СНиП РК 3.02-31-2004 каз ДОМА И ИНТЕРНАТЫ ДЛЯ ДЕТЕЙ-ИНВАЛИДОВ СНиП РК 3.02-31-2005ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЙЛЕР МЕН ИНТЕРНАТТАР
ДОМА И ИНТЕРНАТЫ ДЛЯ ДЕТЕЙ-ИНВАЛИДОВ
Енгізілген күні 2005.06.01 1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы нормалар мен ережелер 2002 жылдың 11 шілдесіндегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін әзірленді, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне негізделді және үйлер мен интернаттарға (арнаулы үйлестіру ұйымдарына) қойылатын негізгі талаптарды белгілейді. 1.2 Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнаулы үйлестіру ұйымдарына (әрі қарай – мекемелерге) мыналар жатады: - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарауында болатын мамандандырылған сәбилер үйі (әрі қарай – сәбилер үйі), онда ақыл-ой және дене кемістігі бар 4 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді; - арнаулы түзету білім беру мекемелері (әрі қарай – арнаулы мектеп-интернат), мамандандырылған балалар үйлері* (әрі қарай – балалар үйі) – кемтар, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған ҚР Білім және ғылыми министрлігінің қарауында болатын; - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауында болатын ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат-үйлер.
* Ескерту - Жалпы типтегі балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінің қызметін қоса атқаратын құрама балалар үйлері нұсқасы болуы мүмкін.
1.3 Осы нормалар мен ережелер орналастыруға, учаскеге, аумаққа, көлемдік жайғастыру шешімдеріне, функционалдық топтарға, бөлменің құрамы мен аудандарына, кемтар балаларға (әрі қарай – балалар) арналған арнаулы үйлестіру ұйымдарының ішкі ортасына және инженерлік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен негізгі ережелерді белгілейді. 1.4 Осы нормалар мен ережелер міндетті, ұсынымдық және анықтамалық ережелерден тұрады. 1.5 Осы нормалар мен ережелердің талаптары кемтар балаларға арналған арнаулы үйлестіруші ұйымдардың жаңадан салынып жатқан, қайта құрылымдалатын, кеңейтілетін және жаңғыртылатын ғимараттарды жобалауға, олардың кімдікі және меншік нысанына қарамастан, қолданылады. 1.6 Осы нормалар ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001 талаптарына сәйкес әзірленді. 1.7 Осы құрылыс нормалары мен ережелері (ҚР ҚНжЕ) жобалауды құрылысты, қайта құрылымдауды және қайта жабдықтауды жүзеге асырушы ұйымдық-құқықтық меншік нысанына қарамастан, басқару және қадағалау органдарының, жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға жатады.
Ресми
басылым 1.9 Кемтар балаларға арналған арнаулы үйлестіруші ұйымдарды жобалау жобалауға берілген тапсырма бойынша жүргізіледі. 1.10 Ғимаратты жобалау кезінде осы нормативтік құжат талаптарынан басқа, ҚР-дағы құрылыстық спецификалық (өзіндік) жағдайлары жөніндегі өзге нормативтік-техникалық құжат талаптарын ескеру керек. 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
ҚР ҚНжЕ II-12-77 Шудан қорғау. ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001 Сәулет, елдімекен құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006 Сейсмикалық аудандардағы құрылыс ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002* Табиғи және жасанды жарықтандыру ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001* Құрылыстық климатология ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002* Елдімекен құрылысы. Қалалық және ауылдық елдімекенді жайғастыру жоспары мен құрылысы ҚР ҚНжЕ 3.02-01-2001* Тұрғын ғимараттар. ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 Қоғамдық ғимараттар мен имараттар ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001 Сумен қамту. Сыртқы тораптар мен имараттар. ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001* Жылыту, желдету және кондиционерлеу ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2003 Қазандық қондырғылар. ҚР ҚНжЕ 4.04-10-2002 Электротехникалық құрылғы ҚР ҚНжЕ 3.02-03-2003 «Едендер». ҚНжЕ 2.01.07-85* «Жүктемелер мен әсер етулер». ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 «Ғимарат пен имараттың негізі» ҚР ҚНжЕ 5.01-03-2002 «Қадалы іргетастар» ҚНжЕ 2.04-01-85* Ғимараттардағы ішкі су құбыры мен канализация ҚЕ 2.6.1.758-99 (РҚН-99) «Радиациялық қауіпсіздік ережелері» ҚР ҚН 2.02.-11-2002 Ғимараттарды, жайларды және имараттарды автоматты өрт сөндіру және адамдарда өрт туралы хабарлау қондырғылармен жабдықтау нормалары ҚР ҚН 4.04-23-2004 Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды электрмен жабдықтау. Жобалау нормалары. ҚР ҚН 2.04-29-2005 Ғимарат пен имаратты найзағайдан қорғау құрылғысы жөніндегі нұсқау МСЖ 3.02-05-2003 Халықтың қозғалысы шектеулі топтары үшін ғимараттар мен имараттардың қолжетімділігі ҚР ҚБҚ 3.01-05-2001 Елдімекен құрылысы. Мүгедектер мен халықтық қозғалысы шектеулі топтарының қажеттіліктерін ескеріп, елдімекендерді жоспарлау және салу Электр қондырғылардың орнату ережелері (ЭҚЕ) Астана, 2003 г. Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері 8.02.2006 ж. № 35 ҚР төтенше жөніндегі министр бұйрығымен бекітілген СанЕжН 2.01.004-96 Дене және ақыл-ой дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнаулы (түзеу) білім беру мекемелерінің құрылысы, жабдықтары, күтімі және режимі СанЕжН 6.01.002-94 Жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттар Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 11 шілдесіндегі №343-II ЗРК «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы.
3 АНЫҚТАМАЛАР
Осы нормалар мен ережелерде мынадай терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылады: 3.1 Адаптация (бейімделу) - жаңа жағдайға бейімделу. Мұнда: қозғалысы шектеулі пайдаланушылар қажеттіліктері ескерілетін ғимараттың сәулеттік ортасының өзгеруі. 3.2 Акцент - мұнда: қарама-қарсы бағдар, сәулеттік ортаның элементтері, келушілер (тұтынушылар), соның ішінде қозғалысы шектеулілер үшін ақпараттың маңызы бар элементі. 3.3 Антропометрикалық параметрлер - адамның денесі мен оның мүшелерін өлшеу жүйесі. 3.4 Сәулеттік орта - мұнда: белгілі міндеттерге арналған тұтынушы үшін қажетті және жеткілікті ақпараттылықпен, соның ішінде сәулеттік пластиктер көмегімен үлестірілген ғимарат пен имараттың сыртқы кескіні мен ішкі кеңістігінің жиынтығы. 3.5 Учаскені көркейту - мұнда: қозғалысы шектеулі келушілердің қол жеткізуін қамтамасыз ететін және жасанды ландшафт (көгалдандыру) жасаудан, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен жүру бөліктерін төсеуден, сыртқы жарықтандыруды орнатудан, учаскеде демалыс, спорт және ойын-сауық аймақтарын құрудан, сонымен бірге келушілерді ақпараттық қамтамасыз етуден тұратын іс-шаралар кешені. 3.6 Бокс - ауыр сырқаттарды, жұқпалы аурулармен ауырғандарды және т.б. оқшаулауға арналған бөлме. 33.7 Бордюр (жиектес) - жүру жолдары мен кеңістігін қауіпсіздік пен ақпараттылық критерийлері міндетін қоса атқаратын биіктігі аласа біртекті элементтермен қоршау. 3.8 Габариттер - мұнда: сәулеттік орта элементтерінің (заттар мен кеңістіктердің) олардың шеткі шығыңқы бөлшектері бойынша ішкі («жарықтағы») және сыртқы («тазалықтағы») өлшемдері. 3.9 Топтық сабақтар - сынып топтарын 8, 6 немесе 4 адамдық топшаларға бөліп жүргізетін сабақ, соларға сәйкес оқушы үстелдері топтастырылады. Мұндайда оқушылар бір-біріне қарама-қарсы отырып, ұжымдық тапсырманы орындайды. 3.10 Есік ойығы - есік жаппасы 90°С ашық тұрған кездегі (немесе толық ашылған жылжымалы есік) есік ойығының нақты ені. 3.11 Балалар үйі - 3-4-тен 18 дейінгі жастағы жетім балаларға арналған мемлекеттік интернаттық тәрбиелеу мекемесі. Мұндай мекемелердің кейбірі мектеп-интернат болып қайта құрылды. 3.12 Ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат үйлер - күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, сондай-ақ әлеуметтік және еңбекке бейімделуге мұқтаж балалардың тұрақты тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекеме. 3.13 Сәбилер үйі - ата-анасының қарауынсыз қалған балғын жастағы балаларға, жалғызбасты аналардың балаларына, сондай-ақ дене немесе психикасының дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсету және тәрбиелеуге арналған мекеме. Жалпы типті, сондай-ақ орталық нерв жүйесі, қимылдау аппараты, есту, сөйлеу, көру және т.б. қызметі зақымданған балаларға арналған мамандандырылған сәбилер үйі құрылады. 3.14 Қолжетімдік (кедергісіздік) - орынға кедергісіз қол жеткізуге және көрсетілетін қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін ғимараттың, бөлменің, қызмет көрсету орындарының ерекшелігі. 3.15 Қолжетерлік - пайдаланатын затқа, нысанға қол жеткізу мүмкіндігін пайдаланумен қамтамасыз ететін параметрлері бар қызмет көрсету орындарының ерекшеліктері. 3.16 Аймақ (зона) - мұнда: қоршау құрылымдармен толық бөлінбеген, функциональды ұйымдастырылған кеңістіктің параметрлері мен конфигурациялары. 3.17 Қауіпсіздік аймағы - мұнда: жарақаттану қауіпі бар жағдайларды болдырмауға арналған функциональды элемент (алаңша) шетіндегі аймақ (жолақ). 3.18 Қызмет ұсыну аймағы (қызмет көрсету) - бөлмедегі немесе учаскедегі қызмет көрсету орындарының жиынтығы. 3.19 Идентификация (сәйкестендіру) - мұнда: объектінің немесе тәуекелдік аймағының функциональдық мақсатын бір мағынада тану. 3.20 Мүгедек - туа біткен кемістік, организм қызметінің күшті бұзылуы немесе өмірде айтарлықтай қиындықтарға әкелген ішінара немесе толық еңбекке қабілеттіліктің жоғалуына душар еткен жарымжан болу нәтижесінде денсаулығы бұзылған адам. 3.21 Жеке сабақ - мұғалімнің берген тапсырмасын өз бетінше орындау үшін бүкіл сынып бөлмесіндегі оқушыларды бөліп орналастыратын сабақ. Оқушылар дидактикалық материалдар бекітілген қабырға периметріне бетін бұра алады немесе ТОҚ-пен сабақ өткізе алады. 3.22 Интернат - оқушылар ішінара немесе толықтай мемлекеттік қамтамасыз етіліп тұратын, оқитын білім беру мекемесі (мектеп). 3.23 Ақпараттылық - уақыт бірлігіндегі тасымалдағыш бірліктен алынған ақпарат көлемімен сипатталатын сәулет ерекшеліктерінің бірі. Мұнда: мүгедек балаларға арналған қоршаған ортаға бейімделудің (адаптация) негізгі өлшемдерінің бірі. 3.24 Карман (қалта) - мұнда: бөлменің шегіне немесе оның шегінен тыс коммуникациялық жолдарға жинасатын қуыс, кеңістік. 3.25 Сынып-кабинет - түрлі пәндер бойынша сабақ өткізуге негізгі және жоғары мектеп оқушыларына арналған бөлме. 3.26 Сынып бөлмесі - бастауыш мектеп оқушыларына арналған бөлме. 3.27 Коммуникациялық кеңістіктер - мұнда: көбінесе адамдар легінің жүруіне арналған ғимарат, имарат немесе учаскелердің аймақтары мен бөлмелері. 3.28 Коммуникациялық жолдар - тек жүруге арналған коммуникациялық кеңістіктің бөліктері. 3.29 Коррекция (түзеу) - кемшіліктерді түзету. 3.30 Латеральды - шетті шектейтін жиектеуші. 3.31 Лаборатория (зертхана) - тәжірибелерді көрсететін сабаққа арналған бөлме. 3.32 Лаборант (зертханашы) бөлмесі - мұғалім мен лаборанттың жабдықтарды сақтауға және тәжірибеге дайындауға арналған бөлмесі. 3.33 Қолжетімдік маршрут (кедергісіз) 1) Ғимарат пен имараттың барлық элементі мен кеңістігін байланыстыратын үздіксіз маршрут, онда қозғалысы шектеулі келушілерге қызмет көрсету жүзеге асырылады. 2) Қозғалу пункттерінің тізбесі. 3.34 Маяк - мұнда: жарықпен немесе дыбыспен пульсациялаушы бағдар. 3.35 Медициналық сауықтыру - организмнің бұзылған немесе айырылған қызметін қалпына келтіруге емдеуге бағытталған медициналық іс-шаралар кешені. 3.36 Қызмет көрсету орындары - мұнда: ғимарат, имарат, бөлмелердің, аймақтардың келушілерге қызмет көрсетушілердің құрылған және жабдықталған бөліктері. Оған жұмыс орыны, қызмет көрсетілетіндерге - орын кіреді, күту орыны болуы мүмкін. 3.37 Пандус - ғимараттың ішінде де, сондай-ақ сыртында да тігінен қатынасқа арналған еңіс жазықтық. 3.38 Аймақ пен кеңістіктің параметрлері - жоспардағы немесе кеңістіктегі, мысалы, аймақтың ұзындығы мен ені, мүгедектің кресло-арбаның бұрылу радиусы, аймақтың қол жететін биіктігі және т.б. алатын қандай да бір шектердің арасындағы өлшемді білдіретін шамалардың сандық мәні (ұзындығы, ені, биіктігі). 3.39 Парапет (жиек қабырға) - әдетте, биіктік құламасының бітеу қоршауы. Мұнда: қауіпсіздік пен ақпараттылық критерийлері жөніндегі қызметті қоса атқаратын жүру жолдары мен функциональды кеңістікті қоршаған құрылымдық элемент. 3.40 Ым тілінің аудармашысы (сурдоаудармашы) - дыбыстық ақпаратты ым тіліне аударуды жүзеге асырушы маман (керең-мылқаулар үшін). 3.41 Пиктограмма - символдық сурет, көбінесе стильденген. 3.42 Көтеру - еңіс жүру жолының жақын көлденең жуықтықтары арасындағы деңгейлер (тік өлшем) айырымы. 3.43 Көтергіш құрылғы (платформа) – платформаға орналасқан, пайдаланушыларды көтеру мен түсіру үшін мерзіммен істейтін стационарлы жүк көтергіш машина. 15°-тан аспайтын бұрышпен тігінен жылжитын платформа, 75°-тан аспайтын бұрышпен еңісінен жылжитын платформа. 3.44 Жеке қызмет көрсету бөлмесі (функциональды) - өзіне-өзі қызмет көрсету немесе мекеме (кәсіпорын) қызметкерінің аз жұмылдырылған келушілерге қызмет жүзеге асырылатын кабина немесе кабинет. Кабина (кабинет) габариты әдетте, алып жүруші тұлғаны да орналастыру мүмкіндігін ескеруі тиіс. 3.45 Әмбебап бөлме - мұнда: ұйымдастыру шараларының, сондай-ақ жабдықтарды ауыстыру немесе трансформациялау арқасында түрлі қызмет түрлерін ұйымдастыру мүмкін болатын ғимарат бөлмесі. 3.46 Көлденең еңіс - қозғалу бағытына перпендикуляр беттің еңісі. 3.47 Келушілер аймағы - ғимараттар мен имараттардағы келушілерге арналған бөлмелер мен кеңістік жиынтығы. 3.48 Практикум (лаборатория-практикум) - сыныптың бір бөлігін фронтальды зертханалық жұмыстарды және зертханалық практикумдарды өткізуге арналған бөлме. 3.49 Бойлық еңіс - қозғалу бағытына параллель беттің еңісі. 3.50 Өткел - функциональды және (немесе) құрылымдық элементтер (жабдықтау) арасындағы жаяу жүретін кеңістік. 3.51 Психикалық кемшілік - адам психикасының дамуы мен (немесе) жұмыс істеуіндегі уақытша немесе тұрақты кемшілік, сонымен бірге: - сенсорлық бұзылу салдары; - сөйлеудің бұзылуы; - эмоциялық-еріктік сананың бұзылуы; - мидың зақымдану салдары; - ақыл-ой дамуының бұзылуы, оның ішінде ақыл-ой кемістігі; - психикалық дамудың кідіруі және соған байланысты оқудағы спецификалық (өзіндік) қиыншылықтар. 3.52 Кемтар бала (балалар) - туа біткендікпен, тұқым қуалаушылықпен немесе жарақат салдарымен байланысты өмір сүруді шектейтін физикалық және (немесе) психикалық кемшіліктері бар 18 жасқа дейінгі бала (балалар). 3.53 Ресурстық орталық - көрнекі оқу құралдары мен ТОҚ қойылған оқу секциясындағы бөлме. 3.54 Қауіп сигнализаторлары (хабарлағыштар) - зағип адамдарға олардың жолындағы қауіп жөнінде ескерту беруге арналған, жаяу жүргіншілер жолы мен басқа элементтердің бетіне тұрғызылған немесе төселген арнайы элементтер. 3.55 Символика - мұнда: объектіні (ұғымды) шартты көрсету үшін графикалық немесе текстильдік тәсілмен жасалатын, келушілерге арналған таңбалы ақпарат. 3.56 Сабақ жүргізудің аралас түрлері - бір мезгілде фронтальды, топтық және жеке жұмыс түрлерін жеткізу. 3.57 Әлеуметтік бейімделу - кемтар балаларды қоғамда қабылданған құндылықтарды, ережелер мен мінез-құлық ережелерін меңгерту және қабылдату жолымен әлеуметтік орта жағдайына, әлеуметтік және медициналық түзеу арқылы қолдауға мақсатты түрде бағыттау процесіндегі еңбек даярлығына белсенді бейімделу. 3.58 Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау - білім беру, халықты әулеметтік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының кемтар балаларды шектеулі тіршілік әрекетті жеңуге және өтемақы беруге және олардың қоғамдық өмірге басқа азаматтармен бірдей қатысу мүмкіндіктерін жасауға арналған жағдайларды қамтамасыз ететін арнаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметін көрсету қызметі. 3.59 Білім берудің арнаулы түзеу ұйымдары (әрі қарай – мектеп-интернаттар) - Қазақстан Республикасы Білім министрлігі жүйесіндегі арнаулы (түзеу) білім беру мекемелері, олар білім беретін оқу орындарымен бірге міндеттерді шеше отырып, бір мезгілде жоғалған қызметті қалпына келтіруде, бастапқы және екіншілей бұзылғанды түзеуге, сақталған талдаушылар қызметін дамытуға және балалар мен жеткіншектерді сауықтыруға, әлеуметтік-еңбектік бейімдеуге және қоғамда біріктіруге ықпал етуші компенсаторлық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған өзіндік міндеттерді атқарады. Білім берудің арнаулы түзеу ұйымдары мынадай типтерге бөлінеді: - естуі бұзылған (естімейтіндер, нашар еститіндер, кейін саңырау болғандар); - көруі бұзылған (көрмейтіндер, нашар көретіндер, кейіннен зағип болғандар); - тірек-қозғалу аппаратының қызметі бұзылған; - сөйлеуі бұзылған; - психикалық дамуы кідірген; - эмоциялық-еріктік саласы мен мінез-құлқы бұзылған; - күрделі бұзылулармен, оның ішінде соқыр-саңырау. 3.60 Мамандандырылған кабинет – тереңдетілген бейімдік курстарға немесе тар пәнге арналған бөлме. 3.61 Өмір сүру (тіршілік ету) ортасы - адамды қоршаған материалдық орта, онда ол өзінің барлық өмірлік қажеттіліктерін жүзеге асырады, соның ішінде, ғимараттар мен имараттар, олардың жабдықтары, жарақтары және жақын жатқан аумақ. 3.62 Табло - механикалық электронды және өзге жетекпен, олардың жұмыстық бетінде символдардың өзгеруіне арналған көрсеткіштер. 3.63 Тактильдік - рельефтік, түйсіктік. 3.64 Учаске (телім, бөлім, бөлік) - мұнда: ғимарат жұмысымен байланысты аумақ. 3.65 Оқу секциясы – сыныптық бөлмелер тобы (оқу кабинеттері), рекреация, ресурстық орталық пен сантораптар. 3.66 Дене кемістігі - ағзаның (ағзалардың) ұзақ әлеуметтік медициналық және коррекциялық-педагогикалық қолдауды қажет ететін дамуы және (немесе) жұмыс істеуінің күшті бұзылуы. 3.67 Фронтальды сабақ - барлық оқушылар сынып тақтасы мен мұғалімге қарап отырады. 3.68 Функционалдық аймақтар - қандай да бір әрекетпен байланысты белгілермен сипатталатын қандай да бір шектер арасындағы кеңістік, мысалы, телефон-автомат жанындағы аймақ, үстел жанындағы аймақ, кафетерий бағаны қасындағы аймақ және т.с.с. 3.69 Мектеп - адам туралы ғылыми білім негіздері мен көркем мәдениет негіздері оқытылатын оқу-тәрбие мекемесі. 3.70 Мектеп-интернат - баланың дамуы мен тәрбиесі үшін неғұрлым қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, отбасына көмек көрсету мақсатында тәрбиеленушілердің жыл бойы болуына арналып құрылған мекеме. Мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері – оларды демалыс пен каникулда қалдырып кете алатын отбасы балалары, жетім балалар, және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, онда тұрақты болатын балалар. 3.71 Брайль шрифтісі - зағиптардың жазуы мен оқуына арналған рельефті-нүктелі шрифт. 3.72 Эргономикалық параметрлер - адамның қандай да бір қызметіндегі қозғалыс параметрлері. 3.73 Қысқартулар ТЖК - табиғи жарықтандырылу коэффициенті ТОҚ - техникалық оқу құралдары
4 НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
4.1 Осы нормалар мен ережелердің талаптары тіршілік әрекетінің негізгі процестері, қызмет көрсету орындарын құру, еңбек пен демалыс орындарын құру кезінде кемтар балаларға арналған білім берудің арнаулы түзеу ұйымдарына қолжетімділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етуші толыққанды сәулеттік ортаны құруға бағытталған. 4.2 Бөлмелердің биіктігін, инженерлік жабдықтарға қойылатын талаптарды және басқа жалпы талаптарды, соның ішінде өртке қарсы, «Қоғамдық ғимараттар мен имараттар», «Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі», сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолданылатын өзге нормативтік құжаттарға сәйкес етіп алу керек. 4.3 Азаматтық қорғаныс шараларының қажеттілігі жобалауға берілген әр нақты жағдайда анықталады. 4.4 Сәулеттік ортаның сапасын арттыруға кемтар балалардың мұқтаждығына арналған ғимаратта қолжетімдік, қауіпсіздік, жайлылық пен ақпараттылық сақталған кезде қол жеткізіледі. Ол өлшемдердің маңыздылығына қарай басымдық реті төмендегідей: - қолжетімдік; - қауіпсіздік; - ақпараттылық; - жайлылық; 4.5 Объектінің сәулеттік шешімі балаларға көмек көрсетуі тиіс: - ғимарат, имарат, бөлмелердің аймақтарын сәйкестендіруге; - коммуникациялық кеңістікті табуға және пайдалануға, өз жолының, оның ішінде эвакуацияның бағытын анықтауға; - тәуекелдік аймағын дер кезінде анықтауға және одан сенімді түрде аулақтауға. 4.6 Үйлер мен интернаттардың сыйымдылығы, олардың бөлмелерінің құрамы мен ауданы әр нақты жағдайда жобалауға берілген бекітілген тапсырмамен анықталуы тиіс.
