СП РК 5.06-10 каз КОНСТРУКЦИИ С ПРИМЕНЕНИЕМ ГИПСОВОЛОКНИСТЫХ ЛИСТОВ СП РК 5.06-10ГИПСТАЛШЫҚТЫ ТАБАҚТАР ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰРЫЛЫМДАР
КОНСТРУКЦИИ С ПРИМЕНЕНИЕМ ГИПСОВОЛОКНИСТЫХ ЛИСТОВ
Енгізілген күні 2005.05.01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
Гипсталшықты табақтар қолданылатын құрылымдар әр түрлі қызметтегі, отқа төзімділігі және өрт қауіптілігінің қызметтік кластары әр түрлі дәрежелі, кез келген қабаттылықты және кез келген құрылымдық жүйелі, сейсмикалық аудандарды және ерекше жағдайдағы басқа да аудандарды қоса алғанда, елдің барлық климаттық аудандарында тұрғызылған ғимаратта, құрылымдарға қойылатын нормативтік талаптарды орындау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Нақты құрылымдарды пайдалану саласының бар шектеулері осы Ережелер жинағының 5-тарауында көрсетілген. 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы нормалар және ережелерде тізімі А қосымшасында келтірілген нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған. 3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Гипсталшықты табақтарды ғимараттың құрылымын құрылғылау кезінде, егер құрылыстық құрылымдардың бетіндегі әрлеулердің «сулы» процестерін алып тастау орынды болса, ал сондай-ақ құрылымдық материалдардың аз шығынды кезіндегі құрылымдардың жылу қорғаныстық, дыбысоқшаулағыштық және (немесе) өрттік-техникалық сипаттамаларын жоғарылатуын қамтамасыз ету қажет болса, қолдануға ұсынылады. 3.2 Гипсталшықты табақтар қолданылған қаңқалы-қаптамалы құрылымдар металл немесе ағаш қаңқаларды қаптау жолымен орындалады. Ереже бойынша, ағаш қаңқалы құрылымдарды құрылыстық және құрылыстық-жөндеу жұмыстарының шағын көлемдерінде қолдану орынды. 3.3 Осы Ережелер жинағында 4-тарауда көрсетілген бұйымдар мен материалдарды жинақтаған қаңқалар элементтерін қолдануға байланысты әзірленген ұсынылатын құрылымдық шешімдер келтірілген.
Ресми басылым
3.4 4-тарауда көрсетілген бұйымдар және материалдар, қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын қанағаттандырылуы және сәйкес сертификаттарын қоса алғанда (міндетті сертификаттауға жататын материалдар үшін) жалғас құжаттамасы бар болуы тиіс.
4 ГИПСТАЛШЫҚТЫ ТАБАҚТАРДАНЖАСАЛҒАН ҚҰРЫЛЫМДАРҒА ПАЙДАЛАНЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАР4.1 Гипсталшықты табақтар4.1.1 Гипсталшықты табақтар мәндері 4.1 және 4.2-кестелерде көрсетілген физикалық-техникалық сипаттамаларын иеленген қаптама материалдар болып табылады. 4.1.2 "КНАУФ" тобының кәсіпорны өндірісінің гипсталшықты табақтары келесідегідей өрттік-техникалық сипаттамасымен жанғыш құрылыстық материалдарға жатады: - жанғыштық тобы МСТ 30244-Г1 бойынша; - тұтанғыштық тобы МСТ 30402-В1 бойынша; - түтін тудырушы қабілетті тобы МСТ12.1.044-Д1 бойынша; - жану өнімдерінің улағыштық тобы МСТ 12.1.044-Т1 бойынша; - жалынды тарату тобы МСТ 30444-РП1 бойынша.
4.1 - к е с т е
4.2 - к е с т е
4.1.3 Гипсталшықты табақтар мынадай екі түрде дайындалады: кәдімгі (ГТТ) және ылғалды (ГТТЫ). ГТТ түріндегі табақтарды құрғақ және нормальды ылғалды режимді бөлменің қоршау құрылымдарында қолдану керек, сондай-ақ ГТТЫ табақтары да ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 бойынша ылғалдылықты режиммен ылғалды бөлмелердің қоршау құрылымдарында қолданыла алады. Сулы ылғалды режимді бөлмелерде гипсталшықты табақтарды қолдануға жол берілмейді. 4.1.4 Өлшемдеріне байланысты табақ ірі пішіндіге [2500´1200´10(12,5) мм] және шағын пішіндіге [1500´1200´ ´(1000)´10(12,5) мм] бөлінеді. Табақтардың номиналды өлшемдері 4.3-кестеде келтірілген. Табақтардың номиналдық өлшемдерінен шекті ауытқулары 4.4-кестеде келтірілген.
4.3 - к е с т е
4.4 - к е с т е
4.1.5 Гипсталшықты табақтар 4.5-кестеде екі типті бойлық жиекпен шығарылады. 4.5 - к е с т е
4.1.6 Қоршау құрылымдардың қисықсызықты доғалсызықтың беттерін құрылғылау қажет кезінде иілмелі гипсталшықты табақтар қолданылады. Гипсталшықты табақтардың сулы жағдайдағы иілімділігінің ең аз радиусы: қалыңдығы 10 мм табақтар үшін 400 мм және қалыңдығы 12,5 мм табақтар үшін 1000 мм; құрғақ жағдайға тиісінше – 3750 мм және 5500 мм.
4.2 Қаңқалардың элементтері4.2.1 Металдық қаңқаны құрылғылау үшін МСТ 14918 бойынша болаттан дайындалған қалыңдығы 0,6 мм-ден кем емес, көміртекті суық тегістелген болат мырышталған таспадан жасалған иілмелі пішіндерді қолдану ұсынылады. 4.2.2 Құрылымды құрылғылау үшін ұсынылатын қима пішіні және пішіндердің номенклатурасы 4.6-кестеде келтірілген. Қаңқаның ұсынылатын пішіндерінің қималары сипаттамалары Б қосымшасында келтірілген. 3.3-те көрсетілген шарттар сақталған жағдайларда басқа пішіндер мен өлшемдердің иілмелі пішіндерін пайдалануға жол беріледі.
4.6 - к е с т е
4.2.3 Болат пішіндер келесідегідей талаптарды қанағаттандыруы тиіс: - пішіндердің қимасының енінің биіктігі және номиналдан ауытқуы ±1,0 мм-ден, пішіндер ұзындығы ±3,0 мм-ден аспауы тиіс; - бойлық осьтердің айналасындағы бұрау пішіндердің ұзындығы 1°-ге 1 м-ден аспауы тиіс пішіндердің кез келген бұрауына, көлденең жазықтықта пішіндерді салу кезіндегі және құрылымға пішіндерді қондырғылау кезінде жойылуы кезінде жол беріледі; - жергілікті қисықтық пішіннің ұзындығының 1 м-іне 2 мм-ден аспауы тиіс; жалпы қисықтық жергілікті қисықтықтың, пішіннің барлық ұзындығына көбейтілген рұқсат етілетін мәнінен аспауы тиіс; - пішіннің бетінің толқындығы 2,5 мм-ден, толқынның ұзындығы 150 мм-ден аспауы тиіс; - пішіннің бетіне негізгі металл бойынша бұдырларға, жарықшақтарға, терең сызаттарға жол берілмейді. 4.2.4 Құрылымның қисықсызықты беттері бар металдық қаңқасын құрылғылау үшін зауыттық жағдайда қолдану ұсынылады. 4.2.5 Ағаш қаңқаларды құрылғылау үшін 2-ші сорттан төмен емес антисептелген ағаштан алынған кесілмелі материалдар МСТ 8486 бойынша пайдаланылуы тиіс. Ағаштың ылғалдылығы құрылымдарда кесілмелі материалдарды қолданғанда 12±3 % шектерінде болуы тиіс. 4.3 Жинақтаушы материалдар және бұйымдар4.3.1 Жинақтаушы бұйымдар 4.3.1.1 Металл қаңқалар элементтерін өзара және ғимараттың көтеруші құрылымдарына бекітуге, сондай-ақ гипсталшықты табақтарды қаңқаға бекітуге арналған, мамандандырылған кәсіпорындармен дайындалған және пайдалануға ұсынылатын бұйымдардың түрлері мен сипаттамалары 4.3.1.2-4.31.7-лерде көрсетілген. Бекіткіш және қосқыш бұйымдардың басқа түрлерін қолдануға 3.3 бойынша жағдайлар кезінде жол беріледі. 4.3.1.2 Қаңқалардың элементтерін қосу және оларды ғимараттың көтеруші құрылымдарына бекіту үшін сипаттамалары мен қызметі 4.7-кестеде келтірілген қосқыш бөлшектер мен аспаларды қолдану ұсынылады. 4.3.1.3 Гипсталшықты табақтарды пішінінің қабырғаларының қалыңдығы 0,7 мм-ден кем металл қаңқаға және ағаш қаңқаға МСТ 10702 бойынша 10, 10 кл, 15, 15 кл, 20 және 20 кл маркалы болаттан жасалған екі жағынан кіретін тегіс пішінді оймалы, фрезерленген жасырын пішінді басы бар, айқаспа тәрізді шлицті және өткір ұшты өзі кесетін бұрамаларды (бұрама шегелерді) қолдану ұсынылады. 4.3.1.4 Гипсталшықты табақтарды пішіндердің қабырғаларының қалыңдығы 0,7 - 2,2 мм металл қаңқаға және ағаш қаңқаға МСТ 10702 бойынша 10, 10 кл, 15, 15 кл, 20 және 20 кл маркалы болаттан жасалған жасырын пішінді басы бар, айқаспа тәрізді шлицті өзі кесетін бұрамаларды (бұрама шегелерді) қолдану ұсынылады. Бұрамалардың ұзындығы қаңқаның түріне және қаптаманың қалыңдығына байланысты анықталады (4.8-кесте). 4.3.1.5 Металдық бөлшектерді өзара байланыстыру үшін МСТ 10702 бойынша 10, 10кп, 15, 15кп, 20 және 20кп маркалы болаттан жасалған дайындалатын айқаспа тәрізді шлицтермен және ұшталған ұшымен өзі кесетін бұрамаларды (бұрама шегелерді) пайдалану ұсынылады (4.8-кесте). 4.3.1.6 Қазанның пішіндерін және аспаларды көтергіш құрылымдарға бекіту үшін анкрлік дюбельдерді қолдану ұсынылады, ал гипсталшықты табақтардан жасалған қаптамаларға тікелей аспалық жабдықтарды бекіту үшін номенклатурасы 4.9-кестеде келтірілген арнайы дюбельдерді пайдалану ұсынылады. 4.3.1.7 Ағаш қаңқалардың элементтерін өзара бекіту қалыңдығы 0,6 мм-ден кем емес көміртекті суық төселген табақты мырышты болаттан жасалған артықшылықты түрде қолданудағы бастырмалары бар шегелерде қарастырылады.
4.3.2 Жинақтаушы материалдар 4.3.2.1 Гипсталшықты табақтардың арасындағы түйістерді бітеу үшін ұстасу мерзімдерін ұлғайтатын және суұстағыштық қабілеттіктерді жоғарылататын арнайы қоспалармен МСТ 125 бойынша гипстік тұтқырғыш негіздегі құрғақ тығыздағыш қоспаны пайдалану ұсынылады. Иілімділік кезіндегі беріктіктің шектеуі - 1,5 МПа-дан кем емес, қысу кезіндегі беріктіктің шектеуі - 3 МПа. Ұстасу 90 минуттан ерте емес басталады. Ұнтақтың жұқалығы:0,2 мм електегі қалдық - 0,2 %-тен артық емес, 0,1 мм електегі - 0 %. 4.3.2.2 Гипсталшықты табақтардың бетін жоғары сапалы бояуға дайындау үшін жақсы әрленген мәрелік тығыздауды пайдалану ұсынылады. 4.3.2.3 ГТТЫ-дан жасалған еденнің элементтерінің қайырмаларын және табақтардың өздерін желімдеу үшін едендердің жабындарының астындағы құрама негіздіктерді құрылғылау кезінде арнайы осы мақсатқа арналған желімді пайдалану ұсынылады. Силикатты және акрилдік негіздегі желімді пайдалануға жол берілмейді. 4.3.2.4 Жіктерді тегістеудің алдында өңдеу үшін және гипсталшықты табақтардан жасалған қаптамалардың бетін әрі қарай әрлеу үшін дайындауда астарламаны пайдалану ұсынылады. 4.3.2.5 Бағыттаушы пішіндердің немесе қаңқаның сырғауылдары және көтергіш құрылымдарының араларындағы, екі қабат қаңқаның тіректік пішіндері арасындағы, сондай-ақ қабырғалар мен ұстындарға жанасатын тіректік пішіндер немесе сырғауылдар арасында өздігінен желімделетін ұсақкеуекті полимерлік тығыздағыш таспаларды немесе қатпайтын герметиктерді пайдалану ұсынылады. 4.3.2.6 Гипсталшықты табақтардың қайырмалық жиектермен (ФЕ) пайда болған түйістерді бітеу үшін торлы немесе тесілген шынылы-маталы арматураланған таспалар (серпянка) қолданылады. 4.3.2.7 Санитарлық-техникалық бөлмелердегі (ванналар, сусебезгілер және с.с) тікелей ылғалдылық әсерінде болатын гипсталшықты табақтардың беттерін гидрооқшаулауғыш құраммен жабу, қабырғалардың өзара және қабырғалардың еденмен шектесетін орындарында өздігінен желімделетін гидрооқшаулағыш таспаларды пайдалану ұсынылады. 4.3.2.8 Арақабырғалардың құрылымдарында, қабырғалардың және мансардалық бөлмелердің қаптамаларында, сондай-ақ аспалы төбелердің құрылымдарында жылудыбысоқшаулағыш материал ретінде МСТ 9573 бойынша синтетикалық байланыстырғышта минералмақталы тақталарды немесе МСТ 10499 бойынша синтетикалық байланыстырғыштағы шынымақталық тақталарды қолдану ұсынылады.
