СНиП РК 2.03-10-2002* каз Инженерная защита в зонах затопления и подтопления СНиП РК 2.03-10-2002ҚҰРЫЛЫСТЫҢ НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ СУ БАСУ ЖӘНЕ СУ АСТЫНДА ҚАЛУ ҚАУПІ БАР АЙМАҚТАРДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ
ИНЖЕНЕРНАЯ ЗАЩИТА В ЗОНАХ ЗАТОПЛЕНИЯ И ПОДТОПЛЕНИЯ
Енгізілген күні — 01.03.2003 ж.
Осы құрылыс нормалары мен ережелерi елдi мекендер, өнеркәсiп, көлiк, энергетикалық және тұрмыстық-коммуналдық объектiлердiң, пайдалы қазба кен орындары мен тау кен орындары, ауыл шаруашылығында және орманда пайдаланылатын жер, табиғи ландшафттардың аумақтарын су басу және су астында қалудан инженерлiк қорғау жүйелерi, объектiлерi мен имараттарын жобалауға таралады. Инженерлiк қорғау жүйелерiн, объектiлерi мен имараттарын жобалау кезiнде Қазақстан Республикасының заң актілерін, сонымен қатар ҚР Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiмен бекiтiлген немесе 3-қосымшада келiсiлген нормативтiк құжаттардың талаптарын бұлжытпай сақтау керек.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Аумақты су басудан және су астында қалудан инженерлiк қорғауды жобалау кезiнде қоршаған ортаны қорғау және мақсатты пайдалану немесе су басу және су астында қалудың керi әсерiн жою талаптарына қарай аумақты су басу және су астында қалуды болдырмауды қамтамасыз ететiн шаралар кешенi әзiрленуi тиiс. Елдi мекендердiң, өнеркәсiптiк және тұрмыстық-коммуналдық объектiлердiң аумағын қорғау мыналарды: - қала, елдiмекен, құрылыстық, өндiрiстiк-техникалық, коммуникациялық, көлiктiк объектiлердiң, демалыс орындарының және басқа да аумақтық жүйелердiң және экономикалық жекелеген объектiлердiң қауiпсiз, үздiксiз және сенiмдi қызметi мен дамуын; - халық тұрмысының нормативтiк медициналық санитарлық жағдайын; - қорғалатын аумақтың нормативтiк санитарлық-гигиеналық, әлеуметтiк және тынысжайлық жағдайларын. Пайдалы қазбалар кен орнын және тау кен орнын су басу және су астында қалудан қорғау келесiлердi қамтамасыз етуге тиiстi: - жер қойнауын және табиғи ландшафттарды; - пайдалы қазбалар кен орындарында, соның iшiнде рудаға жатпайтын металдарды ашық және жер асты әдiсiмен өндiрудi қауiпсiз жүргiзу; - пайдалы қазба кен орындарында кен өндiру кезiнде туындайтын аумақты техногендiк су басу және су астында қалу мүмкiндiгiн жою қамтамасыз етуi тиiс. Ауыл шаруашылығы жерлерiн және табиғи ландшафттарды қорғау: - ауыл шаруашылығы, орман және балық өнiмдерiн қарқынды өндiруге мүмкiндiк туғызуға; - оңтайлы агротехникалық жағдай жасауға; - жердi пайдалану ретiне қарай, қорғалатын аумақтың гидрологиялық және гидрогиология-лық тәртібiн реттеуге;
Ресми басылым Қала және елдi мекендер маңының табиғи ландшафттарын қорғау кезiнде аумақтың санитарлық қорғау аймақтарын, орман саябақтарын, емдеу-сауықтыру объектiлерiнiң, туризмнiң, тынысжай және спорттың барлық түрлерiн қамтитын демалыс аймақтарын жасауға пайдаланылуы көзделуi қажет. 1.2. Су басу процесiнiң туындауына мүмкiндiк туғызатын негiзгi табиғи жағдайлар болып: - өтiмдiлiгi нашар топырақтардың (шаң тәрiздi құмдардың, құмдақтардың, саздақтардың, жарықшақ саздардың, сарытопырақтың) бар болуы; - су өтпейтiн қабаттың немесе өтiмдiлiгi нашар қабатшалардың жер бетiне таяу орналасуы; - аумақтың мардымсыз табиғи кәрiздiлiгi; - мардымсыз беткi ағынды; - топырақтық судың табиғи орнының (құрылысқа дейiнгi) салыстырмалы жоғары болуы табылады. Техногендiк факторлар (беткi және жер асты ағындысының, аумақтың кәрiздiлiгiнiң, ыза суларының тұрақты немесе уақытша әсер етушi жаңа қосымша қорек көздерiнiң пайда болуы, булану қарқындылығының төмендеуi және т. б.) су басу процесiнiң туындауына әкелiп соқтырады. 1.3. Құрылыс салынып бiткен аумақты пайдалану барысында атмосфералық жауын-шашынға қосымша су тасымалдаушы жер асты коммуникацияларынан аққан судың, су қоймаларының суының сiңуi (W) және қалаларда нөсер суын қашырту канализациясының болмауы су басудың негiзгi себептерi болып табылады. Су басу көздерi мыналарға бөлiнедi: - табиғи (атмосфералық жауын-шашын, ерiген және жер асты сулары, ауалы аймақтың топырақтарындағы булы сулар); - жасанды (беткi суларды жинақтаушы болып табылатын қазаншұнқұрлар мен орлар, арналар, арықтар, суөткiзгiш және канализациялық құбырлар, жылу жүйелерi, суүлестiрiм бекеттерi, су айналымды жүйелер мен имараттар, түрлi резервуарлар, жинақтаушылар, гидрокүлүюшiлер, тазалау имараттары, технологиялық процестерi ылғалды цехтар, суармалы алабтар және т.с.с.); - аймақтық және жергiлiктi. Су басу факторлары: - белсендi (негiздердiң немесе терең бойлай орналасқан бөлмелердiң топырағын су басуын тiкелей туындатушы); - әрекетсiз (тiкелей су басуды туғызбайтын, бiрақ су басуға мүмкiндiк туғызатын) болып бөлiнедi. 1.4. Инженерлiк қорғаудың негiзгi құралдары ретiнде жалдап үюдi, аумақтың беткi жамылғысын жасанды көтерудi, арна реттеушi имараттарды және беткi ағындыны реттеу және алып кету имараттарын, кәрiздеу және өзге де қорғау имараттарын қарастыру қажет. Инженерлiк қорғаудың көмекшi құралдары ретiнде инженерлiк қорғаудың тиiмдiлiгiн арттыратын табиғи жүйелердiң және оларды құраушылардың табиғи қасиеттерiн пайдалану керек. Соңынан аталғандарға арналар мен ескi арнаны тазарту арқылы гидрографиялық желiнiң су әкетушi және кәрiздеушi рөлiн арттыру, фитомелиорацияны, агроормандандыру шараларын және т.б. жатқызу қажет. Аумақты инженерлiк қорғау жобасының құрамына көктемгi су тасуы мен жазғы тасқындарды өткiзудi қамтамасыз етудi көздейтiн техникалық ұйымдастыру шараларын енгiзу керек. Құрылыс жүрiп жатқан аумақта инженерлiк қорғау, өзендердегi су тасудан, бөгендер мен каналдар салу кезiнде су басу және су астында қалудан, құрылыс салу және ғимараттарды, имараттар мен желiлердi пайдалану кезiнде туындайтын топырақтық сулардың деңгейiнiң көтерiлуiнен аумақты тиiмдi қорғауды қамтамасыз ететiн бiрыңғай кешендi аумақтық жүйелердi немесе жергiлiктi объектiге кiретiн қорғау имараттарын белгiлеудi қарастыруы тиiс. Инженерлiк қорғаудың бiрыңғай кешендi аумақтық жүйелерiн қорғалатын аумақтар мен объектiлердiң мекемелiк бағыныстылығына қарамастан жобалау қажет. 1.5. Өзен жайылмасы аумағын табиғи су басудан қорғаудың қажеттiлiгi осы аумақтың жекелеген бөлiктерiнiң қала немесе өнеркәсiп құрылысына немесе ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерге, сондай-ақ пайдалы қазба кен орнына қажеттiлiгi мен пайдалану дәрежесiне қарай анықталады. Өзендер жайылмасын су басудың есептiк параметiрлерiн 2-бөлiмге сәйкес қабылданған қорғау имараттарының дәрежесiне қарай инженерлiк гидрологиялық есептердiң негiзiнде анықтау қажет. Сонымен су басуды: - терең (тереңдiгi 5 м-ден жоғары), орташа (тереңдiгi 2 м-ден 5 м-ге дейiн); - тайыз (құрлық бетiн жапқан судың тереңдiгi 2 м-ге дейiн) деп ажырату қажет. 1.6. Техногендi су басу аумағының шекарасын түрлi мақсатта пайдаланылатын су шаруашылығы объектiлерiнiң және өнеркәсiптiк кәсiпорындардың, ауылшаруашылғы жерлерi мен тау кен орындарында, пайдалы қазба кен орындарында пайдаланылған суларды және ағын суларын бұру жүйелерiнiң жобаларын жасау кезiнде айқындау қажет. Қолданыстағы немесе жобаланған бөгендердiң су басуынан туындайтын терiс әсердi бөгеннiң тайыздану тәртібiне және жағадағы алқапты су басып жату ұзақтығына қарай бағалау керек. Мұнда төмендегiлердi ажырату керек: - тұрақты су басу – пайдаланылмайтын көлем деңгейiнiң (ПКД) белгiсiнен төмен; - кезеңдiк су басу - қалыпты тiрек деңгейi (ҚТД) және ПКД белгiлерi аралығында; - уақытша су басу (бөгеннiң су деңгейiнiң ҚТД белгiсiнен жоғары көтерiлуi) 1.7. Аумақты су басудан туындайтын керi әсердi бағалау кезiнде топырақтық сулардың орналасу тереңдiгiн, процестiң ұзақтығы мен қарқындылығын, қорғалатын аумақтың гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық және геокриологиялық, медициналық-санитарлық, геоботаникалық, зоологиялық, топырақ жамылғысы, агрошаруашылық, мелиоративтiк, ауданның шаруашылық экономикалық ерекшелiктерiн есепке алу керек. Су басудан болған зиянды бағалау кезiнде аумақта салынған құрылысты, қорғалатын имараттар мен объектiлердiң дәрежелерiн, ауыл шаруашылығы жерлерiнiң, пайдалы қазба кен орындарының және табиғи ладшафтар құндылығын есепке алу қажет. 1.8. Су басудан инженерлiк қорғау жобаларын әзiрлегенде келесi су басу көздерiн: бөгендермен, каналдармен, СЭС алаптарымен және басқа да гидротехникалық имараттармен тежелген жер асты жерлерiнен сүзiлген судың есебiнен топырақтық судың тежелуiн, қорғалатын аумақтарда су тасымалдаушы комуникациялар мен имараттардан судың ағып зая кетуiн, атмосфералық жауын-шашынды есепке алу керек. Сонымен қатар, жекелеген су басу көздерiнiң немесе олардың үйлескен тiркестерiнiң бiр мезгiлде байқалу мүмкiндiгiн есепке алу керек. Жобаланған бөгеннiң немесе басқа су объектiлерiнiң жағасындағы аумақтың су басу аймағын, геологиялық және гидрогеологиялық iзденiстердiң негiзiнде анықталған су объектiлерiнiң есептiк су деңгейiне сәйкес келетiн тежелген жер асты суларының таралуын болжау жолымен, ал қолданыстағы су объектiлерiнде – гидрогеологиялық зерттеулер негiзiнде анықтау керек. Суғармалы жерлерге iргелес аумақтарда тежелген топырақтық сулардың таралу аймағын анықтау су теңдестiк және гидродинамикалық есептердiң, геологиялық iзденiстер нәтижесiнiң негiзiнде жүргiзiлуi керек. Бұл жағдайда: - қорғалатын аумақтың атмосфералық ылғалдылығы дәрежесiн; - су тасымалдаушы коммуникациялар мен сыйымды ыдыстардағы су шығынын есепке алу қажет. Игерiлген аумақтар үшiн су басудың болжамдық мөлшерлiк сипаттамаларын гидрогеологиялық бақылаудың нақты деректерiмен салыстыру керек. Нақты бақыланған деректер, болжамдық деректерден жоғары болған жағдайда қосымша су көздерiн анықтау қажет. 1.9. Қала және өнеркәсiптiк аумақтарды инженерлiк қорғау кезiнде су басудың: - аумақтың санитарлық-гигиеналық жағдайына; - ғимараттар мен имараттардың, соның iшiнде игерiлiп жатқан және бұрынырақ игерiлген аумақтарда тұрғызылатын ғимараттар мен имараттардың құрылымының сенiмдiлiгiне; - инженерлiк коммуникация, имараттар және жабдықтардың жер асты бөлмелерге су өтуi әсерінен қызмет жасау сенiмдiлiгiне; - металдан жасалған құрылымдардың, құбыр жүйелерiнiң, сумен жабдықтау және жылу жүргiзу жүйелерiнiң жер асты бөлiктерiнiң тоттануына; - суффозия мен мүжілудің байқалуына; - ыза суларының гидростатикалық қысымының өзгеруi жағдайында жер асты имараттарының орнықтылығы мен берiктiгiне; - азық-түлiк және өндiрiстiк тауарларды үй асты қабаттары мен жер асты қоймаларында сақтау жағдайларына тигiзетiн керi әсерiн есепке алу қажет. 