4.1 Сәбилер үйі 4.1.1 Мамандандырылған сәбилер үйінде туғаннан 4 жасқа дейінгі жастағы балалар тәрбиеленеді. Мамандандырылған сәбилер үйінде ақыл-ойы мен дене дамуында кемістігі бар балалар ұсталады (тәрбиелеу жағдайымен байланысты, психо-сөйлеу және дене дамуы кідірген балалардан басқа): - орталық нерв жүйесі ағзалық зақымданған, психикасы бұзылған; - орталық нерв жүйесі ағзалық зақымданған, психикасы бұзылмаған, соның ішінде балаларда болатын церебральды салмен; - тірек-қозғалу аппаратының қызметі бұзылған және т.б. психикасы бұзылмаған дене дамуы кемістіктерімен; - естуі мен сөйлеуі бұзылған (керең-мылқаулар, керең болып қалғандар, құлағы мүкістер); - сөйлеуі бұзылғандармен (алалиясы бар тұтықпалар және т.б. сөйлеуі бұзылғандар); - көруі бұзылғандармен (соқырлар, нашар көретіндер); - туберкулездік интоксикациясы барлар, туберкулездің аз және әлсіреген түрлерімен; - имбецильдік, жарыместік дәрежесіндегі олигофрениясы барлармен; - бас мидың ағзалық зақымдануынан кейінгі кем ақылдық; - тірек-қозғалу қызметі тым бұзылған кездегі барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігімен; - соқыр (нашар көретін) немесе саңырау (нашар еститін) тәрбиелеуді қиындататын, тірек-қозғалу қызметі тым бұзылған барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін медбикелік күтімдегі жеке топтар ұйымдастырылады. 4.1.2 Сәбилер үйінде сәбидің қозғалуына және денсаулығының нығайтылуына, олардың үйлесіммен дамуына кепілдік беретін жағдай жасалады және тәрбиеленушілерге қызмет көрсетудің түрлерімен қамтамасыз етеді: - тұру; - тамақтану; - санитарлық-гигиеналық қызмет көрсету; - медициналық қызмет көрсету. 4.1.3 Сәбилер үйінің сыйымдылығы 100-150 орындық болуы тиіс және жобалауға тапсырмада беріледі. 4.1.4 Сәбилер үйінде тәрбиеленуші топтардың бекітілген құрамы: - туғаннан 1 жасқа дейінгі - 8 бала; - 1-ден 2 жасқа дейінгі - 10 бала; - 2-ден 4 жасқа дейінгі - 15 бала.
4.2 Арнаулы мектеп-интернаттар, интернат үйлер 4.2.1 Арнаулы түзеу ұйымдары (арнаулы мектеп-интернаттар) стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіне жатады және балалардың жасына, денсаулық күйі мен әлеуметтік жағдайына сәйкес дифференсацияланады және тәрбиеленушілерді мынадай қызмет көрсету түрлерімен қамтамасыз етеді: - тұру; - тамақтану; - санитарлық-гигиеналық қызмет көрсету; - тәрбиелеу, оқыту; - мәдени-көпшілік қызмет көрсету; - әлеуметтік бейімдеу; - медициналық қызмет көрсету (физикалық сауықтыруды қоса алғанда); - кәсіби даярлау (жеке мүмкіндіктеріне қарай); - әкімшілік-тұрмыстық қызмет көрсету. 4.2.2 Арнаулы мектеп-интернаттарда балалардың мынадай тұруын қарастыру керек: - бірдей жастағылардың топтарында, дамуы мен оқуға даярлығы бар деңгейдегі балалардан тұратын топтарды және сынып топтарын жасақтау; - әр жастағылардың топтарында, әр жастағы балалардан сыйымдылық (5-8 адамдық «отбасы» құрып) принципі бойынша топтар жасақтау. 4.2.3 Жалпы сыйымдылығы 150 орыннан артық болған кезде ғимарат, тұратын бөлімдерден басқа, тамақтану, сондай-ақ бастапқы оқу және медициналық қызмет көрсететін бөлмелері бар жеке блоктардан (бөлімдерден) тұруы тиіс. 4.2.4 Бөлмелердің барлығында да қозғалу қызметі шектеулі, соның ішінде коляскалармен жүретін балалардың дене күшін жеңілдетуге арналған құрылғылар мен құрал-жабдықтарды қарастыру қажет. 4.2.5 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептерден басқа, мекемелердің барлық типі арбалы мүгедектердің келуіне есептелуі тиіс. Қозғалу аппараты зақымданған балаларға арналған мекемелердегі арбамен жүретіндердің бағдарлы есептік санын сыйымдылығына қарай 20-30 %, мекеменің қалған типтерінде сыйымдылығына қарай 2-3 % етіп алу керек.
Ескерту - Барлық мекемелер арба пайдаланатын мүгедек келушілерге есептелуі тиіс. 4.2.6 Кемтар балаларға арналған үйлер мен интернат типтерінің ұсынылған номенклатурасы мен білім берудің тәрбиеленушілерді қамтамасыз ету деңгейі 4.2.1-кестеде келтіріледі.
4.2.1-кесте - Кемтар балаларға арналған арнаулы мектеп интернаттар типтері мен тәрбиеленушілер құрамы мен білім деңгейінің ұсынылған номенкла турасы
4.2.7 Арнаулы мектеп-интернаттарда мектеп жасындағы балалар ұсталады: - негізгі біліммен қамтамасыз мекемелерде (тоғызжылдық); - орта білім (он бір жылдық). 4.2.8 Арнаулы мектеп-интернатқа келген балалар мен жасөспірімдердің оқу мерзімі мен жасы дене және ақыл-ой дамуы ерекшелігі ескеріліп, көбейтілуі мүмкін және жобалауға берілген тапсырмаға сәйкес мүгедектерге арналған арнаулы мектеп-интернаттардың құрамына 4-7 жастағы балаларға арналған мектепке дейінгі бөлімдер қосылуы мүмкін. 4.2.9 Мұндайда бір учаскеде біртұтас мекеме кешенін (балабақша-мектеп) қарастыру ұсынылады. Бұл мекемелердің әрқайсысы бөлек ғимаратта немесе блокта әр жастағы балаларды ғимараттарда да, сондай-ақ учаскелерде де оқшаулау принципін қатаң сақтап орналастыру керек. 4.2.10 Интеллектуальды бұзылған балалар үшін (ақыл-ойы кем балалар) сынып топтары ұйымдастырылуы мүмкін, оларда балалар тиісті біліммен қамтамасыз етіледі. 4.2.11 Мекеме тәрбиеленушілердің тәулік бойы, сонымен бірге демалыс күндері болуын қамтамасыз етеді. Кейбір жағдайда балалардың мүддесіне орай күндіз болуына рұқсат етіледі. Жетім балалардың және ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың жыл бойы, сонымен бірге мектеп каникулында болуы қамтамасыз етіледі. 4.2.12 Көруі бұзылған балаларға арналған мекемелерде кедергілерге, жол жабынының беткі қабаты сапасының өзгеруіне, рельефті жолақтарға, қорғаныш қоршауларға жақындағаны туралы және т.б. балалардың кеңістікте бағыт алуын жеңілдетуге арналған ескертуші ақпаратты қарастыру керек. 4.2.13 Арнаулы мектеп-интернаттарды жалпы сыйымдылығы 300 орыннан аспайтын екі параллель сыныптан көп болмайтындай етіп жобалау ұсынылады. Полиомелит пен церебральды сал салдарынан естуі, көруі бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттар 12 жылдық оқуға есептеледі және өзінің құрамында дайындық сыныбы болады. Ақыл-ойы кем балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттар 10 жылдық оқуға есептеледі, ақыл-ойы кем балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттарда дайындық сыныптары қарастырылмайды. Арнаулы мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің негізгі контингенті сондай-ақ, негізгі дене кемістігінен басқа, интеллектуальдық кемістіктен тауқымет тартқан балалар есебінен көбейтілуі мүмкін. Мұндай балалардан оқу мерзімі 9 жылдық (1-9 сыныптар) қосалқы сыным бөлімдері жасақталады. Ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат үйлерінің сыйымдылығы 250 орыннан аспауы тиіс. 4.2.14 Арнаулы түзеуші білім беру мекемелері мынадай түрлерге бөлінеді: 1 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған арнаулы (түзеу) білім беру мекемелері: а) соқырлар үшін, балаларды оқыту 6-7 жастан бастауға арналғандарға балалардың жас мөлшері 1-2 жылға асқанын қабылдауға рұқсат етіледі; б) нашар көретіндерге арналған, балалар 7 жастан қабылданатын жерге басқа тип пен түрдегі білім беру мекемелерінен түрлі сыныптарға көз ағзасы ауырған, көздері жарақаттанған және т.б. балаларды қабылдауға рұқсат етіледі. 2 Саңырауларға, нашар еститіндер мен кейіннен керең болған балаларға арналған арнаулы (түзеу) білім беру мекемелері: а) саңырау балаларға арналған; б) нашар еститін және кейіннен керең болған балаларға арналған. Нашар еститіндер мен кейіннен керең болған балаларды оқытуда дифференциальды қарауды қамтамасыз ету үшін екі бөлім құрылады: І – естудің бұзылуына байланысты сөйлеудің болмашы дамымай қалған балаларға арналған; ІІ – естудің бұзылуына байланысты сөйлеуі қатты дамымай қалған балаларға арналған. 3 Сөйлеуі тым бұзылған балаларға арналған арнаулы (түзеу) білім беру мекемелері, олардың құрамында екі бөлім болады: І – тілінің жалпы жетілмеуінің дәрежесі ауыр (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия және т.б.), сондай-ақ тұтығуға ұласатын тілінің жалпы жетілмеуінен зардап шегуші балаларға арналған; ІІ – тілі қалыпты жетілсе де тұтығудың ауыр түрімен ауыратын балаларға арналған. І және ІІ бөлімдердің құрамында тілінде бірдей кемістіктері бар білім алушылардың тіл дамуының деңгейі міндетті түрде ескерілетін жеке сыныптар құрылуы мүмкін. 4 Полиомелит пен церебральды сал салдары бар балаларға арналған арнаулы (түзеу) білім беру мекемелері. Денсаулығының қалпына келтірілу шамасына қарай, білім алушылар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде жалпы типтегі жалпы білім беретін мекемелерге ауыстырыла алады. 5 Психикалық дамуы кідірген балаларға арналған арнаулы (түзеу) білім беру мекемелері. Бастауыш сыныпта білім алушылардың құрамы жылжымалы. Білім алушыларды жалпы білім беретін мекемелерге даму кемістігінің түзелу шамасына қарай ауыстыру туралы мәселе жалпы бастауыш білім (І саты) алғаннан кейін жүзеге асырылады. Баланың оқу процесіндегі психофизикалық даму қалпын нақтылау үшін оқушылар психикалық дамуы 1-2 жылға кідірген балаларға арналған арнаулы (түзеу) білім беру мекемесінде бола алады. 6 Ақыл-ойы кем балаларға арналған арнаулы (түзеу) білім беру мекемелері. 4.2.15 Сыныптағы және тәрбиелеу топтарындағы балалардың саны мекеменің бейініне қарай 4.2.2-кесте бойынша анықталады. 4.2.16 Оқымайтын балалар, яғни шындықты қабылдамайтын және өзіне қызмет көрсете алмайтын балалар ұйықтайтын бөлмелерге жасына, сырқатының ауырлығына, сондай-ақ қызмет көрсетуші қызметкердің нормативтік жүктемесіне қарай орналастырылады.
5 ОРНАЛАСТЫРУҒА, УЧАСКЕГЕ ЖӘНЕ АУМАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1 Кемтар балаларға арналған мекемелерді кәсіпорынның, имараттың және өзге объектілердің санитарлық-қорғау аймақтарынан тыс көгалдандырылған аумақтарға СанЕжН № 2.01.004-96 талаптарын, сондай-ақ адам үшін өте қауіпті химиялық, биологиялық және микробиологиялық организмдердің топырақтағы мөлшері, атмосфералық ауаның сапасы, радиациялық фонның, озонның деңгейі физикалық (шу, тербелістің ультрадыбысы, электро-магниттік өрістің және т.б.) және басқа факторлар жөніндегі гигиеналық нормативтер мен санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің тиісті талаптарын ескеріп орналастыру керек. 5.2 Кемтар балаларға арналған мекемелерді орналастыру, сондай-ақ сыйымдылығы, оның бөлмелерінің құрамы мен ауданы әр нақты жағдайда жобалауға берілген тапсырмамен анықталады. Учаскенің жалпы ауданын, алаңшалардың жиынтығын және олардың жабдықтарын анықтаған кезде мекеменің әр типі үшін учаскені пайдалану ерекшелігін сауықтыру-қалпына келтіру мақсатында да, сонымен қатар оқу-кәсіптік даярлау үшін де ескеру қажет. 5.3 Мекемені елдімекен пунктіндегі құрылыс жүйесінде орналастыру, өндірістік объектілерден, көлік магистральдарынан және т.с.с. алыстату мәселелерін, сондай-ақ табиғатты қорғау шараларын Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын нормативтік құжаттардың елдімекен құрылысы талаптарына сәйкес шешу керек. Әр мекеменің магистральды көшеден кем дегенде 30 м қашық жатқан жеке учаскесі болуы тиіс. Учаскеге олармен функциональды байланысы жоқ объектілерді орналастыруға тыйым салынады. Мекеменің учаскелері МСЖ 3.02-05-2003* және ҚР-ның осы нормалары мен қолданыстағы санитарлық нормативтеріне сәйкес жобалануы тиіс. 5.4 Жер учаскесі (телімі) құрғақ, таза, жақсы жел қаққан және инсоляцияланған (үздіксіз инсоляциялау уақыты кем дегенде 3 сағат) болуы тиіс; ыңғайлы кіру жолдары және кем дегенде екі шығу жолы – негізгі және шаруашылық болуы тиіс. Учаскеде кем дегенде екі өрт сөндіруші машинаның осіне 20 т есептік жүктеме түсетін қатты жабын салынған жолы бар кіреберіс қарастырылуы тиіс. Кіреберістің (қақпаның) біреуі шаруашылық болуы тиіс. ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002* 1-қосымшасы талаптарын ескеріп, ғимаратқа (-тарға) кіру жолы болуы керек. Аумаққа кіреберісте өткел құрылысы қарастырылады.
4.2.2-кесте – Арнаулы түзеуші білім беру мекемелеріндегі сыныптардың, тәрбиелеу топтарының, күні ұзартылған топтардың толтырылуы.
5.5 Кез келген профильді мекеме учаскесінің биіктігі кем дегенде 2,0 м қоршауы болуға тиіс. Кешкі уақыттан учаске аумағында жасанды жарықтандыру болуы тиіс, норма бойынша шоқтану шамымен жерге 20 лк, люминиценттік шаммен 40 лк. 5.6 Учаске аумағында жол қозғалысы мен көшеде жаяу жүру ережелерін сақтау дағдыларын балаға үйрету үшін жол белгілерін, жол таңбалары мен өткелдерді қоюды қарастыру керек. 5.7 Ғимаратқа баратын өткелдер, тәрбиеленушілердің алаңда жүру жолдары автокөлікке арналған өткелдермен түйіспеуі тиіс. Үйге баратын өткелдер мен келу жолдарының жабыны қатты болуы тиіс. 5.8 Мекеменің жаңадан келген балалары арналған оқшаулағыш (карантин тобы) болуы тиіс. 5.9 Ғимаратты жобалау және салу кезінде құрылыс учаскесінің радон қауіптілігі дәрежесін, техногендік радиоактивті ластанудың және құрылыс құрылымдарының радиоактивтілігінің болуын ескеру керек. Мұндайда радиациялық қауіпсіздік талаптарын РҚН-99-ға сәйкес орындауға қажет. Ғимараттың қоршау құрылымдарының, соның ішінде жертөле (немесе еденасты) еденінің радоннан қорғау жолын ҚР ҚНжЕ 3.02-03-2003 бойынша орындау керек.
5.1 Сәбилер үйіне арналған учаске (телім) 5.1.1 Сәбилер үйінің құрамында бүкіл жыл бойы балалардың таза ауада ұйықтауына және олардың серуендеуін ұйымдастыруға арналған жабдықтары бар көгалдандырылған және қоршаған жер учаскесі болуы тиіс. 5.1.2 5.1-кестеде әр жастағы балаларға арналған балалар алаңшасының өлшемдері келтірілді (топқа): - балаларға арналған топтық алаңшалар учаскенің периметрі бойынша ені 1,5 м айналма жолға қосылады. - барлық алаңшаны бір-бірінен жас көшеттермен (бұталармен) оқшаулау керек. - балалар алаңшасының тиісті топтық ұялар бөлмелерінен шығаберістермен ыңғайлы байланысы бар болуы тиіс. Бөбек жасындағы балаларға арналған алаңшалар осы топтардың шығаберісіне тікелей жақын орналастырылуы тиіс. IV климаттық ауданда топтық алаңшалардың, ашықтан басқа, инсоляцияланған және көлеңкеленген бөліктері болуы тиіс. - балаларға арналған топтық алаңшалардың шөптен жабыны болуы тиіс. - әр топтың алаңшасында күннен және жауыннан қорғайтын, ауданы 40 м² көлеңке қалқасы болуы тиіс. Көлеңке қалқалардың едені ағаш болуы тиіс. IV климаттық ауданда көлеңке қалқалар екі жағынан қоршалады, ал II климаттық аудан мен IIIА климаттық кіші ауданда – үш жағынан. 5.1.3 Жер учаскесінде негізгі аймақтар бөлінуі тиіс: - демалыс; - дене тәрбиесі; - шаруашылық; - қосымша.