4.4 Құрылымдарды құруда қолдануға ұсынылатын материалдар және бұйымдар 4.4.1 Ғимараттың құрылымын гипсталшықты табақтарды қолданумен құрылғылауда мамандандырылған кәсіпорындармен жинақталған материалдар мен бұйымдарды пайдалану ұсынылады.
4.8 - к е с т е - Өздігінен кесетін бұрамалардың (бұрама шегелердің) номенклатурасы
4.9 - к е с т е – Дюбельдердің номенклатурасы
4.4.2 Материалдар және бұйымдардың, сондай-ақ гипсталшықты табақтардан жасалған құрылымдарды құрылғылауға қажетті және КНАУФ тобының кәсіпорындарымен жеткізілген құрал-саймандардың тізімі 3 және 4-қосымшаларында келтірілген.
5 ГИПСТАЛШЫҚТЫ ТАБАҚТАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕРІ
5.1 Жалпы ережелер 5.1.1 Осы тарау гипсталшықты табақтар қолданылатын элементтік құрастырудың құрылымдарын жобалауға таратылады. Құрылымның әрбірінің қолдану саласы осы тараудың нақты бөлімшелерінде дәлденген. 5.1.2 Ғимараттың гипсталшықты табақтар қолданылатын құрылымдарына мынадай бөлімдерде жалпы талаптар ұсынылады: - беттердің сапасы; -қаптамалар материалының өрттік-техникалық сипаттамалары (ғимараттардағы эвакуация жолдарында орналасқан құрылымдар үшін); - қаптамалар материалының гигиеналық сипаттамалары; - қоршаған ортаның әсерлеріне, соның ішінде жоғарылатылған ылғалдылықтың әсерлеріне және ортаның жебірлік әсерлеріне кедергілік сипаттамалары. 5.1.3 Беттердің сапасына (гипсталшықты табақтар арасындағы түйістер аймағындағы беттерден басқа), қаптамалар материалының гигиеналық және өрттік-техникалық сипаттамаларына қойылатын талаптардың орындалуы олар 4.1-бөлімшеде көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, гипсталшықты табақтардың қасиеттерімен қамтамасыз етіледі. 5.1.4 Құрылымның қоршаған ортаға әсерлеріне кедергісі келесідегідей шарттарда қарастырылады: - ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 бойынша ылғалды температуралы - ылғалды режимді бөлмелердегі құрылымдар үшін ылғалға төзімді гипсталшықты табақтар (ГТТЫ түрі пайдаланылады; - ортаның жебірлік әсерлері жағдайларында пайдаланылатын құрылымдар үшін құрылымның металл және ағаш қаңқасының элементтері ҚР ҚНжЕ 2.01-019-2004 талаптарына сәйкес тоттанудан қорғалған.
5.2 Қаңқалы-қаптамалы арақабырғалар 5.2.1 Жалпы талаптар 5.2.1.1 Осы тарау ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 бойынша құрғақ, қалыпты және ылғалды режимді бөлмелерді қоршауға арналған арақабырғаларға таратылады. 5.2.1.2 Қаңқалы-қаптамалы арақабырғаларға металл немесе ағаш қаңқаны және оған өздігінен кесетін бұрамалармен бекітілген гипсталшықты табақтардан жасалған қаптаманы енгізеді. Қаптамалар арасындағы ауалық қуыс жылудыбысоқшаулағышымен толтырылуы мүмкін. Металл және ағаш қаңқасы бар арақабырғаларды қолдану саласы жебірлік әсердегі ортаның жағдайларында ҚР ҚНжЕ 2.01-19-2004 ескеріліп, анықталуы тиіс. 5.2.1.3 Арақабырғалардың қолдануға ұсынылатын құрылымдық сұлбалары 5.1-кестеде келтірілген. Арақабырғалардың сұлбаларын таңдауда күштік және басқа әсерлер, ғимараттың қызметтік және құрылымдық қауіптілік және отқа төзімділік дәрежесі кластары, ғимараттың пайдалану шарттарын ескеретін қабылданған көлемдік-жайғасымдау параметрлері (соның ішінде, қабаттың биіктігі) және көлемдік-жайғасымдау шешімдері ескерілуі тиіс.
5.2.2 Құрылымдық талаптар 5.2.2.1 Металл қаңқаның тіреулерінде қажет жағдайда пішіндердің ұзындығы бойынша үңгілеу әдісімен түйісуін немесе қосымша пішіндерді пайдаланумен аралық қарастыруға жол беріледі (1-сурет). Аралық әдісімен түйісуде айқас жабынның ұзындығы түйісетін пішіндердің қимасының 10 еселік биіктігінен кем емес қабылдануы тиіс, ал қосымша пішінді пайдалану кезінде оның ұзындығы түйіспелі пішіндердің 20 еселік биіктігінен кем емес болуы тиіс. Қаңқаның тіреулеріндегі пішіндердің түйісулері ортақ (жүгірмелі) жылжытумен орналасуы тиіс. Бұл ретте бір горизонталь жазықтықта пішіндердің түйісуі 20 %-тен артық тіреулерде болуы тиіс. 5.2.2.2 Ағаш қаңқалы арақабырғалардың тіреулеріндегі білеушелердің түйісулерін болат бастырмаларды пайдаланып құрылғылау керек. 5.2.2.3 Металл және ағаш қаңқалардың жоғарғы және төменгі горизонталь белдеулерінде бағыттаушы пішіндерді және білеушелерді аралықпен айқас жабындарсыз қосуға жол беріледі. 5.2.2.4 Арақабырғалардың ағаш қаңқасының жоғарғы байламындағы кесілмелі материалдардың түйісулері тіреулердің үстінде, төменгі байламда - тіреулер арасында орналасуы тиіс. Жоғарғы байламдардағы кесілмелі материалдардағы түйістеріндегі және тіреулердегі, сондай-ақ байламдар және тіреулер арасындағы түйістердегі шегелердің ұзындығы және минималды саны ҚНжЕ II-25-80-ге сәйкес есеппен анықталуы тиіс. 5.2.2.5 Бағыттаушы металдық пішіндерді және қаңқалардың ағаш білеушелерін еденге және төбеге бекітуді, сондай-ақ қабырғаларға немесе ұстындарға жанасатын тіреулерді 1000 мм-ден артық емес қадаммен, бірақ, бір пішінге (білеушеге) үш бекітпеден кем емес дюбелдердің көмегімен қарастыру керек. Үш қабатты қаптамалы және мырышталған болат қабатты арақабырғада (5.1-кесте бойынша 6-сұлба) бағыттаушы пішіндердің еденге және төбеге бекіту қадамы 500 мм-ден артық болмауы тиіс. 5.2.2.6 Металл қаңқаның тіреулерін бағыттаушыға бекітуді «бүктеп тесулер» әдісімен тескіш көмегімен, ал ағаш тіреулерді – шегелермен немесе бұрамалармен қарастыру керек. 5.2.2.7 Гипсталшықты табақтар арасындағы горизонталь түйістер орындарында қаңқаның тіреулеріне бекітілген, ПН немесе ПС металл пішіндерден немесе ағаш білеушелерден жасалған қаңқада горизонталь ендірмелер ені 100 мм шамасындағы гипсталшықты табақ жолағынан жасалған ендірмелер (2-сурет) қарастыру керек. 5.2.2.8 Арақабырғалардың дыбысоқшаулауын жоғарылату мақсатында қаңқаның бағыттаушы пішіндері мен аражабындардың (еденмен және төбемен) арасында нығыздағыш таспалар немесе герметиканы қолдануды қарастыру керек. Нығыздағыш таспаны немесе герметикті, сондай-ақ металл қаңқаның жұптасқан тіреулері арасында және қаңқаның қабырғалар және ұстындармен түйіндесуі орындарында қарастыру керек. 5.2.2.9 Арақабырғалар қаңқасы деформациясының жоғары жатқан аражабынның уақытша жүктемелердің әсерінен болатын иіліміне тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін 3-суретте көрсетілгендей арақабырғалардың төбелерге жанасатын орындарда жылжымалы қосуларды қарастыруды ұсынады. 5.1 - к е с т е - Арақабырғалардың құрылымдық сұлбалары
5.2.2.10 Ұзындығы 15 м-ден артық арақабырғаларда бір-бірінен және арақабырғалардың шетінен 15 м артық емес қашықтықта орналасқан температуралық (деформациялық) жіктерді (4-сурет) құрылғылауды қарастыру қажет. 5.2.2.11 Арақабырғалардың коммуникациялық трассалармен түйіндесу орындарында қаңқаның тіреулерінің арасында ПН және ПС пішіндернен алынған жиектеуші элементтерді, оларды тіреулерге бекітіп орнатуды қарастыру керек (5-сурет). 5.2.2.12 Құбырларды гипсталшықты табақтардан жасалған қаптама арқылы өткізу орындарында оларды серпімді аратөсемдері бар шайбалар арқылы бекітуді және құбырлардың шектесу орындарын гипсталшықты табақтардан жасалған қаптамамен міндетті герметикаландыруда қарастыру керек (6-сурет). 5.2.2.13 Гипсталшықты табақтар қаңқаға 250 мм-ден артық емес қадамда орналасқан өзі кесетін бұрамалармен бекітіледі. Бұрамалар табақтың жиегінен 10 мм-ден кем емес арақашықтықта болуы тиіс. Бұл ретте екі шектес вертикаль қатарлардағы бұрамалар (бір тіреуге қос табақтарды бекіту кезінде) вертикаль бойынша 10 мм-ден кем емес қиылысуы тиіс. Екі қабатты қаптамада бірінші қабаттың табақтарын бекіту бекіту кезінде бұрамалардың қадамын 3 есе үлкейтуге болады. Үш қабатты қаптамалы арақабырғалардың құрылымдарында бұрамалардың қадамы мыналардан: бірінші қабат үшін – 750 мм-ден, екінші қабат үшін – 500 мм-ден, үшінші қабат үшін – 250 мм-ден артық емес мөлшерді құрайды. Өздігінен кесетін бұрамалар гипсталшықты табақтарға тік бұрышпен кіруі тиіс және пішіннің сөресі арқылы 10 мм-ден кем емес, ал қаңқаның ағаш білеушесіне 20 мм-ден кем емес тереңдікке өтуі тиіс. Үш қабатты қаптамаларда үшінші қабаттың табақтары екінші қабаттың табақтарына ұзындығы 22 мм бұрамалармен бекітіледі. Шетжақ түйістер вертикаль бойынша 400 мм-ден кем емес жылжытылуы тиіс. Екі қабатты қаптамада бірінші қабаттың табақтарының шетжақ түйістері де екінші қабаттың табақтарының түйістеріне қатысты алғанда, сондай-ақ 400 мм-ден кем емес жылжытылуы тиіс. Қаптама және төбелердің арасында - 5 мм, ал еден мен қаптаманың арасында – 10 мм саңылау қалдыру керек.
5.2 - к е с т е
5.2.2.15 Гипсталшықты табақтарды қыш тақтамен қаптау кезінде қаңқаның тіреулерінің қадамы 400 мм-ден артық болмауы тиіс. 5.2.2.16 Сыртқы бұрыштардағы гипсталшықты табақтармен пайда болған болуы мүмкін соққылық жүктемелер аймағында қорғаныстық бұрыштық пішіндерді қолдану ұсынылады. 5.2.2.17 Гипсталшықты табақтардың төбе мен қабырғалардың беттерімен қиылысу орындарында бөлгіш таспаларды қолдануды қарастыру ұсынылады. 5.2.2.18 Есік қорабына орнату орындарында арақабырғалардың металл қаңқасының тіреулерін есіктің массасы 30 кг-ға дейінгі кезінде ағаш білеушелерімен, ал үлкен масса кезінде – қалыңдығы 2 мм-ден кем емес қосымша пішінмен күшейтіледі.
5.2.3 Орнықтылықты қамтамасыз ету 5.2.3.1 Арақабырғалардың талап етілетін орнықтылығын қамтамасыз ету үшін тиісті қаңқаның элементтерінің қимасының геометриялық сипаттамасын, қаңқаның тіреулерінің қадамын, қабаттардың санын және қаптама табақтардың қалыңдығын таңдау керек. 5.2.3.2 Арақабырғалардың биіктігін негізделмеген есептерсіз 5.2-кестеде көрсетілгеннен артық емес қабылдауға жол беріледі. Арақабырғалардың максималды биіктігінің қаптамасының басқа нұсқаларын пайдалану кезінде өз салмағының әсер етуі кезінде олардың беріктігін қамтамасыз ету үшін есеппен анықтау керек. 5.2.3.3 Аспалы жабдықтардың әсерінен арақабырғалардың орнықтылығын қамтамасыз ету үшін осы Ережелер жинақтарының 9-тарауындағы ережелерді ескеру керек. 5.2.3.4 Арақабырғалардың құрылымдық сұлбаларының қабылданған нұсқасының беріктігі мен орнықтылығы, олардың жазықтығына перпендикуляр қолданылатын көлденең жүктемелердің әсері кезінде, W0 - ҚНжЕ 2.01.07-85* бойынша анықталған желдің арынының жылдамдығының есептік мәні болып бейнеленген 0,2 W0-ге тең қабылданған желдің жүктемелері ескеріліп, тексерілуі тиіс. 5.2.3.5 Сейсмикалылық әсерлердің есептерінде ескерілген есептік сейсмикалық жүктеме сейсмикалылығы 7, 8 және 9 баллдары бар аудандар үшін тиісінше 6,5; 12,8 және 25,6 кгс/м2 -ты құрайды. 5.2.3.6 Арақабырғалардың кездейсоқ соққыларға төзімділігі сындарлы құрылымдық қамтамасыз етілуі тиіс – 5.2.2.16-ны қараңыз.
