СП 11-101-95 каз ПОРЯДОК разработки, согласования, утверждения и состав обоснований инвестиций в строительство предприятий, зданий и сооружений СП 11-101-95ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ Кәсіпорын, ғимарат пен имарат құрылысындағы инвестиция негіздемесін әзірлеу, келісу, бекіту және құрамының ТӘРТІБІ
ПОРЯДОК разработки, согласования, утверждения и состав обоснований инвестиций в строительство предприятий, зданий и сооружений
Енгізілген күні 1995.07.01
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
Осы нормативтік құжат Ресей Федерациясы аумағында кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар құрылысындағы* инвестиция негіздемесін әзірлеу, келісу, бекіту және құрамы тәртібін белгілейді және тапсырыс берушілердің (инвесторлардың)**, жобалау, құрылыс-жобалау ұйымдарының, өзге заңды және жеке тұлғалардың - инвестиция процесіне қатысушылардың қолдануына арналған.
2 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1 Инвестиция негіздемесін әзірлеген кезде Ресей Федерациясы заңдары мен нормативтік актілерін, Ресей Федерациясы субъектілерін және инвестиция қызметін реттейтін өзге мемлекеттік құжаттарды басшылыққа алу қажет. 2.2 Инвестиция негіздемесін әзірлеу халық шаруашылығын құрылымдық қайта құрудың федералдық, аймақтық және салалық бағдарламаларындағы, ғылыми-техникалық және өзге мемлекеттік бағдарламалардағы, өндірістік күштерді, өнеркәсіп тораптарын дамыту және орналастыру сұлбаларындағы деректер мен ережелерді, елдімекен құрылысы құжаттамасын және басқа да материалдарды пайдалану мүмкіндіктерін ескеріп жүзеге асырылады. 2.3 Инвестиция негіздемесін, әдетте, қажеттілігіне қарай, келісімшарт негізінде жобалау, құрылыс-жобалау ұйымдарын және қызмет түріне белгіленген тәртіппен құқық алған өзге заңды және жеке тұлғаларды тарта отырып тапсырыс беруші әзірлейді. 2.4 Осы құжат объект құрылысындағы инвестиция негіздемесінің құрамы мен мазмұны жөніндегі принципті, түйінді ой-пікірлерден, талаптар мен ұстанымдардан тұрады***. Жобаланған объектілердің салалық ерекшелігі және күрделігімен, қаржыландырылу, сақтандырылу, тәуекелдік дәрежесі және т.б. шарттарының алуан түрлілігімен байланысты талаптар мен ұстанымдарды нақтыландыру осы құжатқа берілген тиісті түсіндірмелер мен көмекші құралдарда көрсетілетін болады.
___________ * - «Құрылыс» ұғымына кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттардың жаңа құрылысы, кеңейту; қайта құрылымдау және техникалық жарақтандыру кіреді. ** - Бұдан әрі - тапсырыс беруші. Ресми басылым 2.5 Негіздеме нәтижелері құрылыстағы инвестицияның шаруашылық қажеттілігі, техникалық мүмкіндігі, коммерциялық, экономикалық және әлеуметтік дұрыстығы жөнінде шешім қабылдауға, объектіні орналастыру үшін жер телімін таңдау және жобалау-ізденіс жұмыстарын орындау актісін алуға негіз болады.
