СП РК 1.02-21-2007 каз ПРАВИЛА РАЗРАБОТКИ, СОГЛАСОВАНИЯ, УТВЕРЖДЕНИЯ И СОСТАВ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИЧЕСКИХ ОБОСНОВАНИЙ НА СТРОИТЕЛЬСТВО СП РК 1.02-21-2007ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ ҚҰРЫЛЫСҚА АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕЛЕРДІ ӘЗІРЛЕУ, КЕЛІСУ, БЕКІТУ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР
ПРАВИЛА РАЗРАБОТКИ, СОГЛАСОВАНИЯ, УТВЕРЖДЕНИЯ И СОСТАВ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИЧЕСКИХ ОБОСНОВАНИЙ НА СТРОИТЕЛЬСТВО
Енгізілген күні - 2007.08.01
1 Қолданылу аясы
1.1 Осы «Құрылысқа қатысты технико-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, келісу, бекіту және оның құрамы туралы Ережесі» (бұдан әрі - Ереже) жаңа және бұрынырақ құрылған кәсіпорындардың, ғимараттардың және құрылыстардың (бұдан әрі - объектілер) өзгертілу (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) технико-экономикалық негіздемелерін әзірлеу, келісу, бекіту және оның құрамының тәртібін белгілейді, Қазақстан Республикасының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде барлық субъектілерді пайдалануға арналған. 1.2 Объектілер құрылысының технико-экономикалық негіздемесі (ТЭН) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде реттемеленген және инвестициялық қызметті, сондай-ақ осы Ережені реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне, басқа да нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленеді. 1.3 Осы Ережелердің жағдайы мемлекеттік инвестициялар есебінен тұтастай және ішінара тұрғызылатын, сондай-ақ шығарылатын өнім көлеміндегі немесе ұсынылатын қызметтің белгіленген заңнама тәртібінде қарастырылатын мемлекеттік меншік үлесінің мемлекеттік инвестицияларының қатысуынсыз тұрғызылатын объектілер құрылысының ТЭН әзірлеу кезінде, оның сақталуына мән беріледі. Осы Ережелердің жағдайы жеке меншікті тұрғын үйлерді салуға, сондай-ақ шекарадағы объектілерді салуға негіздеме бола алмайды. Басқа жағдайларда, аталған нормативтік құжаттың ережелері ұсынымдық сипатқа ие. 1.4 Ережелерде пайдаланған негізгі ұғымдар (терминдер және анықтамалары) А қосымшасында келтірілген.
2 Жалпы ережелер
2.1 ТЭН әзірлеу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жоспарында қарастырылатын аймақтық, салааралық, ғылыми-техникалық және басқа да мемлекеттік бағдарламаларда, Қазақстан Республикасының аумақтарында объектілердің құрылысын салу үшін қажетті қала құрылыстық құжаттамалары (қалаларды және елді мекенді дамытудың бас жоспарлары ) және басқа да құжаттардың деректері және ережелері есебімен іске асырылады.
Ресми
басылым 2.3 Мемлекеттік, салааралық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларға сай мақұлданған, техникалық жағынан күрделі емес жобалар, құрылысты жүргізуге арналған типтік жобалары бойынша, сондай-ақ типтік жобалау шешімдері және қайталама қолдану жобалары бойынша ТЭН әзірлеу талап етілмейді. 2.4 ТЭН нәтижелері құрылыста инвестицияларды шаруашылық қажеттілік, техникалық мүмкіндік бойынша шешім қабылдауға, коммерциялық, экономикалық және әлеуметтік мақсатта, объектілерді орналастыру үшін жер учаскесін таңдау актісін алуға негіз болады. 2.5 Б қосымшасында объектілер құрылысының технико-экономикалық негіздемелерін әзірлеу кезінде пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер және құжаттар тізімі келтірілген.
3 Құрылысқа арналған технико- экономикалық негіздемелерді әзірлеу, келісу және бекіту
3.1 ТЭН әзірлеуде құқықтық және қаржылық қарым-қатынасын, қатысушы тараптардың өзара міндеттемелерін және жауапкершілігін реттейтін негізгі құжат - шарт болып табылады. Шарттың ажыратылмас бөлігі болып бастапқы деректері, негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері және тапсырыс берушінің талаптары келтірілген, ТЭН әзірлеуге арналған тапсырма табылады. Технологиялық үрдістері бар өнеркәсіптік объектілері үшін тапсырманы әзірлеуде технологиялық реттеменің (зерттеудің) барлығы немесе негізгі өзгерісте, тазартқыш құрылымдар және т.б. бойынша технологиялық реттемеге қатысты ұсынымдар көрсетіледі. 3.2 ТЭН баламалық пысықтаулар, ұсынылған нұсқалар есебі, оның ішінде түбегейлі көлемді-жоспарлау шешімдері, инвестициялардың тиімділік есебі, сондай-ақ құрылыс және объектіні пайдалану кезінде әлеуметтік, экологиялық және басқа да деректердің нәтижелері, жер иеленушілерге, жерді пайдаланушыларға, жалгерлерге келтірілген шығындардың мөлшері, жер учаскесін қайтарып алуға байланысты ауыл шаруашылық өндірісіндегі ысыраптар және т.б. орындалуы тиіс. Көрсетілген деректердің құрамы және мазмұны қабылданған ТЭН жобалық шешімдерде және қажетті келісімдер мен сараптамаларды жүргізу үшін негіздеме бола алады. 3.3 Бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыланатын инвестициялық жобалар бойынша ТЭН әзірлеу мемлекеттік, салааралық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларда бекітіліп, қарастырылатын жобаларда іске асырылады, инвести-циялық ұсыным шеңберінде экономикалық жоспарлау бойынша өкілетті орган мақұлдаған ТЭН әзірлеу, тапсырысшы құрастырған (бағдарламаның әкімгері), техникалық тапсырмаға сай жүргізіледі. Бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыланатын инвестициялық жобалардың ТЭН әзірлеуге жататын техникалық тапсырмалар экономикалық жоспарлау бойынша орталық өкілетті орган анықтайтын осы Ереже шарттарының және ТЭН талаптары есебімен әзірленеді. В қосымшасында ТЭН әзірлеу кезінде тапсырмаға енгізілетін талаптар тізбесі келтірілген. 3.4 Мүдделі ұйымдар және мемлекеттік қадағалау органдарымен ТЭН жобасының келісімі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленген тәртіппен объектіні орналастыру орнын таңдау жолымен іске асырылады. Қала немесе елді мекеннің бекітілген қала құрылыстық құжаттамасына сәйкес, құрылыс салу мақсатында қалаларда және басқа да елді мекендерде алаңды (трассаны) орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданғаннан кейін, объектінің орналастыру орнының алдын-ала келісімі жүргізілмейді. 3.5 ТЭН-нің мемлекеттік сараптамасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте жүргізіледі. 3.6 Құрылыстың ТЭН бекітімі Қазақстан Республикасының заңнама және нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен сәйкестендірілген өкілетті органмен немесе тапсырыс берушімен іске асырылады. Белгіленген тәртіппен бекітілген ТЭН жобалау-сметалық құжаттамасын одан әрі әзірлеу және жобалау және іздестіру жұмыстарын қаржыландыруға негіз болады.