5.2.4 Талап етілетін дыбысоқшаулағышты қамтамасыз ету 5.2.4.1 МҚН 2.04-03-2005-пен ауалық шуды оқшаулау индексімен нормаланған арақабырғаларды қаңқаның қаптамалар арасындағы ауалық қуысын дыбысоқшаулағыш материалымен толтыру арқылы жобалау ұсынылады. Осы материалдың сипаттамасы арақабырғаларды дыбысоқшаулаудың есептік мәні нормаланған мәндерге сәйкестікті қамтамасыз ету қажеттігінен шыға отырып іріктеп алынуы тиіс. 5.2.4.2 Ауалық шуды оқшаулау индекстерінің нақты мәндерін пайдаланылатын материалдардың қабылданған құрылымдық сұлбаларында және қабылданған сипаттамаларында МСТ 27296-ға сәйкес сынақ жолдарымен анықталуы тиіс. Нақты ғимараттарда 5.3-кестеде көрсетілген арақабырғаларды қолдануда, олардың дыбысоқшаулағыштық сипаттамалары тікелей осы кесте бойынша қосымша сынақтар жүргізбей-ақ қабылдануы мүмкін. Бұл ретте келесі шарттар сақталуы тиіс: - арақабырғалардың құрылымдық сұлбалары және дыбысоқшаулағыштық материалдарының сипаттамалары және арақабырғалардың қаптамалары 5.3-кестеде көрсетілгендерге сәйкес болуы тиіс; - пайдаланылған гипсталшықты табақтар оларға таратылатын нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес сертификатталған болуы тиіс; - арақабырғалар осы Ережелер жинақтарының талаптарына толық сәйкес жобалануы және жиналуы керек.
5.2.5 Жылуберілістің және буоқшаулағыштың талап етілетін кедергісін қамтамасыз ету 5.2.5.1 Жылытылатын және жылытылмайтын бөлмелерді бөлетін арақабырғаларда тығыздығы мен қалыңдығы ғимараттың жылу қорғауы жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталатын жылыту пайдаланылуы тиіс. 5.2.5.2 Жылыту қабатының талап етілетін сипаттамаларын есептеу кезінде, гипсталшықты табақтардың 4.2-кестеде көрсетілген жылу өткізушілік көрсеткішінің есептік мәндерін ескеру керек. 5.2.5.3 Жылытылатын арақабырғаларда жылытылатын бөлмелер жағынан буоқшаулағыш қабаты болуы тиіс. Бұл қабатты арақабырғалардың қаптамасының астына МСТ 10354 бойынша қалыңдығы 0,15 мм-ден кем емес полиэтилен үлдірлерін төсеу жолымен орнату ұсынылады. Үлдірлердің таспалары айқаспамен 100 мм-ден кем емес төселуі тиіс.
5.3 - к е с т е
5.2.6 Талап етілетін өрттік-техникалық сипаттамаларды қамтамасыз ету 5.2.6.1 Арақабырғалардың отқа төзімділігі шегі және өрт қауіптілігінің класы ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002-де көрсетілген және нақты қызметтік ғимараттарға таратылатын құрылыс нормалары және ережелеріндегі нормаланған мәндерге сәйкес болуы тиіс. 5.2.6.2 Арақабырғалардың құрылымдық шешімдерін қолдануда 5.4-кесте бойынша отқа төзімділік шектерінің мәндерін қабылдауға жол беріледі. Басқа құрылымдық сұлбаларды қолдануда, сондай-ақ 5.4-кестеде көрсетілгендерден айрықшаланатын сертификатталмаған гипсталшықты табақтарды және (немесе) оқшаулағыш материалдарды пайдалану кезінде арақабырғалардың отқа төзімділігінің шектері өрт қауіпсіздігінің сертификат Жүйесінде аккредиттелген орталықтармен немесе зертханалармен МСТ 30247.1-ге сәйкес анықталуы тиіс, бұл белгіленген тәртіпте бекітілуі қажет. 5.2.6.3 Арақабырғалардың өрт қауіпсіздігінің класы 5.2.6.2-де көрсетілгенге ұқсас МСТ 30403-ке сәйкес жүргізілген сынақтар бойынша анықталуы тиіс. Осы Ережелер жинағының талаптарымен толық сәйкес сертификатталған гипсталшықты табақтардағы қаптамалардан орындалған арақабырғалардың өрт қауіптілігі кластары сынақ жүргізілмей былай алынуы мүмкін: - К0 (15...45) – жылуоқшаулағыш қабатсыз немесе жанбайтын болып саналатын немесе МСТ 30244 бойынша жанғыштығы Г1 тобына жататын материалдан жасалған жылуоқшаулағыш қабатты металды қаңқасы бар арақабырғалармен; - К0 (15) – жылуоқшаулағыш қабатсыз немесе жанбайтын болып саналатын немесе МСТ 30244 бойынша жанғыштығы Г1 тобына жататын материалдан жасалған жылуоқшаулағыш қабаты бар қалыңдығы 12,5 мм-ден кем емес гипсталшықты табақтармен қапталған ағаш қаңқасы бар арақабырғалармен; - К0 (30) – сондай, қаптаманың әрбір жағынан жалпы қалыңдығы 25,0 мм-ден кем емес кезінде; - К0 (45) – сондай, қаптаманың әрбір жағынан жалпы қалыңдығы 37,5 мм-ден кем емес кезінде. 5.2.6.4 Отқа төзімділігі шегі EI 15 және EI 45-ден төмен емес және К0 өрт қауіптілік класты металл қаңқасы бар арақабырғалар ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 бойынша 2-ші және 1-ші типтерге сәйкес өртке қарсы арақабырғалар ретінде қолданылуы мүмкін. 5.2.6.5 Аражабындардың арасында отқа төзімділіктің нормаланған шегі бар арақабырға орналасқан майысуының күтілетін (есептік) мәндерінде үстіде жатқан арақабырғасы бар арақабырғалардың жылжымалы қосылысы көлеңкелік жіктермен немесе аспалы төбелердің тұйық жүйелерімен (3-сурет) орындалуы тиіс. 5.2.6.6 Отқа төзімділік шегі 0,5 сағ.-тан артық, диаметрі 60 мм-ден артық құбырлармен нормаланған өртке қарсы арақабырғаларды қию кезінде, құбырларды арақабырғалардың жазықтығынан оқшаулауын отқа төзімділік шегі, 0,5 сағ.-тан кем емес (7-сурет) бар қаптамамен қарастыру керек. 5.2.6.7 Өртке қарсы арақабырғаларды ауаарналардың ауаарналарымен қию кезінде, ауаарналардың қабырғалары қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі ғимараттар үшін 0,5 сағ.-тан кем емес отқа төзімділік шегін қамтамасыз ететін оттан қорғаныс иеленуі тиіс, бұл ретте өтудің құрылымдық шешімінің отқа төзімділік шегі, ереже бойынша, қиылысатын арақабырғалардың отқа төзімділік шегінен төмен болмауы тиіс. 5.2.6.8 Өртке қарсы арақабырғалардағы есіктер және ойықтардағы басқа да толтырмалар ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002-нің талаптарына сәйкес сертификатталуы тиіс. 5.4 - к е с т е
1-сурет - Саптау әдісімен метал пішіндерді (а) қосылу және қосымша пішіндері бар түйісу (б және в)
Көлденең қима
Тік қима
2-сурет – Горизонталь және вертикаль кесінділер, бір қабатты металл қаңқадағы бір қабатты қаптама гипсталшықты табақтары бар арақабырғалардың ішкі және сыртқы бұрыштары, түйісу түйіндері.
Көлеңкелік жіктермен жылжымалы қосылулар
Аспалы төбенің тұйық жүйесімен байланысты жылжымалы қосылу
Жоғарыда жатқан аражабынның иілісі 10 мм-ден артық күтілетін (есептік) мәнінде арақабырғаларды төбеге жылжымалы қосу қарастырылуы керек.
3-сурет - Арақабырғаны төбеге жылжымалы қосу
4-сурет - Арақабырғалардағы температуралық жіктер мен есік ойықтарының нұсқалары
1 - жиектеу элементтері; 2-қосымша тіреулер; 3 – тексергіш қақпақ
5-сурет - Диаметрі 60 мм-ден артық емес құбырларды орналастыру сұлбасы (а), технологиялық құбырларды - 60 мм-ден кем емес (б), ауаарналарды (в) және сумен қамтамасыз ету және жылу құбырлары (г)
6-сурет - Гипсталшықты табақтардан жасалған арақабырғалардың қаптамасына құбырларды бекіту сұлбасы
7-сурет - Гипсталшықты табақтардан жасалған арақабырғалардың құбырларымен түйіндесу кезінде гильзаның (а) және қаптаманың (б) құрылғылау сұлбасы
5.3 Қабырғаларды қаптау5.3.1 Қабырғаларды қаптау, бір жағынан гипсталшықты табақтардың бір немесе екі қабаттарымен қапталған металл және ағаш қаңқадан тұратын құрылымдық шешімдер болып келеді. Қаңқа қабырғаның қаптамалы бетіне бекітіледі. Қаптама қабырғаның келесі әрлеуі үшін негіз қызметін атқарады. Ол бір уақытта қабырғаның дыбысоқшаулағыштық мүмкіндігін жоғарылату қызметін және оттан қорғаныстық қызметін орындай алады. Қаптама мен қаптамалы беттің арасындағы кеңістікті жылудыбысоқшаулағыш материалмен толтыруға болады, бұл қабырғаның жылу қорғаныстық және дыбысоқшаулағыштық сипаттамаларын күшейтуге мүмкіндік береді. Жылытылған қабырғаларда қаптама астында буоқшаулағыш қабаты (5.2.5.3-ке қараңыз) орналасуы тиіс. 5.3.2 Қаптамаларды қолдану саласы – әр түрлі мақсаттағы ғимараттардағы сыртқы қабырғалардың ішкі беттері және кез келген материалдан жасалған ішкі қабырғалардың беттері. 5.3.3 Қаптамалардың қолдану үшін ұсынылатын құрылымдық сұлбалары 5.5-кестеде келтірілген. 5.3.4 Қаптамалардың металл қаңқасы үшін мыналарды қолдану ұсынылады: 1-сұлба бойынша – ПП 60/27 төбелік пішін, ПН 28/27 бағыттаушы пішін және тікелей аспа; 2-сұлба бойынша – ПН 50 (65, 75, 100)/40 бағыттаушы пішін және ПС 50 (65, 75, 100)/50 тіреулік пішін. 3-сұлба бойынша қаңқа үшін қимасы 60 (80)´50 мм ағаш тіреулік сырғауыл және қимасы 60´40 мм бағыттаушы сырғауыл қолдану ұсынылады. 5.3.5 Егер металл қаңқасы бар қаптама орнатылған болса, онда қабырғаның қапталған беті 100 мм-ге дейін тегіс емес кезінде1-құрылымдық сұлбаны, ал 100 мм-ден артық тегіс емес кезінде – 2-құрылымдық сұлбаны қолдану ұсынылады. 5.3.6 Қаңқаның бағыттаушы пішіндерін көтеруші құрылымдарға бекіту тығындағыш таспа немесе 1000 мм-ден артық емес қадамды дюбельдері бар герметик арқылы, бірақ бір пішінге үш бекітпеден кем емес ретпен жүзеге асырылады. Төбелік пішіндердің қабырғаның қаптамалы беттеріне бекіілуі тығындағыш таспа арқылы дюбельдермен бекітілетін тікелей аспалардың көмегімен жүзеге асырылады. Аспаларды қондырғылау қадамын1500 мм-ден артық болмауы тиіс. Шеткі жоғарғы және шеткі төменгі аспалар еденнен немесе төбеден 150 мм-ден артық емес қашықтықта бекітіледі. Бір төбелік пішінге үштен кем емес аспалардан келуі тиіс. Металл қаңқасы бар қаптаманың ұсынылытын құрылғылауы 8-суретте көрсетілген. 5.3.7 Қаңқаны гипсталшықты табақтармен қаптау арақабырғаларды қаптауға ұқсас жүзеге асырылады. Жылытылған қабырғалардың қаптамасының астына 5.2.5.3-ке ұқсас буоқшаулағыш қабат салынуы тиіс. 5.3.8 Ғимараттардағы температуралық жіктердің орналасқан орындарында, сондай-ақ қаптаманың ұзындығы 15 м-ден артық кезінде қаптамада температуралық (деформациялық) жіктерді қарастыру керек. Жіктердің ұсынылатын құрылғылауы 9-суретте көрсетілген. 5.3.9 Қабырғалардың қаптамасының терезелік және есік ойықтарына түйісуі 9-суретте көрсетілгендей құрылғылау ұсынылады. 5.3.10 Қаптамалардың орнықтылығы, 5.5-кесте бойынша құрылымдық сұлбаларды пайдалану кезінде, егер қаңқаның элементтерінің қимасы, тіреулердің қадамы және қаптаманың табақтарының қалыңдығы, сондай-ақ қаптаманың биіктігі 5.6-кестеде көрсетілгеннен артық емес қабылданса, қамтамасыз етіледі. Сипаттамалары 5.6-кестеде көрсетілгендерден өзгеше қаптамаларды пайдалану кезінде, қаптамалардың максималды биіктігі есеппен анықталуы тиіс.