3 ИНВЕСТИЦИЯ НЕГІЗДЕМЕСІН ӘЗІРЛЕУ, КЕЛІСУ ЖӘНЕ БЕКІТУ ТӘРТІБІ
3.1 Тапсырыс беруші өнім және қызмет көрсету нарығындағы инвестициялау мақсаты мен жағдайды зерттеуді негізге ала отырып, өндірістік күштер мен өзге материалдарды дамыту және орналастыру бағдарламаларында, болжауларда және сұлбаларда қабылданған шешімдер мен ұсынымдарды ескеріп Ниет туралы қолдаухат (Декларация)* құрастырады. Ниет туралы қолдаухатты (Декларацияны) биліктің атқару органының жағымды қарастыру нәтижелері бойынша тапсырыс беруші Негіздемені әзірлеу туралы шешім қабылдайды. 3.2 Құқықтық және қаржылық қатынастарды, тараптардың өзара міндеттемелерін және жауапкршіліктерін реттейтін негізгі құжат, Негіздемені әзірлеуге жобалау, жобалау-құрылыстық ұйымдар және өзге заңды және жеке тұлғаларды тарту жағдайында, шарт болып табылады. Шарттың ажырамас бөлігі шығу деректері, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер және тапсырыс берушінің талаптары келтірілетін Негіздемені** әзірлеу тапсырмасы болуы тиіс. 3.3 Объект құрылысы жөніндегі шешімдер және оны орналастырудың алдын ала келісілген шарттары Негіздемелерінде көзделген келісімді тапсырыс беруші немесе оның тапсыруымен заңды және жеке тұлғалар - Негіздемені әзірлеушілер жүргізеді. Объектіні орналастыратын орынды алдын ала келісу жер телімдері қалалардан және өзге елдімекендерден берілген жағдайда, құрылысқа арналған алаңшаларды (трассаларды) орналастыру туралы шешімдерді жергілікті өзін-өзі басқару органы (әкімшілік) бекітілген елдімекен құрылысына сәйкес (қалалар мен өзге елдімекендердің бас жоспарына, аумақтық құрылымдар құрылысы сұлбалары мен жайғастыру жобаларына және т.б.) қабылданғанда жүргізілмейді. 3.4 Негіздеме белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптауға жатады.
_____________ * Қолдаухаттың үлгі мазмұны Г-қосымшасында келтіріледі. ** Негіздеме әзірлемесіндегі тапсырмаға қосылған мәліметтер мен талаптардың үлгі тізбесі А қосымшасында келтіріледі. 3.5 Негіздеме материалдары биліктің тиісті атқару органына құрылысқа арналған Жер телімін (алаңша, трассалар) таңдау актісін ресімдеу үшін объектіні орналастыру орнын алдын ала келісуді бекіту жөніндегі қажетті келісімдер мен шешімдер қосымшасымен бірге жолданады. Жекелеген күрделі емес объектілер бойынша, атқарушы билік органы шешімдері бойынша Жер телімін таңдау актісі, бастапқы мәліметтер және қажетті келісімдер қолдаухат негізінде ресімделуі мүмкін. Мұндай жағдайда негіздеу материалдары атқарушы биліктің тиісті органының қорытындылауына жіберілмейді. Тапсырыс берушінің Негіздемені бекітуі (мақұлдауы) мемлекеттік сараптау қорытындысы және атқарушы билік органының объектіні орналастыру орнын келісу туралы шешімі негізінде жүзеге асырылады. 3.6 Негіздеме материалдарын тапсырыс беруші пайдалана алады: - социологиялық зерттеулер, объектіні салу мүмкіндігі туралы қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізуге; - несие алушының немесе ұйымның несие бойынша, кәсіпорынның немесе өзге инвестициялау объектісінің инвестордың борыштар жөніндегі міндеттерін орындау тарапындағы төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығына кепілдігін растауды қамтамасыз ететін бизнес-жоспарды әзірлеуге; - мемлекеттік және жергілікті атқарушы билік органдарымен оған субсидия, салық және өзге жеңілдіктер беру туралы келіссөздерге. 3.7 Негіздемелерде барлық ұсынылған жер телімдері үшін, соның ішінде принциптік көлемдік-жайғастыру шешімдері үшін балама пысықтамалар, есептеулер құрылысты жүзеге асырудың және объектіні пайдаланудың инвестицясы, әлеуметтік, экологиялық және өзге салдарларының тиімділігін анықтау жөніндегі, сондай-ақ жерді иеленушілердің, жерді пайдаланушылардың, жалгерлердің шығындарын, ауыл шаруашылығы өндірісінің жер телімін алып қоюмен байланысты залалын анықтау жөніндегі есептеулер орындалуы тиіс. Көрсетілген материалдардың құрамы мен мазмұны қажетті келісімдер мен сараптауды өткізуге жеткілікті болуы тиіс.