1.10. Ауыл шаруашылығы және табиғи ландшафттарды су басу кезiнде су басудың: - аумақтың санитарлық - гигиеналық жағдайына; - топырақ жамылғысының тұздану тәртібінің өзгерiсiне; - аумақтың батпақтануына; - табиғи жүйелерге және флора мен фауна өкiлдерi тiршiлiгiнiң жағдайына тигiзетiн әсерi есепке алынуға тиiстi. 1.11. Аумақты су басу мен су астында қалудан инженерлiк қорғау, шаруашылық кешеңдерiнiң түрлi салаларының өнiмдерiнiң саны мен сапасының төмендеуiмен, халық тұрмысының гигиеналық және медициналық-санитарлық жағдайының нашарлауымен, су басатын және су астында қалған аумақтардағы обьектiлердi қалпына келтiруге, сенiмдiлiгiн арттыруға жұмсалатын шығынмен анықталатын экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық зиянды жоюға немесе азайтуға бағытталуға тиiс. 1.12. Су басу және су астында қалудан инжинерлiк қорғауды жобалау кезiнде сумен қамтамасыз ету және сумен жабдықтауды, халықтың тұрмыстық жағдайын, өнеркәсiптiк және коммуналдық объектiлердiң пайдаланылуын жақсарту мақсатында, сондай-ақ энергетика, автожол, темiржол және су көлiгi, пайдалы қазбалар өндiру, орман, балық, және аң аулау шаруашылықтарының, мелиорация, тынысжай және табиғат қорғау мүдделерiне сәйкес, жобаларда көп мақсатта пайдаланылатын инженерлiк қорғау имараттарының түрлерiн құру мүмкiндiгiн есепке ала отырып, инженерлiк қорғау имараттары мен жүйелерiн бiр мезгiлде пайдаланудың мүмкiндiгi мен орындылығын анықтау қажет. 1.13. Инженерлiк қорғау имараттарының жобасы: - қорғау имараттарының сенiмдiлiгiн; - пайдалану шығыны мардымсыз болған жағдайда, оларды пайдаланудың қауiпсiздiгiн; - имараттармен жабдықтардың жұмысы мен жай-күйiне жүйелi бақылау жүргiзу мүмкiндiгiн; - су жинағыш имараттарды пайдаланудың оңтайлы тәртібiн; - жергiлiктi құрылыс материалдарын және табиғи ресурстарды барынша толық пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс. Инженерлiк қорғау имаратының түрiн таңдау, салыстырылатын имарат түрлерiнiң көрсеткiштерiн техникалық-экономикалық салыстырудың негiзiнде жүзеге асырылуға тиiс. 1.14. Елдi мекендер аумағын және пайдалы қазбалар өндiру аудандарын осы құжаттың 1.9-тармағында көрсетiлген зардаптардан, сондай-ақ сырғыма, термооқпа және термомүжілуден, ал ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердi микроклиматтық, агроормандандыру және басқа да жағдайларды жақсарта отырып, осы норманың 1.10-тармағында белгiленген су басу салдарынан қорғау қажет. Аумақты инженерлiк қорғауды жобалау кезiнде, беткi суларды ағын сулармен ластанудан қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңының талаптары сақталуы тиiс. Жобаланған инженерлiк қорғау имараттары орналасатын аумағы бойынша пайдалануға берiлген немесе құрылып жатқан су қорғау, табиғат қорғау аймақтарының, ұлттық саябақтардың, қорықтардың аумақтарымен сәйкес келген жағдайда, аумақты инженерлiк қорғау жобасының табиғи шаралары табиғи ортаны қорғауға мемлекеттiк қадағалау жүргiзетiн органдармен келiсiлуге тиiстi. 1.15. Су тасқынына қарсы жүргiзiлетiн жобаланған шаралардың тиiмдiлiгiн, бөгендердi және қорғалатын жерлердi кешендi пайдаланудың таңдалған нұсқасының техникалық-экономикалық көрсеткiштерiн, су тасқынына қарсы шаралар жүргiзiлгенге дейiнгi, жердi пайдаланудың нұсқасымен салыстыру арқылы анықтау керек. 1.16. Елдi мекендер мен өнеркәсiптiк объектiлердiң, пайдалы қазба және тау кен орындарының су тасқынына қарсы бөгеттерi мен мен үйме жал бөгетшелерiн, осы норманың 3-бөлiмiнде көзделген талаптарға сәйкес және өзен гидротехникалық имараттарының талаптарына сәйкес, ал ауыл шаруашылығы жерлерiн мелиоративтiк жүйелерге және өзен гидротехникалық имараттарына қойылатын талаптарға сәйкес жобалау қажет. Өзендерде су тасқынына қарсы қорғау жүйелерiн жобалау кезiнде, ағын сулардың су ресурстарын кешендi пайдаланудың талаптарын есепке алу қажет. Су қашыртқы қорғау имараттары арқылы су тасқынын өткiзудiң есептiк қамтамасыздығын таңдау, осы норманың 2-бөлiмiнiң талаптарына сәйкес, қорғау имараттарының дәрежелерiн есепке ала отырып, техникалық-экономикалық есептермен негiзделедi. 1.17. Су басудан қорғалатын аумақтарда беткi ағындыны реттеушi имараттар, осы аумаққа келiп түсетiн беткi сулардың (жаңбыр және қар суы, уақытша және тұрақты ағын сулар), қорғау имаратының дәрежесiне сәйкес қабылданатын есептiк су шығынының шамасына (ҚНжЕ 2.04.03-ке сәйкес) қарай есептелуi тиiс. Суайрық тарапынан келетiн беткi ағындыны қорғалатын аумақтан таулық арналар арқылы әкету керек, ал қажет болған жағдайда, беткi ағындының бiр бөлiгiн жинақтауға мүмкiндiк беретiн суқоймасы құрылғыларын орнатуды қарастыру қажет. 1.18. Су басу және су астында қалудан инженерлiк қорғаудың кешендi аумақтық жүйесi мынадай жағдайларда инженерлiк қорғаудың бiрнеше түрлi құралдарын қамтуы керек: қорғалатын аумақта жекелеген инженерлiк қорғау құралдарымен қорғауды жүзеге асыру мүмкiн болмайтын және тиiмдiлiгi аз болатын өнеркәсiптiк немесе азаматтық имараттардың қолда бар болуы; инженерлiк қорғаудың қандай да бiр жекелеген объектiлерiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн күрделi морфометриялық, тофографиялық, гидрогеологиялық және басқа да жағдайлар. 1.19. Жобалау, құрылыс салу және пайдалану кезiнде, құрылыс жүрiп жатқан аумақты су басу қаупiнiң алдын алу шараларын осы норманың А, Б, В қосымшаларына сәйкес орындау керек. 1.20. Гидроэнергетикалық және су шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысымен туындаған су басу және су астында қалу процесiнен аумақты қорғау кезiнде I және II дәрежелi инженерлiк қорғауды техникалық-экономикалық негiздеудi осы норманың Г қосымшасына сәйкес техникалық-экономикалық есептеудiң негiзiнде орындау қажет. Республикалық, облыстық және жергiлiктi маңызы бар су шаруашылығы объектiлерiн жобалау кезiнде, инженерлiк қорғау имараттарын, сондай-ақ III және IV дәрежелi инженерлiк қорғау имараттарын негiздеудi, ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттiлiктер үшiн алынған жерлердiң орнына жаңа жерлердi игеруге жұмсалатын нормативтiк шығынның негiзiнде орындау керек.
2. ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ ИМАРАТТАРЫНЫҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІ
2.1. Инженерлiк қорғау имараттарының дәрежелерi, ереже бойынша, шаруашылық және экономикалық тәуелдiлiгiне қарай, қорғалатын объектiлердiң дәрежелерiнен төмен емес дәрежеде белгiленедi. Әр түрлi дәрежедегi объектiлер орналасқан аумақты қорғау кезiнде, инженерлiк қорғау имаратының дәрежесi, ереже бойынша, қорғалатын объектiлердiң көпшiлiгiнiң дәрежесiне сәйкес алынады. Мұндай жағдайларда аумақты инженерлiк қорғау имараттары үшiн белгiленген дәрежеге қарағанда дәрежесi анағұрлым жоғары жекелеген объектiлер дербес қорғалады. Бұл объектiлердiң дәрежелерi мен оларды дербес қорғау дәрежелерi бiр-бiрiне сәйкес болуы тиiс. Егер техникалық-экономикалық негiздеумен дербес қорғаудың орынды екендiгi айқындалған болса, онда аумақты инженерлiк қорғаудың дәрежесiн бiр бiрлiкке арттыру қажет. 2.2*. Су тежеу типтi инженерлiк қорғаудың тұрақты гидротехникалық имараттарының дәрежелерiн, ҚНжЕ 2.06.01-86 және ҚНжЕ 3.07.01-дің талаптарына сәйкес өзен гидротехникалық имараттарына қойылатын талаптарға сәйкес және осы норманың Д қосымшасы бойынша, қорғалатын аумақтың сипаттамаларына қарай белгiлеу қажет. 2.3*. Су тежеу типiне жатпайтын (арна реттеушi және ағынды реттеушi, кәрiздеу жүйелерi және т.б.) қорғау имараттарының дәрежелерiн құрылымды жобалау кезiнде ғимараттың, имараттың күрделiлiгi дәрежесiне ҚНжЕ 2.06.01-86-ның талаптарына сәйкес белгiлеу қажет. Жобалаудың есептiк шарттары ҚНжЕ 3.07.01-85-ке сәйкес белгiленген дәрежеге сәйкес қабылданады. 2.4. Су тежеу типтi қорғау имараттарының қырының есептiк су деңгейiнен жоғары болуын, ҚНжЕ 2.06.05-84*-тің талаптарын ескеріп қорғау имаратының дәрежесiне қарай белгiлеу қажет. Бұл жағдайда қорғау имараттарымен сығымдалған ағын судың әсерiнен су деңгейiнiң көтерiлуiнiң мүмкiндiгi есепке алынуы керек. 2.5. Аумақты су басудан беткi жамылғыны топырақ төсеу немесе сумен үю арқылы көтерiп қорғау кезiнде, төсем төселiп қалыңдатылатын аумақтың су объектiсi тарапындағы белгiсiн жалдап үйiлетiн бөгетшенiң қырының белгiсiн қабылдаған сияқты қабылдау керек; төсем төселетiн аумақтың беткi жамылғысының белгiсiн су басудан қорғау кезiнде, қала, кент, ауыл елдi мекендерi құрылысын жоспарлау жоспарының талаптарын ескере отырып анықтау қажет. 2.6*. Ағын су және су қоймалары жағалауларында инженерлiк қорғауды жобалау кезiнде, негiзгi есептiк жағдай үшiн, есептiк сипаттама ретiнде, өзен гидротехникалық имараттарына қойылатын ҚНжЕ 2.06.01-86 және ҚНжЕ 3.07.01-85-тің талаптарына сәйкес, инженерлiк қорғау имараттарының дәрежесiне қарай ықтималдығы белгiленген шамадан артық болатын су деңгейiнiң жоғары мәнi қабылданады.
Ескерту: 1. Ауданы 100 мың га. артық ауыл шаруашылығы аумақтарын қорғауға арналған I дәрежелi имараттар үшiн есептiк су деңгейiнiң артық болу ықтималдығы 0,5 %-ке тең болып қабылданады, сауықтыру-тынысжайлық және санитарлық қорғау сипаттағы аумақтарды қорғауға арналған IV дәрежелi имараттар үшiн - 10 %. 2. Есептiк су деңгейiн тексеру кезiнде, қала аумағын инженерлiк қорғау имараттарының қырынан судың асып түсуiне ҚНжЕ 3.07.01-85-ке сәйкес жол берiлмейдi. Қала аумағы және жеке тұрған өнеркәсiптiк кәсiпорындар үшiн, қамтамасыздығы есептiк сынақ жағдайындағы қамтамасыздыққа тең су тасқынын өткiзу үшiн техникалық-ұйымдастыру шараларының жоспары әзiрленуi тиiс.
2.7. Құрғату нормасы, (аумақтың жобалық белгiсiмен салыстырғанда ыза суларының төмендеу тереңдiгi) су басудан қорғауды жобалағанда 1-кестеге сәйкес қорғалатын аумақтың құрылысының сипатына қарай қабылданады. Ауыл шаруашылығы жерлерiн құрғату нормалары мелиоративтiк жүйелерге қойылатын талаптарға сәйкес анықталады. Қала, ауыл шаруашылығы және түрлi жер пайдаланушылармен пайдаланылатын басқа да аумақтарға iргелес аумақтарды құрғату нормалары әрбiр жер пайдаланушының талаптарын ескере отырып анықталады.
1-кесте
2.8. Су басудан қорғау имараттарының дәрежелерiн құрғату нормаларына және 2-кесте бойынша топырақтық сулардың есептiк төмендеуiне байланысты белгiлеу қажет.
2-кесте
2.9. Қорғалатын аумақтардағы топырақтық судың ең жоғары есептiк деңгейiн осы норманың 1.15-тармағына сәйкес жасалған болжаудың нәтижесi бойынша және «Канализация. Сыртқы желiлер мен имараттар» ҚНжЕ 2.04.03-85-ке сәйкес есептелген жауын суларының реттелетiн ағындысының есептiк су шығынының шамасына қарай белгiлеу керек.
3. ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ИМАРАТТАРЫН ЖОБАЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Аумақты су басудан қорғау
3.1. Аумақты су басудан қорғауды: - өзен, бөген немесе басқа да су объектiсi тарапы жағының аумағын жалдап үю арқылы; - аумақтың рельефiн жоспарлау жоспарының су баспайтын деңгей белгiсiне дейiнгi белгiге жасанды жолмен көтеру; - су астында қалған, уақытша су басатын, суармалы аумақтардан және ойпатта орналасқан бұзылған жерлерден беткi ағын және кәрiздiк суларды жинақтау, реттеу, бұрып алып кету жолымен жүзеге асыру қажет. Су басудан инженерлiк қорғау құралдарының құрамына үйме жал бөгетшелер, құрғатқыштар, кәрiздiк және су қашыртқы торабтар, таулық су қашыртқы каналдар, тезағарлар мен тiк құламалар, құбырлар мен сорғы станциялары кiредi. Қорғалатын аумақтың табиғи және гидрогеологиялық жағдайларына байланысты, инженерлiк қорғау жүйелерi жоғарыда аталған имараттардың бiрнешеуiнен тұруы мүмкiн немесе жеке имараттардың бiреуiн құрамына енгiзуi мүмкiн. 3.2. Қорғалатын аумақтың табиғи бетiнiң төмен жатқан белгiлерiн ұзына бойы жалдап үюдiң жалпы нобайын Құрылыс iстерi жөніндегі Комитетiнен бекiтiлген немесе келiсiлген республикалық, және ведомстволық нормативтiк құжаттар мен стандарттардың талаптарын есепке ала отырып, нұсқаларды техникалық-экономикалық салыстырудың негiзiнде таңдау керек. 3.3. Су басатын аумақтарды қорғау кезiнде жалдап үюдiң екi түрiн: тұтас қамтып және бөлiктер бойынша қолдану қажет. Аумақты тұтас қамтып жалдап үюдi, қорғалатын аумақта ағын су болмаған жағдайда немесе оның ағындысы бұрма каналдар, құбырлар болмаса сорғы станциясының көмегiмен бөгенге немесе өзенге бұрып жiберу мүмкiн болатын жағдайда қолдану қажет. Бөлiктер бойынша жалдап үюдi бұрып әкету экономикалық тұрғыдан тиiмсiз болатын, үлкен өзендер кесiп өтетiн аумақты қорғау үшiн немесе құрылысының тығыздығы әртүрлi аумақтың жекелеген бөлiктерiн қорғау үшiн қолдану қажет. 3.4. Үйме жал бөгетшесiнiң құрылымының нұсқаларын таңдау кезiнде: - құрылыс жүргiзiлетiн ауданның топографиялық, инженерлiк геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, климаттық жағдайларын; - қорғау имараттары құрылымының үнемдiлiгiн; - су тасу және жазғы су тасқыны кезеңiнде үлкен суды өткiзу мүмкiндiгiн; - құрылыс аумағының тығыздығын және су басу аймағынан құрылымдарды алып шығуды қажет ететiн құрылыс қарауындағы аймақтың ауқымын; - жергiлiктi құрылыс материалдарын, құрылыс машиналары мен механизмдерiн пайдаланудың орындылығы; - имараттарды тұрғызу мерзiмi; - қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын; - пайдаланудың қауiпсiздiгi мен ыңғайлылығын, - сумен жабдықтауды жақсарту үшiн кәрiздiк суларды қайта пайдаланудың орындылығын ескеру керек. 3.5. Үйме жал бөгетшесiнiң қырының су объектiсiнiң есептiк су деңгейiнен жоғары болуын, осы норманың 2.4. және 2.6-тармақтарына сәйкес, қорғау имараттарының дәрежесiне қарай айқындау қажет. 3.6. Бөгендер, магистралдық каналдар, жер сiлемдерiн құрғату жүйелерi құрылысын салудан туындайтын су басулардың алдын алу мақсатындағы инженерлiк қорғау жобаларын барлық шаруашылық кешенiнiң құрылыс жобасымен үйлестiру қажет.
Аумақтың бетiн жасанды жолмен көтеру
3.7. Аумақтың бетiн: су басқан, уақытша су басатын және су астында қалған аумақтарды құрылыс жүргiзу мақсатында үшiн игеру үшiн; - жердi ауыл шаруашылығы өндiрiсi мақсатында пайдалану үшiн; - бөгендердiң және басқа да су объектiлерiнiң жағалауындағы жолақты абаттандыру үшiн төсем төсеп көтеру қажет. 3.8. Аумақтың бетiн жасанды жолмен көтеру нұсқасын қорғалатын аумақтың келесi сипаттамаларын: - геологиялық топырақ жамылғысы, климаттық белдемдiк және антропогендiк; - нақты жоспарлау, әлеуметтiк, экологиялық және басқа да құрылыс жүргiзiлетiн аумаққа қойылатын талаптарды сараптаудың негiзiнде таңдау қажет. 3.9. Аумақтың топырақ төсеп тiк жоспарлау жобасын аумақтағы құрылыстың тығыздығын, бұрын көзделген жоспарлау жұмыстарының орындалу дәрежесiн, қорғау имараттарының дәрежесiн, ыза суы деңгейiнiң көтерiлуiнiң болжамдық шамасын, қорғалатын аумақта орналасқан өзендер мен су қоймаларының гидрогеологиялық тәртібiнiң өзгерiсiн есепке ала отырып әзiрлеу қажет. 3.10. Аумақтың беткi жамылғысын су басудан қорғау мақсатында жасанды жолмен көтерудi жобалау кезiнде, есептiк су деңгейi ретiнде, осы норманың 2.6.-тармағында көзделген талаптарға сәйкес өзендер, су қоймалары немесе бөгендердегi су деңгейiнiң белгiсiн қабылдау керек. 3.11. Cу басудан аумақты төсем төсеп қорғау кезiнде, аумақтың жағалық құламасының қабағының белгiсiн осы норманың 2.5.-тармағының талаптарына сәйкес анықтау керек және есептiк толқын биiктiгi мен толқын өрлеуiн есепке ала отырып, су объектiсiнiң есептiк су деңгейiнен 0,5 м-ден төмен емес аралықта жоғары тұратындай етiп қабылдау қажет. Су басудан қорғау кезiнде, аумақтың төсем төселген бетiнiң белгiсi, болжанған ыза топырақ суы деңгейiн есепке ала отырып, құрғату нормасының шамасымен анықталады. Төсем төселген аумақтың жағалық құламасын жобалауды, көлiктiк имараттарға қойылатын ҚНжЕ 2.06.05-84*-тің талаптарына сәйкес жүзеге асыру қажет. 3.12. Қорғалатын аумақтан беткi ағындыны су қоймаларына, ағын суларға, жыраларға, жалпы қалалық канализацияларға немесе нөсерлiк жүйелерге бұрып әкетудi, осы норманың 3.13.-3.15.-тармақтарының талаптарын және экологиялық талаптарды есепке ала отырып бұру арқылы жүзеге асыру қажет. 3.13. Аумақтың бетiн жасанды жолмен көтерудi жүзеге асыру кезiнде жер асты суларының табиғи кәрiзделу жағдайын қамтамасыз ету қажет. Төсем төселетiн немесе сумен шайып үйiлетiн жыралар мен сайлардың тальвектерiнiң бойымен құрғату жүргiзу керек, ал тұрақты ағын суларды iлеспе кәрiздi коллекторларға енгiзу қажет. 3.14. Жасанды төселiмдердi құрғатудың қажеттiлiгi, iргелес жатқан аумақтың гидрологиялық жағдайларымен және негiз бен төселiм топырақтарының сүзiлу қасиеттерiмен анықталады. Уақытша ағын суларға, су қоймаларына және жер асты суын босату орындарына төсем төсеу кезiнде, төсенiштiң сүзу қабатының немесе қатпарлы кәрiздiң негiзiне орналастырылатын құрылым қарастырылуы қажет. 3.15. Аумақтың бетiн жасанды жолмен топырақ төсеу немесе сумен үю арқылы көтеру жұмысының технологиясын таңдау кезiнде, су баспайтын байырғы жағалаудың бөлiктерiнен немесе жайылмадан су басатын бөлiктерге топырақ массаларының орын ауыстыруын ескеру қажет. Топырақ жетiмсiз болған жағдайда, кеме қатынасы мақсатында тереңдетiлетiн өзен арналарының, өзен тармақтарының ескi арналарын тазалау және қалпына келтiру және қорғалатын немесе оған таяу орналасқан басқа да су қоймаларында жүргiзiлген пайдалы қазындыларды пайдалану керек.
Қорғалатын аумақтың беткi суын реттеу немесе бұру
3.16. Қала аумағы және өнеркәсiптiк алаңшалардың беткi суын реттеу және бұру үшiн қолданылатын имараттарды қалалар, кенттер және басқа да елдi мекендер құрылысы мен жоспарына, аумақты инженерлiк даярлаудың талаптарына сәйкес жасау қажет. Дюкерлердi, ағытқыштарды, нөсер суын бұрушылар мен сутүсiргiлердi, тұндырғыштарды, сорғы станцияларын басқа да имараттарды, канализациялық сыртқы тораптар мен имараттардың талаптарына сәйкес жасау керек, ҚНжЕ 2.04.03-85. Өнеркәсiп және азаматтық құрылыс аумақтарында жабық типтi жаңбыр суы канализациясының болуын қарастыру қажет. Ашық су әкетушi құрылғыларды (арықша, науа, кювет) 1-2 қабатты құрылыс аудандарында, саябақ пен көшелер, жолдар мен жаяу-жодар қиылыстарында орналасқан көпiр немесе құбырлары бар демалыс аймақтарында - авто және темiржолдарды жобалау нормаларының талаптарына сәйкес қолдануға рұқсат етiледi, ҚР ҚНжЕ 3.03-09-2003, ҚНжЕ 3.03.01-85. 3.17. Ағындыреттеушi және арнареттеушi имараттар мен реттелмеген орта және кiшi өзендерге iргелес жатқан ауыл шаруашылығы аумақтарын су басу және су астында қалуының алдын алу, сондай-ақ ашық және жер асты әдiсiмен пайдалы қазба тау кенiн өндiру орындарын және мыналар сияқты экономиканың жекелеген объектiлерiн автожолдардың астындағы жер асты жолдарын, кеме қатынасы имараттарының кiре берiс жерлерiн және т.б. қорғау шараларын келесi жағдайларда: - аумақты су басу кезеңi мен ауқымына қарай; - табиғи факторларға - су басу және су мүжілуіне байланысты; - қорғалатын объектiлер орналасқан жерлердi судың басуы мен су астында қалу процесiн күшейтетiн техногендiк факторларға байланысты қолдану қажет. 3.18. Қорғалатын ауыл шаруашылығы жерлерiнiң беткi суларын реттеу және бұрып әкету кезiнде, осы норманың талаптарымен қатар, мелиоративтiк жүйелерге қойылатын талаптарды да орындау керек. Топырақ жамылғысының табиғи су мүжілуін есепке алуды жауын-шашын, булану нормасы, беттiң еңiстiгiне, табиғи кәрiздiлiгiне байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл жағдайда: - ылғалды аймақтарда – нөсер және ерiген қар суынан болатын су тасу мен су басудан қорғауды, артық беткi суларды бұру, ыза суының деңгейi жоғары тұрған жағдайда төмендету, артық ылғалдандырылған жерлердiң батпағын құрғату жолдары арқылы жүзеге асыруды; - құрғақ және жартылай қуаң аймақтарда – жазықтық және нөсерлiк су мүжілуінен қорғауды, беткейлерде кесе-көлденең жыртылған жерлердi өңдеу, беткейлерге шым төсеу, жыра түзiлу аймақтарында екпе ағаш бұталарын отырғызу, ауыспалы егiс бөлiктерi шекаралары бойымен орман жолақтарын отырғызу, кең көлемде терең бойлай қопсытылған су ұстау құралын жасау жолдарымен қамтамасыз ету керек. 3.19. Қорғалатын аумақтарда ағындыреттеушi имараттар гидрографиялық желiге немесе суқабылдағыштарға беткi ағындыны бұрып әкетудi қамтамасыз етуi тиiс. Беткi суларды үлестiру және бұрып әкетудi жалдап үйiп қоршау мен таулы каналдарды қатар қолдану арқылы жүзеге асыру қажет.
Ескерту: Пайдалы қазба кен орындары аумағын қорғау кезiнде, ағындыреттеушi имараттардың жобасын тау кен орындарын жер асты және жер бетi суларынан қорғауға қойылатын талаптармен үйлестiру қажет, ҚНжЕ 2.06.14.
3.20. Қорғалатын аумақтардың ағын суларының бойына орналасқан ағындыреттеушi имараттар, көктемгi су тасу кезiнде аумақтың су астында қалмауын, өзен арнасының есептiк суландырылуын қамтамасыз ететiн және су жайылатын жайылма ауданының құрғап кетуiн болдырмайтын, есептiк су деңгейiне сәйкес келетiн су шығынына есептеледi. Сонымен қатар, бұл имараттар қазiргi бар каналдардың су алу жағдайын бұзбауға тиiс, сондай-ақ ағынның қатты ағындысын өзгертпеуге, мұз өткiзу тәртібiн бұзбауға тиiстi.
Аумақты су басудан қорғау
3.21. Су басқан аумақтардағы қорғау имараттарының құрамын, су басу сипатына (тұрақты, маусымдық, эпизодтық) және су басудан болатын зиянның шамасына қарай белгiленедi. Қорғау имараттары осы норманың 1.2-1.10-тармақтарының және А қосымшасының талаптарына сәйкес су басудың негiзгi себептерiн жоюға бағытталуы тиiс. 3.22. Кәрiздiк имараттар жүйесiн таңдау кезiнде, құрғатуды қажет ететiн аумақтың пішіні мен өлшемi, геологиялық құрылымы, топырақтық сулардың қозғалыс сипаты, сутұтқыш қат-қабаттардың сүзу қасиеттерi мен сиымдылық сипаттамалары, жер асты суларының қоректену және босау жағдайларын есепке ала отырып, сутұтқыш қабаттардың таралу аймағы айқындалуы тиiс және топырақтық сулар теңдестiгiн құраушылардың сандық шамалары анықталып, қорғау шараларын жүргiзген жағдайда топырақтық сулардың деңгейiнiң көтерiлуi мен төмендеуiнiң болжамы жасалуы тиiс. Су теңдестiк, сүзулiк, гидродинамикалық және гидравликалық есептеулердiң, сондай-ақ нұсқаларды техникалық-экономикалық салыстырудың негiзiнде, аумақты құрғату жүйесiн түпкiлiктi таңдауды жүзеге асыру қажет. Сонымен, таңдап алынған су басудан қорғау шаралары, құрылыс салынған аумақта немесе соған iргелес жатқан аумақтарда осы норманың 1.9, 1.10-тармақтарында қарастырылған зардаптарға соқтырмауы тиiс. 3.23. Кәрiздiк жүйелердi есептеу кезiнде, осы норманың 1.7-1.10-тармақтарының талаптарын бұзбай сақтау керек және осы норманың 2-бөлiмiнiң талаптарына сәйкес қорғалатын аумақта ыза суларының нормативтi төмендеуiн қамтамасыз ететiн, кәрiздiк жүйенiң тиiмдi орналасуы мен жатыс тереңдiгiн анықтау қажет. Су басудан қорғалатын аумақтарда, аумақтың топографиялық және геологиялық жағдайына, құрылыстың сипаты мен тығыздығына байланысты, табиғи немесе жасанды ағындыларға су айрық тарапынан келетiн жер асты суларының қозғалысының жағдайларына қарай, 5-бөлiмнiң талаптарына сәйкес бiр-, екi-, көпсызықты, нобайлық және күрделi кәрiз жүйесiн қолдану қажет. 3.24. Жер бетiнде және жер астында орналасқан су сидырғыш ыдыстар мен имараттардан (резервуарлар, тұндырғыштар, қойыртпақ сақтау қоймалары, сыртқы желi суқұбыры жүйелерiнiң ағынды жинақтаушылары, канализациялар және т.б.) ағып ысырап болып жерге сiңген суларды нобайлық кәрiздеудiң көмегiмен тұту қажет. Сүзiлген сулардың су өткiзушi имараттарға бөлiнген аумақтан тыс жерлерге таралуының алдын алуға кәрiздiк жүйелердiң құрылымын қолдану арқылы ғана емес, сүзiлуге қарсы ҚНжЕ 2.02.01-ге сәйкес жобаланған қалқандар мен перделердiң көмегiмен де қол жеткiзуге болады.
