СНиП РК 3.02-21-2004* каз ПРЕДПРИЯТИЯ РОЗНИЧНОЙ ТОРГОВЛИ СНиП РК 3.02-21-2004БӨЛШЕК САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫ
ПРЕДПРИЯТИЯ РОЗНИЧНОЙ ТОРГОВЛИ
Енгізілген күні - 2005.06.01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Осы нормалар және ережелер қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық талаптарды ескере отырып, Қазақстан аумағында қолданылып жүрген құрылыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында жобаланатын бөлшек сауда кәсіпорындары ғимараттарының (немесе бөлмелердің) жобасын әзірлеу мен сараптауға арналған. Құжат дүкендер мен сауда орталықтарының көлемдік-жайғасымдық шешімдеріне қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ олардың инженерлік-техникалық жабдығына талаптарды белгілейді. Осы нормалардың талаптары олардың меншік түріне қарамастан бөлшек сауда кәсіпорындарының (әрі қарай мәтінде дүкендердің) жаңадан салынатын, қайта құрылымданатын, кеңейтілетін және жаңғыртылатын ғимараттарын (немесе бөлмелерін) жобалауға қолданылады. Осы нормалардың талаптары базарларды, көтерме сауда (соның ішінде ірі көтерме және ұсақ көтерме) кәсіпорындарының ғимараттарын, автомобильдер мен олардың құрал-саймандарын сататын дүкендерді, қару сататын мамандандырылған дүкендерді, құрылыс материалдарының дүкен-қоймаларын, өндірістік фирмалардың дүкендерін, сондай-ақ жылжымалы және уақытша қызмет көрсететін дүкендерді жобалауға қолданылмайды. Ғимараттарды (бөлмелерді) жобалауды, салуды, қайта құрылымдауды және жаңғыртуды жүзеге асыратын барлық заңды және жеке тұлғалар (шетелдік, сондай-ақ шетел серіктестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды қоса) үшін нормалар және ережелерді қолдану және сақтау міндетті болып табылады.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы құрылыс нормалары және ережелерінде келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалған: ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі ҚР ҚНжЕ 2.04.05-2002* Табиғи және жасанды жарықтандыру ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 Қоғамдық ғимараттар мен имараттар ҚР ҚНжЕ 3.02-04-2002 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар ҚР ҚБҚ 3.01-05-2001 Қалақұрылысы. Мүгедектер мен қозғалысы шектеулі тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып елді мекендерді жоспарлау және салу. ҚР ҚН 3.02-22-2002 Жерасты гараждар-тұрақтар МҚН 3.02-05-2003 Ғимараттар мен имараттардың халықтың аз әрекетті топтары үшін қолжетімділігі
3 АНЫҚТАМАЛАР
Осы құрылыс нормалары және ережелерінде келесі терминдер және олардың тиісті анықтамалары қолданылған: Құрамдас салынған дүкен - барлық бөлмелері тұрғын ғимаратта орналасқан қасбет бойымен оның сыртынан 1,5 м көп емес және шет жағынан 6,0 м көп емес (жабық тиеу бөлмелері орналасқанда) шығып тұратын дүкен. Құрамдас-жапсарлас салынған дүкен - барлық бөлмелері тұрғын ғимаратта және тұрғын ғимараттың сыртына шығарылған көлемінде орналасқан қасбет бойымен оның сыртынан 1,5 м артық және шет жағынан 6,0 м артық (жабық тиеу бөлмелері құрылғысында) шығып тұратын дүкен. Гипермаркет - көбінесе күнделікті сұраныстағы азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлардың әмбебап жиын түрі бар өзіне өзі қызмет көрсететін дүкен (сауда ауданы 5000 м2 - ден сауда ауданының 50 % дейін азық-түліктік емес тауарларды орналастыруға пайдаланылған). Орнату ауданының коэффициенті - сауда-технологиялық жабдық орналасқан ауданның сауда залының ауданына қатынасы. Шағын-өнімдер (шағынмаркет) - сауда залының ауданы 50 м2 көп емес, аз немесе шектелген азық-түлік жиын түрі бар дүкен. Негізгі эвакуациялық өтпелер - залдан эвакуациялық шығатын орындармен тікелей байланысты сауда жабдықтары мен бөлімдері (бөліктері) арасындағы сауда залдарының өтпелері. Жапсарлас салынған дүкен - бөліп тұратын қабырғасы (немесе қабырғалары) тұрғын ғимараттың қабырғасымен ортақ немесе аралық болып табылатын дүкен. Сауда орталығы - қызметі және кеңістігі жағынан өзара байланысты кәсіпорындар мен мекемелердің кешені: әр түрлі дүкендер, сондай-ақ бір аумақта немесе бір көлемде орналасқан тамақтану, тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету кәсіпорындары. Сауда ауданы - сауда залдары, сондай-ақ тұтынушыларға қосымша қызмет көрсетуге арналған бөлмелер мен алаңдар аудандарының жиынтығы. Әмбебап дүкені - азық-түліктік емес тауарлардың әмбебап жиын түрлері және азық-түлік тауарлар бөлімі бар дүкен. Универсам (супермаркет) - азық-түлік тауарларының әмбебап жиын түрі және күнделікті сұраныстағы азық-түліктік емес тауарлардың шектелген жиын түрлері бар өзіне өзі қызмет көрсететін дүкен. Жерасты қабаты - жайғасымдағы жер белгісінен төмен бөлме биіктігінің жартысынан артық бөлме еденінің белгісі бар қабат. Техникалық қабат - инженерлік жабдықты орналастыруға және коммуникацияларды салуға арналған қабат. Ғимараттың орта бөлігінде, сондай-ақ ғимараттың төменгі (техникалық еден асты) немесе жоғарғы (техникалық шатыр) бөлігінде орналасуы мүмкін. Шығыңқы ірге қабаты – жайғасымдағы жер белгісінен төмен бөлме биіктігінің жартысынан артық емес бөлме еденінің белгісі бар қабат.
4 ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
4.1 Дүкендерді орналастыруға және олардың көлемдік-жайғасымдық шешімдеріне қойылатын талаптар 4.1.1 Бөлшек сауда кәсіпорындарын (дүкендерін) сауда-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесінің объ-ектілері ретінде жобалау керек және жеке тұрған ғимараттарға, базар кешендерінде, қоғамдық ғимараттар немесе орталықтарда, көп қызметтік кешендерге, сондай-ақ тұрғын ғимараттарға немесе басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас (құрамдас-жапсарлас салынған) немесе осы ғимараттарға жапсарлас орналастыру керек. Аталған ғимарат типтерінің негізінде сауда орталықтарын қалыптастыру мүмкіндігін қарастыру керек. Бөлшек сауда кәсіпорындары типтерінің жіктемесі 1-қосымшада келтірілген. Дүкеннің көлемі және оны мамандандырылуы, сондай-ақ дүкендерден сауда орталықтарын қалыптастыру мүмкіндігін қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына орай қалыптасатын қызмет көрсету жүйесіне сәйкес анықтау керек. Тұрғын ғимараттардың құрамдас, құрамдас-жапсарлас немесе оларға жапсарлас орналасқан дүкендерді мамандандыру және олардың ең үлкен мүмкін көлемі қолданыстағы нормативтік құжаттарды ескере отырып анықталу керек. Дүкеннің жеке тұрған ғимараттарын қолданыстағы өртке қарсы талаптарды сақтап, тұрғын ғимараттардың терезелерінен, мектеп жасына дейінгі балалар және жалпы білім беру мекемелері, сондай-ақ тұрақты үлгідегі емдеу мекемелері аумақтарының шекараларынан 25,0 м кем емес аралықта орналастыру керек. Тиісті негіздеме болған кезде (оның ішінде акустикалық есептеуді ескере отырып) және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімімен аталған арақашықтықты дүкен ғимараттарында иіс әсерінің көздері, сондай-ақ шу әсері деңгейі жоғары желдеткіштік және басқа да инженерлік жабдықтар болмаған жағдайда қысқартуға жол беріледі. 4.1.2 Дүкен шамасы сауда ауданының өлшемімен сипатталады, оның құрамына 2-қосымшаны ескере отырып тұтынушыға қосымша қызмет көрсетуге арналған аудан қосылады. Дүкендерді сауда орталықтарына біріктірген кезде қосымша қызмет көрсететін бөлмелерді барлық кешен үшін бірыңғай блок ретінде толығымен қарастыруға жол беріледі. 4.1.3 Саудалық емес бөлмелердің ауданын сауда ауданының өлшеміне және дүкен мамандандыруына байланысты 3 және 4-қосымшаларға сәйкес меншікті көрсеткіштер бойынша анықталатын есептіктен төмен емес етіп қарастыру керек. Саудалық емес ауданның жоғарғы шегі нормаланбайды. Сауда орталықтарындағы дүкендердің саудалық емес бөлмелерін (түсіру бөлмелері және шаруашылық алаңдары) біріктіру ұсынылады, мұнда осы бөлмелердің жиынтық ауданының шамасын 10 % - ке дейін азайтуға жол беріледі. 4.1.4 Дүкендерде ҚР ҚБҚ 3.01-05-2001, ВҚН 62-91* талаптарына сәйкес сауда бөлмелері мен қосымша қызмет көрсететін бөлмелерді мүгедектер мен қозғалысы шектеулі тұрғындардың пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғыларды және шараларды қарастыру керек. 4.1.5 Дүкен мен сауда орталығының көлемдік-жайғасымдық құрылымы мен бас жоспары сатып алушылар мен тауарлардың, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен көліктердің ағындарын, оның ішінде тауарларды әкелу және түсіру аймақтарындағы қозғалыс ағындарын қызметтік аймақтарға бөлуді қарастыру керек. Тұрғын ғимараттың немесе басқа мақсаттағы ғимараттың құрамдас-жапсарлас, жапсарлас немесе құрамдас салынған дүкендерде қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, сатып алушылар мен тауарларды жеткізуші машиналардың қозғалысын осы тұрғын ғимарат тұрғындарының, сондай-ақ басқа мақсаттағы ғимараттардың қызметкерлері мен келушілері (олардың қызметінің талаптарына сәйкес) қозғалысының ағынынан оқшаулауды қамтамасыз ету керек. Жер учаскесінде немесе дүкен құрылымында қосымша қызмет көрсету элементтерімен сатып алушылардың демалу аймақтарын қарастыруға жол беріледі (2-қосымшаны ескере отырып). 4.1.6 Дүкен мен сауда орталығының жер учаскесіне немесе олардың құрылымына, соның ішінде жерасты деңгейлеріне, автотұрақ орналастырған жөн. Автотұрақтағы машина орнындарының есептік саны ҚР ҚН 3.02-22-2002 – ге сәйкес анықталу керек. Мұнда сауда залдарының ауданы 1000 м2 артық универсамдар (супермаркеттер), сондай-ақ гипермаркеттер үшін 1 машина орны – сауда ауданының 15-25 м2. Қаланың орталық аймақтарында дүкендерді жобалау немесе қайта құрылымдау кезінде автотұрақтағы машина орнының есептік санын 10 % қысқартуға жол беріледі. 4.1.7 Дүкендер мен сауда орталықтарын қызметіне қарай аймақтарға бөлу, ереже бойынша, тауардың көлденең және тік қозғалысының ең қысқа жолын, сондай-ақ түсіру платформаларымен, қабылдау орындарымен, жүк лифтілерімен, тауар сақтауға арналған бөлмелермен және сауда залдарының тиісті бөлімдерімен төте байланысты қамтамасыз ету керек. Мұндайда қосалқы, көмекші және қызметтік-тұрмыстық бөлмелерді негізгі тауар қозғалыстары бағытынан шеткері орналастыру керек. 4.1.8 Дүкен қабаттылығы (оның ішінде жерүсті және жерасты қабаттарының саны) жобалау тапсырмасы бойынша қалақұрылысы, технологиялық және өртке қарсы талаптармен анықталады. Жерасты қабаттарын түсіру, қойма және басқа да көмекші, қызметтік-тұрмыстық және инженерлік-техникалық бөлмелерді, сондай-ақ азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлар сататын, сауда ауданы 1500 м2 көп емес дүкендердің сауда залдарын (қосымша қызмет көрсету бөлмелерімен) орналастыру үшін пайдалануға жол беріледі. Мұндайда аталған бөлмелердің инженерлік-техникалық жабдықтауын осы нормалардың 6-тарауына сәйкес жобалау керек. 4.1.9 Сауда залдарының биіктігі еденнен төбеге дейін 3,0 м-ден кем болмау керек. Көмекші, қызметтік және тұрмыстық бөлмелерде, сондай-ақ тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау бөлмелерінде еденнен төбеге дейінгі биіктікті технологиялық талаптарды ескере отырып 2,5 м-ге дейін азайтуға жол беріледі. Тұрғын ғимараттарға құрамдас салынған сауда ауданы 250 м2 астам емес дүкендерде барлық бөлмелердің биіктігін үйдің тұрғын бөлігінің биіктігіне тең деп қабылдауға жол беріледі.