4 ИНВЕСТИЦИЯ НЕГІЗДЕМЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
4.1 Бастапқы мәліметтер Инвестициялаудың мақсаты, құрылыстың белгіленген орнындағы (ауданда) объектінің жұмыс істеуінен күтілетін экономикалық, әлеуметтік, коммерциялық әсер, оның берілген параметрлеріндегі құрылыстың міндетті талаптары мен шарттарының сақталуы. Негіздемені әзірлеуге қажетті негіз бен шарттар. Бар материалдар мен зерттеулердің, елдімекен құрылысы құжаттамасының, сондай-ақ Негіздемені әзірлеуге берілген тапсырмада баяндалған және Ниет туралы қолдаухатты қарау кезіндегі талаптар мен шарттар негізіндегі техника-экономикалық нәтижелер. Инвестицияланатын объектінің жалпы сипаттамасы, көзделген өнімді (қызмет көрсетуді) шығаруға деген қажеттілік: - кәсіпорынның шаруашылық қызметіне, қоршаған ортаға тартылған қажетті ресурстар туралы деректер; - құрылыстық қызмет көрсету нарығы, жабдықтар мен материалдарды және т.с.с. жеткізуші кәсіпорындар туралы мәліметтер. 4.2 Кәсіпорынның қуаты, өнім номенклатурасы Шығарылмақ өнімді (қызмет көрсету) өндіру мен тұтынудың қазіргі жағдайын бағалау: - нарық конъюктурасын болжау негізінде өнімді өткізу саласындағы таңдау саясатын негіздеу, баға, инфляция деңгейін, іскерлік белсенділік жағдайын ескеріп сұранысты зерттеу; - өнімдерді өткізуді ынталандыру бойынша, соның ішінде сыртқы нарықта іс-шараларды (қажеттілігіне қарай) әзірлеу; - жобаланған кәсіпорынның негізгі және жанама (болған кезде) жылдық жеткізілімінің көлемі; - белгіленген болжамды қажеттілікке орай негізгі және жанама өнімді өндіру номенклатурасы мен көлемі, шикізатты, жартылай дайын өнімдерді оңтайлы пайдалану, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, оның негізгі техникалық, экономикалық және сапалық көрсеткіштері; - оның негіздемесінің кәсіпорын өніміндегі перспективалы қажеттілікті және оны ішкі және сыртқы нарықта бәсекелестік шарттарын, қажетті ресурстардың болуын, өнімнің сапасы мен құнының деңгейін, негізгі жабдықтардың өнімділігін бағалауды, экспорттық лицензия алу мүмкіндігін және т.с.с. ескеру өткізу мүмкіндігіне талдау жасағандағы өндірістік қуаты (бағдарлама). 4.3 Негізгі технологиялық шешімдер Негізгі және қосалқы өндірістің таңдалған технологиясын технологиялық процестердің (сұлбалардың) мүмкін нұсқаларын олардың экономикалық тиімділігі, техникалық қауіпсіздігі, өнім өлшеміне қарай ресурстарды тұтыну деңгейі бойынша, сондай-ақ апаттық жағдайлардың туындау тәуекелдігі мен ықтималдығы дәрежесі бойынша негіздеу; - технологияны алу көздері мен тәртібі және оның қысқаша сипаттамасы, негізгі технологиялық жабдыққа қойылатын талаптар, олардың орындалуы кәсіпорынның технологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, негізгі жабдықтарды таңдау негіздемесі және оны алу көздері; - жанама және қосалқы өнімдерді өндіру (бөлу), қалдықтарды пайдаға асыру, қауіпсіз етіп жою және сақтау бойынша шешімдер; - кәсіпорынның өндірістік-технологиялық құрылымы мен құрамы. 4.4 Кәсіпорынды ресурстармен қамтамасыз ету. Кәсіпорынның белгіленген өндірістік бағдарламаларға, қабылданған технологиялар мен жабдықтарға орай, қажетті ресурстарға: шикізат, материал, су, жылу, энергия, жартылай дайын өнімдерді, жинақталынғандарды және т.б. жылдық тұтынуы; - мүмкін көздерге және ресурстарды алу шарттарына, соның ішінде мүмкін өндірістік кооперацияға, олардың сенімділігін бағалауға талдау жасау және негіздеу; - шикізатты дайындау сапасы мен тәсілдеріне қойылатын талаптар; - кәсіпорынды шикізаттық ресурстармен қамтамасыз етуге жұмсалатын жыл сайынғы шығынды есептеу. 