4 Объектілер құрылысының технико-экономикалық негіздемелерінің құрамы және мазмұны
4.1 ТЭН әзірлеу мақсаты болып жобаны іске асыру шеңберінде болжамдалған оңтайлы жобалық шешімдердің өнімділігі, оның ішінде айрықша мақсатқа сәйкес маркетингтік, технико-технологиялық, қаржылық, институтшылдық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да шешімдер бойынша инвестициялық жобаның ауқымы және оңтайлы құрылымы табылады. 4.2 ТЭН құрамы және мазмұны шығын мен пайданы экономикалық талдау негізінде жүргізілген құрылыс жобасының тиімділігін және іске асырылуын зерделеу нәтижелерін мазмұндап, әрбір бөлімін пысықтай келе құрылыс объектілері инвестициясының тиімділігін және мақсатқа лайықты бағасын шығаруға тиімді болуы шарт. Инвестицияның экономикалық тиімділігі есепке сай және объектінің технико-экономикалық көрсеткіштері жобаға ұқсас, егер бұндай болса салыстыруға жататындығы расталады. 4.3 Өндірістік мақсаттағы объектілер үшін ТЭН құрамы келесі бөлімдерден: - бастапқы деректер; - кіріспе; - маркетингтік бөлімі; - кәсіпорынның қуаты; - кәсіпорынды ресурстармен қамтамасыз ету; - негізгі технико-технологиялық шешімдер; - кәсіпорынның орналасу орны; - негізгі сәулеттік-құрылыс шешімдері; - көлік; - инженерлік желілер; - қоршаған ортаға ықпал жасау бағасы; - институтшылдық бөлім; - қаржылық талдау; - инвестициялардың экономикалық тиімділігі; - әлеуметтік бөлім; - технико-экономикалық көрсеткіштер; - жалпы қорытындылар; - қосымшалар құрылуға тиісті. 4.3.1 Жоспарланған объектілер құрылысының бастапқы деректер бөлімі: құрылыс объектінің атауы, іске асыру орны, болжамдалған деректер және қаржыландыру сызбалары, қүрылыс жобасын іске асыру кезеңі, сондай-ақ ТЭН әзірлеуге арналған бастапқы деректерден тұруы тиіс. 4.3.2 Кіріспе бөліміне объектілер құрылысы қажеттілігінің негіздемесі және оның мемлекеттік және (немесе) салалық бағдарламаларына, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігі, инвестициялау мақсаты, белгіленген орында (ауданда) объектінің іске қосылуынан күтілетін, объектінің негізгі санды және сапалы көрсеткіштері көрсетілген, экономикалық (әлеуметтік, коммерциялық) әсері енгізілуі тиіс. 4.3.3 Маркетинг бөлімі бар материалдар мен зерттеулердің, қала салу құжаттамалардың, сондай-ақ оны әзірлеу тапсырмасында баяндалған талаптар мен шарттар негізіндегі техника-экономикалық бағалау нәтижелерінен; - болжамды тұтынушылары көрсетілген, шығарылатын өнімнің (қызметтердің) бар болатын және болашақтағы (кәсіпорын қызмет еткен кезеңге) сұраныс бағасынан; - саланың қазіргі жағдайының және объектінің әлеуметтік-экономикалық қажеттілігінің талдауынан және кәсіпорын өнімінің елдің экспорттық болашағының өсуіне әсер етуін бағалаудан; - қатердің негізгі факторларын анықтайтын коммерциялық бағалаудан, болжамдық сипат пен өзгерістер мөлшерінен, қатерді төмендету бойынша болжамды іс-шаралардан құрылу керек. 4.3.4 Кәсіпорын қуаты. Бұл бөлім өндірістің қазіргі жайының бағасы және шығарылымға жоспарланған өнімнің (қызметтің) қолданылуын, кәсіпорынның (ғимараттың) таңдалған қуатының негіздемесін сипаттайды, оның ішінде: - нарық жағдаяты болжамы негізінде өнімді өткізу саласындағы саясатты таңдау негіздемесі, баға, инфляция, іскерлік белсенділік жағдайының деңгейі есебінен сұранысты зерттеу; - белгілі бір салада қолданыстағы объектілердің жұмысын талдау, оның ішінде бәсекелес тұлғаларды талдау; - өнімді өткізудің ынталандыруы бойынша шараларды (қажеттілігінше), оның ішінде сыртқы сауданы әзірлеу; - жобалық қажеттіліктен туындайтын шикізатты, шала фабрикаттарды және өндірістік қалдықтарды қайта дайындау жұмыстарын оңтайлы пайдаланудың негізгі және жол-жөнекей өнімді өндіру тізбектемесі және ауқымы, оның негізгі техникалық, экономикалық және сапалық көрсеткіштері; - өндірістік қуаты (бағдарламасы), бәсекелестік жағдайы есебінен кәсіпорын өнімінің келешектегі қажеттілігіне талдау жасай келгенде, оның негіздемесі, қажетті ресурстардың бар болуы, сапа деңгейі және өнімнің бағасы, жоба қуатын игеру серпіні; - аймақтың инфрақұрылымына жобаның ықпал ету бағасы және жиынтық (шектеу) салаларының дамуы. 4.3.5 Кәсіпорынды ресурстармен қамтамасыз ету. Кәсіпорынның шикізаттың, материалдың, энергетикалық ресурстардың, еңбек және қаржы ресурстарының қажетті ресурстарына тұтынушылығы, соның ішінде: - шикізат нарығын, еңбек және қаржы ресурстардың, жобаның қызметіне байланысты басқа да факторлардың бар болуын талдау; - қажетті деректемелерді және ресурстарды алу шарттарын талдау және негіздемелеу, соның ішінде жергілікті көздерінің жеткіліктілігі туралы көрсеткіштер; - кәсіпорынды шикізат, еңбек және қаржы ресурстарымен қамсыздандыруға арналған жылдық шығындар есебі. Кәсіпорынның қажетті ресурстарды қажетсінуі, оның ішінде шикізат, материалдар, энергетикалық, еңбек және қаржы ресурстар. 