СНиП РК 3.02-23-2004 kz ХОСПИСЫ СНиП РК 3.02-23-2004ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ ХОСПИСТЕР
ХОСПИСЫ
Енгізілген күні - 2005.01.01.
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Осы нормалар мен ережелер сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ санитарлық-эпидемиология саласындағы нормативтік құжаттарды және ҚР аумағында қолданылып жүрген санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерді дамытуда ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001 талаптарына сәйкес әзірленген. 1.2 Осы нормалар мен ережелердің талаптары жаңа және қайта жаңартылатын ғимараттарды немесе қолданыстағы мекемелердің үй-жайларын хоспистерге жобалауға таратылады. 1.3 Осы нормалар мен ережелер хоспистерді орналастырудың, учаскесінің, аумағының, сәулет-жоспарлық шешімдердің және инженерлік қамтамасыз етудің негізгі ережелері мен талаптарын белгілейді. 1.4 Осы нормалар мен ережелердің негізіне хоспистің қызметтік-ұйымдастыру және медициналық-технологиялық ерекшеліктерін ескере аурухана мекемелері мен палаталық бөлімшелерді ұйымдастырудың жалпы қабылданған принциптері қабылданған. 1.5 Осы құрылыс нормалары және ережелерінің (ҚР ҚНжЕ) қағидалары Қазақстан Республикасының аумағында бақылау және қадағалау органдарымен, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жобалау, құрылыс, қайта жаңарту, қайта жарақтандыру мен жаңғыртуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен қолданылуға жатады. 1.6 Нақты объектілер бойынша, негізделген жағдайларда, осы ауытқуларды теңгеру шаралары болғанда, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық есендігі облысындағы, ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органдармен осы нормалар және ережелерден (ҚР ҚНжЕ) ауытқу келісіледі. 1.7 Хоспистердің ғимараттарын жобалаған кезде осы нормативтің талаптарынан басқа ҚР құрылыс жағдайының ерекшелігін есепке ала отырып, басқа нормативтік құжаттардың талаптарын ескеру керек.
2 НормативТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы құрылыс нормалары және ережелерінде келесі стандарттар мен нормативтік құжаттарға сілтемелер берілген: ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер. ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі. ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001 Құрылыс климатологиясы. ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002* Табиғи және жасанды жарықтандыру. ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002* Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жайғасымдау және салу. ҚР ҚНжЕ 3.02-01-2002* Тұрғын ғимараттар. ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 Қоғамдық ғимараттар мен имараттар. ҚР ҚНжЕ 3.02-03-2003 Едендер. ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001 Сумен қамту. Сыртқы желілер мен имараттар.
Ресми басылым ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2003 Қазандық қондырғылар. ҚНжЕ 2.04.01-85* Ғимараттың ішкі су құбыры мен канализациясы. ҚНжЕ 2.04.03-85 Канализация. Сыртқы желілер мен имараттар. ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 Имараттар мен ғимараттарды өрттік автоматтандыру Денсаулық сақтау мекемелерін жобалау жөніндегі ҚНжЕ 2.08.02-89* (ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001) оқу құралы. ҚР ҚН 2.02-11-2002 Ғимараттарды, үй-жайлар мен имараттарды автоматты өрт дабылы жүйелерімен, өрт сөндіру және адамдарды өрт туралы хабарландырудың автоматты қондырғыларымен жабдықтау нормалары. ҚР ҚЕ 3.02-01-2002 Жылы едендерді орнату. ҚР ҚН 4.04-23-2004 Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың электр жабдықтары. Жобалау нормалары. (ВҚН 59-88* орнына). МҚН 3.02-05-2003 Ғимараттар мен имараттардың халықтың аз әрекетті топтары үшін қолжетімділігі. СанЕжН 3.01.083.02 Аурухана ұйымдарын және ана мен баланы қорғау ұйымдарын орналастыру және ұстау талаптары. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылдың 8 шілдесінде тіркелген. Тіркеу № 1913. ЭҚЕ Электр қондырғыларын орнату ережелері, Қазақстан Республикасы, Астана, 2003. ЕЖ 2.6.1.758-99 Радиациялық қауіпсіздік нормалары (РҚН-99).
3 АНЫҚТАМАЛАР
Осы нормалар мен ережелерде тиісті анықтамаларымен мынадай терминдер қолданылады: 3.1 Қауіпсіздік – тұруға қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі. 3.2 Волонтер – өз еркімен қызметке келген тұлға, ерікті. 3.3 Инкурабельді – емделмейтін. Бұл науқастың жағдайы, мұнда жағдайының жалпы нашарлауы немесе жергілікті патологиялық процесс адам өмірін сақтап қалу не денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін толық қалпына келтіру мүмкіндігін жояды. 3.4 Жайлылық – стационардағы жағдайды мүмкіндігінше үйдегі жағдайға жақындатуды қамтамасыз ету, әрбір науқасқа оның жағдайын, рухани, діни және әлеуметтік қажеттіліктерін ескере отырып жеке қарау принципін жүзеге асыру. 3.5 Пандус — (көлбеу беткей) әртүрлі деңгейде орналасқан беттерді байланыстыратын көлбеу жазық коммуникациялық құрылым. 3.6 Аурудың терминалдық сатысы – өмірінің соңғы сатысы – преагония, агония немесе клиникалық өлім; өмір мен өлім арасындағы өтпелі жағдай. 3.7 Функционалдық аймақтар – белгілі бір нышандармен сипатталатын, қандай болса да қызметпен байланысты қандай да бір шекаралар арасындағы кеңістік, мысалы автомат-телефон жанындағы аймақ, үстел жанындағы аймақ, кафетерий тіреулерінің жанындағы аймақ және т.б. 3.8 Хоспистер – аурудың терминалдық сатысында көбінесе онкологиялық науқастарға медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетуге және олардың туыстарын психологиялық қолдауға арналған денсаулық сақтау мекемесі.