5.1 – кесте – Балалар алаңшаларының ауданы
5.1.4 Сәбилер үйінің көгалды учаскелеріне дене тәрбиесімен шұңылдануға арналған ауданы 150 ш.м. алаңшаны орналастыру керек. Алаңша жабыны шөп болуы тиіс, тапталған топрырақта болуы мүмкін. Дене тәрбиесі алаңшасы мынадай аймақтарда болу керек: - стационарлы және жеке дене тәрбиесі жабдықтары үшін, сондай-ақ шынықтырушы шараларды (ауа және күн ванналары) өткізу үшін. Осы аймақтарда ағын сулы, тереңдігі 0,25 м шашыратқы бассейн ұйымдастыру ұсынылады. 5.1.5 Сәбилер үйіндегі қосымша аймақ (қосымша шаруашылық) ауданы 500-600 ш.м. құрауы тиіс. Бұл аймақта көкөніс дақылдарын, жеміс-жидек, сәндік гүл өсімдіктерін өсіруге арналған учаскелер қарастырылуы тиіс. Оқу-тәжірибе аймағы қалған жасыл қорғау аймағынан бөлек қоршалады. 5.1.6 Сәбилер үйіндегі шаруашылық аймағының ауданы 500 ш.м құрауы тиіс. Шаруашылық аймағы учаскенің шетінде орналасады, басқа аумақтан оқшауланады, өзінің дербес шығаберісі және тағам блогы мен әрі кір жуатын үймен ыңғайлы байланысы болады. Шаруашылық үйі ауданының, сондай-ақ кіру жолдарының қатты жабыны (асфальт, бетон) болуы тиіс. Бұл аймақта шаруашылық мүлкіне, тыңайтқышқа, шеберханаға арналған сарайлар мен жәшіктер; автомашинаға арналған парктер, сыпырынды жинағыштар, көкөніс қоймалары орналасады. Барлық жапсарлас құрылыстар, сыпырынды жинағыштардан басқа, периметр бойынша орналасады. Сыпырынды жинағыштар – қақпақты металл бактерді цементті, асфальтті немесе кірпіш жабын бар және қоршауының биіктігі 115 м қоршалған алашадағы ғимараттан кем дегенде 20 м қашықтықта қояды. Көкөніс пен жеміс-жидектің қорын сақтау үшін шаруашылық аймағында ауданы кем дегенде 50 ш.м көкөніс қоймасы жабдықталады. Бос аумақта кірді және төсек-орын жабдықтарын кептіруге, кілемдерді тазалауға арналған құрал-жабдықтар орналастырылады. 5.1.7 Учаске кешкі уақытта жақсы жарықтандырылуы тиіс. Жарықтандыру арматурасы бар бағандар алаңшаға және кіретін жолдарға жақын қойылады. Ғимаратқа кіреберісті жарықтандыру үшін ғимараттың қабырғасына бекітілетін арнайы жарықтандыру арматурасы қолданылады. Жердің деңгейінде жарықтандыру 40-50 лк болуы тиіс.
5.2 Үйлер мен интернаттарға арналған учаскелер 5.2.1 Учаскенің ауданын жобалауға берілген тапсырмамен 5.2, 5.3 және 5.4-кестелерде келтірілген көрсеткіштерді ескеріп анықтау керек. Жер телімінің ауданы мекеме профиліне қарай 2.2-2,5 га-дан кем болмауға тиіс. Учаске құрылысының тығыздығы 20 %-тен аспауға тиіс.
5.2-кесте – Мамандандырылған балалар мекемесі жер учаскесінің ауданы
5.3-кесте – Ақыл-ойы кем балаларға арналған мектеп-интернаттары жер учаскесінің ауданы
Функционалдық аймақ 5.2.2 Аумақтық құрамында мынадай функциональдық аймақтар қарастырылуы тиіс: а) балалар тұратын және оқитын, ойын алаңшалары, көлеңке қалқалары, спорт алаңшалары орналасқан аймақтар; б) сыпырынды жинағышы бар ас үйі мен өрт сөндіру постысы жанындағы алаңша орналасқан қызмет көрсету аймағы; в) қабылдау және карантин бөлімдерінің оқшаулау аймағы; г) бақша, жидектік жер, табиғат бұрышы аймағы; д) ата-аналардың балаларымен кездесуіне арналған алаңша; е) жобалауға берілетін тапсырмаға қарай гараж, қазандық, кір жуатын үй, қойма жайлары, шеберханалар, көкөніс қоймалары және т.с.с. орналасатын шаруашылық аймағы; ж) қызмет көрсетуші персоналдың тұру аймағы.
Ескертулер 1 Оқымайтын балалар үшін көлеңке қалқалары бар ойын алаңшалары, спорт алаңшалары және т.т. қарастырылмайды. 2 Қызмет көрсетуші қызметкерлер тұратын аймақтар интернат үйлері қала сыртында орналасқанда ғана қарастырылады. 3 Тығыз аумақтарда шаруашылық, инженерлік және қосымша бөлмелерді орналастыру үшін жер асты кеңістігін, соның ішінде мекеме ғимараты астын, қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптары орындалған жағдайда пайдалану ұсынылады.
5.4-кесте – Жер учаскелерінің ауданы
5.2.3 Үйлер мен интернаттарды қала шетінде орналастырған жағдайда қызметкерлер тұратын аймақ ауданын учаске ауданына қосымша етіп алу керек. Қызметкерлер тұратын аймақты оқшауланған кіреберіспен бірге бөлектенген учаскедегі мекемеге жақын орналастыруға рұқсат етіледі. Қызметкерлер тұратын ғимараттар, сондай-ақ оқшаулағыш пен ойын алаңшаларының арасындағы қашықтық 50 м кем болмауға тиіс. 5.2.4 Қызметкерлер тұратын аймақта демалысқа, кір кептіруге сыпырынды жинағышқа арналған алаңшалар, сондай-ақ универсалды мақсаттағы спорт алаңшалары (волейбол, баскетбол, бадминтон ойындарына арналған) және әрбір 150-200 тұрғынға бір спорт алаңшасы мен 2 үстелден тік есеппен үстел теннисі ойынына арналған үстелдер қарастырылуы керек.
Ескерту - Қызметкер кентін ұйымдастыру кезінде оны жобалау нормативтері ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002* «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елдімекенді жоспарлау және салу» тарауы талаптарына сәйкес қабылданады.
5.2.5 Арнаулы түзеу мекемелерінің құрамында мектепке дейінгі топтар болғанда, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған алаңшалардың жиынтығына және оларды жабдықтау дене және ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерді жобалау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттама мен осы нормаларға сәйкес болуы тиіс. 5.2.6 Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы түзеуші жалпы білім беретін мекемелер аудиометриялық аппаратының жұмысы бұзылмас үшін көлік магистральдарының және жүру жолдарынан, радио-станциялардан, радиорелелік қондырғы пункттерінен алыс жатқан елдімекен бекетінің ең тыныш аудандарында орналасуы тиіс. Ғимаратқа жақын шудың деңгейі 60 ДВА-дан аспайды. 5.2.7 Белсенді және тыныш демалуға арналған ойын алаңдары қалауынша ғимараттың оқу-тұрғын және топтық ұялардың шығаберістеріне тікелей жақын орналасқаны жөн, бұл әсіресе мектепке дейінгі жастағы балалар үшін маңызды. Көру қабілеті және тірек-қозғалу аппараты бұзылған мектепке дейінгілер мен оқушылар және ақыл-есі кем балалар үшін учаскеде алаңшалары бар оқу-тұрғын жайларымен ыңғайлы байланыс болуы міндетті болып табылады. 5.2.8 Учаскені және жекелеген алаңшаны жоспарлау мен жабдықтауда дамуы бұзылған балалардың әрекеті мен дене мүмкіндіктерінің ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Ерекше талап соқырларға, нашар көретіндерге, сондай-ақ тірек-қозғалу аппараты бұзылғандарға арналған арнаулы түзеуші білім беру мекемелеріне қойылады: а) тірек-қозғалу аппараты бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп – интернат учаскесі аумағында жолдар мен жаяужолдар еңісі 5º-тан аспайтындай, олардың еніне қарай 1,6 м етіп қарастырылады. Бұрылыстарды және әр 6 м сайын олардың демалуға арналған алаңшасы болуы тиіс. б) соқыр және нашар көретін балаларға арналған учаскелерде балалар туристік серуен жолдардың ені 3 м-ден кем болмауы тиіс және екі деңгейлі екі жақты қоршауларының биіктігі 90 см қанат және биіктігі 15 см планкасы болуы керек. Қоршау балалардың жүруіне кедергі келтіретін ағаш, бұта, бағандар және т.б. кедергілер сияқты нысандардың бәрінде қарастырылады. 5.2.9 Жол қиылыстарына жақын жерлер, бұрылыстардың жаны, ғимараттардың қасы, бағандардың тұсы және өзге де жол кедергілері құрылымы (асфальтқа малтатас қосылады) ірі түйіршікті жабыннан болуы тиіс. Жабын бетіннің кедір-бұдырлығы ақырын жүруге берілетін сигнал қызметін атқарады. Асфальтталған жолдардың пішіні олардың еніне қарай доға тәрізді болуы керек (жолдың ортасы бүйір жағы үстімен 5-15 см көтеріледі). Соқыр балалардың бағдар алуын қалыптастыру үшін иісі әр түрлі (қылқан жапырақты, жеміс-жидек т.б.) ағаштар отырғызған дұрыс. Нашар көретін балалар үшін бағдар ретінде ашық гүлдер де егіледі. Соқыр және нашар көретін балалардың дене жаттығулары мен ойын әрекеті үшін, кеңістікті игеруді жеңілдету, қозғалу еркіндігі мен ептілігін дамыту мақсатында, әсіресе соқыр балалардың компенсаторлық реакцияларын қалпына келтіру және дамыту үшін тегістеліп тапталған немесе бетін шөп жапқан қоршаулары бар арнайы алаңшалар салу қажет. Дуалдар, қабырғалар, бағандар және өзге де кедергілер ойын алаңшасы шетінен кем дегенде 2,5-3,0 м қашықтықта тұруы керек. 5.2.10 Ойын алаңшасының ауданы мектепке дейінгі барлық баланың және мектеп жасындағылардың 40-50 %-ы бір мезгілде болатын есеппен алғанда, бір балаға 6-8 ш.м етіп алынады. Алаңшаның шалғынды-құмды жабыны болуы тиіс. 5.2.11 Топтық алаңшалар өз бетінше оқуға қабілетті тәрбиеленушілердің әр тобы үшін жобаланады. Ақыл-ойы кенже қалған балаларға арналған топтық алаңшаның ауданы 200 м² кем емес болуы тиіс. Оқуға қабілетсіз балаларға арналған алаңшаның қоршауы болуы керек. Естуі, көруі, тірек-қозғалу аппараты бұзылған балаларға арналған топтық алаңшалар ауданы 1 орынға 10 м² кем емес болуы керек. 5.2.12 Топтық алаңшаларда балаларды атмосфералық жауын-шашыннан, артық күн радиациясынан, күшті желден қорғау үшін көлеңке қалқалар қарастыру керек. 1 орынға шаққанда ауданы 2 ш.м көлеңке қалқалар ойын алаңшасына жанасуы және жаман ауа-райында ойын өткізуге, сондай-ақ мектепке дейінгілер мен жасы кіші оқушылар ауызша сабақтар өткізу мүмкіндігіне қарай есептелген болуы тиіс. Бір тұрғын секциясына жататын ойын алаңшалары мен көлеңке қалқаларының блоктануы мүмкін. Көлеңке қалқалардың едені тақтай болуы және күн шығатын көкжиенке қаратылуы тиіс. Топтық алаңшалардың тиісті топтық ұялармен және дене тәрбиесі алаңшасымен ыңғайлы байланысын қамтамасыз ету қажет. Көруі бұзылған балаларға арналған топтық алаңшалардың беті тегіс және ені 1-1,5 м жабынның келесі бетінде қоршау жолағы болуы тиіс, сонымен бірге қоршау жолағын 10-12º-пен біртіндеп көтерілетін еңіспен істеген жақсы. 5.2.13 Ойын алаңшаларында мынадай жабдықтарды қарастыру керек: - мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалар үшін - әткенмектер, тербелелер, грибоктар, үйшінтер, демалуға арналған орындықтар, құм сақтайтын жәшіктері, құммен ойнауға арналған үстелдері бар құмды аулалар, сондай-ақ қимылдың (өрмелеу, сырғанау, кіру) барлық негізгі түрлерін дамытуға арналған алаңша; - орта және ересек мектеп жасындағы балалар үшін – демалуға және оқуға арналған беседкалар мен орындықтар, ойынға арналған үстелдер. Ескертулер 1 Құрал-жабдық жиынтығын жобалауға тапсырма берілген әр нақты жағдайда нақтылау керек. 2 Құмды аулаға ойыннан соң ойыншықтарды жуатын жазғы су құбыры жүргізілетін болуы тиіс.
5.2.14 Ойын алаңшаларымен қатар балалар ауруының түріне қарай түрлі құралдармен жабдықталған емдік-ойын алаңшаларын қарастыру керек. Емдік-ойын алаңшасының жоспар үлгісін 1-қосымшадан қараңыз. 5.2.15 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттардан басқа, мекеменің аумағында, ойыннан өзге, үстел теннисі, волейбол, бадминтон, футбол және т.с.с. ойындарына арналған дене тәрбиесі және спорт алаңшаларын қарастыру қажет. Бұл алаңшалар орта және ересек мектеп жасындағы балаларға арналған ойын алаңшаларына жақын орналасуы тиіс. 5.2.16 Алаңшалардың жиынтығы және олардың өлшемі жобалауға тапсырма берілген әр нақты жағдайда анықталады. Спорт алаңшаларының өлшемін: - үстел теннисі үшін – 2,8 х 1,5 м; - волейбол үшін - 9 х 18 м; - футбол үшін – 40 х 60 м; - бадминтон үшін – 13,5 х 6 м; - дене тәрбиесі үшін – 80-100 ш.м етіп алу керек. 5.2.17 Дене тәрбиесі алаңшасының кем дегенде 250 м² ауданы болуы тиіс. Дене тәрбиесі алаңшасында доп ойнайтын аймақты, өрмелеуге арналған аймақты, кем дегенде 30 м жүгіретін жолды, секіруге арналған шұңқырларды, гимнастикалық снарядтар мен спорттық ойындарға арналған аймақтарды бөлу керек. 5.2.18 Дене тәрбиесі снарядтарын берік темірбетон іргетасқа орнату керек, снарядтардың астына қалыңдығын 20-30 см етіп құм төсеніш төсеу қажет. 5.2.19 Мамандандырылған мекеме учаскелерінде жаяу жүргінші және көлік жолдары түйіспеуге тиіс. Жаяу жүргіншілер жолының ең төменгі ені - 1,8 м. Жол еңісі 1-2%-тен кем болмауға тиіс, 2-қосымшаны қараңыз. 5.2.20 Жаяужолдан жүру бөлігіне шығулар көлденең беттен шығудың еңіс бетіне жайлап өтуді қамтамасыз ететін бүйірлік учаскелермен жабдықталуы тиіс (5.1-сурет).
5.1-сурет – Жаяужолдан көшенің жүру бөлігіне шығу шешімінің нұсқасы Жүру бөлігі арқылы өту аймағында 1,4х1,3м-ден кем емес қауіпсіздік алаңдарын қарастыру керек. Қауіпсіздік алаңдарында автокөлік қозғалысы болмауы тиіс. 5.2.21 Аэросоляриді 1 орынға 3,0-3,5 ш.м есеппен қарастырған жөн, оны желді көлеңке аймағында, күн сәулесінің тура түсуіне жол ашық, жақсы көгалдандырылған алаңшада орналастыру керек. Аэросоляридің тұтас көлеңке және шашыраңқы күн радиациясы аймағы болуы тиіс. 5.2.22 Жидек бақшасы мен табиғат бұрышына арналған алаңшаны ересек мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқитын балалардың барлық топтары үшін ортақ етіп мынадай есеппен салу керек: - жидек бақшасы – бір балаға – 0,3-0,6 ш.м; - табиғат бұрышына арналған алаңша – бір балаға – 0,2-0,5 ш.м Учаскелерді көгалдандыру 5.2.23 Естуі, көруі, интеллектісі бұзылған балаларға арналған арнаулы мектепке дейінгі мекемелердегі, арнаулы мектеп-интернаттардағы көгалдандыру аймағы учаске ауданының кем дегенде 50 %-ін құрауы тиіс, тірек-қозғалу аппараты бұзылған балалар үшін – 60 %. 5.2.24 Учаске периметрі бойынша ағаштар мен бұталардан енін кем дегенде 1,5 м, ал көше жағынан кем дегенде 6 м етіп жасыл қорғаныш аймағын құрған жөн. 5.2.25 Учаскені көгалдандыруға тобымен және қатар-қатар ағаштар мен бұталар, сәндік өсімдіктер, гүлзарлар мен гүлбақшалар жатады. Учаскелерді көгалдандыру кезінде тұқымы мен сорты алуан түрлі өсімдіктерді мүмкіндігінше көбірек пайдаланған жөн, өйткені олар балалар үшін оқу-танысу материалы болып табылады. Жемісі улы, инелі немесе гүлденгенде аумақты ластайтын ағаштар мен бұталарды отырғызуға рұқсат етілмейді. Соқырлар мен нашар көретін балаларға арналған мекеме учаскелерінде иісі айқын сезілетін, жапырақ фактурасы алуан түрлі, учаскеде бағдар алуды оңайлата тым ашық түсте өсімдік тұқымдарын отырғызған жөн. 5.2.26 Жасыл екпе ағаштар интернаттың имарат, ғимаратына күн сәулесінің түсуіне кедергі келтірмеуі тиіс және ғимарат пен топтық алаңшаларды қатты қызудан қорғауы тиіс: - бұтаны кем дегенде 5 м алыс отырғызу керек; - ағаштардың– ғимараттан 10 м; - ІV климаттық ауданда бұл қашықтықты азайту және биік ағаштарды пайдалану керек. Жасыл екпе ағаш түрлерін іріктеу жыл бойы жап-жасыл болуды қамтамасыз етуі тиіс.
6 КӨЛЕМДІК-ЖАЙҒАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ШЕШІМДЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Функционалдық талаптар 6.1 Ғимараттың көлемдік-жайғастыру шешімдері мекемелердің жер учаскелерін жоспарлау мен жабдықтау ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001, МСЖ 3.02-05-2003, ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 өртке қарсы талаптарға, осы және Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын өзге нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс. 6.2 Ғимаратты жоспарлауды ұйымдастыруға және аумақты аймақтандыруға қойылатын негізгі функционалдық талаптар жеке балалар топтарын бөлектеу, оқшаулау және топ бөлмелері мен учаске элементтерінің арасындағы ыңғайлы, қысқа технологиялық байланыс талаптары болып табылады. Неғұрлым қатаң талаптар ұйықтайтын бөлмелерге (тұратын бөлмелерге) қойылады, ол мүлде әрлі-берлі өтетін болмауы тиіс. 6.3 Әртүрлі топ бөлмелерінің функционалды тұрғыдан өзара байланысы мәселесін қарастыра отырып, көлденеңінен және тігінен коммункикациялық түйіндер – вестибюльдер, холдар, баспалдақтар, пандустар, лифтілер орналасатын және мекеме бөлмелерінің функциональдық топтарының арасындағы байланыстар жүзеге асырылатын «Бейтарап аймақтар» деп аталатындарды қарастыру қажеттілігін назарда ұстау керек. 6.4 6.1-суретте мүгедек балаларға арналған ғимарат бөлмелері жеке топтардың функциональды тұрғыдан өзара байланысының принциптік сұлбасы келтірілді, ол бойынша бөлме топтарының бәрі оқшауланған және бейтарап аймақтар арқылы өзара тең дәрежеде байланысқан. Іс жүзінде, әсіресе аз қабатты құрылыс кезінде бөлмелердің барлық тобын қажетті оқшаулаумен қамтамасыз ету аса қиын. Сондықтан ұйықтайтыннан басқа, кейбір бөлме тобында әрі-бері өтуді қарастыруға болады. Бұлар әкімшілік-тұрмыстық, медициналық бөлмелер және оқу-кәсіптік дайындық бөлмелері болуы мүмкін. 6.5 Мамандандырылған мектепке дейінгі мекемелер ғимаратында тәулік бойы немесе күндіз болатын мынадай бөлме топтарын қарастыру керек (6.2-сурет): А - сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған топтық ұялар; Б - жалпы тәрбиелеу жайлары (дене тәрбиесі залы, бассейн, арнайы сабақ бөлмелері); В - медициналық сауықтыру бөлмесі (медициналық кабинеттер, процедура, ЛФК залы және механотерапия); Г - қызмет көрсетуге арналған бөлмелер (тағам блогы, жол сайын, әкімшілік және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелер). 6.6 3-тен 18-ге дейінгі жастағы балаларға арналған мамандырылған мекеме ғимараттарында мынадай бөлме топтары қарастырылады (6.3 сурет): А - тұруға арналған бөлмелер (мектепке дейінгілерге арналған топтық ұялар мен кіші, орта және ересек оқушыларға арналған тұрғын бөлмелер); Б - оқу сыныптары және өндірістік шеберханалар; В - жалпы тәрбиелеуге арналған бөлмелер (акті және дене тәрбиесі залдары, бассейндер, арнайы сабақ бөлмелері); Г- медициналық-сауықтыру бөлмелері (кабинеттер, процедура, ЛФК залы және механотерапия); Д- қызмет көрсетуге арналған бөлмелер (тағам блогы, кір жуатын, әкімшілік және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелер). 6.7 Күрделі рельеф жағдайында бірінші және екінші қабаттардан жердің жоспарлау белгісі деңгейіне тікелей шығаберіс салу ұсынылады. 6.8 Жылыту құралдары ағаш торламалармен қорғалуы тиіс. 6.9 Ғимараттың қоршау және көтеруші құрылымдары тиісті нормативтік құжаттар талаптары бойынша қабылданады. Ғимараттың құрылымы мен негізгі көтеруші және қоршау құрылымның өз салмағынан тұрақты жүктеме қабылдауға есептелуі тиіс: - аражабынға уақытша біркелкі таралған және шоғырланған жүктемеден; - құрылыстық осы ауданының қар мен жел жүктемесінен; - көрсетілген жүктеменің нормативтік мәндері, жүктеменің үйлесімін немесе оларға сәйкес келетін күшті ескеретін, құрылымды ию мен жылжытудың шекті мәні, сондай-ақ жүктеме бойынша сенімділік коэффициентінің мәні ҚНжЕ 2.01.07-85* талаптарына сәйкес қолдануы тиіс; - ғимаратты өңделген аумаққа, шөкпе топыраққа, сейсмикалық аудандарда, сондай ақ өзге де күрделі геологиялық жағдайларда орналастырған кезде тиісті нормалар мен ережелердің қосымша талаптарын ескеру керек; - ғимараттың іргетасы ҚР ҚНжЕ 5.01-03-2002, ҚНжЕ 5.01-03-2002 қарастырылған топырақтың физика-механикалық сипаттамаларын, сондай-ақ топырақ пен жерасты суының іргетастарға және жерасты инженерлік желілеріне қатынасына қарай агресивтілік дәрежесі ескеріліп жобалануы тиіс және ғимарат элементтері астындағы негіздің біркелкі шөгу қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс; - ғимаратты қайта құрылымдау кезінде олардың құрылымдық сұлбасында пайдалану барысында туындаған (соның ішінде, бастапқы жобалық шешімге қосымша жаңа ойықтардың пайда болуы, сондай-ақ құрылымға жүргізілген жөндеу немесе оларды нығайту ықпалы) өзгерістерді ескеру керек; - құрылымдар олардың нақты құрылыс алаңшасы жағдайындағы тиімділігі мен экономикалық дұрыстығын ескеріп қабылдануы тиіс. 6.10 Бірінші қабат топырағы беті еденін жылу техникалық есептеу бойынша жылуұстағыш салып орындау керек. 6.11 Ғимараттың құрылымдық сипаттамасы ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 бойынша ІІІ дәрежелі отқа төзімділіктен төмен болмауы тиіс.