5.3.11 Қабырғалардың жылутехникалық сипаттамаларының талап етілетін мәнін қамтамасыз ету 5.3.11.1 Бөлмелер жағынан жылытылатын сыртқы қабырғаларды, сондай-ақ жылытылатын және жылытылмайтын бөлмелерді бөлетін ішкі қабырғаларды қаптау кезінде жылыту қабатының қалыңдығы энергия үнемдеу шарттары бойынша талап етілетін жылу беру кедергісінен шыға отырып, қолданыстағы МЕЖ 2.04-101-2001-ге сәйкес есеппен анықталуы тиіс. Бұл ретте МҚН 2.04-02-2004, ҚР ҚНжЕ 2.04-21-2004*-тің талаптары қабырғада пайдаланудың жылдық кезеңінде ылғалдың жиналуына жол бермеушілік және теріс орта айлық температурасы бар кезеңінде ылғалдың шектелуі кезеңінде сақталуы тиіс. Есептерде 4.2-кестеде көрсетілген қаптау табақтардың жылуөткізгіштік мәнін есептеу керек. 5.3.11.2 Қапталған қабырғалардың ауаөткізгіштіккке кедергісін есептеулер кезінде ҚР ҚН 2.04-21-2004*, МҚН 2.04-03-2004, МЕЖ 2.04-101-2001- ге сәйкес келтірілген талаптармен гипсталшықты табақтардың ауаөткізгіштік көрсеткішіне ұқсас қабылдауға ұсынылатын гипскартонды табақтардың ауаөткізгіштік көрсеткішін ескеру керек. 5.3.11.3 Қапталған қабырғалардағы буөткізгіштікке кедергіні есептеуде 4.2-кестеде көрсетілген гипсталшықты табақтардағы буөткізгіштікке кедергінің мәнімен ескеру керек.
5.3.12 Қабырғалардың акустикалық сипаттамаларының талап етілетін мәнін қамтамасыз ету 5.3.12.1 Ауалық шуды оқшаулаудың индексінің нормаланған мәні бар ішкі қабырғалардың бетін қаптау кезінде бұл көрсеткіштің есептік мәні МҚН 2.04-03-2005 бойынша анықталуы тиіс. 5.3.12.2 Қапталған қабырғалардағы ауалық шуды оқшаулау индексінің нақты мәнін анықтау қажет кезінде қаптаманы құрылымдық нұсқасын қабылдау кезінде МСТ 27296 бойынша сынақ жүргізілуі тиіс.
5.3.13 Қапталған қабырғалардың өрттік-техникалық сипаттамаларының талап етілетін мәнін қамтамасыз ету 5.3.13.1 Қаптамаларды пайдалану кезінде қабырғалардың өрттік-техникалық сипаттамаларын жоғарылатылатын мәнін отқа қорғаныстық элемент ретінде мұндай қабырғалардың отқа төзімділігінің нақты шегін МСТ 30247.1, ал өрт қауіптілігін – МСТ 30403 бойынша сынақтарымен анықтау керек. 5.3.13.2 Қаптамалардың құрылымдық сұлбаларын таңдау кезінде, қалыңдығы 12,5 мм гипсталшықты табақтары бар қаптаманы қолдану қабырғалардың отқа төзімділік шегін 15 мин.-қа үлкейтуді және өрт қауіптілігінің уақытша сипаттамасының тиісінше үлкеюін [мысалы, құрылымдық К0 (15) класына арналған бұл сипаттама К0 (30)-ға дейін жоғарылауы мүмкін] қамтамасыз ете алатындығын ескеру ұсынылады.
5.5-к е с т е - Қабырғалардың қаптамасының құрылымдық сұлбалары
5.6 - к е с т е
8-сурет - Горизонталь және вертикаль кесінділер, металды қаңқа бойынша бір қабатты гипсталшықты табақтармен қаптаулары бар ішкі және сыртқы қаптама бұрыштары, түйісу түйіндері.
9-сурет - Қабырғаларды қаптамадағы температуралық жіктер, терезелік немесе есіктік ойық
5.4 Мансарда бөлмесінің қабырғаларының, төбелерінің және құламаларыныңқаптамаларына қойылатын құрылымдық талаптар5.4.1 Жылытылмайтын мансардалар қабырғаларының қаптама қаңқасы төменгі жағынан аражабынның құрылымына, жоғарысынан – жабынның итарқалық құрылымына бекітіледі. Жылытылатын мансардалардың қабырғаларын қаптауды құрылғылау 5.3-тарауда көрсетілгенге ұқсас. 5.4.2 Құламалардың қаптамасы қаңқасының элементтерін горизонталь орналастыру және оларды итарқалық құрылымдарға бекіту ұсынылады. Төбенің қаптамасы қаңқасының элементтерін құламаның қаптамасының элементтеріне параллельді орналастыру және оларды кесілмелі материалдардан немесе төбелік пішіндерден жасалған және құрылыстық құрылымдарына бекітілуі тиіс тіреулік горизонталь элементтерге (төбенің арқалықтарына) бекіту ұсынылады. 5.4.3 Төбе арқалықтарға және итарқалық құрылымдарға төбенің және құламаларды қаптауға қаңқа элементтерін бекіту вертикаль аспаларды пайдаланумен жүзеге асырылу ұсынылады. 5.4.4 Қаптамалардың өзіне меншікті салмағының тәуелділікте төбе қаптамаларының қаңқа элементтерінің ұсынылатын қималары және оларға орналасқан жылытқышты (жылытылатын мансардаларда) және итарқа қадамынан (аспалардың бекіту нүктелері аралық қашықтықтар) 5.7-кестеде көрсетілген. 5.7-кестеде келтірілген мәндерге, кеңістік төбенің үстінде немесе төбе арқалықтарының үсті бойынша төсем алдын ала ескерілгенде рұқсат толық шығарылады, тек қана осындай жағдайда қолдануға рұқсат етіледі. Соңғы жағдайда біркелкі төсемге таратылған жүктемеде уақытша нормативті есепке алу тиіс, 0,7 кН/м2-ден кем емес итарқалық арқалықтар ҚНжЕ 2.01.07-87*-ге сәйкес қабылданады. Жоғарыда көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайларда, қаптаманың қаңқасының құрылымы және орналасуы есебімен анықталуы тиіс.
5.7-к е с т е
5.4.5 Қаптау қаңқасында гипсталшықты табақтарды көлденеңінен, сол сияқты және бүйірлік бағыттарда орналастыруға болады. 5.4.6 500 мм-ден артық емес көлденеңінен төсеуде және гипсталшықты табақтарды 400 мм бүйірлік төсеуде төбелер мен құламаларды қаптауда сырғауылдардың қадамдарын және қаңқаның пішіндерін қабылдау керек. 5.4.7 Гипсталшықты табақтарды төбеде және мансарданың құламаларында қадам бұрамаларын бекітуде 150 мм-ден артық емес, қаптаманың тік жағында – 250 мм-ден артық емес қабылдайды. Екі қабатты қаптамада гипсталшықты табақтардың екінші қабатын бірінші қабаттағы түйістерге қатысты жылжыту арқылы орналастыру керек. 5.4.8 Қабырғалардың, төбелердің және құламалардың жылутехникалық, дыбысоқшаулағыштық және өрттік-техникалық қаптама сипаттамалары талап етілетін қамтамасыз ету 5.3-бөлімдегі ұсыныстармен ұқсас қарастырылады.
5.5 Коммуникациялық шахталар5.5.1 Коммуникациялық шахталарды, сондай-ақ құбырларды өткізу орындарымен қоршаудың құрылымдық шешімі, қабырғаларды металл қаңқа бойынша гипсталшықты табақтармен қаптауға ұқсас. Күрделі қабырғалардың немесе арақабырғалардың бойына орналастырылатын құбырлардың жиектеуіне ұсынылатын құрылымдық шешімдер 10-суретте көрсетілген. Тік коммуникациялық шахталардың құрылымдық шешімдері 11-суретте көрсетілген. 5.5.2 Жылу- және отқа қорғанысты талаптарымен байланысты гипсталшықты табақтарымен қаптау бір немесе екі қабатты болып қарастырылуы керек. 5.5.3 Шахталарды қоршау коммуникацияларына қамтамасыз етуге арналған қолжетімділікке тексергіш қақпақтар қарастырылады, құрылымдық шешімдер жылу- және отқа қорғанысты сапасы төмен емес, қоршауларда бүтіндей қамтамасыз етілуі тиіс. 5.5.4 Коммуникациялық шахталарды қоршау, құбырлардың өткізу орындарын қоса алғанда, ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006-де регламенттелген отқа төзімділік болуы тиіс. 5.6 Аспалы төбелер5.6.1 Аспалы төбелерге, аражабындарға немесе төбежабындарға (базалық төбелерге) және гипсталшықты табақтардан жасалған қаптамаға құрылымдарға ілінген метелл немесе ағаш қаңқалар кіреді. 5.6.2 Гипсталшықты табақтардан жасалған аспалы төбелер аражабындардың және төбежабындардың отқа төзімділік шегін жоғарылату үшін, жылу- және дыбысоқшаулауға, жасырын электр тартылымға және басқа инженерлік коммуникацияларға, сондай-ақ бөлмелерді әшекей әрлеу прблемеларын шешу үшін арналады. Аспалы төбелердің қолдану саласы ғимараттарда гипсталшықты табақтарды қолдану саласымен шектеледі. 5.6.3 Аспалы төбелерге қолдануға арналған ұсынылатын құрылымдық сұлбалар 5.8-кестеде көрсетілген. 5.6.4 Аспалы төбенің қаңқасын пішіндерді (сырғауылдарды) бір немесе (5.8-кесте бойынша 5-сұлба) екі деңгейде (5.8-кесте бойынша 2-сұлба) артықшылықпен екі ось түрінде жобалау керек. Бір осьті қаңқа (5.8-кесте бойынша 1 және 2-сұлбалар) төбенің шағын алаңдарында пайдалану ұсынылады. 5.6.5 Ылғалды режимдегі бөлмелерді пайдалануда (ванналық бөлмелер, сантораптар және т.б.) металл пішінді қаңқа арқылы аспалы төбелерді қарастыру керек.
5.6.6 Орнықтылықты қамтамасыз ету 5.6.6.1 Төбелердің әртүрлі құрылымдарына арналған аспалардың қадамын және негізгі пішіндерің немесе білешелерін 5.9-кесте бойынша таңдау ұсынылады. Мұндайда жүктемені төбенің меншікті салмағынан қаптаманың қалыңдығына байланысты 12-суреттегі график бойынша анықтауға жол беріледі. 5.6.6.2 Көтергіш пішіндердің қадамын немесе қаңқаның білеушелерін гипсталшықты табақтарды көлденеңінен 500 мм-ге тең орналастыруға және оларды 400 мм көтеруші пішіндер немесе қаңқа білеушелерін бойлық орналастыруға қабылдау ұсынылады. 5.6.6.3 Аспалы төбелердегі ағаш қаңқаның шеткі негізгі білеушесінің немесе металл қаңқаның шеткі негізгі пішінінің және қабырғаның аралық қашықтығы 100 мм-ден артық емес болуы тиіс, ал металл қаңқада бір деңгейде – 1170 мм-ден артық емес, қайырма жиегінсіз гипсталшықты табақтардың еніне сәйкестендірілген, шеткі табақтың кесілуі керек (13-сурет). 5.6.7 Жылутехникалық сипаттамалар және аспалы төбелері бар аражабындар және төбежабындар құрылымдарының дыбысоқшаулағыш көрсеткіші талап 5.8 - к е с т е - Аспалы төбелердің құрылымдық сұлбалары
5.9 - к е с т е
10-сурет – Күрделі қабырғаның (а), арақабырғаның (б) бойына орналасқан құбырларды жиектеудің құрылымдық шешімдері
11-сурет - Көтеруші қабырғаның (а) жанындағы және арақабырғаның (б) жанындағы коммуникациялық шахталарды қоршаудың құрылымдық шешімдері
12-сурет - Гипсталшықты табақтың қалыңдығынан қаптаманың меншікті жүктемесіне тәуелділік графигі
1 - екі деңгейлі төбенің құрылымы; 2 - бір деңгейлі төбенің құрылымы; а – аспалардың аралық қашықтығы; б – көтеруші пішіндердің аралық қашықтығы; в - негізгі пішіндердің аралық қашықтығы 13-сурет - Аспалы төбелердің құрылымдары
етілетін мәнін қамтамасыз етуге ұқсас қарастырылады, қабырғалардың қаптамалары 5.3-тарауда қарастырылған. Мұндайда оқшаулағыш материал 5.6.9-да белгіленген, шектеулер ескеріліп, таңдалуы тиіс.