Ескертулер: 1. Жер асты имараттарын су басудан қорғауды (үйасты қабаттарын, жер асты жолдарын, төннелдердi және т.б.) қорғаушы гидрооқшаулағыш жабындылар немесе қабырғаға жапсарлас және қатпарлы кәрiздердiң сүзушi призмаларының көмегiмен жүзеге асыру қажет. 2. Жер асты және жер үстiндегi жайларда ауаның ылғалдылығының қолайлы болуын ерекше қажет ететiн ғимараттар мен имараттарды (элеваторлар, мұражайлар, кiтап қоймалары, және т.б.) қорғауды желдеткiш кәрiздер құрылымымен, имараттың жер асты бөлiгiн арнайы оқшаулағыш жабындылармен қамтамасыз ету, сонымен қатар үй асты қабаты бөлмелерінде ылғалдың буға айналуының зардаптарын жоюды қамтамасыз ететiн фитомелиорация шараларын жүргiзу арқылы iске асыру керек.
3.25. Қазiргi бар су басудан қорғау имараттарын қайта қалпына келтiру және нығайту кезiнде, қолда бар кәрiздiк құрылымдармен қол жеткiзiлетiн құрғату нәтижелерiн есепке алу қажет.
Құрылыс салынып жатқан аумақты су басудан қорғау және болжауға қажеттi бастапқы деректер
3.26. Қала аумағындағы және өнеркәсiп алаңшаларындағы қорғау кәрiздерiн жобалау, су басу процесiнiң қалыптасуы кезiнде болуы мүмкiн қолайсыз техногендiк зардаптарды (соның iшiнде ыза сулары мен топырақтың бұзғыштық ықпалы) негiзге ала отырып, ыза суларының деңгейiн қажеттi тереңдiкте ұстау мақсатында жүзеге асырылады. Сонымен бiрге, осы топырақтарға тән капиллярлық көтерiлу биiктiгiн тиімдісін есепке алу керек. Құрылыстың түрiне қарай, құрғату нормасына қойылатын талаптарды тапсырыс берушi зерттеудiң «техникалық тапсырмасында» рәсiмдеуi тиiс. Елдер қоныстанған аймақ үшiн, құрғату нормасы hқ 2,0 м. Қалаларда құрғату нормасын таңдау кезiнде, жасыл желек екпе ағаштар мен бұталардың өсуiне жағдай жасайтын талаптарды ескеру қажет. 3.26.1. Құрғатқыштың жатыс тереңдiгiн таңдау кезiнде: - негiзгi су қабылдағыштарға қатысты жер бөлiгiнiң орналасуын; - аумақтың геологиялық құрылымын және анағұрлым су өткiзгiш қабаттардың тереңдiгiн; - кәрiздiң алдын-ала қарастырылған жату тереңдiгiнiң физикалық механикалық қасиеттерi, - құрылыс жүргiзiледi деп шешiлген кезеңдегi ыза суларының жату тереңдiгiн есепке алу қажет. 3.26.2. Көлденең кәрiздiң жатыс тереңдiгi екi шаманың - беткi топырақтық сулардың төмендеу тереңдiгi және кәрiзаралық су деңгейiнiң кәрiздегi су деңгейжиегінен жоғары болуының есептiк шамасының қосындысы ретiнде анықталады. Кәрiзаралық тегеуiрiннiң шамасы, кәрiзге келетiн ағынның қарқындылығын сипаттайды және сiңiрiлу күшейтiлген кезеңде артық су қорын жинақтайтын, топырақтың еркiн сыйдырымдылығының дәрежесiн анықтайды. Тегеуiрiннiң шамасы кәрiзаралық қашықтыққа едәуiр әсерiн тигiзедi және оның есептiк мәнi нұсқаларды техникалық экономикалық тұрғыдан салыстырудың негiзiнде негiзделедi. Iс жүзiнде тегеуiрiннiң шамасы 0,5-1,0 м шегiнде қабылданады. 3.26.3. Кәрiздер, қорғалатын аумақта орналасуына қарай және ыза суларының қоректену аймақтары мен ағындысына қатысты келесi түрлерге бөлiнедi: жүйелi, iргелiк, iлестiрiп әкетушi (жағалық), қабаттық. 3.26.4. Кәрiздiң гидравликалық есептерi кәрiзге келетiн су ағынының шамасын, ыза сулары деңгейiнiң орнын және кәрiзаралық қашықтықты анықтаудан тұрады. Ыза суларының инфилтрациялық қоректену көзi кәрiзаралық қашықтықты анықтаушы негiзгi фактор болып табылады. Инфилтрациялық қоректену шамасы жергiлiктi жерде тiкелей өлшеудiң, қарастырылып отырған аумақтың су теңдестiк теңдеуiнiң негiзiнде анықталады немесе ұқсастық бойынша қабылданады. 3.27. Алдын алу шараларын жобалауды негiздеу үшiн, аумақты әлеуеттi су басу сипаттамасына бағалау жүргiзiледi. Әлеуеттi су басуды бағалау үшiн, қолда келесi бастапқы деректер болуы қажет: құрылыс салынған және салынбаған аумақ.
Табиғат қорғау мақсатында санитарлық-гигиеналық және паразиттерге қарсы қойылатын талаптар
3.28. Аумақты инженерлiк қорғау жобасында: - қорғау бөгетшелерi мен жағалық бекiтушiлер арқылы ағын суларды ығыстырудан туындайтын арнаның, жағалаудың, сонымен қатар қорғау имараттары мен жапсарлас жағалаудың нығайтылмаған жер бөлiктерiнiң қауiптi шайылуының алдын алу; - қорғалатын аумақта қалдырылған су қоймаларының төңiрегiнде жасыл желек екпе ағаштары мен бұталарды және шалғындық өсiмдiктер мен орман екпе ағаштарын сақтап қалуды; - қорғалатын аумақта су калпы бұзылуымен күресу бойынша кешендi агротехникалық, шалғын-орман мелиорациясы және гидротехникалық шараларды жүзеге асыруды; - елдiмекен, өнеркәсiп объектiлерi, мелиоративтiк жер бөлiктерi аумақтарының қорғалатын бөлiктерiн абаттандыруды; - топырақ қабатының, су қоймаларының, қорғалатын ауыл шаруашылығы жерлерiнiң және тынысжай мақсатында пайдаланылатын аумақтардың жұқпалы ауру қоздырғыштар, өнеркәсiп өндiрiсiнiң қалдықтары, мұнай өнiмдерi және улыхимикаттармен ластануының алдын алуды; - қорғалатын аумақтың шекарасында жануарлардың жылыстауының табиғи жағдайларын сақтауды; - жайылмада орналасқан көлдердi, ескi арналарды және бөгендердiң саяз суын құрғатудың нәтижесiнде жойылған уылдырықтамалардың орнына жаңа балық өндiргiштер салу немесе ескiсiн сақтап қалуды; - инженерлiк қорғау объектiлерiнде балықтардың қырылуы мен зақымдануының алдын алуды; - қорғалатын аумақтарда қорғалатын жануарлардың табиғи мекен ету жағдайын сақтап қалуды, - қорғалатын аумақтағы суда жүретiн жыл құстарының жылысу кезiнде пайдаланылатын сулы-батпақты жерлердiң тәртібiн сақтап қалуды қарастыру қажет. 3.29. Инженерлiк қорғау жүйелерiн, әрбiр табиғи аумақтың табиғат қорғау, санитарлық гигиеналық және паразиттерге қарсы талаптарының, сондай-ақ берiлген аумақтағы табиғат қорғаудың кешендi нобайының ерекшелiктерiн ескере отырып жобалау қажет. 3.30. Инженерлiк қорғау имараттары мен құрылыс базаларын орналастыру кезiнде, ауыл шаруашылығына жарамсыз болмаса сапасы төмен ауыл шаруашылығы жерлерiн таңдау керек. Мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде имарат тұрғызу үшiн орман ағаштарынан таза ашық алаңдарды немесе құндылығы аз екпе ағаштары мен бұталар алып жатқан алаңдарды таңдау керек. Қорықтардың табиғи кешенi мен ерекше ғылыми және мәдени құндылығы бар табиғи жүйелердi, соның iшiнде қорық маңындағы қорғау аймақтарының шегiндегi табиғи жүйелердi бұзуға жол берiлмейдi. 3.31. Ауыл шаруашылығы жерлерiнде және құрылыс салынған аумақтарда инженерлiк қорғау обьектiлерiн тұрғызу кезiнде, табиғи жүйелердiң қызметiне оң әсерiн тигiзетiн биогеохимиялық айналым процестерi бұзылмау керек. 3.32. Санитарлық сауықтыру шараларын, елдi мекендер өрiстiлiгiнiң дамуын ескере отырып, жобалау қажет. елдi мекендер маңында саяз су аймақтарының, сондай-ақ уақытша су басу мен қатты су басу аймақтарының түзiлуiне жол бермеу керек. Әрбiр нақты жағдайда су қоймалары мен тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар арасының қашықтығы санитарлық эпидемиологиялық қызмет органдарымен белгiленуi тиiс. 3.33. Барлық инженерлiк қорғау жобаларының құрамына, су басу және су астында қалу нәтижесiнде туындайтын геодинамикалық, гидрологиялық, гидрохимиялық, геотермикалық, биологиялық табиғи процестердiң дамуын болжауға, сонымен қатар паразитологиялық жағдайдың өзгеруiн болжауға негiзделген қоршаған табиғи ортаға тигiзетiн техногендiк әсердiң болуы мүмкiн салдарын бағалаудың нәтижесi енуi тиiс. 3.34. Қорғау имараттарын құру кезiнде құрылыс материалдары ретiнде, қоршаған ортаны ластандырмайтын өндiрiс топырақтары мен қалдықтарын пайдалануға рұқсат етiледi. Бөгетшелердiң биiктiгiн өсiру мақсатында қорғау имараттарының тұстамасынан төменгi жақта топырақ қазуға жол берiлмейдi. Ағынды су және су қоймаларының су қорғау аймақтарында беткейлерден топырақ алуға, жергiлiктi материалдар карьерiн жасауға рұқсат етiлмейдi. 3.35. Қорғалатын аумақта, шаруашылық-ауыз су көздерi бар болған жағдайда, су қорғау шараларын жүргiзу мақсатында, қорғау имараттарының құрылысынан кейiн, судың сапасында болатын өзгерiстерге болжау жасау керек. 3.36. Инженерлiк қорғау объектiлерi құрылысы жобаларында, қорғалатын елдi мекендерде қолданылып жүрген гигиеналық талаптарды ескере отырып, орталықтандырылған сумен жабдықтау және канализация қарастырылуы керек. 3.37. Қорғалатын аумақта орналасқан шаруашылық-ауыз су мақсатында пайдаланылатын су көздерiнiң маңында сумен жабдықтау көздерiн және шаруашылық-ауыз су мақсаттағы су құбырларын санитарлық қорғау аймақтарын жобалау мен пайдаланудың талаптарын қанағаттандыратын санитарлық қорғау аймақтарын құру қажет. 3.38. Инженерлiк қорғау имараттарының (тау каналдары, үйме жал бөгетшелер және т.б.) жануарлардың жылысу жолдарымен қиылысатын жерлерiнде: - имараттарды жануарлардың жылысу жолдарының шекарасынан тыс жерлерге шығару; - жануарлардың кедергiсiз өтуiн қамтамасыз ететiн жер имараттарының бойынан тапталып нығыздалған бекiткiшi жоқ құламалар жасау; - ағысының жылдамдығы жануарлардың өтуiне кауiп туғызатын каналдар бөлiктерiн құбырларға алмастыру қажет. 3.39. Инженерлiк қорғау объектiлерiн жасау кезiнде, бұзылған аумақтарды қайта қалпына келтiру мен абаттандыруды қолданылып жүрген МСТ 17.5.3.04 және МСТ 17.5.3.05 талаптарын ескере отырып жасау қажет.
Тынысжайлық талаптар
3.40. Өзендер мен бөгендердiң су басатын және су басқан жағалаулық қорғалатын аумақтарын тынысжайлық мақсатында пайдалануды, табиғат пайдаланудың басқа да түрлерiмен және өзендерде су шаруашылығы кешендерiн жасаумен теңдей қарастыру қажет. Аумақты су басу мен су астында қалудан инженерлiк қорғауды жүзеге асыру кезiнде, қорғалатын аумақтың және iргелес су айдынының тынысжайлық әлеуетiн төмендетуге жол берiлмейдi. Қорғалатын аумақта орналасқан, тынысжайлық мақсатта пайдаланылатын су қоймалары саябақтың жасыл желек екпе ағаштарымен үйлесiп, республикалық стандарттар және беткi суларды ағын сулармен ластанудан қорғау ережелерiнiң талаптарын қанағаттандыруы тиiс, МСТ 17.1.5.02. 3.41. Батпақтандырылған және су басқан аумақтардың зардаптарын жою кезiнде, магистралдық каналдар трассасының бойында елдi мекендердiң маңына МСТ 17.1.5.02-ге сәйкес тынысжайлық су қоймаларын жасауға рұқсат етiледi.