6.1 Сәбилер (балалар) үйі 6.1.1 Сәбилер үйі жеке тұрған бір, екі қабатты ғимараттарда орналасуы тиіс. Ғимараттың сыйымдылығы мен климаттық жағдайына қарай ғимараттың жинақы, блокты немесе павильонды құрылымы болуы мүмкін. 6.1.2 Ғимарат шаруашылықтық ауысу, өртке қарсы және ыстық сумен жабдықтау, канализация және орталық жылыту жүйелерімен жабдықталуы тиіс. 6.1.3 Ғимаратта тұрғын бөлмелерді әкімшілік-шаруашылықтан оқшаулау, сондай-ақ тобымен оқшаулау принципі сақталуы тиіс. 6.1.4 Сәбилер үйінде көп дегенде 2 топқа кіреберіс қарастырылады. 6.1.5 Сәбилер үйінің құрамы мен ауданы олардың сыйымдылығына және жобалауға берілген тапсырмаға қарай анықталады. Ғимарат құрамында мыналарды қарастыру керек: - тұрғын бөлмелер (топтық ұялар); - жалпы тәрбиелік; - таза ауада жыл бойы ұйықтауға арналған верандалар; - медициналық; - қызметтік-тұрмыстық; - тағам блогы; - кір жуатын бөлме. 6.1.6 Құрамында қол жуатыны мен әжетханасы бар дәретханалық жайлар бір балаға 0,7 ш.м келетіндей есеппен жобаланады. Дәретханада, жалпы топта 2 балалар қол жуғышы және мамандырылғанда 3, 1 және 2 унитаз, бір-бірден видуар және елгіш шлангіде себезгі торы бар табандық орнатылады. Дәретхана бөлмелеріне кіреберістерде баспалдақ алаңшаларын қарастыруға және ұйықтайтын бөлмеге қарама-қарсы орналастыруға жіберілмейді
6.1-сурет – Мүгедек балаларға арналған мекеме бөлмелерінің жеке топтарының функциональды өзара байланысының сұлбасы
Блоктар: А- топтық ұялар, Б- жалпы тәрбиелеу бөлмелері, В- медициналық сауықтыру бөлмесі, Г- қызмет көрсетуге арналған бөлмелер 1- сәбилік және мектепке дейінгі топтардың топтық ұялар бөлмелері; 2 – арнайы сабақ бөлмесі; 3 – медициналық кабинеттер; 4 – ЛФК залы; 5 – процедуралық кабинеттер; 6 – спорт залы; 7 – бассейн; 8 – тағам блогы; 9 - әкімшілік жайлар; 10 – шаруашылық-тұрмыстық жайлар; 11 – кір жуатын бөлме
6.2-сурет – Мектепке дейінгі мекеме ғимаратының функционалдық құрылымы
Блоктар: А – тұруға арналған бөлмелер; Б – оқу сыныптары; В – жалпы тәрбиелеуге арналған бөлмелер; Г – медициналық сауықтыру бөлмесі; Д – қызмет көрсетуге арналған бөлмелер 1 – мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған; 2 – кіші мектеп жасындағыларға арналған; 3 – орта және ересек жастағыларға арналған; 4 – қосымша сыныптарға арналған; 11- ЛФК залы; 12 – медициналық кабинеттер; 13 – процедуралық кабинеттер; 14 – тағам блогы; 15 - әкімшілік жайлар; 16 – шаруашылық-тұрмыстық жайлар; 17 – кір жуатын бөлме.
6.3-сурет – 3-тен 18-ге дейінгі жастағы балаларға арналған мамандандырылған мекеменің функционалдық құрылымы
6.1.7 Сәбилер үйіндегі медициналық бөлмелер ұйықтайтын корпустың бірінші қабатында орналасуы және дербес шығаберісі болуы тиіс. 6.1.8 Сәбилер үйлерінде жаңадан келіп түскен балаларға арналған карантин бөлімі және аурулары жұқпалы емес, стационарлы емдеуді керек етпейтін балаларға арналған оқшаулағыш орналастырылады. Оқшаулағыш пен карантин бөліміндегі төсек саны сәбилер үйіндегі орынның штаттық санының 10 %-тен кем болмауға тиіс. 6.1.9 Сыйымдылығы 150 бала болғанда карантин бөліміне 1 топтық ұя бөлінеді. Карантин бөлімі бірінші қабатта орналасады және дербес шығаберісі болады. 6.1.10 Карантин бөлімін, оқшаулағышты және медициналық бөлмені қайталауды болдырмас үшін бір-бірімен қатар орналастыру қажет: - медициналық бикелер, процедура, дәрі-дәрмектерді (дәріхана) стерилизациялық сақтау бөлмесі. Оқшаулағыш палатасы әрі-бері өтпейтін болуы тиіс. Сәбилер үйінде ауданы 6 ш.м палата салынады. Медициналық бөлменің дәлізден дербес кіреберісі болуы және оқшаулағыш палаталарымен аралас орналасуы тиіс; олардың арасында еден деңгейінен 1,2 м биіктікте шыныланған ойық салу қарастырылуы тиіс. 6.1.11 Қызметтік-тұрмыстық және тағам блогының құрамы мен ауданын 3-қосымша бойынша алу керек. Асханалық және өндірістік бөлмелерді бірінші қабатта бөлек кіреберісімен орналастыру керек. Оларды жаяужол немесе төсеніш деңгейінен 1,5 м-ден аспайтындай тереңдіктегі шығыңқы ірге қабатта, бұл бөлмелер қолданыстағы ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002* «Табиғи және жасанды жарықтандыру» талаптарын сәйкес табиғи жарықтандырумен қамтамасыз ету кезінде және еден белгісі ыза суының ең жоғарғы деңгейінен кем дегенде 1 м жоғары болған кезде. Асханалардың қойма жайлары, сондай-ақ қызметкерлерге арналған тұрмыстық жайлар соңғысы желдеткішпен қамтамасыз етілген кезде еден белгісі топырақ суының ең жоғарғы деңгейінен кем дегенде 1 м жоғары болатын қабат жертөлесіне орналастыруға болады. Жертөледен сыртқа бөлек шығаберіс болуы тиіс. Өтетін қоймалар немесе ас үй арқылы қоймаға өтуге болмайды. Тағам блоктарының тоңазытқыш қондырғыларының машина бөлімдерін ғимараттың сыртқы қабырғасының жанына орналастыру керек. Асхананың өндірістік бөлмелері онда электрмен қыздырылатын сауда-технологиялық жиынтықтарының (комплект) орналасуын ескеріп жобаланады. Ас үйде электрмен істейтін жабдықтарды орнатуды қарастыру керек. Тиісті негіздеме болғанда қатты отынмен жұмыс істейтін ас үйлік плиталарды қолдануға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда ас үйлік плитаның оттығын бөлек бөлмеге орналастыру керек. Үлестіретін жер тағам блогында болуы тиіс. 6.1.12 Кір жуатын (кір жуғыш) бөлменің құрамы мен ауданын 3-қосымша бойынша алу керек. Кір киім-кешекті өткізуге және тазасын алуға арналған шығу (терезе) бөлек болуы тиіс. Кір киім-кешекті өткізуге арналған терезелі шлюз кір жуатын бөлмеге қарай ашылуы тиіс. Топтық ұя бөлмелері мен тағам блоктарының кіреберісте қарама-қарсы кіржуатын бөлме кіреберістінің болыуна рұқсат етелмейді. Кіржуғыш фабрика толық қызмет көрсететін мекемелерде мекемедегі орын саны 280-ге дейін болған кезде ауданы 4 ш.м кір киімөкешекті өткізуге және іріктеуге арналған сыртқа шығатын бөлек есігі бар бөлмені қарастыру керек. Балалардың киім-кешегін бастапқы өңдеуге арналған ауданы 9 ш.м бір бөлмені салу қажет.
6.2 Арнаулы мектеп-интернаттар, интернат үйлері жалпы талаптар 6.2.1 Ғимаратты жайғастыру шешімі, мекеменің профиліне қарамастан, ғимараттың екі негізгі функциональды бөлме тобына: - оқу-тұрғын; - жалпы мектептік нақты бөлінуін қамтамасыз етуі тиіс. Мұндайда оқу-тұрғын және жалпы мектептік бөлме топтарының арасында олардың автономды орналасуы мен пайдаланылуын, сондай-ақ жалпы мектептік шараларды өткізу мен карантинді ұйымдастыру мүмкіндігін сақтай отырып ыңғайлы әрі қысқа байланыстарды қарастыру керек. 6.2.2 Оқу-тұрғын бөлмелер тобына: - тұруға және топтық бөлмелерге; - оқу сабақтарына (сыныптар); - санитарлық тораптарға; - киім мен аяқ киімді тазалайтын бөлмеге; - кезекші тәрбиеші бөлмесіне; - қосалқы және мекеме профилі мен балалар жасына қарай өзге бөлмелерге арналған жайлар жатады. 6.2.3 Жалпы мектептік бөлме тобында болуы тиіс: - оқу кабинеттері мен лабораториялар, оларда арнаулы оқу секцияларына топтастырған және бөлек блокқа, бірак орта және ересек жастағы тәрбиеленушілерге арналған ұықтайтын бөлмелері бар ыңғайлы байланыстары болатындай етіп орналыстырған жөн; - еңбекке, кәсіптік даярлау мен әлеуметтік бейімдеуге арналған бөлмелер; - спорт залы; - тағам блогы – асхана; - кітапхана – оқу залы; - үйірмелік бөлмелер; - медициналық бөлмелер, оқшаулағыш, қабылдау - карантин бөлімі; - әкімшілк шаруашылық бөлмелер; - персоналдар тұратын бөлмелер (мекеме қала сыртында орналасқанда). 6.2.4 Оқу және тұрғын бөлмелерді сыныптар мен тәрбиелену-топтарының жинақталуына қарай, сараланған жас принципі бойынша оқу-тұрғын типіне топтастырған жөн: - дайындық сыныптарының оқушы – тәрбиеленушілері үшін; - І-ІІІ немесе І-ІV үшін; IV-VІІІ және V-VІІІ; ІХ-Х, ІХ-ХІ немесе ІХ-ХІІ сыныптар үшін. Бір дайындық тобына арналған бөлменің (оқу, рекреация, ұйықтайтын, санитарлық тораптар және т.б.) оқу-тұрғын ұясында екі сынып тобын біріктіруге болады: І-ІІІ немесе І-ІV сыныптар, ІV-VІІІ сыныптардың екі-үш тобы немесе V-VІІІ және ІХ-ХІІ сыныптар үшін екі-төрт. 6.2.5 Әр түрлі жастағы тәрбиеленушілерге арналған оқу-тұрғын ұялары бір-бірімен және жалпы мектептік бөлмелерден оқшауланған өтетін болмауы тиіс. Оқу-тұрғын ұяларды жобалау өтуге кететін уақытты барынша қысқарту, әл-қуатты және демалыс уақытын сақтау, тәрбиелеушілерді балаларды қадағалауын жеңілдету, үйдегідей жағдай жасау үшін сыныптардың, рекреациялық және ұйықтайтын бөлмелердің арасында ыңғайлы әрі қысқа байланыстардың болуын қарастыру керек. Мұның бәрі көруінде, естуінде, тірек-қимыл аппараты мен интеллектісінде кемістігі бар балалар үшін аса қажет. Бастауыш сыныптардың оқу-тұрғын ұяларының бөлмелерін бір қабат шегіндегі бөлек блокта орналастыру керек, ол әсіресе, көруі, тірек-қозғалу аппараты, интеллектісі бұзылған балалар үшін қажет. 6.2.6 Балалар тұратын бөлмелерді, оқу-кәсіптік бөлмелерді және қызмет көрсету жайларын бөлек корпуста немесе не біріне-бірі тікелей жанасатын, не жылытылатын өткелдермен қосылған блоктарда орналастыру керек. Мұндайда, тікелей жанасқан жағдайда, блоктардың арасында бірінші типті өртке қарсы қабырғалар қарастырылуы тиіс. 6.2.7 «Отбасы» типіндегі топтарды бірнеше «Отбасына» типтелген, жеке тұрған коттедждерде орналастыруға болады. 6.2.8 Қабылдау – карантин бөлімімен қосылған оқшаулағышты не бөлек корпуста, не қызмет көрсету бөлмесіне жанасқан кіреберісі бөлек, оқшауланған блокқа орналастыруға болады. 6.2.9 Мекеменің сыйымдылығына қарамастан, әкімшілік-тұрмыстық қызмет көрсету жайлары, оқшаулағыш, шаруашылық имараттар мекеменің барлығына ортақ қарастырылады. 6.2.10 Мекеме ғимаратын ІІ дәрежелі отқа төзімділіктен кем емес етіп жобалау керек. Балалар тұратын, бір-біріне тікелей жанасып жатқан жеке блоктарды І типті өртке қарсы қабырғалармен бөлу керек. 6.2.11 Ұялардың функциональды-жайғастыру сұлбасы (6.4-суретті қараңыз) оның тәрбиеленушілер құрамына қарай белгіленуін білдіруге және балалар мен қызмет көрсетуші қызметкер үшін барынша жайлылықты қамтамасыз етуші айқын құрылымы болуы тиіс.
а - кіші жастағы оқушыларға арналған оқу-тұрғын ұялары: 1 - қонақ бөлме; 2 - сынып; 3 - ұйықтайтын бөлме; 4 - жеке сабақ бөлмесі; 5 - тәрбиеші бөлмесі; 6 - шешінетін бөлме; 7 - киімді тазалау және үтіктеу бөлмесі; 8 - кептіретін бөлме; 9 - санторап; б - ересек оқушыларға арналған тұрғын ұя: 1 - буфет; 2 - демалатын бөлме; 3 - ұйықтайтын бөлме; 6 - санторап; 7 - шешінетін бөлме; 8 - киімді тазалайтын және үтіктейтін бөлме; 9 - киімді кептіретін бөлме.
6.4-сурет – Мектеп жасындағы балаларға арналған ұялардың функциональдық сұлбалары
6.2.12 Соқыр, саңырау және мылқау балаларға арналған мекемелердегі бөлмелердің құрамы мен ауданы жобалауға берілген ерекше тапсырмамен жобаланады. 6.2.13 Ғимараттардағы қабат санын төмендегідей етіп алу керек: - мектепке дейінгілерге арналған барлық типті мекемелерде және балалар оқымайтын мекемелерде – екіден артық емес; - көруі бұзылған балаларға – 1 қабат; - мекемелердің қалған типтерінде – үштен артық емес. Ескерту – Ақыл-ойы кем балаларға, саңырау және нашар еститін балаларға, сколиозбен ауыратын балаларға, сөйлеу кемістігі бар балаларға арналған мекемелердегі тығыз аумақтарда қабат саны эвакуациялау жолдарында түтінге қарсы қорғаныш орнатылған болса, ғимаратта автоматты өрт сөндіру орнатылған болса және әр нақты жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша төртке дейін ұлғайтылуы мүмкін.
6.2.14 Қабат саны екіден артық болғанда мекеме есеп бойынша лифтілермен жабдықталуы тиіс. Тірек-қозғалу аппараты зақымданған балаларға арналған мекеменің екі қабатты ғимаратында лифтілердің болуы міндетті; мекеменің қалған типтерінде – лифтілердің болуы жобалауға берілген тапсырмамен әр нақты жағдайда анықталады. 6.2.15 Тірек-қозғалу аппаратының қызметі бұзылған балалар мен жас өспірімдерге арналған мекемелерде, лифтілерден басқа, еңісі 1:10 аспайтын барлық жағынан қоршау құрылымдары бар, отқа төзімділік шегі кем дегенде 2 сағат болатын пандустар қарастыру керек. Мүгедек балаларға арналған мекемелердегі баспалдақ белдеулері мен пандустардың ені 1,8 м кем болмауы тиіс. 6.2.16 Жасы мен дертінің ауырлығына қарай қабат бойынша балалар топтарын орналастыру принципі келесі ережелерге бағынуы тиіс: - жатқан балаларды бірінші қабаттан жоғары емес орналастыруға рұқсат етіледі; - 6 жасқа дейінгі балаларды – екінші қабаттан жоғары емес; - отбасылы әр жастағылар топтарын кез келген қабатқа орналастыруға болады. 6.2.17 Залдан басқа бөлмелердің барлығының биіктігі (еденнен жоғарыдағы қабат еденіне дейін) 3,6 м болуы тиіс, ал спорттікі – 6,0 м кем емес. Акт залының биіктігі кинофильмдер көрсетілгенде қалыпты көрінуді қамтамасыз етуі және 4,5 м кем болмауы тиіс, түскі тамақ залының – 3,6-4,2 м. 6.2.18 Арнаулы мектеп-интернатты бөлімшеде орналастырғанда және ғимараттың композициялық шешімін таңдағанда оқу, ұйықтайтын ғимараттарды және өзге бөлмелерді жалпы білім беретін мектептерді, мектеп-интернаттар мен мектепке дейінгі мекемелерді жобалардың қолданыстағы нормаларымен белгіленген горизонт жақтарына бағдарлауға қойылатын талаптарды, сондай-ақ 6.1-кестеде көрсетілген қосымша талаптарды сақтау қажет. 6.2.19 Екінші жарықпен жарықтандыруға мектепке дейінгі топтардың дәретхана бөлмелері мен шешінетін бөлмелерінде, қызметкер бөлмелерінде, қыздардың гигиеналық бөлмесінде, санитарлық бөлмеде, буфеттік оқшаулағышта ыдыс жуатын ас үйде рұқсат етіледі. Табиғи жарықтандыруды буфеттерде, қоймаларда, керек-жарақта, қызметкердің әжетханасы мен себезгісінде, бассейндегі әжетхана мен себезгіде және спорт залында, жинастыру заттарын сақтайтын бөлмелерде, тасымалданатын аппаратура сақталатын оқшаулағышта, ұйықтайтын бөлмелер жанындағы санитарлық тораптарда қарастырмауға болады. 6.2.20 Есіктердің енін 1 м кем емес етіп алу керек; балаларға арналған тұрғын, медициналық, қабылдау, асхана бөлмелеріндегі; оқу-кәсіптік дайындық, мәдени-спорттық қызмет көрсету бөлмелеріндегі дәліздердің енін 1,8 м етіп алу керек, қалған жағдайларда – 1,4 м кем емес. Акт және спорт залдарын барлық мекемелерге ортақ қарастыру керек. 6.2.21 Пайдалану режимі шумен байланысты және тұрып жатқан балаларды тазалайтын және педагогикалық, медициналық немесе әкімшілік аппаратының жұмысына кедергі жасайтын немесе бұзатын бөлмелерді (сорғы қондырғысы бар бойлерлік, өндірістік жайлар, жөндеу шеберханалары, сорғы бөлімі бар салқындатқыш камералар, желдеткіш камералар, компрессорлық, оқу-өндірістік шеберханалар және т.б.) аралас, сондай-ақ ұйықтайтын бөлмелердің, оқу, емдеу-диагностикалық жайлардың асты мен үстіне орналастыруға болмайды. 6.2.22 Шаруашылық имараттары – қазандық, дезкамера, гараж, кір жуатын бөлме (кір жуғыш), жөндеу шеберханалары, тоңазытқыштар, жылыжай шаруашылығы және өзгелері – жергілікті жағдайға қарай жобалауға берілген тапсырмаға сәйкес жобаланады. Олардың қуаттылығы, бөлмелердің құрамы мен ауданы объектіні инженерлік қамтамасыз ету есептерімен және техникалық шарттармен, сондай-ақ қолданыстағы құрылыс нормалары және талаптарымен анықталады. Шаруашылық имараттар бөлек кіретін есігі бар арнаулы аймақты орналасқан бөлек корпуста немесе блокта орналасуы тиіс.