4.5 Кәсіпорынды орналастыратын орын. Объектіні орналастыратын орынға (алаңшаға, трассаға) қойылатын негізгі талаптар. Объектілерді орналастыратын орындардың мүмкін нұсқаларына талдау жасау. Объекті орналасатын таңдалынған орынды аймақтағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайды, шикізат ресурстарының, өнімді өткізу нарығының, көлік байланыстарының, инженерлік желілердің және өзге өндірістік объектілердің және әлеуметтік инфрақұрылымдардың болуын, сондай-ақ аймақтағы қосымша жұмыс орындарына деген қажеттілікті және т.с.с. негіздеу. Объектіні орналастырудың таңдалған нұсқасының қысқаша сипаттамасы, оның тиімділігінің негізгі критерийлері. Негіздеме құрамына картографиялық және өзге материалдар, соның ішінде құрылыс объектісінің орналасуы бар және инженерлік желілер мен коммуникацияларға оны қосатын тұстар көрсетілген ситуациялық жоспар сұлбасы, жер телімінің өлшемдерін негіздейтін объектінің бас жоспарының сұлбасы кіруі тиіс. 4.6 Негізгі құрылыстық шешімдер. Аса ірі және күрделі ғимараттар мен имараттардың принципті көлемдік-жайғастыру және құрылымдық шешімдері, негізгі параметрлері, құрылыс мерзімі мен кезектілігі; құрылыс өнімдері мен материалдарға қажеттілік; құрылысты ұйымдастыру жөніндегі пайымдаулар. Энергияны үнемдеу, жылумен, сумен жабдықтау, канализация және т.б. 4.7 Қоршаған ортаға әсерді бағалау. Негіздеменің осы тарауы Ресей Табиғатмині, Ресей Құрылысминінің нормативтік құжаттарына және табиғат қорғау ісін реттеуші өзге актілерге сәйкес орындалады. 4.8 Кадрлар және әлеуметтік даму. Кәсіпорындағы еңбек сипаттамасы мен жағдайлары: Кәсіпорынға қойылатын шарттар мен сипаттама қызметкерлердің санаттарына қарай еңбек ресурстарына қажеттілік: жұмысшылар, ИТМ және қызметкерлер; олардың біліктілігіне қойылатын талаптар, еңбек ресурстарына қажеттілікті қанағаттандырудың балама нұсқалары: жергілікті жұмыс күшін тарту, оргжинау, вахталық әдіс және т.с.с. кәсіпорындар үшін жұмысшы кадрларды даярлауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар; Кәсіпорын қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің балама нұсқаларына талдау жасау, әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық жағдайлар жасау. 4.9 Инвестиция тиімділігі Инвестицияның тиімділігін бағалау негіздеменің тиісті тарауларын әзірлеген кезде алынған ақпаратқа сандық және сапалық талдау жасау нәтижелері бойынша жүргізіледі және келесі ережелерге негізделеді: - аналогтар мен іріленген көрсеткіштер бойынша, сондай-ақ болжамды және сараптау бағалары бойынша анықталатын құрылыс құнына; - болуы мүмкін көздерді және инвестиция алды зерттеулер кезеңінде қабылданған инвестицияны қаржыландыру шарттарын айқындау; - негізгі өнім түрлерінің өзіндік құнын анықтау, кәсіпорынның есептік кезең бойындағы өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштерінің өзгеруін болжау, рентабельділіктің өзгеру беталысын және болуы мүмкін шығынды барынша азайтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды талдау; инвестициялық тәуекелділікті бағалау; - есептік кезеңді таңдауды негіздеу, оның шегінде жобалау, құрылыс, объектінің жобалық қуатын және оны пайдалануды қамтитын экономикалық есептеулер жүргізіледі; - есептік кезеңнің жылдар бойынша кірісі мен шығынының барлық құраушы элементтері бойынша баға өзгерісін болжаудың деректерін есепке алу; - жобаның экономикалық тиімділігі мен сенімділігін жобалық шешімдерді жетілдіру есебінен арттыру мүмкіндіктерін анықтай отырып есептеулердің нәтижелері, ресурстар мен өзге де факторларды неғұрлым ұтымды пайдалану. Егер алынған мәліметтер инвестициялық жоба тиімділігінің жеткіліксіз екенін білдірсе, онда оның өндірістік бағдарламасы және жобаның