4. ИНЖЕНЕРЛІК ІЗДЕНІС ДЕРЕКТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ҚОСЫМША ТАЛАПТАР
4.1. Инженерлiк iзденiстерге қойылатын қосымша талаптардың iшiнде, қазiргi бар және салынып жатқан бөгеттердiң жағалаулық аумақтарын, сонымен қатар инженерлiк тұрғыдан игерiлген және игерiлетiн аумақтарды судың басуы мен судың астында қалуынан туындайтын жағдайлар есепке алынуы тиiс. 4.2. Зерттеу деректерi төмендегi мүмкiндiктердi: а) қорғалатын аумақтың табиғи жағдайын бағалауды; б) техногендiк факторларды, соның iшiнде: - қауiптi гидрологиялық процестердiң даму және таралу мүмкiндiгiн; - аумақты су басуын бағалауды; - аумақты су басуының ауқымын бағалауды; - су басудан және су астында қалудан аумақты инженерлiк қорғаудың тәсiлдерiн таңдауды; - инженерлiк қорғау имараттарының есебiн; - аумақтың су теңдестiгiн, сонымен қатар беткi және жер асты суларының деңгейлiк, химиялық және температуралық тәртіпдерiн (тұстамаларда, теңдестiк және тәжiрибе бөлiмшелерiнде тәртіптiк бақылау жүргiзудiң негiзiнде) бағалауды; аумақтың табиғи және жасанды кәрiздiлiгiн бағалауды есепке ала отырып, қорғалатын аумақтың инженерлiк геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық жағдайлардың өзгеруiн болжауды; в) аумақты пайдалану ретiне қарай аймақтандыру бойынша ұсыныстар әзiрлеудi қамтамасыз етуi керек. 4.3. Инженерлiк iзденiс деректерi су басу және су астында қалу құбылыстарымен қатар жүретiн қауiптi геологиялық процестердi: сырғыманы, жағалаулар мен оқпаның бұзылуын, сары топырақтың шөгуiн, суффозия және т.б. қамтуы керек. Инженерлiк iзденiс деректерi жер асты суларының және экзогендiк геологиялық процестердiң тәртібiн көпжылдық бақылаудың нәтижелерiмен, сонымен қатар гидрологиялық және гидрогеологиялық есептеулермен толықтырылуы керек. 4.4. Жобалауға арналған кескiндiк құжаттардың масштабын 3-кесте бойынша, жобалау сатысын есепке ала отырып анықтау қажет.
3-кесте
Сонымен, 3-кестенiң кескiндiк материалдары: - қазiргi бар имараттардың, жолдардың коммуникациялардың қазiргi жай-күйi, олардан табылған ақаулар жөнiнде сенiмдi мәлiметтер бойынша бағалау; - аумақтың шаруашылық және экологиялық маңызы мен келешекте пайдаланылуын бағалау; - қазiргi қолданылып жүрген және бұрынырақ орындалған шаралар мен инженерлiк қорғау имараттары, олардың жай-күйi, оларды дамытудың, қайта қалпына келтiрудiң қажеттiлiгi мен мүмкiндiгi жөнiндегi мәлiметтермен және т.с.с. деректермен толықтырылуы тиiс. 4.5. Жұмысшы құжаттармен жекелеген объектiлердi (өнеркәсiптiк кәсiпорындардың, коммуналды тұрғын үй имараттарының, түрлi мақсаттағы жеке ғимараттар мен имараттар және т.с.с.) инженерлiк қорғаудың бiр сатылы жобасын әзiрлеу кезiнде қорғалатын аумақтың кейiннен өнеркәсiптiк, қала және кент құрылысы, ауыл шаруашылығы жерлерiн игеру, ауыл шаруашылығы немесе желi бойы құрылысы және т.б. мақсатта пайдаланылуына қарай, инженерлiк зерттеулерге қойылатын талаптарды есепке алу қажет. 4.6. Жобалаудың түрлi сатысы үшiн ауыл шаруашылығы жерлерiн инженерлiк қорғау жобаларын әзiрлеу кезiнде, iзденiс материалдарының құрамы осы норманың Е қосымшасының талаптарына сәйкес болуы тиiс.
5. ҚОРҒАУ ИМАРАТТАРЫ
Үйме жал бөгетшелер
5.1. Аумақты су басудан қорғау үшiн, үйме жал бөгетшелердiң: су баспайтын және су басатын екi түрi қолданылады. Су баспайтын бөгетшелердi бөгендерге, өзендерге және басқа да су объектiлерiне iргелес қала және өнеркәсiптiк аумақтарды су басудан тұрақты қорғау үшiн қолдану қажет. Су басатын бөгетшелердi ауыл шаруашылығы жерлерiнде ауыл шаруашылығы мәдени өсiмдiктерiн өсiру, бөгендерде ҚТД ұстап тұру кездерiнде, арнаның және өзен жағалауының қалыптасуы мен тұрақтануы және су ағындары мен беткi ағындыны реттеу, үлестiру мақсатында уақытша қорғау үшiн қолдануға рұқсат етiледi. 5.2. Ирелеңi бар өзендерде, аумақты су басудан инженерлiк қорғаудың құралы ретiнде келесi арна реттеушi имараттар: - ағыс бойымен немесе ағысқа қандай да бiр бұрышпен орналасқан және өзен суы ағынының енiн шектеушi бойлық бөгетшелер; - көпiрдiң, бөгеттердiң, су қабылдағыштардың қуыстарына және басқа да гидротехникалық имараттарға ағынның бiр қалыпты келуiн қамтамасыз ететiн бойлық, түзусызықты және қисықсызықты ағынша бағыттаушы бөгетшелер; - арнаны бiр жағадан екiншi жағаға дейiн жауып тастайтын, өзен тармақтары мен салаларының ағындыларына толығымен немесе жарым-жартылай тосқауыл жасауға арналған су басатын бөгеулер; - ағыс түзетудi және кеме қатынасына қажеттi тереңдiктi қалыптастыруды қамтамасыз ететiн, көлденең қимадағы арна түзетушi имараттар – жартылай бөгеулер; - жағалауды шайылудан қорғауды қамтамасыз ететiн, ағысқа қандай да бiр бұрышпен бекiтiлген шпораларды (қысқа су баспайтын жартылай бөгеулер); - жағалауды шайылудан және ағыс пен толқындардың әсерiнен бұзылудан қорғайтын жағалық және бөгетше бекiтушiлер; - жағада ағыстың жылдамдығын баяулату және арнаның енi бойынша су шығынын қайта үлестiру арқылы арнаны реттеу үшiн тұрғызылған тесiк имараттар қарастырылуы тиiс. 5.3. Бөгетшенiң ағын су бойымен немесе бөгеннiң жер бетiмен жанасу аймағы бойындағы ұзындығы едәуiр болса, онда бөгетше қырының белгiсiн ағыстың бағытына қарай есептiк деңгейге сәйкес, еркiн су бетiнiң бойлық еңiстiгiне сәйкес төмендету керек. Құрылымдық ерекшелiктерiне қарай екi түрлi: сығылған шағын және ұзына бойы жайылма кескiндi топырақ бөгендер қолданылады. 5.4. Қоршаушы бөгетшелердiң түрiн таңдауды ауданның табиғи, топографиялық, инженерлiк-геологиялық, гидрологиялық, климаттық, сейсмикалық жағдайларын, сонымен қатар, жергiлiктi құрылыс материалдарының, жабдықтардың қолда бар болуын, өндiрiс жұмысын ұйымдастырудың сұлбасын, құрылыс кезеңi мен пайдалану жағдайын, ауданның даму өрiстiлiгiн, осы норманың 3.28-3.39-тармақтарындағы табиғат қорғау талаптарын ескере отырып жүзеге асыру керек. Қоршаушы бөгетшелердiң түрiн таңдау кезiнде, осы мақсатта пайдалануға жарамды болған жағдайда, жергiлiктi құрылыс материалдарын және қазындылардан шыққан топырақтар мен өндiрiс қалдықтарын пайдалану көзделуi тиiс жалдап үюдің бөгетшелерін жобалауды ҚНжЕ 2.06.05-тің талаптарына сәйкес жүргізу керек. Топырақ материалынан жасалған бөгетшелердi, негiзi тассыз тегеуiрiндi шептiң тұйық бөлiктерiне тұрғызу көзделуi керек. Негiзi тассыз жер бөлiктерiнде бетонды және темiрбетонды бөгеттердi тек қана су қашыртқы имараттар ретiнде тұрғызу қажет. Бөгетшелер трассасы сырғыма немесе пәрмендi сырғыма жер бөлiктерiнен өткен болса, онда қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес сырғымаға қарсы тиiстi шараларды әзiрлеу керек. 5.5. Бөгетшенiң трассасын, құрылыстың топографиялық және инженерлiк-геологиялық жағдайына, ағын судың гидрологиялық тәртібiнің мейiлiнше аз өзгерілуі және жалдап үйiлген аумақтың барынша толығымен пайдаланылуы ескеріле отырып, экономикалық объектiлер үшiн аумақтың осы бөлiгiнiң маңызына байланысты осы норманың 3.2. және 3.3.-тармақтарының талаптарын есепке ала отырып таңдау керек. Ағынды, қапталдан уақытша құйылған жағдайда, су қоймасы немесе ағынсу су кемерiнiң бойымен үзiксiз бөгетше трассасын тартқан орынды. Ағынды, қапталдан тұрақты құйылған жағдайда, жалдап үю, ереже бойынша, сала аралығы бөлiктерiнде жүргiзiледi және негiзгi ағын су мен оның салаларының жағаларындағы үйме жал бөгетшелердi қамтиды. Ағынды асып құйылатын бөгетшелермен жалдап үйген жағдайда, барлық қорғау имараттары су тасу кезiнде су басуға жол беруi тиiс. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердi қорғау үшiн, бөгетшелер трассасын тарту кезiнде, мелиоративтiк шараларды ескеру қажет. Қала шетiнде үйме жал бөгетшелердiң трассасын жүргiзудi, қорғалатын аумақтың құрылыс салуға пайдаланылуын есепке ала отырып жүргiзу қажет. 5.6. Су қоймасының немесе ағын судың ең жоғары су деңгейiнiң есептiк су деңгейiнен жоғары болуын: - гидротехникалық имараттарды жобалаудың талаптарына сәйкес — су баспайтын бөгетшелер үшiн; - мелиоративтiк жүйелер имараттарын жобалаудың талаптарына сәйкес, су асып құйылатын бөгетшелер үшiн қабылдау керек. 5.7. Инженерлiк қорғау жобаларын әзiрлеу кезiнде, автожолдар мен темiржолдарды тарту үшiн, үйме жал бөгетшелердiң қырларын пайдалануды қарастыру қажет. Бұл жағдайда бөгетшенiң қыры бойынша енi мен қисықтың радиусын автожолдар мен темiржолдарға қойылатын талаптарға сәйкес қабылдау керек. Басқа жағдайлардың барлығында, бөгетше қырының енiн өндiрiс жұмысының жағдайына және пайдаланудың ыңғайлы болуына қарай мейiлiнше төмен етіп белгiлеу қажет. 5.8. Бөгетшенiң кескiнi (жайылған немесе сығылған) қолда жергiлiктi материалдардың бар болуына, өндiрiс жұмысының технологиясына қарай, жоғарғы құламада желдiк толқыту жағдайын, төменгi құламада сүзiлген ағындының сыртқа шығуын есепке ала отырып таңдалады.
Ескерту: Құламаларының биологиялық бекiтушiсi бар, жайылма кескiндi бөгетшелердiң басқа бөгетшелерге қарағанда артықшылығы басымырақ болып табылады.
5.9. Топырақтан жасалған бөгетшелердiң бетонды имараттармен жапсарлас құрылғылары: - су өткiзушi имараттарға жоғары бъеф тарапынан судың бiрқалыпты келуiн және бөгетше денесi мен негiзiнiң және ағын су түбiнiң шайылуын болдырмай төменгi бъефтен ағынның бiрқалыпты ағып кетуiн; - жанасу аймағында бетонды имараттармен түйiскен нүктелерден сүзiлудiң болмауын қамтамасыз етуi тиiс; - I-III дәрежелi бөгетшелердiң жапсарлас құрылғылары зертханалық гидравликалық зерттеулермен негiзделуi қажет. 5.10. Топырақтан жасалған тегеуiрiндi бөгетшелердiң есебiн топырақ материалдарынан жасалған бөгеттерге қойылатын талаптарға сәйкес орындау керек.
