондай-ақ жобалау құжаттамасында қарастырылған арматуралық шығыңқылықтардың, сал­малы бұйымдардың, жинақтау ілмектерінің және панельдердің басқа элементері мен бөлшектерінің барлығы бойынша қабылдауды тұтастай бақылау нәтижелері бойынша жүзеге асыру керек.

4.14 Панельдерді массасы бойынша (іріктеу бақылауы нәтижелері бойын­ша) қабылдау кезінде іріктеуге бетондық беттердің геометриялық параметрлерінің дәлдігі және сапасы көрсеткіштері бойынша тексерілген панельдерді кіргізудің артықшылығы бар.

4.15 Тұтынушы панельдерді толық емес партиямен жеткізу кезінде жеткізілген панельдердің бөлігіне немесе әр түрлі партиялардың панельдеріне бақылау жүргізуге құқылы.

Тұтынушы панельдерді жоюға болуы мүмкін ақаулардың (мәселен, панельдердің жақтық беттеріндегі май немесе тат дақтар) табылуы салдарынан қабылдамаса, дайындаушы бұл панельдерді, жоғарыда көрсетілген ақауларды жойғаннан кейін, қайта қабылдауға ұсынуға құқылы.

 

5 Бақылау және сынау әдістері

 

5.1 Панельдердің беріктігін, қаттылығын және жарықшақтыққа төзімділігін бақылау

5.1.1 Панельдердің беріктігін, қаттылығын және жарықшақтыққа төзімділігін бақылауды МСТ 8829 және осы стандарттың талаптарына сәйкес жүргізу керек.

5.1.2 Беріктік, қаттылық және жарықшақтыққа төзімділік көрсеткіштері бойынша жүктеумен сынауға арналған панельдер осы стандарттың басқа көрсеткіштер бойынша талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

Жүктеумен сынау үшін жақтық беттерінде май немесе тат дақтары бар панельдерді, өлшемдері осы стандартпен рұқсат етілетін шектен екі еседен астам емес артатын қаяулары, жергілікті қатпарлары және қабырғаларының төңіректері бар панельдерді, сондай-ақ олардың беріктігіне, қаттылығына және жарық­шақтыққа төзімділігіне әсер етпейтін басқа ақаулары бар панельдерді пайда­лануға жол беріледі.

5.1.3 Жүктеумен сынау жобалау құжаттамасының нұсқауларына сәйкес панельді тұтастай немесе оның жекеленген учаскелерін қарастыруы тиіс.

5.2 Бетон мен ерітіндінің беріктігін бақылау.

5.2.1 Сығылуға арналған бетон мен ерітіндінің беріктігін анықтауды пішінделген бақылау үлгілерін немесе бақылау блоктарынан, панельдерден немесе құрамдас панельдердің элементтерінен орындалған (бұрғыланған) бақылау үлгілерін жүктеумен сынау жолымен қиратушы әдіспен жүргізу керек. Бақылау үлгілерін (кубтарды немесе цилиндрларды) дайындауды және сынауды МСТ 10180 - ге және осы тараудың талаптарына сәйкес жүргізу керек.

5.2.2 Бақылау үлгілерін және бақылау блоктарын панельдерді немесе құрамдас панельдердің элементтерін қалыптайтын бетондық қоспадан немесе ерітіндіден пішіндеу керек.

Панельдерден алынған үлгілерді аралау (бұрғылау) жобалау құжаттама­сында көрсетілген учаскелерде орындалуы тиіс.

Бақылау үлгілерін және бақылау бақылау блоктарын жылуылғалдылық өңдеу режимі панельдерді немесе панельдердің құрамдас элементтерін жылуылғалдылық өңдеу режимі секілді болуы тиіс.

5.2.3 Бетон мен ерітіндінің беріктігін (жобалау жасында және жіберуде) бақылауға арналған бақылау үлгілері сынау сәтіне дейін ҚР СТ 937-де белгіленген жағдайларда қатуы тиіс.

5.2.4 Жылуылғалдылық өңдеуді өткен бақылау үлгілерін суыған күйінде сынау керек. Бұл жағдайда жылуоқшаулағыш өңдеу аяқталған сәттен бастап сынау сәтіне дейінгі кезең 4 сағ. кем болмауы тиіс.