Ескерту: Биіктігі ауыспалы сауда залдарында биіктіктің нормаланған мәніне бөлмеледің орташа (келтірілген) биіктігі сәйкес болу керек. Мұндайда бөлменің кез келген бөлігінің биіктігі 2,5 м кем болмау керек.
4.1.10 Азық-түлік дүкендеріндегі тауарларды сақтау және сатуға дайындау бөлмелерін, ереже бойынша, мамандандырылуы бойынша тиісті сауда залымен бір деңгейде қарастыру керек. Қойма бөлмелерін басқа қабаттарға орналастырған кезде контейнерлерді және оларды орын ауыстыру құралдарын тасымалдауға арналған жүк лифтісін қарастыру керек. Тауарлардың орын ауыстыру жолдарында табалдырықтарды орнатуға жол берілмейді. 4.1.11 Сауда кәсіпорындарын тұрғын ғимараттардың құрамдас (құрамдас -жапсарлас) немесе жеке орналастыру кезінде Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшелігін, соның ішінде ғимараттардың (бөлмелердің) ысып кетуін, желдің жоғары жылдамдығын, сондай-ақ бірқатар аумақтардағы ауаның аса шаңдылығын және шаң дауылдарын ескеру керек. Сауда кәсіпорындарын орналастыру үшін ғимараттардың көлемдік-жайғасымдық шешімдерін таңдау кезінде аталған жағымсыз әсерлерден қорғау шараларын қарастыру керек. Ысып кетуден қорғау үшін ғимараттардың қасбеттеріне күн қорғаныштарын қарастыру, сондай-ақ қажет болған жағдайда бөлмелерде қолайлы микроклиматты жасау үшін техникалық құралдарды қолдану керек. Шаң дауылдары болып тұратын аумақтарда сауда кәсіпорындарын кең корпусты тұрғын ғимараттарға (немесе басқа мақсаттағы ғимараттарға) орналастыру ұсынылады. Мұндайда терезе ойықтары аз күн қорғаныш элементтерімен жабдықталған қасбеттерді немесе техникалық құралдармен бөлме ішінде қолайлы температура-ылғалдық режимді міндетті қамтамасыз еткенде саңылаусыз қасбеттерді жел соғатын жаққа қарату керек.
4.2 Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар. 4.2.1 Дүкен бөлмелерінде, оның ішінде сауда залдарында, сондай-ақ көмекші және қызметтік-тұрмыстық бөлмелерде табиғи жарықтандыру немесе тек жасанды, немесе қосарлы жарықтандыру санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша энергияны үнемдеу талаптарын ескере отырып, ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002* сәйкес қарастырылады. Жасанды жарықтандырылған дүкендердің сауда залдарында шағылу коэффициенті жоғары әрлеу материалдарын, жоғары тиімді разрядты шамдар мен автоматты басқару жүйелерін қолдануды қарастыру керек. Тауарларды сатуға дайындау бойынша үтіктеу және шеберхана бөлмелерінде, ереже бойынша, табиғи жарықтандыруды қамтамасыз ету керек. 4.2.2 Дүкенді жерасты және шығыңқы ірге қабаттарда орналастыру кезінде бөлмелердегі қауіпсіздік пен қолайлы температура-ылғалдық және жарық режимін қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық шараларды қарастыру керек. Бұндай дүкендерде ультракүлгіндік сәулелену (олардың зиянсыз спектральді құрамын растайтын сертификаттары бар) және ауаны иондау құралдарымен жабдықталған сауықтыру рәсімдерін жүргізуге арналған профилакторий бөлмесін (бөлмелерін) қарастыру керек Дүкендердің сауда залдары мен қызметтік-тұрмыстық бөлмелерінде (ТЖК 0,1 % кем) ультракүлгін сәулеленудің жасанды көздерін қолдана отырып, профилактикалық сәулеленуді қарастыру керек. 4.2.3 Дүкендерде гигиеналық сертификаттары бар құрылыс және әрлеу материалдарын, сондай-ақ жабдықтарды пайдалану керек. 4.2.4 Ылғалды режимдегі бөлмелердің қабырғалары мен арақабырғаларының ылғалға төзімді әрлеуі 1,6 м кем емес биіктікте, ал салқындату камераларында қаптамасы бөлменің барлық биіктігінде болу керек. 4.2.5 Дүкенге кіреберістегі бөлмелер еденінің белгісі кіреберістегі жаяужол белгісінен 0,15 м және одан астам биік болу керек. Дүкенге кіреберістегі еден белгісін жаяужолмен бір деңгейде немесе оның белгісінен төмен терең етіп қабылдауға кіру ойықтары жоғарыдан су мен жауын-шашынның ағуынан қорғалған жағдайда жол беріледі. Мұндай жағдайларда кіреберістің жоғарғы жағынан күнқағар қарастырылу керек. 4.2.6 Құрылым элементтерін, олардың қосылыстарының түйіндерін, сондай-ақ желдеткіш керегеторларды жобалағанда бөлмелерді паразиттік жануарлар мен жәндіктердің кіруінен қорғау талаптарын ескеру керек. 4.2.7 Жеке тұрған дүкендердің, тұрғын ғимараттардың немесе басқа қызметтік мақсаттағы ғимараттардың құрамдас-жапсарлас (жапсарлас) салынған және құрамдас салынған құрылыс құрылымдарының дыбыс оқшаулауы және діріл оқшаулауы шудан қорғау бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болу керек және ішінде үнемі адамдар болатын (жұмыс істейтін немесе тұратын) бөлмелерде нормаланған акустикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету керек. 4.2.8 Келушілерге арналған қоғамдық дәретханаларды дүкендерде төмендегідей жобалау керек: - IH-IVH жіктеме тобы 600 м2 сауда ауданына бір санитарлық құрал есебінен, бірақ екі санитарлық құралдан кем емес; - IП жіктеме тобы 400 м2 сауда ауданына бір санитарлық құрал есебінен, бірақ екі санитарлық құралдан кем емес. Басқа типті дүкендерде қоғамдық дәретханаларды азық-түліктік емес дүкендерде - әрбір 600 м2 сауда ауданына және азық-түліктік дүкендерде - әрбір 400 м2 сауда ауданына бір санитарлық құрал есебінен, бірақ екі санитарлық құралдан кем емес етіп жобалауға жол беріледі. Қоғамдық дәретхана бөлмелеріне кіру есігін қақпа арқылы қарастыру керек. Мұндайда азық-түлік тауарларын сататын орындардың арасына орналастырмау керек. Келушілерге арналған қоғамдық дәретхана бөлмелерінің ауданы қосымша қызмет көрсету бөлмелерінің ауданында ескеріледі. Сауда орталықтарында келушілерге арналған қоғамдық дәретханаларды барлық дүкендер кешеніне олардың сауда ауданы жиынтығы есебінен жобалау керек. Қоғамдық дәретханаларды қабаттарға орналастыруға жол беріледі. Дәретханаларды жеке етіп жобалау керек. Қоғамдық дәретханаларда төмендегілерді қарастыру керек: - кабина ені - 0,8 м кем емес, тереңдігі - 1,2 м кем емес; - арбамен жүретін мүгедектерге арналған бір кабинадан кем емес, ені - 1,65 м кем емес және тереңдігі 1,8 м кем емес; - жүрген кезде балдақ немесе басқа да құрылғыларды пайдаланатын мүгедектерге арналған, шет жақтарында орналасқан, тұтқасы бар бір кабинадан кем емес; - мүгедектерге арналған емес екі жағында көлденең тірек тұтқалары бар 0,4 м биіктіктегі бір писсуардан кем емес; - жуынатын бөлмелерде жер деңгейінен 0,8 м артық емес биіктікте шеткі қабырғадан 0,2 кем емес аралықта тірек тұтқалары бар бір раковинадан кем емес.