4.3.6 Негізгі технико-технологиялық шешімдер оның экономикалық тиімділігі, техникалық қауіпсіздігі, өнім шамасындағы ресурстарды пайдалану, сондай-ақ қатер көрсеткіші және апаттық жағдай салдарынан туындайтын мүмкіндік жағынан деңгейі - бойынша технологиялық процесстердің (сызбалардың) қажетті нұсқаларын салыстыру негізінде таңдалған негізгі және қосалқы өндіріс технологиясының негіздемесі, оның ішінде: - таңдалған технологияның қысқаша сипаттамасы, кәсіпорынның технологиялық және экологиялық қауіпсіздігін орындауды қамтитын негізгі технологиялық құрал-жабдықтарының талаптары. Негізгі құрал-жабдықтарының таңдау негіздемесінде құрал-жабдықтар нарығының зерттеулері бар ақпараты және оның пайдалану деректемелері көрсетіледі; - жобаны іске асырудың әр түрлі технологиялық шешімдерін талдау, оның артықшылығы және кемшіліктері, таңдалған нұсқаның негіздемесі; - негізгі технологиялық желілерінің (жабдықтарының) өнімділік бағасы, өнім экспортының мүмкіндігі және т.с.с.; - жанама және жол-жөнекей өнімді өндіру (бөлу) бойынша шешімдер, пайдаға асыру, қауіпсіз жою және қалдықтарды сақтау; - негізгі қатер факторларын анықтайтын техникалық қатерлер бағасы болжамдық сипатқа ие және қатерді төмендету бойынша болжау шараларының өзгерістері ауқымды; - өндірістік-технологиялық құрылым және кәсіпорынның құрамы. 4.3.7 Кәсіпорынның орналасу орнына (алаңға, трассаға) негізгі мынадай талаптар қойылады: - объектінің орналасу орнын белгілеу үшін қажетті нұсқаларды талдау; - аймақтағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайлар есебінен объектінің таңдалған орналасу орнының негіздемесі, шикізат ресурстары, өнімді өткізу нарығы, көлік коммуникациялары, инженерлік желілер және басқа да өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілері, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарындағы аймақтың қажеттілігі; - объектінің орналасу орнының таңдалған нұсқасына қысқаша сипаттама, оның оңтайлылығының негізгі белгілері. 4.3.8 Негізгі сәулеттік-құрылыс шешімдері түбегейлі сәулеттік, көлемді-жоспарлау және қондырғылық шешімдері, оның ішінде жоспарлау шешімдерінің негізділігі, жер учаскелерін тиімді пайдалану, ғимараттардың тиімділігін блокадалау, құрылыс аймағында табиғатқа қауіп төндіретін (сейсмика, шөгімі, карстар, көшкіндер және т.б.) ерекше назар аудару, қоршаған құрылыс салу аймағындағы қала құрылысы талаптарының түбегейлі сәулет-композициялық шешімдеріне сәйкестендіру. Техникалық жағынан күрделі ғимараттар және құрылыстардың негізгі параметрлері көлемді-жоспарлау және қондырғылық (құрылыстық) шешімдер және олардың қондырғылық ерекшеліктері. Құрылыстық өнімдер және деректер қажеттілігі. Құрылысты ұйымдастыру бойынша пікірлер 4.3.9 Көлік. Ғимарат және құрылыстар арасындағы талап етілген өртке қарсы және санитарлық-гигиеналық, оның ішінде өнеркәсіптік және басқа да мақсаттағы ажырауының сақталу бағасы бар көліктік сызбалары, ішкі аумақтық жолдары және автожолдарының нұсқаларын таңдау негіздемесі. 4.3.10 Инженерлік желілер бөлімі: объектінің таңдалған сызбаларының инженерлік қамтылу негіздемесі бар энергияны үнемдеу, жылу, сумен қамту, арна жүргізу және басқа да қамтамасыздандыруы бойынша шешімдерді таңдауды қарастырады. 4.3.11 Қоршаған ортаға ықпал жасау бағасы. ТЭН табиғатты қорғау қызметі реттейтін Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің нормативтік құжаттарына және басқа да нормативтік актілеріне сәйкес орындалады және келесі бөліктерді қамтиды: - қоршаған ортаның жағдайына жобаның ықпал жасау бағасы, жобаны іске асырудағы экологиялық шығынның сандық бағасы және оның қауіп-қатерін азайту бойынша жобаланатын шаралар; - аймақ ретінде, бүтіндей ел ретінде экологиялық жағдайды жақсарту үшін жобамен жобаланатын шаралар және оның сандық мағынадағы нәтижесі; - негізгі қатер факторларын анықтайтын экологиялық қатерлер бағасы болжамдық сипатқа ие және қатерді төмендету бойынша болжау шараларының өзгерістері ауқымды. 4.3.12 Институтшылдық бөлім (қажеттілігінше) құқықтық негіздерін сипаттаумен, барлық жобаны іске асыру қатысушылары және олардың қызметтері туралы мәліметімен оның өмірлік кезеңдері барысындағы жобаны басқарудың сызбаларын, сондай-ақ басқару жүйесін және қаржылық шығындарының бағалауын қамтиды. Жаңа институционалдық сұлбаның объектілері құрылысына арналған жобаларды құрған жағдайда баламалы нұсқасын келтіріп аталмыш сұлбаның құрылуына толық негіздемелуін көрсету қажет. 