СП РК 5.06-11-2004 КАЗ ОГРАЖДАЮЩИЕ КОНСТРУКЦИИ С ПРИМЕНЕНИЕМ ГИПСОКАРТОННЫХ ЛИСТОВ СП РК 5.06-11-2004ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ ГИПС-КАРТОНДЫ ТАБАҚТАР ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚОРШАУ ҚҰРЫЛЫМДАР
ОГРАЖДАЮЩИЕ КОНСТРУКЦИИ С ПРИМЕНЕНИЕМ ГИПСОКАРТОННЫХ ЛИСТОВ
Енгізілген күні 2005.05.01
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
Осы Ережелер жинағы Қазақстан Республикасы аумағында гипс - картонды табақтарды қолданып қоршау құрылымдарын жобалау мен оларды орнату тәсілдерінің негізгі ережелерін белгілейді.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Құжат мәтінінде сілтемелер берілген нормативтік құжаттардың тізбесі міндетті қосымшалары келтірілді.
3 ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
3.1 Осы Ережелер жинағын тұрғын, қоғамдық, әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттарда гипс-картонды табақтарды қолданып қоршау құрылымдарын жобалау, орнату және пайдалану кезінде, олардың нормативтік мәндеріне құрылым параметрлерінің сәйкестігін растайтын қажетті құжаттама бар болғанда, тиісті нормативтік құжаттардың талаптарын ескеріп басшылыққа алған жөн. 3.2 Гипс - картонды табақтарды қолданып қоршау құрылымдарын орнатқанда пайдаланылатын барлық материалдар мен бұйымдар сертификатталған болуы тиіс. 3.3 Қаңқалы-қаптамалы арақабырғаларға металл немесе ағаш қаңқа және оған бұрама шегелермен бекітілген гипс-картоннан жасалған қаптамалар жатады. Қаптамалардың арасындағы ауа қуысы дыбыс оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш, оттан қорғайтын материалдармен немесе гипс - картонды табақтармен толтырылуы мүмкін (1-сурет). 3.4 Аспалы төбелерге металл немесе ағаш қаңқа, көтеруші құрылымға ілінген аражабын немесе жабын (негізгі төбеге) және гипс - картонды табақтардан жасалған тігінділер немесе осы табақтардан жасалған кассеталы ұяшықтар толтырмасы жатады. Төбе құрылымыныңугадал отқа төзімділігін арттыру үшін төбенің үстіндегі кеңістікке оттан қорғайтын жылу оқшаулағыш материал орналастырылуы мүмкін (2-сурет). 3.5 Коммуникациялық шахталар қоршауының құрылымдық шешіміне арақабырға құрылымына ұқсас металл қаңқа мен оған бұрама шегелермен бекітілген гипс-картонды табақтардан жасалған қаптамалар жатады.
4 ГИПС-КАРТОНДЫ ТАБАҚТАР ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰРЫЛЫМДАРҒА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР
4.1 Гипс - картонды табақтардың номенклатурасы және олардың физикалық-техникалық сипаттамалары
Ресми
басылым Гипс - картонды табақтардың қиратушы жүктемесі мен рұқсат етілетін иілімі 2-кестедегі деректерге сәйкес келуі тиіс. ГКЛВ және ГКЛВО табақтарының су сіңіргіштігі 10 % -дан аспауы тиіс. 4.1.2 Гипс - картонды табақтарды (ГКТ), арақабырғаларды, аспалы төбелерді және температуралық және ылғалдылық режимі құрғақ және қалыпты бөлмелердегі қабырғалардың ішкі бетінің қаптамаларын ҚНжЕ 2.04-03-2002 талаптарына сәйкес орнату үшін қолдану ұсынылады. 4.1.3 Гипс-картонды табақтарды (ГКТ), арақабырғаларды, аспалы төбелерді және ылғалды және дымқыл режимді бөлмелердегі қабырғалардың ішкі қаптамаларын ҚР СТ 971 -ні қолдану жөніндегі нұсқауларға сәйкес орнату үшін қолдану ұсынылады. 4.1.4 Гипс - картонды табақтарды (ГКТ) арақабырғаларды, аспалы төбелерді және ішкі қабырғалар бетінің қаптамаларын және отқа төзімділік талаптары қойылатын оттан қорғау құрылымдарын орнату үшін қолдану ұсынылады. 4.1.5 Гипс - картонды табақтарды (ГКЛВО) өртке қарсы қабырғаларды, аспалы төбелерді және қабырғалардың ішкі бетінің қаптамасын орнату үшін және ылғалды және дымқыл режимдегі ғимарат бөлмелерінің құрылымдарын оттан қорғау үшін, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90 % -ға дейін және температурасы 30 º С-қа дейін болғанда пайдалану үшін, табақтардың бетін суға төзімді астарлармен, суға төзімді тығыздағышпен, суға төзімді сырмен өңдеген кезде, қыш тақталармен немесе ПВХ жабындарымен қорғау үшін пайдалану ұсынылады. 4.1.6 Гипс - картонды табақтар ұзын жағы бес типті жиектермен (3-кесте) жеткізіледі. 4.1.7 Қоршау құрылымдарын қаптама табақтарының арасындағы түйістерді тығыздағышпен бітеп орнату үшін УК және ПЛУК типті жиектері жіңішкертілген гипс - картонды табақтарды қолдану ұсынылады; мұндайда ПЛУК типті жиегі бар табақты түйістерді шегендеуші таспасыз «Унифлот» тығыздағышын қолданып бітегенде қолданған жөн, ол өндіріс жұмыстарының еңбек сыйымдылығын азайтуға мүмкіндік береді. Жиегі ПК типті табақтарды көбінесе көп қабатты қаптама кезінде ішкі қабат ретінде немесе арақабырғалардың ішкі қуыстарын толтырғанда понеттерді қалыптастыру үшін, сондай-ақ құрамалы–бөлшектемелі қоршау құрылымдарды оларды жайып салу арқылы қаңқа бекіту кезінде пайдалану ұсынылады.
1-қаңқа; 2-бұрама шегелер; 3- гипс-картонды табақтардан жасалған қаптама; 4-дюбельдер; 5- дыбыс оқшаулағыш материал; 6- гипс-картонды табақтардан толтырма
1-сурет - Қаңқалы-қаптамалы арақабырғалардың құрылымдық сұлбасы: ауа қуысы дыбыс оқшаулағыш материалмен толтырылған гипс-картонды табақтардан жасалған қаптамалар (а), ауа қуысы толтырылмаған (б) және гипс-картонды табақтармен толтырылған (в)
1 - к е с т е
2-к е с т е
3- к е с т е
1- қаңқа; 2-ілмелер; 3-гипс-картонды табақтардан қаптама; 4- гипс - картонды табақтардан кассеталар; 5 - оттан қорғайтын жылу оқшаулағыш материал; а - ілмелердің арасындағы қашықтық; b- көтергіш профильдер арасындағы қашықтық; с - негізгі профильдердің арасындағы қашықтық
2-сурет - Аспалы төбелердің құрылымдық сұлбалары: гипс - картонды табақтардан қаптамамен (а) растрлы (б) және отқа төзімділігі жоғары (в)
4.1.8 Темірбетон, кірпіш, ағаш қабырғалар мен арақабырғалардың ішкі бетін декорациялық әрлеу үшін өлшемі 2500×(500-600)×(10-12,5) мм гипс - картонды әрлеу панелдерін қолдану керек, өң беті ПДО немесе ПДСО поливинилхлоридті декорациялық үлдірмен, негізі қағаз «Изоплен» немесе «Девилон» поливинилхлоридті үлдірмен, сондай-ақ «Плетекс» декорациялық материалымен және басқа материалдармен 6.25 ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 талаптарын ескеріп әрленген гипс - картонды табақтарды білдіреді. 4.1.9 Қабырғалардың жылу оқшаулағыш қабілетін арттыру үшін пайдалануға берілетін және қайта қалпына келтірілетін ғимараттарда маркасы 15, 25 немесе 35 (МСТ 15588) ПСБ - С пенополистиролды тақтадан немесе маркасы 175, 200 синтетикалық байланыстырғыш минералмақта тақтадан, сондай-ақ МСТ 9573 бойынша ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 талаптарын ескеріп жылу оқшаулағыш қабат жапсырылған гипс - картонды табақтан тұратын, толық зауытта дайындалған екіқабатты бұйым болып саналатын құрама гипс - картонды панельдерді (ГКП) қолдану ұсынылады. 4.1.10 Электр кабельдерін, желдеткіш ауа бөлгіштердің қаптамасын, металл арқалықтар мен ұстындардың қаптамаларына 90º немесе 120 º V - тәрізді кертпелері бар гипс - картонды табақтарды қолдану, ал кертпесі П - тәрізді беті иілген табақты құрылым үшін қолдану ұсынылды. 4.1.11 Акустикалық аспалы төбелерді қаптау үшін сүзгі қағаз қабаты бар тесікті немесе шлицельді перфорациялы немесе сырт жағы тоқылған полотнолы гипс - картонды табақтарды пайдаланған жөн. 4.1.12 Аспалы төбелердің қабырғалар мен арақабырғаларға жанасқан жерін, сондай-ақ төбелердің қисық сызықты түйістерін декорациялық безендіру үшін ұзындығы 2500 мм-ге дейін, ұңғы қимасының ұзындығы 500 мм-ден аспайтын, қалыңдығы К=9,5 немесе 12,5 V-тәрізді кертпесі бар (3-сурет) қисық пішінді гипс - картонды элементтерді қолданған жөн.
1 бұрыштық; 2- П-тәрізді; 3 – сатылы а + г + е + б + д + ж £ 500 мм
3 - сурет - Гипс - картонды элементтердің нұсқалары 4.1.13 Аспалы төбелерде, арақабырғаларда қисық сызықты циркульды бетті орнату үшін немесе қабырғаларды қаптағанда зауытта жасалған гипс - картонды иілген элементтерді салыну жағдайында қосарлыларды пайдаланған жөн. (4-сурет). Иілгіш гипс - картонды табақтардың ылғал күйдегі (қара 6.2.10 және 6.2.11) минимальды радиусы табақтың қалыңдығы 6,5; 9,5 және 12,5 мм болғанда тиісінше кем дегенде 300, 500 және 1000 мм-ді құрайды, ал құрғақ күйде сондай қалыңдық үшін - 1000, 2000 және 2750 мм. 4.1.14 Аспалы төбелер мен қисықтың радиусы 100-400 мм арақабырғалардың қисық сызықты бетін жасау үшін ені 150-ден 520 мм-ге дейін щлицті параллель кертпелері бар (4, 8-сурет) гипс - картонды табақтарды қолданған жөн.
1, 2 - 90º- тық бұрышпен; 3, 4 – 180 º- тық бұрышпен; 5 - 180 º- қа дейінгі кез келген бұрышпен 6- S тәрізді; 7- ұзындығы бойынша иілген; 8- шлицті кертпелері бар қисық сызықты элемент
4 - сурет - Гипс - картонды қисық сызықты элементтер
4.2 Қаңқаның болат және ағаш элементтері
4.2.1 Арақабырғаларды, төбелерді және гипс-картонды оттан қорғайтын құрылымдарды орнату үшін 4-кесте бойынша дайындалған табақта мырышталған болаттан жасалған суықтай иілген пішінді қолданған жөн. 4.2.2 Болат пішіндер болмағанда, температуралық және ылғалдық режимі құрғақ және қалыпты бөлмелердегі арақабырғалардың, аспалы төбелердің қаңқасын орнату және қабырғаларды қаптау үшін ылғалдылығы 12±3 % антисептіленген ағаш білеушелер қолданылуы мүмкін. Аспалы төбелердің қаңқасын орнату үшін қимасы 48×24, 50×30 немесе 60×40 мм білеушелерді пайдаланған жөн, ал қабырғаларды қаптау үшін - қимасы 40×25 мм. 4.2.3 Аспалы төбелер мен арақабырғалардың қисық сызықты бетінің астына қаңқаны орнату үшін иілген дөңес және ойыс, ұзындығы 2600, 3500 және 4000 мм қисықтың радиусы 500-1000; 1001-2000; 2001-3000; 3001-4000; 4001-5000 мм болатын 60×27 пішінді пайдаланған жөн.