5.2.5 Панельдерде сығылуға арналған бетонның жіберу беріктігін сынаудың қиратпайтын әдісін қолдану кезінде былай анықтау керек:

- МСТ 17624 бойынша ультрадыбыстық әдіспен - ірі кеуекті құрылымның жеңіл бетонынан басқа, бетонның кез келген түрін;

- МСТ 22690 бойынша механикалық әрекет құралдарымен - ауыр бетонды.

Панельдердің бетонының беріктігін қиратпайтын әдістермен анықтауға арналған бақыланатын учаскелердің саны мен орналасуын және бір учаскедегі өлшемдер санын ҚР СТ 937 және жобалау құжаттамасы бойынша алу керек.

Бетонның беріктігін панельдердің жарықшақтары бар учаскелерінде ультрадыбыстық әдіспен анықтауға жол берілмейді.

5.2.6 Панельдерден бұрғыланып алынған және сығуға арналған сынауға жататын жеңіл бетоннан әзірленген цилиндрлар МСТ 10180 бойынша өлшемдер және 100 мм-ден кем емес диаметр иеленуі тиіс.

Цилиндрлерді бір панельдің үш тұсынан бір қабатты панельдің немесе экраны бар екі қабатты ішкі қабаттың қалыңдығының шамамен 2/3-іне тең тереңдікте бұрғылау керек.

Цилиндрларды былай бұрғылау керек:

Ойығы (немесе ойықтары) бар панельдерден – аралықтардың орталық аймағында екеу және терезеалдылық учаскенің орталық аймағында біреу;

Ойықтарсыз панельдерден - панельдің орталық аймағында біреу және бірінші цилиндрді бұрғылаған орыннан екі жаққа қарай панельдің 1/3 - іне жуық қашықтықта екеу.

Сынауға бір қабатты панельдің немесе экраны бар екі қабатты панельдің ішкі қабатының қалыңдығы бойынша орта бөліктен алынған цилиндрлер тартылуы тиіс. Цилиндрлердің, панельдердің бұрғылау жүргізілген бетіне түйісетін шетжағы 50 мм-ден кем емес биіктікте кесілуі керек.

Цилиндрлерді панельдің шетжақтық бүйірлік қыры жағынан бұрғылауға жол беріледі. Бұл жағдайда цилиндрлердің шетжақ бөлігін 100 мм-ден кем емес биіктікте кесу керек.

Панельде цилиндрлерді бұрғылау нәтижесінде пайда болатын тереңдіктер жеңіл бетонмен бітелуі тиіс.

 

5.3 Бетон мен ертіндінің аязға төзімділігін бақылау

5.3.1 Аязға төзімділікті былай анықтау керек:

жеңіл бетонды және ерітіндіні аязға төзімділік бойынша жобалық маркасы МСТ 4025 бойынша F 50-ден төмен кезінде (көлемдік қату кезінде);

ауыр бетонды, сондай-ақ жеңіл бетонды және ертіндіні аязға төзімділік бойынша жобалық маркасы МСТ 10060 бойынша F 50 және МСТ 10060.0 бойынша жоғары кезінде;

- автоклавты кеуек бетонды - МСТ 12852.0 бойынша.

Аязға төзімділікті МСТ 7025 бойынша анықтау кезінде бетон мен ерітінді, егерде алмакезек қатыруға және ерітуге тартылатын үлгілердің беріктігі бақылау үлгілерінің беріктігінен 15%-тен астам емес төмен болса, ал массаның жоғалуы 5%-тен аспаса, сынауға төзді деп саналады.

 

5.4 Орта тығыздықты бетонды бақылау

5.4.1 Бетонның орта тығыздығын МСТ 12730.1 бойынша анықтау керек.

Бетонның орташа тығыздығын МСТ 17623 бойынша радиоизотопты әдіспен анықтауға жол беріледі. Бұл жағдайда бетонның орташа тығыздығы әр ауысымда бір панельден кем емес анықталуы тиіс.