4 НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
4.1 Осы нормалар мен ережелердің талаптары аурудың терминалдық сатысында көбінесе онкологиялық науқастарға медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмектің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін ортаны қалыптастыруға және олардың туыстарын психологиялық қолдауға бағытталған. 4.2 Мақсатына сәйкес хоспистер мыналарды жүзеге асырады: - пациенттерді қабылдау және орналастыру; - аурулардың диагностикасы; - пациенттердің тіршілік әрекетін білікті қолдау; - қарау және әлеуметтік оңалту; - туысқандарын ауыр науқасқа қарау машықтарына үйрету; - симптомдық емдеу жүргізу бойынша қажетті көмек көрсету және пациенттерге үйде білікті қарауды ұйымдастыру. 4.3 Хоспистер мыналарды қамтамасыз етеді: - госпитальденген тұлғаларды күн сайын дәрігерлік қарау; - дәрігерлердің ұсынысы бойынша созылмалы аурулары бар науқастарға кеңестік көмек көрсету; - аурудың терминалдық сатысында онкологиялық науқастарға үйде медициналық көмек көрсету; - психологиялық көмек және баламалы симптомдық терапия; - тамақтану, оның ішінде дәрігерлік ұсыныстар бойынша емдәмдік. 4.4 Хоспистерді тұрғындары 250 мың адам және одан артық тұрғын аудандарда қарастыру ұсынылады. Тиісті негіздеме болған кезде хоспистерді тұрғындарының саны аз аудандарда қарастыруға рұқсат беріледі. 4.5 Хоспис стационарларының қуаттылығы 25-тен 30 төсек шегінде ұсынылады, 60 төсекке дейін артуы мүмкін. 4.6 Азаматтық қорғаныс іс-шараларының қажеттілігі әрбір нақты жағдайда жабалау тапсырмасымен анықталады.
5 Орналастыруға, учаскесі менаумағына қойылатын талаптар
5.1 Хоспистерді санитарлық-эпидемиологиылық жағдайы едәуір қолайлы, қоныстану немесе жасыл аймақтардағы жер учаскелеріне орналастыру керек. Хоспистердің онкологиялық бейінді науқастарға арналған және онкологиялық емес бейінді инкурабельді науқастарға арналған бөлімшелерін ересек тұрғындарға арналған көп бейінді немесе мамандандырылған ауруханалардың ем корпустарында орналастыру керек. 5.2 Учаске ауданы, хоспистердің сыйымдылығы, құрамы жобалау тапсырмасымен анықталады. 5.3 Учаскелерді таңдау кезінде науқастар мен олардың туыстарының жүріп-тұруына қолайлылығын, қолданыстағы ауруханалар мен құдайға қызмет ету ғимараттарына жақын болуын қарастыру ұсынылады. 5.4 Хоспистер жер учаскелерінің мөлшері гараж бен жазғы тұрақ ауданын қоспағанда хоспис стационарының 1 төсегіне 500 м2 кем емес есебімен қабылдануы тиіс. Қалалық тығыз құрылыс жағдайында жер учаскесінің шекті көрсеткішін (1 төсекке м2) азайтуға рұқсат беріледі, бірақ 20-25 % көп емес. 5.5 Хоспистредің жер учаскелерінде биіктігі 1,6 м кем емес қоршау болуы керек. 5.6 Ғимаратты құрылыстың қызыл сызығынан, сондай-ақ тұрғын және қоғамдық ғимараттардан 30 м ара қашықтықта орналастырылуы керек. 5.7 Хоспистредің жер учаскелерінде функциялық байланысты ғимараттар мен имараттарды ғана орналастыру керек. 5.8 Хоспистердің аумағын абаттандыру Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. 5.9 Ғимараттар мен имараттарды учаскеде орналастыру кезінде: - учаскедегі жаяу жүргіншілер мен көлік ағындарын бөлу; - барлық функционалдық аймақтар мен учаскелердің алаңшаларына, сондай-ақ кірулерге, абаттандыру элементтеріне қозғалыстың қолайлы жолдарын қамтамасыз ету; - кешен ғимаратына, бір учаскеде жеке тұрған объектілермен пайда болған кіру және шығу арасындағы байланысты мүмкіндігінше жабық қысқа өткелдермен қамтамасыз ету; - келетін жолдарды стационар палаталары терезелерінің алдында жобаламау керек; - өліктерді сақтауға арналған үй-жайдың сыртқа шығатын жолы хоспистің басқа қызметтері мен үй-жайларына баратын жолдардан бөлек болуы керек. 5.10 Хоспистер аумағына екі кіреберіс, кіреберістің бірі – шаруашылық болуы керек. Әр ғимаратқа екі қарама-қарсы жақтардың кіреберістері қарастырылуы тиіс. Аумақтарға кірген жағдайда ауызүйлерді қарастырады. 5.11 Хоспистерді қала сыртына орналастырған жағдайда қызметкер тұратын аймақ ауданы телім ауданына қосымша қабылдауға болады. 5.12 Қызметкер тұратын аймаққа оқшауланған телімде оқшау кіреберісі бар мекеменің жанында орналастыруға рұқсат беріледі. Қызметкердің тұратын аймағында демалыс, киім жаятын, қоқысжинау алаңшаларын орналастыруға рұқсат беріледі.
Е с к е р т у - қызметкердің жеке тұру аймағын ұйымдастырған жағдайда оны жобалау нормативтері ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002* Қала салу. Қалалық және ауылдық жерлерді жайғасымдау және салу талаптарына сәйкес қабылданады.
5.13 Елдімекендерді салу, өнеркәсіп объектілерінен, көлік магистральдарынан және т.б. жүйесіндегі хоспистерді орналастыру мәселелері, сондай-ақ табиғатты қорғау іс-шаралары Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың қала құрылысы талаптарына сәйкес шешу керек. 5.14 Хоспистер аумағы көгаландырылуы тиіс. Жасыл екпелер ауданы телім ауданы кемінде 60 пайыз есебінен қабылдануы керек. Телімді көгалдандыру ағаштар мен бұтақтардың топтық және қатарлап отырғызу көшеттері, әрлендіру өсімдіктері, гүлбақшалары мен гүлзарлары кіреді. Табиғи жарықтандыру коээфициентін төмендетудің алдын алу мақсатында талдар үшін сыртқы қабырғадан кемінде 5 м және ағаштар үшін кемінде 10 м қашықтықта терезелер алдында жасыл екпе ағаштарын отырғызу қарастырылуда. 5.15 Ішкі тараптарды қоршау периметрі бойынша ені кемінде 5 м және биіктігі кемінде 2 м жасыл екпе ағаштары жолағын отырғызу ұсынылады. 5.16 Хоспистердің аумағын көғаландыру үшін ашық түсті ағаштар, жайылған желектері бар: шетен, үйеңкі, қайың және т.б. ағаштары түрлерін қолдануға болады. 5.17 Серуенге арналған бағдарлар арбаларды пайдалана отырып жобалануы тиіс. 5.18 Санитарлық автокөліктің орталық базасы болмаған жағдайда, хоспис аумақтарында жобалау тапсырмасы бойынша автомашиналардың гаражы мен жазғы тұрағын салу қарастырылуда. 5.19 Хоспистердің ғимараттары мен құрылыстарын жобалаған жағдайда белгіленген өртке қарсы нормалармен, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер және нормалармен, гигиеналық нормативтермен, технологиялық жобалау нормаларымен бірге қосымша талаптары сақталуы тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылыс теліміне радиациялық қауіпсіздік талаптары ескерілуі керек. Жобалау және құрылыс салған жағдайда ғимараттар құрылымдарын, оның ішінде үйасты қабаты еденін (немесе техникалық үйасты қабаты) қоршауға радонға қарсы қорғаныстарды ҚР ҚНжЕ 3.02-03-2003 сәйкес ескерілмейді.