4- к е с т е
4.3 Жинақталатын материалдар мен бұйымдар
4.3.1 Қоршау құрылымдар үшін қаңқа элементтері және гипс - картонды табақтармен бірге жинақта жеткізіледі: бекітпе бұйымдар, өзі оятын бұрама шегелер, желімді және тығыздағыш құрамдар, нығыздағыштар, герметикалаушы құрамдар, жобаға сәйкес дыбыс және жылу оқшаулағыш материалдар. 4.3.2 Бекітпе бұйымдарға жататындар: аспалы төбелер қаңқаларының ілмелері, қаңқаны көтергіш құрылымдарға бекітуге арналған дюбельдер мен анкерлік элементтер, қаңқа пішіндерін түйістіруге арналған қосқыш элементтер, сондай-ақ түрлі заттарды арақабырғаларға және аспалы төбелерге бекітуге арналған дюбельдер мен ілмектер. 4.3.3 Ілмелер номенклатурасына (5-кесте) аспалы төбе қаңқасының металл пішіндері мен ағаш білеушелерінің (3) көтергіш құрылымдарына бекітуге арналған зауытта жасалған бұйымдар кіреді. ПП 60/27 металл пішіндерден қаңқаны асу үшін қысқышы мен тартымы бар аспалары (4), құрама аспаларды (5) және нониусты аспаларды (10, 11) қолданған жөн, ал Т 24 пішінді қаңқа үшін - қысқышы мен тартымы бар аспа (1, 2) және нониусты аспа (6). Түзу аспаны (7-9) аспалы төбені негізгіден кем дегенде 130 мм әкеткенде қолдану керек. 4.3.4 Бір деңгейдегі аспалы төбе қаңқасының ПП 60/27 металл пішіндерін қосу үшін бір деңгейлі қосқышты, түрлі деңгейде қосу үшін - екі деңгейлі қосқышты (5-сурет) пайдаланған жөн. ПП 60/27 пішіндерді ұзындығы бойынша қосуды арнайы ұзартқыштар көмегімен жүзеге асыру керек, ал кассеталы төбедегі Т-тәрізді Т 24 типті пішіндер пішіннің өзінің құрылымында қарастырылған. 4.3.5 Аспалы төбенің қаптамасын табақтың ұзындығының метріне массасы 6 кг-дан аспайтын жарықтандырғыш аспаптарды және т.с.с. бекіту үшін серіппе металл және пластмасса дюбельдерді (6-сурет) және өтпелі анкерлерді пайдалану керек. Ылғалдылықтың артуы мүмкін болған жағдайда көрсетілген жүктерді аспалы төбенің қаңқасына бекіткен жөн. 4.3.6 Гипс - картонды табақтардан жасалған арақабырғаларға жабдықтар мен түрлі заттарды (картиналар, сөрелер) ілу үшін ілмектерді, анкерлерді және серіппе дюбельдерді (ауа қуысы бар құрылымдар үшін) (7- сурет). 4.3.7 Рұқсат етілетін жүктеме (7-сурет, д) аспауға тиіс: қаптама қалыңдығы 12,5 мм болғанда 30 кг-дан; қаптама қалыңдығы 25 мм болғанда 40 кг-дан, ал анкерде (7-сурет, е) тиісінше 20 және 30 кг. 4.3.8 Гипс - картонды табақтарды қаңқаға және металл пішіндерді және бөлшектерді өзара бекіту үшін тотығуға қарсы жабыны бар өзі оятын бұрама шегелерді (6-кесте) немесе тотығуға қарсы мырышпен жабылған Ц6 СМ типті (7- кесте) отандық өндірістің өзі оятын, сондай-ақ тескіш бұрама шегелерін пайдаланған жөн. 4.3.9 ЖЖ типті жиектері бар гипс - картонды табақтардың арасындағы түйістерді бітеу үшін гипсті-тұтқыр және арнайы қоспа негізінде жасалған, 4:3 қатынасымен суға араластырылған «Фугенфюллер» тығыздағышын пайдаланған жөн. «Фугенфюллер» тығыздағышы жоғары сапалы қағаздан немесе шыны талшықтан жасалған шегендегіш таспасы бар кешенде перфорациямен немесе перфорациясыз қолданылуға тиіс. 4.3.10 Жиектері ЖДЖЖ типті гипс-картонды табақтардың арасындағы жіктерді шегендегіш таспаны қолданбай бітеу үшін 2,5:1 қатынаспен суда араластырылған қоспалары бар гипсті тұтқыр негіздегі «Унифлот» тығыздағышын пайдаланған жөн. 4.3.11 Бет қаптамасының гипс-картонды табақтарының арасындағы түйісктерді толық әрлеу үшін «Финиш-паста» немесе «Борд-финиш» тығыздағыш құрамын қолданған жөн. 4.3.12 Қабырғаларды қаптағанда гипс - картонды табақтарды қаңқасыз бекіту үшін 2:1 қатынасын суда араластырылған қоспалары бар гипсті тұтқыр негізде дайындалған «Перлфикс» жинақтық желінің «Фугенфюллер» тығыздағышын немесе соған ұқсас өзге құрамдарды қолданған жөн. 4.3.13 «Перлфикс» желімінің қабырғаларды қаптағанда оның бетонды бетіне жабысуын арттыру үшін «Бетонконтакт» астарын, ал гиграскопиялық бетті өңдеу үшін СП «ТИГИ КНАУФ» ААҚ фирмасының «Тифенгрунд» астарын пайдаланған жөн. 4.3.14 Сіңіруді (абсорбцияны) нормалау мақсатында гипс-картонды қаптама бетін сырлауға дайындағанда СП «ТИГИ КНАУФ» ААҚ фирмасы әкелетін «Тифенгрунд» астарын пайдаланған жөн.
5 - к е с т е
5- сурет - Аспалы төбе қаңқаларының бір деңгейлі (а) және екі деңгейлі (б, в) қосқыштары
6-сурет - шаңырақтардың, перделердің және т.с.с. аспалы төбесінің қаптамасына бекітетін ашылатын дюбельдер (а) мен өтпелі анкерлер (б)
7- сурет - гипс - картонды табақтардан жасалған арақабырғаларға массасы: а - 5 кг-ға дейін; б- 5 кг-ға дейін; в - 10 кг-ға дейін; г - 15 кг-ға дейін; д - 30-40 кг-ға дейін; с - 20-30 кг; ж - 20 кг заттар (картиналар және т.с.с.) мен жабдықтарды ілуге арналған ілмектер (а-г), анкерлер (д, е) және дюбельдер (ж) 6 - к е с т е СП «ТИГИ КНАУФ» ААҚ фирмасы бұрама шегелерінің номенклатурасы
7- к е с т е - Отандық өндірістің тотығуға қарсы мырышпен жабылған бұрама шегелерінің номенклатурасы
4.3.15 Арақабырғалардың металл қаңқаларының бағыттау пішіндерінің, еденнің және төбенің арасындағы саңылауларды нығыздау үшін және қажетті жылу оқшауларды қамтамасыз ету үшін СП «ТИГИ КНАУФ» ААҚ фирмасы әкелетін «Дихтунгсбанд» нығыздағыш таспаны немесе көбікполиуретан және тығыздығы 150 кг/м³-ке дейінгі латексті көбік резеңкеден жасалған нығыздағыш таспаны қолданған жөн. 4.3.16 Арақабырғалардың дыбыс оқшаулағышы үшін МСТ 9573 бойынша жасалған синтетикалық байланыстырғыш минералмақта тақталарды немесе МСТ 10499 бойынша жасалған синтетикалық байланыстырғыш шынымақта тақталарды қолданған жөн.
5 ҚОРШАУЛАРДЫҢ ГИПС-КАРТОНДЫ ТАБАҚТАР ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ШЕШІМДЕРІ
5.1 Жалпы бөлім
5.1.1 Бұл бөлім қаңқалы-қаптамалы арақабырғаларды жобалау, қабырғаларды гипс-картонды табақтармен және жылу оқшаулағыш гипс-картонды құрамалы панельдермен қаптауға, коммуникациялық шахталарды, аспалы төбелерді қоршауға, сондай-ақ құрылыс құрылымдарын, желдеткіш және кабельдік каналдарды оттан қорғауға арналады. 5.1.2 Бөлім аталған құрылымдардың негізгі тораптарының жобалау және құрылымдық шешімі, қолданылатын саласы жөнінде ұсынымдық нұсқаулардан, сондай-ақ олардың физика-техникалық сипаттамаларынан тұрады. 5.1.3 Гипс-картонды табақтар қолданылатын қоршау құрылымдар түрлі мақсаттағы және отқа төзімділігі, қабаттылығы және құрылымдық сұлбалары түрлі дәрежедегі, елдің әр аймағында, сонымен бірге сейсмикалық аудандарда тұрғызылатын ғимараттарда тиісті нормативтік талаптарды қанағаттандырған жағдайда қолданылады.
5.2 Қаңқалы - қаптамалы арақабырғалар
5.2.1 Гипс - картонды табақтардан жасалған арақабырғаларды көбінесе металл қаңқамен, минералмақта немесе шынымақта тақталардан қос жылу оқшаулағыш толтырмамен, бір, екі, үш қабатты ГКТ қаптамасымен (8-кесте) бірге жобалаған жөн. Арақабырғалардың қабатында құбырлар мен т.с.с. коммуникацияларды төсеу қажет болғанда қос жылжымалы тіреуі бар металл қаңқаны, толтырғыш ретінде көбінесе «НГ» класты материалдарды пайдалану керек. Жанғыш материалдары бар арақабырғалардың ішіне коммуникация төсегенде, мұндай өткелдердің құрылымы ол құрылымның отқа төзімділігін азайтуға және өрт қауіптілігін күшейтуге тиіс емес. 5.2.2 Құрғақ және қалыпты температуралық - ылғалдылық режимдегі жайларда металл немесе ағаш қаңқалы және ГКТ стандартты гипс-картонды табақтардан қаптамасы бар арақабырғаларды жобалаған жөн. 5.2.3 Ылғалды және дымқыл жайларда арақабырғаларды металл қаңқасымен және ГКЛВ немесе ГКЛВО қаптамасымен жобалаған жөн, олардың оң бетін суға төзімді астармен, тығыздағышпен, сырмен, қыш тақталармен немесе ПВХ жабындарымен қорғау керек. 5.2.4 Өртке қарсы арақабырғаларды металл қаңқасымен және ГКЛО және ГКЛВО гипс - картонды табақтардан қаптамаларымен бірге МСТ 30244 бойынша жанбайтын материалдар тобына жататын минералмақталы жылу оқшаулағыш қаптамалардың арасындағы ауа қуысын толтырғанда жобалаған жөн. 5.2.5 Арақабырғаларының ауа шуылын оқшалау индексі нормаланбаған бөлмелерде, өртке қарсыдан басқа, қаптамалардың арасындағы ауа қуысын дыбыс оқшаулағыш материалмен толтырмай жобалаған жөн. 5.2.6 Беріктігіне жоғары талап қойылған арақабырғаларды, сонымен бірге өртке қарсыларын ПН пішінді қос таврға біріктірілген қаңқаның металл тіреулерімен, қалыңдығы 12,5-24 мм гипс-картонды толтырмалармен және және бір немесе екі жағынан кәдімгі арақабырғалар типі бойынша (8-кесте, 8-сұлба) қосымша қаптамасымен бірге жобалау керек. 5.2.7 Металл қаңқалы арақабырғаларды отқа төзімділік шегі ҚР ҚНжҚЕ 2.02-05-2002 сәйкес болғанда, өрт қауіптілігі К0 классты І типті өртке қарсы арақабырғалар ретінде қолдануға рұқсат етіледі. 5.2.8 Гипс - картонды қаңқалы - қаптамалы арақабырғаларды түтін шығатын шахталарға қолданбаған жөн. Дыбыс оқшаулағыш индексі 41 дБ -ден кем арақабырғаларды шуыл деңгейі қалыпты жайларда қолдануға рұқсат етілмейді. 5.2.9 Арақабырғалар тік (өз массасы және жабдық ілмесінен) және көлденең (желден, пайдалану жүктемесі және сейсмикалық) жүктемелердің үйлесуіне есептелуі тиіс. Мұндайда жел жүктемесі 0,2 Wо тең етіп алынады, онда Wо - желдің жылдамдық тегеуіріні. Сейсмикалық жүктеме сейсмикалығы 6,5; 12,8 және 25,6 кгс/м² -қа сәйкес 7, 8 және 9 балл болатын аудандар үшін жасалады. 8-кестеде келтірілген, неғұрлым көп таралған құрылымдық сұлбалар үшін қалыңдығы 0,6 мм пішіннен жасалған металл қаңқалары бар арақабырғалардың биіктігі 9 және 10 кестеде көрсетілгендерден аспауы тиіс. 5.2.10 Қаптамалардың гипс-картонды табақтарын тігінен (бойлық) орналастырғанда, тіреулердің аралығы 600 мм-нен аспауы тиіс, ал қаптаманың гипс-картонды қаптамаларын көлденеңінен (көлденең) орналастырғанда - 1250 мм-нен артық емес (11-кесте). 5.2.11 Қажеттілігіне қарай қаңқа тіреулерін ұзындығы бойынша қосымша пішінді кигізу немесе түйістіру әдісімен түйістіруді қарастыруға болады. Ұңғымаларды түйістіру кезінде айқас жабынның ұзындығы түйіскен пішіндердің Һ қимасының 10 еселік биіктігінен кем емес етіп алынуы тиіс, ал қосымша пішінді пайдаланғанда оның ұзындығы түйісетін (8-сурет) пішіндердің 20 еселік биіктігінен кем болмауға тиіс. Қаңқа тіреулерінің түйістері өзара аралас (бөлек-бөлек) және бір жазықтықта 20% -дан аспайтын тіреулер түйісетіндей етіп орналасуы тиіс.
8 - к е с т е - Қаңқалы - қаптамалы арақабырғалардың номенклатурасы
9 - к е с т е - Қалыңдығы 12,5 мм гипс - картонды табақтармен қапталған арақабырғалардың шақтамалы биіктігі: м
10 - к е с т е - Қалыңдығы 24 мм гипс - картонды табақтармен қапталған арақабырғалардың шақтамалы биіктігі, м
11 - к е с т е - Арақабырғалардағы гипс-картонды табақтардың шақтамалы аралықтары Миллиметрмен
1 түйісетін пішіндер; 2- бұрама шегелер; 3- қосымша пішін
8- сурет - Түйістіру (а) және қосымша пішінді кигізу (б, в) әдісімен жасалған металл тірек пішіндердің түйісі 5.2.12 Бағыттауыш металл пішіндер мен ағаш білеушелерді еденге және төбеге 1000 мм-нен аспайтын аралықта орналасатын дюбельдермен бекітуді қарастыру керек. Дюбельдердің аралығын 400-600 мм етіп алған жөн. 5.2.13 Арақабырғалардың ауа шуылынан дыбыс оқшаулағышын арттыру мақсатында қаңқаның бағыттауыш пішіндері, еден және төбе арасында нығыздағыш таспаны, қолдануды, сондай-ақ ол орындарды арақабырғалардың бір жағынан герметикалауды қарастырған жөн. Нығыздағыш таспаны сондай-ақ металл қаңқаның қосарланған тіреулерінің арасында, және де қаң қаның қабырғалармен және металл есік қораптарымен (9-сурет) түйіскен тұстарында да қарастыру керек. 5.2.14 Металл қаңқаның тіреулерін бағыттауышқа бекіткен жағдайда «жазып кесу» әдісімен немесе өзі оятын бұрама шегелермен қарастыру керек, ал ағаш тіреулерде - шегелермен және бұрама шегелермен. 5.2.15 Жалғыз қаптамалы гипс-картонды табақтары бар арақабырғалардағы олардың көлденең түйіскен жерлерінде (табақтын ені бойынша) қаңқаның тіреулеріне (10-сурет) бекітілетін бағыттаушы немесе тіреу типті металл пішінінен көлденең вставканы қарастыру керек. 5.2.16 Жабындар 10 мм-ден астам уақытша жүктемеден майысқанда қаңқаның жабыннан деформацияға түспеуін қамтамасыз ету үшін тіреулерді жоғарғы бағыттауыштарға бекітуді кесу әдісімен (11-сурет, Д) немесе жылжымалы жоғарғы бағыттауышпен бірге қарастыру керек (11-сурет, Д2 және Д3). Ауданы 50 м²-ден артық артық арақабырғаларда деформациялық жікті орналастыруды ескеру қажет (11а,б-суреттері).