5.6.8 Талап етілетін өрттік-техникалық сипаттамаларды қамтамасыз ету 5.6.8.1 Аспалы төбенің отқа төзімділік шегі нормаланбайды, бірақ қажет болғанда ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 бойынша анықталады. Аспалы төбенің өрттік қауіптілігінің класы ол бекітілетін құрылымнан талап етілетіннен төмен болмауы тиіс және МСТ 30403 бойынша анықталуы тиіс. Бұл ретте аспалы төбенің үлгісіне жылулық әсер ету уақыты қирау уақытымен анықталады. 5.6.8.2 Металл қаңқасы және жанбайтын жылуоқшаулағыш материалы бар аспалы төбенің өрттік қауіптілігі класын сынақсыз К0, ағаш қаңқасы барын - К3 ретінде қабылдауға болады. 5.6.8.3 Аражабындар және төбежабындардың отқа төзімділік шегін жоғарылату немесе өртке қауіптілігін төмендеу үшін өрт қауіптілігі класы К0 кезінде отқа төзімділігін ЕІ 15-тен кем емес аспалы төбелерді қолдану керек. 5.6.8.4 Аспалы төбелері бар аражабындар және төбежабындардың отқа төзімділік шегін және өрттік қауіптілігі класын МСТ 30247.1 және тиісінше МСТ 30403 бойынша бірыңғай құрылымдар үшін анықтау керек. Өрт қауіпсіздігі саласындағы өнімдерді және қызмет көрсетулерді сертификаттау Жүйесінде аккредиттелген сынақ зертханалары аспалы төбелері бар аражабын немесе төбежабын құрылымдарының өрт қауіптілігі класын қорғалатын құрылым және аспалы төбенің өрт қауіптілігі класы туралы деректер болғанда сынақсыз белгілеуге болады. 5.6.8.5 Ғимараттарда, өрт қауіптілігі С3 класты құрылымдық ғимараттардан басқа, көшіру жолдарында сондай-ақ бөлмелердегі өрт қауіптілігі Ф1.1 қызметтік класы және бөлмелердің басқа кластарының, бір уақытта 50 адам келуге арналған өрт қауіптілігі К0 класындағы аспалы төбелер болуы тиіс. Сонымен қатар олардағы гипсталшықты табақтар оларға таратылған нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес сертификатталуы тиіс. 5.6.8.6 Аражабындар немесе төбежабындардың отқа төзімділігі шегін жоғарылату мақсатында орнатылған аспалы төбелерде металл пішіндерден жасалған қаңқаны қарастыру керек. 5.6.9 Аспалы төбенің құрылымында пайдалану кезеңінде төбеүстілік кеңістікті профилактикалық тексеру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін отқа төзімділігі аспалы төбенің отқа төзімділгінен төмен емес қарау түгендеу қақпақтарын қарастырылуы керек. 5.6.10 Гипсталшықты табақтар қаңқаға өзікескіш бұрамалардың көмегімен бекітіледі. Бұрамалардың қадамын 5.10-кесте бойынша қабылдау ұсынылады.
5.10 - к е с те
5.6.11 Қайырма жиегі бар гипсталшықты табақтардың түйістері, ал металды пішіннен, ағаш білеушеден немесе ГТТ жолақтары 100 мм-ге жуық енімен жасалған енгізілмеде 5-7 мм саңылаулы тік жиекпен саңылаусыз орындалады. Шетжақ түйістер бір біріне қатысты 400 мм-ден кем емес жылжытылуы тиіс. Сонымен қатар екі қабатты қаптамада бірінші қабаттағы табақтардың шетжақ түйістері екінші қабаттағы табақтардың түйістеріне қатысты алғанда 400 мм-ден кем емес жылжытылуы тиіс. 5.7 Едендердің астындағы жабынныңқұрастырмалы негіздіктері
5.7.1 Жабынның үстіндегі тегіс бетіне құруға арналған еденнің астындағы гипсталшықты табақтардан жасалған құрастырмалы негіздіктер орнатылады. Гипсталшықты табақтардың қасиеті еденнің жабынымен аражабынның құрылымдарының жылуоқшаулағыш қабатымен, су өткізушілік төсемдерінің аралық құрастыру мүмкіндігіне, аражабынның дыбысоқшаулағыштық сипаттамасын жақсартуға және аражабынның отқа төзімділігінің шегін жоғарылатуға (жылуоқшаулағыштық мүмкіндіктің жоғалту белгісі бойынша-І) мүмкіндік береді. 5.7.2 Еденнің жабыны астындағы гипсталшықты табақтардан жасалған құрастырмалы негіздіктер тұрғын, қоғамдық, әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттарда ҚР ҚНжЕ 2.04-21-2004*, МҚН 2.04-02-2004 бойынша едендерге ҚР ҚНжЕ 3.02-03-2003 бойынша механикалық әсерлердің орташа және әлсіз қарқындылығы кезінде құрғақ, қалыпты ылғалды ылғалдылық режимдерімен орнатылады. Әр түрлі қызметтік ғимараттарда гипсталшықты табақтардан жасалған еденнің жабыны астындағы құрастырмалы негіздіктерді қолданудың ұсынылатын салалары 5-қосымшада көрсетілген. 5.7.3 Еденнің құрастырмалы негізін даналық немесе қалқанды паркеттен жасалған жабынның, паркеттік тақтайдың, линолеумнің әр түрлерінің, қыш тақтаның астындағы, сондай-ақ синтетикалық кілемдік жабын астындағы гипсталшықты ылғалға төзімді табақтардың (ГТТЫ түрі) кемінде екі қабатынан орнатуға ұсынылады. 5.7.4 Едендердің жабынының астындағы құрастырмалы негіздіктер жеке шағын пішімді гипсталшықты табақтарынан немесе еденнің зауыттық әзірленген дайын элементтерінен орындалуы тиіс. Еденнің дайын элементтері өзара желімделген ГТЫТ түріндегі, жинақтау қайырмасы бар екі табақ түрінде болып келеді (14-сурет). 5.7.5 Көтеруші бөлімі темірбетон тақталардан орындалған арақабырғаларда еденнің жабынының астындағы құрастырмалы негіздіктерді оның шөкпеушілігін қамтамасыз ететін арнайы таңдап алынған гранулометриялық құрамның керамзитті төсеніштерден жасалған тегісте лінген жылудыбысоқшаулағышы бар болғанда қолдануға ұсынылады. Егер тегістелген қабаттың қалыңдығы 60 мм-ден аспаса, еденнің элементтерінен немесе гипсталшықты табақтардың екі қабатынан жасалған құрастырмалы негіздік қарастыру керек. Төсеніштердің үлкен қалыңдығында гипсталшықты табақтардың үшінші қабатын қарастыру керек. 5.7.6 Едендердің жабынының астындағы негіздіктің қабырғаларға, арақабырғаларға және ғимараттың басқа вертикальды құрылымдарына жанасу орындарында қалыңдығы 8-10 мм жиектік таспаларды төсеу керек. Жиектік таспа құрастырмалы негіздік және қоршаушы құрылымдар аралығында өтеуіштік төсем қызметін атқарады 5.7.7 Жобалау кезінде ФҚҒЗИ-да сертификатталған сынақтар негізінде алынған гипсталшықты табақтардан жасалған құрастырмалы негіздігі бар аражабындардың сипаттамаларының 5.11-кестеде көрсетілген дыбысоқшаулағыштық мәндерінің бағыттаушы ретінде ескеру ұсынылады. 5.8 Құрылыстық құрылымдардыңоттан қорғаныстық қаптамалары5.8.1 Гипсталшықты табақтардан жасалған құрылыстық құрылымдарын оттан қорғаныстық қаптамалар металды және ағаш арқалықтардың, жүгіртпелердің, ұстындардың отқа төзімділік шегін жоғарылату және өрттік қауіптілігін азайту қажет болғанда қолданылады. 5.8.2 Оттан қорғаныстық қаптамалары бар құрылымдардың отқа төзімділік шектері және өрттік қауіптілігі кластары МСТ 30247.1 және МСТ 30403 бойынша анықталуы тиіс. Сынақтар өрттік қауіпсіздігі саласындағы өнімдерді және қызмет көрсетулерді сертификаттау Жүйесінде аккредиттелген сынақ орталықтарымен және зертханаларымен жүргізілуі тиіс. 5.8.3 Металл арқалықтардың қаптамасын металл пішіндердің көмегімен немесе гипсталшықты табақтардың құрылымның отқа төзімділігінің талап етілетін шегіне байланысты әр түрлі қалыңдықты жолақтарынан алынған қыстырмаларды пайдалану арқылы (15-сурет) орындау керек. 5.8.4 Металл пішіндерді пайдалану кезінде оларды аражабындарға анкерлік элементтермен бекіту және қысқыштардың көмегімен арқалықтың төменгі сөресіне, ал гипсталшықты табақтарды – өзікескіш бұрамалармен металл пішіндерге бекіту ұсынылады. Бұл ретте қысқыштардың қадамы 120 мм-ден аспауы тиіс. 5.8.5 Металл арқалықтарды қаптауда ені 150 мм гипсталшықты табақтардың қыстырмаларды 600 мм-ге дейін қабырғаның бойына және 750 мм-ге дейін қадаммен арқалықтың сөрелерінің бойына орналастыру керек. 5.8.6 Ағаш тіреулердің және арқалықтардың отқа қорғаныстық қаптамасын қорғалатын құрылыстық құрылымның талап етілетін отқа төзімділік дәрежесі 5.11 - к ес т е - Гипсталшықты табақтардан жасалған құрастырмалы негіздіктері бар едендердің дыбысоқшаулағыштық сипаттамалары
14-сурет - Еденнің құрастырмалы негіздігінің элементі
а - металл пішіндері және гипсталшықты табақтармен бір қабатты көмкермесі бар; б - сондай, гипсталшықты табақтармен екі қабатты көмкермелі; в - металл пішіндері және гипсталшықты табақтардан жасалған қыстырғыштары бар 15-сурет - Гипсталшықты табақтары бар болат арқалықтардың оттан қорғаныс оның құрылымдық шешімі
16-сурет - Жалпы түрі (а), ағаш арқалықтардың оттан қорғанысының құрылымдық шешімі; (б, г) және ұстындар (в)
а - металл пішіндері және гипсталшықты табақтармен бір қабатты көмкермесі бар; б - сондай, гипсталшықты табақтармен екі қабатты көмкермесі бар 17-сурет - Гипсталшықты табақтары бар ұстындардың оттан қорғанысының құрылымдық шешімі 5.8.7 Металды ұстындарды гипсталшықты табақтармен оттан қорғаныстық қаптау металдық пішінді қолданумен немесе гипсталшықты табақтардан жасалған қыстырғыштарды пайдаланумен жүзеге асырылады (17-сурет). 5.8.8 Металды пішіндерді пайдалануда ұстындарының сөрелеріне қыстырғыштардың көмегімен, 1000 мм-ге дейін қадаммен орналасқан, ал гипсталшықты табақтардан жасалған қаптаманы - өзікескіш бұрамалардың пішініне оларды бекітілу ұсынылады. 5.8.9 Гипсталшықты табақтардан жасалған қаптаманың қалыңдығы металл ұстындар және арқалықтардың отқа төзімділігінің талап етілетін шегіне 5.12 - к е с т е Оттан қорғаныстың әр түрлі сұлбаларға арналған P/F немесе 100/d қызметі
5.13 - к е с т е
жету үшін жобалау процесінде 5.12-кестесіне сәйкес анықталған, 5.13-кестесі бойынша P/F немесе 100/d-нің қатысына байланысты шамалап қабылдануы тиіс, мұнда Р - отқа қорғаныстық периметрі, см; F - ұстындар және арқалықтардың қимасының ауданы, см2; d - тұйық қималы ұстындардың қабырғаларының қалыңдығы, см. Құрылымның отқа төзімділігінің нақты мәнінің шегін алу үшін әрбір белгілі жағдайда қаптаманың мәнін қабылдағанда сынақты жүргізу МСТ 3247.1 бойынша жүргізу қажет.