6 Көлемді ЖАЙҒАСЫМДАУ шешімдеріне ҚОЙЫЛАТЫН талаптар
6.1 Хоспистер ғимараты бірінші қабатта орналасқан стационардың екі қабатынан жоғары емес болуы тиіс. 6.2 Хоспистер үй-жайларының құрылымы, құрамы және ауданы осы бөлімнің ҚНжЕ 2.08.02-89* (ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001) денсаулық сақтау мекемелерін жобалауға арналған құралдар және ұсынылған 1-қосымшасының талаптарына сәйкес осы мекемелердің міндеттері мен қызметтерін ескере отырып, жобалау тапсырмасымен анықталады. 6.3 6.1-суретте хоспистері ғимараттары жекелеген топтары қызметтік өзара байланысының үлгі сызбанұсқасы келтіріледі. Ұсынылған 1-қосымшада 30 төсекке арналған стационары бар хоспис үй-жайларының үлгі құрылымы, құрамы мен ауданы берілген: - вестибюльдік топ және науқастарды қабылдау; - 30 төсек орынды стационар; - шығу қызметі; - әкімшілік-шаруашылық, тұрмыстық және қосалқы қызметтер; - тамақ дайындау қызметтері. 6.4 Келушілерге арналған вестибюль-гардеробының ауданы бір келушіні кемінде 0,5 м2 қабылдау ұсынылады. Хоспистер стационары келушілерінің саны төсектер санынан 240 % тең санымен қабылданады. 6.5 1 төсекке арналған палаталар ауданын кемінде 22 шаршы метр болуы керек. 2 және одан көп төсектерге арналған палаталар ауданын 1 төсекке кемінде 14 шаршы метр қабылдануы керек. 4 төсекке арналған палаталар ауданы 1 төсекке кемінде 14 шаршы метр қабылдауға болады. Палаталар шкафтары мен санитарлық тораптары қоса салынған, дәретхана, жуыну орны және себезгіден тұратын шлюзбен (шлюзден кіруге) жобалауға болады. 6.6 Хоспистер стационарлары палаталарының сыйымдылығы 4-тен аспайтын төсек болуы керек. 6.7 Кезекші медбикелердің постыларын бір постыға 5 науқастан аспайтын есепте әр шаршы метрі 6-дан кем емес жобалануы керек. 6.8 Палаталық бөлімшелерде емдеу, бақылау және науқас адамды күту жүзеге асырылады. Хоспис палаталық бөлімшелерінің саны және олардың үй-жайлары құрамы медициналық-технологиялық ерекшеліктерін, мекеменің шарттастырылған қызметтері мен емдеу-профилактикалық процесі сипатын ескере отырып, олардың жұмысын ұйымдастыру жалпыға бірдей қабылданған ұстанымдарға сәйкес жобалау тапсырмасын анықтайды. 6.9 Палаталық бөлімшелерді жобалаудың медициналық-технологиялық ерекшеліктері: - палаталар және дәліздер арасындағы ауаны ағыстарын шектеу мақсатында ауруішілік жұқпаларды таратудың алдын алу үшін барлық палаталар шлюзбен жобалануы керек; - палаталар ауданы науқастардың және палатаға олардың туыстарының келуі мен күтуге тартылатын еріктілердің психологиялық сыйымдылығына қарай олардың жатын орындары сыйымдылығын реттеу үшін жеткілікті болуы тиіс; - сантораптар палаталарға өте жақын болуы тиіс; - есік ойықтары мен дәліздер арба-креслоларда және жатын каталкаларындағы науқастарға қайта жылжу мүмкіндігін қарастыруы тиіс; - науқастарға арналған палаталар, сантораптар және басқа үй-жайлар тұтқалармен, қол тұтқаларымен, иінтіректермен және басқа жүк түсіру түріндегі бейімдеулермен жабдықталуы керек; - палаталық бөлімшеде құдайға қызмет ету, екітілердің демалу және үй тағамдарын жылытуға арналған үй-жайлар қарастырылуы тиіс; - хоспистердің үй-жайларын ішкі әрлеу және интерьерді шешу үйге жақын орналасқанда олардың атқарымдық белгілеулерін сәйкестендіруге және жағдай жасауына мүмкіндік етуі тиіс. - ғимараттардың ішкі әрлеуінің санитарлық-эпидемиологиялық сапасы СанЕжН талаптарына сәйкес келуі керек. 6.10 Аурухана аумақтарынан тыс жобаланатын хоспистер үшін стерилизациялық, дәріханалық бөлу орны және тоңазытқыш қондырғысы бар өліктерді уақытша сақтау үй-жайы қосымша қарастырылады. 6.11 Тағам дайындау қызметінің үй-жайы арнайы бөлінген учаскелерде қолданыстағы ауруханалардың аумақтарынан тыс орналасқан хоспистер үшін ғана жобаланады. Осы бөлмелердің құрамы хоспис қуаттылығына қарай олардың жұмыстарын ұйымдастыруда жалпыға бірдей қабылданған ұстанымдармен және қолданыстағы жобалау нормаларына сәйкес жобалау тапсырмасы анықталады.