4.3.13. Қаржылық талдау бөлімі: - жалпы инвестициялық шығындар есебі, жобаның кезеңдері бойынша қаржыландыруда қажеттіліктерді үлестіру; - өндірістік шығындар (пайдаланушылық шығындар) есебі; - өнімнің негізгі түрлерінің өзіндік құны есебі, есептік кезең ішінде кәсіпорынның өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштерін өзгерту болжамы, пайдалылықты өзгерту тенденциясының талдауы және шығындарды азайту бойынша қамтамасыз ету шаралары; - сатып алудан түсетін кіріс есебі, үлестірілмеген және таза табыстың есебі; - ақшалай қаражат ағымындағы жиынтық есебі; - қаржы бағасының қарапайым әдістері арқылы жобаны талдау, оның ішінде өтемділік мерзімінің есебі, шығынды жабу коэффиценті; - дисконттау тәсілдері арқылы жобаны (бағдарламаны) талдау, оның ішінде таза дисконттық табыс (NPV), ішкі пайдалылық нормасы (IRR), дисконтталған кіріс және шығыс қатысы (B/C), дисконтталған өтемділік мерзімі; - тұрлаусыздық жағдайын талдау, оның ішінде негізгі параметрлері бойынша (өткізім көлемі, өткізім бағасы, тікелей шығындар) сезімталдықты талдау, жобаның залалсыздығын талдау; - жобаның өтімділігін талдау; - жобаға қатысушылардың ағымдағы қаржылық жағдайы; - сызбаларды, деректемелерді талдау, қаржыландыру жағдайы және оның баламалық нұсқалары; - негізгі қатер факторларын анықтайтын қаржылық қатерлер бағасы болжамдық сипатқа ие және қатерді төмендету бойынша болжау шараларының өзгерістері ауқымды. 4.3.14 Инвестицияның экономикалық тиімділігі ТЭН сәйкестендірілген бөлімдерін әзірлеу кезінде алынған сандық және сапалық ақпаратты талдау нәтижелері бойынша жүргізіледі және келесі жағдайларға: - құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттамаларға, және баға жасау жүйелерінің талаптарымен сәйкестікте анықталатын, сондай-ақ аналог бойынша, болжамдық және сараптамалық бағаға сәйкес анықталатын құрылыс құнының есебі; - экономикалық кіріс және шығын бағасы, оның ішінде нәтижелердің, тергеудің және ықпал етудің, шығындар тиімділігін және шексіз пайданы талдау; - аздаған шығындарды талдау; - жобаның (бағдарламаның) экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің есебі, оның ішінде экономикалық таза дисконттау табыстың (ENPV) және экономикалық ішкі нормасының пайдасы (EIRR); - инвестицияның қатер бағасын анықтауға негізделеді. Г қосымшасында объектілердің есептік қаржылық және экономикалық көрсеткіштерін анықтау үшін есептік тәуелділік тізбесі келітірілген. 4.3.15 Әлеуметтік бөлім әлеуметтік аспектілерді және жобаның іске асыру табысын көздейді, оның ішінде: - қызметкерлер: жұмысшылар, жеке еңбек жұмыскерлері және қызметкерлер санаты бойынша еңбек ресурстарының қажеттілігі, оның біліктілігіне қойылатын талаптар, еңбек ресурстарындағы қажеттілікті қанағаттандыратын баламалық нұсқалар; - елді мекеннің әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаты жағынан жобаның негізділігі; - еңбекті қорғау нормасы және қауіпсіздік техникасы; - негізгі қатер факторларын анықтайтын әлеуметтік қатерлер бағасы болжамдық сипатқа ие және қатерді төмендету бойынша болжау шараларының өзгерістері ауқымды. 4.3.16 Объектілер құрылысы жобасының технико-экономикалық көрсеткіштері объектінің негізгі көрсеткіштерін мазмұндайды, оның ішінде: құрылыс объектісінің қуаты жөнінде ақпарат, жобаның қаржылық және экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ құрылыстың бағалық көрсеткіштері, негізгі өндірістік қорлар құны, тауарлық өнімнің құны және өнімнің негізгі түрлерінің өзіндік құны, құрылыстың шамамен алған мерзімі және т.б. Е қосымшасында объект құрылысының технико-экономикалық көрсеткіштерінің ұсынылатын тізбесі. 4.3.17 “Жалпы қорытынды” бөлімінде негізгі артықшылықтары және жобаның кемшіліктері көрсетіледі. Бұл бөлім шаруашылық қажеттіліктер туралы қорытындылар, техникалық мүмкіндік, коммерциялық, экономикалық және әлеуметтік мақсатқа сай инвестицияларды объектілер құрылысында есепке ала отырып, оның экологиялық және пайдаланушылық қауіпсіздігін, жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасын таңдау бойынша қисынын сипаттайды. 4.4 Желілік құрылымдары құрылысының ТЭН құрамы ведомстволық нормативтік құжаттармен белгіленеді және осы Ереженің 4.3. бөліміндегі талаптардың негізгі шарттарын қамтиды. 4.4.1 Автомобиль жолдары және көпірлер құрылысының ТЭН әзірлеу кезінде (көліктік түйіндер) келесі шарттар орындалуы тиіс: - жолдың (көпірдің) техникалық параметрлері; - ірі жасанды құрылыстар (көпірлер), көліктік түйіндер бойынша принциптік шешімдер және орналасуы; - желілік-пайдаланушылық қызметтер кешені бойынша принциптік шешімдер және орналасуы; - құрылыстың кезектілігі және сатылығы; - үлкейтілген көрсеткіштер немесе аналогтар, сметалық есептер негізінде құрылыстың есептік құны және жұмыс ауқымы; - капиталдық салымдардың тиімділік есебі және тиімділік нұсқасын дұрыс таңдау. 4.5 Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер құрылысының ТЭН құрамына келесі деректер енеді: - бастапқы деректер, - кіріспе; - объектінің орналасу орны; - негізгі сәулеттік-құрылыстық шешімдер; - көліктік сызбаның нұсқаларын таңдау; - инженерлік желілер және жүйелер; - қоршаған ортаға ықпал жасау бағасы; - инвестиция тиімділігі; - технико-экономикалық көрсеткіштер; - жалпы қорытындылар; - қосымша. 