4.3 Өртке қарсы талаптар 4.3.1 Дүкендер мен сауда орталықтары ғимараттарының отқа төзімділік деңгейі және қабаттылығына байланысты өртке қарсы қабырғалар арасындағы қабаттың ең үлкен ауданын 1-кесте бойынша қабылдау керек. 4.3.2 Тұрғын ғимараттар құрамдас-жапсарлас немесе құрамдас салынған дүкендерді тұрғын бөлігінен өртке қарсы 1-типтегі саңылаусыз арақабырғалармен және өртке қарсы 2-типтегі аражабындармен бөлу керек. Басқа мақсаттағы ғимараттардың (тұрғын ғимараттардан басқа) ішіне салынған сауда ауданы 100 м2 артық дүкендерді басқа кәсіпорындар мен бөлмелерден өртке қарсы 2-типтегі қабырғалармен және өртке қарсы 2-типтегі аражабындармен бөлу керек. 4.3.3 Дүкендерді басқа мақсатағы ғимараттарға (қоғамдық орталықтар мен өзге көп қызметтік ғимараттарға) орналастырған кезде жалпы вестибюль арқылы шығатын жерлерді ескермегенде, сауда залдарынан дербес эвакуациялық шығу есіктері қамтамасыз етілген жағдайда жалпы вестибюльден сауда залдарына кіреберістеріне өзі жабылатын есіктерді қарастыруға жол беріледі. 4.3.4 Дүкеннің сауда залынан тікелей сыртқа немесе саты алаңына (құрамдас -жапсарлас немесе құрамдас салынған бөлмелерге дүкенді орналастырған кезде басқа мақсаттағы ғимараттан оқшауланған) есеп бойынша, бірақ екіден кем емес шығатын эвакуациялық есіктер қарастырылу керек. Эвакуациялық есіктерді таратып орналастыру керек. Эвакуациялық есіктерді түсіру бөлмелері арқылы құруға жол берілмейді. Сауда ауданы 150 м2 дейінгі жеке тұрған бір қабатты, басқа мақсаттағы ғимараттарға құрамдас -жапсарлас салынған, жапсарлас немесе құрамдас салынған дүкендерде екінші эвакуациялық есік ретінде саудалық емес бөлмелер тобы арқылы сауда залынан шығатын есікті қарастыра отырып, залдан шығатын бір эвакуациялық есікті қарастыруға жол беріледі. Дүкендерде (жеке тұрған ғимараттарға орналасқан, басқа мақсаттағы ғимараттарға құрамдас -жапсарлас салынған, жапсарлас немесе ішіне салынған) эвакуациялық есіктерді есептегенде сауда залының біршама алыс нүктесінен жақын қызметтік сатыға немесе дүкеннен шығу есігіне дейінгі арақашықтық 2-кестеде көрсетілгеннен аспаған жағдайда, залмен немесе дәлізбен тікелей байланысты қызметтік саты алаңдары мен дүкендерден шығу есіктерін ескеруге жол беріледі. 4.3.5 Сауда залының біршама алыс нүктесінен жақын эвакуациялық шығу есіктеріне дейінгі ең үлкен арақашықтық 2-кесте бойынша қабылдану керек.
1-кесте
2-кесте
4.3.6 Эвакуациялық жолдарды есептеуде эскалаторлар ескерілмейді. 4.3.7 Эвакуациялық жолдарды есептеу үшін дүкеннің сауда залында бір мезгілде болатын сатып алушылар санын бір адамға 3,0 м2 сауда ауданы есебінен қабылдау керек. Егер жобалауға берілген тапсырмада дүкендердің сауда залдары аудандарын кейін кеңейту қарастырылған болса, онда бұл кеңейтуді эвакуациялық жолдарды есептеу кезінде ескеру керек. 4.3.8 Сауда залдарындағы негізгі эвакуациялық өтпелердің енін төмендегі есептен кем емес етіп қабылдау керек: 1, 4 м - сауда ауданы 100 м2 дейін (қоса); 1,6 м - сауда ауданы 100 м2 -ден 150 м2 дейін; 2,0 м - сауда ауданы 150 м2-ден 400 м2; 2, 5 м - сауда ауданы 400 м2-ден. Айналмалы есіктер, бақылаушы-кассирлер кабиналары арасындағы өтпелер және сауда залынан есептік торап бойымен сырт жағындағы өтпелер ауданы негізгі эвакуациялық ауданына қосылмайды. 4.3.9 Сауда залынан эвакуациялық шығулардың (есіктердің), сондай-ақ сауда залын қызметтік сатымен қосатын өтпелердің (дәліздердің) ені 3-кестедегі есепке сай, бірақ 1,2 м кем емес деп анықталу керек. Саты белдеуінің (немесе пандусының) енін сатыға (немесе пандусқа) шығатын эвакуациялық шығулардың біршама үлкен енінен кем емес деп қабылдау керек.
3-кесте
4.3.10 Отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі дүкендерде (жеке тұрған ғимараттардағы немесе басқа мақсаттағы ғимараттарға орналастырылған) шығыңқы ірге қабаттан (немесе бірінші жерасты қабаттан) бірінші қабатқа дейін немесе бірінші қабаттан екінші қабатқа дейін ашық сатылар немесе көлбеушелерге жол беріледі. Мұнда осындай сатылар немесе көлбеушелер вестибюльге, сондай-ақ басқа да бөлмелерге шыға алады. Отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі дүкендерде (жеке тұрған ғимараттардағы немесе басқа мақсаттағы ғимараттарға орналастырылған) бесінші қабатты қоса алғанда ашық сатыларға жол беріледі, бірақ екінші қабаттан жоғары ашық сатылы бөлмелер түйісіп тұрған дәліздер мен басқа бөлмелерден өртке қарсы 2-типтегі аражабындармен бөліну керек. Автоматты өрт сөндіру жасалғанда барлық ғимаратта дәліздер мен басқа бөлмелерден ашық сатылы бөлмелерді өртке қарсы аражабындармен бөлмеуге жол беріледі. Ашық сатылар мен көлбеушелерді тиісті сауда залындағы сатып алушылардың тек жартысы үшін ғана эвакуациялық жолдар есебінде ескеруге жол беріледі, ал қалғандар сатып алушыларды эвакуациялау үшін екіден кем емес саты алаңын қарастыру керек. Ашық саты немесе көлбеуше ұзындығын сауда залының біршама алыс нүктесінен жақын эвакуациялық шығуға дейінгі арақашықтыққа қосу керек (2-кесте бойынша). Осы сатының немесе көлбеушенің ауданын негізгі эвакуациялық өтпелер ауданының құрамында есепке алмау керек. Қоғамдық немесе сауда орталықтарының, сондай-ақ басқа да көп қызметтік ғимараттардың жерасты немесе шығыңқы ірге қабаттарында орналасқан дүкендерде бірінші қабаттағы вестибюльге шығатын ашық сатылар бар болса, дүкеннің жерүсті бөлігіндегі қалған эвакуациялық сатылардың осы вестибюльге шығатын есіктен басқа, тікелей сыртқа шығатын есіктері болу керек. 4.3.11 Дүкендердің жерүсті, шығыңқы ірге немесе бірінші жерасты қабаттарына орналасқан сауда залдары мен қызметтік бөлмелерінен адамдарды эвакуациялауға арналған саты алаңдарынан бірінші жерасты немесе шығыңқы ірге қабаттан сыртқа шығатын бір шетте эвакуациялық шығуларды қарастыру керек. Мұнда көрсетілген шығулар өртке қарсы 1-типтегі арақабырғамен бір қабат биіктігіне дейін бөлінген болу керек. Бірінші қабат дәлізіне, холл немесе вестибюліне шығатын жерасты (немесе шығыңқы ірге) қабат пен бірінші қабатты байланыстыратын сатылар адамдарды жерасты немесе шығыңқы ірге қабаттан эвакуациялау есебінде есепке алынбайды. Егер жерасты немесе шығыңқы ірге қабат сатысы бірінші қабат вестибюліне шығатын болса, онда осы вестибюльден шығатыннан басқа ғимараттың жерүсті бөлігіндегі барлық сатылардың тікелей сыртқа шығатын есіктері болу керек. 4.3.12 Қызмет көрсететін қызметкерлерге арналған сатылар сатып алушыларға арналған кіру есіктері мен сатылардан бөліну керек. Қойма немесе басқа саудалық емес бөлмелерге кіру есіктерін, ереже бойынша, қабылдау немесе қызметтік дәліздер жағына орналастыру керек. Сауда ауданы 1200 м2- тан артық емес дүкендерде қоймалардан тауарларды беру үшін сауда залына шығатын қосымша шығу есіктерін сауда залымен іргелес қарастыруға жол беріледі. 4.3.13 Дүкеннің сауда залынан шығатын эвакуациялық шығу есіктерінің біреуін тікелей вестибюльге немесе ашық сатымен түйісіп тұрған қабаттардағы холға шығатындай етіп қарастыруға жол беріледі. 4.3.14 Сыртқы ашық сатыларды 60° артық емес еңістігімен дүкеннің екінші қабатынан екінші эвакуациялық шығу ретінде пайдалануға жол беріледі. Мұнда аталған сатылар эвакуация жасалатындардың санына есептелген болу керек, артық емес: - 70 адам - отқа төзімділік дәрежелі ІІ ғимарат үшін; - 50 адам - отқа төзімділік дәрежелі ІІІ ғимарат үшін; - 30 адам - отқа төзімділік дәрежелі IV және V ғимарат үшін. Сыртқы сатылар енін 0,8 кем емес, тұтас баспалдақ енін 0,2 м кем емес етіп қабылдау керек. Жазық шатырлар (соның ішінде пайдаланылмайтын) бойынша немесе ашық галереялар арқылы ашық сатыларға өтетін жолды салғанда жабындар мен галереялардың көтергіш құрылымдарының сыртқы отқа төзімділік шегін REI 45 кем емес етіп жобалау керек. 4.3.15 Дүкендерде қисық сызықты сатыларды жасауға жол беріледі: бас көрнекті - екі және одан көп қабатты сауда залдарында, сондай-ақ осы залдарда антрессольдар бар болса; жетекші қызметтік - тұрақты 5 адамнан көп болмайтын бөлмелерде. Мұнда аталған сатылардың тар бөлігіндегі баспалдақтардың енін 0,22 м кем емес, ал қызметтік баспалдақтардың енін 0,12 м кем емес деп қарастыру керек. 