Байланыстардың
белгісі: аурулар
персонал Әкімшілік-шаруашылық
қызметтің жайлары Тамақ
әзірлеу қызметінің жайлары Қызметтік-тұрмыстық
жайлар Қабылдау
бөлімшесі Мамандандырылған
және көмекші кабинеттер мен жайлар Стационар Палталық
бөлімшелер Жайлардың
вестибюльдік тобы келушілер
6.1-сурет Хоспис үй-жайлары топтары функционалдық байланыстарының сызбасы
6.12 Ғимараттың қоршау және көтергіш құрылымдары тиісті нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қабылдануы керек. Құрылымдардың олардың тиімділік және экономикалық жағынан мақсатқа сәйкестігі есепке алына отыра құрылыстың нақты алаңы жағдайында қабылдануы керек. 6.13 Бір төсектік палатаның ені 3,6м кем болмауы тиіс. 6.14 Хоспис стационарлары дәліздерінің ені 2,8 м кем болмауы, ал басқа бөлмелер үшін 1,8 м кем болмауы тиіс. 6.15 Ауруларға арналған бөлмелердің есік ойықтарының ені 1,1 м кем емес, ал басқа бөлмелер үшін 0,9 м кем емес деп қабылдау керек. 6.16 Дәретхана кабиналарының көлемі науқастар үшін ені кемінде 1,65 м және бойлығы 1,8 м кем болмауға тиіс. 6.17 Көмекші құралдар мен науқастарға арналған арнайы жабдықтарды (тіректер, тұтқалар, иіндер сырықтар және т.б.) орнату МҚН 3.02-05-2003 талаптарына сай жүзеге асырылуға тиіс. 6.18 Көпсалалы және арнайы мамандандырылған ауруханалардың палаталарын хоспис бөлімдеріне лайықтауды жергілікті жағдайларға байланысты олардың жоспарлы орналасуының медицина-технологиялық үдерістерін сақтай отыра жүргізген жөн. 6.19 Көпсалалы және арнайы мамандандырылған ауруханаларда хоспис бөлімінің төсектік сыйымдылығын лайықталатын бөлменің ауданына және бөлімнің жұмыс ауданының меншікті көрсеткішіне байланысты анықтаған жөн. (1 төсекке м2 ). 6.20 Хоспис ғимараттарына кіреберістерді атмосфералық ылғалдардан жабулармен, аспалармен қорғау керек және кіреберістерде өлшемі кемінде 1000×2500 мм орындық-бесікпен маневр жасауға жеткілікті суғарлары бар, ал жергілікті климат жағдайларына байланысты –жылытылатын алаңша ескерілуі тиіс. Пандусты жылыту ҚР ҚН 3.02-01-2002 нормативтік құжатына сәйкес электр (кәбілдік) жүйе құрылғысымен орындалуға тиіс. 6.21 Кіреберіс есіктер бірінен кейін бірі орнатылған болса, онда бір жаққа ғана ашылатын есіктердің кіреберіс тамбурларының ені ең кем дегенде 1500 мм бойлығы да 1500 мм кем болмауы тиіс. Есіктің алдындағы және одан кейінгі бос алаңшалардың ені де 1500 мм кем болмауы керек. 6.22 Хоспистардың екі қабатты ғимараттары лифтілермен және пандустармен жабдықталады. 6.23 Сатылар, лифтілер, пандустар ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 «Қоғамдық ғимараттар мен имараттар» 1 және 4-тарауларының талаптарына сәйкес жоспарланғаны жөн. 6.24 Бірінші қабаттың топырақтан басталатын едені техникалық есептеулерге сәйкес жылыту қондырғысымен салынуға тиіс. 6.25 Есіктер көшірілетін бағыт бойынша дәлізге қарай ашылуы керек. 6.26 Көшетін жол ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 1- тарауының талаптарына сәйкес жобалануға тиіс. 6.27 Қабаттың биіктігі 3,3 немесе 3,6 м деп қабылданады. 6.28 Палаталардың жабдықталуында теледидар мен розеткалардың және антенналардың орнатылуы ескерілуге тиіс. 6.29 Көшпелі бригадалардың, диспетчерге арналған орынды қоса алғандағы, бөлмесінің ауданын былайша анықтау ұсынылады: 1 бригада болғанда - 22 м2 кем емес, бригадалардың саны 2 болғанда - 24 м2 кем емес, бригадалардың саны 3 болғанда - 38 м2 кем емес. 6.30 Хоспис бөлмелерін табиғи жарықтандыру және инсоляциялау ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 1-тарауының талаптарына сәйкес жобалануға тиіс.
7 ИНЖЕНЕРЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Жалпы талаптар
Хоспис ғимаратын инженерлік жабдықтау жүйелеріне жатқызылатындар: - сумен жабдықтау және канализация жүйелері мен құрылғылары; - жабдықтау және желдету жүйелері мен құрылғылары; - электржабдықтау жүйелері мен құрылғылары; - байланыс және дабыл құрылғылары.
7.1. Сумен жабдықтау және канализация жүйелері мен құрылғылары
7.1.1 Сумен жабдықтау және канализация жүйелерін жобалағанда Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын суық, ыстық, өртке қарсы сумен жабдықтау мен канализацияның ішкі тораптарын, сумен жабдықтау мен канализацияның сыртқы тораптары және имараттарын жобалау жөніндегі ҚР ҚНжЕ талаптары, сондай-ақ осы тараудың нұсқаулары орындалады. 7.1.2 Хоспис ғимараттары ыстық және суық сумен жабдықталуы және канализация жүйелерімен жабдықталуы тиіс. Орталықтандырылған немесе жергілікті тораптарға қосу қиын болған немесе мүмкін болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтерімен келісім бойынша сумен жабдықтау мен канализацияның автономды жүйесін қолдануға жол беріледі. 7.1.3 Науқастарға қолжетімді санитарлық-тұрмыстық бөлмелерде суық және ыстық су және канализация болуға тиіс. Кабиналарында аспаптар кешені қолданылған санитарлық тораптарда унитаздың үстінде отырып жуғыштарды пайдалану мүмкіндігін ескеру ұсынылады. 7.1.4 Санитарлық тораптардың барлық бөлмелерінің едендерінде су ағатын траптар болуға тиіс. 7.1.5 Траптардың торларының тесігі 0,01 м-ден үлкен болмауға, сондай-ақ судың жылжу бағытына қатысты орналасқан саңлаулардың ұзын бойы мен диагональді тесіктері (300 және одан да аз) болуға тиіс. 7.1.6 Жуынатын, дәретхана, аралас санитарлық тораптарда сүлгікептіргіштердің болуын ескеру керек. 7.1.7 Санитарлық-техникалық аспаптарға ыстық және суық суды беруді (технологиялықтан басқа) суды автоматты араластыру мен жіберуді ескеру керек. 7.1.8 Жуғыштар, адам оларға таянбай тұра алмайтын болса, оның салмағын ұстап тұра алатындай қабырғаларға берік бекітілуге тиіс. 7.1.9 Ыстық сумен жабдықтау жүйесі циркуляциямен жобаланады. 7.1.10 Суық және ыстық судың, канализацияның және ішкі суағарлардың тіктемелері тасаланып салынады. 7.1.11 Ішкі және сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су мөлшерінің жұмсалу нормалары ҚР ҚНжЕ 2.04.01-85*, ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001 талаптарына сәйкес қабылдануға тиіс.