5.5 Бетонның ылғалдылығын анықтау

5.5.1 Жеңіл бетонның және автоклавты кеуек бетонның ылғалдылығын МСТ 12730.0 және МСТ 12730.2 бойынша дайын панельдерден іріктеп алынған сынамаларды сынаумен анықтау керек.

Әр панельден екі сынамадан кем емес іріктеп алу керек.

Панельдердің бетонының ылғалдылығын МСТ 21718 бойынша диэлькометрикалық әдіспен анықтауға жол беріледі.

5.5.2 Бетонның сынамаларын панельдерден аз жылдамдық кезінде немесе тас шегенің көмегі кезінде бұрғылаумен іріктеп алу керек. Бұл мақсат үшін қуыс бұрғыны пайдалану кезінде, оның диаметрі 25 мм-ден кем болмауы тиіс.

Бетонның сынамаларын мыналардан алу керек:

- бір қабаттық панельдерден – оның ішкі бетінің жағынан, панельдің қалыңдығының жартысына тең тереңдікте;

- тұтас екі қабатты панельдің жылуоқшаулағыш қабатынан оның сыртқы бетінің жағынан осы қабаттың 2/3 қалыңдығына тең тереңдікте.

- экраны бар екі қабаттық панельдің ішкі қабатынан – оның ішкі (бөлмеге қаратылған) беті жағынан осы қабаттың қалыңдығының жартысына тең тереңдікте.

Сынаманы іріктеп алу орны панельдің шетжақ қырынан оның қалыңды­ғының жартысынан кем емес және 200 мм-ден кем емес аралықта орналасуы тиіс.

Панельде сынамаларды алғаннан кейін пайда болатын саңылаулар сынамаларды іріктеп алу аймақтарында панельдердің талап етілетін пайдалану қасиеттерін қамтамасыз ететін материалмен бітелуі тиіс.

5.5.3 Бетонның ылғалдылығын анықтау үшін пайдаланылатын әр қалқаның массасы мыналардан кем болмауы тиіс:

100 г - жеңіл бетон үшін;

20 г - автоклавты кеуек бетон үшін.

 

5.6 Бетонның жылу өткізушілігін (жылу өткізушілік коэффициентін) бақылау

5.6.1 Жеңіл бетон мен автоклавты кеуек бетонның жылу өткізушілігін (тұрақты масса күйіне дейін кептірілген) өлшеу дәлдігін 10%-тен кем емес етіп қамтамасыз ететін МСТ 7076 және белгілі бір тәртіпте бекітілген өзге әдістермен анықтау керек. Бұл жағдайда бетонның жылу өткізушілігін бақылауға арналған үлгілердің сериясы кемінде үш үлгіден тұруы тиіс.

5.6.2 Бетонның жылу өткізушілігін МСТ 7076 бойынша сынауды үлгілердің бетін­дегі температура плюс 10-нан плюс 400С-ға дейін аралықта болғанда жүргізу керек.

 

5.7 Бетондық қоспаның кеуектілігін бақылау

5.7.1 Түйіраралық кеуектердің және жеңіл бетонның нығыздалған қоспасына келтірілген ауаның көлемін МСТ 10181 бойынша анықтау керек.

 

5.8 Пісірілмелі арматуралық және салмалы бұйымдарды бақылау

5.8.1 Пісірілмелі арматуралық және салмалы бұйымдарды бақылау және сынау әдістерін МСТ 10922 және МСТ 23858 бойынша алу керек.

 

5.9 Үш қабатты панельдердің жылу оқшаулағыш қабатының ылғалдылығын бақылау

5.9.1 Үш қабатты панельдерден іріктеп алынған үлгілердегі жылу­оқшаулағыш материалдың ылғалдылығын бақылауды оларды тиісті жылуоқшау­лағыш бұйымдарға немесе материалдарға арналған стандарттарда немесе техникалық шарттарда белгіленген әдістермен сынау жолымен жүргізу керек.

Әр панельден жылуоқшаулағыш материалдың екі үлгіден кем емесін іріктеп алу керек.

МСТ 15588 бойынша полистрольді пенопласт тақталардан, сондай-ақ жобалау құжаттамсында көрсетілген жағдайларда, басқа ылғалданбайтын және ылғалға төзімді материалдар мен бұйымдардан әзірленген жылуоқшаулағыш қабаттың жіберу ылғалдылығын бақыламауға жол беріледі.