4.5.1 Жоспарланған объектілер құрылысының бастапқы деректер бөлімі: жобаның атауы, іске асыру орны, болжамдалған деректер және қаржыландыру сызбалары, жобаның іске асырылу кезеңдері, сондай-ақ ТЭН әзірлеуге арналған бастапқы құжаттамадан тұруы тиіс. 4.5.2 Кіріспе бөліміне инвестициялау мақсаты, оның параметрлері белгілі болған жағдайда, құрылыстың жоспарланған орнындағы (аймақтағы) объектілердің қызмет ету аясы бойынша экономикалық, әлеуметтік, коммерциялық әсері, міндетті талаптарының сақталуы және құрылыстың талаптары енгізілуі тиіс. ТЭН әзірлеу үшін қажетті негіздер және талаптар, оның ішінде объекті құрылысының қажеттілік негіздемесі және оның мемлекеттік және (немесе) салалық бағдарламаларға, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестілігі. Деректер және зерттеулер, қала құрылыстық құжаттамалар негізінде технико-экономикалық бағалар нәтижелері, сондай-ақ оның әзірленуіне байланысты тапсырмада баяндалған талаптар және жағдайлар. 4.5.3 Кәсіпорынның орналасу орны. Объектінің орналасу орнына (алаңға, трассаға) негізгі мынадай талаптар қойылады: - аймақтағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайлар есебінен объектінің таңдалған орналасу орнының негіздемесі, көлік коммуникациялары, инженерлік желілер және басқа да әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілері; - объектінің орналасу орнының таңдалған нұсқасына қысқаша сипаттама, оның оңтайлылығының негізгі белгілері. 4.5.4 Негізгі сәулеттік-құрылыстық шешімдер түбегейлі сәулеттік, көлемді-жоспарлау және қондырғылық шешімдері, оның ішінде жоспарлау шешімдерінің негізділігі, жер учаскелерін тиімді пайдалану, қоршаған құрылыс салу аймағындағы қала құрылысы талаптарының түбегейлі сәулет-композициялық шешімдеріне сәйкестендіру. Құрылысты ұйымдастыру бойынша пікірлер. 4.5.5 Ғимарат және құрылыстар арасындағы талап етілген өртке қарсы және санитарлық-гигиеналық, оның ішінде өнеркәсіптік және басқа да мақсаттағы ажырауының сақталу бағасы бар көліктік сызбалары, ішкі аумақтық жолдары және автожолдарының нұсқаларын таңдау негіздемесі. 4.5.6 Инженерлік желілер бөлімі: объектінің таңдалған сызбаларының инженерлік қамтылу негіздемесі бар энергияны үнемдеу, жылу, сумен қамту, арна жүргізу және басқа да қамтамасыздандыруы бойынша шешімдерді таңдауды қарастырады. 4.5.7 Қоршаған ортаға ықпал жасау бағасы. ТЭН табиғатты қорғау қызметі реттейтін Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің нормативтік құжаттарына және басқа да нормативтік актілеріне сәйкес орындалады. 4.5.8 Инвестицияның экономикалық тиімділігі ТЭН сәйкестендірілген бөлімдерін әзірлеу кезінде алынған сандық және сапалық ақпаратты талдау нәтижелері бойынша жүргізіледі және келесі жағдайларға: - құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттамаларға, және баға жасау жүйелерінің талаптарымен сәйкестікте анықталатын, аналог бойынша, болжамдық және сараптамалық бағаға сәйкес анықталатын құрылыс құнының есебі; - инвестицияның алдындағы зерттеулер сатысында қабылданған қажетті деректемелерді нақтылау және инвестицияны қаржыландыру талаптары; - инвестицияның қатер бағасын анықтауы; - ресурстарды және басқа да себептерді тиімді пайдалану үшін жобалық шешімдерді жетілдіру есебінен объектілер құрылысының сенімділігін және экономикалық тиімділігін жақсарту мүмкіндіктерін айқындап, есеп айырысу нәтижелеріне негізделеді. Әлеуметтік тиімділік бағасын әлеуметтік мақсатқа сай мәселелерді қарастыру және жобаны іске асырудан түсетін кіріс есебімен жүргізеді, оның ішінде: - елді мекеннің әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаты жағынан жобаның негізділігі; - негізгі қатер факторларын анықтайтын экологиялық қатерлер бағасы болжамдық сипатқа ие және қатерді төмендету бойынша болжау шараларының өзгерістері ауқымды. Г қосымшасында объектілердің есептік қаржылық және экономикалық көрсеткіштерін анықтау үшін есептік тәуелділік тізбесі келітірілген. 4.5.9 Объект құрылысы жобасының технико-экономикалық көрсеткіштері объектінің негізгі көрсеткіштерін құрайды, оның ішінде: объектінің негізгі сипаттамалары туралы ақпарат, құрылыс объектісінің қуаты (сиымдылық және т.б.), сондай-ақ құрылыстың бағалық көрсеткіштері. Е қосымшасында құрылыс объектісінің технико-экономикалық көрсеткіш-терінің ұсынылатын тізбесі келтірілген. 4.5.10 Қорытынды бөлімінде жобаның артықшылықтары және кемшіліктері баяндалады. Бұл бөлім оның экологиялық және пайдаланушылық қауіпсіздігі есебінен объект құрылысы инвестицияларының мақсатқа сай шаруашылық қажеттілік, коммерциялық, экономикалық және әлеуметтік туралы қорытындыларын қамтиды. 4.6 ТЭН-нің қосымшасына (құрылыс объектісінің мақсатына байланысты) мыналар: осы ереженің Г қосымшасында келтірілген есептік технико-экономикалық көрсеткіштерінің кестесі, картографиялық және басқа да графикалық материалдар, оның ішінде: объект құрылысының орналасқан орны бар және оның инженерлік желілер мен коммуникацияларға қосылу орны көрсетілген ахуалдық жоспар сызбасы, объектінің бас жоспар сызбасы, жер учаскесінің негізделген мөлшері, сондай-ақ технологиялық, сәулеттік және көлемді-жоспарлау шешімдерінің сәйкестендірілген нобайлары, сызбалары (нобайлық жобалары) енеді.