4.3.16 Саты алаңдарын, ереже бойынша, сыртқы қабырғалардағы ойықтар арқылы табиғи жарықтандыруды жобалау керек. Екі қабатты ғимараттардағы (жеке тұрған, құрамдас -жапсарлас, тұрғын үй ғимараттарының құрамдас немесе оның ішіне салынған, сондай-ақ отқа төзімділіктің өзге қызметтік мақсатындағы ғимараттарда орналастырылған) саты алаңдарын 50 %-тен аспайтын жоғарыдан жарықтандыру жасауды, ал үш қабатты ғимараттарда саты баспалдақтарының арасында 1,5 м-ден кем болмайтын ойық орнатуға рұқсат етіледі. Адамдарды эвакуациялауға арналған саты алаңдарының 50 %-тен аспайтынын табиғи жарықтандырусыз жобалауға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, аталған саты алаңдарын 2-ші немесе 3-ші типті түтіндемейтін болуы тиіс. 4.3.17 Сауда залдарында түтінтартқыштарды табиғи жарықтандырусыз қарастыру керек. 4.3.18 Тез тұтанғыш тауарларды, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтарды (май, бояу, еріткіштер және т.б.) сататын дүкендер отқа төзімділігі ІІ дәрежеден кем емес жеке тұрған ғимараттарда орналастырылғаны жөн. Бұл ғимараттарда дүкендердің басқа типтерін, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарын тез тұтанғыш тауарлар мен жанғыш сұйықтықтарды сататын дүкеннен өртке қарсы 1-типтегі қабырғалармен бөліп орналастыруға рұқсат етіледі. 4.3.19 Тез тұтанғыш тауарлар мен жанғыш сұйықтықтарды сақтау қоймаларын (осы нормалардың 4.3.18 т. бойынша дүкендердегі) терезе ойықтары бар сыртқы қабырғаларда орналастыру керек және оларды өртке қарсы 1-типтегі арақабырғалармен (EI 45) және 3-типтегі аражабындармен (ЕI 45) бөліп, бұл қоймаларға кірер есік тамбур-шлюз арқылы қарастырылу керек. 4.3.20 Жанғыш тауарлар мен жанғыш орамадағы тауарларды сақтау қоймаларын, ереже бойынша, ауданы 250 м2 және одан артық болатын сауда залынан оларды 1-типтегі өртке қарсы арақабырғалармен бөле отырып, сыртқы қабырғаларға орналастырған жөн. Аталған қоймаларды ауданы 700 м2 аспайтын бөліктерге бөлген жөн. Әр бөліктің шегіне тордан жасалған немесе төбеге дейін жетпейтін арақабырғалар орнатуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда түтінтартқыш бөлікке тұтастай қарастырылады. Жоғарыда аталған көрсеткіштердің түтінтартқыштарын қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес, ал мұндай қоймаларды жерасты қабатына орналастырған жағдайда осы нормалардың 4.3.31 т. есепке ала отырып, қақпақтар немесе терезелер арқылы қарастырған жөн. Ауданы 50 м2 дейінгі осындай қоймалардың түтінтартқышын қоймалардың дәлізге шығар есіктері болған жағдайда дәліздің түбінде орналасқан терезелер арқылы жобалауға рұқсат етіледі. Қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қоймаларға, сондай-ақ жүк түсіру бөлмелері мен тұғырнамалары бар есіктер мен терезе ойықтары арқылы қосылған қоймаларға түтінтартқыш талап етілмейді. 4.3.21 Электрлі қалқан бөлмесіндегі, желдеткіш камералардағы, жанғыш материалдар мен өзге де өрт қауіпсіздігі техникалық бөлмелеріндегі есіктердің отқа төзімділік шегі EI 45-тен кем болмауы керек. 4.3.22 Жанбайтын тауарлардың қоймаларын сауда залынан өртке қарсы арақабырғалармен бөлген жөн (сауда залын келесі ұлғайтуға арналған жобалау тапсырмасына сәйкес тағайындалған ауданда орналастырылған ораусыз баяу жанатын тауарлар қоймасынан басқа). 4.3.23 Автоматты өрт дабылымен: - автоматты өрт сөндіру қондырғысы орнатылмаған азық-түліктік емес дүкендердің; - күзет дабылымен жабдықталған азық-түлік дүкендерінің жайларын жабдықтаған жөн. Автоматты өрт дабылын автоматты өрт сөндіру қондырғысымен жабдықталған бөлмелерде, сондай-ақ ет, балық, жемістер мен көкөністер (жанбайтын орамада), металл ыдыстар, жанбайтын құрылыс материалдары дайындалатын және сақталатын қоймаларда, дәретханаларда, тоңазыту камераларында, жуынатын бөлмелерде, сусебезгілер мен желдету камераларында, сорғылық, бойлерлік және қатты жанатын материалдары жоқ өзге де инжерелік жабдықтарға арналған бөлмелерде қарастырмауға рұқсат етіледі. 4.3.24 Екі жерүсті қабатында немесе бір жерүсті және шығыңқы ірге (жерасты) қабатта орналасқан шығыңқы ірге (жерасты) қабатында - жеке тұрған ғимараттарда немесе тұрғын үйлердің (немесе басқа мақсаттағы ғимараттардың) құрамдас -жапсарлас немесе құрамдас салынған сауда залдары бар сауда ауданы 3500 м2 артық (осы нормалардың 4.3.1 т. есепке алғанда) дүкендердің; - үш немесе одан артық жерүсті қабаттарында немесе немесе екі жерүсті және шығыңқы ірге (жерасты) қабатында орналасқан - жеке тұрған ғимараттарда немесе тұрғын үйлердің (немесе басқа мақсаттағы ғимараттардың) ішіне-жапсарлас немесе ішіне салынған кез келген аудандағы дүкендердің; - басқа мақсаттағы ғимаратардың ішіне салынған жерүсті қабаттарында орналасқан сауда ауданы 500 м2 және одан артық дүкендердің - сауда залдарын, тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау бөлмелерін, ыдыстар, орау материалдарын және мүліктерді сақтауға арналған бөлмелерін автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтаған жөн. 4.3.25 «Аңшы» дүкендерінде (сондай-ақ қару-жарақ сату бөлімдері бар «Табиғат» дүкендерінде) тамбур арқылы кірер есігі бар қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені жобалау қажет). Бұл жағдайда қоршайтын кірпіш қабырғаларының 0,38 м-ден кем болмауын және кіретін есігінің құлып салынатын болат табақпен қапталғанын қарастыру керек. Қару-жарақ сақтауға арналған бөлмеге терезе ойықтарын орнатуға рұқсат етілмейді. 4.3.26 Төрт немесе бес қабатты дүкендерге арналған есіктер, фрамугалар (саты алаңдарының ішкі қабырғаларын қоса алғандағы есіктер мен арақабырғалардағы) және арақабырғалар үшін жарық көзі толтырмасы ретінде шыңдалған немесе шегенделген шыны мен шыныблоктарды қолданған жөн. Биіктігі төрт қабаттан төмен дүкендерде жарық көзі толтырмасының түрі шектелмейді. 4.3.27 Жылжымалы арақабырғалар EI 45 отқа төзімділік шегін қамтамасыз ететін жанбайтын материалдармен екі жағынан қорғалу керек. 4.3.28 Сауда залдарының, қоймалардың, сондай-ақ отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі ғимараттардағы эвакуациялау жолдарындағы қабырғалар мен төбелерді әрлеу жанбайтын немесе баяу жанатын материалдармен, ал аспалы төбелердің қаңқалары жанбайтын материалдармен орындалу керек. 4.3.29 Техникалық қабат биіктігі онда орналастырылған инженерлік жабдықтар мен инженерлік коммуникациялардың түрлеріне, сондай-ақ оларды пайдалану шарттарына байланысты анықталады. Қызмет көрсету құрамының өту орындарында шығыңқы құрылымдардың еденнен төменге дейінгі ара қашықтығы 1,8 м кем болмауы керек. Жанбайтын материалдардан жасалған құбырлары мен құбыр оқшаулағыштары бар тек қана инженерлік коммуникацияларды орналастыруға арналған техникалық қабатта (техникалық жертөледе) оның еденнен төбеге дейінгі биіктігін 1,6 м кем болмайтындай көлемде азайтуға рұқсат етіледі. 4.3.30 Инженерлік желілер жүргізілген техникалық үйасты қабатынан сыртқа шығар орын (есіктер немесе мөлшері 0,6 х 0,6 м кем емес люктер арқылы) болу керек. 4.3.31 Бірінші жерасты немесе шығыңқы ірге қабаттардың (0,5 м аспайтындай тереңдетілген) әр бөлігінде қолданыстағы құжаттарда айтылған жағдайлардан басқа кезде ені 0,9 м және биіктігі 1,2 м болатын екіден кемес люктері немесе терезелері болу керек. Бөліктің ауданы 700 м2 аспау керек. 4.3.32 Алаңшалар аралығындағы бір сатыдағы баспалдақ саны (осы нормалардың 4.3.15 т. сәйкес қисық сызықты сатылардан басқа) 3-тен кем болмауы және 16-дан аспау керек. Бір сатылы баспалдақтарда, сондай-ақ екі немесе үш сатылы баспалдақтарда 18-ден аспайтын саты санына рұқсат беріледі. 4.3.33 Саты (көлбеушелер) баспалдақтары мен алаңшаларының тұтқалы қоршаулары болуы керек. Мүгедектердің сатылармен немесе көлбеушелермен (соның ішіндегі сырттағы) қозғалуын қамтамасыз етуге арналған құрылғылар мен шаралар ҚР ҚБҚ 3.01-05-2001, МҚН 3.02-05-2003 сәйкес қарастырылу керек. 4.3.34 Сыртқы сатылар мен көлбеушелердің, сондай-ақ жаяужол деңгейінен 0,45 м биік орналастырылған дүкенге кіре беріс алаңшалардың биіктігі 0,8 м кем болмайтындай қоршаулары болу керек. 4.3.35 Жерүсті қабаттарындағы сатылар баспалдақтарының еңістігін 1:2 аспайтындай етіп қабылдаған жөн. Жерасты және шығыңқы ірге қабаттарға әкелетін саты баспалдағының, сондай-ақ адамдарды эвакуациялауға арналмаған жерүсті қабаттарындағы сатылардың еңістігін 1:1,5 етіп алуға рұқсат етіледі. Адамдар қозғалысының жолдарындағы көлбеушілердің еңістігін 1:6, мүгедектер қозғалысының жолдарындағы «сауда залдары мен дүкендердің кіре берісіндегі) көлбеушелер еңістігін 1:12 аспайтындай етіп алған жөн.