 

5.10 Үш қабатты панельдерге арналған жылуоқшаулағыш материалдар мен бұйымдардың сығылушылығын және бастапқы ылғалдылығын бақылау.

5.10.1 Үш қабатты панельдерге арналған жылуоқшаулағыш материалдар мен бұйымдардың сығылушылығын және бастапқы ылғалдылығын бұл материалдар мен бұйымдарды сақтау немесе тасымалдау процесінде көрсетілген параметрлер өзгерген жағдайларда, бақылау керек.

5.10.2 Жылуоқшаулағыш материалдар мен бұйымдардың сығылушылығын және бастапқы ылғалдылығын 5.10.1-де қарастырылған жағдайларда, панельдердің әрбір партиясын дайындау алдында тексеру керек.

5.10.3 Жылуоқшаулағыш бұйымдардың сығылушылығын 3.8.2 т. көрсетілген қысым кезінде, сынау жабдықтары көмегімен және осы бұйымдарға арналған стандарттарда немесе техникалық шарттарда келтірілген әдістеме бойынша тексеру керек.

5.10.4 Жылуоқшаулағыш материалдар мен бұйымдардың бастапқы ылғалдылығын, олардан іріктеп алынған үлгілерді жылуоқшаулағыш бұйымдарға немесе материалдарға арналған стандарттарда немесе техникалық шарттарда белгіленген әдістермен сынау жолымен анықтау керек.

 

5.11 Әрлеу және қаптау қабаттарының бетонмен және ерітіндімен ұста­суының барлығы мен беріктігін бақылау

5.11.1 Қорғаныстық-әшекейлік және әрлеу қабаттарының панеьдің блогымен ұстасуы барлығын қағумен тексеру керек.

5.11.2 Қаптау тақташаларының ертіндімен немесе бетонмен ұстасу беріктігін қолданыстағы нормативтерге сәйкес әдістеме бойынша анықтау керек.

5.12 Панельдердің өлшемдерін, панельдер беттерінің тіксызықтығынан, жазықтығынан, тіктігінен және теңдігінен ауытқуды, технологиялық жарықшақ­тардың ашылу енін, қаяулардың, бетонның қатпарларының және төңіректерінің өлшемдерін МСТ 26433.0 және ҚР СТ 937-мен белгіленген әдістермен тексеру керек.

 

6 Таңбалау, сақтау және тасымалдау

 

6.1 Панельдерді таңбалауды ҚР СТ 937 және осы стандарт бойынша орындау керек.

Таңбалаушылық жазбаларды панельдің жақтық емес шетжақтық тік қырына түсіру керек. Таңбалаушылық жазбаларды панельдің жақтық бетіне оның шет­жақтық қырына жақын тұста панельдердің кейінгі әрлеу сапасын төмендетпейтін сырмен түсіруге жол беріледі.

Дайындаушының тұтынушымен және жобалау ұйымымен – нақты ғимаратқа арналған жобалау құжаттамасының авторымен келісім бойынша панельдерге маркалардың орнына жобалау құжаттамасында қабылданған олар­дың қысқартылған шартты белгілерін түсіруге жол беріледі.

Панельдерге жинақтау белгілерін жобалау құжаттамасында қарастырылған жағдайларда түсіру керек. Панельдердің жүк ілмектеу және тіреніш орындарын көрсететін жинақтау белгілері, панельдерді жеткізу темір жол және су көлігімен жүзеге асырылған барлық жағдайларда түсірілуі тиіс.

6.2 ҚР СТ 937 және осы стандарт бойынша тұтынушыға жеткізілетін панельдердің сапасы туралы құжатқа қойылатын талаптар:

Әр түрлі немесе құрылымды бетондардан орындалған қабатты панельдер үшін бетон сапасының көрсеткіштерін әр қабат үшін көрсету керек.    Панельдерде ертіндіден әзірленген қабаттар бар кезде сапа туралы құжатта ерітіндінің беріктік көрсеткіштерін (сығылуға арналған беріктік бойынша маркасын, нормаланған және нақты жіберу беріктігін) және ерітіндінің аязға төзімділік бойынша маркасын келтіру керек.  Бетон және ерітінді үшін сығылуға арналған беріктік бойынша сыныбын немесе маркасын көрсету керек.