А қосымшасы
Терминдер мен анықтамалар
А1 алдын-ала құжаттама: Жаңа құрылыс немесе қолданыстағы объектінің өзгертілуін ұйымдық, технологиялық, техникалық, экологиялық, экономикалық және қаржылық аспектілерде іске асыру бойынша ақпаратты қамтитын, инвестициялар салымын мақсатқа сай және тиімділік негіздемесіне сай енгізетін құжаттама. А2 ақша ағының дисконттау: Белгіленген уақыт мерзіміндегі құндылықтарға оның ақша ағынындағы әр түрлі уақытқа қатыстылық (есеп айырысудың әр түрлі кезеңдеріне қатысты) мағыналарын келтіру. А3 әзірлемеге (жобалауға) тапсырма: Тапсырыс берушінің жазбаша түрде қойылған, орындаушыға жобалау-іздестіру, тәжірибелік-құрылғылық, технико-экономикалық сипаттағы жұмыстарды табыс еткен және құжат арқылы ресімделген талаптары, шарттары, мақсаттары, міндеттерінің тізбесі. А4 дефляция: Инфляция кезінде шығарылған ақша бөлігін қолданудан алып тастау. А5 дефляторлау: Ағымдағы бағада есептелген көрсеткіштерінің аударымындағы тұрақты бағамен анықталған көрсеткіші. А6 дисконттау - инвестициялық жобаларды бағалау және іріктеу кезінде қолданылатын әдіс. Кәсіпорынның әр уақыттық инвестицияларын және ақшалай түсімдерін уақыттың белгілі бір кезеңіне және күрделі салымдардың өтімділік коффициентін - табыстылықтың ішкі нормаларын анықтауға келтіру. А7 жобалық құжаттама (жоба, жұмыс жобасы): Жобалау сатысында әр түрлі орындалған, жобалау объектісіне және сатысына қарай құрамы және мазмұны нормативтік құжаттарға сай реттелген, шарт (келісім) жасасқан кезде жобалау жұмыстары нақтыланған мәтіндік және графикалық құжаттар жиынтығы. А8 жобалар сараптамасы: Тапсырыс берушімен (инвестормен) жобаны инвестициялау және оның іске асырылуын мақсатқа сай шешімді қабылдауға алдын-ала болдыратын, инвестициялардың тиімділігінің дұрыстығын белгілейтін қызметтің ерекше ретін, сондай-ақ мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына және шарттарына сәйкес келмеуі немесе сәйкес келуі жолымен жобалардың сапасына баға беретін алдын-ала немесе жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу кезеңі. А9 инвестиция: Кәсіпкерлік және (немесе) басқа да қызмет объектілерінде табыс алу және (немесе) басқа да пайдалы әсерге жету мақсатында салынатын қаражаттар (ақша қаражаты, құнды қағаздар және басқа да мүлік). А10 инвестициялық жоба (ИЖ): Мемлекеттік инвестиция немесе инвестордың меншікті қаражаты есебінен іске асырылатын өткізімнің, жаңа құрылыс немесе қолданыстағы объектінің өзгертілуінің алдын-ала немесе жобалық құжаттамасы. А11 инвестициялық қызмет: Табыс алу және (немесе) басқа да пайдалы әсерге жету мақсатында инвестициялар салымы және тәжірибелік әрекеттерді жүзеге асыру. А12 инвестицияның табыстылық индексі (ТИ): Инвестициялық қызметтегі операциялық қызметтен бастап ақша ағынының абсолюттік шама құнының элементтеріне дейінгі ақша ағыны элементтерінің құнына қатысы. А13 инвестицияның тиімділігі: Инвестор, жобаға қатысушылар іске асыратын инвестициялық қызметтің мүддесіне және мақсатына сай инвестиция салуды көздейтін санаты. А14 инвестор: Инвестициалық жобаны қаржыландыруға қатысушы заңды немесе жеке тұлға. А15 күрделі қаржы салымдары: Негізгі капитал инвестициялары (негізгі қаражат), оның ішінде жаңа құрылысқа, кеңейтуге, қайта жаңартуға және жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыруға, машиналарды, құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар, жобалау-іздестіру жұмыстары және басқа да шығындар. А16 құрылыс (құрылыстық қызмет): Жаңа және/немесе қолданыстағы объектілерді (ғимараттарды, құрылымдарды және оның кешендерін, коммуникацияларды) өзгертіп, қайта тұрғызу жолымен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды құру жөніндегі қызметі, оған байланысты технологиялық және инженерлік құрал-жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), дайындау (өндірісті) және құрылыстық құрылғыларды, бұйымдарды және материалдарды жеткізу, іске қосылу-реттеу жұмыстарын жүргізу, құрылысты құрал-жабдықпен, машинамен және механизммен қамтамасыз ету, сондай-ақ құрылысы аяқталмаған құрылыстарды бұзылмайтындай етіп жұмыстар жүргізу және объектілерді кәдеге жарату. А17 құрылыс жобасы: Ұйымдар үшін және құрылыс жүргізу, аумақты инженерлік дайындау, объектілерді кәдеге жарату, абаттандыру үшін көлемдік-жоспарлау, құрылғылық, технологиялық инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және басқа да шешімдерді қамтитын жобалық (жобалау-сметалық) құжаттама. А18 құрылыстық қызметті лицензиялау: Құрылыс саласында жобалау, құрылыстық-монтаждау және басқа да жұмыстарды қатаң түрде белгіленген тізбеге сәйкес орындалатын жұмыстар және қызметтерді жүргізу үшін құзіретті мемлекеттік органдар беретін рұқсатнама. А19 құрылыстық өнім: Сәулеттік, қала құрылыстық, құрылыстық қызмет субъектеріндегі аралық және/немесе соңғы нәтижесі, оның ішінде жобалау-іздестіру, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік, құрылғылық-технологиялық, құрылыс-тық-монтаждау ұйымдары, құрылыстық индустрия және құрылыстық материалдар өндірісінің кәсіпорындары, мемлекеттік басқару және сәулеттік-құрылыстық бақылау органдары. А20 мемлекеттік инвестициялар: Мемлекеттік кепілдікке жұмылдыратын республикалық және жергілікті бюджеттердің, мемлекеттік қорлардың, шетел несиелерінің қаражаты, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың және мекемелердің қаражаты. А21 мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар): Мемлекеттік қала құрылыстық нормативтері және регламенттері, құрылыстық нормалары және ережелері, құрылыстық нормалары, құрылыста жетекшілік ететін құжаттары, құрылыстағы стандарттар және техникалық жағдайлары, құрылыстық қондырғыларды, бұйымдарды және материалдарды сертификаттау жұмыстары енетін нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың, басқа да міндеттелген талаптардың, шарттардың және шектеулердің жүйесі. А22 мердігерлер: - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тапсырыс берушімен жасасқан мемлекеттік келісім және (немесе) мердігерлік шарты бойынша жобалау және (немесе) құрылыстық жұмыстарды орындайтын заңды және жеке тұлғалар. Мердігердің заңнамаға сәйкес лицензиялауға жататын қызметтің басқа да түрлерін іске асыруға лицензиясы болуы шарт. А23 несиені өтеу: Несиені өтеу есебіндегі төлемнің бірінші күнінен бастап соңғы төлем күніңе дейінгі есептеп шығарылған мерзім. А24 нобайлық жоба: Сызбанұсқа, сызба, бастапқы нобай (сурет) нысанында орындалған және шешімнің негізгі мақсатын түсіндіретін жобалау (жоспарлау, кеңестік, сәулеттік, технологиялық, құрылымдық, инженерлік, декоративтік немесе басқа да) шешімнің оңайлатылған түрі. А25 объектінің құрылымы: Шартта (келісімде) көрсетілген, келісімді қолданысқа енгізу күнінен бастап, объектіні іске қосуға және пайдалануға беруге дайындығы туралы құжаттың соңғы күніне дейінгі объектінің құрылым кезеңі. А26 объектіні энергетикалық ресурстар көздеріне мүмкінді қосылуына арналған алдынала шарттар: Техникалық шарттар мен талаптары көрсетілмей объектіні мүмкінді энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етуге (инженерлік желілері көздеріне қосу) пайдаланатын ұйымдар немесе энергетикалық ресурстар көздерінің иелері беретін объектінің орналасқан жерін таңдауды алдынала келісу. А27 өтелімділік мерзімі: Есеп айырысу кезеңі, бастапқы уақытынан инвестицияның өтелімділік уақытына дейінгі ұзақтылық кезеңі. А28 табыстың ішкі нормасы (пайдалылықтың ішкі нормасы): Инвестициялық жоба (ИЖ) табысының көрсеткіші. А29 табыстылық индексі: Оның қаражатына салынған «жобаны қайтарып берудің» салыстырмалы көрсеткіші. А30 таза дисконтталған табыс (ТДТ): Есеп айырысу кезеңіндегі жинақтап, дисконтталған әсер. А31 таза табыс (ТТ): Есеп айырысу кезеңіндегі жинақталған әсер көрсеткіші (ақша ағынының қалдығы). А32 тапсырыс беруші: Жоспарлаған шаруашылық қызметті - құрылыс объектісін іске асыруды көздеген және жеткілікті ресурстық потенциалмен қамтылған заңды немесе жеке тұлға. А33 технико-экономикалық негіздеме (ТЭН): Инвестициялау мақсатының сипаттамасы бар негізгі бастапқы деректерін, инвестицияның тиімділік негіздемесін, оның ішінде: объектінің қызмет ету аясынан күтілетін экономикалық, әлеуметтік, коммерциялық әсерін, сондай-ақ құрылыс объектісінің негізгі техникалық және технологиялық параметрлерінің мәліметін және объектінің технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтау есебін қамтитын алдын-ала құжаттама. А34 шарт: Әрқайсысы өзіне жүктелген міндеттемелерді, өз жағынан және екінші жақтың қатысуымен міндетті түрде бір нәрсені орындау үшін жасасқан екі немесе бірнеше тұлғалардың (экономикалық субъектілердің) ерікті келісімі. Шарт келісуші тараптардың өкілетті өкілдерінің қойылған қолдарымен және мөрімен бекітіледі. Шарттар сондай-ақ келісім-шарттар деп аталады.
Б қосымшасы
Объектілер құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу үшін пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер және құжаттар тізбесі
Б1 «Мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыланатын технико-экономикалық негіздемелерін және құрылыс жобаларын қарастыру және бекіту үшін нормативтік құжаттарды қолдану бойынша уақытша методикалық нұсқаулар», Астана, Құрылыс істері жөніндегі комитеті, 2001 ж. Б2 «Құрылыста жаңа техника, өнертабыстар мен оңтайландырылған ұсыныстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау жөніндегі нұсқау». 509-78 ҚН, Стройиздат, Мәскеу, 1978ж. Б3 «Кәсіпорындар, ғимараттар және құрылымдардың құрылысын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту және оның құрамы туралы нұсқау», ҚР ҚНжЕ А.2.2-1-2001, Астана, 2002 ж. Б4 «Қазақстан Республикасындағы қала құрылыстық жобалардың құрамы, әзірлеу, келісу және бекіту туралы нұсқаулық», ҚР ҚНжЕ 3.01-07-2001, Астана, 2001 ж. Б5 «Инвестициялық жобалардың тиімділік бағасы бойынша методикалық ұсынымдар» (екінші редакциясы), Экономика, Мәскеу, 2000 ж. Б6 Кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттардың құрылысына арналған инвестициялар негіздемесін әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамы» 11-101-95 ЕЖ, Мәскеу, 1995 ж. Б7 Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2005 жылғы 18 наурыздағы № 245 бекітілген «Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарастыру Ережелері». Б8 Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2005 жылғы 18 наурыздағы № 245 бекітілген «Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру Ережелері». Б9 Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 144 бекітілген «Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) технико-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар».