7.2. Жылумен жабдықтау, жылыту және желдету жүйелері мен құрылғылары
Жылумен жабдықтау
7.2.1 Хоспистар жылумен жабдықтаудың сенімділігі бойынша 1-ші санатқа жатқызылады. 7.2.2 Жылыту жүйелерін жобалағанда тәуелсіз көздерден жылу берудің екі жерден немесе тұйықталған магистральдарынан енгізілуі ескеріледі. Жылу беру бір жерден ғана енгізілсе, жеке немесе жапсарлас жобаланған телімде резервтік қазандық ескеріледі. 7.2.3 Резервтегі қазандықтың жылыту қуаты палаталар мен емдеу бөлмелерін жылытуға жұмсалатын жүктемемен өлшенеді, қалған бөлмелер үшін жылу кезекшілік жылыту мөлшерінде ғана ескеріледі. 7.2.4 Хоспистерді жылыту сырт ұйымдардың қазандықтарынан жүргізілсе, резервтік құбыр тарту ескерілуге тиіс. 7.2.5 Жылыту көздері болмаған жағдайда өз қазандығын салу ескерілуі керек. 7.2.6 Су жылыту қазаны бар резервтік қазандықтарда ыстық сумен жабдықтаудың күбі-аккумуляторлары ескерілмейді. 7.2.7 Сырт ұйымдардың жылу көздерінен жылумен жабдықтағанда жылуды есептеудің автоматты бекеті ескеріледі. 7.2.8 Газбен жұмыс істейтін қазандықтар үшін резервтік отын қоймасының көлемі ҚР ҚНжЕ II -35-2001 т. 5.42 сәйкес анықталады. 7.2.9 Хоспис ғимаратының үйасты қабаттары мен техникалық едендері арқылы жылумен қамтудың өтпелі құбырларын жүргізуге жол берілмейді. 7.2.10 Топырақ сулары деңгейінің жоғары жерлерінде (1,2 м және жердің тегістелген бетінен одан да төмен) телімдерде орналасқан хоспистарға жылу торабын тарату төмен тіректі, ал өтпе және жүргін жерлерде биік тіректі ауа жолдарымен жүргізіледі. 7.2.11 Бумен жабдықтау технологиялық тапсырмаларда белгіленетін бөлмелер үшін ескеріледі. 7.2.12 Қатты ысытылған су мен бу жүретін құбырларды жеке жылу бекетінен (ЖЖБ) ағынды венткамераларға дейін адамдар тұрақты келіп тұратын бөлмелер және көшу жолдары арқылы жүргізуге тыйым салынады.
Жылыту
7.2.13 Хоспис ғимаратын жылыту орталықтандырылған сумен жылыту деп қабылданады. 7.2.14 Ауаның есепті температурасы мен бөлмелердің ылғалдылығы ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001* сәйкес қабылданады. 7.2.15 Жылыту аспаптарының беттік орташа температуралары былайша болу керек: - 80°С хоспистардың палаталары мен емдеу мекемелері үшін; - 95°С хоспистың қалған бөлмелері үшін. 7.2.16 Жылыту жүйесін қасбет бойынша реттеу және тоқтату жобалау тапсырмаларында ескерілуі керек. 7.2.17 Жылыту жүйесінің қыздыру аспаптары ұңғымасыз терезелер астында орналастырылады. Негізделген жағдайда қыздырудың жетпей тұрған бетін ішкі қоршауларда орналастыруға жол беріледі. 7.2.18 Жылыту жүйелерінде тазалап алуға жеңіл қыздырудың беті тегіс аспаптары қолданылады. 7.2.19 Жылыту жүйесінің, ауаны желдету және баптау құбырларын ғимараттың жабындары, бөлгіштер мен қабырғалар арқылы жүргізген жағдайда гильзалармен тығыздау ескеріледі.
Ауаны желдету және баптау
7.2.20 Хоспис ғимараттарында механикалық іске қосылатын ауаны тарту-шығару желдету ескеріледі. Биіктігі 3 қабаттан аспайтын жеке тұрған ғимараттар үшін табиғи сору желдету ескеріледі. Мұндайда механикалық іске қосылатын және дәлізге ауа жеткізетін ағынды желдету ескеріледі. 7.2.21 Зарасыздандыру заттары, қышқылдардың және сілтілердің ағымдағы қоры сақталатын бөмелер мен палаталарда ағынды ауаның орталықтан берілуінсіз табиғи сору желдетуіне жол беріледі (биіктігі 3 қабаттан аспайтын жеке тұрған ғимарат үшін). 7.2.22 Ұйымдасқан түрдегі ағынсыз механикалық жолмен сорылып желдету мына бөлмелерден ескеріледі: - автоклавтар, жуатын; - санитарлық-тұрмыстық бөлмелер. 7.2.23 Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар және жұмыс уақытының ұзақтығы біркелкі бөлімдер мен бөлмелер топтары желдетудің орталықтандырылған ағынды-сору бір жүйесімен жабдықталады. 7.2.24 Құрылымдары аралас және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар әртүрлі ғимараттың әр тобы, сондай-ақ жұмыс уақытының ұзақтығы әркелкі бөлмелер үшін желдетудің орталықсыздандырылған жүйесі орнатылады (резервтегі желдеткіштердің саны ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001* сәйкес ескеріледі). 7.2.25 Өрт сөндірудің автоматты жүйелерімен жабдықталған бөлмелерге қызмет көрсететін ағынды, тарту ауажолдарында электржетекті, автоматты өрт сөндіру жүйесімен байланыстырылған автоматты тоспалар (қақпақшалар) ескеріледі. Тоспалар ауажолы қызмет көрсететін бөлмеге жанаса жақын орналастырылады. 