Таулық каналдар
5.11. Гидравликалық есептер арқылы, ағынның есептiк жылдамдығы мүмкін шайғыш жылдамдықтан төмен, ал каналға судың толып кетуiн туғызатын қандай да бiр жылдамдықтың мәнiнен жоғары болатын таулық каналдардың көлденең қимасының параметрлерiн анықтау қажет. Каналдар үшiн кедiр-бұдырлық коэффициентiнiң мәнiн мелиоративтiк жүйелердiң имараттарын жобалаудың талаптарына сәйкес қабылдау қажет. Сонымен есептiк гидрологиялық сипаттамаларды “Есептiк гидрологиялық сипаттамаларды анықтау” ҚНжЕ 2.01.14-ке сәйкес анықтау керек. 5.12. Пайдалануға берiлетiн таулық каналдардың құламаларының негiзiн салуды, гидрогеологиялық және геологиялық жағдайлары ұқсас аумақта орналасқан қазiргi бар каналдар құламаларының тұрақтылығын сипаттайтын деректердiң негiзiнде қабылдау керек; ұқсастық нұсқасы болмаған жағдайда, қазындысының тереңдiгi 5 м-ден артық каналдардың құламасын гидротехникалық есептердiң негiзiнде қабылдау кажет. 5.13. Есептiк су шығынын өткiзу үшiн, таулық каналдардың көлденең қимасының пiшiнiн қорғалатын аумақта салынған құрылыстың тығыздығы мен гидрологиялық тәртібiн есепке ала отырып қабылдау керек. Түбi мен құламаларының бекiтушiсi жоқ каналдардың еңiстiгi, жылдамдығы 0,3-0,5 м/с артық емес ең төменгi су шығынының өтуiн қамтамасыз етуi тиiс. Төсенiштерi жоқ болған жағдайда, каналдардың ең үлкен мүмкін бойлық еңiстiктерiн 0,0005-0,005-ке тең етiп қабылдау керек. Каналдың қисықтық радиусының ең төменгi шамасы есептiк су шығынына сәйкес келетiн су кемерi бойынша есептелiнетiн каналдың екi еселенген енiнiң ұзындығынан кем болмауы тиiс. Гидравликалық тұрғыдан есептелiнбейтiн каналдардың ең жоғары бұрылыс радиусының 25-ке дейiн жетуiне рұқсат етiледi, ал гидравликалық тұрғыдан есептелiнетiн каналдар үшiн 2-ден 10b (мұндағы b - каналдың су кемерi бойынша енi, м). Су шығыны 50 м3/с-тан жоғары болатын каналдар үшiн, мүмкін шаймайтын жылдамдықты зерттеулер мен есептеулердiң негiзiнде қабылдау қажет. 5.14. Тереңдiгi 5 м-ге дейiн, су шығыны 50 м3/с-қа дейiн жететiн таулық каналдарды, сонымен қатар дюкер, акведуктарды мелиоративтiк жүйе имараттарын жобалауға қойылатын талаптарға сәйкес жобалау қажет.
Сорғы бекеттерi
5.15. Сорғы бекеттерiн жобалау, қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жүргiзiледi. 5.16. Сорғы имаратының құрамын, үйлесiмдi құрастырылуын, құрылымын тасымалданатын су көлемiнiң шамасына және жинақтаушы ыдыс жасаудың мүмкiндiгiне қарай белгiлеу қажет. Сорғы бекеттерi мен олардың жабдықтарының түрiн, дәрежесi мен қуатын төмендегiлердi: - есептiк су шығынын, тасымалдау биiктiгi мен су кемерiнiң тербелiсiн; - энергия көзiнiң түрiн; - сорғының оңтайлы пайдалы әсер коэффициентiн қамтамасыз етудi есепке ала отырып белгiлеу керек. Сорғының түрi мен саны сорғы бекетiнiң түрiне қарай, есептiк су шығыны мен су тегеуiрiнiнiң шамасын, төменгi және жоғары бъефтердегi су қабаттары өзгерiсiнiң ауытқу аралығын есепке ала отырып белгiленедi. Резервтік агрегатты қолданудың қажеттігі кептіруші сорғы станцияларын жобалаудың нормаларына сәйкес жобамен негізделуі тиіс. 5.17. Су қабылдағыш имараттар мен сорғы бекеттерi дара немесе бiрiккен типтi болып жасалуы мүмкiн. Су қабылдағыш имараттар: - су көздерiндегi судың деңгейiн ескере отырып су беру кестесiне сәйкес су алуды; - пайдаланудың қалыпты тәртібiн және жабдықты жөндеу мүмкiндiгiн; - құрылғыларға балықтың түсуiн болдырмауды қамтамасыз етуге тиiстi. 5.18. Сорғы бекеттерiнiң су жiбергiш имараттары су объектiлерiне суды жайлап жiберудi және ағын судың керi қайту мүмкiндiгiн болдырмауды қамтамасыз етуi тиiс.
Кәрiздiк жүйелер мен кәрiздер
5.19. Аумақты су басудың алдын алуға немесе жоюға арналған жүйелердi жобалау кезiнде, осы норманың талаптарын, сонымен қатар топырақ материалдарынан жасалған бөгеттерге қойылатын талаптарды ескере отырып, жер асты және жер бетi суларынан тау кен орнын қорғау бойынша талаптарды орындау қажет, ҚНжЕ 2.06.14 және ҚНжЕ 2.04.03. 5.20. Кәрiздiк жүйелердi жобалағанда, су бұруды судың өздiгiнен ағып кетуi арқылы қамтамасыз ететiн кәрiздiк жүйелерге басымдылық берiледi. Суды мәжбүрлеп тасымалдайтын кәрiздiк жүйелер, қосымша негiздеудi қажет етедi. Көлденең, тiк және күрделi кәрiздердi пайдаланудың қажеттiгi аумақтың гидрологиялық жағдайына байланысты шешiледi. 5.21. Кәрiздiк жүйе елдi мекендердiң аумағында осы норманың талаптарына сәйкес, ал ауыл шаруашылығы жерлерiнде мелиоративтiк жүйелерге қойылатын талаптарға сәйкес қорғау шарттарымен көзделген топырақтық судың деңгейлiк тәртібiн қамтамасыз етуге тиiстi. 5.22. Кәрiздiк жүйелердi қолдануды ыза суларының су теңдестiгiн, ал құрғақ белдемдер үшiн, сонымен қатар тұз теңдестiгiн зерттеудiң нәтижесiнде негiздеу қажет. Бiр сатылы жобаларда, осы норманың 1.8-тармағында көрсетiлген су басудың себептерi мен салдарларын есептеу мен талдауды жүргiзу қажет. Екi сатылы жобаларда геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер деректерiнiң және жобалаудың бiрiншi сатысында қорғалатын аумақты игерудiң өрiстiлiгi мен құрылыстың сипатын ескере отырып алынған зерттеу нәтижесiнiң негiзiнде кәрiздiк желiнiң жоспардағы орнын, жатыс тереңдiгiн және жекелеген кәрiздiк сызықтардың өзара беттесуiн анықтау керек. Таңдалынып алынған кәрiздер сұлбалары үшiн гидрогеологиялық есептеулермен: - жағалаулық, басты және басқа да кәрiздердiң бөгетшеге немесе iргетастың шекарасына қатысты шығымының ең төменгi мәнге ие болу шартына орай оңтайлы орналасуы; - кәрiздердiң қажеттi жатыс тереңдiгi мен олардың арасындағы арақашықтық, кәрiздiк сулардың шығыны, соның iшiнде тасымалдануға тиiстi су шығыны; - қорғалатын аумақтағы құлдырау қисығының орны айқындалуы тиiстi. 5.23. Көлденең кәрiздi ашық орлық немесе орсыз әдiспен орналастыру экономикалық жағынан тиiмдi болуы тиiс. Жер бетiнен 4 м тереңдiкке дейiн ашық көлденең кәрiздер жайғастырылған жағдайда, топырақтың тоң қату тереңдiгiн, сонымен қатар оларды шөп басып кету мүмкiндiгiн есепке алу қажет. 5.24. Тiк кәрiз қолданылатын барлық жағдайларда оның су қабылдаушы бөлiгiн су өткiзгiштiгi жоғары топырақ қабатына орналастыру керек. 5.25. Ашық кәрiздеу каналдары мен орларын, ауданның едәуiр бөлiгiн тығыздығы шамалы бiр-, екiқабатты құрылыстар алып жатқан аумақты құрғату қажет болған жағдайларда, орналастыру қажет. Оларды сонымен қатар, жер бетi коммуникацияларын су басудан қорғау үшiн де қолдануға болады. Ашық (орда) көлденең кәрiздеудi есептеудi, оны таулық каналдармен немесе су әкетушi жүйелердiң коллекторларымен бiрiктiрудi есепке ала отырып жүргiзу қажет. Бұл жағдайда ордағы кәрiздiң кескiнiн, аумақты өздiгiнен ағу жолымен құрғату кезiндегi беткi ағындының есептiк су шығыны бойынша iрiктеп таңдау қажет. Ашық кәрiздеу жыралары мен орлардың құламаларын бекiту үшiн бетонды немесе темiрбетонды, болмаса тас толтырылған нобайды пайдалану керек. Нығайтылған құламаларда кәрiздеу тесiктерiнiң болуы қарастырылуы тиiс. Жабық кәрiздерде сүзгi немесе сүзу төсемi ретiнде құм-малтатас қоспаларын, керамзиттi, қож, полимер және тағы басқа да материалдарды пайдалану қажет. Кәрiздiк суларды каналдар мен орлар арқылы өздiгiмен ағызып бұру керек. Су тасымалдайтын сорғы бекеттерi бар сужинағыш резервуарларды орнату, қорғалатын аумақ рельефiнiң белгiсi, қорғалатын аумақтың беткi сулары бұрып жiберiлетiн жақын маңда жатқан су объектiлерi суының деңгейiнен төмен жатқан жағдайда ғана орынды болмақ. 5.26. Кәрiздiк құбыр ретiнде керамикалық асбесцементтi, бетонды, темiрбетонды немесе поливилхлоридтi құбырларды, сонымен қатар кеуектi полимербетоннан жасалған сүзгi құбырларды пайдалану қажет. Бетонды, темiрбетонды, асбесцементтi құбырларды, сондай-ақ кеуектi бетоннан жасалған сүзгi құбырларды тек қана бетонға қарсы бұзғыш керi әсерiн тигiзбейтiн топырақтар мен суларда қолдану керек. Берiктiк шарты бойынша құбырларды сүзгi төсемiн төсеп, орларда көму арқылы келесi ең жоғары тереңдiктерде (м) орналастыру керек:
Сүзгi құбырлы кәрiздердiң шектi жатыс тереңдiгiн бұзғыш жүктемеге қатысты анықтау қажет. 5.27. Асбесцементтi, бетонды және темiр бетонды құбырлардың бетiндегi су қабылдаушы тесiктердiң саны мен өлшемiн, есептеу жолымен анықталатын тесiктердiң су өткiзу қабiлетiне және кәрiздiң шығынына қарай анықтау керек. Кәрiздiк құбырларды айналдыра сүзгi ретiнде құм-малтатас төсемдердiң төселуi немесе олар жасанды талшық материалдардан жасалған орауышпен тысталуы тиiс. Құм мен малтатастың қалыңдығы мен гранулометриялық құрамын «Тау кен орындарын жер асты және жер бетi суларынан қорғау» ҚНжЕ 2.06.14-85-тің талаптарына сәйкес жүргiзiлген есептеулер арқылы таңдау керек. 5.28. Су объектiсiне (өзенге, каналға, көлге) кәрiздiк суларды бұрып жiберудi, жоспарда ағынның ағысының бағытына қатысты сүйiр бұрышты етiп орналастыру керек, ал оның сағалық бөлiгiн бетонды жақтаумен (баулықпен) немесе қандай да бiр материал қалау арқылы болмаса толтырма нобаймен нығайту керек. Нөсерлiк канализацияның су өткiзгiштiк мүмкiндiгi кәрiздеу жүйесiнен келiп түсетiн қосымша су шығынын ескере отырып анықталған болса, онда кәрiздiк суларды нөсерлiк канализацияға жүберуге жол берiледi. Бұл жағдайда кәрiздеу жүйесiнде судың тежелуiне жол берiлмейдi. Кәрiздiк бақылау құдықтарын кәрiздiң түзу сызықты бөлiктерiнде, сонымен қатар кәрiздеу құбырларының бұрылысында, қиылысында және еңiстiктерi өзгеретiн жерлерде 50 м-ден кем емес қашықтық сайын орналастыру қажет. Бақылау құдықтарын темiрбетонды сақиналардан құрастыруға, тұндырғышпен жабдықтауға (тереңдiгi 0,5 м-ден кем емес) және түбiн бетондап пайдалануға болады, МСТ 8020-90. 5.29. Көлденең құбырлық кәрiздердiң көмегiмен топырақтық сулардың деңгейiн қажеттi деңгейге дейiн төмендету мүмкiн болмаған жағдайда, кәрiздеу галереясын қолданған дұрыс. Кәрiздеу галереясының пiшiнi мен көлденең қимасының ауданын, сонымен қатар оның қабырғаларының перфорациалану дәрежесiн кәрiздiң қажеттi су қабылдау мүмкiндiгiне қарай айқындау керек. Кәрiзде галереясының сүзгiлерiн осы норманың 5.27.-тармағының талаптарына сәйкес жасау қажет. 5.30. Сорғымен жабдықталған су төмендетушi ұңғымаларды топырақтық сулардың деңгейiн төмендетуге суды тартып шығару арқылы ғана қол жеткiзуге болатын жағдайларда қолданған дұрыс. Егер кәрiздiк су төмендетушi ұңғыма бiрнеше сорғы деңгейжиектерін кесiп өтсе, онда қажет болған жағдайда олардың әр қайсының шегiнде сүзгiнiң болуы қарастырылуы тиiс. 5.31. Суы өздiгiнен ағып шығатын ұңғыманы тегеуiрiндi сулы қат-қабаттардағы артық қысымды азайту үшiн пайдалану керек. Суы өздiгiнен ағып шығатын ұңғымалардың құрылымы су төмендетушi ұңғымалардың құрылымы тәрiздi. 5.32. Су сiңiрушi ұңғымалар мен өтпелi тесiк сүзгiлердi, тегеуiрiнсiз ыза сулары бар, су сiңiрiмдiлiгi жоғары төсенiш топырақтық су өткiзбейтiн қабаттан жоғары орналасқан жағдайда орналастыру қажет. 5.33. Күрделi кәрiздердi екi қабатты сулы қат-қабаттың беткi қабатының су сiңiрiмдiлiгi төмен, ал төменгi қабатын тегеуiрiнi шамадан артық болған жағдайда немесе ыза суларының қапталдан құйылған жағдайында қолдану керек. Көлденең кәрiздi жоғары қабатқа, ал суы өздiгiнен ағып шығатын ұңғыманы төменгi қабатқа орналастыру керек. Көлденең және тiк кәрiздердi жоспарда бiр-бiрiнен 3 м-ден кем емес қашықтықта орналастырып, келтек құбырлармен байланыстыру керек. Кәрiздiк галереяларда, ұңғыманың сағасын галереяларда орналастырылатын қуысқа шығару керек. 5.34. Сәулелi кәрiздеудi су басатын аумақтың құрылысы тығыз болған жағдайда топырақтық сулардың деңгейiн терең бойлай төмендету үшiн қажет. 5.35. Жер асты және жер бетi бөлмелерiне жоғары талаптар қоятын объектiлердi кәрiздеу кезiнде, сүзiлу қасиетi төмен топырақтарда ваккумды құрғату жүйелерiн қолдану қажет.