Бетонның нақты орташа тығыздығын және нақты жылу өткізушілікті (жылу өткізушілік коэффициентін) тұрақты масса күйіне дейін кептірілген бетон үшін көрсету керек.Үш қабатты панельдердің жылуоқшаулағыш бұйымдарының нақты сығылушылығын егер ол 2%-тен артқан жағдайда көрсетеді.

6.3 Панельдерді ҚР СТ 937 және осы стандарттың талаптарына сәйкес тасымалдау және сақтау керек.

6.4 Панельдерді құндақтарда тік немесе көлбеу күйде сақтау керек. Әрбір панель биіктігі 30 мм-ден кем емес ағаш төсемелерде немесе сақтауды қамтамасыз ететін өзге типті тіректерде орнатылуы тиіс.

Қабатты панельдерді сақтау және тасымалдау кезінде тіректерді тек олардың көтергіш қабатының астында орналастыру керек.

Панельде төмен шығыңқы бөліктер мен бөлшектер бар болса, тіректердің биіктігі олардың биіктігінен кемінде 20 мм-ден астам артуы тиіс.

Құндақтарды алаңшаларда қатты жасанды жабынмен немесе тығыз және тегіс табиғи негзбен орнату керек.

6.5 Панельдерді, панельдердің жазықтығынан шығыңқы ойықтар мен бөлшектердің сақтаушылығы, толтырылуы қоса кіретін, панельдердің жылжымаушылығын және олардың сақталушылығын қамтамасыз ететін арнайы бекіткіш және тіректік құрылғылармен жабдықталған панельтасушыларда, теміржол платформаларында және басқа көлік құралдарында тік немесе көлбеу күйде тасымалдау керек.

6.6 Панельдерде орнатылған терезелер мен есіктер панельдерді сақтау және тасымалдау кезінде жабылуы және бекітілуі тиіс.

6.7 Жобалау құжаттамасында қарастырылған жағдайларда тұтастай панельдер, оның жылуоқшаулағыш қабаты, терезелер мен есіктер панельдерді сақтау және тасымалдау кезеңінде ылғалданудан қорғалуы тиіс.

6.8 Панельдерді көтеру, тиеу және түсіруді жобалау құжаттамасында қарастырылған жинақтау ілмектерімен немесе арнайы ұстағыш құрылғыларын қолдану арқылы жүргізу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-қосымша

(Анықтама)

 

Осы стандартта қолданылған терминдер мен олардың түсіндірмелері

 

құрамдас қабырға: Қалыңдығы бойынша келесідегідей екі қабырғадан тұратын қабырға: сыртқы және ішкі.

панельдің негізгі қабаттары: Панельдің қалыңдығы бойынша алынған барлық қабаттар, соның ішінде, сыртқы әшекейлік және ішкі әрлеу қабаттарын, орамдық немесе үлдірлік материалдан және ауа қабатшаларынан жасалған қабаттарды қоспағанда, жылуоқшаулағыш қабат және сыртқы экран.

бір қабатты панель: Бір түрдегі бетоннан орындалған бір негізгі қабат иеленген панель.

қабатты панель: Бетоннан орындалған бірнеше негізгі қабаттар иеленген немесе бетоннан және бетон емес жылуоқшаулағыш материалдардан және бұйымдардан әзірленген панель, соның ішінде экраны бар панель.

тұтас панель: Ауа қабатшаларынсыз және қуыстарсыз панель.

экраны бар панель: Сыртқы экраны бар – қатыстылықта (ауа қабатшасымен) орналастырылған сыртқы қабаты бар қабатты панель. Сыртқы экрандарды қабырғаның негізгі құрылымдарына климаттық әсерлерді азайту мақсатымен, оны судан қорғау , желдету және жылуоқшаулағыштықты арттыру үшін қолданады және арматураланған бетоннан, табақтық және өзге материалдардан орындайды.