тиімділігін арттыру мақсатында қабылданған технология параметрлеріне түзету енгізу жүргізіледі. Инвестицияның тиімділігін бағалау Ресей Мемқұрылыс, РФ Экономикамині, РФ Қаржымині, Ресей Мемөнеркәсібі (№ 7-12/47 31.03.94) бекіткен «Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау және оларды қаржыландыруға іріктеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға» сәйкес жүргізіледі. Негізгі экономикалық және қаржылық көрсеткіштердің есептері мен талдауын кесте түрінде (Б-қосымшасы) келтірген жөн. 4.10 Қорытындылар мен ұсыныстар Объект құрылысындағы шаруашылық қажеттілік, техникалық мүмкіндік, коммерциялық және әлеуметтік мақсатқа лайықтылық туралы оның экологиялық және пайдалану қауіпсіздігін ескеріп жасаған жалпы қорытындылар. Инвестиция объектісінің бекітуге (мақұлдауға) ұсынылған негізгі техникалық-экономикалық және қаржылық көрсеткіштері (В қосымшасы). Инвестордың максимальды және тұрақты пайда алуын, жағымды әлеуметтік нәтижелер мен басқа да мақсаттарға жетуін қамтамасыз ететін объектіні рет-ретімен алдағы уақытта жобалау, құрылысы (біріккен құрылыс пен жобалау, кезек бойынша құрылыс) және пайдалану жөніндегі ұсыныстар. Жобалау және қажетті зерттеулер мен ізденістерді жүргізу бағдарламасы, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың жоспар-кестесі. Негіздемеге келісім құжаттары мен графикалық материалдар - сұлбалар, сызбалар (қажеттілігіне қарай, көрнекілік материалдар) қосымша беріледі.
А - қосымшасы (ұсынылған)
Негіздемені әзірлеуге арналған тапсырмаға қосылған мәліметтер мен талаптардың үлгі тізбесі
1. Тапсырыс беруші-инвестор жөніндегі негізгі мәліметтер. 2. Кәсіпорын, ғимарат, имараттың орналасқан жері. 3. Инвестициялау мақсаты мен көздері, қарастырылған қаржы қаражат көлемі. 4. Өнім номенклатурасы (көрсетілетін қызмет көлемі). 5. Технологияға, өнім өндіруге және негізгі жабдыққа қойылатын талаптар. 6. Сәулеттік-жоспарлау, құрылымдық және инженерлік шешімдерге қойылатын талаптар. 7. Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар. 8. Құрылыстың ерекше шарттары. 9. Объектінің негізгі теникалық-экономикалық сипаттамалары мен көрсеткіштері. Тапсырмаға қосылады: а) жергілікті атқарушы органдардан алынған материалдар, соның ішінде Ниет туралы қолдаухатты (Декларацияны) қарау нәтижелері бойынша шешімдер, кәсіпорындарды (ғимарат, имараттарды) жарақтандыру көздеріне, инженерлік желілер мен коммуникацияларға қосу мүмкіндігінің алғы шарттары және картографиялық (топографиялық) материалдар, ситуациялық жоспар және санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық жағдайлар жөніндегі өзге де талаптар; б) кәсіпорын өнімінің белгіленген техникалық сипаттамасы, оның құны туралы мәліметтер; в) технологиялық процестер мен жабдықтауды жасау (қолдану, пайдалану) жөніндегі талаптар; г) өзге материалдар.
Б - қосымшасы (ұсынылған)
Есептік және аналитикалық кесте үлгілерінің тізбесі
1 - к е с т е - Өндірістік бағдарлама
2 - к е с т е - Өнімді өткізуден түскен түсімді есептеу
Е с к е р т у - сату көлемі (өткізу) натурал бірліктерде келтіріледі, өткізуден түсетін түсім (табыс) - ақшамен.
3-кесте - Инвестициялық шығынның жиынтық ведомостісі
Е с к е р т у - Кестеде алынған белгілер: ҰВ - ұлттық валюта ШВ - шетелдік валюта
__________ * Жылдар бойынша инвестиция кезеңі - құрылыс, өндірісті игеру, толық қуатпен пайдалану. 4 - к е с т е - Инвесторлар құрамы және өндіріс алды және өндірістік кезеңдегі қаржыландыру көздері
(млн. соммен)
5 - к е с т е - Банк несиелерін өтеу мерзімі мен көлемі
(тиісті ақша бірлігімен)
Е с к е р т у - банк несиесін өтеу есебі вариантпен және кезеңдер бойынша орындалады.