4.4 Лифтілер 4.4.1 Жүк лифтілерінің жүккөтергіштігі мен кабиналардың габариттері дүкендердің жіктік топтары (1-қосымша бойынша) мен лифтілердің түсіруге және тиеуге арналып қарастырылған механикаландыру жабдықтарын ескере отырып, жобалау тапсырмасымен белгіленеді. Жүк лифтілерінің ең аз қажет саны жүк ағынының есебіне қарай анықталады. 4.4.2 Әр қабаттағы жүк лифтілерінің кіре берісінде Е х К тең (5-қосымшаға сәйкес) кем болмайтын жүк түсіруге арналған алаңшалар (бұдан әрі мәтінде - түсіру аймақтары) қарастырылу керек. Түсіру аймақтары тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындау бөлмелері топтарының ең аз мөлшерде нормаланған ауданының құрамына кіргізілмейді. 4.4.3 Жерасты немесе шығыңқы ірге қабаттардан шығу өрт кезінде ауа тірегінің құрылғысы бар тамбур-шлюздер арқылы қарастырылу керек (осы нормалардың 4.4.2. т. сәйкес Е х К тең габариттермен). Тамбур-қақпалар өртке қарсы арақабырғалармен қоршалу керек, ал олардың кіреберістегі есіктерінің өртке қарсы нығыздалуын қарастыру керек. Тамбур-қақпа есігінің ішкі бетін (лифт шахтасының жағынан) жанғыш материалдармен орындауға рұқсат етіледі. 4.4.4 Дүкен бөлмелері аралығындағы тікелей технологиялық байланыс үшін жүккөтергіштігі 100-ден 250 кг-ға дейінгі шағын жүк көтеру лифтілерін қолдануға рұқсат етіледі; бұл жағдайда түкпір шахтада 14-тен аспайтын аялдамаға рұқсат етіледі. Металл қаңқалы шахтада екі аялдамалы көтеру биіктігі 5,2 м аспайтын шағын жүк көтеру лифтісін (лифт жиынтығымен қойылатын) орнату кезінде жерүсті қабаттарында өртке қарсы арақабырғалар мен аражабындардың қоршау құрылғысы талап етілмейді. Жерасты немесе шығыңқы ірге қабаттардағы металл қаңқалы шахтада шағын жүк көтеру лифтісінің бірінші аялдамасын орналастырғанда лифтіден шығу осы нормалардың 4.4.2 т. талаптарын ескере отырып, тамбур-қақпа арқылы қарастырылу керек. 4.4.5 Екі немесе үш қабатты сауда орындарын орналастыру кезінде жолаушылар лифтісін орнатуды қарастырған жөн. Жолаушылар лифтісінің саны мен жүккөтергіштігін жолаушылар ағынын ескере отырып, анықтаған жөн. Төрт және одан жоғары қабаттардағы ауданы 1000 м2 және одан астам сауда залдарын орналастыру кезінде, ереже бойынша, эскалатор орнатылу керек. Жобалау тапсырмасы бойынша жолаушылар лифтілері мен эскалаторларды қабаты төмен және ауданы 1000 м2 кем сауда залдарында да орнатуға рұқсат етіледі. 4.4.6 Екі немесе үш деңгейлі сауда залдары бар дүкендерде мүгедектердің, соның ішінде арбалы мүгедектердің жылжуына арналған кабинасының кеңдігі 2,1 м кем болмайтын (ҚР ҚБҚ 3.01-05-2001, ВҚН 62-91* талаптарын ескере отырып) бірден кем емес жолаушылар лифтісін орнатуды қарастырған жөн. 4.4.7 Жерасты немесе шығыңқы ірге қабаттардағы жолаушылар лифтілерін тоқтату қажет болғанда лифт шахталарының есіктері өртке қарсы арақабырғалармен қоршалған (жолаушылар лифтілерінің алдындағы алаңшалар үшін нормаланған габариттерден кем болмайтын) тамбур-қақпаларға шығу керек. Тамбур-қақпалардың кіреберістегі есіктерінің өртке қарсы нығыздалуын қарастыру керек. 4.4.8 Дүкендердегі сауда залдарының деңгейлерінің (белгілерінің) еңістігі қабат биіктігінен кем болған жағдайда және көлбеушелер орнату мүмкін болмағанда мүгедектер үшін (соның ішінде арбалы мүгедектер үшін) саты баспалдақтарының бойымен немесе тігінен орналатырылатын арнайы көтергіштер қарастырылу керек. Бұл жағдайда көтергіш тұғырнамасының ені 0,9 м, ал тереңдігі 1,2 м кем болмау керек. 4.4.9 Дүкендердің лифтілері мен жүк көтергіштерінің машиналық бөлімшелерін тікелей тұрғын бөлмелердің астына орналастыруға жол берілмейді
4.5 Қоқыс шығару және шаң сору 4.5.1 Қоқыс контейнерлері үшін дүкен аумағында шаруашылық алаңы шегінде немесе ғимарат көлемінде орналасатын қатты жабынды шаруашылық алаңшасын қарастыру керек. Қоқыс құбырларын (қоқыс шығарудың пневматикалық немесе вакуумдық жүйесі болмаған кезде) бес қабатты дүкендерде қарастыру керек. Аз қабаттары дүкендерде қоқыс құбырларын орнату қажеттіліктері жобалауға берілетін тапсырмамен анықталады. Қоқыс құбырларымен жобалау тапсырмасы бойынша, әрі 11 және 12-қосымшаларды есепке ала отырып, жабдықталмаған дүкендер қоқыс жинау камерасын, қағаз қалдықтарын престеу бөлмесін, тағам қалдықтарын сақтауға арналған камераны, қарастыру керек. Аталған бөлмелерді инженерлік қамтамасыз ету талаптарын осы нормалардың 6-тарауын есепке ала отырып қарстыру керек. 4.5.2 Қоқысқұбыры ұңғысы: - ауа өткізбейтін және құрылыс құрылымдарынан дыбысоқшауланған, экологиялық таза материалдардан жасалған, өртке қарсы талаптарға жауап беретін және дайындаушы-зауыттың сертификаттарымен куәландырылған құбырлардан жасалу керек; - негізгі құрамдық жиынтығынан басқа (клапандар, шибер, қамыттар, ақаулағыштар) тазарту құрылғысы, шаю жүйесі, бөлу құрылғысы болу керек; - адамдар үнемі болатын тұрғын үйлер және қызмет бөлмелермен қатар салынбау керек. 4.5.3 Қоқысжинағыш камера тікелей оқпанның астында орналастырылуға, ғимаратқа кірер есіктен қалың қабырғамен (қалқанмен) оқшауланған сыртқа ашылатын есігі бар дербес шығу орны болу керек және өртке қарсы 1-типтегі арақабырғалармен (EI 45) және 2-типтегі аражабындармен (EI 60) қоршалуы керек. Қоқысжинағыш камералардың жоспардағы мөлшерін 2,0 х 1,5 м кем болмайтындай, ал камераның биіктігін жарықта 1,95 м-ден кем болмайтындай етіп қабылдаған жөн. Қоқыс жинағыш камераға апаратын дәліз болған жағдайда, ереже бойынша, оның ені 1,3 м-ден кем болмауы керек. Қоқысжинағыш камераға спринклерлік суарғышты орнату қарастырылғаны жөн. Қоқысжинағыш камера еденінің белгісі жаяужол деңгейінен жоғары немесе көлік өтетін жолға 0,05 м-ден 0,1 м-ге дейінгі аралықта жақын болуы керек. Қоқыс алуды механикаландырған жағдайда қоқысжинағыш камераны басқа деңгейде орналастыруға рұқсат етіледі. Қоса салынған (қосып-қосымша салынған) дүкендерде қоқысжинағыш камераны тұрғын бөлмелердің астына, сондай-ақ адамдар үнемі болатын басқа мақсаттағы бөлмелердің астына немесе олармен жапсарлас етіп орналастыруға рұқсат етілмейді. 4.5.4 Вакуумдық шаңжинағыштың орталықтандырылған немесе аралас жүйесін сауда ауданы 6500 м2 және одан артық дүкендерде қарастырған жөн. Сауда ауданы кіші дүкендерде шаңжинағыш жүйелердің қажеттілігі жобалау тапсмырмасымен белгіленеді. 4.5.5 Шаңжинағыштың аралас жүйесін жобалау кезінде қызмет көрсетудің бір қабылдау клапанының радиусы 50,0 м-ден аспау керек. 4.5.6 Шаңжинағыштың орталықтандырылған немесе аралас жүйесі болмаған жағдайда шаңсорғыштар сүзгілерін тазалау камерасын орнату жобалау тапсырмасында анықталады.
5 ДҮКЕНДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1 Сауда бөлмелері 5.1.1 Дүкендердің сауда ауданына сауда залдары мен қосымша қызмет көрсетуге арналған бөлмелер кіреді, сондай-ақ көше жағындағы экспозициялық сөрелер ауданы оларды еденге оналастыру жағдайында залдың еденімен бір деңгейде болады (9 - қосымшасы бойынша). Қосымша қызмет көрсету элементтерінің тізбесі тәртіпке енгізілмейді және жобалау тапсырмасы бойынша 2-қосымша ескеріле отырып, белгіленеді. Сауда залындағы белгіленген ауданның ең аз коэффициентін 0,25- ке тең деп қабылдаған жөн. 5.1.2 Өзіне өзі қызмет көрсету дүкендерінің сауда залдарын жобалау кезінде орталықтандырылған есептеу желілерінің (қабат бойынша немесе тұтастай) және сатып алушылардың жеке заттарын қоюға арналған сөрелердің орналастырылу мүмкіндігін қарастырған жөн. 5.1.3 Өзіне өзі қызмет көрсететін дүкендердегі бақылаушы-кассирлердің жұмыс орнындарының санын бір бақылаушы-кассирге келетін сауда залының ауданына байланысты қабылдау керек: - азық-түлік дүкендерінде - 100 м2 дейін, қоса алғанда; - азық-түліктік емес дүкендерде - 160 м2 дейін, қоса алғанда. Есептік торап ауданын сауда залы ауданының 15 % көп емес деп қабылдау керек. Есепте бақылаушы-кассирлердің жұмыс орнындарының саны қосымша қызмет көрсетуге арналған сауда залы ауданында, сондай-ақ сәйкес мақсаттағы бөлмелер ауданында ескерілмейді. 5.1.4 Дүкен сауда залдарындағы жабдықтар арасындағы өту жолдарының ені 7-қосымшаға сай анықталу керек. 5.1.5 Тапсырыс (немесе сыйлық жинақтарын жинақтау) бөлімдерінің ауданын 8-қосымшаға сәйкес ең кіші ауданының шекті көрсеткіші бойынша анықталатын есептіктен кем емес етіп қабылдау керек. 5.1.6 Кафетерий ауданын 9-қосымшаға сәйкес ең кіші ауданының шекті көрсеткіші бойынша анықталатын есептіктен кем емес етіп қабылдау керек. Дүкендердің құрамында қарастырылған шырын-барлардың, кулинария бөлімдерінің және басқа да тамақтану кәсіпорындарының ауданын ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 талаптарын ескере отырып, жобалауға берілетін тапсырма бойынша қабылдау керек. 5.1.7 Қосымша қызмет көрсететін басқа бөлмелердің аудандарын 10-қосымшаны ескере отырып, жобалау тапсырмасымен анықтау керек. Жеке тұрған азық-түлік дүкенінде жобалау тапсырмасы бойынша тиісті бөлімде (немесе бөлімдерде), сондай-ақ жедел тамақтану кәсіпорнында сатылатын тамақ өнімдерін дайындау жөніндегі аспаз цехын қарастыруға рұқсат етіледі. 5.1.8 Көше жағынан экспозициялық аумақтары бар сөрелерді орналастыру кезінде сөрелердің салқындататын беттерінің суланып кетуден қорғауды, ал қажет болған жағдайда (осы нормалардың 4.1.11 т. талаптарын ескере отырып) тікелей күн сәулесінен қорғауға арналған қондырғыларды қарастырған жөн.