6 ГИПСТАЛШЫҚТЫ ТАБАҚТАРДАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ЖИНАҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛҒЫЛАУ6.1 Арақабырғаларды және қаптаманыңқабырғаларын жинақтау6.1.1 Арақабырғаларды жинақтау әрлеу жұмыстарын жүргізу процесінде орындау ұсынылады. Электржинақтау, санитарлық-техникалық, желдету жұмыстарын жүргізу арақабырғаның қаңқасын жинақтауды аяқтағаннан кейін жүзеге асырылады. Қабырғаларды қаптау жөніндегі жұмыстар әрлеу жұмыстарын жүргізу процесінде, сондай-ақ электртехникалық және сантехникалық жүйелерін тартуды бітіргеннен кейін орындалады. 6.1.2 Арақабырғалардың және қаптамалардың барлық құрылыстық жұмыстарын басталғанға дейін, «сулы» процестермен байланыстыларымен қоса аяқталуы тиіс. Жинақтау, қағида бойынша, +10 °С-тен төмен ауа температурасында құрғақ немесе нормальды ылғалдылық режим жағдайлардағы таза едендерді құруға дейін жүзеге асырылуы тиіс 6.1.3 Тіреулердің пішіндерін (білеушелердің) және арақабырғалардың есіктік ойықтарындағы тіреулердің жақтары бойындағы немесе едендерге қаптаманы және төбеге белгіні түсіруі жобамен сәйкес орындалу қажет. 6.1.4 Төбеге және еденге түйісетін бағыттаушы пішіндерге (білеушелерге) және қабырғаларға түйісуші тіреу пішіндерге (білеушелерге) нығыздағыш таспа және герметик жабыстырылады. 6.1.5 Белгілеуге сәйкес бағыттаушы пішіндерді (білеушелерді) орнатады және оларды дюбельдермен еден мен төбеге бекітеді, содан соң шеткі қабырғаларға түйісуші тіреулік пішіндерді де (білеушелерді де) дюбельдермен бекітеді. Арақабырғалардың қисық сызықты кескінінде бағыттаушы пішіндерді орнату алдында металл бойынша қайшымен бір сөренің параллельді кесінділерін және пішіннің қабырғаларын орындайды. 6.1.6 Қаңқаның тіреулік пішіндері бағыттаушыға талап етілетін қадаммен орнатылады, вертикаль бойынша тегістеледі және бекітіледі. Қаңқаның ағаш тіреулері бағыттаушы білеушелерге бекітіледі. 6.1.7 Коммуникацияға арналған кеңістіктігі бар арақабырғаларда бір атаулас тіреулік пішіндер биіктігі бойынша 600 мм қадаммен орналастырылған гипсталшықты табақтардан жасалған бастырмалармен жақтаулық тіреулерге біріктіріледі. 6.1.8 Ағаш қораптар арақабырғалардың қаңқасының жинақтауымен бір мезгілде орнатылуы тиіс. Есік қорабының екі жағынан тіректік тіреулер пішіндерін (пішінмен және ағаш білеушемен күшейтілген), ойықтар үстінде маңдайшаны және аралық тіреулерді құрастырады. 6.1.9 Қабырғалардың қаптамаларында төбелік пішіндерді қабырғаларға нығыздағыш таспалар арқылы тікелей аспалардың көмегімен бекіту қажет. 6.1.10 Электрлік және әлсіз токты қораптарды орналастыру орындарда қаңқаның қуысында оны қаңқаның көлденең элементіне бұрамалармен бекітіп, өлшемі 600х600 мм гипсталшықты табақтардан жасалған экран орнату қажет. 6.1.11 Электр тартылымын гипсталшықты табақтарды бекіту кезінде оның бұрамалармен бұзылуын болдырмау үшін қаңқаның ішіндегі тіреулерге бойлай орналастыруға жол берілмейді. 6.1.12 Қажет болған жағдайда, қаңқаның тіреулеріне бұрамалармен бекіте отырып, арақабырғаның немесе қаптаманың массасы 150 кг/м дейінгі тұрақты жабдықтар аспаларын ілуге арналған төсейтін бұйымдар, траверсалар және жақтауларды орнатады. 6.1.13 Гипсталшықты табақтарды бекіту алдында олардың жиектерінің басқа материалдан орындалған төбе мен қабырғаның бетіне түйіндесу орындарында бөлгіш таспа жапсырылады. 6.1.14 Арақабырғаларды жинақтау кезінде ең алдымен қаңқаның бір жағынан гипсталшықты табақтарды орнатуды жүргізеді. Сосын, егер бұл жобамен қарастырылған болса, қаңқа тіреулерінің арасына бір тіреуге екі данадан кем емес келетін мөлшердегі ұзындығы 200 мм-ден кем емес пішіндердің кесінділерінің көмегімен бекітілетін оқшаулағыш материал төселеді. Осыдан кейін қаңқаның екінші жағынан гипсталшықты табақтардың бекітілуі жүргізіледі. Қабырғалар қаптамасын жинақтау кезінде, егер бұл жобамен қарастырылса, ең алдымен қаңқаның тіреулерінің қуысының арасына оқшаулағыш материал төселеді, содан кейін гипсталшықты табақтарды бекіту жүргізіледі. 6.1.15 Гипсталшықты табақтарды жинақтауды пішіндердің қабырғаларынан бағыттап жүргізу керек. Бұл бұрамаларды бірінші кезекте қабырғаға жақын орнатуды қамтамасыз етеді. Көрші табақты бекіткен кезде бұрандалған бұраманы пішіннің сөресінің ішінде майыстырмайды. 6.1.16 Екі қабатты қаптамада гипсталшықты табақтардың екінші қабатын біріншінің вертикальды түйістерінің қаңқаның тіректерінің қадамына салыстырмалы алғанда, жылжытып орнату керек. 6.1.17 Гипсталшықты табақтардың қаңқасын қаптауды 5.2.2.13 және 5.2.2.14-де көрсетілген ережелерді сақтап жүргізу керек. Бекітпе бұрамаларды орналастыру мысалы 18-суретте көрсетілген. 6.1.18 Көлденең түйістер орындарында ПН және ПС металл пішіндерінен жасалған горизонталь қыстырмалар, ағаш білеушелер қарастырылады немесе ені 100 м-ге жуық гипсталшықты табақ жолағынан әзірленген қыстырмалар жасалады. 6.1.19 Гипсталшықты табақтарды бекіткеннен кейін бірінші және екінші қабаттың табақтарының түйістерін, сондай-ақ сыртқы қабаттың бұрамаларын орнату орындарын тегістеу орындалады. Тегістеу ауаның пайдалану режиміне сәйкес тұрақты температурасында және ауа ылғалдылығында жүргізілуі тиіс. 6.1.20 Тегістеу алдында барлық түйістер терең енгізілетін астарлаумен өңделеді. 6.1.21 Табақтардың қайырма жиекпен (ҚЖ) пайда болған түйістері алдын ала тегістелген қабатқа батырылатын арматураланған таспаны пайдаланумен тегістеледі. Қаттыланғаннан кейін тегістеудің жабындық қабаты түсіріледі.
18-сурет – Қаңқаға гипсталшықты табақтарды бекіту
Бірінші қабаттың табақтарының түйістерін екі қабатты қаптауда арматураланбаған таспамен тегістеуге жол беріледі. Гипсталшықты табақтардың көлденең түйістері арматураланған таспаны пайдаланбай бітейді. 6.1.22 Гипсталшықты табақтардың қаптамаларының сыртқы бұрыштарында оларды механикалық бұзылудан қорғау үшін тегістеудің алдын ала түсірілген қабатына батырылатын қорғаныстық бұрыштық пішіндер орнатылуы мүмкін 6.1.23 Тегістеулер кепкеннен кейін түйістер әрлеу аспаптарының көмегімен өңделеді.
6.2 Мансардалар бөлмелерінің қабырғаларын, төбелерін және құламаларын қаптау құрылғыларының ерекшеліктері6.2.1 Мансардаларды арақабырғалармен жеке бөлмелерге бөлу қажет жағдайда жинақтаудың жүйелілігі бұл бөлмелердің дыбысоқшаулағышын қамтамасыз етуге байланысты болады. 6.2.2 Егер мансардалық бөлмелердегі арақабырғаларға дыбысоқшаулауышты қамтамасыз ету бөлімінде талаптар ұсынылса, бастапқы кезде бұл арақабырғалардың жинақтауын жүзеге асыру ұсынылады. 6.2.3 Мансардалық бөлмелердің төбесін және құламаларын қаптау кезінде алдын ала аспаларды құрылғылау орындарын белгілеуді орындау қажет. 6.2.4 Аспалар итарқалы құрылымдарға өзікескіш бұрамаларда бекітіледі. Бұрамалар итарқалардың бойына бұраманың бес диаметріне тереңдікке, бірақ 24 мм-ден кем емес кіруі тиіс. 6.2.5 Қаңқаның металл пішіндері немесе білеушелері аспаларда бір деңгейде тегістеледі және бұрамалардың көмегімен бекітіледі. 6.2.6 Гипсталшықты табақтар тегістелген қаңқаға өзікескіш бұрамалармен металл пішіндерден және ағаш білеушелерден жасалған қыстырмаларға шетжақ жиектер аралығында 5-7 мм саңылауды сақтай отырып бекітеді. Қайырма жиегі (ҚЖ) бар көлденең түйістер саңылаусыз жасалады. 6.2.7 Түйістерді тегістеу 6.1.19-6.1.23 нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады.
6.3 Коммуникациялық шахталардыңқоршауын құру әдістері6.3.1 Коммуникациялық шахталарды құрастыру келесідегідей жүйелілікпен жүзеге асырылуы тиіс: - еденге, қабырғаға және төбеге қоршау шахталарын белгілеу ережелері; - қаңқа элементтерін еденге, қабырғаларға және төбеге орнату және бекіту; - қаңқаны гипсталшықты табақтармен қаптау және оларды бұрамалармен бекіту; - қаптама табақтарының аралығындағы түйістерді бітеу; - тексергіш қақпақтарды құру (қажет болған жағдайда); - қаптаманың бетін әрлеу. 6.3.2 Коммуникациялық шахталарды құрастыру жөніндегі жұмыстарды орындау тәсілдері 6.2-тарауда қарастырылғанға ұқсас.
6.4 Едендердің жабыны астында құрастырмалы негіздікті құру6.4.1 Едендердің жабыны астында құрастырмалы негіздікті құру бөлмелерде температурада +10 °С-ден төмен емес және салыстырмалы ылғалдылық 60 %-тен артық емес кезде, барлық құрылыстық-жинақтау, электртехникалық, санитарлық-техникалық және әрлеу жұмыстары аяқталған соң жүргізілуі тиіс. Сумен қамтамасыз ету және жылыту жүйелерін сынау жөніндегі жұмыстар аяқталуы тиіс. 6.4.2 Гипсталшықты табақтар және еденнің дайын элементтері еденнің құрастырмалы негіздігін құру кезінде біркелкі ылғалдылықта болуы тиіс, бұл үшін оларды бөлмелерде 1-2 күн шамасында ұстау керек. 6.4.3 Құрастырмалы негіздіктерді құру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді бастауға дейін аражабындарды құрылыстық қоқыстардан тазартуды жүргізу қажет. Аражабынның тақталары аралығындағы саңылауды, сондай-ақ аражабындардың қабырғаларға және арақабырғаларға түйісу орындарын бетонмен немесе маркасы М 100-ден төмен емес цемент ерітіндісімен мұқият бітеу қажет. 6.4.4 Ең алдымен бөлменің барлық периметрі бойынша құрастырмалы еденнің деңгейін белгілеуді орындау қажет. 6.4.5 Аражабынның көтеруші бөлімі бойынша ғимаратқа арналған жобалау құжаттамасында қарастырылған жағдайларда буоқшаулағыш қабаты салынуы тиіс. 6.4.6 Бөлменің периметрі бойынша жиектік таспаны құру қажет. 6.4.7 Тегіс емес негіздік керамзиттік төсеніштің көмегімен тегістеледі. Тегістеу кіруге қарама-қарсы қабырғадан бастап тегістеуші тақтайшалар жинағымен жүзеге асырылады. 6.4.8 Еденнің элементтерін жинақтау есік ойығы бар қабырғадан бастап қатарлармен оң жақтан сол жаққа қарай жүргізіледі. Қарама-қарсы жақтан жинақтау кезінде төсеніштің бетін сақтау үшін жылжытуларға арналған аралшалар құрылады. 6.4.9 Еденнің қабырғаларға түйісетін дайын элементтерінде түйіндесу саласындағы қайырмалар кесіледі. Әрбір жаңа қатар келесі қатардың жергілікті орындағы кесілген бөлімін соңғы элементтен бастап төсеуден басталады, бұл қалдықтарды болдырмайды және шетжақ түйістердің 250 мм-ден кем емес жылжуын қамтамасыз етеді. 6.4.10 Дайын элементтерді төсеу алдында оларға төселген элементтердегі қайырмаларға желімдік құрам жағылады. 6.4.11 Элементтерді төсеудің шамасына қарай көрші элементтердің қайырмаларын бекіту 300 мм-ден артық емес қадамы бар өзі кескіш бұрамалармен жүргізіледі. Төселген элементтердің астында төселген коммуникацияның бұзылуына жол берілмейді. 6.4.12 Шағын пішінді ГТЫТ-ынан тұратын құрастырмалы негіздігін құруда бірінші қабаттың табақтарын төсеу 1 мм-ден артық емес саңылаумен жүзеге асырылады. Қалау есік ойығы бар қабырғадан бастап жүргізіледі. Жинақтауда қарама-қарсы жақтан тегістелген төсеніштің бетін сақтау үшін жылжытуларға арналған аралшалар құрылады. 6.4.13 Екінші қабаттың әрбір табағының астына жеке желімдік құрам жағылады. Екінші қабаттың табақтарын төсеу түйістердегі саңылаусыз жүзеге асырылады. Бұл ретте түйістердің жүгірмелілігі 250 мм-ден кем еместі құрауы тиіс. 6.4.14 Екінші қабаттың табақтарын төсеудің шамасы бойынша оларды бірінші қабаттағы табақтарға қадамы 300 мм-ден артық емес өзі кескіш бұрамалармен бекіту жүзеге асырылады. Бір табаққа 20 бұрамалардан кем емес келуі тиіс. 6.4.15 Төсеніштің 60-100 мм қалыңдығында дайын элементтерден немесе ГТЫТ шағын пішіндерден жасалған едендердің жабынының астындағы құрастырмалы негіздікке 300 мм-ден артық емес қадаммен өзікескіш бұрамалармен бекітілетін ірі пішінді гипсталшықты табақтардан жасалған үшінші қабат төселеді. Табақтың жазықтығы төмен жатқан қатардың табақтарының немесе элементтерінің түйістерін жабуы тиіс. 6.4.16 Есік ойықтарының орындарында еденнің жабынының астындағы құрастырмалы негіздік астында ылғалдылығы төзімді фанерлер және қалыңдығы 15 мм-ден кем емес антисептелген тақтайлардан жасалған аратөсем төсеніш қабаты бар бір деңгей салынады. Аратөсемнің ұзындығы ойықтың енінен 300 мм-ге көп болуы тиіс. Аратөсем оның ортасы шамамен ойықтың осі бойынша орналасатындай төселеді. Еденнің төселген элементтері немесе табақтары аратөсемге 150 мм қадамды, ұзындығы 25 мм-ден кем емес өзікескіш бұрамалармен бекітіледі. 6.4.17 Қажетті жағдайда еденнің элементтерінің немесе шағын пішінді ГТЫТ- ының аралығындағы түйістер тегістегіш қоспалармен бітеледі, содан кейін әрленеді.