Тік кесінді Көлденең кесінді
1 - нығыздағыш таспа; 2 - минералмақта тақта; 3 - пішін ПН; 4 - дюбель; 5 - пішін ПС; 6 - ГКТ - дан қаптама; 7- есік ойығы жанындағы білеулерді ағаш білеушелермен күшейту
9 - сурет - Гипс - картонды арақабырғалар құрылымында нығыздағыш таспалар орнатылатын жерлер
Көлденең кесінді
1 - дюбель; 2 - нығыздағыш таспа (герметик); 3 - ГКТ - дан қаптама; 4- минералмақта тақта; 5- пішін ПС; 6 - бөлгіш таспа; 7 - өзі оятын бұрама шеге; 8 - пішін ПН; 9 - тығыздағыш; 10 -пішін ПУ
10 - сурет - Гипс-картонды табақтардан тұратын арақабырғалардың тораптарын қабырғаға (А) жанастырып, гипс-картонды табақтардың түйісі (Б), Т- тәрізді түйіндесу (В), қабырғаның бұрышы мен шет жағын жасаудың (Г) құрылымдық шешімі. Тораптар (Д, Е, Ж) 11- суретте көрсетілді
1 - пішін ПН; 2 - пішін ПС; 3 - ГКТ жолақтары; 4 - тығыздағыш; 5 - пішін ПТ; 6 - нығыздағыш таспа (герметик); 7 - ГКТ қаптама; 8 - бөлгіш таспа; 9 - деформациялық пішін; 10 - иілген пішін ПУ; 11 - өзі оятын бұрама шеге; 12 - электротехникалық плинтус; 13 - ағаш плинтус; 14 - дюбель; 15 - герметик
11 - сурет - ГКТ арақабырғалардың түйіндесу тораптарының құрылымдық шешімі, жоғарғы бағыттаушы сырғымалы (Д2) тіреулік пішінді (Д1) кесу әдісімен жабу, сол сияқты, аспалы төбеде (Д3), сырғымалы деформациялық жікте (а), сол сияқты, жікті пішінмен (б), 90º -тан артық бұрышпен түйісу (Е) және еденге жанастыру (Ж)
5.2.17 Арақабырғалардың ұстындармен және қабырғалармен түйіскен жерлерінде қосымша тіреулер қарастырылуы тиіс, оларды көтергіш құрылым деформация айырмашылығы болмағанда аралығын 600 мм етіп дюбельдермен бекіту керек. 5.2.18 Арақабырғалардың коммуникациялық трассалармен түйіскен тұстарында тіреулердің арасына ПН және ПС пішіндерінен жасалған элементтерді орнатуды, оларды қаңқа тіреулеріне (12-сурет) бекітуді қарастыру керек. 5.2.19 Арақабырғалардың сумен жабдықтау, бумен және сумен жылыту құбырларымен түйісетін жерлерінде жылутасымалдағыштың (13-сурет) температурасы өзгерген кезде құбырлардың еркін жылжуын қамтамасыз ететін жанбайтын материалдардан гильзалар орнатуды қарастыру керек. 5.2.20 Отқа төзімділігі 0,5 с-тан астам арақабырғалардың диаметрі 60 мм-ден астам құбырлармен түйісуінде құбырларды отқа төзімділігі 0,5 с-тан кем емес қаптамамен арақабырғалардың жазықтығынан 0,5 м ұзындықта оқшаулауды қарастыру керек (13-сурет). 5.2.21 Ауа бөлгіштердің өртке қарсы арақабырғалармен қиылысында ауа бөлгіштердің қабырғаларының ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 сәйкес І және ІІ дәрежелі ғимараттар үшін отқа төзімділік шегі 0,5 с-тан кем емес оттан қорғанышы болуы тиіс, мұндайда өткелдің отқа төзімділігі, әдеттегідей, қиысатын құрылымдардың отқа төзімділігінен кем болмауға тиіс. Ауа бөлгіштер мен өткелдердің отқа төзімділік шегі қолданыстағы нормативтік құжаттар бойынша анықталады. 5.2.22 Гипс - картонды табақтар қаңқаға өзі оятын бұрама шегелермен бекітілуі тиіс, олар табақтың шетіне жапсырылған картоннан кем дегенде 10 мм және кесілгеннен кем дегенде 15 мм қашықтықтағы көршілес табақтарда 250 мм қадаммен орналасады. Бірінші (ішкі) табақты бекіткенде екі қабат қаптамадан бұрама шегелердің арасындағы қадамды егер екі қабаттың да жинақтауы бір күнде орындалса, 750 мм-ге дейін ұлғайтуға болады. Мұндайда гипс-картонды табақтардың тік түйістері қаңқа тіреулері орналасқан жерлерде қарастырылуы тиіс. Көлденең - металл пішіндерден жасалған қосымша элементтерде не қосымша білеушелерде - ағаш қаңқа болғанда. Екі қабат қаптамада қосымша элементтерді орнатпауға болады. 5.2.23 Арақабырғалардың алмалы-салмалы құрылымдарында гипс-картонды табақтарды қаңқа тіреулеріне бекітуді металл немесе пластмассадан жайып салуды (14-сурет) бекітпе мен арақабырғалар тораптарының отқа төзімділігі шегіндегі шамасы бірдей болғанда қарастыру керек. 5.2.24 Қыш тақталармен әрленген бөлмелерде арақабырғаларды гипс-картонды табақтармен екі қабат қаптауды қарастырған дұрыс. 5.2.25 Қоймалардың бөлмелеріндегі азық-түлік өнімдерін кеміргіштерден қорғау үшін арақабырғалардың төменгі деңгейінде еденнен 0,5-0,6 м биіктікте қаңқаның тіреулеріне бекітілетін, қалыңдығы 0,5-0,7 мм болатын табақтарды орнатуды, ал ойықтарды минералмақта немесе шынымақта (15-сурет) материалдармен толтыруды қарастырған жөн. 5.2.26 Соққы жүктеме немесе ауыр жабдықты ілу болуы мүмкін аймақта монолитті темір бетоннан, толық құйма кірпіштен, металлдан және т.с.с. биіктігі 300-ден 1800 мм-ге дейін шығыңқы іргені (цокольды) қарастырған жөн. 5.2.27 Қаңқалы-қаптамалы арақабырғаларды пайдалану шарты бойынша еден жабыны үнемі суланып жиналатын бөлмелерде орнатқанда, гипс-картонды табақтардың төменгі бағыттауыштың астына гипс-картонды табақтарға салынуға тиіс рулонды гидро оқшаулағыш материалдардан жасалған жолақтарды қолдануды қарастыру керек (15- сурет). 5.2.28 КТ-дан пайда болған механикалық бүлінуден сыртқы бұрыштарды қорғау үшін бұрыштық болат пішіндерді қолдану керек (10, 11-суреттер). Мұндайда арақабырғалардың түйіндесу тораптарында түйіндескен құрылымдардың отқа төзімділік шегі болуға тиіс. 5.2.29 Гипс-картонды табақтардың шет жақтарының төбе мен қабырғаның бетімен түйіндескен жерлерінде бөлгіш таспаны қолдануды қарастыру керек. Бөлгіш таспа болмағанда герметикті (11-сурет) қолдануға болады. Түйіндесу тораптарының түйіндескен құрылымдардың отқа төзімділік деңгейінен төмен емес отқа төзімділік деңгейі болуға тиіс. 5.2.30 Массасы 15 кг-ға дейін заттарды (картиналар, сөрелер т.с.с.) арақабырғалардың гипс-картонды қаптамасына ілмектермен (16-сурет) ілуді қарастыру керек. Затты бірнеше нүктеде бекіткенде бекіту нүктелерінің арасындағы ең аз қашықтық см-де бір бекіткіш элементке түсетін кг шамасынан аспауы тиіс. 5.2.31 Аспалы жабдық, қабырғалық шкафтар немесе массасы қаптаманың бетінен 30 см-нен аспайтын қашықтыққа алыстатылған ауырлық центрінен арақабырға ұзындығының метріне 15-тен 40 кг-ға дейінді құрайтын сөрелер соңғысына кем дегенде екі нүктеде ауа қуысы бар құрылымға арналған пластмасса немесе металл дюбельдердің көмегімен бекітілуге тиіс (16-сурет). Мұндайда дюбельге түсетін максималды жүктеме 12 -кестеде көрсетілген шамадан аспауы тиіс. 5.2.32 Массасы арақабырға ұзындығының метріне 40-тан 70 кг-ға дейін болатын және қаптама бетінен ауырлық центрінің қашықтығы 30 см-нен аспайтын аспалы жабдық қаптама қабатының жалпы қалыңдығы 18 мм-нен кем емес арақабырғаларына бекітіледі. 5.2.33 Биіктігі 30 см-нен артық, арақабырғадағы екі не одан көп нүктеге қабырға ұзындығының метріне түсетін консольды жүктеме 0,4 кН /м-ге дейін және 0,7 кН/м -ге дейін болатын шақтама массаны, жабдықтың тереңдігі мен еніне қарай кесте бойынша анықтау керек (17-сурет). 5.2.34 Ауыр стационарлы аспалы жабдықты бекітуді (раковиналар, электр қалқандар, аспалы өрт шкафтары) жолақ немесе ПС пішінді салмалы бөлшектер түрінде оларды қаңқа тіреулеріне бекіту арқылы қарастыру керек. 5.2.35 Есік қораптары орнатылатын орындарда арақабырғалардың металл қаңқасының тіреулерін массасы 30 кг-ға дейінгі есіктерге арналған ағаш білеушелермен немесе массасы 30 кг-дан артық есіктерде қалыңдығы 2 мм-нен кем емес қосымша металл пішіндермен күшейту керек (19-сурет). 5.2.36 Қалыңдығы 12,5 мм ГКТ-дан (ГКЛО) жасалған арақабырғалардың отқа төзімділік шегі аралас табақтардың арасындағы МСТ 30247.1 бойынша құрылымды сынау негізінде алынған «Фугенфюллер» тығыздағышымен әрленген түйістермен бірге 13-кестеде келтірілді. Гипс-картонды табақтардан қаптамалары бар бұл арақабырғалар К0 (45) өрт қауіптілігі класына жатады. Арақабырғалардың қолдану саласы ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 талаптарын және ғимарат түрлеріне арналған нормативтік құжаттарды ескеріп анықталады.
1 - жиектеуіш элементтер; 2-қосымша тіреу
12- сурет - Диаметрі 60 мм-нен артық ауа бөлгіштерді (а), диаметрі 60 мм-нен кем технологиялық құбырларды (б), ауа бөлгіштерді (в) және сумен жабдықтайтын және жылыту (г) құбырларын орналастыру сұлбасы
1 - гильза; 2 - герметик; 3 - жанбайтын нығыздағыш; 4 - арақабырға; 5 - жиектеуіш пішін ПН немесе ПС; 6 - ГКТ бастырма; 7 - қаптама
13 - сурет - Гипс-картонды табақтардан жасалған арақабырғалардың құбырлармен түйіндесуінде гильзалар (а) мен қаптаманы (б) орнату сұлбасы
1 - тіреулік пішін; 2 - әрлейтін гипс-картонды панельдердің қаптамасы (ГПҚ); 3 - өзі оятын бұрама шеге; 4 - жайып салу
14 - сурет - Гипс - картонды түйістердің құрылымдық шешімі-ГПҚ - ны құрамалы-жиналмалы арақабырғаларда жайып салу арқылы қаңқаға бекіту
1 - гидрооқшаулау; 2 - өзі оятын бұрама шеге; 3 - ГКТ - дан қаптама; 4 - минералмақта тақта; 5 - пішін ПС; 6 - мырышталған табақ, d = 0,06 мм; 7 - плинтус (ернеулік)
15 - сурет - Арақабырғалардың қойма бөлмелерінің еденін жанасу торабының құрылымы
16 - сурет - Заттарды арақабырғалардың гипс - картонды қаптамасына анкерлердің (а, б), ілмектерді (в) және дюбельдерді (г) қолданып ілудің құрылымдық шешімі
Аспалы жабдықтың тереңдігі
17-сурет - Биіктігі 30 см-нен астам аспалы жабдықтың арақабырғаға 0,4 кН/м - ге дейін (а) және қабырға ұзындығының метріне 0,7 кН/м-ге дейін түсетін консольды жүктеме кезіндегі шақтама массасын анықтауға арналған графиктері
12 - к е с т е - Дюбельге түсетін максимальды жүктеме, кг
13 - к е с т е - Арақабырғалардың отқа төзімділік шегі
5.2.37 Арақабырғалардың құрылымдық шешімін дыбысоқшаулағыш қабілетіне қарай таңдағанда ҚНжЕ ІІ-12-77 талаптарына сәйкес 14-кесте деректерін басшылыққа алған жөн. 5.2.38 Арақабырғалардың құрылымының номенклатурасы 8-кестеде келтірілгенмен шектелмейді. Пайдалану жағдайы мен қойылатын талаптарға қарай түрлі қаптамалы гипс-картонды қабаттары бар өзге құрылымдар, пішіндері өзгеше орналасқан қаңқа пайдаланылуы мүмкін. Мұндайда олардың физика-техникалық сипаттамасы белгіленген тәртіппен анықталуға тиіс.