екі қабатты панель: Екі негізгі қабат иеленген қабатты панель. Тұтас қималы екі қабатты панель мынадай екі арматураланған бетондық қабаттар иеленеді: көтергіш және жылуоқшаулағыш. Экраны бар екі қабатты панель арматураланған құрылымдық-жылуоқшаулағыш бетоннан әзірленген ішкі қабат және сыртқы экран иеленеді.

үш қабатты панель: Үш негізгі қабат иеленген қабатты панель. Тұтас қималы үш қабатты панельдің сыртқы және ішкі арматураланған бетондық қабаттары және олардың аралығында орналасқан жылуоқшаулағыш қабаты болады. Экраны бар үш қабатты панель ішкі арматураланған бетондық қабат, жылуоқшаулағыш қабат және сыртқы экран иеленеді.

жылуоқшаулағыш қабат: Қабатты панельдердің, ең бастысы жылуоқшаулағыш қызметтерді орындауға арналған негізгі қабаттарының бірі. Тұтас қималы екі қабатты панельдердегі жылуоқшаулағыш қабат жылуоқшау­лағыш немесе құрылымдық-жылуоқшаулағыш бетоннан, ал үш қабатты панель­дерде – бетон емес жылуоқшаулағыш бұйымдар мен материалдардан немесе жылуоқшаулағыш бетоннан орындалады. Панельдің жылуоқшаулағыш қабатын бір немесе әр түрлі жыллуоқшаулағыш бұйымдар мен материалдардың бірнеше қабатынан орындауға болады.

бүтін панель: Құрылымының бүтіндігі оны қалыптастыру процесінде (оның жеке арматураланған бетондық немесе өзге негізгі элементтерінің өзара кейінгі қосылуынсыз) құрылатын панель.

құрамдас панель: Құрылымның бүтіндігі тиісті элементтердің қосқыш бұйымдардың көмегімен кейінірек қосылуымен немесе басқа тәсілмен құрылатын бірнеше жеке дайындалған арматураланған бетондық элементтерден немесе арматуратураланған бетондық және өзге негізгі элементтерден (терезелік және есіктік блоктарды есептемегенде) тұратын панель.

көтергіш панель: Оған ғимараттың құрылымы тірелуге арналған панель.

көтергіш емес панель: Оған ғимараттың құрылымы тірелуге арналмаған панель (терезелік және есіктік блоктар мен жеңіл терезеаралық қыстырмалардан басқалары).

бетондық панель: Беріктігі пайдалану сатысында бір қабатпен қамтамасыз етілетін панель. Бетондық панельдің құрылымдық арматурасы бар және панельді дайындау және тасымалдау кезінде және қабырғаларды жинақтау кезінде туатын күштерді қабылдауға арналған есептік арматураны иелене алады. Панель, егерде жұмыс арматурасы тек шектелген учаскелерде (мәселен, тірек аймақтарында, жергілікті жүктемеден кернеулердің шоғырлану аймағында) болса, бетонды саналады.

темірбетон панель: Беріктігі пайдалану сатысында бетон мен арматураның бірлескен жұмысымен қамтамасыз етілетін панель. Темірбетон панель жұмыс арматурасын және, қағида бойынша, құрылымдық арматура иеленеді, сондай-ақ панельді дайындау және тасымалдау кезінде және қабырғаларды жинақтау кезінде туатын күштерді қабылдауға арналған есептік арматураны иелене алады.

панельдің сыртқы қорғаныстық-әшекейлік қабаты: Панельдің сыртқы беті (қасбеті) жағынан орналасқан және пайдалану процесінде панельдердің негізгі қабаттарын сыртқы климаттық әсерлерден қорғауға және әшекейлік қызметтерді орындауға арналған панельдің негізгі емес қабаты. Панельдің сыртқы қорғаныстық-әшекейлік қабаты келесідегідей бір немесе бірнеше қабаттан тұрады: ерітінді немесе бетоннан әзірленген қабаттан, тақталар немесе жақтық бұйымдар қаптамасынан, әрлеу (мәселен, сырлармен) жабы­нынан, гидрофобты жабыннан немесе қорғаныстық және әшекейлік қызметтерді орындайтын басқа материалдар мен бұйымдардан әзірленген қабаттардан.