7.2.26 Бөлмелердің тарту желдету В санатындығы тарту шкафтарымен жабдықталған үдерістерімен жүйелері жобаланады: - орталықсыздандырылған, тарту шкафтарынан әр бөлме үшін жеке ауажолы және желдеткіш бар; - орталықтандырылған, әр жеке бөлмеден шығатын тарту ауажолдары тарту жүйелеріне арналған бөлменің техникалық қабатында орналастырылатын біріккен тік немесе көлбеу коллекторларға біріктіріледі. Тарту желдеткішінің орталықтандырылған жүйесінде ауажолдарының бөлмелерге баратын тарамдарына өртбөгеу қақпақшаларын орнату ескерілген. 7.2.27 Тарту желдеткішінің орталықсыздандырылған жүйесінде қосалқы бөлмелерді желдетуге арналған В санатындағы үдерістермен қоса жабдықтарға қызмет көрсететін жүйе жабдықтарын орналастыруды ескеруге жол беріледі. 7.2.28 В санатындағы үдерісі бар бөлмелерде жалпы ағын коллекторларын жобалауға жол беріледі. 7.2.29 Ауасы бапталатын бөлмелерде ауаның есепті температурасы жобалауға берілген тапсырма бойынша жылдың жылы, сондай-ақ суық кезеңіне де қабылданады, ал ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15 м/с аспауға тиіс. 7.2.30 Хоспистың басқа бөлмелері үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001* сәйкес ауаны жылыту, желдету және баптау жобасы бойынша қабылданады. 7.2.31 Ауаны тарту арқылы желдету және баптау жүйелері арқылы берілетін сыртқы ауа сүзгілер арқылы тазартылады. 7.2.32 Сүзгілердің құрылымдалуы мен олардың орнатылған жері тазартуға немесе сүзгі бөлшектерін олардың ластанған кезінде алмастыруға мүмкіндік беретіндей болуы керек. 7.2.33 Тартылатын ауа бойынша ауа алмасудың еселігі сағатына 1,5 және одан да жоғары бөлмелерде ауа бірден бөлмелерге берілуі керек. Басқа жағдайларда ауаны дәліздерден есіктердің саңылаулары арқылы беруге болады. Желдің есепті жылдамдығы 5 м/с және одан да жоғары аудандарда ұйықтайтын бөлмелерде ауаны тежегіштер ескеріледі. 7.2.34 Ауа әлбетте бөлменің жоғарғы тұсына беріледі. 7.2.35 Ағын желдеткіштерінің ауажолдары жүйелері болаттан жасалуға тиіс. Құрылыс құрылмаларында ауажолдары қолданылмайды. 7.2.36 Ағын-тарту желдеткішінің жабдықтары, ауаны беру мен шығару құрылғылары, ауа жинау шахталары мен арналары тексеруге, тазартуға және зарарсыздандыруға ыңғайлы болу керек. 7.2.37 Жылумен жабдықтау жүйелері автоматтандырылған жылу бекеттерімен жабдықталады. 7.2.38 Ауаның сыртқы есепті темперетурасы минус 40°С және одан да төмен (Б параметрлері) аудандардағы жылытылатын ғимараттарда суық еденастының үстінде орналасқан едендердің бетін жылыту ескеріледі. 7.2.39 Ауаның сыртқы есепті темперетурасы минус 40°С және одан да төмен (Б парамерлері) аудандардағы ғимараттарда судың қатып қалуына жол бермейтін қоспалары бар суды пайдалануға болады (жылытудың ашық жүйелерінен басқаларында).
7.3. Электрмен жабдықтау жүйелері мен құрылғылары
Хоспистардың электрмен жабдықтау жүйелері мен ішкі электржабдықтарында Қазақстан Республикасының аумағында қоладанылатын нормативтік құжаттардың талаптары және осы тараудың нұсқауларына сәйкес орындалады.
Электрмен жабдықтау
7.3.1 Хоспистардың келесі электрқабылдағыштары электрмен жабдықтаудың сенімділік дәрежесі бойынша бірінші санатқа жатқызылады: - өртке қарсы құрылғылар, күзет дабылы, лифтілер және көшіру жарықтандырылуы. Хоспистердің басқа электрқабылдағыштары екінші санатқа және БПЕ-ге сәйкес ішінара үшінші санатқа жатқызылады. 7.3.2 Сыртқы жарықтандару тораптарын қоса алғанда хоспис аумағындағы барлық электр тораптары кәбілді түрде орындалады. 7.3.3 Хоспистерде ішкі және жапсарлас трансформатор қосалқы стансаларын (ТҚ) орналастыруға жол берілмейді. 7.3.4 Хоспистердің жеке ғимараттары мен ТҚ араларындағы қашықтық 15 м кем болмауы тиіс.
Электрмен ішкі жабдықтау
7.3.5 Хоспистардың электржарықпен емдеу бөлмелерінде немесе медицина қызметкерлерінің бір бекеті қызмет көрсететін осындай бөлмелер тобында кіреберісінде басқару аппараты және әр фазада кернеуді тексеру аппараты бар тарату тақтасы орнатылады. Әрбір рәсім кабинасында еден деңгейінен 1,6 м биіктікте кабина тақтасы орнатылады. Тарату тақталарына қоректендіру желілері және кабиналық тақталарға топтық желілер дербес жүргізіледі. 7.3.6 Палаталарда әр кереуеттің тұсында жерге қосқыш түйіспелі екі полюсті және үш полюсті жинақтамаларымен штепсельді розеткалар орнатылуға тиіс. 7.3.7 Штепсельді розеткалардың барлық бөлмелерде орналастырылуы технологиялық тапсырмамен айқындалады.