5.3 Қабырғаларды қаптау
5.3.1 Қабырғаларды гипс-картонды табақтармен және ГПҚ типті әрлеу панельдермен қаптаудың құрылымдық шешімі оларды қаңқаға (18-сурет) желіммен немесе өзі оятын бұрамашегемен бекіту қарастырылады. 5.3.2 Металл қаңқаны ПН 28/27 пішінінен ПП 60/27 пішіндерімен бір жинақтан жасау керек. 5.3.3 Қаңқаны қабырғадан шығыңқы етіп орнату керек. ПП 60/27 пішінді қаңқаны орнатылған қабырғаға тікелей түзу аспада бекіткен жөн (19-сурет). Қаңқа элементтерін қабырғаларға, төбеге және еденге қаптама периметрі бойымен бекітуді аралығы 1 м-нен аспайтындай етіп орналастырылған дюбельдермен қарастыру керек, ал қаңқа тіреулерін бекітуге түзу аспаларды пайдаланғанда олардың аралығы 1,5 м-нен аспауы тиіс (19-сурет). 5.3.4 Қаңқаны гипс-картонды табақтармен қаптау арақабырғалардың құрылымдары сияқты орындалады. 5.3.5 Гипс-картонды табақтар мен құрама панельдердің арасындағы түйістерді арақабырғалардың құрылымдар сияқты тығыздағыш құрамды пайдаланып шешу керек. 5.3.6 ГПҚ типті гипс-картонды әрлеу панельдерінің арасындағы түйістерді жазып салуды пайдалануды қарастыру керек. 5.3.7 Қабырғалардың гипс-картонды құрама панельдермен жылу оқшаулауды күшейте қаптауда желіммен істеген жөн (20-сурет). 5.3.8 Қабырғаларды гипс-картонды құрама панельдермен немесе гипс - картонды табақтармен қабырғаларды әр нақты жағдайда күшейтіп қаптаған кезде жылдық мерзімде пайдаланған қабырғада дымқылдың жиналуына жол бермейтін және орташа айлық температурасы теріс мерзім ішінде ылғалды шектеу шартына тексеру есебі жүргізілуі керек. 5.3.9 Мансардты жайлардың қабырғалар мен төбелерін гипс - картонды табақтармен әрлегенде ағаш білеушелерден немесе металл пішіндерден торламаны, ал қалыңдығы 24 мм массивті гипс - картонды табақтарды қолданғанда торламасыз қарастыру керек (21-сурет). Гипс - картонды табақтардың арасындағы түйістерді тығыздағыш құрамды пайдаланып орындаған жөн.
5.4 Коммуникациялық шахталар
5.4.1 Коммуникациялық шахталарды қоршаудың, сондай-ақ құбырлар өтетін жерлердің және т.с.с. құрылымдық шешімін қабырғаларды гипс - картонды табақтармен қаптап, әсіресе металл қаңқамен (22-сурет) орындаған жөн. 5.4.2 Жылу және оттан қорғау талаптарына қарай қаптама қалыңдығы 12,5 мм гипс - картонды табақтардан бір немесе екі қабат етіп немесе қалыңдығы 24 мм табақта қалыңдығы 30-дан 80 мм-ге дейін болатын минералмақталы жылу оқшаулағышты қолданатын етіп қарастырылуы мүмкін. 5.4.3 Коммуникациялық жүйеге баруды қамтамасыз ету үшін шахталардың қоршауларында ревизиялық люк қарастырылады (23-сурет), олардың құрылымдық шешімі жылу мен оттан қорғауды қоршаудан кем емес қамтамасыз етуі тиіс. 5.4.4 Коммуникациялық шахталар қоршауларының ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 регламенттелген отқа төзімділігі болуға тиіс. Қоршау құрылымының отқа төзімділігі МСТ 30247.1, бойынша, ал өткел құрылымында осы Жинақ ережелерінің 5.2.20 және 5.2.21-не сәйкес анықталады.
5.5 Аспалы төбелер
5.5.1 Гипс - картонды табақтардан жасалған аспалы төбелер декорациялық әрлеуге, электр өткізгіштер мен инженерлік жабдық желілерін жабуға, сондай-ақ дыбыс жұтуға, аражабындар мен жабындар құрылымдарының акустикасын жақсартуға және отқа төзімділігін арттыруға арналады. 5.5.2 Құрғақ және қалыпты ылғалды-температуралық режимдегі жайларда металл қаңқалармен бірге ылғалдылығы 12 %-дан (24, 25- суреттер) аспайтын антисептіленген, антиперириленген білеушелерден жасалған ағаш қаңқаны қолдануға болады. 5.5.3 Ылғалды режимнен пайдаланылатын жайлардың аспалы төбелерінде (ванна бөлмелері, сантораптар және т.с.с.), сондай-ақ аражабындар мен жабындар отқа төзімділігін арттыру үшін төбелерде мырышталған болат пішіндерден жасалған қаңқаларды пайдалану керек (26, 28, 30-суреттер). Аспалы төбелерді аражабындар мен жабындардың отқа төзімділік шегін арттыруға қолданғанда аражабын немесе жабынның отқа төзімділік шегін аспалы төбемен МСТ 30247.1-94 бойынша біртұтас құрылым ретінде, ал өрт қауіптілігі класын аражабын немесе жабын үшін және аспалы төбе үшін бөлек анықтаған жөн. Мұндайда сондай аспалы төбе бойынша өрт қауіптілігі класы қорғалатын құрылымға белгіленгеннен аспауы тиіс. 5.5.4 Аспалы төбенің отқа төзімділігін өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады. 5.5.5 Эвакуациялау (вестибюльдерде, баспалдақ торларында, лифті холдарында, ортақ дәліздерде, холдарда, фойелерде) жолдарында аспалы төбелерді ҚР ҚНжЕ 2.02-05.2002 сәйкес қолдану аспалы төбелерді толтырудың мынадай өрт қауіпсіздігі сипаттамасына қарай регламенттеледі: МСТ 30244 бойынша жанғыштық (Ж), тұтанғыштық (Т) - МСТ 30402, түтін түзу қабілеті (Т)- МСТ 12.1.044, жанғыш заттардың улылығы - МСТ 12.1.044. 5.5.6 Аспалы төбенің қаңқасын көбінесе екі осьті етіп пішіндерді бір (27- сурет) немесе екі (29-сурет) деңгейге орналастырып жобалаған жөн. Бір осьті қаңқаны төбенің шағын алаңшасында пайдаланған жөн. 5.5.7 Төбенің үстіндегі кеңістікте жанғыш элементтерді немесе материалдарды төсеуге болмайды. 5.5.8 Төбе үсті кеңістігін профилактикалық тексеру мүмкіндігін аспалы төбенің құрылымында пайдалану кезеңінде. 5.5.9 Қаңқаның ілмелері мен негізгі пішіндерінің немесе білеушелерінің аралығын тұтас төбелердің әр түрі үшін жүктеме класына қарай 15-кесте бойынша алу керек. Аспалы төбенің жүктеме класын график (31-сурет) бойынша анықтайды. 14 - к е с т е - Гипс-картонды табақтардан жасалған көпқабатты арақабырғалардың дыбысоқшаулағышының есептік сипаттамасы
15 - к е с т е - Қаңқаның ілмелері мен негізгі пішіндерінің (білеушелерінің) аспалы төбелердің түрлі құрылымдық сұлбаларының шақтама аралығы
1 - түзу ілме; 2 - тіреулік пішін; 3 - ГКТ бірқабат қаптама; 4 - ГКТ екіқабат қаптама; 5 - желім; 6-жайып салу; 7 - қаңқаның ағаш білеушесі; 8 - ГПҚ панелі; 9 - ПП 60/27 пішіні
18-сурет - Қабырғаларды гипс - картонды табақтармен (а) және декорациялық гипс-картонды панельдермен ГПҚ (б) қаптау сұлбасы
Тік кесінді Көлденең кесінді
1 - дюбель; 2 - ПНП және ПП пішіндерінен қаңқа; 3 - минералмақта тақта; 4 - түзу ілме; 5 - ГКТ қаптама; 6 - өзі оятын бұрама шеге; 7 - бұрыштық пішін; 8 - ПН және ПС пішіндерінен қаңқа
19-сурет - Қабырғалар қаптамалары тораптарының түзу ілмелердегі (а) және относта (б) қаңқа бойынша құрылымдық шешімі
1 - герметик; 2 - гипс - картонды құрамалы панель; 3 - «Фугенфюллер» желімі (тығыздағышы); 4 - жиектік таспа; 5 - еден; 6 - «Перлфикс» желімі; 7 - тығыздағыш
20-сурет - Қабырғаларды «Фугенфюллер» (а) және «Перлфикс» (б) желімімен (тығыздағыш) гипс - картонды құрамалы панельдермен терезе алдының қуысында (в) және қабырғаның ішкі бұрышында (г) қаптаудың құрылымдық шешімі
1 - ағаш білеушелерден торлама; 2 - итарқа аяғы; 3 - жылуұстағыш; 4 - бу оқшаулағыш; 5 - тығыздағыш; 6 - түзу ілме; 7 - гипс-картонды табақ; 8 - тіреулік білеуше; 9 - бағыттауыш білеуше; 10 - төбелік пішін; 11 - тіреулік пішін; 12 - бағыттауыш пішін
21 - сурет - Ағаш білеушелерден (а), металл пішіндерден (б) жасалған торламаның үстімен және торламасыз гипс-картонды табақтармен қаптағандағы мансардтың құрылымдық шешімдері
1 - дюбель; 2 - металл пішін; 3 - ГКТ-тан қаптама; 4 - нығыздағыш таспа немесе герметик; 5 - өзі оятын бұрама шеге; 6 - минералмақта тақта
22 - сурет - Күрделі қабырғалардың (а), арақабырғалардың (б) бойымен көлденеңінен және арақабырғалардың жанында тігінен (в) орналастырылған құбырларды гипс-картонды табақтардан жиектеудің құрылымдық шешімі
1 - тексеру клапанының қақпағы; 2 - тиек; 3 - қаңқаның металл пішіні; 4 - ойықтың жақтауы
23 - сурет - Өртке қарсы қорғанышы 30 мин (б) және 90 мин (в) болатын тексеру люгінің жалпы көрінісі (а) мен құрылымдық шешімі
1 - аражабынға тікелей бекітілген бір осьті қаңқамен немесе шағын относы бар түзу ілмелердің көмегімен; 2 - сол сияқты, екі осьті қаңқамен; 3 - екі осьті қаңқамен ілмелерде, үлкен относпен; а - ілмелердің арасындағы қашықтық; b - көтергіш білеушелердің арасындағы қашықтық; с - негізгі білеушелердің арасындағы қашықтық
24 - сурет - Ағаш қаңқалы аспалы төбенің құрылымдық сұлбасы
1 - бөлгіш таспа; 2 - қаңқаның білеушісі; 3 - анкерлік элемент; 4 - ГКТ-дан қаптама; 5 - білеуше; 6 - ілме; 7 - ГКТ-дан жолақ
25 - сурет - Аражабынды көтергіш құрылымдарға анкерлік элементтермен (б) және ілмелермен (в) бекітілген ағаш қаңқылы аспалы төбенің жалпы көрінісі (а) мен тораптары
а - ілмелердің арасындағы қашықтық; b - көтергіш пішіндердің арасындағы қашықтық; с- негізгі пішіндердің арасындағы қашықтық
26 - сурет - Екі деңгейі 60×27 мм пішінді металл қаңқалы екі осьті аспалы төбенің құрылымдық сұлбасы
1 - анкерлік элемент; 2 - жиектік қорғаныш бұрышы; 3 - бұрама шеге; 4 - қаңқаның төбелік пішіні; 5 - гипс негізді желім; 6 -қаптама; 7 - пішін 28/27; 8 - аражабын; 9 - қысқышы бар ілме; 10 - ГКТ; 11- түзу ілме
27 - сурет - Бір деңгейде 60×27 мм пішіннен металл қаңқасы бар аспалы төбе тораптарының құрылымы
1 - қысқышы бар ілмедегі екі осьті; 2 - түзу ілмедегі екі осьті; 3 - түзу ілмелердегі бір осьті; а - ілмелердің арасындағы қашықтық; b - көтергіш пішіндердің арасындағы қашықтық; с - негізгі пішіндердің арасындағы қашықтық
28 - сурет - Бір деңгейде бір осьті және екі осьті 60×27 мм төбелік пішіндерден металл қаңқасы бар аспалы төбенің құрылымдық шешімі
1 - ілме; 2 - төбелік пішін 60/27; 3 - бағыттауыш пішін 28/27; 4 - жиектік қорғаныш пішін; 5 - анкерлік элемент; 6 - бөлгіш таспа; 7 - ГКТ- дан сылақ (қаптама); 8 - бұрама шеге; 9 - ГКТ-дан жұқатақтайша ( планка); 10 - ГКТ екі табақ; 11 - екі деңгейлі қосқыш; 12 - ГКТ табақ; 13 - қабырға; 14 - аражабын
29 - сурет - Екі деңгейде екі осьті 60×27 мм пішіндерден металл қаңқасы бар аспалы төбе тораптарының құрылымы
1 - қаңқаның металл пішіндері; 2 - ілме; 3- ГКТ - дан төбелік элемент; 4 - жиектеуіш пішін; 5 - дюбель; а - ілмелердің ара қашықтығы; b - көтеруші пішіндердің ара қашықтығы; с - негізгі пішіндердің ара қашықтығы
30 - сурет - аспалы растрлы төбенің құрылымдық сұлбасы (а) мен тораптарында (б) отқа төзімділігі аспалы төбенің отқа төзімділігінен төмен емес бақылау қақпақшаларын қарастыру керек
31 - сурет - Аспалы төбенің жүктеме класын анықтауға арналған график
5.5.10 Қаңқаның көтеруші пішіндері мен білеушелерінің аралығын гипс - картонды табақтарды көлденең орналастырғанда 500 мм-ге және оларды қаңқаның көтеруші пішіндеріне немесе білеушелеріне салыстырмалы түрде бойлық орналастырғанда 400 мм-ге тең етіп алған жөн. 5.5.11 Аражабындар мен жабындардың отқа төзімділігін арттыру үшін төбелерде қимасы 60×27 мм төбелік металл пішіннен қаңқаларды қолданған жөн. График қосымша жүктемені (шырақтар, оқшаулағыш қабат және т.с.с.) есепке алмай келтірілді. Түзу графика қосымша жүктемені ескере отырып, жоғарыда қосымша жүктемеге тең шамамен қосылады. 5.5.12 Оттан қорғайтын жылу оқшаулағыш материал ретінде аспалы төбелерде бір немесе екі қабат етіп салынатын, қалыңдығы 40 мм-нен кем емес жанбайтын минералмақта немесе шыны мақта тақталарды пайдаланған жөн. 5.5.13 Гипс - картонды табақтарды аспалы төбелерде қаңқаның көтергіш пішіндеріне көлденең орналастыру керек (32- сурет). Оларды көтергіш пішіндерге қарай бойлық орналастыру соңғысының аралығын (пішіндердің үлкен санынан) азайтуды талап етеді. 5.5.14 Екі қабат қаптамада гипс - картонды табақтардың екінші қабатын аражабынның бірінші жігіне қарай жылжыта орналастырған жөн. 5.5.15 Бірқабат ГКТ қаптамада бұрама шегелердің аралығы 170 мм-нен аспауы тиіс және 500 мм - екі қабатта бір күнде салынған жағдайда екі қабат қаптаманың бірінші қабаты үшін (33- сурет). 5.5.16 Аспалы төбелердің қисық сызықты бетін, төбенің қабырғаларға сатылай жанасуын безендіретін жерлерді, шырақтарды орналастыратын түптерді жасауды зауытта дайындалған немесе құрылыс жағдайында жасалған арнайы гипс-картонды табақтарды қолданып атқарған жөн (34-сурет). 5.5.17 Беткі қабаттың барлық жіктерін шегендегіш таспаны қолданып орындаған жөн. Екі қабат қаптамадағы бірінші қабат жіктерін шегендегіш таспасыз тығыздауға болады.