панельдің сыртқы әшекейлік қабаты: Панельдің сыртқы беті (қасбеті) жағынан орналасқан және тек әшекейлік қызметтерді орындауға арналған панельдің негізгі емес қабаты. Панельдің сыртқы әшекейлік қабаты бір немесе екі қабатқа түсірілген әрлеу (мәселен, суэмульсиялық полимерцементтік, әктік-полимерцементтік, әктік-полимерлік құрамды және сырлық) жабынынан немесе панельдің бетіне талап етілетін түс пен фактура беретін және қорғаныстық қызметті орындамайтын қаптамадан тұрады.

панельдің ішкі әшекейлік қабаты: Панельдің ішкі беті (бөлмеге қара­тылған) жағынан орналасқан және кейінірек қабырғаның әрлеуі жүргізілетін және (немесе) оқшаулағыш және өзге жабындар түсірілетін негіз ретінде қызмет атқаратын немесе әшекейлік және қорғаныстық немесе тек әшекейлік қызметтер орындауға арналған панельдің негізгі емес қабаты. Панельдің ішкі әрлеу қабаты келесідегідей бір немесе бірнеше қабаттан тұрады: ерітіндіден (мәселен, кеуек немесе тығыз құмдағы цементтік немесе цементтік-әктік) әзірленген қабаттан, әрлеу жабынынан, гидро- немесе буоқшаулағыш жабыннан және басқа қабаттардан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 
Подпись: 36Подпись: ҚР СТ 947-92

2-қосымша

(Міндетті)

 

Құрғақ күйіндегі жеңіл бетонның жылу өткізгіштігі

 

Жеңіл бетонның

атауы

Құрғақ (тұрақты массаға дейін кептірілген) күйдегі бетонның,, ВТ/ м0С), орта тығыздықтығы бойынша маркасы кезіндегі жылу өткізгіштігі (жылу өткізгіштіктің коэффициенті)

Тығ 200

Тығ 300

Тығ 400

Тығ 500

Тығ 600

Тығ П700

Тығ 800

Тығ 900

Тығ 1000

Тығ 1100

Тығ 1200

Тығ 1300

Тығ 1400

Тығ 1500

Тығ 1600

Тығ 1700

Тығ 1800

1. Жасанды ірі кеуек тол­тырғыштардағы бетодар:

керамзитбетон және керам­зиткөбікбетон

-

-

-

0,14

0,16

0,19

0,21

0,24

0,27

0,32

0,36

0,42

0,47

0,53

0,58

0,62

0,66

перлитті құмдағы

керамзитобетон

-

-

-

-

-

-

0,22

0,25

0,28

-

-

-

-

-

-

-

-

тығыз (кварцтық) құмдағы

керамзитобетон

-

-

-

-

-

-

0,23

0,28

0,33

0,37

0,41

-

-

-

-

-

-

Шунгизитбетон

-

-

-

-

-

-

-

-

0,27

0,32

0,36

0,43

0,49

-

-

-

-

Отындық (қазандық) қож­дағы аглокеуекбетон және қожбетон

-

-

-

-

-

-

-

-

0,29

0,32

0,35

0,41

0,47

0,53

0,58

0,64

0,70

Домналық түйіршіктелген қождағы қожбетон

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

0,35

0,38

0,41

0,44

0,47

0,53

0,58

Қожкеуектасбетон

-

-

-

-

-

-

-

-

0,23

0,26

0,29

0,32

0,35

0,38

0,41

0,47

0,52

Қожкеуектаскөбікбетон және қожкеуектасгазбетон

-

-

-

-

-

-

0,17

0,20

0,23

0,26

0,29

0,32

0,35

0,41

0,47

-

-

Күлді малтатастағы бетон

-

-

-

-

-

-

-

-

0,24

0,30

0,35

0,41

0,47

-

-

-

-

перлитбетон

-

0,09

0,10

0,11

0,12

0,14

0,16

0,19

0,22

0,26

0,29

-

-

-

-

-

-

 

 

 

 
 






(c) 2020 - All-Docs.ru :: Законодательство, нормативные акты, образцы документов