Жасанды жарықтандыру
7.3.8 Хоспис бөлмелерін жалпы жарықтандыру қыздыру шамдарымен жүргізіледі. Палаталарды жарықтандыру үшін әр кереуеттің тұсында еден деңгейінен 1,7 м биіктікте орнатылатын қабырғалық құрылымдамалы шамдалдар (жалпы және жергілікті жарықтандырудың) қолданылады. Қосалқы бөлмелерді (қоймалар, лифтілердің машина бөлімдері, электртақталары, теникалық еденасты және т.б.) жарықтандыру үшін люминесцентті шамдар ескеріледі, сондай-ақ 2 кестедегі ВҚН 59-88*деректерінде келтірілген жағдайларда. Қолданылып жүрген ҚНжЕ-ге қосымша есірткі заттарын сақтауға арналған бөлмелерді табиғи жарықтандырусыз жобалауға жол беріледі. 7.3.9 Жалпы жарықтандыру жүйесі жағдайында жұмыс бетінің ең төменгі жарықтандырылуы, жарықтандырудың сапалық көрсеткіштері және жеке бөлмелерге арналып ұсынылатын жарық көздері ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002* және 2-кестедегі ВҚН 59-88* сәйкес қабылданады. 7.3.10 Люминисценті шамы бар шамдалдар шуыл деңгейінің ерекше төменін реттейтін қосу-реттеу аппаратымен жинақталады. 7.3.11 Төбелерде орналастырылатын жалпы жарықтандыру шамдалдарының қорғаныш дәрежесі ІР 20-дан кем болмауы керек. 7.3.12 Дәрігерлердің кабинеттеріндегі кушеткалардың қасында еденнен 1,7 м биіктікте науқасты қарау үшін қабырғада шамдал орнатылады. 7.3.13 Жалпы жарықтандыру ажыратқыштары палаталарға кіре берісте дәліздерде, ал жергілікті – сырқаттың төсегінің жанында орнатылады. Түнгі жарық беру шамдалдары апатты жарықтандыру торабынан жүргізіледі. 7.3.14 Көшіру жарықтандыруы адамдарды көшіруге қызмет ететін дәліздерде, негізгі өтпелер мен сатыларда ескеріледі; электр-сәуле емдеу бөлмелерінде, бассейндерде, сазбен емдеу себезгілері мен ванналарында, ванна бөлмелері мен шешінетін жерлерде. 7.3.15 Саты алаңдарын, ғимаратқа кіреберістегі жарық нұсқамалары бар дәліздерді көшіру жарығын қашықтықтан орталықтандырылған немесе автоматты басқару ескеріледі: өрт дабылы бекетінің бөлмесінен, немесе кезекші қызметкерлер бөлмесінен немесе жарықтандыру тақтасынан. 7.3.16 Шығу бағытын көрсететін «Шығу» жарық нұсқамасы саты алаңшаларына шығаберістерде, дәліздерде, бірінші қабаттан шығатын жерлерде, сондай-ақ қызметтік бөлмелер ретінде пайдаланылатын үйасты қабаттардан шығаберісте; бөлмелерден, әкімшілік-тұрмыстық корпустардың шығаберістерінде және жасанды жарығы жоқ бөлмелердің шығаберістерінде ескерілуге тиіс. 7.3.17 Бөлме беттерінің және жабдықтардың күңгірт түстері шағылысу коэффициентін сақтай отыра ұсынылады: төбе - 70 пайыз, қабырғалар - 60 пайыз (үстіңгі жағы) және 50 пайыз (астыңғы жағы), жабдықтар - 35 пайыз, еден-25-30 пайыз. 7.3.18 Құрамалы жарықтандыру жүйесінде жарық режимінің барынша қорғағыш және көру баптылығының аймағын кеңейтетін көз ретінде қыздыру шамдарын пайдалану ұысынылады. Жасанды жарықтандыру көздерінің сәулелерін аралыстыруға яғни бөлмені бір мезгілде люминисцентті және қыздыру шамдарымен жарықтандыруға жол берілмейді. 7.3.19 Жергілікті нүктелі жарықтандуру шамдалдары көлемі шағын, жарық ағының биіктігі мен бағытын өзгерту мүмкіндігі, түбі берік орнатылған болу керек.
Ішкі электр тораптарын орнату
7.3.20 Электр тораптарын қорғау автоматты ажыратқыштармен жүзеге асырылады. 7.3.21 Электр тораптарының сымдары жасырылған ауыстырмалы болуға тиіс. Ашық сымдар үйасты қабаттардан, еденастында, техникалық қабаттарда, инженерлік қызмет бөлмелерінде, коммуникациялық шахталарда, ылғалды және асаылғалды бөлмелерде жүргізіледі. 7.3.22 Электрсымдарын өткізуге болат түтіктерді пайдалануға нормативтік құжаттарда ескерілген ерекше жағдайларда ғана жол беріледі. 7.3.23 Барлық қоректендіретін, тарататын және топтық тораптар мыс және алюмин талшықты сымдардан болуға тиіс. Медициналық қызмет көрсету бөлмелерінде медициналық жабдықтар мен аппаратураларды электр қуатымен қоректендірудің бессымдық жүйесі қолданылады.
Электр қауіпсіздігінің сақтандыру шаралары
7.3.24 Хоспистерде жерге қосудың (нөлдеудің) келесі түрлері қолданылады: - қорғаныш нөлдеу, нөлдік жұмыстық өткізгіші және электрөткізгіштің болат түтіктері арқылы жүргізіледі; - нөлдік өткізгішті қайталап жерге қосу, ол былайша орындалады: а) жерге қосу құрылғысы жол берілетін кедергісі 4 Ом-нан артық емес ғимараттың электр қалқаны кіру-тарату құрылғысының нөлдік шинасына жалғанады; б) қоректендіру торабында – бесінші оқшауланған өткізгішпен, бір жағынан кіргізу-тарату қондырғысының нөлдік шинасына жалғанады, ал басқа жағында нөлдік өткізгішті қайта жерге қосудың арнайы түйіспесіне (шинаға) топтық немесе тарату тақтасының астында орналастырылатын жалғанады; Бесінші өткізгіш қоректендіру торабымен бірге бір түтікке қосылады. в) топтық және тарату тораптарында – нөлдік өткізгішті қайта жерге қосудың айтылған арнайы түйіспеден (шинадан) қосымша оқшауланған өткізгіштен электрқабылдағышқа дейін. Қосымша өткізгіш топтық немесе тарату тораптарымен бір түтікте тартылады. 7.3.25 Ғимаратқа кірмедегі әлеуеттерді теңдестіру жүйесі және әлеуеттерді теңдестірудің қосымша жүйесі (қажает болған жағдайда) ППЕ сәйкес жүзеге асырылады. 7.3.26 Жұмысшы жерге қосқышы қажет медициналық бөлмеге ғимараттың сыртынан, жер астында, кез келген басқа жерге қосқыш құрылғылардан 15 м қашық орналастырылатын жол берілетін кедергісі 2 Ом-нан аспайтын жерге қосқыш құрылғысы жасалады. Жұмысшы жерге қосқышының түйістіргіштерге тарамдары магистральді бөлшектемей қымтырғылардың көмегімен орындалады.