5.6 Көтеруші құрылымдарды оттан қорғау
5.6.1 Көтеруші құрылымдарды гипс - картонды табақтармен оттан қорғау инженерлік-геологиялық құрылыс жағдайына қарамастан елдің кез келген аймағында, соның ішінде нормативтік талаптар сақталғанда сейсмикалық аудандарда тұрғызылған барлық отқа төзімділік дәрежесіндегі, құрылымдық және қызметтік өрт қауіптілігі класындағы тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарда қолданылады. 5.6.2 Көтеруші құрылымдарды гипс-картонды табақтармен оттан қорғауды жобалағанда ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 және Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын өзге құжаттардың талаптарын ескеру қажет. 5.6.3 Металл және ағаш көтеруші құрылымдарды (ұстындар мен арқалықтарды) оттан қорғайтын қаптама ретінде ГКЛО гипс-картонды табақтарын пайдаланған жөн. 5.6.4 Металл арқалықтарды қаптауды металл пішіндердің көмегімен немесе қалыңдығы түрліше гипс-картонды табақтардың жолақтарынан жасалған сыналарды пайдаланып құрылымның қажетті оттан қорғау шегіне орындау керек. 5.6.5 Металл пішіндерді қолданғанда оларды анкерлік элементтермен аражабынға және қысқыштар мен арқалықтың төменгі сөресіне, ал қаптаманың гипс-картонды табақтарын өзі оятын бұрама шегелермен металл пішіндерге бекіткен жөн. (35-сурет, а, б, в). Мұндайда қысқыштардың аралығы 120 мм-нен аспау керек. 5.6.6 Металл арқалықтарды қаптағанда ені 150 мм гипс - картонды табақтардан жасалған сыналарды қабырға бойымен 600 мм-ге дейінгі аралықта және арқалық сөрелерінің бойымен 750 мм-ге дейінгі аралықта орналастыру керек. Қаптаманың гипс-картонды табақтарын сыналарға және өзара бекіту үшін аралығын 50 мм етіп қапсырма шегелерді қолдану керек ( 35- сурет, г, д). 5.6.7 Ағаш тіреулер мен арқалықтардың оттан қорғайтын қаптамасын қалыңдығы қажетті отқа төзімділік дәрежесі мен қорғалатын құрылыс құрылымының өрт қауіптілік класына қарай гипс-картонды табақтардан жасаған жөн (36-сурет). 5.6.8 Металл ұстындардың оттан қорғайтын қаптамасын гипс - картонды табақтардан жасауды металл пішіндерді қолданып немесе оларсыз жүзеге асырылады ( 37- сурет). 5.6.9 Металл пішіндерді пайдаланғанда, оларды аралығы 1000 мм-ге дейін орналастырылатын қысқыштардың көмегімен ұстын сөрелеріне бекіту керек, ал қаптаманы (көмкермені) пішіндерге өзі оятын бұрама шегелермен бекіту керек.
32 - сурет - Гипс - картонды табақтарды аспалы төбелерде көтергіш пішіндерге көлденең (а), көтергіш пішіндердің бойымен (б) орналастыру және екі қабат қаптамада (в) табақтарды қосудың сұлбалары
33 - сурет - Аспалы төбелерде бір қабат (а) және екі қабат (б) қаптамада бекіту бұрама шегелерді орналастыру сұлбалары
1 - анкерлік элемент; 2 -ілме; 3 - төбелік пішін 60×27; 4 - бөлгіш таспа; 5 - қосқыш; 6 - шырақ; 7 - ГКТ -дан сынық элемент; 8 - ГКТ -дан қаптама; 9 - шлицті параллель кертпелері бар ГКТ қисық сызықты элемент; 10 - ГКТ -дан иілген элемент (t = 6,5); 11 - иілген төбелік металл пішін
34 - сурет - Сынық (а), қисық сызықты (б, в) және беті құрамалы (г) аспалы төбелердің құрылымдық шешімдері
1 - сына; 2 - металл пішін; 3 - өзі оятын бұрама шеге; 4 - ГКТ қаптама; 5 - анкерлік элемент; 6 - болат беларқа (ригель); 7 - аражабын; 8 - қысқыш; 9 - қапсырма шеге
35 - сурет - Болат арқалықтарды гипс-картонды табақтармен оттан қорғаудың құрылымдық шешімі: а - металл пішіндермен және жалғыз ГКТ қаптамамен; б - сол сияқты, екі қабат ГКТ қаптамамен; в - металл пішіндермен және ГКТ сыналармен; г - ГКТ сыналармен және бір қабат қаптамамен; д - сол сияқты, екі қабат қаптамамен
1 - арқалық; 2 - ГКЛО қаптама; 3 - ұстын; 4 - қапсырма шегелері; 5 - бөлгіш таспа; 6 - бұрыштық қорғаныш қаптама
36-сурет - Ұстындар (б) мен ағаш арқалықтардың (в) оттан қорғаудың жалпы көрінісі (в) мен құрылымдық шешімі
1 - бұрыштық қорғаныш пішін; 2 - өзі оятын бұрама шеге; 3 - қысқыш; 4 - болат ұстын; 5 - төбелік пішін; 6 - ГКЛО қаптама; 7 - қапсырма шеге
37 - сурет - Болат ұстындарды гипс - картонды табақтармен қорғаудың құрылымдық шешімі: а - металл пішіндермен және жалғыз ГКЛО қаптамасымен; б - сол сияқты, екі қабатты ГКЛО қаптамасымен; в - қапсырма шегелерден жалғыз ГКЛО қаптамамен; г - сол сияқты, екі қабатты ГКЛО қаптамамен
5.6.10 Ұстындарды металл пішіндерді қолданбай қаптағанда, гипс-картонды табақтарды өзара аралығы 100 мм-ге дейін етіп орнатылатын болат қапсырма шегелермен бекітеді. 5.6.11 Металл ұстындар мен арқалықтардың қажетті отқа төзімділік шегіне жету үшін қаптаманың қалыңдығы 17-кесте бойынша 16-кестедегі деректерге сәйкес анықталған Р/F немесе 100/d қатынасына қарай алуға болады. 5.6.12 Гипс - картонды табақтан жасалатын оттан қорғайтын қаптаманың қажетті қалыңдығы болаттың келтірілген қалыңдығына қарай график бойынша (38-сурет) анықталады.
онда F - қима ауданы, мм2; Р - қима периметрінің жылытылатын бөлігі, мм.
6 ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ГИПС - КАРТОНДЫ ТАБАҚТАР ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ОРНАТУ ТӘСІЛДЕРІ
6.1 Материалдар мен бұйымдарды тасымалдау және сақтау
6.1.1 Металл жұқа қабырғалы пішіндер құрылыс объектілеріне таспамен буылған пакеттермен, механикалық бүлінуден қорғау жағдайына қарай кез келген көлік түрімен жеткізілуге тиіс. 6.1.2 Пішін салынған пакеттер қаңқаның астында сақталуы тиіс. 6.1.3 Пішіндерді жеткізуші тұтынушы тасымалдау мен сақтау шартын сақтағанда, олардың нормативтік құжаттарға сәйкестігіне кепілдік беруге тиіс. Сақталу мерзімі жасалған күннен бастап 12 ай. 6.1.4 ГКТ-ды тасымалдау пакеттелген түрде табақтардың ылғалданушы, ластанушы және механикалық бүлінуін болдырмайтын жағдайда орталықтан атқарылады. Пакеттердің габариті ұзындығы бойынша 4100 мм-нен, ені бойынша 1300 мм-нен биіктігі бойынша 800 мм-нен аспауы тиіс; пакеттің массасы 3000 кг-дан аспауы тиіс. 6.1.5 Тасымалдау кезінде ГКТ көлденең қалыпта болуға тиіс, пакеттер төсемге немесе табандыққа төселуге тиіс. 6.1.6 ГКТ-дың ылғалдануы мен ластануын болдырмау үшін суға төзімді материалдарды (буылған қағазды, полиэтилен үлдірі) пачка (бір пачкада 50-80 табақ) етіп буу керек. 6.1.7 ГКТ-ды қоршаған ауа температурасы +5 ºС-тан кем емес құрғақ жабық жайда, жылыту құралдарынан 1,6 м қашықтықта сақтау керек. Пакеттерді биіктігі 3,5 м-ден аспайтын штабельдерге бір біріне қоюға болады. 6.1.8 Құрылыс алаңында су өткізбейтін қағаз немесе үлдірге (температура 0 0С-тан төмен болмағанда) оралған ГКТ-ды аз-кем уақыт (6 с-тан аспайтын) сақтауға болады.
16- кесте - Оттан қорғау түрлі сұлбаларға арналған Р/F немесе 100/d функциялары
17 - кесте Ұстындар мен арқалықтарға арналған оттан қорғаушы қаптамалардың қажетті қалындығы*
*Кестеде келтірілген деректер және график бойынша алынғандар (38-сурет) бағалау болып табылады Құрылымның отқа төзімділік шегінің нақты мәнін алу үшін әр нақты жағдайда МСТ 30247.1-94 бойынша сынақ жүргізу қажет
38 - сурет - Болат құрылымның отқа төзімділік шегінің ГКТ қабатының санына және келтірілген t болат қалыңдығына тәуелділігі
6.1.9 Дыбыс оқшаулағыш материалдарды, егер олар ылғалдан сақталса, онда көліктің кез келген түрімен тасуға болады. 6.1.10 Дыбыс оқшаулағыш материалдарды сақтау жабық қоймаларда немесе қалқа астында ораулы күйде ылғалдан сақталатын жағдайда жүргізілуге тиіс. 6.1.11 Бұрама шегелер жапсырмалармен жабдықталған жәшіктерге немесе қораптарға салынған күйде көліктің кез келген түрімен тасыла береді. 6.1.12 Бұрама шегелерді қалқаның астында сақтау керек. 6.1.13 Бұрама шегелер үшін кепілдік мерзімі - олардың тұтынуға түскен күнінен бастап 18 ай.
6.2 Дайындық жұмыстары
6.2.1 Гипс - картонды табақтарды пішкенде оларды кесуді ГКТ-ға арналған пышақпен тегіс бетте жүргізеді, онда картон және гипс өзегінің бір бөлігін кеседі (39-сурет). Ені 120 мм-ге дейін жолақ кесу үшін ГКТ-ға кіші ГКТ-ға арналған кескін, ал ені 630 мм-ге дейін жолаққа үлкен ГКТ-ға арналған кескіш пайдалануы мүмкін. 6.2.2 Кесілген табақты үстелдің шетіне төсеп, кесілген өзекті сындырады, сонан соң ГКТ-ға арналған пышақпен картонды табақтың келесі жағына қарай кеседі. 6.2.3 Кесілген жиекті сындырып алмай, сыдырғыш сүргімен тегіс етіп өңдейді. 6.2.4 Егер кесілген жиектер жік қалдырса, онда олардан фасканы, (қиын жиекті) тығыздауға мүмкіндік болу үшін, жиектік сүргінің көмегімен алу керек. Жіктер неғұрлым елеусіз болу үшін, өзекті жалаңаштамай, шегендеуіш таспа салынған жердегі жиектің бойымен картонды алып тастау керек (39-сурет, а, б). 6.2.5 Гипс - картонды табақтардағы дөңгелек тесіктерді арнайы фрезбен салу керек. Электр розеткасы астының дөңгелек тесігі үшін диаметрі 60, 67, 74, 72, 80 және 95 мм фрездерді пайдаланған жөн. 6.2.6 Фигуралы тесікті тескіш құралмен немесе тескіш арамен салу керек. 6.2.7 Иілген пішін дайындауда ені 600 мм-нен аспайтын гипс-картонды табақтарды пайдалану керек. Мұндайда гипс-картонды табақ ұзындығына қарай иілуге тиіс. 6.2.8 Табаққа иілген пішін беру үшін шаблонды пайдалану керек, оның бүйірі сол иілген радиус бойынша кесілген гипс-картонды табақтардан жасалуы мүмкін. Мұндайда шаблонның радиусы пішінделетін беттің радиусынан сәл кішірек болуы тиіс. Бүйірлері ағаш білеушелерге бұрамамен қосылады, оған гипс-картон табақтан кесілген кергіштер бекітілген. Мұндайда шаблонның (қалыптың) ені иілген табақтың енінен бірнеше рет кіші болуға тиіс (40-сурет). 6.2.9 Инелі білікшемен (валик) (40-сурет, в) табақтың сығылатын жағына қарай домалатады, оның сырт жағы дөңес пішінді, ал бет жағы ойыс болады. 6.2.10 Жоғары қаратып қағылған табақты, табақты дымқылдаған кезде екінші жағына су тигізбес үшін ара төсемге төсейді, әйтпесе ол майысқан кезде картонды жарып жібереді.
1-кесу; 2- сындыру; 3- ГКТ -дың келесі жағында картонды кесу; 4- кесілген жиекті сүргімен өңдеу; 5- кесілген жиекті тығыздауға шегендегіш таспамен бірге дайындау
39 - сурет - Гипс - картонды табақтарды дайындау
1 - ГКТ-дан қабырғалар; 2 - білеушелер; 3 - ПН пішін; 4 - бұрама шегелер; 5 - иілгіш гипс -картонды табақ
40-сурет - Шаблонның құрылымы (а), ГКТ-ты июдің сұлбасы (б) және инелі білікшенің жалпы көрінісі (в)
6.2.11 Губканың немесе кистінің (жаққыштың) көмегімен дайындаманы гипс өзегі толық қаныққанға дейін, судың сіңуі тоқтағанша сулау керек. 6.2.12 Дайындаманы шаблонға оның ортасы шаблонның осіне дәл келетіндей етіп орнатады және дайындаманы шаблон үстімен еппен иіп, соңынан оның ұштарын ПН немесе ПС металл пішіндерінің кесінділерінен жасалған қысқыштармен бекітеді. 6.2.13 Дайындаманың иілісін желімдегіш таспамен бекітеді, оны шаблоннан алып, кептіруге арналған тіркелген қалыпта бекітеді. 6.2.14 Сынық пішінді жасағанда гипс - картонды табақтағы У-тәрізді кертпені картонның сыртқы немесе беткі қабатын бүтін күиінде қалдыруға мүмкіндік беретін, сонымен табақтың сынуын, бөлшектің жалпы тұтастығын қамтамасыз ететін тиісті пішінді жонғышпен жарақтандырылған арнайы жабдықтың көмегімен жонғылайды.