6. БӨГЕНДЕРДЕГІ ҚОРҒАУ ИМАРАТТАРЫ
6.1. Қорғау имараттарын жобалағанда олардың екi кезекте тұрғызылуы қарастырылуы тиiс. Бiрiншi кезекте қорғалатын объектiлердiң маңыздылығына қарай, ең төменгi қажеттi ауқымда көлiк объектiлерiнiң, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және елдi мекендердi су басудан, су астында қалудан және толқындық әсерден қорғайтын имараттар тұрғызу қажет. Екiншi кезекте, қажет болған жағдайда жалдап үйiлген аумақты пайдалану және абаттандыру мақсатында ауыл шаруашылығы және басқа да аумақтарда және осылармен байланысты объектiлердi, үйме жал бөгетшелерiн тұрғызу қажет. 6.2. Бөгендердегi қорғау имараттарының құрамы, олардың техникалық-экономикалық тиiмдiлiгiн және Г қосымшасына сәйкес, ең жақсы шешiмдi есепке ала отырып айқындалуы тиiс. Үйме жал бөгетшесi қырының белгiсi мен жаға бекiтушiсiнiң жоғарғы және төменгi шектерiнiң белгiлерi, судың желбөгетi мен толқын биiктiгiн және бөгендердiң тайыздану ауқымын есепке ала отырып анықталады. Үйме жал бөгетшесi қырының енi жұмыс өндiрiсiнiң жағдайларына байланысты анықталып, ең төменгi шамада белгiленуi тиiс. Барлық қорғау имараттарын басым көпшiлiгiнде жергiлiктi материалдардан: топырақ пен тасты және ағашты, ал металл мен цементтi ең аз мөлшерде пайдаланып тұрғызу керек. 6.3. Егер айрықша нұсқаумен белгiленген кезеңде толқындық шайылу нәтижесiнде жаңа бөген жағалауында тұрған экономикалық маңызы үлкен объектiлердiң тұрақтылығына қауiп төнсе, онда жағаның нығайтылып бекiтiлуi қарастырылуы тиiс.
7. ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕЛЕРІ, ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ИМАРАТТАРЫ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СЕНІМДІЛІГІН НЕГІЗДЕУ ЕСЕПТЕРІ
7.1. Елдi мекендердi, өнеркәсiп алаңшаларын, ауыл шаруашылығы жерлерi мен құрылыс салу үшiн жаңадан игерiлiп жатқан аумақтарды және ауыл шаруашылығы өндiрiстерiн инженерлiк қорғау имараттарының жобалары имараттардың сенiмдiлiгiн негiздейтiн есептеулерден басқа, мына есептеулердi: - қорғалатын аумақтың қазiргi жай-күйiнiң су теңдестiгi; - қайтадан жасалған бөгендер немесе каналдардың әсерiнен судың тежелуi жағдайындағы су тәртібi, сонымен қатар ыза сулардың тежелуiнiң алдын алатын инженерлiк қорғау; су басудың барлық көздерiн есепке ала отырып гидрологиялық тәртіпті болжауды; - су объектiлерi мен инженерлiк қорғау имараттарын тұрғызудан туындайтын гидрологиялық және гидрогеологиялық жағдай өзгерiсi әсерiнен топырақ пен өсiмдiктiң түрленуi есептеулерiн қамтуы керек. 7.2. Сортаңды топырақ аймағындағы аумақты инженерлiк қорғау жобасында тұз тәртібiнiң есебiн жүргiзу қажет. 7.3. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын, I-III дәрежелi инженерлiк қорғау объектiлерi бар аумақ үшiн, топырақ құнарлылығын арттыру есептерiн теңдестiк және аналитикалық әдiстермен, ұқсас үлгiлеу әдiстерiмен орындау қажет. 7.4. Қорғалатын аумаққа құрғату-суғару және суғару кешендерiн орналастырғанда суғару үшiн ыза суларын пайдаланудың есебiн жүргiзу керек.
8. ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ ИМАРАТТАРЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АППАРАТУРАЛАРЫ (БӨА) ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ЖОБАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
8.1. Күрделi гидрогеологиялық және климаттық жағдайларда I және II дәрежелi инженерлiк қорғау жүйелерi үшiн пайдалану бақылауларына қажеттi БӨА-дан басқа, сүзiлген ағынның параметiрлерiн өлшеу, суғару, құрғату жағдайына байланысты уақыт бойынша топырақ жамылғысы су-тұз тәртібiнiң өзгерiсiн, нөсерлiк ағындардың әсерiн, су басу аймағында ыза сулары деңгейiнiң көтерiлуiн зерттеу бойынша арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған БӨА қарастыру керек. 8.2. Инженерлiк қорғау имараттарын жобалағанда гидроимараттардың жай-күйiне, олардың элементтерi мен негiзiнiң ығысуына, ыза сулары деңгейiнiң өзгерiсiне, сүзiлген ағынды параметiрлерiне, топырақтың сортаңдануына көзбен шолып және құралдармен бақылау жүргiзу үшiн БӨА құрылғысы қарастырылуы тиiс. Бақылаудың ұзақтығы гидрогеологиялық жағдайдың бiр қалыпқа келу, гидроимараттар негiздерiнiң шөгу уақытына және тұрғызылған имараттардың жұмыс iстеу уақытына тәуелдi болады. Су басудан қорғалатын аумақтарда топырақтық сулардың жай-күйiне, кәрiздеу жүйелерi мен жекелеген кәрiздердiң жұмыс тиiмдiлiгiне бақылау жүргiзуге арналған пьезометриялық желi қарастырылуы тиiс. 8.3. Су басудан және су астында қалудан инженерлік қорғаудың біртұтас кешендік аумақтық жүйелері инженерлік зерттеулер және аумақтардың қарастырған барабар цифрлық модельдерінің (ГИС модельдері) алуан түрлі көздерінен (қоғамдық тасымалдағыштардан қазіргі электронды құралдарға, спутниктік жүйелерге дейін және арақашықтық бұрғылау деректері) және электронды мониторинг жүргізуден алынған өзге ақпараттар негізінде құру қарастырылуы тиіс.
А қосымшасы
ЖОБАЛАУ, ҚҰРЫЛЫС САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ҚҰРЫЛЫС САЛЫНАТЫН АУМАҚТЫ СУ БАСУ ҚАУПІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
1. Құрылыс салынып жатқан аумақты су басу әлеуетiнiң дәрежесiне қарай және салынып жатқан құрылыстың түрiне тән, дәл осындай табиғи жағдайда iс-әрекетiнiң әсерi тиюi мүмкiн су басу себептерi мен факторларына байланысты, жүруi мүмкiн немесе жүрiп жатқан су басу процесiне қарсы осындай немесе қандайда бiр басқа шаралар қолданылуы тиiс. 2. Су басуға қарсы жүргiзiлетiн шаралар мыналарға ажыратылады: - ғимараттарды, имараттарды немесе олардың кешенiн жобалаудың барысында аумақты су басу әлеуетiн анықтаудың және су басуды болжаудың негiзiнде есепке алынуы тиiс алдын алу шаралары; олар аумақты және имараттарды су басудан қорғау мақсатында жүргiзiледi; - құрылыс салынып жатқан аумақта жүрiп жатқан су басу процесi кезiнде ғимараттар мен имараттарды және аумақтың жекелеген бөлiктерiн су басудан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн қорғау шаралары; 3. Алдын алу шаралары, аумақты су басу процесiнiң әрi қарай дамуының алдын алуды көздейдi және ғимараттар мен имараттардың және жер асты су тасымалдаушы коммуникациялардың құрылысын жүргiзу немесе пайдалану кезiнде орын алуы мүмкiн факторларға қарсы бағытталады. 4. Қорғау шаралары немесе су басуға қарсы шаралар негiзiнен ғимараттарды немесе имараттарды (құрылыс салынған аумақтың шегiндегi) пайдалану сатысында жүзеге асырылып, қала, ықшам аудандар, кент, кәсiпорындар және т.б. аумағында әсер ететiн факторларға қарсы бағытталуы тиiс. 5. Алдын алу шараларының басым бөлiгi (кәрiздеу құрылғыларынан басқа) арнайы мол қаражат жұмсауды қажет етпейдi және тыңғылықты жүргiзiлген жағдайда құрылыс салынып жатқан аумақты су басу мүмкiндiгiн едәуiр төмендетiп, соның арқасында көптеген жағдайларда кейiннен қымбатқа түсетiн арнайы қорғау шараларын қолданудың қажеттiлiгiн жоятын бiрқатар техникалық ұйымдастыру шаралары болып табылады. 6. Алдын алу шаралары құрылыс салынатын аумақта әсер етуi мүмкiн су басу факторларына қарсы бағытталады. Алдын алу шаралары, ереже бойынша, жобалау сатысында қарастырылады және құрылыс салу сатысында, жарым-жартылай- пайдалану сатысында орындалады. 7. Қандайда бiр су басу факторларының пайда болуының алдын алуға бағытталған осы немесе басқа да бiр шараларды таңдау үшiн, барлық шаралар жүйелендiрiлген және өздерi қарсы бағытталған факторларға: 1 - сурет. Шаралардың сұлбасына; - Б қосымшасы. Құрылыс салынып жатқан аумақта су басу факторларының алдын алу бойынша шараларға; - В қосымшасы. Су басудың алдын алу бойынша алдын алу шараларының құрамына байланысты бiрiктiрiлген. 8. Жоғарыда келтiрiлген су басудың алдын алу шараларынан басқа: - құрылыс салу барысында авторлық бақылауды жүзеге асыру; - пайдалану кезiнде су кетудi шұғыл тоқтату, су тасымалдайтын коммуникацияларды дер кезiнде жөндеуден өткiзу; - бас жоспарды әзiрлеу сатысында - қаланы инженерлiк қорғаудың бiр бөлiгi ретiнде беткi су ағындысымен қамтамасыз ету және сүзiлген, кәрiзделген суларды бұрып жiберудiң жалпы сұлбасын әзiрлеу қажет.
1-сурет. Шаралар сұлбасы
Б қосымшасы
ҚҰРЫЛЫС САЛЫНЫП ЖАТҚАН АУМАҚТЫ СУ БАСУ ФАКТОРЛАРЫНЫі АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Б қосымшасының жалғасы
Б қосымшасының жалғасы
Б қосымшасының жалғасы
Б қосымшасының жалғасы
Б қосымшасының жалғасы
Б қосымшасының жалғасы
Б қосымшасының жалғасы
В қосымшасы
СУ БАСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
Алдын алу шараларына мыналар жатады: - құрылыс салынып жатқан немесе оның жекелеген бөлiктерiн ыза суларының көтерiлуiнен қорғайтын, топырақты жалдап үю мен оны ылғалдандыру және олардың салдары - беткi сулардың ағындысын реттеу және жерасты сулары ағындысының белсендiлiгiн арттыру, түрлi тұтып қалушы және кәрiздеушi имараттар мен құрылымдар, өзендердi реттеу және т. б; - жекеленген ғимараттар мен имараттарды, сондай-ақ коммуникацияларды ыза суларымен су басудан қорғайтын шаралар; жергiлiктi қорғау шаралары - гидрооқшаулау, қабырға маңы, қат-қабаттық, сәулелiк және сақиналық кәрiздер және т.б; - түрлi беткi және өндiрiстiк сулардың сiңiуiнiң, өндiрiстiк ағындылармен су тасушы коммуникациялар, су жинаушы, түрлi суқоймаларынан, хауыздардан, технологиялық процестерi “ылғалды” цехтардан және т.б. ысырап болған сулардың сiңуiнiң алдын алу шаралары; - ғимараттар мен имараттардың негiздерiнде және қазаншұңқырлар мен орлардың қайта көмiлген топырақтарында ылғалды булардың шықтану мүмкiндiгiн және оларда ылғалдың шықтануының алдын алу шаралары; - қайта көмiлген жердiң топырақтарын нығыздау, желдеткiш кәрiздеу және т.с.с.
Г қосымшасы
БӨГЕНДЕРДІ ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ
1. Инженерлiк қорғаудың экономикалық орындылығын салыстырмалы тиiмдiлiк әдiсi бойынша анықтау ұсынылады. Келтiрiлген шығының шамасы бөлiнген күрделi қаржының салыстырмалы тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi болып табылады. Салстырылатын нұсқалардың iшiнен келтiру шығындары ең аз болатын нұсқа таңдалады. 2. Ауыл шаруашылығы жерлерiн, елдi мекендердi, өнеркәсiп және басқа да кәсiпорындарды бiр мезгiлде қорғау кезiнде, келтiрiлген шығындарды 33 төмендегi формула бойынша анықтау ұсынылады:
33= Ен К3 + И3 ;
мұндағы Ен - 0,12 тең болып қабылданатын нормативтiк тиiмдiлiк коэффициентi К3 - елдi мекендердiң, өнеркәсiп және басқа да кәсiпорындардың су басатын жерлерiн инженерлiк қорғау имараттарының құрылысына бөлiнетiн күрделi қаржы; И3 - елдi мекендердiң, өнеркәсiп және басқа да кәсiпорындардың су басатын жерлерiн инженерлiк қорғау имараттарының құрылысына жұмсалатын жылдық шығындар. 3. Альтернативтi нұсқа бойынша келтiрiлген шығындар Зальт. төмендегiлердi құрайды.
Зальт. = Ен(Кальт..а-.ш. + Кальт. ө+Фө.қалд.-Фүлес.)+Иалть.а-ш.+Иальт.ө.