Эргонометрикалық параметрлер 6.2.23 Эргонометриялық талаптар балалардың, соның ішінде арбалылардың да (4-қосымшаны қараңыз) өмір сүруіне қажетті кеңістік өлшемімен байланысты. Бұған өткелдердің, дәліздердің, есік ойықтарының, баспалдақтардың, пандустардың ені, кері айналу мен бұрылыстардың және т.с.с., бөлменің негізгі габаритін анықтайтын қажетті өлшемдері, сондай-ақ әр түрлі санаттағы мүгедектерге арналған (6.2-кестені қараңыз) кеңістікті ұйымдастыруға қойылатын өзіндік (спецификалық) талаптар жатады. 6.2.24 Арбалы мүгедектер үшін тура өткелмен қамтамасыз етуден басқа, арба 180°-қа бұрылатын орындар қарастыру керек. Мектепке дейінгілер үшін бұрылыс шеңберінің диаметрі 120 см етіп алынады, мектеп жасындағы балалар үшін – 140 см. 6.2.25 Арбалы мүгедектердің жүруін қамтамасыз етуге қажетті жағдайларды коридор, пандус, лифтілердің бұрылыстарын жобалаған кезде сақтау керек.
6.3 Тұратын бөлмелер мен топтық бөлмелер (5-11-қосымшаларды қараңыз) 6.3.1 Тұратын бөлмелерді тұрғын бөлменің негізгі үш типінің оқшауланған топтары түрінде жобалау керек: 1 - мектепке дейінгі мекеме типі бойынша, онда шешінетін, топтық, ұйықтайтын бөлмелер мен дәретхана өзге жайда бірімен-бірі байланысты біртұтас блок құрайды; 2 - дәліздік жүйе бойынша, онда ұйықтайтын бөлме тұрғын ұяның өзге бөлмелерімен дәліз арқылы байланысады (дәліздер жүйесі); 3 - пәтер типі бойынша, онда тұрғын бөлмелер «отбасы» құрушы (бір жастағы немесе әр жастағы) балалар тобы үшін жобаланады.
Ескерту – Кіші мектеп жасындағы балалар тобына арналған тұрғын бөлмелерді жобалау принциптері 1 тип бойынша (балабақша) да, сондай-ақ 2 тип бойынша да (дәліздік жүйе) алынады.
6.1-кесте Жай терезелерінің бағдары
6.2-кесте – Түрлі аурулары бар балалар алатын аудандар
6.3.2 Оқытылмайтын балалар топтары І тип бойынша жобаланады, мұнда топтық және шешінетін бөлмелер жай құрамында қарастырылмайды. 6.3.3 Түрлі типті топтардағы балалар саны 6.3-кестеге сәйкес анықталады. 6.3.4 Тұрғын жайлар секция немесе бөлім бола алады: - мектепке дейінгілер үшін – 2-4 топқа; - оқушылар үшін – жасы мен ауруының ауырлығына қарай 4-8 топ-сыныпқа және одан көп топқа. 6.3.5 Балалардың жасына қарай әр тобы топтық ұяларға орналасуы тиіс, онда бөлменің құрамы өмір сүруге жайлы жағдайды, емдеу-профилактикалық және оқу-тәрбие шараларын өткізуді қамтамасыз етуі тиіс. Жайлар құрамында міндетті түрде болуға тиіс: - шешінетін; - ойын бөлмесі; - арнайы сабақ бөлмесі; - ұйықтайтын бөлме; - дәретхана; - буфет. Топтық ұялардың барлық бөлмелері бір қабатта орналасуы керек. 6.3.6 Мектепке дейінгілерге арналған әр секцияға бөлек кіреберіс қарастыру керек. Мектеп жасындағы балаларға арналған тұрғын топтар бөлмелеріне кіреберістер не әр секция үшін бөлек вестибюль арқылы, не бас вестибюль арқылы қарастырылуы мүмкін. Өртке қарсы қауіпсіздік мақсатында әр тұрғын топтан кем дегенде екі эвакуациялық шығаберіс қарастыру керек. Үш қабаттан биік емес ғимараттарда екінші эвакуациялық шығаберіс сыртқы баспалдақ (немесе пандус) арқылы қарастырылуы мүмкін.
Ескерту – Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған тұрғын топтарға кіреберістер әр секция үшін бөлек вестибюль арқылы қарастырылуы мүмкін, ал орта және ересек мектеп жасындағылар үшін – бас вестибюль арқылы. 6.3-кесте – Балалар топтарының тұрғын жайларын оқу процесі мен тамақтануды ұйымдастыруды ескеріп жобалаудың негізгі принциптері
6.3.7 Мектепке дейінгі балалардың тұрғын топтарының бөлмелеріндегі сыртқы кіреберістен мектепке дейінгі мекемелерге қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес жобаланады. 6.3.8 Тұрғын топ бөлмелеріне кіреберістердің барлық типі шешінетін бөлме арқылы ұйымдастырылуы тиіс. Мектепке дейінгілерге арналған секциялардағы шешінетін бөлмелер 6-8 адамды әр тұрғын топ бөлмесінің құрамына кіруі тиіс. Мектепке дейінгілер үшін 2 тұрғын топқа ортақ киім шешінетін бөлмені ұйымдастыруға болады. Егер мектеп жасындағы балаларға арналған тұрғын жайлар тобындағы кіреберістер секциялар немесе мекемелер үшін вестибюль арқылы қарастырылса, киім шешетін бөлмелер солардың ішінде қарастырылуы тиіс, олар жабдықтармен бөлінген ашық жайларда орналасады. 2-4 топ үшін ортақ киім шешінетін бөлме қарастыруға болады.
Ұйықтайтын бөлмелер 6.3.9 Мектепке дейінгі мекемелер типі бойынша жобаланатын тұрғын жайлардың құрамы мен ауданын 5-қосымшанің 1-кестесінде көрсетілгеннен кем емес етіп алу керек, ал дәлізді жүйе типі бойынша жобаланғандарда – 2-кесте. 6.3.10 Ұйықтайтын бөлмелер бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу-тұрғын ұяларға орналасады немесе жас ерекшелік принципі бойынша дербес ұйықтайтын секцияларға топталады. Ұйықтайтын бөлмелер ер балалар мен қыздар үшін жасына қарамастан бөлек болуы тиіс. 6.3.11 Арнаулы түзету мекемелерінің барлық типтері үшін балалардың жасына қарамастан 4 адамға (артық емес) ұйықтайтын бөлмелер қарастырылады. 6.3.12 Ұйықтайтын бөлмелердің ауданы полиомиелит және церебральды салмен ауырған балаларға арналған мектеп-интернаттар бір тәрбиеленушіге 4,5 ш.м кем емес келетіндей есеппен алынады және 4,0 ш.м кем емес - арнаулы мектеп-интернаттың басқа барлық типіндегі балалар үшін. Ұйықтайтын бөлмелерде қол жуғыштар, әжетханалар, қыздардың жеке гигиенасына арналған бөлмелер, себезгі, киім-кешек пен аяқ киімді тазалауға арналған бөлмелер қарастырылады. 6.3.13 Таза ауада, ұйықтауды ұйымдастыру үшін тәрбиеленушілердің 50 %-не есептелген, ауданы бір орынға 3,0 м² болатындай веранда қарастырған дұрыс. Верандалар үзіліс уақытында серуендеуге де пайдаланылатын болады, сондықтан олар рекреациялар мен сыныптарға жақын орналасуы тиіс. 6.3.14 Тірек-қозғалу аппараты ауыратын балаларға арналған мектепинтернаттарда ұйықтайтын бөлмелердің барлығы басқа бір арбалы мүгедектермен бірге тұруға есептелуі тиіс. Интернат үйлерінің қалған типтерінде (соқырлар мен нашар көретін балаларға арналған мекемелерден өзге) – жасына қарай топтың әрқайсысы үшін ұйықтайтын бөлменің 10-15 %-і. Ұйықтайтын бөлмелерді жайғастыру сұлбаларын әзірлеу кезінде жайлы, отбасылық жағдайға тән тұрғын бөлмелерді жасауды мақсат ету керек. 6.3.15 Мүгедек балаларға арналған ұйықтайтын бөлмелер тек стационарлық керуеттермен жабдықталуы тиіс, онда керуеттерді ұзын жақтарымен түйістіруге болмайды (ТҚА-ты бұзылған балаларға арналған ұйықтайтын бөлмелерден басқа). Керуетке баратын жалғыз өткелдің ені-600мм кем емес, қосарлының – 800 мм кем емес (6-8 қосымшаны қара). Мектепке дейінгілерге есептелген ұйықтайтын бөлмелерге қажеттік санитарлық-гигиеналық талаптар – біріктірілген керуерттерден бас тарту, арбалы мүгедектердің өту және бұрылу мүмкіндіктері сақталуы керек. 6.3.16 Кресло-арбадағы балалар үшін ұйықтайтын бөлме жабдығының өз ерекшелігі бар: керуерт тірек тұтқа мен жабдықталады, өткелдердің ені ұлғайтылады, балалардың саны 4-ке дейін азайтылады (6-қосымшаны қара). 6.3.17 Ұйықтайтын бөлменің түспен әрленуі көгілдір жасыл гаммалы ұнамды түспен түстелген болуы тиіс. 6.3.18 Топтық бөлме – тамақтануға, оқуға, ойнауға арналған көп функциялы жай. Бөлме барлық режимде жұмыс істей алуы үшін отандық тәжірибеде дәстүрлі түрде жоғарыда келтірілген қызметтің бәріне жарамды жиһаздар пайдаланылады. Олар тамақтануға, оқу сабағына, үстелдеге ойындарға арналған жеңіл жылжымалы үстелдер (9, 10-қосымшаларды қара). 6.3.19 Күндізгі оқу бар-жоғы 1-2 сағатты ғана алатынына қарамастан, оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын талап осы жайды жоспарлауда негізгі болып табылады. Оны тиімді жобалардың міндеті топтық бөлменің киім шешетін, ұйықтайтын, дәретхана және буфет бөлмелерінің араларын байланыстырушы буын болып табылатындығымен де күрделене түседі. Мұндайда топтық бөлмеге апаратын есіктердің бәрі бір аймаққа шоғырланады, ол оқу сабақтарын өткізген кезде арбалы мүгедектер өтетін және бұрыла алатын орын, ал ойнаған кезде қозғалмалы ойындарға арналған орын болады. 6.3.20 Ойнайтын жерде мынадай функциональды аймақтарды қарастыру керек: А-тамақтанатын; Б-тыныш ойындар; В- қозғалмалы ойындар; Г-тәрбиесінің орны (9, 10-қосымшаларды қара). 6.3.21 Функциональды аймақтар жапсарласпауы немесе бірімен бірі, сондай-ақ ұйықтайтын, киім шешетін, дәретхана, буфет бөлмелеріне баратын негізгі жолдармен қиылыспауы тиіс. 6.3.22 Ойын бөлмесінің интерьері жылы түрлі-түсті гаммада қабырғалардың ұнамды өңімен бірге және қарама-қарсы жабдықпен шешілуі тиіс. 6.3.23 Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған топтық жайларға қойылатын талаптар: - көру талдағышына түсетін қосымша жүктемемен байланысты бөлмені жарықтандыруды ұлғайтылуы; - арнайы сабаққа арналған бөлмеде электр-акустикалық құралдарды орнату; - арнайы сабаққа арналған бөлменің қабырғалары мен төбесін акустикалық тақталармен әрлеу; - екі топтық ұяға бір лаборантты есту жабдығы бар жеке сабаққа арналған орынмен бірге орналастыру. 6.3.24 Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған топтық бөлмелерге қойылатын талаптар: - функциональды аймақтың автономдығы; - функциональды аймақтың қозғалыс жолымен қиылыспауы; - негізгі қозғалыс жолдарының өзара қиылыспауы; - есік ойықтарының бір осьте орналасуы; - жиһаздар мен жабдықтарды стационарлы орналастыру; - жабдықта өткір бұрыш болдырмау; - арнайы сабақ үшін бөлме жабдықтау; - плеоптоортоптикалық; - екі топтық ұяға пәнді практикалық оқыту сыныбы мен тифлопедагогикалық кабинетті орналастыру; - ойнайтын жерді әрекет түріне қарай дұрыс аймақтандыру. Топтық ұялардың барлығында тактильді тірек және түсті жолдарды қарастыру керек: - топтық ұяға кіреберісте дыбысты маяк орнату қажет; - барлық жайларға кіреберісте бедерлі нұсқағыштарды орнату талап етіледі; - түрлі функциональды аймақтардағы еден бетінің әр түрлі құрылымы; - қозғалыс бағытын түспен және фактурамен бөлу. 6.3.25 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған жайларды жобалаудың қажетті шарты іс жүзінде тұратын, оқу, кәсіптік даярлық және персоналдық соқыр балаларды үнемі қадағалап отыруына мүмкіндік беретін басқа да жайлардың барлығында дәліз жағынан байқау терезелерін орнату болып табылады. Байқау терезелерін балалар бір өзі қалатын жайларда, мысалы, дәрігерлер, емдеу кабинеттерінде және процедуралық кабинеттерде және т.с.с. қарастырмауға болады. 6.3.26 Интеллектісі бұзылған балаларға арналған топтық бөлмелерге қойылатын талаптар: - бөлмені балалар әрекетінің түріне сәйкес келетін функциональды аймақтарға бөлу; - асхана аймағын бөлу; - ойын алаңында балалардың қосылуына мүмкіндік беретін жартылай оқшауланған бұрыштарды құру, ол бұл балалар үшін қажетті қалыпты жағдайды тудырады; - «қозғалыс қажеттілігін қанағаттандыруға» арналған кеңістік құру (қимыл ойындары алаңы). 6.3.27 Киім шешетін жерде балалардың киінетін аймақтары қиылыспауы немесе өткел аймағына жапсырлас болмауы тиіс. өтетін бос кеңістіктің ені және киім-кешек шкафы мен орындық арасындағы қашықтықты 1000 мм кем емес етік алу керек (9, 10-қосымшаларды қара). Киім шешетін бөлме жабдығының құрамында киім-кешек пен аяқ киімге арналған сумен қыздырылатын және сорғысы бар кептіргіш шкафтарды, сондай-ақ балалардың киім-кешек пен аяқ киімін сақтайтын секциялы шкафтарды қарастыру керек.
6.4 Санитарлық тораптар (12-15-қосымшаларды қара) 6.4.1 Балабақша принципі бойынша жобаланған тұрғын топтардағы санитарлық тораптар топтықпен қосылған жайда орналасады. Дәлізді жүйеде тұрғын топтардағы санитарлық тораптар не әрбір ұйықтайтын бөлмеде, не ортақ дәлізде қарастырылады. Нұсқаны таңдау жобалауға берілген тапсырмамен анықталады. «Отбасы» принципімен жинақталған топтардағы санитарлық тораптар пәтерге ортақ қарастырылады. 6.4.2 Бөлмелерді орналастыруды, құрамын және санитарлық тораптардың санитарлық жабдықтарын түрлі типтегі тұрғын жайларды 12-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес етіп алу керек. 6.4.3 Дәретхананы қолжуғыш пен әжетхана аймағынан тұратын біртұтас жай ретінде жобалау керек (9, 2-қосымшаларды қара). Қол жуғыш аймағында балалар қолжуғыштары мен үш жағынан келуге болатын себезгі табандығы орналасуы тиіс. Көру кемістігі бар балалар үшін өкшенің тактильді сезімталдығын дамытуға арналған фактуралы төсеніші бар аяқ себезгісін қарастыру керек. Дәретхана аймағында тиексіз жабылатын кабиналарда балалар унитаздары орналасады және жабылатын кабинада – ересектерге арналған унитаз. Балалар кабинасының өлшемі жоспарда 800х750 мм. Кабиналардың арасында биіктігі 1,2 м (еденнен), еденге 150 мм жетпей тұратын экран қарастырылады. 6.4.4 Арбалы мүгедектерге қызмет көрсету мүмкіндігін санитарлық тораптарды құру (жайғастыру сұлбалары) ерекшеліктері алдын ала анықтайды. Арбалар үшін өткелдер, бұрылыстар қарастыру қажеттілігі, арбалардың санитарлық құралдарға келе алу, себезгіде бұрылатын кресло орнату мүмкіндігі – дәретхананы жобалаудың басты шарты (13- қосымшаны қара). 6.4.5 Санитарлық-гигиеналық кабиналардың мүгедектер пайдаланатын есіктері сыртынан ашылуы тиіс. Балдақпен жүретін мүгедектерге арналған сан-тораптардың әмбебап кабиналарының минималь өлшемі – 1500х900 мм; арбамен-1400х1800 мм; Қолжуғыштың минималь өлшемі - 1400х900 мм; себезгінікі - 1400х1800мм. Себезгі кабиналарының қоршау құрылымдары мүгедектердің себезгіні пайдалануына қиындық келтірмеуі және мүгедекті кресло-арбадан себезгі орындығын отырғызуға кедергі болмауы тиіс. 6.4.6 Ванна бөлмелерін жоспарлау нұсқалары балалар ауруының сипатына байланысты («отырғандар», «жатқандар») және 14,15- қосымшаларда келтірілді.
6.5 Оқу жайлары (бөлмелері) (16-22 қосымшаларды қара) 6.5.1 Оқу процесін ұйымдастыру және оқу жайларының тиісті құрамы, ауданы және орналасуы жобалауға берілген тапсырмамен анықталады. 6.5.2 Мекемелерде жайлы қызмет көрсету мақсатында негізгі және қосымша бөлмелердің бәрін бір деңгейге (қабатқа) орналастырған жөн. Егер ондай сәулеттік шешім мүмкін болмаса, онда барлық ішкі баспалдақтар пандустармен және лифтілермен алмастырылуы тиіс. ұсынылған оқу жайларды құру және орналастыру нұсқалары 6.4-кестеде келтіріледі. 6.5.3 ұяларды қалыптастыруды және жинақтауды оқу сыныптарын (топтарын) ұйымдастыруға сәйкес баланың жасын, дайындық деңгейін, ауруының сипатын ескеріп жүзеге асыру керек. 6.5.4 Барлық мекемелердің, сколиозбен ауыратын балаларға арналғандардан басқа, сыныптары мен оқу және ойнайтын бөлмелерде психологиялық арылу аймағын сыныптың жалпы ауданының 10-15 %-і болатындай есеппен қарастыру керек, онда кушетка, кресло, швед стенкасын орналастыру керек. Психологиялық арылу аймағын жиһазбен немесе экранмен (16-қосымшаны қара) қоршау керек. 6.5.5 Сыныптарды, ойын сыныптарын, оқу бөлмелерін, оқуға даярлық кабинеттерін, оқу-өндірістік шеберханаларды жоспарлау және жабдықтау оларға арбамен қозғалатын (соқыр және нашар көретін балалардан басқа) балалардың келу мүмкіндігіне әр 6-8 орынға арбалы мүгедектер үшін 1 орыннан келетін есеппен есептелуі тиіс. 6.5.6 Сколиозбен ауыратын балаларға арналған оқу бөлмесін жоспарлау оқу процесі кезінде балалар жатқан қалыпта болатындайға есептелуі тиіс. 6.5.7 Оқу және кәсіптік даярлық жайларының біртұтас блогында орналасқан бөлмелерде сыныптағы бір орынға 1,2-1,4 ш.м болатындай есеппен рекреациялық бөлмелер қарастыру керек. 6.5.8 Саңырау және нашар еститін балаларға арналған мекемелердегі сыныптық және оқу-ойын бөлмелерінде ауданы 12-14 ш.м, 2-3 сыныпқа бір бөлме болатын жеке жұмыс бөлмесін (16-қосымшаны қара) қарастыру керек. Мектепке дейінгілерге арналған бөлімдерде мұндай бөлмелерді әр балалар тобы құрамында қарастыру қажет. 6.5.9 Барлық типтегі мектеп-интернаттардың оқу-кәсіптік даярлық жайларының құрамында, сөйлеуі ауыр бұзылған балалар мен саңырау балаларға арналғандардан басқа, 70-80 балаға 6-8 орындық 1 кабинет келетіндей есеппен қосымша бөлмелері бар лингафон кабинеттерін қосу керек. Лингафон кабинеттерінің ауданын балаларға арналған мекемелерде мынадай етіп алу керек: - сколиозбен ауыратындар – бір орынға 6,0-6,2 ш.м; - мекеменің басқа типтерінде – 1 орынға 4,6-4,8 ш.м; - қосымша бөлмелердің ауданы 14-16 ш.м.