6.3 Қаңқалы - қаптамалы арақабырғаларды жинақтау
6.3.1 Арақабырғаларды жинақтау, электржинақтау, санитарлық - техникалық желдету, сонымен қатар еденде құбырды тармақтау жұмыстарын жүргізгенге дейінгі әрлеу жұмыстары кезінде орындалуға тиіс. Мұндайда ылғалды процестермен және еденнің астын дайындаумен байланысты әрлеу жұмыстары аяқталуға тиіс. 6.3.2 Арақабырғаларды жинақтау таза еденді салғанға дейін істелуі тиіс. 6.3.3 Жобаға сәйкес арақабырғаларды белгілеу қажет, ол үшін белгі соққыш жіппен арақабырға қалпының барлық қалыңдығына салынады. (41- сурет). Сонан соң магнитті тіктегіштің көмегімен арақабырғаның қалпын төбеге көшіреді. Еденде гипс - картонды табақтардың тіректерін, қалыңдығы мен типін, сондай-ақ есік ойықтарын арнайы трафареттер және бояу пульверизаторлардың көмегімен белгілеу керек. 6.3.4 Қабырғаларға немесе бір-біріне (қосарлы қаңқа болғанда) жанасатын бағытауыш пішін ПН және тіреулік пішіндерге тығыздағыш (41-сурет, б) таспа жапсырады. 6.3.5 Белгілерге сәйкес бағыттауыштар орнатып, оларды еден мен төбеге дюбельдермен бекітеді, олардың ұзындығы 35 мм-нен кем болмауға тиіс, содан кейін қабырғаларға шеткі жағынан тіреулік пішіндерді орнатып, оларды дюбельдермен бекітеді. Арақабырғалардың кескіні қисық сызықты болғанда, бағыттауыш пішіндерді орнату алдында металл кескіш қайшымен ПН пішіндерінің сыртқы сөрелері мен арқалықтарынан ішкі сөрелеріне дейін параллель тіліктер салады. 6.3.6 Тіреулік пішіндерді қажетті аралықта тіктегішпен орнатып, оларды (егер керек болса) бағыттауышта просекательдердің көмегімен немесе бұрама шегелермен бекітеді. Мұндайда тіреудің биіктігі жайдың биіктігінен 10 мм-ге кем болуға тиіс, биіктігі бойынша түйісетін пішіндер өзі оятын бұрамашегелермен қосылуы тиіс олар айқас жабынның әр жағына үштен кем емес етіп алынады. 6.3.7 Есік қораптары арақабырғалардың қаңқасын жинақтаумен бір мезгілде орнатылуға тиіс, ол үшін есік қорабымен тіреуіштің тірек пішіндерін, ойық үстіндегі маңдайшаларды және аралық тіреулерді құрастырады. Мұндайда массасы 35 кг-ға дейінгі есіктердің астындағы тіреуіш тіреулерді ағаш білеуше сыналармен немесе сол пішіннен алынған негізгі сынамен қосылған қосымша пішінмен бекітеді. 6.3.8 Қаңқаны орнатқан соң электротехникалық және әлсіз токты өткізгіштерді, сондай-ақ санитарлық- техникалық құбырлардың жинақтауын істеу керек. 6.3.9 Тіреулердің бойында, олардың ішінде қаңқаның кесілген пішіндерінің өткір шетімен немесе гипс-картонды табақтарды бұрама шегелермен бекіту кезінде бүлдіріп алмас үшін электр өткізгіштерді орналстыруға рұқсат етілмейді. 6.3.10 Электр және әлсіз токты қораптар орналастырылған жерлерде арақабырға мен қаптама арасындағы қуысқа өлшемі 600х600 мм гипс-картонды табақтан экран орнатып, оны қанқаның көлденең элементіне бұрамашегемен бекітеді. 6.3.11 Қажеттілігіне қарай салмалы бөлшектерді, металл траверстерді және арақабырғалардың массасы 150 кг-ға дейінгі стационарлы жабдығының қаңқасының жақтауларын қаңқа тіреулеріне бұрамамен бекітіп орнатады. 6.3.12 Гипс-картонды табақтарды жинақтау алдында өзге материалдардан жасалған төбе мен қабырғаның бетіне олардың жиектерінің жаласқан жерлеріне бөлгіш таспа жапсырылуы тиіс (10-сурет, б). 6.3.13 Гипс-картонды табақтардан қаптама орнатуды алдымен бір жағынан жүргізіп, содан соң дыбыс оқшаулағыш материалдарды бекітеді, содан кейін арақабырғаның екінші жағын қаптайды. Гипс-картонды табақтарды жинақтау қаңқаның тіреулік пішіні қабырғасына қарай жүргізілуге тиіс (41-сурет, и). Екі қабат қаптамада екінші қабатты дәл сол күні орнату керек, ол бірінші қабаттағы еебұрама шегелердің аралағын 750 мм-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 6.3.14 Жинақтау кезінде гипс-картонды табақтарды бір-біріне және төбеге тығыз етіп жақындатады, қаңқаға өзі оятын бұрама шегелермен бекітеді, оларды орнатуды гипс-картонды табақтың бұрышынан екі өзара перпендикуляр бағытта немесе оның ортасынан шетіне қарай жүргізу керек. Өзі оятын бұрама шегелерді қапталған картон жиегінің шетінен кем дегенде 10 мм кейін және қапталмаған жиектің шетінен кем дегенде 15 мм етіп орнату керек. Қаптама гипс-картонды табақтарының еденге жабысқан жерлеріндегі табақ жиегі мен еден бетінің арасында артынан герметикпен бітелетіндей өтіп 10-20 мм сақылау қалдыру керек. 6.3.15 Өзі оятын бұрама шегелер гипс-картонды табаққа тік бұрышпен еніп, сөре пішініне кем дегенде 10 мм тереңдікпен кіруі тиіс, ал бұраманың бастары гипс-картонды табақтың бетіне шамамен 1 мм етіп батырылуы тиіс, одан соң ол орындар тығыздалады. Деформацияланған немесе қате орнатылған бұрама шегелер алынып тасталып, жаңаларымен алмастырылуы, алдыңғылардан 50 мм қашықтықта орналастырылуы тиіс. 6.3.16 Дыбыс оқшаулағыш материалдарды қаңқа тіреулерінің арасына орнатады және сыналардың көмегімен бекітеді, содан соң жинақтауды және 6.3.14 пен 6.3.15-ке сәйкес қаптамаларды екінші жағынан гипс-картонды табақтардан қаптама бекітуді жүргізеді. 6.3.17 Арақабырғалардың сыртқы бұрыштарында оларды механикалық бүлінуден қорғау үшін перфорацияланған бұрыштың металл пішіндерді, оларды алдын ала жағылған тығыздағыш қабатқа қысып орнатады (42-сурет, в) Еңбек өнімділігін арттыру үшін бұрыштарды тығыздағышты алдын ала жақпай-ақ арнайы құрал-жабдықтың көмегімен механикалық бекітуді қолдану керек. 6.3.18 Гипс-картонды табақтардың арасындағы жіктерді өңдеу жайдағы температура тұрақты және ауа ылғалды, пайдалану режиміне сәйкес боғанда жүргізіледі. Мұндайда жайдағы ауа температурасы 10 С˚-тан кем болмауға тиіс. 6.3.19 Гипс-картонды табақтардың ЖЖ типті жіңішкертілген жиектерінде пайда болған түйістерге қалақшамен тығыздағышты (шпаклевка) жағып, жағылған массаны тегістеп, артығын алып, содан соң бірден шегендегіш таспаны төсейді, оны тығыздағыш қабатқа тығыз етіп қысып, жұқа тығыздағыш қабатпен жабады. Шегенделген қабат кепкен соң жалпақ қалақшамен (200-300 мм) тығыздағыштың тегістегіш жамылғы қабатын жағады (42-сурет, а). Екі қабат қаптамадағы бірінші қабаттың жіктерін бітеуді шегендегіш таспасыз жүргізуге болады. 6.3.20 Гипс-картонды табақтардың ПЛУК типті жіңішкертілген жиектерінде пайда болған түйістерге қалақшамен алдымен бір қабат тығыздағышты жағып, кепкеннен соң оны тегістегіш қабатпен жабады. Жегендегіш таспасыз ПЛУК жиектері бар табақтардың арасында жіктер қалыптасқанда «Унифлот» тығыздағышын пайдаланған жөн. 6.3.21 Екі жағдайда да бірінші және екінші қабаттың тығыздағыш массасы шөгуге, жіктен шығып кетуге тиіс емес. 6.3.22 Фаскалы кесілген жиектерде пайда болған түйістерді 6.3.19 нұсқаулыққа сәйкес тығыздайды. 6.3.23 Шығыңқы жіктерді орындау қажеттілігіне қарай оларға кеңірек қабатпен тығыздағыш жағады, жіктің бетін гипс-картонды табақтың бетімен тегістейді. Беттің сапасын арттыру үшін оны толығымен «Финиш-паста» немесе «Борд-финиш» тығыздағышының жұқа қабатымен жабады. 6.3.24 Ішкі бұрыштарды 6.3.19 нұсқаулыққа сәйкес берілген бұрыш асымен иілген, шегендегіш таспаны қолданып тығыздау керек. 6.3.25 Коммуникациялық шахталар, құбырлар және т.с.с. қоршауларын орнату арақабырғалардың құрылымы сияқты гипс-картонды табақтардан жасалады.
6.4 Қабырғалардың қаптамасын орнату
6.4.1 Қабырғаларды гипс-картонды табақтармен қаптау жұмысы интерьерлерді әрлеудің индустриалды әдістері жөніндегі қолданыстағы нормативті құжаттарды ескеріп атқарылуы тиіс. Қабырғалардың қаптамаларын орнату жұмыстарының құрамы олардың бетінің жағдайына байланысты болады және гипс-картонды табақтарды және гипс-картонды панельдерді қаңқаға желіммен немесе бұрама шегелермен бекіту арқылы іске асырылады, ал гипс-каронды құрамалы панельдерді (ГҚП) желімімен. 6.4.2 Қаптамаларды желіммен бекіткенде желім алатын жалпы аудан гипс-картонды табақтың гипс-картонды табақтар ауданының кем дегенде 30%-ын құрауы тиіс. 6.4.3 Гипс-картонды табақтар мен гипс-картонды құрамалы панельдерді желіммен бекіткен кезде қабырғалардың беті шаң мен балшықтан тазартылуы және қабырғаларды орнату қармағышпен табақтардың орнатылатын жерлері белгіленіп жүргізілуі тиіс. 6.4.4 Қабырғалардың беті тегіс болғанда гипс-картонды табақтар мен панельдерге «Фюгенфюллер» желімін (тығыздағышын) тісті қалақшамен тұтас бойлық жолақ етіп және периметр (43-сурет, а) бойынша жағады. 6.4.5 Қабырғалар тегіс болмаса 20 мм-ге дейін гипскартонды табақтарды маяк бойынша «Перлфикс»желіммен орнатады, оны жапсырмамен табақтар немесе панельдер бойымен аралығын 35 см етіп және периметр бойынша минималды интервалмен жағады. Мұндайда тірек маяктарды қабырғалардың бетінде тік қатармен қатарлардың арақашықтығын 600 мм 3-4 марка бойынша қатарда бір панельге 4-6 дана блатындай етіп орналастырады (43-сурет, б). 6.4.6 Қабырғалардың тегіс еместігі 20 мм-нен артық болса, оның бетіне «Перлфикс» желімімен гипс-картонды табақтан екі 10 см жолақтарды жапсырады. Гипс-картонды табақтардан жасалған жасақтар қаптама табақтарының периметрімен бағытталуы тиіс (43-сурет, в). Қаптама табақтарының бетіне «Фюгенфюллер» желімі (тығыздағышты) 6.4.4 нұсқаулыққа сәйкес жағылады. 6.4.7 Гипс-картонды табақтар мен панельдерді орнатуды бөлменің бұрышынан, оларды барлық жазықтықта қабырғаға қысып және жіктердің тік болуын сақтап бастайды. Қаптама бетінің тігімен тегісін тіктегіш пен 2 метрлік рейканың (тақтайша) көмегімен бақылайды. 6.4.8 Еден қаптамасы мен төбенің арасындағы саңылауларды созымтал материал жолақтарымен бітеп, герметикалайды. 6.4.9 ПН және ПС пішіндерден жасалған қанқаға гипс-картондарды табақтардан қаптама салу арақабырғалардың құрылымдары сияқты атқарылады. Қимасы Л-тәрізді қаптамалық пішіндер мен панельдерді немесе ағаш білеушелерді қолданғанда, оларды дюбельдермен қабырғаларға аралығын панельдің еніне тең етіп бекітеді, және гипс-картонды табақтарды орнатып, өзі оятын бұрамашегелермен қаңқаға кем дегенде 10 мм, ал ағаштысына кем дегенде 20 мм тереңдікпен кіруге тиіс (43-сурет, г). 6.4.10 Қаптама табақтары немесе панельдер арасындағы түйістерді бітеу барлық жағдайда гипс-картонды табақтардан тұратын қабырғалардың құрылымдары сияқты тығыздағыш құрамды пайдаланып атқарылады. 6.4.11 Қабырғалардың қаптамасын әрлейтін гипс-картонды панельдерден орнатуды гипс-картонды табақтарға сияқты 6.4.4-6.4.6 нұсқаулықтарға сәйкес атқарылады немесе қаңқаға (18-сурет, б). 6.4.12 Жинақтау барысында әрлейтін гипс-картонды ПВХ, алюминий және т.б. раскладка жіктеріне орнатады.