7.4 Байланыс және дабыл құрылғысы
Телефон, бейнетелефон байланысы
7.4.1 Хоспистер қалалық және жергілікті телефон байланысымен қамтамасыз етіледі. Дербес АТС ескерілетін жергілікті байланыс абоненттердің саны 80-нен кем болмаған жағдайда ғана ескеріледі. 7.4.2 Келушілер болатын жерлерде, ветюбильдерде, сондай-ақ ұйықтайтын корпустарда таксофондар ескеріледі. Аруларға арналған бөлмелерде жылжымалы телефон аппараттарына арналған штепсельдік ұялар ескеріледі. 7.4.3 Телефон байланысының қажеті мен көлемі жобалау тапсырымасында анықталады. 7.4.4 Кезекші дәрігерлердің кабинеттерінен, кезекші қызметкерлерден, рәсім кабинеттерінен қабылдауды күтіп отырған бөлмелерге тікелей жедел дыбыс күшейткіш байланыс ескеріледі 7.4.5 Палаталарда науқастардың әр кереуетінің басында кезекші медицина қызметкерлерін шақыруды жүзеге асыратын екітарапты сөйлесу-сигнал құрылғылары ескеріледі. 7.4.6 Хоспистерде қалалық радиотарату хабарларының тарату жүйесі ескеріледі. 7.4.7 Сымды байланыс тораптарының науқастар пайдалануы мүмкін розеткалары әр кереуеттің басында ескерілуі тиіс. 7.4.8 Қызметкерлерді өрт туралы хабарлау ескеріледі. 7.4.9 Хоспистер уақыт аспаптарымен, ішкі сағаттық жүйелермен жарақтандырылады. 7.4.10 Уақытты есептеудің орталықтандаралған жүйесі ескеріледі. Екінші деңгейдегі сағаттар кезекші қызметкерлердің бекеттерінде, вестюбильдерде, дәліздерде және уақытты көрсету қызмет жүргізуге қажет бөлмелерде орналастырылады. 7.4.11 Хоспистерде эфир теледидарының бағдарламаларын қабылдауға арналған телевизия қабылдағыштарды қосу үшін антенналы-фидерлі құрылғылар ескеріледі. Көрсетілген жүйелерді палаталарда, бас вестюбильдерде, мекеме басшыларының кабинеттерінде орнату ескерілген. 7.4.12 Кәбілді және спутник телевизия байланысының қажеттігін жобалауға берілген тапсырмада анықталады.
Инженер-техникалық жүйелерді автоматтандыру және диспетчерлендіру
7.4.13 Хоспистердің инженер-техникалық жүйелерін автоматтандыруды және диспечерлендіруді жобалағанда электр құрылғыларын орнату Ережелерін, автоматтандыру жүйелерін, технологиялық үрдістерді жобалаудың нормативтік құжаттарын, ғимараттар мен имараттарды жобалаудың өртке қарсы нормаларын, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын инженер-техникалық жүйелерді жобалау жөніндегі нормативтік құжаттарды және осы нормаларды басшылыққа алу керек. 7.4.14 Хоспистерде келесі инженерлік жүйелер автоматтандырылу мен диспечерлендіруге жатқызылады: - жылумен жабдықтау, жылыту, желдету және ауаны баптау; - электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру; - сумен жабдықтау және канализация; - лифтілер. 7.4.15 Хоспис бөлмелерінде ҚР ҚН 2.02-11-2002 талаптарына сәйкес түтін сезгіштермен автоматты өрт дабылы ескерілуге тиіс. 7.4.16 Өрттің басталғаны туралы хабарлаудың автоматты жүйелерімен жабдықталған хоспистерде өрт басталған жағдайда тарту-шығару желдеткішінің автоматты ажырататын және түтін әкету жүйесін қосатын желдеткіш ескерілуі керек. Қорғалатын бөлменің мақсатына байланысты таңдау ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 сәйкес жүргізіледі. 7.4.17 Хоспистерде инженер-техникалық жүйелердің қалыпты жұмыс режимінен ауытқуының апатты дабылы ескеріледі, егер ондай ауытқулар адамдардың өміріне қауіп төндіретін болса, жабдықтарды, ғимаратты, имаратты немесе басқа да материалдық құндылықтарды бүлдіретін болса. Апатты сигнал диспетчер бекетіне шығарылады, диспетчелік бекет болмаған жағдайда – кезекші техникалық қызметкерлердің бөлмесіне беріледі. 7.4.18 Инженерлік жабдықтарды диспечерлендірудің қажеті мен көлемі жобалауға берілетін тапсырыспен айқындалады. Диспетчерлік бекет жүктемелердің ортасында орналастырылады. Диспетчер бекеті жайғасатын бөлме онда кезекші қызметкерлердің тәулік бойы болуына қойылатын талаптарға жауап беруге тиіс. 7.4.19 Хоспитерде палаталарды және процедураларды медициналық кислородпен орталықтандырылған жабдықтау қарастырылуы керек. 7.4.20 Улы және есірткі дәрі-дәрмектер сақталатын қоймалар мен орындар күзет дабылымен жабдықталуға тиіс.
8 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ТАЛАПТАРЫ
8.1 Ауруларға арналған палаталар мен оларға қызмет көрсетілетін бөлмелерді жеке корпустарға орналастырған жөн немесе оларды өртке қарсы 1 үлгідегі қабырғалармен бөлген жағдайда жеке блоктарға орналастыру керек. 8.2 Хоспис ғимаратының өртке төзімділік дәрежесі ҚР ҚНжЕ 2-02-05-2002 бойынша анықталады. Ғимарат өрттен қорғау құралдарының (ӨҚҚ кешенімен) жабдықталуға тиіс және ҚР ӨҚЕ 08-97 талаптарына сай болуға тиіс. 8.3 Биіктігі екі қабатты хоспистерде ені кемінде 6 м ұзын бойы кемінде 2 м ашық лоджиялар жобаланып олар өрт болған жағдайда адамдар жиналып кейіннен көшірілетін, өртке қарсы қабырғалармен бөлінетін шағын бөлме ретінде қарастыру керек. 8.4 Хоспистердің ғимараттарында өрт және күзет дабылдарының автоматты жүйесі ескерілуі керек. Өрт және күзет автоматтандырылған жүйесінің қабылдау құрылғылары инженерлік жабдықтардың диспетчерлік бекетінде немесе тәулік бойы кезекшілер болатын кезекші техникалық қызметкерлердің бөлмелерінде орналастырылады. 8.5 Автоматтандырылған өрт дабылы, өрт сөндірудің және адмдарға өрт туралы хабарлаудың автоматты қондырғылары ескерілуге тиіс ғимараттар мен бөлмелердің тізбесі ҚР ҚН 2.02-11-2002 сәйкес анықтау керек. 8.6 Хоспистардің ғимараттырына өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 «Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі» және ҚР аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қабылдануға тиіс. 8.7 Хопсистердің ғимаратына жапсарлас ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 «Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі» талаптарына сәйкес құрғақ ыстық монша (сауна) салуға жол беріледі.
1-қосымша(ұсынылатын)
30 ТӨСЕККЕ АРНАЛҒАН СТАЦИОНАРЫ БАР ХОСПИС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНЫҢ ҮЛГІ ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚҰРАМЫ МЕН АУДАНЫ
1 - к е с т е
ӘОЖ 725.5.51 МСЖ 91.040.10
Маңызды сөздер: хоспистер, волонтер, инкурабельді, пандус, аурудың терминалдық сатысы, функционалдық аймақтар, емханалық мекемелер, пациент, палата, мүгедектерге арналған арба-кресло, зертхана. |