6.4-кесте – Оқу бөлмелерін орналастыру ұсынылған нұсқалары және оларды қолдануға ұсыным
6.5.10 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттардағы оқу-кәсіптік даярлық бөлмесінің құрамында ауданы 18 ш.м, қосымша бөлмесінің ауданы 54 ш.м тифлографика кабинетін, сондай-ақ ас үйі, санитарлық торабы, қоймасы бар бір-екі бөлмелі пәтерден тұратын әлеуметтік бейімдеу кабинетін қарастыру керек. 6.5.11 Физика, химия (17-қосымшаны қара), география, математика, тарих, әдебиет және орыс әдебиеті, машина жазуға үйрету кабинеттерін 1 орынға төмендегідей есеппен орта және ересек мектеп жасындағы балалар үшін ғана қарастыру керек: а) сколиозбен ауыратын балаларға арналған мекемелерде: 1) физика, химия, машинажазбаға үйрету кабинеттерінде - 6,0-6,2 ш.м; 2) қалған кабинеттерде - 5,2-5,4 ш.м; б) басқа типті мекемелерде: 1) физика, химия, машинажазбаға үйрету кабинеттерінде - 4,6-5,0 ш.м; 2) қалған кабинеттерде - 4,2-4,4 ш.м. Кабинетте ауданы 14-18 ш.м зертханашы немесе қоймалық бөлмелерін орналастыру керек. 6.5.12 Біртұтас блокта орналасқан оқу-кәсіптік даярлық бөлмелерінде сынып немесе кабинетте бір орынға 1,2-1,4 ш.м болатындай есеппен рекреациялық жайларды қарастыру керек. 6.5.13 Мүгедектерге арналған мектеп-интернаттарда қарастыру қажет: - биология кабинетін (18-қосымшаны қара) - табиғат бұрышы - 60-70 ш.м зертханашы бөлмесімен бірге - 18 ш.м; - компьютерлік сынып (19-қосымшаны қара) - 54-74 ш.м қоймасы бар – 18 ш.м; -кулинарлық сыныпты - 32-36 ш.м қонақ қабылдайтын бөлмесі бар - 32-36 ш.м және 16-18 ш.м қойма; - ән сабағы бөлмесін (20-қосымшаны қара) – 35-54 ш.м, құрал-сайман қоймасы бар - 18 ш.м; - сурет сыныбын - изостудия (20-қосымшаны қара) - 50-54 ш.м, қоймасы бар - 18 ш.м (соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттардан басқа); - кітап қоймасы мен оқу залы бар кітапханасы: 1) 300 ш.м соқыр балаларға арналған мекемелерде (21-қосымшаны қара); 2) 120 ш.м интеллектісі қалыпты балаларға арналған қалған типті мекемелерде (21-қосымшаны қара); 3) 80 ш.м ақыл-ойы дамуында кемістік бар балаларға арналған; - әдістемелік кабинет - 36-40 ш.м; - педагогика жөніндегі директордың орынбасарының кабинеті - 16-18 ш.м; - оқу бөлімі меңгерушісінің кабинеті - 16-18 ш.м; - мұғалімдер бөлмесін - 36-40 ш.м, оны шеберлер бөлмесімен қосуға болады. 6.5.14 ТҚА-ты бұзылған балаларға арналған бөлмелер бір орынды үстелдермен, тақтамен және оқу құралдары шкафымен жабдықталады. Қабырғалардың бос учаскелерінің бойымен еден деңгейінен 500 мм биіктікте тірек тұтқалар қарастырылуы тиіс. Тұтқаның диаметрі 35-50 мм. Жиһаз еденге мықтап бекітіледі. Бөлме 8 балаға есептелген (22, а-қосымшаны қара).
Ескерту – Егер сынып бөлмелері ғимараттың әртүрлі блогында орналастырылса, онда бір мұғалімдер бөлмесінің орнына әр блоктың құрамындағы бөлмеде ауданы 18-24 ш.м мұғалімдер бөлмелерін қарастыру қажет.
6.5.15 Интеллектісі бұзылған балалармен арнайы сабаққа арналған бөлмелерде балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сөйлеуді, бейнелеу әрекетін дамыту және көмекші мектепте оқу даярлау жөнінде түзету-тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Сабаққа арналған бөлмелер тек бір орынды үстелдермен жабдықталуы тиіс. Ойын түріндегі сабақтарға арналған аймақтар бөлінгені жөн. Үстелдердің орналасуы емін-еркін сипатта болуы тиіс (22, б -қосымшаны қара). 6.5.16 Естуі бұзылған балаларға арнайы сабаққа арналған бөлме (22, в -қосымшаны қара) топтық ұя құрамында орналасады және сурдотехникалық аппаратура пайдаланылатын және қалған есту қабілетін сақтау мен дамытуға бағытталған, сондай-ақ барлық сақталып қалған талдауыштар негізінде ауызша тілін қалыптастыруға (көру, тактильді-вибрациялық) бағытталған арнайы оқытуды жүйелі өткізуге арналған. Бөлменің қабырғалары мен төбесі акустикалық тақтамен әрленуі тиіс. Балаларды аудиологиялық зерттеуге арналған орындары бар радиотехника кабинетінде ауа және соққы дыбысоқшаулағышпен қамтамасыз ететін болуы тиіс. 6.5.17 Көруі бойынша мүгедек балалармен арнайы сабақтар бөлмесінде үстелдерді сол жақтан табиғи жарықтандыру қажет. Екі орынды үстелді қолдануға болмайды, тіпті әр үстелге еркін баруы қамтамасыз етілуі тиіс. Бөлмеде жылы су аққышы бар қол жуғыштар орнату керек. (22, г -қосымшаны қара). 6.5.18 Үстелдер арасындағы қашықтық - өткелдер 900 мм кем болмауға тиіс, үстелдерден терезеге дейінгі қашықтық – 500 мм кем емес, қарама-қарсы қабырғада – 1000 мм. Бөлмеге кіреберісте кресло-арбалардың кері бұрылуына және кіруіне арналған ауданы 1500х1500 мм кем емес бос кеңістік болуы қажет. 6.5.19 Кітапханаға келушілерге арналған барлық кеңістік мүгедек балалардың қажеттіліктеріне сәйкес болуы тиіс. Оған жататындар: оқу залдары, абонементтер, анықтама бөлмелері, картотекалар, ашық кітап қоймасы және т.б. 6.5.20 ТҚА-ты бұзылған мүгедектер үшін жұмыс орындары аймағы (кресло-арбада және көмекші түзету құралдарын пайдаланушылар) бөлек және көру қабілетіне қарай мүгедектер үшін бөлек болуы тиіс. 6.5.21 ТҚА-ты бұзылған мүгедектерге арналған жұмыс орындары дененің қалпын бекітетін арнайы құрал-саймандармен жабдықталуы тиіс. Жұмыс үстелінің құрылымы кресло-арбаның үстелдің астына еркін кіруін қамтамасыз етуі тиіс. Абонементтегі кітап берілетін тірек-тосқауыл бөлігі еден деңгейінен 700-900 мм дейін төмендетілген болуы тиіс. Ашық жердегі кітаптар кресло-арбадағы баланың қолы жететін (созған қолы) аймақ шегінде орналасуы тиіс, оның биіктігі 1220 мм болады. Стеллаждар жанындағы өткел ені – 1065 мм. 6.5.22 Кресло-арбадағы бір балаға тиесілі жұмыс орны аймағының габариті 1800х900 мм кем емес болады. Жұмыс үстелдерінің арасындағы еркін жүруге және үстелге келуге арналған өткел 900 мм кем болмауы тиіс, яғни жұмыс аймағы габаритін өткелмен қоса алғанда – 1800х1800 мм. 6.5.23 Көру қабілетіне қарай мүгедектерге арналған жұмыс орнының қосымша периметральды жарықтандырылуы және басқа да бірқатар қажетті құрал-саймандары болуы тиіс.
6.6 Мәдени-көпшілік қызмет көрсету жайлары (23-27-қосымшаларды қара). 6.6.1 Мекеменің құрамында мәдени-көпшілік қызмет көрсету жайларын қарастыру керек: - акт залдары; - үйірме бөлмелері; - дене шынықтыру- спорт залы; - бассейндер; - ыстығы құрғақ моншалар. Мәдени-көпшілік қызмет көрсету жайларының құрамы мен ауданы жобалауға берілген тапсырмамен және 23-қосымшамен анықталады. 6.6.2 ТҚА-ты бұзылған балаларға арналған көрермен залындағы орындарды бірінші және соңғы қатарда, міндетті түрде еденнің көлденең бөлігінде жабдықталған дұрыс. Кез келген нұсқада олар өткелге жанасуы тиіс (24-қосымшаны қара). 6.6.3 Кресло-арбадағы мүгедек балаларға арналған отыратын орындар залда сахна әрекеті кеңістігімен қосылуы тиіс. 6.6.4 Аймақтағы габариттер кресло-арбадағы мүгедекке арналған бір орын үшін - 900х1200 мм (келу өткелін есепке алмағанда). өткел ені - 900 мм кем емес, бұрылысы бар подъезд үшін - 1500 мм кем емес. 6.6.5 Залдағы кәдімгі креслолардың бір бөлігі арнайы бекітетін және тірек құрал-саймандарымен жабдықталуы мүмкін. 6.6.6 Есту қабілетінде кемістігі бар мүгедек балаларға арналған көрермен орындарын көрермендер залының акустикалық жүйесімен байланыстыру керек. Креслоларда жеке есту аппараттарын қосу нүктелері жабдықталуы тиіс. Дыбысты дауысын күшейту наушниктер көмегімен қамтамасыз етілуі тиіс. Наушниктер сақталатын арнайы орындар креслолардың шынтақшаларына немесе арқалықтарына орнатылуы мүмкін. 6.6.7 Сахнаға көтерілу үшін баспалдақтардан басқа, ені 900 мм кем емес, еңісі 8 %. Стационарлы немесе тіреуіш пандус және бүйірлері бойынша ернеушелер қарастырылған болуы тиіс. 6.6.8 Сахнаға апаратын баспалдақтар мен пандустардың бір жағынан 500, 700, 900 мм қос тұтқасы бар қоршауы болуы тиіс. 6.6.9 Көрермендерді залдан эвакуациялау жолдарында қабырғаның бойымен еден деңгейінен 500, 700 және 900 мм биіктікте тірек тұтқа-қанат орнату қажет. Есік ойығынан немесе дәліз бұрылысынан 1500 мм-де тұтқа бетінің фактурасы ауысып отыруы тиіс. 6.6.10 Залға (фойеге) кіреберіске тікелей жақын тұста мүгедек балаларға арналған өткелсіз демалыс және күту аймағын қарастыру керек. Бір балаға тиесілі аймақ 1200х1800 мм; аймақтың жалпы ауданы кем дегенде үш балаға есептелуі тиіс. 6.6.11 Мекемелерде не вестибюльде, не арнайы залда орналасатын ойын автоматтарын қарастыруға болады. 6.6.12 Ақыл-ой дамуында кемістігі бар балаларға арналғандардан басқа, мектеп-интернаттарда құрғақ ыстық монша (сауна) блогын қосымша бөлмелерімен қоса қарастырған жөн (23-қосымшаны қара). Осы типтегі жайларды жобалаған кезде ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 және ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 талаптарын басшылыққа алу қажет. 6.6.13 Барлық жалпы білім беретін арнайы түзету мекемелері дене тәрбиесінің түрлі формасын ұйымдастыру үшін сыйымдылығына қарамастан, ауданы 162 м2 (9х18) кем емес спорттық дене шынықтыру залдары мен бассейндері болуы тиіс.
Ескертулер 1 Спорт залдары емдік дене шынықтыру сабағы үшін пайдалану мүмкіндігіне есептеліп жабдықталуы тиіс. 2 Спорттық жайлардың құрамы мен ауданы жобалауға берілген тапсырмамен анықталады, мұнда көлемі үлкен ваннадай бассейндер және ауданы үлкен залдар жобалауға болады.
6.6.14 Спорт залы бірінші қабатта орналасады және учаскедегі спорттық аймақпен тікелей (дәліз арқылы) ыңғайлы байланыс қарастырылады. Болжамды құрам мен ауданды 23-қосымшадан қараңыз. 6.6.15 Залдағы ер балалар мен қыздар үшін бөлек-бөлек киім шешетін бөлме мен себезгілердің залымен тікелей (немесе дәліз арқылы) байланысы болуы және жылжымалы есігі бар шкафтармен, немесе киім-кешек ілгіштермен және кіреберіс есіктің жанында биіктігі 1,75 м қорғаныш қалқан-экрандармен жабдықталуы тиіс. Киім шешетін бөлмеде санитарлық торап болуы тиіс. 6.6.16 Спорт залында снаряд бөлмесі, қажет жағдайда, аспалы спорт жабдықтарын сақтайтын екі жарық бөлме қарастырылады. Снаряд бөлмесінің едені табалдырықсыз зал еденімен бір деңгейде болуы тиіс. 6.6.17 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттарда гимнастика залын жоспарлау мен жабдықтау, көру қабілеті бұзылған балалардың бағдар алу ерекшеліктерін, олардың дұрыс жүру дағдысына үйрету қажеттілігін ескеруі тиіс, соған орай қарастыру керек: - залды екі аймаққа бөлу: кіші - «снарядтық» немесе снарядпен шұғылданатын гимнастикалық және үлкен - ойын әрекетіне арналған негізгі; балалардың жалған бағдар алуын болдырмау үшін снарядтар стационарлы бекітіледі; залдың кіші бөлігіндегі еден негізгі аймақ еденіне қарағанда 6-7 см жоғары (сәл көтерілген) болуы тиіс. Залдың негізгі бөлігінде еденінің құрылымы біртекті жабыны болуы керек: - төсеніштің дірілдеткіш жолағын еденнің зал қабырғасы бойы периметрі бөлігіне салу және екі аймақ арасындағы залды бөлу үшін: зал аймақтары арасындағы дірілдеткіш жолақ залдың үлкен бөлігіне қарай 10-12°-қа еңіс болуы тиіс; залды бөлу үшін жоғарыдан төмен түсетін, жүкпен (құм салынған қапшықтар) тартылған капрон тор пайдаланылады; - көпшілік мектептерде жалпы қабылданған жабдықтар (гимнастикалық стенкалар, ат, сақина, арқан, сырық, бөрене мен маттар және т.б.), сондай-ақ қосымша түрлі типті тренажерлар теннис, хоккей доптары және т.б. лақтыруға арналған нысаналар. 6.6.18 Мектепке дейінгілерге арналған мекемелердегі дене шынықтыру залы, ән сабақтарын өткізуге де пайдаланылады. Мектепке дейінгілерге арналған мекемелерде сыйымдылығы 160 орыннан жоғары залдар дене шынықтыру және ән сабақтарын бөлек өткізу үшін қарастырылады. 6.6.19 Дене шынықтыру залында тежелген және нашар көретін балаларды жарақаттанудан сақтау үшін «жұмсақ қабырға» қарастыру керек. 6.6.20 Балаларға арналған спорттық ойын түрлері бойынша оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру үшін кем дегенде 36х18 м болатын зал қарастыру керек. Егер сабақ бағдарламасына арбадағы баскетбол қосылмаса, онда зал өлшемі 30х18 м болуы мүмкін. 6.6.21 Саңырау балаларға, нашар еститіндерге, ақыл-ойы кемдерге, тірек-қозғалыс аппараты бұзылғандарға арналған мекемелерде дене шынықтыру алаңшаларын С-Ю (С-О) бойлық осімен, ал соқырлар мен нашар көретіндер үшін В-З (Ш-Б) осімен бағдарлау керек. 6.6.22 Дене шынықтыру залы мен бассейндері бар жайларда кресло-арбадағы мүгедек оқушылар үшін бір орынға 900х1200 м келетіндей есеппен көрермендер орындарының қауіпсіз аймақтарын қарастыру қажет. Аймақ кем дегенде 2-3 орынға есептелген болуы тиіс. 6.6.23 Мекеменің құрамында бассейндер қарастырған жөн: - бассейн ваннасымен 5х10 (м) немесе 6х12,5 (м) тереңдігі 0,8 м-ден 1,1 м-ге дейін. Бассейн бөлмесінің құрамы мен ауданын тапсырмаға және 23-қосымшаға сәйкес етіп алу керек. 6.6.24 Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттарда түбі көтерілетін жүзу бассейні болуы керек, ал ол кез келген жастағы қозғалу саласы түрліше зақымданған балалармен сабақ жүргізуді қамтамасыз етеді. 6.6.25 Көру қабілеті нашарлаған соқырлар мен нашар көретін балаларға арналған жүзу бассейндерінде қосымша сақтандыру шараларын қарастыру керек: - бассейн ваннасының жиектері резеңкемен көмкерілуі тиіс; - ваннаның таяз бөлігі пенопластан (ваннаға көлденең) жасалған органикалық тақтамен және жүгі бар тормен бөлінеді; - ваннаға түсу үшін қанаты бар екі қосымша баспалдақ қарастырылады; ваннаның айналасы және қабырғаның бойында биіктігі еденнен 30 және 50 см қанат болуы тиіс. Бассейн ваннадағы судың есептік температурасы 29° болуы тиіс; залдағы ауа - 30°; киім шешінетін жер мен себезгіде - 25°; айналма жол бетінде - 30°. 6.6.26 Бассейн ваннасы мүгедек балалардың пайдалануға қойылатын арнайы талаптарды ескеріп жабдықталған болуы тиіс. 6.6.27 Жүзу бассейні бөлмесіндегі өтетін аяқ ваннасының беті тегіс, тайғанақ емес және жылтыр болуы тиіс. Себезгіден және бассейн залына қарай қозғалатын бағытта орналасқан аяқ ваннасының тереңдігі 0,1 м, жоспардағы өлшемі 1,0х0,85 (м). 6.6.28 Ванна периметрімен айналма жол қарастырылады. Беттің фактурасы жүзу бассейнінің айналма жолына шығар жерде ауысуы тиіс (25-қосымшаны қара). 6.6.29 Жүзу бассейнінің айналма жолының ені 2000 мм кем болмауға тиіс. Айналма жолдарда кресло-арбаны сақтауға және өзге де қосымша үйлестіру құралдарына арналған арнайы орындар бөлу керек. Мүгедек балалар пайдаланатын бассейн ваннасының айналасында міндетті түрде ернеушелер жасалуы тиіс. 26-қосымшада балалардың бассейнге кіруін жеңілдету үшін қолданылатын құрал-саймандар мен жабдықтар келтірілді. 6.6.30 Мүгедектер арбаларының өтуіне және бұрылуына қойылатын талаптарды сақтау, киім шешетін бөлмені жобалау кезінде де қажет. Спорт залы мен бассейндегі киім шешетін бөлменің арбалы-мүгедектердің өмір сүру өзгешелігін ескеретін жайғастыру ерекшеліктері 27-қосымшада келтірілді.