6.5 Шахталар қоршауларын орнату тәсілдері
6.5.1 Коммуникациялық шахталарды қоршаудың құрылымдық шешімі қаңқа құрылысына, оны гипс-картонды табақтармен қаптауға негізделетініне байланысты, оларды орнату қаптаманы жинақтаудағы сияқты операциялардан тұрады: - шахта қоршауының едендегі, қабырғадағы, төбедегі қалпын белгілеу; - қаңқа элементтерін еденге, қабырғаға төбеге орнату және бекіту; - қаңқаны гипс-картонды табақтармен қаптау және оларды бұрама шегелермен бекіту; - қаптама табақтарының арасындағы түйістерді бітеу; - тексеру қақпағын орнату (қажеттілігінше); - қаптаманың бетін әрлеу.
1 - ПН-пішін; 2 - ПС-пішін; 3 - үсті кесілген ПН-пішін; 4 - дюбель; 5 - тіреуіш бағандар; 6 - сына; 7 - ағаш білеуіш; 8 - ойық үстіндегі көлденең элемент; 9 - қосымша ПС- пішін
41 - сурет — Арақабырғалардың едендегі орнын белгілеу (а), тығыздағыш таспаны қапсыру (б), ПН және ПС пішіндерін бекіту (в), арақабырғаның қисық сызықты бөлігі үшін ПН кесімен пішінін бекіту (г), қаңқаны жинақтау (д), есіктің ойығында (е) қосымша қаңқаны орнату, тіреуіш бағандарды күшейту (ж), ГКТ-ды бекітетін бұрама шегелерді орналастыру сұлбасы (з) және ГКТ-ды орнату бағыты (и)
1 - тығыздағышты жағу; 2 - шегендегіш таспаны төсеу; 3 - тығыздағышпен тегістегіш жамылғы қабатты салу; 4 - жіктерді әрлеу
42 - сурет - (УК) бойлық жіңішкертілген жіктердің түйістерін (а), шетжақ (кесілген) жиектердің (б) түйісін бітеу мен сыртқы бұрышты (в) бітеу операцияларының жүйесі
1 - қаптама; 2 - «Фюгенфюллер» желімі (тығыздағышы); 3 - ПН-пішін; 4 - ПС-пішін; 5 - «Перлфикс» желімі; 6 - кронштейн; 7 - герметик; 8 - дюбель; 9 - қабырға; 10 - маяктар; 11 - қимасы 1-тәрізді пішін
43 - сурет- Қаптаманы қабырғаның тегіс бетіне (а), маяктарға (б), ГКТ жолақтарға (в), ПН және ПС пішіндерден жасалған қаңқаларға (г) және ПП-1 (д) пішіннен жасалған қанқаға орнату керек 6.6 Аспалы төбелерді жинақтау
6.6.1 Аспалы төбелерді жинақтғанға дейін бөлмеде сырлау мен қабырғаларға тұсқағаз жапсырудан басқа 3.3 ҚНжЕ 3.04.01-87 көрсетілген құрылыс-жинақтау және арнайы жұмыстар, соның ішінде әрлеу, сондай-ақ инженерлік коммуникацияларды төсеу аяқталуға тиіс. Төбелерді жинақтау және әрлеу жұмыстары қолданыстағы нормативтік құжаттар нұсқаулықтарын ескеріп атқарылуы тиіс. 6.6.2 Аспалы төбелерді орнатқанда бөлмелердегі ауаның салыстырмалы ылғалдығы мен температурасы пайдалану шарттарына сәйкес болуға тиіс. Ылғалдылық 70 %-дан аспауы, ал температура агрессивті орта болмағанда +10 С-тан кем болмауға тиіс. 6.6.3 Қаңқа элементтерін жинақтау алдында нивелир және белгі соққыш жіптің немесе арнайы лазерлік құрылғының көмегімен аспалы төбенің деңгейін, негізгі пішіндерді немесе қаңқа білеушелерін бекітетін орындауды, сондай-ақ ілмелерді бекіту орындарын белгілеу жүргізілуі тиіс. Пішіндер мен білеушелердің аралығындағы қашықтық жобалық шешімге сәйкес келуі және осы Ережелер жиынтығының 15 және 5.5.10 кестелерінде көрсетілгендерден аспауы тиіс. 6.6.4 Негізгі төбеге бұрама шегелердің (ағаш аражабын немесе жабын болғанда) немесе анкерлік элементтердің (темірбетон аражабын немесе жабын болғанда) көмегімен аспалар бекітіліп, содан соң оларға қаңқаның негізгі металл профильдері мен білеушелері бекітіледі. 6.6.5 Негізгі пішіндерді немесе білеушелерді бір жазықтықта реттелетін аспалардың көмегімен деңгейі бойынша тегістеген соң оларға көтергіш металл пішіндер мен білеушелер бекітілуі тиіс. 6.6.6 Жинақтаған қаңқаға тірекшелердің немесе телескопиялық көтергіштің көмегімен гипс-картонды табақтарды жобалық қалыпта орнатады, оларды 6.3.14 ұсынымдарға сәйкес бұрамашегелермен қаңқаға бекітеді. Бұрамашегелердің аралығын осы Ережелер жиынтығының 5.5.15 нұсқауларға сәйкес етіп алады. 6.6.7 Екі қабат қаптама болғанда екінші қабаттың гипс-картонды табақтардың арасындағы жіктерді біріншімен қосады. Қаптаманың гипс-картонды табақтарын көтергіш пішіндерге перпендикуляр етіп (көлденең орналастыру) орналастырады. 6.6.8 Қисықтық радиусы 100-400 мм кезкелген пішінді төбенің қисық сызықты беті үшін кертігі П-тәрізді гипс-картонды табақтарды пайдаланған жөн, олар сырт жағына орналасуы тиіс. Мұндай элементті дайындау кезінде оған тиісті конфигурация беру мақсатында қалыпта бекітеді, содан соң кертіктерді тазалап, «Унифлот» тығыздағышымен 2 рет тығыздап, кептіреді. 6.6.9 Мұндай элементті орнатқан және бекіткен соң бет жағы «Борд-Финиш» немесе «Финиш-паста» тығыздағышымен өңделеді.
6.7 Көтеруші құрылымдардың оттан қорғанышын орнату тәсілдері
6.7.1 Көтеруші құрылымдардың оттан қорғайтын қаптамасын орнату әрлеу жұмысы кезінде (қысқы уақытта жылыту қосылған кезде) жүзеге асырған жөн. 6.7.2 Қорғалатын барлық металл құрылымдар алдын ала тоттан, балшықтан, майдан, май дағынан тазартылуы және ҚНжЕ 2.03.11-85 талаптарына сәйкес тоттануға қарсы құраммен жабылуы тиіс. 6.7.3 Оттан қорғайтын қаптаманы орнатуды ертерек дайындалған ірілендірілген элементтерге қаптаманың гипс-картонды табақтар бұрама шегелермен, гипс-картонды табақтардан тұратын тігінділер жолақтары немесе қысқыштар бекітілген металл пішіндермен бірге істеген дұрыс. 6.7.4 Жинақтау процесінде оттан қорғайтын қаптаманың ірілендірілген элементтерін өзі оятын бұрама шегелермен немесе металл қапсырма шегелермен өзара қосады, ал бұрыштарға ПУ металл пішінін орнатып, арақабырғаның орнатылуға сияқты тығыздағышпен жабады. 6.7.5 Ағаш тіреулер мен арқалықтарды оттан қорғау кезінде гипс-картонды табақтардан тұратын оттан қорғаушы қаптамаларды бұрама шегелермен тікелей ағаш құрылымға немесе қаптама табақтарының түйіскен жерлерінде аралығы 50 мм етіп орнатылған қапсырма шегелермен бекітеді.
6.8 Гипс-картонды табақтардан жасалған арақабырғалардың және аспалы төбелердің бетін әрлеу
6.8.1 Гипс-картонды табақтардан қоршау құрылымдардың бетін әрлеуді бастағанға дейін құрылыс-жинақтау жұмыстары, оның ішінде дымқыл процестермен (сылақ, цемент төсемді салу және т.с.с.) байланысты әрлеу аяқталуы тиіс. 6.8.2 Бөлмедегі температуралық-ылғалдылық режим әрлеу жұмыстарын жүргізген кезде 3.1 ҚНжЕ 3.04.01-87 талаптарына сәйкес болуға тиіс. 6.8.3 Тығыздаған соң бетті тегістеп өңдеу және шаңын кетіру қажет. 6.8.4 Ылғалдың сіңірілуін картонмен және тығыздағышпен нормалау мақсатында қаптаманың беті СП «ТИГИ КНАУФ» ААҚ «Тифенгрунд» фирмасының астарымен өңделуі тиіс, оны тек жаққышпен немесе арнайы щеткамен жағады. Оны білікшемен немесе бояғыш пультпен жағуға рұқсат етілмейді. 6.8.5 Бетте онда дақтардың және т.с.с. болуынан пайда болған реңдерді аралық сырлаудан кейін, қаптама бетін бояумен түпкілікті сырлау жүргізіледі, оған майлы, су эмульсиялы, шайырлы, полиуретанды, эпоксидті, құрамында пластификатор-полимерлер және т.б. бар сырлау құрылымдарын пайдаланған жөн. Осы мақсаттарға кремний негізді бояуды пайдаланбаған және ақтамаған жөн. 6.8.6 Әрлеу сапасына жоғарғы талап қойылған кезде қаптаманың бетін «Финиш-Паста» немесе «Борд-Финиш» тығыздағыштарының көмегімен толық дайындауды орындау керек. Мұндайда бояу үшін бояу құрамы жағылатын беттің бәрі өңделуі тиіс. 6.8.7 ГКТ қаптама беті тұсқағазбен әрлеу кезінде алдын ала щеткамен немесе жаққышпен жағылатын астармен өңделуі тиіс. Тұсқағазды жапсыру жақсы кепкен астарлық қабат бойынша жүргізілуі тиіс. 6.8.8 ГКТ тақта қаптамамен қаптау кезінде беттің тегістігі мен қаптама беріктігіне жоғары талап қойылады. Қалыңдығы 12,5 мм ГКТ-мен бір қабат етіп қаптау кезінде қаңқа тіреулерінің аралығы 400 мм-нен аспауға тиіс. Тығыздау және түпкілікті әрлеу жіктердің аумағымен ғана шектелуі тиіс, ал бүкіл тақтамен қапталған ГКТ қаптаманың беті алдын ала «Тифенгрунд» астарымен өңделеді, оны тек щеткамен немесе жаққышпен жағу керек. Оны тозаңдатып немесе білікшемен жағуға болмайды. ГКТ-дің кесілген жиектері және құбыр өтетін жерлерді, 10 мм ұзартылған және силиконды құраммен герметикаланған орындалуға тиіс тесіктерді мұқият астарлауға ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Соңғысы ретінде «Бау-Силикон» ол ылғалды жерлерде СП «ТИГИ КНАУФ» ААҚ фирмасының «Санитэр-Силикон» герметиктерін, кремний органикалық желім-герметик «Эластосил» 137-81-ді қолданған жөн. 6.8.9 Гипс-картонды табақтардың тікелей судың әсеріне ұшыраған (душта, ваннада, раковинада) қаптаманың бетін СП «ТИГИ КНАУФ» ААҚ фирмасының «Флэхендихт» гидрооқшаулағыш құрамымен жабылуы тиіс, оны жаққышпен немесе білікшемен жағады. Бұрыштарға алдын ала СП «ТИГИ КНАУФ» ААҚ фирмасының «Флэхендихтбанд» тығыздағыш таспасын қосымша желімдейді. 6.8.10 Гипс-картонды табақтан жасалған қаптаманы тақтамен қаптауды қаптайтын тақтайша және табиғи тасқа арналған желімнің көмегімен жүргізу керек, оны тісті қалақшамен көлденең қатар етіп жағады. 6.8.11 Тақтайшалардың арасындағы жіктерді бітеуді СП «ТИГИ КНАУФ» ААҚ фирмасының «Фугенбунд» немесе «Фугенбрайт» жік толтырғыштарымен орындау керек, ал қабырғалар мен еденнің, еден мен ваннаның немесе қолжуғыштың арасындағы ішкі бұрыштарды «Санитэр-Силикон» герметикалаушы құрамымен бітелуі тиіс.
6.9 Қоршау құрылымдарды қайта құрылымдау және жөндеу кезінде гипс-картонды табақтарды қолданып жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
6.9.1 Қоршау құрылымдарды пайдалану процесінде гипс-картонды табақтардың механикалық әсер, су өту және т.с.с. нәтижесінде бүлінген кезде оларды құрылымды бөлшектемей, бүлінудің пайда болу себептерін алдын ала анықтап, жойған соң жөндеу керек. 6.9.2 Гипс-картонды табақтардың арасындағы қуысқа су аққан кезде тұрып қалған суды төгу қажет, ол үшін аспалы төбенің қаптамасында немесе арақабырғалардың төменгі жағынан бізбен бақылау тесіктерін теседі, содан кейін қажеттілігіне қарай суды ағызатын тесікті кеседі. 6.9.3 Жөндеу кезінде гипс-картонды табақтың қайта қалпына келтірілген сол типін пайдалану керек. 6.9.4 ГКТ-дің бүлінген беткі қабатын жөндеу кезінде бүлінген бөліктің жанына қосымша бекітпе элементтер (бұрама шегелер) орнатады, бүлінген бөліктегі бекітпені алып, одан соң әмбебап пышақпен кеседі және картон мен гистің барлық тығыз жатпаған жерлері мен бүлінген бөлігін алып тастайды, содан соң қалақшамен тығыздағышты жұқа қабат етіп жағады, оны қажау қағазбен 24 с-тан соң тазалайды немесе дымқыл губкамен ысқылайды (44-сурет). Қажет кезде тығыздағыштың екінші қабаты жағылуы мүмкін.
44- сурет — ГКТ-дің бүлінген беткі қабатын жөндеу операциясының жүйесі 6.9.5 Гипс-картонды табақтардағы кіші тесіктерді (45-сурет, 3) бітеген кезде алдымен картоннан өлшемі бітелетін тесіктен сәл үлкен етіп трафарет кесіп алып, оны тесікке қойып, қарындашпен айналдыра сызады (45-сурет,1). 6.9.6 Әмбебап пышақтың көмегімен гипс-картонды табақта сызылған контур (45-сурет, 2) бойынша тесік кеседі, содан соң ГКТ тілімінен өлшемі трафарет өлшемінен 5 см артық жамау кесіп алады. Трафаретті жамаудың келесі жағына қойып, оны айналдыра қарындашпен сызады, жамаудың шетін сызылған контур бойынша сындырады да, оның шетіне беткі картонның ені 5 см жолағын қалдырады (45-сурет, 3). 6.9.7 ГКТ-дің бетіндегі тесіктің айналасына тесіктің ішіне және жамаудың шеттеріне қалақшамен жұқалап тығыздағыш жағады, одан кейін беткі картонның қиығын тығыздағышқа тесіктің шеттері бойынша батырып, оны тесікке салады (45-сурет, 4). 6.9.8 Егер жамау қалпына келтірілетін ГКТ бетімен бірдей орналасса, тығыздағышты тегістеп, 24 с-тан соң тығыздағыш дақтарын кетіру үшін қажау қағазбен тазалайды немесе дымқыл губкамен ысқылайды (45-сурет, 5) Қажет кезде сол жолмен тығыздағыштың екінші және үшінші қабаты жағылуы мүмкін (45-сурет, 6).