6.5 Аспалық төбелерді жинақтау6.5.1 Аспалық төбелерді жинақтауға дейін бөлмелерде ҚНжЕ 3.02-29-2004-те көрсетілген құрылыстық-жинақтау жұмыстары, соның ішінде, қабырғаларды тұсқағаздармен сырлаудан және желімдеуден басқа, әрлеу де аяқталуы тиіс, сондай-ақ инженерлік коммуникациялық төселуі аяқталуы тиіс. 6.5.2 Аспалық төбелерді жинақтау ауаның температурасы +10 °С-ден кем емес және салыстырмалы ылғалдылық 60 %-тен артық емес жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. 6.5.3 Қаңқаның элементтерін жинақтау алдында аспалық төбенің деңгейін, пішіндерді немесе қаңқаның білеушелерін бекіту орындарын және аспаларды бекіту орындарын белгілеуді орындайды. 6.5.4 Базалық төбелерге бұрамалардың (ағаш аражабындар және жабындар болғанда) немесе металл анкерлік элементтердің (темірбетонды аражабындар немесе жабындар болғанда) көмегімен аспалар бекітіледі, ал содан кейін оларға негізгі металл пішіндерді немесе қаңқаның білеушелерін бекітеді. 6.5.5 Негізгі пішіндердің немесе білеушелердің реттелген аспаларының көмегімен деңгей бойынша тегістеуден кейін бір жазықтықта оларға аспалы төбенің таңдап алынған құрылымдық шешімдерінене байланысты бір немесе екі деңгейде қаңқаның көтергіш металл пішіндерін немесе білеушелерін бекіту жүзеге асырылады. Табақтардың тік жиектермен пайда болған және қаңқаның негізгі немесе көтергіш пішіндеріне сәйкес түспейтін түйістерінің орындарында қаңқаға бекітілетін металл пішіннен немесе ағаш білеушеден жасалған қыстырма қарастырылуы тиіс. 6.5.6 Құрастырылған қаңқаларда телескоптық көтерушілердің немесе бастырмасы бар екі метростаттың көмегімен қаңқаға өзікескіш бұрамалармен бекітілетін гипсталшықты табақтардың жобалық жағдайы белгіленеді. Гипсталшықты табақтардың шетжақ түйістері металл пішіннен немесе ағаш білеушеден жасалған қыстырмаға арналған 5-7 мм саңылаумен жасалады. Қайырмалы жиектер бар (ҚЖ) бойлық түйістер саңылаусыз жасалады. 6.5.7 Жіктердің екі қабатты қаптамасы кезінде екінші қабаттың гипсталшықты табақтарының аралығында бірінші қабаттың жіктеріне салыстырмалы алғанда, 400 мм-ден кем емес араластырылады. 6.5.8 Түйістерді тегістеу 6.1.19-6.1.23-ке сәйкес жүзеге асырылады. 6.6 Көтергіш құрылымдардың оттанқорғанышын құрылғылау әдістері6.6.1 Көтеруші құрылымдардың оттан қорғанышты қоршауларын құрылғылауды +10 °С-ден кем емес ауа температурасында және 60 % артық емес салыстырмалы ылғалдылық кезінде әрлеу жұмыстары кезінде жүзеге асыру керек. 6.6.2 Алдын ала барлық қорғалатын металл құрылымдар тоттанудан, ластан, майлардан, майлы дақтардан тазартылуы және егер ғимаратқа арналған жобалық құжаттамаларда қарастырылған болса, тоттануға қарсы құрамдармен жабылуы тиіс. 6.6.3 Оттан қорғанышты қоршау құрылымдарын құрылғылауды бұрамаларда гипсталшықты табақтар, гипсталшықты табақтардан жасалған жолақтар және қысқыштар бекітілген металл пішіндер кіретін бұрын дайындалған іріленген элементтермен жүзеге асыру орынды. 6.6.4 Жинақтау процесінде оттан қорғаныштық қаптамаларды өзара өзікескіш бұрамалармен қосады. 6.6.5 Ағаш тіреулердің және арқалықтардың оттан қорғанысы кезінде гипсталшықты табақтардан жасалған қаптаманы тікелей ағаш құрылымдарға бекітеді.
6.7 Құрылымдардың беттерін гипсталшықты табақтарды қолдану арқылы әрлеу6.7.1 Гипсталшықты табақтардан жасалған қаптамалардың бетін әрлеуді бастағанға дейін құрылыстық-жинақтау жұмыстары, соның ішінде сулы процестермен байланысты әрлеу (сылақтық, цементтік тұтастырғыштарды құылғылау және т.б.) аяқталуы тиіс. 6.7.2 Әрлеу жұмыстары +10 °С-тан төмен емес температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 %-тан артық емес кезде жүзеге асырылады. 6.7.3 Түйістерді және бұрамаларды бекіту орындарын тегістегеннен кейін бетті қолмен ажарлау құралдарының көмегімен өңдеу шаңды кетіру қажет. 6.7.4 Ылғалдың беттік сіңіруді нормаландыру мақсатында гипсталшықты табақтардан жасалған қаптамалардың бетін астарлаумен өңдеу керек. Ылғалды режимді бөлмелерде пайдаланылатын құрылымдардың беттері гидрооқшаулаушы құраммен (мысалы, «Флехендихт» типіндегі) өңделеді. 6.7.5 Гипсталшықты табақтардан жасалған қаптамалардың беті кез келген әрлеуге: сырлауға, тұсқағаздарды желімдеуге, қыш тақтайшалармен қаптауға , әшекейлі сылақтауға жарамды. 6.7.6 Сырлауды сулыдисперстік сырлармен жүргізу ұсынылады. Әк сырларды және сырларды сұйық шыныға түсіруге жол берілмейді. Жоғары сапалы сырлаудың алдында қаптаманың барлық бетін мәрелік тегістеу және әрлеу қажет. 6.7.7 Тақтайды қаптауды осы мақсатқа арналған желімнің көмегімен орындау ұсынылады. Желімді тісті қалақшамен түсіреді. 6.7.8 Тақталардың аралықтарындағы жіктерді бітеуді жіктерге арналған арнайы толтырғыштармен орындау ұсынылады, қабырғалардың өзара және қабырғалардың едендермен түйіндесу орындары герметиктермен бітелуі тиіс.
6.8 Құрылымдарды гипсталшықтытабақтарды пайдалану арқылы қалпынакелтіру және жөндеу кезінде жұмыстардыжүргізу ерекшеліктері6.8.1 Гипсталшықты табақтардан жасалған қаптамалардың құрылымды пайдалану процесінде механикалық әсерлерден, ағып кетулерден және т. б. бұзылуы кезінде ең алдымен бұзылулардың болу себептерін анықтау қажет. 6.8.2 Гипсталшықты табақты қаптамалардың аралығындағы қуыстарға судың түсуі кезінде тұрып қалған суды ағызып жіберу қажет, ол үшін төбелік аспалы қаптамаларға және арақабырғалардың (қаптаманың) төменгі жағына ең алдымен дрельмен бақылау тесіктерін жасайды, ал сосын суды ағызу қажеттілігіне қарай тесікті кеседі. 6.8.3 Қаптамаларды жөндеу кезінде гипсталшықты табақтардың қайта қалпына келтірілген секілді типін пайдалану керек. 6.8.4 Тесіктерді бітеу кезінде бітеулерге жататын өлшемдері тесіктердің өлшемдерінен шамамен 10 мм-ден аз есепте болып келетін картон немесе фанерадан жасалған трафарет дайындайды. Осы контур бойынша гипсталшықты табақтардан «қыстырма» кесіп алынады. 6.8.5 Гипсталшықты табақтан немесе фанерден ені 25-75 мм және ұзындығы бойынша бітелетін тесіктен шамамен 15 см асатын бірнеше жолақтар кесіп алады. Жолақтарды тесікке төсейді және оларды гипсталшықты табақтың теріс жағына бірнеше бұрамалардың көмегі арқылы бекітеді, содан соң тесікке гипсталшықты табақтан кесіп алынған «қыстырманы» салады. Пайда болған ойықтар тығыздағыш қоспамен толтырылады. 6.8.6 Тегістегіш қоспа кепкеннен кейін ажарлау жүргізіледі. 6.8.7 Бұрамаларды ауыстыру кезінде түсетіндерден 50 мм қашықтықта бұрау қажет, ол кейін қабатталған тығыздағышпен бірге алынып тасталынатын болуы керек. Мұнан соң тегістегіш қоспа түсіріледі, содан кейін кепкеннен соң ажарлайды.
7 ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІЕРЕЖЕЛЕРІ
7.1 Құрылымдарды гипсталшықты табақтарды қолдану арқылы құру қауіпсізідік техникасы жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын бақылау арқылы орындау керек. 7.2 Құрылымдарды гипсталшықты табақтарды қолдану арқылы құруға қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария жөніндегі нұсқамадан өткен, тәсілдермен үйретілген және жұмыстарды жүргізу құқығы куәлігін иеленген тұлғаларға жол беріледі. 7.3 Жұмысшылар арнайы киімдердмен және жеке қорғаныстық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс. 7.4 Құрылымдарды гипсталшықты табақтарды қолдану арқылы құру жөніндегі жұмыстарды жинақтау жөніндегі тәжірибе иеленген, арнайы құрал-сайманы бар мамандандырылған бригадалармен орындалуы тиіс. 7.5 Жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланылатын аспап, жабдық, жарақтар және құрылымдарды жинақтауға арналған құрал-жабдықтар жұмыстарды қауіпсіз орындау шарттарына жауап беруі тиіс. Арнайы аспаптың ұсынылатын тізімі 5-қосымшада келтірілген. 7.6 Гипсталшықты табақтарға дюбель-шегелерді қағуға жол берілмейді. 8 МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖӘНЕ БҰЙЫМДАРДЫТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
8.1 Металл жұқа қабырғалық пішіндер құрылыстың объектілеріне пакеттермен, тартпалы таспалармен, механикалық зақымданулардан қорғаныстық жағдайлардағы көліктің кез келген түрімен жеткізілуі тиіс. 8.2 Пішіні бар пакеттер қалқаның астында сақталуы тиіс. 8.3 Пішіндерді жеткізуші олардың тұтынушымен тасымалдау және сақтау шарттарының сақталуы кезінде нормативтік құжаттары сәйкестігін кепілдендіруі тиіс. Сақтау мерзімі дайындалған күнінен бастап 12 ай. 8.4 Гипсталшықты табақтарды тасымалдау табақтардың ылғалдануы, ластануы және механикалық бұзылуы болмайтын кезде пакеттелген түрде орталықтандырылған түрде орындалуы тиіс. Пакеттердің габариттері ұзындығы бойынша 4100 мм-ден, ені бойынша 1300 мм-ден, биіктігі бойынша 1000 мм-ден артпауы тиіс; пакеттің массасы 5000 кг-нан артық болмауы тиіс. 8.5 Гипсталшықты табақтар тасымалдау кезінде горизонталь жағдайда болуы тиіс, ал, пакеттер табандықтарға немесе 0,5 м сайын орналасқан аратөсемдерге салынуы тиіс. 8.6 Гипсталшықты табақтардың ылғалдануын және ластануын болдырмау үшін қораптарды (қораптағы 50-80 парақты) суға төзімді материалдарға (полиэтилендік таспаға) орап-түю ұсынылады. 8.7 Гипсталшықты табақтарды құрғақ жабық бөлмелерде, қоршаған ауаның температурасы +5 °С-ден төмен емес кезінде, жылыту аспаптарынан 1,6 м қашықтықта сақтау керек. Пакеттер бір-біріне жалпы биіктігі 3,5 м-ден артық емес қатарлармен орнатылуы мүмкін. 8.8 Құрылыс алаңшасында гипсталшықты табақтарды сусіңірмейтін қағазбен немесе үлдірлермен (0 °С-тен төмен емес температурада) ұзақ созылмайтын уақытқа (6 сағ. артық емес) сақтауға жол беріледі. 8.9 Жылудыбысоқшаулаушы материалды оларды ылғалданудан қорғау жағдайларында көліктің кез келген түрлерімен тасуға болады. 8.10 Жылудыбысоқшаулаушы материалдарды сақтау ашық қоймаларда немесе оларды ылғалданудан қорғау жағдайларында қалқаның астында жүргізілуі тиіс. 8.11 Бұрамаларды таңба-жапсырмалармен қамтамасыз етілген жәшіктерге немесе қораптарға орап-түйілген күйде көліктің кез келген түрімен тасуға болады. 8.12 Бұрамаларды сақтауды қалқаның астында жүргізу керек.