6.7 Тағам блогы (28-29-қосымшаларды қара) 6.7.1 Асхана бөлмесі бірінші қабаттағы арнайы блокта бөлінеді, шаруашылық аулаға шығатын бөлек шығаберісі болады, мектептер бірнеше ғимаратта орналасқан жағдайда – оқу және тұрғын жайлардағы жабық өткелдер. 6.7.2 Асхана бөлмесінің құрамы мен ауданын СанЕжН 6.01.002-94 «Жалпы білім беретін мектептер және мектеп-интернаттар» талаптарына сәйкес шикізатпен жұмыс істеу есебінен алады. Мұндайда мынадай қосымша талаптар ескеріледі: - қолжуғыштарды өткелсіз жайдағы түскі ас залында немесе залға апаратын кеңейтілген өткелдер мен дәліздер де (3,6-4,0 м2 дейін) мынадай есеппен орналастырады: а) 18-20 отыратын орынға бір қол жуғыш; б) соқыр және нашар көретін балалар үшін – 10 отыратын орын, бір қол жуғыш; в) ақыл-ойы кемдер үшін – 15 отыратын орынға 1 қол жуғыш. 6.7.3 Ас үйдің өндірістік бөлмесін барлық типтегі мекемелерде шикізатпен жұмыс істеуге есептеу керек. Барлық типтегі мекемелер үшін балаларды тамақтандыру бір ауысымда ұйымдастырылады. Асхана бөлмелері мен ас үйдің өндірістік бөлмесінің шамамен алғандағы құрамы мен ауданын 28-қосымшадан қараңыз. 6.7.4 Мектеп-интернаттарда тамақтандыру ұйымдастырылады: - топтық бөлме ауданында мектепке дейінгі жастағы балалар үшін (балабақша типі бойынша); - мектеп жасындағы балалар үшін ортақ асханада секцияға немесе барлық мекемеге; - оқытылмайтын балалар үшін тамақтану ұйықтайтын бөлмелерде ұйымдастырылады. Мектепке дейінгілер үшін секция құрамында 2-4 топқа буфеті бар арнайы асханалар қарастырылады. Мұндайда балалар топтары бөлмелерінің құрамында буфетті қарастырып керек жоқ. Тамақтандыруды ұйымдастыру нұсқасы жобалауға берілген тапсырмамен анықталады. 6.7.5 Балаларды тамақтандырудан басқа, қызметкерлер де тамақпен қамтамасыз етілуі тиіс. Қызметкердің тамақтануы үшін бір орынға 1,8 ш.м кем емес есеппен өзіне-өзі қызмет көрсететін не ас үй, немесе әкімшілік жайына кіреберіске жақын орналасқан, не учаскеден бөлек кіреберісі бар арнайы түскі ас залын қарастыру керек. Қызметкерлердің түскі ас залының сыйымдылығын нақты жағдайға қарай есептеу керек (қызметкердің жалпы санынан, тамақтанушылар санынан, түскі ас уақытының ұзақтығынан, орынның өткізу мүмкіндігі). 6.7.6 Ас үй бөлмесіндегі оқшаулағышқа қызмет көрсету үшін ауданы 16 - 20 ш.м болатын арнайы үлестіретін орын қарастыру керек. Үлестіретін орынның ішкі коммуникациялық байланыстарға (дәліздерге, баспалдақтарға, пандустарға, лифтілерге) ыңғайлы жолы, сондай-ақ учаскеге шығаберісі болуы тиіс. 6.7.7 Мүгедек оқушыларға арналған мектеп баспанасы жайында кресло-арбадағы балалардың да пайдалану мүмкіндігі ескерілуге тиіс, өзіндік өткелсіз аймағы жабдықтары қарастырылуы тиіс. Отыратын орындардың бір бөлігін мүгедек балалардың өзіндік (спецификалық) талаптарын ескеріп ұйымдастыру керек (29-қосымшаны қараңыз). 6.7.8 Үстелдің мүгедектің кресло-арбамен еркін келуіне мүмкіндік беретін құрылымы болуға тиіс: - үстел аяқтарының арасындағы қашықтық - 900 мм кем емес; - дикорациялық панельдер, сөмкеге арналған сөрелер, кресло-арбаның үстел астына ішінара кіруіне кедергі келтірмеуі тиіс. 6.7.9 Үстелдер мен үлестіру прилавкасы бойы арасындағы еркін өту-жүру аймағы 900 мм кем емес болуы тиіс. Кресло-арбаның айналып-бұрылуына арналған еркін аймақ кассаның жанында 1200х1500 мм кем болмауға тиіс. 6.7.10 Орындықтар ыңғайлы болуы тиіс, қарапайым орнықты құрылымы болуы керек. 6.7.11 Мүгедектер пайдаланатын түскі ас залындағы бөлмедегі еденнің жабыны берік, қатты, тайғанақ емес және құламасыз болуы тиіс.
6.8 Сауықтыру жайы (бөлмесі) (30-42-қосымшаларды қара) 6.8.1 Барлық сауықтыру шаралары медициналық, кәсіптік және әлеуметтік болып бөлінеді. · Медициналық бағдарламалар мүгедектің бұзылған немесе жоғалтқан қабілетін қалпына келтіруге немесе өтемақы беруге бағытталған. · Кәсіптік бағдарламалар бұзылған немесе жоғалған дағдыларды қалпына келтіруге, сондай-ақ білім, шеберлік алуға және нақты дене немесе ақыл-ой кемістігін ескеріп, кәсіптік бағдарлауға бағытталған. · Әлеуметтік сауықтыру әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды қалпына келтіруге және қоғамдық және тұрмыстық әрекетке бейімдеуге бағытталған. 6.8.2 Оқу-тәрбие мекемелері үшін барлық үш бағыт бойынша сауықтыру шаралары жүзеге асырылуы қажет. Дегенмен, бөлме құрылымындағы ерекше өзгешелік медициналық және кәсіптік сауықтыруға байланысты.
Медициналық бөлмелер 6.8.3 Медициналық қызмет көрсету жайлары ағымдағы дәрігерлік көмекке, сондай-ақ мүгедектерді сауықтыруға арналған. Медициналық жайлардың құрамын әр нақты жағдайда жобалауға берілген тапсырма бойынша қарастыруы, ауруханалар мен емханаларды жобалау жөніндегі қолданыстағы, ауруханалар мен емханаларды жобалау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарды ескеріп жобалау керек. 30-қосымшада медициналық қызмет көрсететін жайлардың шамамен алғандағы құрамы мен ауданы келтірілді. 6.8.4 Мүгедектерге медициналық қызмет көрсетілетін арнайы бөлмелер үшін жайғастыру үлгілері берілді. Қалған жайлар емдеу-профилактикалық мекемелерге арналған қолданыстағы нормативтер бойынша жобаланады. 6.8.5 Практикада атауы ұқсас құралдардың, құрылғылардың және т.т. өте алуан түрде қолданылатынына байланысты жиһаздар мен жабдықтардың габариті шамамен келтіріледі. 6.8.6 Жайғастыру сұлбаларын әзірлеуде ескерілуі тиіс: - жабдықтарды (құралдардың арасындағы, құралдар мен қабырғалардың арасындағы және т.б.) орналастыруға қойылатын технологиялық талаптарды; - арбалы-мүгедектерге қызмет көрсету қажеттілігін (подъездер, өту жолдары, бұрылыстар); - алуан түрлі аурулары бар мүгедектерге қызмет көрсету ерекшелігін. Тек мектепке дейінгілерге ғана қызмет көрсететін кабинеттерге жайғастыру сұлбаларын әзірлеген кезде арбалы-мүгедектер үшін бұрылу шеңберінің қажетті өлшемін 1,2 м етіп есептеу керек; барлық жастағы балаларға арналған кабинеттер үшін – 1,4 м. 6.8.7 Барлық типтегі мекемелердің медициналық жайларының құрамына мынадай кабинеттер кіруі тиіс: - педиатрдың – 15-16 ш. м; - қараңғы бөлмесі бар консультативтік қабылдау (офтольмологтың жұмыс істеу мүмкіндігі үшін) – 20+8 ш.м (31-қосымша); - тіс дәрігерінің 16-18 ш. м; - психоневрологтың - 14-16 ш. м; - гинекологтың (урологтың) - 20-22 ш. м; - гидропатия - 28-30 ш. м, 14-16 ш. м киім шешетін жері бар (31-қосымшаны қара); - механотерапия - 36-72 ш. м (32-қосымшаны қара); - психологиялық жеңілдету - 18-24 ш. м; - процедура бөлмесі - 18-20 ш. м; -стерилизациялық-автоклавтық, дәріханалық бөлмелер, медициналық бике кабинеті - 14 ш. м.
Ескерту 1 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттардағы офтальмологке жеке кабинет қарастырылатын жерде консультациялық қабылдау кабинетінде қараңғы бөлме қарастырып керек жоқ. 2 Медициналық жайлардың құрамында жобалауға берілген тапсырмаға сәйкес 24-26 ш. м болатын функциональды диагностика кабинетін 8-10 ш. м қосымша бөлмесімен бірге қарастыруға болады. 3 Механотерапия кабинеті жабдықтарының жалпы жобалауға берілген тапсырмамен анықталады, ақыл-ойы кем балаларға арналған мекемелерде механотерапия кабинеттері қарастырылмайды.
6.8.8 Олардан басқа белгілі бір ауру түрі бар балаларға қызмет көрсетуге арналған арнайы емдеу кабинеттері бар. Мұндай кабинеттердің бір бөлігі мүгедектерге жақын болуы тиіс, яғни оқу-тұрғын ұяларының құрамында болуы керек. Саңырау және сөйлеу кемістігі бар балаларға арналған мекемелерде барлық арнайы қызмет көрсететін медициналық кабинеттер оқу-тұрғын ұялардың құрамына кіреді, ал медициналық қызмет көрсету блогының құрамына тек барлық ауру типтеріне ортақ кабинеттер кіреді. 6.8.9 Барлық мектеп-интернаттарда, саңырау және нашар еститін балаларға арналған мекемелерден басқа, ауданы 18-20 ш.м болатын логопед кабинетін (32-қосымшаны қара) қарастыру қажет: - оқушылар үшін: 1) сөйлеу кемістігі бар және тірек-қозғалыс аппараты ауыратын балаларға арналған мекемелерде – 30-40 балаға 1 кабинет; 2) қалған типтерде - мекемеге 1 кабинет; - мектепке дейінгі жастаға балалар үшін: 1) сөйлеу кемістігі бар және тірек-қозғалыс аппараты ауыратын балаларға арналған мекемелерде - топқа (8-10 орын) 1 кабинет; 2) басқа типтегі мекемелерде – секцияға 1 кабинет. 6.8.10 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттардың медициналық қызмет көрсету жайларының құрамына қосу керек: - ауданы 75-80 ш.м ұзындығы 25 м кем емес офтальмолог кабинетін (33-қосымшаны қараңыз); - 36-50 ш.м қалған көру қабілетін дамыту кабинетін 16-18ш.м қосымша бөлмесі бар; - 54-72 ш.м кеңістікте бағдар алуды дамытуға арналған залды 8-10 ш.м қоймасы бар. 6.8.11 Сколиозбен ауыратын және тірек-қозғалыс аппараты ауыратын балаларға арналған мектеп-интернаттарда қарастыру керек: - гипстеу бөлмесін, корсеттер дайындайтын шеберхананы; -озокерит, парафинмен емдеу және ыстықпен қымтайтын қосымша бөлмелері бар кабинеттерді (34-қосымшаны қараңыз); - аминозиндік кабинетті (34-қосымшаны қараңыз); - электрмен және балшықпен емдеу кабинетін. 6.8.12 Процедуралық кабинеттердегі орындардың шамамен алғандағы санын 6.5-кесте деректері бойынша алу керек. 6.8.13 Кабинеттердің ауданын бір процедуралық орынға: - ингаляторияда 4-5 ш.м; - суасты массажы кабинеттерінде - 18-20 ш.м (35-қосымшаны қараңыз); - жеке массаж - 16-18 ш.м; - қалған типтегі кабинеттерде - 7-8 ш.м (бір ваннаға немесе кушеткаға) болатындай есеппен алу керек. 6.8.14 36-қосымшада су процедураларына арналған кабинеттердің жайғастыру шешімдері арбалы мүгедектерге қызмет көрсетуді, сондай-ақ олардың орын ауыстыру үшін арнайы жабдықтарды қолдануды ескеріп келтірілді. 6.8.15 Оқшаулағышты сыйымдылығы мектеп жасындағы балалар орындары санының 3-4%-і және мектепке дейінгі жастағы балалар орындары санының 6-8%-і болатындай есеппен жобалау керек. Ол бокстарды қосуы және бір мезгілде қабылдау мен карантин бөлімі болуы тиіс. Мұндайда толық санитарлық торабы (унитаз, қолжуғышы, ванна) және тамбур арқылы учаскеге шығаберісі бар бір-екі орынды палаталардан тұратын бокстардың кез келгені қабылдау-байқау боксы бола алады. 6.8.16 Бокстар оқшаулағыш бөлмелерімен өткел тамбур-шлюздер арқылы қосылуы тиіс. Бокстар мен дәліздердің арасында персоналдардың балаларды қадағалауына арналған бітеу (ашылмайтын терезелер) қарастыру керек. 6.8.17 Оқшаулағыш бөлек блокта орналастырылған жағдайды, ол толықтай оқшауланған, немесе арнайы тамбур-шлюздер арқылы қалған бөлмелермен (ұйықтайтыннан басқа), қосылуы мүмкін. Тамбур-шлюзде қолжуғыш пен халаттарды ауыстыруға арналған ілгіш орналасуы керек, одан басқа, өрт кезінде сырттан ауа беру қамтамасыз етілуі тиіс. 10 орыннан көп оқшаулағышты жеке тұрған корпуста орналастыру керек. 6.8.18 Құрамында персонал бөлмесі, процедура, керек-жарақ, буфет, санитарлық бөлме, дәрігер немесе медициналық бике бөлмесі бар оқшаулағыш жайларда, оқшаулағышты 10-нан аса, одан басқа аппаратура сақтайтын бөлмелерді (физиотерапетикалық процедураға арналған) дербес шығаберіс қарастыру керек. 6.8.19 Бокстың тамбур-шлюз және санитарлық торапты қоса алғандығы ауданын 1 орынды бокста 24 ш.м кем емес етіп, 2 орынды бокста 30 ш.м кем емес етіп алу керек. 6.8.20 Бокстардағы сыртқа шығаберістерде еңісі 1:8 аспайтын пандус қарастыру керек. 6.8.21 Оқшаулағыш бөлмесінің құрамы мен ауданын 6.6-кестеге сәйкес алу керек.
Өндірістік шеберханалар 6.8.22 өндірістік шеберханалар оларда ТҚА-ты бұзылған балаларды оқыту мүмкіндігі ескеріліп жобалануы тиіс. Осыған байланысты барлық шеберханаларды мүгедектердің кресло-арбаларды пайдаланып және өзге де көмекші қозғалу құралдарымен еркін жүруіне арналған өткелдер мен жүретін жолдардың қажетті енін сақтай отыра жабдықтау керек. Шеберханалар мен цехтарда олар үшін арнайы жабдықталған жұмыс орындарын құру керек - әр оқу бейіні бойынша 2-3-тен. 6.8.23 Оқу-өндірістік шеберханалар блогындағы дәліздердің екі жарықта 1800 мм-ден кем болмауы тиіс, кресло-арбадағы балалардың кедергісіз екі жақты қозғалысын қамтамасыз етеді. Егер дәліз ені 1800 мм кем болса, онда коммуникацияның әр 6 м ұзындығы сайын кеңейтілген аймақтар жасау керек. 6.8.24 Мүгедек балаларға арналған мамандандырылған мектептердегі оқу-өндірістік шеберханалар бөлек блокта орналасуы, орта және ересек жастағы оқушылардың оқу және тұрғын жайларымен ыңғайлы байланысы болуы, сондай-ақ учаскеге шығаберісі болуы тиіс. 6.8.25 Төменгі сынып оқушылары үшін еңбекке оқыту және қоғамдық пайдалы еңбек шеберханасының ауданы есту қабілеті, интеллектісі бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептерде 1 оқушыға кем дегенде 2 м2 болатындай есеппен белгіленеді және 2,5 м2 кем емес – көру қабілеті бұзылған, полиомиелит пен церебральді сал зардабы бар балалар үшін. 6.8.26 Орта және ересек сынып оқушыларына арналған оқу шеберханаларының 1 орынға келетін ауданын төмендегіден кем емес етіп алу керек: - металл мен ағашты өңдеу шеберханасын - 4,5 м2; - металл мен ағаш өңдейтін құрама шеберхананы - 4,5 м2; - маталарды өңдейтін шеберхананы және кулинарияны - 5,5 м2; - кәсіптік бағдарлау кабинеттерін - есту қабілеті мен интеллектісі бұзылған арнаулы мектеп интернаттарда 3 м2 және 3,5 м2- көру қабілеті бұзылған, полиомиелит пен церебральді сал зардабы бар балалар үшін; -картондау-түптеу, ағаш шеберханасы, тоқу, құмыра жасайтын орынды - 5-6 м2; - тігін, электр жинақтау, аяқ киім, қол өнер, механикалық құрастыру, аппаратура мен тұрмыстық техниканы жөндеу шеберханасы - 4,0-4,5 м2. Оқу-өндірістік жайларда материалдар мен дайын бұйымдарды сақтайтын қойма қарастыру керек. 6.8.27 Оқу-өндірістік шеберханалардағы орын санын 6-8 етіп алу керек; шеберханаларды мамандандыруды және олардың санын жобалау тапсырмасымен нақты жағдайға қарай анықтау керек: мекеменің міндет-мақсаты, сыйымдылығы, жергілікті дәстүр, мамандар саны, әрі қарай жұмысқа орналастыру мүмкіндігі және т.т. 6.8.28 Шеберхана бөлмелерінің ауданы станок жабдықтарын, нұсқаушы үстелін және оқушылардың жұмыс орындарын орналастыру жағдайына қарай анықтайды. Жабдықтарды қойған кезде қатарлардың (шеберхана бойымен өту) арасындағы қашықтықты мынадай етіп алу қажет екенін ескеру керек: - 1300 мм-мен кем емес; - полиомиелит пен церебральді сал зардабы бар балалар үшін - 1600 мм-ден кем емес); - станоктар арасын - 1000 мм-ден кем емес; - станоктар мен верстактар арасын - 1000 мм-ден кем емес; - верстактар мен станоктардан қабырғаларға дейін - 500 мм-ден кем емес; - ағаш өндеу шеберханасындағы верстактар арасын - 1000 мм-ден кем емес. Түрлі шеберханаларды жайғастыру үлгілерін 37-41-қосымшалардан қараңыз. 6.5 – Түрлі типті процедуралық кабинеттердегі орынның шамамен алғандағы есебі
6.6-кесте-Оқшаулағыш жайдың ұсынылған құрамы мен ауданы
6.8.29 Бастауыш мектептің кіші жастағы балаларына арналған қол еңбегі шеберханасында ыстық су келетін қолжуғыш орнату қажет. Дене шынықтыру үзілісін өткізу үшін едені кілеммен жабылған аймақты қарастыру қажет. 6.8.30 Ақыл-ойы кем балаларды оқытуға арналған арнайы мекемелерде емдеу-еңбек және белсенділік терапиясын өткізу мақсатымен емдеу-өндірістік (еңбек ету) шеберханаларын жасау қажет. 6.8.31 Мектеп-интернаттарда орта медициналық және тәрбиелеуші персоналды дайындау үшін ауданы 36 ш.м оқу құралдары қоймасы бар арнайы сынып қарастыру қажет.
Ескерту – Оқшаулағышты орналастыру, сондай-ақ бөлменің құрамы мен ауданы (бір орынды мен екі орынды бокстардың арақатынасын қоса алғанда) жобалау тапсырмасымен анықталады.
Әлеуметтік бейімдеу жайлары (бөлмелері) 6.8.32 Мекемелерде міндетті түрде әлеуметтік бейімделу кабинеті қарастырылады, ол балаларды үй шаруашылығына – азық-түлікті дұрыс таңдауға, одан белгілі бір тағам әзірлеуге, үстелге дастархан жаюға, қонақтарды қабылдауға және т.т. үйретуге қызмет етеді. Бұл кабинетте туған күндер, қонақ шақырылып мерекелер өткізіледі. Кабинет жұмыс аймағынан (ас үйден), сондай-ақ салтанат аймағынан тұрады, онда үстелдер орындықтармен болады, билер мен ойындар өткізіледі. Екі аймақ та тіреулермен – азық-түлікті бөлуге және тамақты үстелге беруге дайындайтын жұмыс үстелімен бөлінген. 6.8.33 Жабдықтарды салтанат аймағында қою жөніндегі ұсыныстар балалармен олардың қонақтарын 11 және 21 орынға орналастырудың екі варианты үшін әзірленуі (42-қосымша қара). Құрама қабырға асханалық ыдыстарды, киім-кешекті, музыкалық техниканы, видеотехниканы, кассеталарды, дискілерді және т.т. сақтауға есептелген.