5.2 Тауарларды қабылдау мен сақтау және тауарларды сатуға дайындау бөлмелері 5.2.1 Түсіру платформаларының деңгейі, ереже бойынша, автомобиль алаңының деңгейінен 1,1-1,2 м-ге биік болу керек. Түсіру платформасының деңгейін төмендегідей қарастыруға болады: - тауарларды жеткізу үшін аз жүүкке бейімделген және жеңіл автомобильдерді пайдаланған кезде – автомобиль алаңының деңгейінен 0,6-0,8 м биік; - жобалау тапсырмасында түсіру-көтеру құралдары бар болса – автомобиль алаңымен бір деңгейде. Тікбұрышты үлгідегі платформаның ең кіші тереңдігі 4,0 м тең, біршама тар жердегі ара тәрізді үлгідегі 2,5 м болу керек. 5.2.2 Түсіру орындарының есептік санын 4-кесте бойынша қабылдау керек. Сауда орталықтарында жүк түсіру орындарының жалпы саны әрбір сауда кәсіпорны бойынша есеп айырысу шамасы ретінде қабылданады. Олардың жалпы санының шамасын 15 % дейін қысқартуға рұқсат етіледі.
4-кесте
5.2.3 Жүк түсіру платформаларын сауда ауданы 1500 м2 аспайтын азық-түлік дүкендерінде және сауда ауданы 3000 м2 аспайтын азық-түліктік емес дүкендерде қалқа астында (барлық платформаны және 1,0 м машина қорабын жабатындай) орналастыруға жол беріледі. Сауда ауданы үлкен дүкендерде (жобалау тапсырмасына сәйкес жылытылатын немесе жылытылмайтын) жүк түсіру бөлмелерін, соның ішінде жерасты тоннельдері немесе арнайы аулалары арқылы жүк тиеу бөлмелерімен қоса) қарастыру қажет. Жаң салынған сауда ауданы 1500 м2 және одан кем азық-түлік дүкендерінде және сауда ауданы 3000 м2 және одан кем азық-түліктік емес дүкендерде жерүсті жүк тиеуін қарастыруға жол беріледі. Тұрғын ғимараттарға құрамдас -жапсарлас салынған немесе құрамдас салынған дүкендерде жүк түсіру бөлмелерін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес қарастырған жөн. 5.2.4 Сауда ауданы 1500 м2 аспайтын дүкендерді қайта құрылымдау кезінде тауарларды жүк түсіру алаңынсыз тікелей қабылдау бөлмесіне түсіру тәсілін қалдыруға рұқсат етіледі. Сауда ауданы 1500 м2 астам дүкендерді қайта құрылымдау кезінде, ереже бойынша, жерасты жүк тиеуін жобалау керек, ал ауданы 1500 м2 және одан кем болса, жерасты жүк тиеуіне рұқсат етіледі. Тұрғын ғимараттардың құрамдас -жапсарлас немесе ішіне салынған сауда ауданы 250 м2 дейінгі дүкендерді қайта құрылымдау кезінде пәтерлердің терезелері мен кірер есіктері бар қасбет жағынан жүк тиеу тәсілін қалдыруға болады. Бұл жағдайда жүк тиелетін орынның үстінен қалқа қарастыру керек. Пәтерлердің терезелерінің үстінен дебаркадерлер орнатуға жол берілмейді. 5.2.5 Ашық жүк түсіру алаңдарын, ереже бойынша, дүкендердің оқшауланған шаруашылық аулаларында орналастыру керек. Мұндай аулаларды ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда шағын аудандардың қоғамдық ғимараттарын, қоғамдық аймақтарын немесе тұрғын ғимараттардың түкпір жақтарын бағдарлау керек. Дүкендер аумағындағы қоқыс контейнерлеріне арналған шаруашылық алаңшаларын орналастыру кезінде бұл алаңдар арасындағы ара қашықтық тұрғын ғимараттардың терезелерінен, мектепке дейінгі балалар және жалпы білім беру мекемелерінің, сондай-ақ тұрақты типтік емдеу мекемелерінің шекараларынан 20 м-ден кем болмауын қарастыру керек. 5.2.6 Тауар түсірулері қалқа астында жүргізілетін дүкендерде қабылдау бөлмелерін бір жүк түсіру орнына 12 м2 кем болмайтын есеппен қарастыру керек. 5.2.7 Жабық бөлмелердегі және қалқа астындағы автомобильдерге арналған көлбеушелердің еңісі 16 %-дан, ал ал ашық аумақтарда 8 %-дан аспауы керек. 5.2.8 Машиналардың тұйықтала орналасуы кезінде жабық жүк түсіру бөлмесін кеңдігі аз тонналық машиналар үшін 8,0 м-ден кем (қақпадан түсіру тұғырнамасына дейін) болмайтындай және үлкен жүк автомашиналары үшін (рефрижераторлар, тіркемелі автокөліктер) - 12,0 м кем болмайтындай жобалау керек. Жүк түсіру бөлмесінің биіктігі немесе қалқа астындағы кеңістік кіру қақпасының ені 3,6 м болғанда көліктің өту жолының деңгейінен шығыңқы құрылымдарға дейін - 4,2 м-ден және биіктігі 4,2 м-ден кем болмауы керек. Егер жобалауға тапсырма бойынша үлкен жүк автокөліктерін пайдалану қарастырылмаса, жүк түсіру бөлмесінің биіктігін 3,6 м тең етіп, сондай-ақ кіру қақпасының ені мен биіктігін 3,6 м-ден кем болмайтындай етіп алуға рұқсат етіледі. Автомобильдер мен өзге де көліктердің өту жолдарындағы бағаналар, қабырғалар және қабырғалардағы қуыс бұрыштары биіктігі 1,6 м-ден кем болмайтын соққыға төзімді материалдармен механикалық зақымданулардан қорғалуы керек. 5.2.9 Азық-түлік және азық-түліктік емес дүкендерде сатуға шығарылған тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау бөлмелерінің ауданын 3 және 4-қосымшаларға сәйкес сауда жүргізілмейтін бөлмелердің аталған топтарына арналған ауданның меншікті көрсеткіштері бойынша анықталатын есептеу көрсеткішінен кем болмайтындай қабылдау керек. Жылытылатын бөлмелерде тауарларды түсіру кезінде оның ауданын сатуға шығарылған тауарларды қабылдау, сақтау және дайындауға арналған бөлмелердің ауданына енгізу керек. Тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау бөлмелерінің құрамын 11 және 12-қосымшаларға сәйкес қабылдау керек. 5.2.10 Тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау бөлмелерінің тобындағы дәліздердің енін дүкен мен пайдаланылатын көлік жабдығының шамасына қарай сауда залының ауданы 250 м2 дейін болса - 1,6 м кем болмайтындай, 250 м2 артық болса - 1,8 м кем болмайтындай және электрленген көлікті пайдаланған кезде сауда залының кез келген ауданында - 2,3 м кем болмайтындай етіп қабылдау керек. Ауданы 10 м2 артық тауар сақтау бөлмелері мен қоймаларының есіктері ені 1,3 м-ден және биіктігі 2,3 м-ден кем болмайтындай қос қақпалы болу керек, ауданы олардан кіші қоймаларға ені 0,9 м-ден кем болмайтын, биіктігі 2,3 м-ден кем болмайтын бір қақпалы есік орнатуға рұқсат етіледі. Қалқа астында орналасқан жүк түсіру тұғырнамасы мен дүкен бөлмелерінің арасындағы есіктердің ені 1,6 м кем болмайтын, биіктігі 2,3 м кем болмайтын қос қақпалы (немесе жылжымалы) болу керек. 5.2.11 Ортақ қоймаға: - азық-түлік дүкендеріндегі сауда залының ауданы 100 м2 аспаса және тауарды қатар қою ережесі сақталатын болса; - азық-түлік сатылмайтын дүкендердегі сауда залының кез келген ауданында целлулоидті, парфюмерлік және аэрозольді иісті тауарлардан, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтардан басқа тауарларды қоймалауға жол беріледі. Қоймалар ауданында сатуға арналған тауарларды дайындауды қарастыруға жол беріледі. Тоңазытқыш камераларды есептеу температуралары бойынша және тағамдардың сипаттамасы ескеріле отырып, біріктіруге рұқсат етіледі. 5.2.12 Тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау бөлмелеріне дәретханалар, душтар және канализацияға су жіберуге арналған тораптарының астында орналастыруға жол берілмейді. Дүкендердің үстінде техникалық қабат болған жағдайда (тұрғын ғимараттарға немесе өзге қызметтік мақсаттағы ғимараттардың ішіне-жапсарлас немесе ішіне салынған) тауарларды сақтауға және сатуға дайындау бөлмелерін орналастыруға канализациялық тікқұбырларды салу бұл бөлмелер шегінен тыс салынған жағдайда шектеу қойылмайды. Жуыну бөлмелерінде, дәретханалар мен сусебезгілерде суды канализацияға жіберу траптарын қарастыру керек, ал еден белгісі көрші бөлмелердің еден белгісінен 0,02 м төмен болу керек. 5.2.13 Тоңазытқыш камераларды, ереже бойынша, оған ені 1,3 м кем болмайтын қақпа арқылы кіретін бірыңғай блокпен жобалау керек. Бірыңғай блоксыз тоңазытқыш камераларын оларға тиісті қойма арқылы кіретін екіден артық болмайтын камераларды орналастыруға рұқсат беріледі. Есептеу температурасы 2 °С және одан жоғары тоңазытқыш камераға кіру кезінде қақпаны қарастырмауға рұқсат етіледі. Температурасы төмен камераға (немесе камералар блогына) кіруді жеке қақпа арқылы қарастыру керек. 5.2.14 Тоңазытқыш камераларды жоғары қазанпештермен, бойлерлік, жуыну және өзге де температурасы мен ылғалдылығы бөлмелермен қатар, сондай-ақ олардың үстіне немесе астына орналастыруға рұқсат берілмейді. 5.2.15 Суытылған өнімдерді, сондай-ақ балмұздақтарды сақтауға арналған төмен температуралы камералардағы тоңазытқыш камералардың қоршау құрылымдарының жылуоқшаулағышын камералардағы ішкі есептік температурасына сәйкес, бірақ минус 18 °С-тан төмен болмайтындай, қалған камераларда плюс 4 °С-тан жоғары болмайтындай жобалау керек. Тоңазытқыш камералардың қоршау құрылымдарында су құбыры мен канализация құбырларын, желдету қораптары мен электр кабельдерін жүргізуге жол берілмейді. 5.2.16 Тоңазытқыш камералардың биіктігі таза қалпында 2,7 м-ден кем болмауы, бірақ 3,5 м-ден артық болмауы керек. Жоғары биіктікте камералардың үстінен камералар мен жоғары қабаттың арасында желдеткіш кеңістігі бар дербес жабын қарастыруға рұқсат етіледі, ал оларды тұрғын үй қабаттарының астына орналастыру қажет болған жағдайда камералардың жабыны ғимараттың қабатаралық жабынынан желдету кеңістігімен бөлінуі керек. 5.2.17 Тоңазытылатын камералардың машина бөлімшелерінде сауда залындағы сөрелерді сауда залымен қатар немесе оның астында орналасқан арнайы бөлмеде агрегаттар орнату арқылы орталықтандырылған салқындату жүйесін қарастыру керек. Тоңазытқыш камералардың машина бөлімшесін тұрғын үй бөлмелерінің астында орналастыруға рұқсат етілмейді. Ауамен салқындату жүйесі жұмыс істеген жағдайда машина бөлімшелерінің биіктігі таза қалпында 2,7 м-ден кем болмауы, бірақ 3,5 м-ден артық болмауы керек. Тоңазытқыш агрегаттарды машина бөлімшесіндегі камерамен қатар немесе камера жанында дәлізден биіктігі 1,5 м кем болмайтын металл тормен (қос қақпалы есікпен) бөлінген алаңда орнатылу керек.