9 ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ГИПСТАЛШЫҚТЫ ТАБАҚТАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ Қалқалық жүктемелерді бекіту
9.1 Қалқалық жабдықтарды немесе интерьердің заттарын бекіту әдісі үлестірілген қума горизонтальды жүктеменің шамасына (g) байланысты болады. Бұл жүктеме 150 кгс/м-ден аспауы тиіс. Бекіту тәсілдері жүктеменің мынадай үш шамасына арналып қарастырылған: 35 кгс/м-ге дейін; 36-дан 70 кгс/м-ге дейін; 71-ден 150 кгс/м-ге дейін. 9.1.1 Жүктеме g £ 35 кгс/м 9.1.1.1 Массасы 35 кг-нан аспайтын картиналар, фотосуреттер, сөрелер және т.с., жеңіл жүктер, тікелей гипсталшықты табақтарға ілгектердің немесе дюбельдердің көмегімен ілінеді.
9.1.1.2 Массасы 35 кг-ға дейінгі, қабырғадан 30 см-ден артық емес қашықтыққа алыстатылған заттарды ауырлық центрі арқылы метрдей қабырға бойымен бекіту анкерлік бұйымдардың, пластмасса немесе металл дюбельдердің көмегі арқылы арақабырғалардың немесе қаптаманың кез келген нүктесінде орындала алады. Кез келген қайсы бір бекітуді қолдану мүмкіндігі оның көтеруші қабілеттіліігімен (9.1-кесте) және арақабырғалардың типімен анықталады. 9.1.1.3 Заттарды бірнеше нүктелерде бекіту кезінде бекіту нүктелері аралығындағы сантиметрлердегі минимальды қашықтық бір элементке келетін күштің шамасынан кгс аспауы керек. Мысалы, массасы 6 кг элементті екі нүктеде бекіту кезінде бекіту нүктелері аралығындағы қашықтық 3 см-ден кем болмауы тиіс.
9.1 - к е с т е
9.1.2 Жүктеме 35 < g £ 70 кгс/м 9.1.2.1 Қабырға ұзындығының 1 метріне 35-тен 70 кг-ға дейінгі массасы келетін және қабырғадан 30 см-ден артық емес қашықтыққа алыстатылған ауырлық центрі бар жүктер, егер гипсталшықты табақтардың қабаттарының жалпы қалыңдығы 18 мм-ден кем болмаса, қабырғаның кез келген бөлігінде ілінуі мүмкін. 9.1.2.2 Максимальды жүктемені (серпімді созылу) анықтау үшін дюбельге келесі формула қолданылады:
мұнда F - дюбельге арналған максимальды жүктеме (серпімді созылуға), кгс; B - шкафтың максимальды массасы, кг; е - қабырғадан ауырлық центрін жою, см; n - дюбельдердің көмегі кезіндегі бекіту саны; дана; а - тіректік иық, см.
9.1.3 Жүктеме 70 < g £ 150 кгс/м 9.1.3.1 1 м ұзындықтағы 70-тен 150 кг-ға дейінгі массасы бар жүктерді (қол жуғыштар, аспалы әжетшанақтар, биде, су себезгілер, электрлік қалқалар, аспалы өрттік шкафтар және т.с.) бекіту үшін салмалы бөлшектерді (ПС пішінінен жасалған) немесе қаңқаның тіреулерінің аралығына орнатылатын және оларға жинақтау процесінде бекітілетін траверсаларды қолдануды қарастыру қажет. 9.1.3.2 19-суретте көрсетілген әмбебаптық ағаш траверсаларды қолдануға ұсынылады. 9.2 Жүктерді аспалы төбелердің қаптамасына бекіту үшін жазылмалы дюбельдерді пайдалану ұсынылады. Қаптама табақтарының ылғалдану мүмкіндігі жағдайларында көрсетілген жүктерді тікелей қаңқаның элементтеріне бекіту ұсынылады.
19-сурет – Әмбебап ағаш траверса
9.3 Пайдалану процесінде гипсталшықты табақтардан жасалған құрылымдардың механикалық және соққылық әсерлерден зақымдалуы мүмкіндігін болдырмау қажет. 9.4 Электрлік жабдықтарды орнату кезінде қаптаманы өтпелі бұрғылап тесуге жол берілмейді. Бұрғылап тесуді қаптаманың қалыңдығына ғана жүргізу керек. Бұл үшін шектегіштері бар қол бұрғыларды пайдалану қажет. 9.5 Бөлмедегі ауаның ылғалдылығы жоғарылаған кезде гипсталшықты табақтардан жасалған құрылымдарды қорғау жөнінде қосымша шараларды қарастыру қажет.
10 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ГИПСТАЛШЫҚТЫ ТАБАҚТАРДЫҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҚАБЫЛДАУ10.1 Құрастырылған құрылымдарды жасырын жұмыстарға (қаңқаны жинақтау, күштік және әлсіз токты тартылымды салу, сымдарды, оқшаулаушы материалды төсеу, гипсталшықты табақтардың түйістерін бітеу және т. с. с.) арналған тиісті актілерді ресімдеумен кезеңдеп қабылдау керек. 10.2 Арақабырғаларды, қаптамаларды және төбелерді орнату жөніндегі жұмыстарды қабылдау кезінде жарықшақтардың болмауын, соғылған бұрыштардың, құрылымдардың орнықтылығын тексеру керек. Бұрамалардың бастары табақтарға 1 мм шамасында тереңдікке батырылуы тиіс. Беттерде тегістегіш ерітіндінің қатпарлары болмауы тиіс. 10.3 Түйіндесу орындарында тегістеу түйістің барлық тереңдігіне түйіндесудің барлық контуры бойынша үзіліссіз салынады. 10.4 Гипсталшықты табақтардың қаптамалары орнықсыз болмауы тиіс; тегістелген түйістерді ағаш балғамен жеңіл ұрғылағанда, табақтардың аралығында жарықшалар пайда болмауы тиіс. 10.5 Гипсталшықты табақтар аралығындағы бітелген түйістер айқын болмауы тиіс. 10.6 Гипсталшықты табақтардан жасалған дайын қаптамаларға қойылатын талаптар 10.1-кестеде келтірілген.
10.1 - к е с т е
1-қосымша(анықтамалық) Осы ережелер жинағында сілтемелер берілген нормативтік құжаттардың тізімі
ҚНжЕ II-25-80 Ағаш құрылымдар ҚНжЕ 2.01.07-85* Жүктемелер және әсерлер ҚР ҚНжЕ 2.01-19-2004 Құрылыстық құрылымдарды тоттанудан қорғау ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Ғимараттардың және имараттардың өрт қауіпсіздігі ҚР ҚНжЕ 2.04-21-2004* Азаматтық ғимараттардың энергия тұтынуы және жылулық қорғауы ҚР ҚНжЕ 3.02-03-2003 Едендер ҚР ҚНжЕ 3.02-29-2004 Оқшаулағыш және әрлеу жабындары ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 Жылыту, желдету және ауа баптау МҚН 2.04-02-2004 Ғимараттарды жылулық қорғау МҚН 2.04-03-2005 Шудан қорғау МСТ 12.1.044-89* ЕҚСЖ. Заттар және материалдардың өртжарылыстықауіптілігі. Оларды анықтаудың көрсеткіштер номенклатурасы және әдістері МСТ 12.1.004-91* ЕҚСЖ. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар МСТ 125-79* Гипстік тұтқырғыштар. Техникалық шарттар МСТ 8486-86* Қылқан жынысты кесілмелі материалдар. Техникалық шарттар МСТ 9573-96 Жылуоқшаулағыштық синтетикалық байланыстырғыш минералды мақтадан жасалған тақталар. Техникалық шарттар МСТ 10354-82* Полиэтилендік үлдір. Техникалық шарттар МСТ 10499-95 Шынылы штапельді талшықтан жасалған жылуоқшаулағыштық бұйымдар МСТ 10702-78* Суықпен басу және түсіруге арналған сапалы құрылымдық және көміртекті қоспалы болаттан жасалған илем. Техникалық шарттар МСТ 14918-80* Үзіліссіз желілері бар жұқатабақты мырышталған болат. Техникалық шарттар МСТ 15588-86 Көбікполистиролды тақталар. Техникалық шарттар МСТ 27296-87 Құрылыстағы шудан қорғау. Ғимараттың құрылымдық қоршауларын дыбысоқшаулау. Өлшем әдістері МСТ 30244-94 Құрылыстық материалдар. Жанғыштыққа сынау әдістері МСТ 30247.0-94 Құрылыстық құрылымдар. Отқа төзімділікке сынау әдістері. Жалпы талаптар МСТ 30247.1-94 Құрылыстық құрылымдар. Отқа төзімділікке сынау әдістері. Көтеруші және қоршау құрылымдары МСТ 30402-96 Құрылыстық материалдар. Тұтанғыштыққа сынау әдісі МСТ 30403-96 Құрылыстық құрылымдар. Өрт қауіптілігін анықтау әдісі МСТ 30444-97 Құрылыстық материалдар. Жалынның таралуына сынау әдісі 2-қосымша(анықтамалық) Металл пішіндердің сипаттамалары
Қ 2.1 - к е с т е
3-қосымша(анықтамалық) Кнауф* тобының кәсіпорындарымен жеткізілетін гипсталшықты табақтарды қолдану арқылықұрылымдарды орнатуға арналған материалдар
Қ 3.1 - к е с т е Кнауф тобының кәсіпорындарымен жеткізілетін материалдар
4-қосымша(анықтамалық) Аспаптар
Қ 4.1- к ес т е - Гипсталшықты табақтардың негіздігіне құрылымды орнату кезінде қажетті негізгі аспаптың жинағы
Қ 4.1-кестенің жалғасы
5-қосымша(ұсынылатын) Әр түрлі қызметтік ғимараттарда гипсталшықты табақтардан жасалған еденнің жабынының астында құрастырмалы негіздіктерді қолдану салалары
Еденнің едендердің жабынының астында гипсталшықты табақтардан жасалған құрастырмалы негіздіктері бар құрылымдары келесідегілерде қолданылады: - тұрғын ғимараттарда (әр түрлі пәтерлердің бөлмелерінің және бір пәтердің ішіндегі бөлмелердің аралығындағы аражабындар; пәтерлік бөлмелердің, шатырастылық және үйасты қабаттық бөлмелердің сондай-ақ холлдардың аралығындағы аражабындар; жатақхананың тұрғын бөлмелерінің, сондай-ақ, жатақхананың мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерін бір-бірінен және жалпы пайдалану бөлмелерінен (холлдар, вестюбильдер, дәліздер) аралығын бөліп тұратын аражабындар); - мейрамханаларда (номерлер аралығындағы аражабындар; номерлерді жалпы пайдалану бөлмелерінен - вестибюлдерден, холлдардан, буфеттерден бөліп тұратын аражабындар;) - қоғамдық ұйымдарды басқару ғимараттарында (жұмысшы бөлмелердің, кабинеттердің, секретариаттардың аралығындағы және бұл бөлмелерді жалпы пайдалану бөлмелерінен (вестибюлдер, холлдар) бөліп тұратын аражабындар; жұмыс бөлмелерін, кабинеттерін жұмысшы, шудан қорғалмаған бөлмелері бар (машбюро, телетайптық және т.б.) жұмыс бөлмелерін бөліп тұратын аражабындар;) - ауруханаларда және шипажайларда (палаталар, дәрігерлер кабинеттерін жалпы пайдалану (вестибюльдерден, холлдардан) бөлмелерінен бөліп тұратын аражабындар; - мектептерде және басқа оқу орындарында (сыныптық бөлмелердің, оқу кабинеттері мен дәрісханалардың аралығындағы және осы бөлмелерді жалпы пайдалану бөлмелерінен (дәліздерден, вестибюлдерден, холлдардан) бөліп тұратын аражабындар; - балалардың бөбекжай-бақшаларында (топтық бөлмелер, ұйықтайтын бөлмелер аралығындағы және басқа балалар бөлмелерінің аралығындағы аражабындар; топтық бөлмелерді, ұйықтайтын бөлмелерді ас үйден бөліп тұратын аражабындар); - қосалқы ғимараттарда және өнеркәсіптік кәсіпорындар бөлмелерінде (демалыс, оқу сабақтарын өткізу, денсаулық пункттері бөлмелерінің, қоғамдық ұйымдардың басқару және констуркторлық бюросының, кабинеттерінің, бөлмелерінің аралығындағы және бұл бөлмелерді жалпы пайдалану бөлмелерінен (весьтибюлдер, киімілгіштерден) бөліп тұратын аражабындар; зертханалар, қызыл бұрыштар, жиналысқа арналған залдар, асханалар бөлмелері аралығын бөліп тұратын аражабындар); - сауда залдарында және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында; - мәдени-ағартушылық ғимараттарында және ойын-сауық мекемелерінде.
ӘОЖ 691.2.27 МСЖ 91.100.10
Түйін сөздер: гипсталшықты табақтар, құрылымдар, бағыттаушы жіктер, аспалы төбелер, қаңқаның элементтері, еден астындағы құрастырмалы негіздіктер, қаптамалар.
БЕЛГІ ҮШІН |