6 - к е с т е - Үстеме шығындардың жиынтық ведомостісі
6 - кестенің жалғасы
7 - к е с т е - Өндірістік шығындардың жиынтық ведомостісі (млн. сом)
8 - к е с т е - Өнімнің өзіндік құнының құрылымы (экономикалық элементтер бойынша)
9 - к е с т е - Таза пайда мен пайдаға салық есебі
(млн. сом)
10 - к е с т е - Кәсіпорынның құрылыс және пайдалану кезеңіндегі қолма-қол ақша ағыны қозғалысы (кіріс пен шығыстың жобалық-баланстық ведомостісі)
Шығындарға кірісті арттыру (+), дефицит (-)
11 - к е с т е - Кәсіпорынды құрудағы (дамыту) инвестицияның тиімділігі жөніндегі қорытынды мәліметтер
ҚОРЫТЫНДЫ: Негізгі тиімділік (инвестиция жөніндегі шешім варианттарының басымдығы).......................................................... Инвестиция жөніндегі шешім варианттарының негізгі кемшіліктері .......................................................................... Жалпы қорытынды ........................................................................................................................................................
В - қосымшасы (ұсынылған)
Жаңа кәсіпорындар құрылысындағы инвестиция негіздемесін бекіту (мақұлдау) жөніндегі өкімдік құжаттарға қосылған, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту мен қайта құрылымдаудың негізгі техника-экономикалық және қаржылық көрсеткіштері
Г - қосымшасы (ұсынылған)
Ниет туралы қолдаухат (Декларация)
1. Инвестор (тапсырыс беруші) - мекен-жай 2. Кәсіпорын, ғимарат пен имарат құрылысына белгіленген немесе кен өндіруге белгіленген жер (аудан, пункт). 3. Кәсіпорын атауы, оның техникалық және технологиялық мәліметтері: өндірістік өнімді өндірудің (қызмет көрсету) жалпы құндық мағынасындағы және негізгі түрлер (шын мағынасында) бойынша көлемі; құрылыс және объектіні пайдалануға беру мерзімі. 4. Жұмысшылар мен қызметкерлердің үлгі саны, жұмыс күшіне сұранысты қанағаттандыру көздері. 5. Кәсіпорынның шикізат пен материалға қажеттілігі (тиісті бірлікпен). 6. Кәсіпорынның су қорына қажеттілігі (көлемі, сумен қамтамасыз ету көздері). 7. Кәсіпорынның энергия қорына қажеттілігі (электр энергиясы, жылу, бу, отын); жабдықтау көзі. 8. Көлікпен қамтамасыз ету. 9. Қызметкерлер мен олардың отбасын тұрмыстық-коммуналдық және әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы объектілермен қамтамасыз ету. 10. Жер ресурстарына қажеттілік (жер телімінің үлгі өлшемінің тиісті негіздемесімен және оны пайдалану мерзімі). 11. Ағын суларды әкету. Ағын сулардың сапасы, тазарту әдістері, ағызып жіберу жағдайлары, барды пайдалану немесе жаңа тазарту имараттарын салу. 12. Кәсіпорын, имараттың қоршаған ортаға ықтимал әсері: табиғи ортаға әсер түрлері (бұзу типтері, инградиент-ластағыштардың атауы мен саны); апаттық жағдайлардың болу мүмкіндігі (ықтималдық, масштаб, әсер ету ұзақтығы). 13. Өндіріс қалдықтары (түрлері, көлемі, улылығы), пайдаға асыру тәсілдері. 14. Белгіленген қызметті қаржыландыру көздері, құрылтайшылар, қатысушы үлескерлер, қаржы институттары, коммерциялық банктер, несиелер. 15. Дайын өнімді пайдалану (үлестіру үлгісі).
ӘОЖ 721.01/05 МСЖ 91.010.10; 91.010.40-10
Негізгі сөздер: кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар құрылысындағы инвестиция негіздемесін әзірлеу, келісу, бекіту және құрамы тәртібін белгілеу. |