5.3 Қосалқы, қызметтік және тұрмыстық бөлмелер 5.3.1 Азық-түлік және азық-түліктік емес дүкендердегі қосалқы, қызметтік және тұрмыстық бөлмелердің ауданын 3 және 4-қосымшаларға сәйкес сауда жүргізілмейтін бөлмелердің аталған топтарына арналған ауданның меншікті көрсеткіштері бойынша анықталатын есептеу көрсеткішінен кем болмайтындай қабылдау керек. Азық-түлік және азық-түліктік емес дүкендердегі қосалқы, қызметтік және тұрмыстық бөлмелердің құрамын 11 және 12-қосымшаларға сәйкес қабылдау керек. Дүкендердің тұрмыстық бөлмелеріндегі санитарлық-гигиеналық жабдықтар санын қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықтау керек.
6 ИНЖЕНЕРЛІК ЖАБДЫҚТАУ
6.1 Жалпы ережелер. 6.1.1 Жеке тұрған ғимараттарда, көп қызметтік кешендерде, қоғамдық ғимараттар мен орталықтарда орналасқан дүкендердің жылумен, сумен жабдықталуын, ереже бойынша, жеке жылыту пункттерінен (ЖЖП) қарастыру керек. Қалған жағдайларда сауда кәсіпорнын жылумен, сумен жабдықтау үшін жылыту пунктінің типін таңдауды қолданыстағы нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, жүзеге асыру керек.
6.2 Сумен жабдықтау және канализация 6.2.1 Дүкендерде: қолданыстағы нормативтік құжаттар мен осы бөлімнің талаптарына сәйкес жобаланған ыстық және суық судың шаруашылық-ауыз су құбырын, тұрмыстық канализацияны, суағарларды, ішкі, өртке қарсы су құбырларын қарастыру керек. 6.2.2 Дүкендерде ыстық және суық судың су есептеу қондырғысын қарастыру қажет. Су өлшеу тораптарын дүкендерге су кіргізілетін құбыр басында орнату керек. Тұрғын үйлердің, сондай-ақ басқа мақсаттағы ғимараттардың құрамдас -жапсарлас және ішіне салынған дүкендердің ыстық және суық су енгізу құбыры ортақ болған жағдайда құбырлардың жеке тармақтарына қосымша су есептеу қондырғысын орнату керек. 6.2.3 Тұрғын ғимараттардың, сондай-ақ басқа мақсаттағы ғимараттардың құрамдас -жапсарлас және құрамдас салынған дүкендердің канализация жүйелерін, ереже бойынша, бұл ғимараттардың канализациялық жүйелерінен бөлек қарастыру керек. 6.2.4 Жерасты және шығыңқы ірге қабаттардағы дүкендерге санитарлық-техникалық құралдар орнату қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орындалу керек. 6.2.5 Жеке тұрған дүкендердің ЖЖП (қалалық су құбыры желісінің қысымы жетіспеген жағдайда) шаруашылық және өртке қарсы сорғылар орнатуды қарастыру керек. 6.2.6 Азық-түлік дүкендеріндегі тоңазытқыш агрегаттар үшін, ереже бойынша, ауамен салқындату қарастырылу керек. Оны орнату мүмкін болмаған жағдайда сумен қамтудың айналымдық жүйесін қарастыру керек. Жүйені қоректендірудегі айналымдық сумен қамтудағы су шығындарын құрылыс аумағындағы судың тұтынылуын бақылайтын тиісті органдармен келісу керек. 6.2.7 Жинау мүліктерін сақтауға арналған бөлмелерде раковиналар, траптар, сондай-ақ ыстық және суық су крандары қарастырылу керек. Сатуға арналған азық-түлік тауарларын дайындауға арналған бөлмелерді раковиналармен және жуыну ванналарымен жабдықтау керек. Тамақтану кәсіпорындарының дүкен қызметкерлері мен келушілерге арналған қосалқы бөлмелері ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 тамақтану кәсіпорындары талаптарына сәйкес жабдықталу керек. 6.2.8 Сауда ауданы 8500 м2 және одан артық әмбебап дүкендерің, сондай-ақ сауда ауданы 1000 м2 және одан артық азық-түлік дүкендерінің сауда залдарында едендерді ылғалдап жинауға арналған тораптар мен суландыру крандары орнатылу керек. 6.2.9 Тамақ қалдықтары камераларының жанындағы қақпа раковинамен және кіші бактарды шаюға арналған жуғышпен жабдықталу керек. 6.2.10 Зоологиялық тауарлар сатылатын «Балықтар» және «Табиғат» дүкендерінің сауда залдарында жобалау тапсырмасы бойынша аквариумдар жобалауға рұқсат етіледі. 6.2.11 Автоматты өрт сөндіру жүйесі бар болған жағдайда қолданыстағы нормативтік талаптардың құжаттары ескерілу керек.
6.3 Жылыту және желдету 6.3.1 Дүкендердің жылытылуын, желдеткішін, ауа баптағышын және түтінге қарсы апаттық желдеткішін қолданыстағы нормативтік құжаттарға және осы бөлімнің талаптарына сәйкес жобалау керек. 6.3.2 Ауданы 400 м2 және одан артық сауда залдары үшін, сондай-ақ жүк түсіруге арналған бөлмелер үшін сумен жылыту жүйелерінің бөлек тармақтарын қарастыру керек. 6.3.3 Дүкендердің сауда залдарындағы кезекшілік жылыту плюс 10 °С ауа температурасына есептелу керек. 6.3.4 Дүкенде жылу беру шығынының есебі қарастырылу керек. 6.3.5 Тұрғын ғимараттың құрамдас салынған немесе құрамдас -жапсарлас салынған дүкендердің жылу жүйесін ғимараттың тұрғын ғимарат бөлігінің жылу жүйесіне қосуға рұқсат етілмейді. 6.3.6 Ғимаратта бірнеше дүкен орналасқан жағдайда олардың әрқайсысы үшін сумен жылыту және желдету жүйесінің бөлек тармақтары жобалану керек, сондай-ақ жылу беру шығынының жеке есебін қарастыру керек. 6.3.7 Дүкеннің сауда залына кіре берісінде қысқы кезеңде салқын ауаның және жазғы ыстық кезеңінде жылы ауаның ішке өтуіне кедергі келтіру үшін есептеліп орнатылатын ауамен жылыту шымылдығын: - кіретін есік арқылы бір сағат ішінде өтетін адам саны 250-ден асқан жағдайда; - бір сағат ішінде кітетін адам санына қарамай, кіру және шығу есіктерінің арасында жапсарлас жұмыс орны орналасқан жағдайда жобалауға рұқсат етіледі 6.3.8 Жүк түсіру бөлмелері қақпаларының ауамен жылыту шымылдықтарын сауда ауданы 1500 м2 және одан жоғары азық-түлік дүкендерінде, сондай-ақ сауда ауданы 2500 м2 және одан артық азық-түлік сатылмайтын дүкендерде жобалау керек. 6.3.9 Бөлмелердегі есеп айырысу температурасы мен ауа алмасу еселігін 13-қосымшаға сәйкес қабылдау керек. 6.3.10 Сауда ауданы 400 м2 дейінгі азық-түлік дүкендерінде және азық-түлік сатылмайтын дүкендерде табиғи қозғалтқышты желдеткіш жобалауға рұқсат етіледі. 6.3.11 Сауда ауданы 400 м2 және одан жоғары дүкендердің механикалық түйсікті желдеткішпен жабдықталған бөлмелеріндегі тарту көлемі толығымен өтелу керек. 6.3.12 Желдету және баптау жүйелерін есептеу кезінде сауда залдарындағы адамдар санын сауда залының бір адамға шаққандағы ауданы бойынша: - жиһаз, музыка, аудио-, бейне-, тұрмыстық және ұйымдастыру техникасы, спорт және зергерлік бұйымдар дүкендері үшін - 6 м2; - өзге де азық-түліктік емес дүкендер, сондай-ақ азық-түлік дүкендері үшін - 5 м2 (немесе технологиялық тапсырма бойынша) анықтау керек. 6.3.13 Дүкендердің сауда залдары мен қызмет бөлмелерінің шыныланған ойықтарын батысқа немесе оңтүстік батысқа бағдарлау кезінде терезе немесе бөлме баптағыштарын орнатуды қарастыру керек. 6.3.14 Дүкендердің химиялық, синтетикалық немесе иісті заттар мен жанғыш сұйықтықтар сату залдарынан басқа сауда залдарында ауаны қайта айналуға рұқсат етіледі, бұл жағдайда сыртқы ауа бір адамға 20 м3 /сағаттан кем болмайтындай берілуі керек. 6.3.15 Тұрғын үй ғимараттарының немесе өзге функционалдық мақсаттағы ғимараттардың ішіне-жапсарлас немесе жапсарлас салынған дүкендердің желдету жүйелерін бұл ғимараттардың желдету жүйелеріне қосуға рұқсат етілмейді. 6.3.16 Қойма бөлмелерінде, ереже бойынша, дербес арналармен желдетудің табиғи жүйесін қарастыру керек. 6.3.17 Отты тежеуші клапандар қондырғысы орнатылған жағдайда қоймалардың сорып желдету жүйесін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес қосалқы бөлмелердің механикалық желдеткішінің жалпы алмасу жүйесіне қосуға рұқсат етіледі. 