В қосымшасы
Объектілер құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге арналған тапсырмаға енетін деректердің және талаптардың шамамен алғандағы тізбесі
В1 Өндірістік мақсаттық
В1.1 Тапсырысшы туралы (инвестор) негізгі деректеме. В1.2 Кәсіпорынның, ғимараттың, құрылымның орналасқан жері. В1.3 Инвестициялау мақсаты және табыс көздері, қарастырылған қаржы есебінің көлемі. В1.4 Өнім номенклатурасы (көрсетілетін қызметтер көлемі). В1.5 Технологияға, өнім өндірісіне және негізгі құрал-жабдыққа қойылатын талаптар. В1.6 Сәулеттік-жоспарлау, құрылымдық және инженерлік шешімдерге қойылатын талаптар. В1.7 Қоршаған ортаны қорғау орнына қойылатын талаптар. В1.8 Құрылыстың негізгі жағдайы В1.9 Объектінің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері. Тапсырмаға қоса ұсынылатындар: - атқарушы биліктегі жергілікті органдарынан алынған деректер, оның ішінде мақсаты туралы Қолдаухатты (Декларацияны) қарастыру нәтижелері бойынша шешімдер, кәсіпорынды (ғимаратты, құрылымды) қамту көздеріне, инженерлік желілерге және коммуникацияларға қосылу мүмкіндігіне қойылатын алдын-ала талаптар, картографиялық (топографиялық) деректер, ахуалдық жоспар және т.с.с, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық жағдайлар бойынша талаптар; - кәсіпорынның өніміне белгіленетін техникалық сипаттамалар, оның құны жөнінде деректер; - технологиялық процесстер және құрал-жабдықтарды құру (қолдану, пайдалану) бойынша талаптар; - басқа да деректер. В2 Тұрғын үй-азаматтық мақсаттық
В2.1 Тапсырысшы туралы (инвестор) негізгі деректеме. В2.2 Ғимараттың (құрылымның) орналасқан жері. В2.3 Инвестициялау мақсаты және табыс көздері, қарастырылған қаржы есебінің көлемі. В2.4 Міндеті, қуаты (сиымдылығы) және (немесе) көрсетілетін қызметтер көлемі. В2.5 Сәулеттік-жоспарлау, құрылымдық және инженерлік шешімдерге қойылатын талаптар. В2.6 Қоршаған ортаны қорғау орнына қойылатын талаптар. В2.7 Құрылыстың негізгі жағдайы В2.8 Объектінің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері. Тапсырмаға қоса ұсынылатындар: - атқарушы биліктегі жергілікті органдарынан алынған деректер, оның ішінде мақсаты туралы Қолдаухатты (Декларацияны) қарастыру нәтижелері бойынша шешімдер, ғимаратты (құрылымды) қамту көздеріне, инженерлік желілерге және коммуникацияларға қосылу мүмкіндігіне қойылатын алдын-ала талаптар, картографиялық (топографиялық) деректер, ахуалдық жоспар және т.с.с, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық жағдайлар бойынша талаптар; - басқа да деректер.
Г қосымшасы (ұсынылатын)
Құрылыстың жобаланатын объектісінің (кәсіпорынның, ғимараттың және құрылымның) есептік техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтауға ұсынылатын кестелерінің тізбесі
Төменде жобаланатын кәсіпорынның, ғимараттың және құрылымның есептік көрсеткіштерін анықтау үшін ұсынымға жататын кесте және есептік тәуелділік түріндегі кестесі келтірілген.
1 кесте - Өндірістік бағдарлама
Г қосымшасының жалғасы
2 кесте - Өнімді іске асырудан түсетін ақшалай түсім есебі
3 кесте - Инвестициялық шығындардың жиынтық ведомосы
4 кесте - Инвесторлардың құрамы және өндіріс алдындағы және өндіріс кезеңіндегі жобаланатын қаржыландыру көздері (млн.теңге шамасында)
Г қосымшасының жалғасы
Негізгі қаражаттардың құрамы және құрылымы
5 кесте - Банктік несиелерді өтеу мерзімі және көлемі (сәйкестендірілген ақшалай бірлікте)
Г қосымшасының жалғасы
6 кесте - Жөнелтпе құжат шығындарының жиынтық ведомосы
7 кесте - Өндірістік шығындардың жиынтық ведомосы (млн. теңге)
8 кесте - Өнімнің өзіндік құнының құрылымы (экономикалық элемент бойынша)
Г қосымшасының жалғасы
9 кесте - Таза табыстың есебі (млн.теңге)
10 кесте - Кәсіпорынның пайдалануы және құрылыс кезеңіндегі ақшалай қаражатының қозғалысы
Ақша ағыны (шартты бірлікте)
Г қосымшасының жалғасы
11 кесте - Кәсіпорынды құру (дамыту) инвестициясындағы таза дисконтталған табыстың және дисконтталған пайдалылықтың есебі (при Е = )
12 кесте - Интегралдық әсер есебі
13 кесте - Кәсіпорынды құру және пайдалану кезіндегі шығындарының ішкі пайдалылық нормасының есебі
Г қосымшасының жалғасы
14 кесте - Залалсыздық деңгейінің есебі
15 кесте - Инфляция туралы мәлімет
Жобада жобаланып, алынбай қалған табыстар қатеріндегі бағдарлық шама түзетілімі
Г қосымшасының соңы
16 кесте - Кәсіпорынды құрудағы (дамытудағы) инвестициялардың тиімділігі туралы қорытындыланған дерек
Жобаның бюджеттік тиімділік көрсеткіштері есебі
Е қосымшасы (ұсынылатын)
Объектілер құрылысының (кеңейту, қайта жаңарту және басқалар) техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту үшін ұсыныс жасалған негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер
Е1 Өндірістік мақсаттық
Е2 Тұрғын үй-азаматтық мақсаттық
ӘОЖ 698 МСЖ 91.040.01
Түйін сөздер: инвестициялық жобаларды әзірлеу, жобаны іске асыру, келісу, шикізат, материалдар, энергетикалық ресурстар, еңбек және қаржылық ресурстар. |