45 - сурет - ГКТ -дағы кіші тесіктерді бітеу операцияларының жүйесі
6.9.9 Үлкен тесіктерді (46-сурет) бітеген кезде алдыңғы сияқты трафарет дайындап, оның контурын ГКТ -ға (46-сурет, 1) салады, содан соң тесікті (46-сурет, 2) кеседі. 6.9.10 Фанерден енін 2,5-7,5 см және ұзындығын шамамен тесік өлшемінен 15 см асатындай етіп бірнеше жолақша кесіп, оларды тесікке салып, оларды бірнеше бұрама шегенің (46-сурет, 3) көмегімен ГКТ-дың келесі жағына бекітеді, содан соң тесікке ГКТ кесіндісінен жамау салып, оны бұрамашегелердің көмегімен фанерлерге бекітеді. 6.9.11 Салынған жамаудың қалпына келтірілген ГКТ-дың бетімен бірдей тегістігін тексерген соң, қалақшамен жұқалап тығыздағыш жағады (46-сурет, 4), ал жамаудың түйістеріне шегендегіш таспа төсеп, оны тығыздағыш қабатқа қыса отырып (46- сурет, 5), тығыздағыштың (46-сурет, 6) жұқа жамылғы қабатын жағады, 24 с-тан соң 6.9.4 айтылған тәсілмен өңдейді.
46 - сурет - ГКТ-дағы үлкен тесіктерді бітеу операциясының жүйесі
6.9.12 ГКТ түйістеріндегі көпіршіктерді (47-сурет) болдырмау үшін оларды таспада (47-сурет, 1) әмбебап пышақтың көмегімен үстінен тіледі, ал ұсақ көпіршіктерді оларды түзетіп таспаны кесіп және алып тастап жояды одан соң көпіршікті тығыздағышпен толтырып, көпіршік жасайтын таспаның бөлігіне тығыздағышқа қалақшаның көмегімен батырады және тегістейді (47- сурет, 2). 24 с-тан соң бітелген бетті 6.9.4 айтылған тәсілмен өңдейді. 6.9.13 Бекітпені ауыстырған кезде (48-сурет) гипс-картонды табаққа басып, түскелі тұрған бұрамадан 50 мм қашықтықта бір бұраманы бұрайды, оны шығарып алып, қатпарланған тығыздағышты алып тастайды (48- сурет, 1), содан соң тығыздағышты жағып (48-сурет, 2), операцияны 6.9.4-ке сәйкес орындайды. 6.9.14 Жарықшаларды бітеу ішкі бұрыштарда, түйіске салынған таспада және бұрыштық қорғаныш жапсырмада орындалады.
47- сурет - ГКТ түйістеріндегі көпіршіктерді жою операциясының жүйесі
48 - сурет - ГКТ бекітпелерін ауыстыру операцияларының жүйесі
6.9.15 Ішкі бұрыштардағы (49-сурет, а) жарықшаларды бітеген кезде тығыздағыштың жұқа қабатын бұрыштың екі жағына (49-сурет, а1) қалақшамен жағады, одан соң таспаны оның бойлық осінің симметриясы бойымен иіп, оны бұрышқа симметриялы етіп салады және тығыздағыштың ішіне қарай аздап басады (49-сурет, а 2), содан соң ішкі бұрыштарға арналған қалақшаның көмегімен таспаны жарықшаны ортасынан бастап ұшына қарай (49-сурет, а3) тығыздағыштың ішіне қарай басып енгізеді. Тығыздағышты тегістеген (49-сурет, а 4) және қатқан соң операцияны 6.9.4 нұсқауға сәйкес орындайды. 6.9.16 Түйіске салынған (49-сурет, б) таспадағы жарықшаны бітеген кезде, бүлінген бөліктегі ескі тығыздағыштың кейбір мөлшерін алып тастайды, бүлінген бөліктің айналасына тығыздағыштың жұқа қабатын қалақшамен жағып, тығыздағыштағы түйістерді бітеу үшін таспаны (49-сурет, б) оның ішіне қарай басып енгізеді, ал тегістеген (49, б2) және қатқан соң операцияны 6.9.4 нұсқауларға сәйкес орындайды. 6.9.17 Бұрыштық қорғаныш жапсырманы бітеген кезде (49-сурет, в) ондағы тесікті тығыздағыштан тазартады, оны алдын ала аралығын 150 мм етіп бұрамалармен бекітеді, содан соң жарықшаға (49-сурет, в1) тығыздағыштың жұқа қабатын қалақшамен жағады, оны тегістейді (49-сурет, в2) және қатқан соң операцияларды 6.9.4 нұсқауларға сәйкес орындайды. 6.9.18 Гипс - картонды табақтардың түйістеріндегі шығыңқы жерлерді бітеуді (49-сурет, г) оларды ГКТ бетінің деңгейімен (49-сурет, г1) тазалау арқылы (ГКТ-ді және таспаны бүлдірмей) орындайды, соңынан жұқалап тығыздағыш қабатын жағады және оны тегістейді (49-сурет, г2), ал қатқан соң 6.9.4 нұсқауға сәйкес операцияларды орындайды.
49-сурет - Ішкі бұрыштардағы (а), түйіске салынған таспадағы (б), бұрыштық қорғаныш жапсырмадағы (в) жарықшаларды бітеу жөніндегі және ГКТ (г) түйістер шығыңқы жерлерін бітеу жөніндегі операциялардың жүйесі
6.10 Жұмыс жүргізу кезіндегі негізгі техникалық қауіпсіздік ережелері
6.10.1 Құрылымды гипс - картонды табақтарды қолданып орнатуды Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы құрылыстағы техникалық қауіпсіздік жөніндегі құжат талаптарын сақтап орындау керек. 6.10.2 Гипс - картонды табақтарды қолданып қоршау құрылымдарды орнатуға кем дегенде 18 жастағы, жұмыс орнында техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария бойынша нұсқамадан (инструктаждан) өткен, жұмыс тәсілдерін үйренген және жұмыс жүргізуге құқық беретін куәлігі бар тұлғалар жіберіледі. 6.10.3 Жұмысшылар мен қорғаныш құралдары бар арнайы киіммен қамтамасыз етілуі тиіс. 6.10.4 Гипс - картонды табақтардан құрылымды орнату жөніндегі жұмыстарды жинақтау бойынша тәжірибесі бар мамандандырылған бригадалар құрылымды механикалық құрастыру процесін және олардың жоғары сапасын қамтамасыз ететін арнайы құрал -саймандар болған кезде орындауы тиіс. 6.10.5 Жұмысты жүргізу кезіне қолданылатын, құрылымды жинақтауға арналған жабдықтар, құрал-жабдықтар жұмысты орындаудың қауіпсіздік шарттарына жауап беруі тиіс. 6.10.6 Арақабырғаларды жинақтау жүргізілетін аймақ «Кіруге болмайды, жинақтау жүріп жатыр» сияқты жақсы көрінетін ескертпе жазумен белгіленуге тиіс. 6.10.7 Поршеньді-жинақтау тапаншасымен жұмыс істеген кезде қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарын орындау міндетті. 6.10.8 Құрамы гипс-картонды арақабырғаларды жинақтау кезінде инвентарлы алмалы-салмалы жылжымалы төсеніштерді қолдану керек. 6.10.9 Сынығы көп болатын сынғыш материалдарға (шойын, қыш және т.б.) оңай тесіліп қалатын құрылыс материалдарына, дюбель-шегіні (гранит, базальт) бүлдіретін материалдарға дюбель-шегелерді қағуға болмайды. 6.10.10 Электрлі құрал-саймандармен жұмыс істеуге электр қондырғыларды пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік бойынша бірінші біліктілік топқа не жұмыскерлерге рұқсат етіледі. 6.10.11 Электрлі құрал-саман мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс: - электр торабына тез қосу және ажыратуға (бірақ өздігінен емес); - жұмыста қауіпсіз болуға, барлық ток жүретін бөліктер жақсы оқшаулануға тиіс. Электрлі құрал-сайманды жұмысшыға берер алдында жерге қосылатын сымның дұрыстығын және корпуста тұйықталудың болмауын тексеру қажет. 6.10.12 Жұмысшы электрлі құрал-саймандармен жұмыс істер алдында міндетті : - электрлі құрал-сайманмен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдері жөнінде нұсқама алуға; - жеке қорғану құралдарының дұрыстығын тексеруге; - электрлі құрал-сайманды бос жүрісте қарау және тексеру. 6.10.13 Қоршау құрылымдарды гипс-картонды табақтардан жинақтау кезінде тыйым салынады: - тіреуіш баспалдақта тұрып электрлі құрал-сайманмен жұмыс істеуге; - электрлі құрал-сайманды басқа адамға беруге; - өздеріне электр құралдарын бөлшектеу және жөндеу жүргізуге; - жұмыс кезінде коректендіруші электр өткізгішпен ұстауға; - электр торабына қосылып тұрған электрлі құрал-сайманды қараусыз қалдыруға.
6.10.14 Жұмыстық төсемнің биіктігі 1,3 м және одан артық болғанда қорғаныш қоршауын орнату қажет. Қорғаныш қоршаудың биіктігі 1,2 м-нен кем болмауға тиіс. 6.10.15 Электрмен пісіргіш аппараттар мен электрлендірілген құрал-сайманды пайдаланған кезде адамды электр тогының қауіпті және зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы техникалық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарын орындау қажет. 6.10.16 Электр қондырғылардың ток жүретін бөлігі оқшаулануға, қоршауға немесе оларға жанасуға қол жетпейтіндей жерлерде орналастырылуы тиіс. 6.10.17 Электрмен пісіру жұмыстары жүргізілетін жерлер жанғыш материалдардан радиусы кем дегенде 5 м етіліп, жарылғыш материалдардан 10 м етіліп босатылуы тиіс. Электрмен пісіретін жабдықтың кернеуде жоқ металл бөлшектері, сондай-ақ пісірілетін элементтері және құрылымдар барлық уақытта да жерге қосылуы тиіс. 7 ГИПС-КАРТОНДЫ ТАБАҚТАР ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚОРШАУ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
7.1 Технологиялық режимнің өзгеруінен бөлме ауасының ылғалдылығы артқан кезде, гипс-картонды табақтардан жасалған қоршау құрылымдарды ылғалданудан сақтау бойынша қосымша шараларды қарастыру керек. 7.2 Эвакуация жолдарындағы гипс-картонды табақтардан жасалған қоршау құрылымдарды сырлауға немесе өзге жанғыш материалдармен әрлеуге болмайды. 7.3 Пайдалану процесінде гипс-картонды табақтардан жасалған қоршау құрылымдардың механикалық және соқпа әсерлеуден бүліну мүмкіндігін болдырмау керек. 7.4 Кәдімгі, тақтайшалармен қапталмаған гипс-картонды табақтардан жасалған қоршау құрылымдардың бетін сулап тазартуға болмайды. 7.5 Аспалы жабдықты гипс-картонды табақтан жасалған құрылымдарға бекіту қажет болған кезде осы Ережелер жиынтығында айтылған нұсқаулар қатаң сақталуы тиіс. 7.6 Шырақтарды ауыстырған кезде және төбеге өзге аспалы жабдықты ілу қажет болған кезде төбеде бекіту элементтерін пайдалану мүмкіндігі тексерілуі тиіс.
Қосымша (міндетті)
Нормативтік сілтемелер
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Ғимараттар мен ғимараттардың өрт қауіпсіздігі ҚНжЕ 2.01.19-2004 Құрылыс құрылымдарын тоттанудан қорғау ҚНжЕ 3.02.29-2004 Оқшаулаушы және әрлеуші төбежабындар ҚНжЕ ІІ-12-77 Шудан қорғау МҚН 2.04-02-2004 Ғимараттарды жылулық қорғау ҚР СТ 971-93 Гипскартон табақтар. Техникалық шарттар МСТ 12.1.004-91* ЕҚСЖ. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар МСТ 12.1.044-89* ЕҚСЖ. Заттармен материалдардың өртену және жарылу қауіптілігі. Көрсеткіштер номенклатурасы және оларды анықтау әдістері МСТ 9573-96 Синтетикалық байланыстырғыш жылуоқшаулағыш минерал мақтадан жасалған тақталар. Техникалық шарттар МСТ 10499-95 Шынылы штапель талшықтан жасалған жылуоқшаулағыш бұйымдар. Техникалық шарттар МСТ 15588-86 Көбік полистиролды тақталар. Техникалық шарттар МСТ 30244-94 Құрылыс материалдары. Жанғыштыққа сынау әдістері МСТ 30247.0-94 Құрылыс құрылымдары. Отқа төзімділікке сынау әдістері. Жалпы талаптар МСТ 30247.1-94 Құрылыс материалдары. Отқа төзімділікке сынау әдістері. Көтеруші және қоршау құрылымдар МСТ 30402-96 Құрылыс материалдары. Тұтанғыштыққа сынау әдістері МСТ 30403-96 Құрылыс құрылымдары. Өрт қауіптілігін анықтау әдісі ВҚН 27-95 Метал қаңқадағы құрастырмалы гипскартон арақабырғаларды бөлшекті құрастыру бойынша жинақтау және әрлеу технологиясы жөніндегі нұсқау ВҚН 36-95 Интерьерлерді өнеркәсіптік әдіс бойынша әрлеу жөніндегі нұсқау. Қабырғаларды қаптау
ӘОК 692(083.74) МСЖ 91.060.10; 91.100.10
Негізгі сөздер: қоршау құрылымдар, гипс картонды табақтар, арақабырғалар, аспалы төбелер, ішкі қабырғалар бетінің қаптамалары
|