6.4 Электртехникалық құрылымдар 6.4.1 Электр желілерінің сұлбалары дүкендердің электр қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігіне ұсынылатын талаптардан шыға отырып жобалануы керек. Электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету дәрежесі бойынша дүкендердің электр қабылдағыштары төмендегі санаттарға жатқызылады: I санат - өртке қарсы құрылғылардың электр қабылдағыштары, 2000 м2 артық сауда ауданының күзет дабылдары; ІІ санат - 2000 м2 артық сауда ауданының қалған электр қабылдағыштары, сондай-ақ 250-ден 2000 м2 дейінгі саудағы ауданының электр қабыдағыштары; III санат – 250-ден кем сауда ауданының электр қабылдағыштары. 6.4.2 Дүкендердің электр желілеріне арналған жүктеме есебін қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес орындау керек. 6.4.3 Дүкенде қала желісінен электр энергиясын қабылдауға арналған және электр энергиясын тұтынушылар бойынша таратуға арналған бір ортақ енгізу-тарату құрылғысы (ЕТҚ) немесе басты тарату қалқаны (БТҚ) қарастырылу керек. 6.4.4 IP00 қорғаныш дәрежесімен ЕТҚ немесе БТҚ, ереже бойынша, жабылатын арнайы бөлмеде (электр қалқандарында) орналастыру керек. ЕТҚ немесе БТҚ орналастырудың басқа да нұсқаларына рұқсат етіледі: ЕТҚ қорғаныш дәрежесі IP30 төмен емес; құрылғылар мен қалқандарды қызмет көрсетуге оңай жерлерде орналастыру; қорғаныш және басқару аппараттарын металл шкафтарда немесе жабылатын есігі бар құрылыс құрылымдарының қуыстарында; құлыпқа жабылатын немесе алмалы-салмалы басқару аппараттарының тұтқалары. 6.4.5 Электр қалқандарын ылғалды үдерістегі бөлмелердің (пәтер асүйлерінен басқа) бөлмелердің үстінде тікелей орналастыруға рұқсат етілмейді. Электр қалқандарында электрмен жарықтандыру, желдеткіш және плюс 5 °С-тан төмен емес температура қарастырылу керек 6.4.6 Тарату пункттерін, қалқандар мен қалқаншаларды жобалау тапсырмасына сәйкес тікелей сауда залдарында орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл жағдайларда оларды құрылыс құрылымдарының жабылатын есіктері бар қуыстарында орналастыру керек. 6.4.7 Тоңазыту жабдықтарының, жұмыс және апаттық жарықтандырудың, сөрелерді жарықтандырудың, жарнамалар мен иллюминациялардың ЕТҚ және БТҚ қоректену желілерін дербес жобалау керек. 6.4.8 Өртке қарсы құрылғылар мен күзет дабылының электрқабылдағыштарын қоректендіруді электрмен жабдықтау сенімділігінің санатына қарамастан әр түрді енгізілімдермен қарастыру керек, енгізілім жалғыз болған жағдайда осы енгізілімнен резервті автоматты іске қосудың (РАІҚ) қос желісімен қарастыру керек. 6.4.9 Электр энергиясын күштік тарату қалқандарына, электрмен жарықтандыру желілерінің пункттері мен топтық қалқаншаларына тарату, ереже бойынша, магистральдық сұлба бойынша жүзеге асырылу керек. Радиалды сұлбаларды, ереже бойынша, жалпы технологиялық мақсаттағы және сенімділіктің І санатындағы электр қабылдағыштардың бірлік электр қозғалтқыштарын қосу үшін орындау керек. 6.4.10 Күштік тарату пункттерін, қалқандар мен қалқаншаларды, ереже бойынша, оларға қосылған электр қабылдағыштар орналасқан жерде орнату қажет. 6.4.11 Магистральдық сұлба бойынша күштік тарату желілеріне әрқайсысының қуаты 3 кВт дейінгі төрттен аспайтын, сондай-ақ әрқайсысының қуаты 5 кВт дейінгі екеуден аспайтын электрқабылдағыштарды қосу керек. Магистральдық сұлба бойынша қоректенетін электрқабылдағыштардың бірлік қуатының айырмашылығы 25 %-тен артық болмауы керек. Сауда залында касса аппараты екеуден артық болған жағдайда оларды қоректендіру екі желіден жүргізілуі керек. Бір желімен қоректенетін кассалық аппараттар саны шектелмейді. 6.4.12 Дүкендердің сауда залдарында қорғаныш ажыратқыштардың құрылғысы (ҚАҚ) арқылы қосылатын жинағыш машиналарды қосуға, сондай-ақ электр және радио тауарларды тексеруге арналған қорғаныш шымылдықшалары бар розеткалар орнату керек. 6.4.13 Ауданы 800 м2 артық сауда залдарындағы, сондай-ақ өзге де жағдайлардағы жұмыстың жарықтандырылуын басқару жобалау тапсырмасы бойынша орталықтандырылған қашықтықтан жобалану керек.
6.4.14 Әр түрлі табиғи жарықтандырылу аймақтары бар бөлмелер үшін жұмыстың жарықтандырылуын басқару шамдалдарды топтап немесе бөлмелердің табиғи жарықтандырылуының өзгеру шамаларына қарай қатарлар бойынша қолмен орындалатын немесе автоматты қосқыштармен және ажыратқыштармен қамтамасыз етілу керек. 6.4.15 Сатылатын тауарларды дайындауға арналған қойма бөлмелерін жарықтандыруды басқару әрбір жеке бөлме үшін орталықтандырылған қашықтықтан ажырату мүмкіндігімен жергілікті түрде жобалану керек. Жарықтандыруды жергілікті басқару ажыратқыштарын бөлмелерден тыс жанбайтын құрылымдарда орнатып, шкафтарға немесе құрылыс құрылымдарының қуысында орналастыру керек. 6.4.16 Сауда залдарында, сондай-ақ касса аппараттарының үстінен апат жағдайында қолданылатын жарықтандыру шамдалдарын орнату керек. 6.4.17 Дүкендерде: қалалық телефон байланысын және радиотрансляцияны, автоматты өрт дабылын (осы нормалардың 4.3.23 т. ескере отырып), адамдарға өрт туралы хабар беру жүйелерін (қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес) қарастыру керек. Байланыс пен ақпараттың өзге жүйелерін, сондай-ақ күзет дабылын жобалау тапсырмасына сәйкес қарастыруға рұқсат беріледі.
1-қосымша (міндетті)
Бөлшек сауда кәсіпорындарының (дүкендерінің) негізгі типтерінің жіктемесі
2-қосымша (ұсынылатын)
Дүкендерде сатып алушыларға қосымша қызмет көрсету элементтерінің (қызмет түрлерінің) тізбесі
3-қосымша (міндетті)
Азық-түлік дүкендерінің саудалық емес бөлмелері топтарының ең кіші ауданының шекті көрсеткіштері
(міндетті)
Азық-түліктік емес дүкендердің саудалық емес бөлмелері топтарының ең кіші аудандарының меншікті көрсеткіштері
1-кесте
5-қосымша (міндетті) Түсіру аймақтарының өлшемі
Ш х Г - түсіру аймағы, мұнда Ш - шахта енінің ішкі өлшеміне тең өлшем, Г - кабина тереңдігінің ішкі өлшемімен салыстырғанда 0,5 м арттырылған өлшем, Г ’’ - кабина тереңдігінің ішкі өлшемі. Г өлшемі түсіру аймағына жанасып тұрған дәліздердің енін есепке алмай қабылданады.
6-қосымша (міндетті)
Аудандарды есептеу тәртібі
1 Бөлшек сауда кәсіпорындарының ауданын есептегенде ҚР ҚНжЕ 2.08.02 - ні басшылыққа алу керек. 2 Егер көрме еденінің белгісі сауда залы еденінен биік болмаса, сауда залынан немесе дүкен қабырғасы жазықтығынан шығып тұрған көше жақтағы көрмелер ауданын сауда залының ауданында есептеу керек. Мұндайда сыртқы қабырға құрылымы шегіндегі көрме ауданы есепке алынбайды. 3 Тауарларды қабылдау, сақтау және дайындау бөлмелерінің ауданында жүк лифтісінің (немесе көтергіштердің) алдындағы түсіру алаңының ауданы есепке алынбайды.
7-қосымша(міндетті)
Дүкен сауда залдарындағы жабдықтар арасындағы өту жолдарының ені
8-қосымша(ұсынылатын)
Тапсырыс бөлімі ең кіші ауданының меншікті көрсеткіштері
Әрбір 10 м2 сауда ауданына
9-қосымша(ұсынылатын)Кафетерийдің ең кіші ауданының шекті көрсеткіштері
Әрбір 10 м2 сауда ауданына
10-қосымша (ұсынылатын)
Қосымша қызмет көрсететін бөлмелердің ең кіші ауданы
1-кесте
11-қосымша (міндетті)
Азық-түлік дүкендері бөлмелерінің құрамы
12-қосымша (міндетті)
Азық-түліктік емес дүкендер бөлмелерінің құрамы
1-кесте
13-қосымша (міндетті)
Дүкендердің бөлмелеріндегі ауаның есептік температурасы және ауа алмасуының еселігі
1-кесте
1-кестенің жалғасы
ӘОЖ 725.211 МСЖ 91.040.10; 91.040.20
Түйін сөздер: құрамдас салынған дүкен, гипермаркет, орнату ауданының коэффициенті, сауда орталығы, сауда ауданы, супермаркет, қабат.
|