мұндағы Кальт.а-.ш. - альтернативтi нұсқа бойынша ауыл шаруашылығына бөлiнетiн қаржы; Кальт. ө - аталған өнеркәсiп және азаматтық имараттарды қорғауды, жаңа орында олардың құрылысын дер кезiнде жүргiзумен алмастыруға бөлiнген күрделi қаржы; Фө.қалд - инженерлiк қорғау құрылысын жүргiзген сәтте су басу аймағында жатқан өнеркәсiп кәсiпорындарының, елдi мекендердiң, темiр және тас жолдардың қалдық баланстық құны; Фүлес - қалған қорды үлестiру сомасы; Иалть.а-ш - альтернативтi нұсқа бойынша ауыл шаруашылығына жұмсалатын жылдық шығын; Иальт.ө.-қорғау шараларының орнына жаңа орында салынған аталған имараттардың жұмысы кезiнде жұмсалатын жылдық шығын; Кальт..а-.ш. - шамасын су басатын жерлердi қарқынды пайдалану кезiнде, осы жерлерден алынатын ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң мөлшерiндей мөлшерде, өнiм алу үшiн, су басу аймағынан тыс жатқан алқаптарды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қарқындату мақсатында жаңа жерлердi игеруге жұмсалатын шығынды есептеудiң негiзiнде анықтау ұсынылады. Су басатын жерлердiң орнына игерiлетiн жерлер алдын ала белгiлi болса, онда Кальт..а-.ш. шамасы тiкелей есептеу арқылы анықталады. Олай болмаған күнде Кальт..а-.ш. шамасын мелиорациялауға жұмсалатын меншiктi күрделi қаржы нормативтерi бойынша, ауыл шаруашылығынан басқа қажеттiлiктер үшiн алынған жерлердiң орнына пайдаланылатын жерлердi игерудiң нормативтерi бойынша анықтау ұсынылады. Иалть.а-ш шамасы су басатын жерлердiң өтемi ретiнде тұрғызылатын мелиоративтiк жүйелердi күтiп ұстауға жұмсалатын жылдық шығынды сипаттайды. Егер айналымнан шығарылатын жерлердiң орнына қайта құнарландырылған немесе құнарландырылған жерлер енгiзiлсе, онда Иалть.а-ш шамасын жаңа игерiлген жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын өндiрудi белгiленген деңгейге дейiн жеткiзуге қажеттi, жылдық қосымша шығынның мөлшерi бойынша анықтау ұсынылады. 4. Iрi объектiлердi инженерлiк қорғауды жүзеге асыру, әсiресе қолда бар альтернативтi нұсқаларды күнi бұрын даярлау бiрнеше жыл жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда экономикалық тиiмдiлiктiң есебi уақыт факторын есепке алуы тиiс. Сонымен, әр жылдың шығындарын қандайда бiр негiз болатын тiрек жылдық шығынына келтiру ұсынылады. 5. Бiрқатар жағдайларда аумақты немесе объектiлердi (ерекше құнды ауыл шаруашылығы жерлерiн немесе жаңа жерде қалпына келтiру iс жүзiнде мүмкiн болмайтын айрықша объектiлер және т.б.) сақтап қалуды қамтамасыз ететiн инженерлiк қорғау iс жүзiнде мүмкiн болатын бiрден бiр шара екендiгiн есепке алу қажет. Бұл жағдайда инженерлiк қорғаудың экономикалық тиiмдiлiгiн күрделi қаржы жұмсаудың қалпы (абсолюттiк) тиiмдiлiгi әдiсi бойынша негiздеу ұсынылады. 6. Республиканың түрлi табиғи аймақтары жағдайында инженерлiк қорғаудың оңтайлы нұсқасын техникалық экономикалық есептеудi мыналарды: - қоршаған ортаның өзгерiсiн; - топырақ, өсiмдiк жамылғыларының және жануарлар әлемiнiң өзгерiсiн; - табиғи жағдайдың өзгерiсiн және iргелес аумақтардың ресурстарын экономикалық бағалауды; бөгеннiң әсерiнiң зардаптарын; - табиғи жүйелердi қалпына келтiруге бағытталған, орнын толтыру шараларын есепке ала отырып жүргiзу қажет. 7. Iргелес жатқан аумақтың табиғи жағдайының өзгерiсiн, табиғи, экологиялық, технологиялық және эконмикалық бағалауды есепке ала отырып анықтау қажет. Табиғи бағалауды, айқындалған өзгерiстердiң (экологиялық, климаттық, гидрологиялық, ботаникалық, топырақтық және басқа да), және сол көрсеткiштердiң тұрақты немесе уақытша өзгергiштiгiн салыстыру арқылы жасау керек. Экологиялық бағалау бiр көрсеткiштердiң (желдiң жылдамдығы, топырақтың ылғалдылығы, атмосфералық жауын-шашын және т. б.) өзгерiсiн басқа көрсеткiштердiң (шалғын және орман өсiмдiктерiнiң биологиялық және шаруашылық өнiмдiлiгi мен өсiмдiктердiң фенологиялық фазаны өтуi) өзгерiсiмен салыстыру жолымен орындалады. Технологиялық бағалауда, аталған өзгерiстердi түрлi шаруашылық, өндiрiс салаларының қәзiргi және келешектегi талаптары тұрғысынан және адамның iс-әрекетiнiң түрлерi (ауыл шаруашылығы, балық, орман және аңшылық шаруашылығы, рекреация және т. б.) тұрғысынан қарастыру көзделуi тиiс. Экономиялық бағалау, iргелес аумақтардың аулышаруашылығы жерлерiнiң құнарлылығының, шалғын мен орманның биологиялық өнiмдiлiгiнiң төмендеуiнен (немесе артуының әсерiнен) болатын шығынды есепке алуы тиiс. 8. Энергетикалық мақсаттағы бөгендердi жасау кезiнде жағалаулық аумақтарды инженерлiк қорғаудың анағұрлым ұтымды сұлбасын бөгеннiң жағалаулық аумақтарға тигiзетiн барлық әсерлерiнiң түрлерi мен ауқымын есепке ала отырып, айқындалатын жер пайдаланушылардың шеккен зияндары мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеудiң (орнын толтырудың) қажеттiлiгiне негiздеп таңдау керек. Бөгендер салынған жағдайда ауыл шаруашылығын оңтайлы қайта құруды және белгiленген шаралардың түрлi нұсқаларының тиiмдiлiгiн негiздеу кезiнде төмендегi жұмыстарды бiрiншi кезектегi жұмыстар ретiнде қарастыру қажет: - жаңадан игерiлетiн жерлердiң топырығын құнарландыру және өнiмдiлiгiн арттыру; - ауыл шаруашылығы мақсатындағы бұталар, жаппай кесiлген ағаштар, батпақтар алып жатқан және басқа да ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын жерлердi құрғату жұмыстарын, сондай-ақ мәдени-техникалық шараларды есепке ала отырып меңгеру; - су астында қалған жерлердi, саяз жерлердi, уақытша су басатын және төменгi бьефтiң сусыздандырылған жерлерiн пайдалану; - жаңа шаруашылықты ұйымдастыру. 9. Инженерлiк қорғаудың экономикалық тиiмдiлiгiн бағалау кезiнде қорғау шараларын жүргiзбей тұрып, инженерлiк қорғау шараларын жүзеге асырғаннан кейiнгi экономикалық дамудың техникалық экономикалық көрсеткiштерiн және болуы мүмкiн шығынның көрсеткiштерiн есепке алу қажет. Бөгендер салған жағдайда жағадағы аумақтарды инженерлiк қорғаудың экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау үшiн мыналарды есепке алу қажет: - жүргiзiлетiн шаралардың қоршаған ортаға тигiзетiн оң және терiс әсерiн; - барлық мүдделi немесе мүдделерi жанамалап қозғалатын салалар немесе жекелеген су пайдаланушылар - су шаруашылығы кешенiнiң (СШК) қатысушыларының алған пайдасы немесе шеккен зияны түрiнде сипатталатын су тұтынушылар мен су пайдаланушылардың экономикалық және әлеуметтiк мүдделерi; - техникалық шешiмдердiң, имараттардың, құрылымдардың және СШК элементтерiнiң iс-әрекетiн қамтамасыз ететiн шаралардың өзара байланысты жүйелерiн; - су-жер ресурстарының анғұрлым тиiмдi пайдалану мүмкiндiгi мүдделерiнiң көрсеткiштерiн қоса алғанда су тұтынушылар мен су пайдаланушылардың арасында жағалық аймақтар мен бөгендер айдыны аудандарының үлестiрiлуi; - қорғалатын аумақ пен айдынның тынысжайлық әлеуетiн төмендету мүмкiндiгi қажет болған жағдайда өтемдiк шараларды қарастыру қажет.
Ескерту: Қорғау әсерi бөгендерде жүргiзiлген шаралардың қосынды әсерiнiң құрамында қарастырылса, онда жүргiзiлген шаралардан әсердiң барынша өсуiн айқындайтын есептердi орындау керек.
Қорғау имараттары жүйесi тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi барлық сушаруашылығы кешенiнiң осы тәрiздi көрсеткiштерiмен салыстырмалы болуы тиiс. 10. Су басу мен су астында қалудан болатын зиянды есептеу кезiнде төмендегiлердi: - ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердi қолданудан қалдыруды; - су басу, су астында қалу ұзақтығының артуына, су басу мерзiмiнiң ығысуына немесе жерлердi қыста су басуына байланысты жердiң сапасының нашарлауын; - ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердiң өнiмдiлiгiнiң және егiстiктiң, жемiс жидек екпе ағаштары құрылымының, шабындықтар мен жайылымдардағы шөптiң биiктiгiнiң өзгеруiн және пайдаланылатын жердiң түрленуiн; - реттелетiн жайылмалық аумақтың келешекте экономикалық дамуын есепке алу қажет. Сонымен, қазiргi бар мелиоративтiк жүйенi қайта қалпына келтiруге жұмсалатын қосымша шығынды, жаңа объект жасаумен туындаған өтемдiк шығындарға жатқызу қажет. Энергетикалық мақсаттағы бөгендердi тұрғызғанда су басатын немесе су астында қалатын ауыл шаруашылығы жерлерiн қорғау кезiнде, жобаның құрамына инженерлiк қорғау имараттарынан басқа, қажеттiлiгi тұрақты және бiтiк астық өсiрудiң технологиялық талаптарымен анықталатын, аумақты мелиоративтiк тұрғыдан игеруге керектi имараттарды енгiзу қажет. 11. Суы саяз жерлердi жалдап үймей ауыл шаруашылығы, тынысжайлық және басқа мақсаттарға пайдаланған жағдайда, санитарлық шараларды орындауға, батпақтануды жоюға, өсiмдiктердi дер кезiнде жинауға, ластанудан қорғауға, сонымен қатар ортаның қолайлылығын арттыруға, тынысжай аймақтарын аумақтық және көлiктiк тұрғыдан игеруге кететiн шығындарды анықтау керек. 12. Су басқан жерлердi, қорғау шараларын жүргiзбей пайдаланған жағдайда, өсiмдiктердi өсiмдiктердiң ұрықтарын үстемелеп себуге, жердiң табиғи құнарлылығын сақтауға және ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға жағдай жасауға кететiн пайдалану шығындарын анықтау керек. 13. Инженерлiк қорғау шараларын жүзеге асырғаннан кейiнгi аумақтың экономикалық даму көрсеткiштерi мыналарды ескеруi тиiс: - анағұрлым бағалы жерлердiң ресурс қайтарымдылығының өсуiне байланысты, қорғалған жерлердiң уақыт бойынша артатын тиiмдiлiгiн; - қорғалатын аумақта судың ағындысын реттеудi жүзеге асыруға байланысты ресурс қайтарымдылықты арттырудың мүмкiндiгiн; - ауыл шаруашылығы жерлерi мен жайылымдағы ағынды суларды реттеудiң нәтижесiнде су баспайтын жерлерден қосымша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн алу; - су басу және су астында қалу процестерiнiң нәтижесiнде табиғатқа келтiрiлген зиянның орнын толтыруға мүмкiндiк беретiн экологиялық жағдайларды қалпына келтiру.
Д қосымшасы
ҚОСЫМША СУРЕТТІК ИМАРАТТАРЫНЫҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІ
Е қосымшасы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ ЖОБАСЫНЫҢ ТҮРЛІ САТЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЗЕРТТЕУ ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ
Ж қосымшасы
Терминдер мен анықтамалар
Аумақты, ғимаратты және имаратты инженерлік қорғау – қауіпті геологиялық, экологиялық және өзге процестердің аумаққа, ғимаратқа және имаратқа теріс әсерін ескертуге, сондай-ақ олардың салдарынан қорғауға бағытталған инженерлік имараттар мен шаралардың кешені. Су басу – аумақ учаскесінде суағар, суқойма немесе жерасты сулары деңгейі көтерілуі нәтижесінде судың еркін бетінің пайда болуы. Су астында қалу – нәтижесінде су режимі мен аумақ балансы өзгеретін, құрылыстың берілген түрі үшін қауіпті мәндері арта түсетін және құрылыстың және объектілерді пайдаланудың қажетті жағдайларын бұзатын жерастыт суларының деңгейі (арындары) және/немесе топырақтардың (жер қыртысы – топырақтардың) ылғалдылығының артуы болатын кешенді гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық процесс. Мониторинг – инженерлік геологияда – мыналар кіретін біртұтас жүйе: - инженерлік-геологиялық процестерге, инженерлік қорғаудың тиімділігіне, объекті құрылысы және пайдаланылуы кезіндегі имараттардың және аумақтардың жағдайына арналған кешенді бақылаулар; - бақылаулар, есептер және үлгілеулер нәтижелерін талдау, инженерлік қорғанысты күшейту, имараттың құрылымын жетілдіру және т. б. - имараттардың сенімділігін және инженерлік қорғаудың тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі, әлеуметтік-экологиялық салдарларды ескерту жөніндегі қосымша шараларды жобалау; - белсенді геологиялық бақылау кезінде қосымша шараларды жүзеге асыру.
З қосымшасы
Сiлтеме жасалған нормативтiк-техникалық құжаттардың тiзiмi
ӘОЖ 627.83 МСЖ 93.020.60
Түйін сөздер: инженерлік қорғау, су басу, су астында қалу, қорғаныстық имараттар, қоршау каналдар, сорғылық стансалар.
|