7 ИНЖЕНЕРЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Жалпы талаптар
Мүгедек балаларға арналған үйлер мен интернаттар ғимараттарын инженерлік жабдықтау жүйелеріне мыналар жатады: - сумен қамту, жылыту және канализация жүйелері мен құрылғысы; - жылумен жабдықтау, жылыту және желдету жүйелері мен құрылғысы; - электрмен жабдықтау жүйелері мен құрылғысы; - байланыс және сигнализация (дабыл) құрылғысы;
7.1 Сумен жабдықтау және канализация жүйелері мен құрылғылары 7.1.1 Сумен жабдықтау және канализация жүйелерін жобалау кезінде Қазақстан Республикасы аумағында суық және ыстық сумен жабдықтаудың ішкі тораптары, канализация, суағарлар, сумен жабдықтаумен канализацияның сыртқы тораптары мен имараттары жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптары, сондай-ақ осы тараудың нұсқаулары орындалуы тиіс. 7.1.2 Балалар үйі мен мүгедек балаларға арналған интернат ғимараттары суық және ыстық сумен жабдықтау және канализация мен суағарлардың жүйелерімен жабдықталған болуы тиіс. Орталықтандырылған немесе жергілікті тораптарға қосу қиындаса немесе мүмкін болмаса Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметтерімен келісім бойынша сумен жабдықтау және канализацияның автономды жүйесін қолдануға болады. 7.1.3 Ішкі және сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын судың шығыны ҚНжЕ 2.04-01-85*; ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001 талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өртті қадағалаудың Уәкілетті органдармен келісім бойынша қабылдануы тиіс. 7.1.4 Сорғы қондырғыларды (өрттікінен басқа) аралас, сондай-ақ ұйықтайтын бөлменің, оқу және емдік-диагностикалық жайлардың асты мен үстіне орналастыруға болмайды. 7.1.5 Сутаратқыш жабдыққа берілетін ыстық судың температурасы 37°С-тен аспауы тиіс. Суық және ыстық суды сантехникалық құралдарға беруді (технологиялықтан басқа) термоараластырғыш қондырғысымен бірге қарастыру керек. 7.1.6 Бассейн ваннасындағы судың есептік температурасы 29°С болуы тиіс. 7.1.7 Дәретхана, себезгі және ванна бөлмелерінде сүлгі кептіргіштер қарастыру керек. 7.1.8 Ыстық сумен жабдықтау айналыммен бірге жобаланады. 7.1.9 Ыстық су құбыры тазартылған болуы тиіс, өйткені аяқ-қолының сезімталдығы әлсіз мүгедектер қатты күйіп қалуы мүмкін. 7.1.10 Суық және ыстық су құбырының тік құбырлары, канализация және ішкі суағарлар жасырын етіп төселеді. 7.1.11 Ақыл-ой аппараты зақымданған балаларға арналған дәретхана, себезгі және ванна бөлмелерінде құбырлар мен жабық арматуралар қол жетпейтіндей етіп қарастырылады. 7.1.12 Балалар үйіне арналған дене шынықтыру аймағында орналасқан шашыратқы бассейн ағын сумен қарастыру керек. 7.1.13 Балалар үйімен интернаттар үшін құмды аулаға ойыннан соң ойыншықтарды жуатын жазғы су құбыры тартылуы керек. 7.1.14 Мүгедек балаларға арналған сантораптарда унитазда отырып қолжуғышты пайдалану мүмкіндігін ескеру керек. 7.1.15 Мүгедек балаларға арналған қолжуғыштар оған тұрғанда, не сүйенгенде адам салмағына шыдайтындай қабырғаларға мықтап бекітілуі тиіс. 7.1.16 Санитарлық тораптың барлық бөлмелерінің еденінде су ағатын траптары болуы тиіс. 7.1.17 Траптар торламасының тесігі 0,01м-нен аспайтындай болуы, сондай-ақ саңылаулардың неғұрлым судың қозғалу бағытымен бойлық және диагональ орналасуы (30° және кем) тиіс. 7.1.18 Санитарлық құралдар қондырғыларының бөлменің еденінен құралдың ернеуіне дейін есептегендегі биіктігі болуы тиіс: балалар үйлерінде: қолжуғыштардікі - 0,4 м; себезгі табандығының (иілгіш шлангісі бар себезгі торының табандық түбінің үстіне орналасу биіктігі 1,5 м болғанда) - 0,3 м; мектепке дейінгілер топтарының сантораптарында: қолжуғыштардікі - 0,5 м; тұғырдағы ванналардікі - 0,6 м; терең себезгі табандығында - 0,6 м; иілгіш шлангісі бар себезгі торламасының тұғырық түбі үстіне орналасу биіктігі -1,5 м. мектеп топтарының сантораптарында (қолжуғыштар): - 0,5 м І сынып оқушылары үшін; - 0,6 м ІІ-ІV сынып оқушылары үшін; - 0,7 м V-ΧI сынып оқушылары үшін Табандық өрнеуінің үстінде, 0,15 м биіктікте, себезгі торын ілетін қосымша кронштейн орнатуды қарастыру керек.
7.2 Сумен жабдықтау, жылыту және желдету жүйелері мен құрылғылары Жылумен жабдықтау 7.2.1 Мүгедек балаларға арналған мекемелер жылумен жабдықтау сенімділігіне қарай 1- санатқа жатады. 7.2.2 Жылумен жабдықтау жүйелерін қарастырған кезде тәуелсіз көздерден не сақиналанған жылу магистральдерінен жылудың екі кірмесі қарастырылады. Тек бір ғана жылу кірмесі болғанда бөлек не аралас жобаланған учаскедегі резервтік қазандық қарастырылады. 7.2.3 Резервтік қазандықтың жылу қуаты ұйықтайтын және емдеу жайларын жылумен жабдықтауға түсетін жүктеме жабыны есебімен анықтайды, қалған жайлар үшін кезекші жылытуға ғана жұмсалатын жылу шығыны қарастырылады. 7.2.4 Мекемені өзге ұйымға тиеселі қазандықтан жылумен жабдықтаған кезде резервтік құбырларды төсеу қарастырылады. 7.2.5 Жылу көздері бұрыннан болмаса, жеке қазандық салу қарастырылады. 7.2.6 Сумен жылитын қазандары бар резервтік қазандықтарда ыстық сумен жабдықтайтын бак-аккумуляторлар қарастырылмайды. 7.2.7 Автоматтандырылған жылу есептеу пункттері өзге ұйымның жылу көздерін жылумен жабдықтау кезінде қарастырылады. 7.2.8 Газбен істейтін қазандықтар үшін резервтік отын қоймасының көлемі ҚР ҚНжЕ II-35-2001 5.42 т. бойынша анықталады. 7.2.9 Жылумен жабдықтаудың транзиттік құбырларын ғимараттың подвалдарына және техеденастыларына төсеуге болмайды. 7.2.10 Жылу тораптарын тарату деңгей жоғары ыза су тұрып қалған (1,2 м жәнге жердің жайғастыру бетінен кем) учаскелерде орналасқан мекемелер үшін ауада төмен тіреулерде орындалады, ал жүретін және өтетін жерлерде – жоғары. 7.2.11 Бумен қамту технологиялық тапсырмамен анықталатын жайлар үшін қарастырылады. 7.2.12 Суы мен буы қатты қызған құбырларды жеке жылу пуктінен (ЖЖП) желдету қорабына дейін адамдар үнемі келетін жайлар мен эвакуация жолдары бойынша төсеуге тыйым салынады.
Жылыту 7.2.13 Мекеме ғимаратын жылыту, әрекеттегідей, орталық сумен қабылданады. 7.2.14 Жайлардағы ауаның есептік температурасы мен ылғалдылығы ҚР ҚНжЕ 4.02-05.2001* сәйкес алынады. 7.2.15 Қыздыру құралдарының бетіндегі орташа температура құрауы тиіс: - 80°С интернат үйлерінің емдеу бөлмелері үшін; - 95°С интернат үйлерінің қалған бөлмелері үшін. 7.2.16 Жылыту жүйесін қасбетпен реттеу және ажырату жобалау тапсырмасымен қарастырылуы тиіс. 7.2.17 Жылыту жүйелерінің қыздыру құралдарын, әдетте, қуыссыз терезе астына орналастырады. Негіздеу кезінде ішкі қоршауларда жетіспейтін қыздыру бетін жайғастыруға болады. 7.2.18 Жылыту жүйелерінде, әдетте, беті тегіс, тазалауға жеңіс беті тегіс қыздыру құралдары қолданылады. Балалардың күйіп және жарақат алып қалмауы үшін жылыту құралдары алмалы ағаш тормалармен қоршалған болуы тиіс. Қоршауды ағаш жаққалы тақталардан салуға болмайды. 7.2.19 Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде қыс мезгілінде бірінші қабаттағы ойнайтын, асхана, топтық, қабылдау, шешінетін және ұйықтайтын бөлмелер еденінің бетін 22 °С температураға дейін жылыту қарастырылу керек. 7.2.20 Жылыту жүйесі құбырларын төсеген кезде ғимараттың ара-жабындары, арақабырғалары және қабырғалары арқылы ауаны желдету мен баптауда гильзалармен нығыздау қарастырылады.
Ауаны желдету және баптау 7.2.21 Мекеме ғимараттарында кірме ағындық және сыртқа тарта желдеткіш механикалық және табиғи қозғалыспен қарастырылады. Табиғи сыртқа тарта желдетуге бөлек тұрған ғимарат үшін 3 қабаттан аспайтын биіктікте рұқсат етіледі. Мұндайда кірме ағындық желдету механикалық қозғалысымен және дәліз ауа берумен бірге қарастырылады. 7.2.22 Табиғи сыртқа тарта желдетуге кірген ауаны орталықтандырмай беру (биіктігі 3 қабаттан аспайтын бөлек тұрған ғимараттар үшін) дезинфекциялық құралдар, ағымдағы қышқыл мен сілті қоры сақталатын жайларда, ұйықтайтын бөлмелерде және көрермендер залында рұқсат етіледі. 7.2.23 IV климаттық аудан үшін жылдың жылы мезгілінде бөлмедегі ауа қозғалысының жылдамдығын арттыратын төбелік желдеткіштерді орнату ауаны баптамай-ақ «Ч» санатына жататын жайлар үшін қарастыруға болады. 7.2.24 Механикалық қозғаушысы бар сыртқа тарта желдету жүйелі ағынсыз мына жайлардан қарастырылады: автоклав, жуу, себезгі, әжетхана және санитарлық бөлмелер. 7.2.25 Санитарлық-гигиеналық талаптары және жұмыс ұзақтығы бірдей жайлардың бөлімдері мен топтары, әдеттегідей, бір орталықтандырылған кірме сору және сыртқа тарта желдету жүйесімен жабдықталады. 7.2.26 Аралас құрылымды және бөлменің әр тобына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптары бар, сондай-ақ жұмыс ұзақтығы әртүрлі ғимараттар үшін орталықтандырылмаған желдету жүйесі орнатылады (резервтік желдеткіштер саны ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001* сәйкес қарастырылады). 7.2.27 Кітапхана бөлмелерінде, әкімшілік кабинеттерінде, фрамугалары немесе форточкалары бар сыртқы терезелі гардероб пен киім-кешек, аяқ киім қоймаларында сыртқа тартатын каналдар қарастырылмайды. 7.2.28 Автоматты орта сөндіру жүйесімен жабдықталған, қызмет көрсететін жайлардың кіретін, тартатын ауа арналарда автоматты өрт сөндіру жүйелері блокталған, электр жетектері бар автоматты жапқыштар (клапандар) қарастырылады. Жапқыштар ауа арналары қызмет көрсететін бөлмелерге тікелей жақын орнатылады. 7.2.29 В санатты процесті, сору шкафтарымен жабдықталған бөлменің сыртқа тарта желдету жүйесі жобаланады: - жеке ауа арнасы мен желдеткіші бар сору шкафтарынан орталықтандырылмаған әр бөлме үшін; - орталықтандырылған, онда әр бөлек бөлменің сыртқа тартатын ауа арналары ғимараттың сыртында орналастырылған құрамы тік коллекторға бірігеді, немесе сыртқа тарту жүйелері жабдықтарына арналған бөлмелердегі техникалық қабатта орналасқан көлденең. Орталықтандырылған сыртқа тарта желдету жүйесінде бөлмелерге баратын ауа арналары тамақтарындағы отты ұстап қалатын қондырғы қарастырылады. 7.2.30 Сыртқа тарта желдетудің орталықтандырылмаған жүйесінде процесі В санатты бөлмелерге қызмет көрсететін жабдықтар жүйелерін қосымша жайларды желдету жүйесіне арналған жабдықпен бірге қарастыруға болады. 7.2.31 В санатты процесті жайлар үшін ортақ кірме ағындық коллекторлар жобалауға болады. 7.2.32 Бапталатын бөлмелердегі ауаның есептік температурасы жылдың суық мезгілінде де, жылы мезгілі үшін де жобалау тапсырмасына сәйкес алынады, ал ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15 м/с аспауы тиіс. 7.2.33 Мекеменің қалған бөлмелері үшін ауаның салыстырмалы ылғалдығы ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001* сәйкес жылытуды, желдетуді және ауаны баптауды жобалау бойынша алынады. 7.2.34 Кірме ағындық желдету мен ауа баптау жүйелерімен берілетін сыртқы ауа сүзгілерде тазаланады. 7.2.35 Сүзгілердің құрылымы және оларды орнату орындары ыңғайлы тазалауға немесе сүзгіш элементтерді олардың ластану мөлшеріне қарай ауыстыруға мүмкіндік берілуі тиіс. 7.2.36 Еселік ауа алмасатын жайларда кіретін ауа бойынша 1,5 және одан көп сағатта ауаны тікелей бөлмеге беру қажет. Қалған жағдайларда ауаны дәлізден берік емес есік тұтқалары арқылы беруге болады. Желдің есептік жылдамдығы 5 м/с және одан көп болатын аудандарда ұйықтайтын бөлмелерде ауа тежеу қарастырылады. 7.2.37 Ауа, әдеттегідей, бөлменің жоғарғы аймағына беріледі. 7.2.38 Санитарлық-гигиеналық талаптары әр түрлі және тәулік бойындағы жұмыс уақыты бірдей бөлмелердегі ауаны баптау кезінде, әдетте, орталық көп аймақты жүйе қарастырылады. Кондиционерлердің өзге типтерін, олар қажетті ауа баптау параметрлерін қамтамасыз еткен жағдайда, қолдануға болады. 7.2.39 Кірме ағындық желдету жүйесінің ауа арналары болаттан жасалуы тиіс. Ауа арналар құрылыс құрылымдарында қолданылмайды. 7.2.40 Кірме ағындық және сыртқа тарта желдету жабдығы, ауаны беретін және шығаратын құрылғылар, ауа тартқыш шахталар мен каналдар тексеруге, тазалауға және дезинфекцияға ыңғайлы болуы тиіс. 7.2.41 Жылумен жабдықтау жүйелері автоматтандырылған жылу пункттерімен жабдықталады. 7.2.42 Сыртқы ауаның есептік температурасы минус 40 °С және одан төмен (Б параметрлері) болатын аудандардағы жылытылатын ғимараттар үшін тұрғын жайлардың суық еденасты үстінде орналасқан, сондай-ақ адамдар үнемі келетін қоғамдық, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар бөлмелері едендерінің бетін жылыту қарастырылады. 7.2.43 Сыртқы ауаның есептік температурасы минус 40°С және одан төмен (Б параметрлері) болатын аудандардағы жылытылатын ғимараттар үшін оның қатуын болдырмайтын қоспасы бар суды қолдануға болады (ашық жылыту жүйелерінен басқа). 7.2.44 Арнаулы мектеп-интернаттар бөлмелеріндегі ауаның салыстыр-малы ылғалдылығы 40-60% болуы тиіс; ауа температурасы көрсеткіштері климаттық жағдайларға, бөлменің мақсаты мен балалардың жасына қарай, көру қабілеті және тірек-қозғалыс аппараты бұзылған кіші мектеп жасындағы балаларға арналған жалпы білім беретін мектептер үшін 1-2°-қа ұлғайтылып қабылданған шекте болуы тиіс. 7.2.45 Оқу бөлмелерінің ауа және жылу режимі негізінен жалпы білім беретін мектептерде салу және ұстау жөніндегі қолданыстағы санитарлық ережелер талаптарына сәкес болуы тиіс.
7.3 Электрмен жабдықтау жүйелері мен құрылғылары Интернат үйлерінің электрмен жабдықтау жүйелерін және ішкі электр жабдықтарын жобалау кезінде Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтік құжаттар және осы тарау нұсқауларына сәйкес талаптар орындалады.
Электрмен жабдықтау 7.3.1 Электрмен жабдықтау сенімділігінің қамтамасыз етілу дәрежесіне қарай бірінші санатқа үйлер мен интернаттардың мынадай электрқабылдағыштары жатады: - өртке қарсы құрылғылар, күзет дабылы, лифтілер мен эвакуациялық жарықтандыру. Интернат үйлерінің қалған электрқабылдағыштары екінші санатқа және ЭҚЕ бойынша ішінара үшінші санатқа жатады. 7.3.2 Барлық электр желілері, сонымен бірге сыртқы жарықтандыру желісі интернат үйлері аумағында, әдетте, кабельмен орындалады. 7.3.3 Іштетілген және жапсарлас трансформаторлық қосалқы станциясы (ТП) интернат үйлерінде орналастыруға болмайды. 7.3.4 Интернат үйлерінің жекелеген ғимараттары мен ТП арасындағы қашықтық 15 м-нен кем болмауы тиіс. 7.3.5 Интернат үйлеріндегі электрсәулемен емдеуге арналған бөлмелерде немесе бір медициналық персонал постымен қызмет көрсетілетін сондай бөлме тобында кірмесінде басқару аппараты бар таратқыш қалқаншаны және әр фазадағы кернеуді бақылауды орнатады. Әр процедуралық кабинада еден деңгейінен 1,6 м биіктікте кабиналық қалқанша орнатылады. Таратқыш қалқаншаларға қосылатын топтық желілер дербес орындалады. 7.3.6 Штепельді розеткалардың барлық жайларда орналасуы ҚР ҚН 4.04-23-2004 талаптарына және технологиялық тапсырмаға сәйкес анықталады. 7.3.7 Интернат үйлері бөлмелерін жалпы жарықтандыру, әдетте, люменесцентті шамдармен орындалады. Қыздыру шамдары қосымша жайларды (қоймаларды, лифтілердің машина бөлімдерін, электрқалқандарын, желкамераларды, техеденастын және т.т.) жарықтандыру үшін қарастырылады, сондай-ақ ҚР ҚН 4.04-23-2004 деректерінде қарастырылған жағдайда. 7.3.8 Жалпы жарықтандыру жүйесіндегі жұмыс бетінің ең аз жарықтандырылуы, жарықтандырудың сапалық көрсеткіштері және ұсынылған жарық көздері жекелеген жайлар үшін ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002* және ҚР ҚН 4.04-23-2004 бойынша қабылданады. 7.3.9 Люменесценттік шамдары бар шамдалдар оқу жайларында шу деңгейі өте төмен реттеуіш аппараттармен жинақталады. 7.3.10 Дәрігер кабинетіндегі кушетка жанында еденнен 1,7 м биіктікте ауруды қарау үшін қабырғалық шамдал орнатылады. 7.3.11 Оқымайтын балаларға арналған ұйықтайтын бөлмелердегі ажыратқыштар, жалпы жарықтандыруды дәліздердегі есіктері жабылатын арнайы қуыстарға орнатады. 7.3.12 Эвакуциялық жарықтандыру дәліздерде, негізгі өткелдерде және адамдарды эвакуациялауға арналған баспалдақтарда; электр және сәулемен емдеу жайларында, бассейндерде, себезгілерде және балшықпен емдейтін ванна залдарында, ванна бөлмелерінде және сауықтыру емдеу бөлімдерінің шешінетін бөлмелерінде, сондай-ақ көрермендер залдары мен аудиторияларда қарастырылады. 7.3.13 Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер ғимараттарындағы ұйықтайтын бөлмелерде және оқшауланған палаталарда эвакуациялық жарықтандыру желісіне қосылған кезекші (түнгі) жарықтандыру құрылғысы қарастырылуы тиіс. 7.3.14 Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер ғимараттарында қарастыру қажет: - балалар болатын жайлардағы шоқтану шамы бар шамдалдармен жалпы жарықтандыру; - сабаққа арналған сыныпта жалпы жарықтандырудан басқа қабырғадағы сынып тақтасы үшін қосымша-жоғарғы күңірт шам және сурдопедагогтің жеке сабағы үшін үстелдерде жергілікті жарықтандыру; - музыка және гимнастика сабақтарына арналған залда мынадай түрде жасалған магнитоиндукциялы ілмекті: оқшауланған мыс сым (ППВ) еденнен 1м биіктікте (терезе терезеастынан айналып өтеді, ал есіктер жоғарыдан) бөлме периметрімен жасырын, алты орам жасалатындай етіп салынады; әр орамның басы, ұшы және бұрышы жиілігі төмен күрмейткіш жанына орнатылған клемникке шығарылады. 7.3.15 Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерді қарастыру керек: сабаққа, топқа арналған топты және көз дәрігері кабинетінде еден деңгейінен 0,5 м деңгейде көлденең жазықтықтағы жалпы жарықтандыру жүйесінде 500 лк кем емес жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін ЛБ типті ақ түсті люминесценттік шамдары бар шамдалдармен жарықтандыру, сабаққа арналған сыныпта - тік жазықтықтағы жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін қабырғадағы сынып тақтасының күңгірт шамы -500 лк. 7.3.16 Интеллектісі бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерді қарастыру керек: а) топтық ұялар мен оқшаулағыш жайларда, музыка сабағы және корригациялық гимнастика залдарында - шоқтану шамдары бар шамдалдар; б) жалпы жарықтандырудан басқа топтықта – демонстрациялық және қабырғадағы сынып тақталарының жоғарғы жарық бергіші. 7.3.17 Дене және ақыл-ой дамуы бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде негізгі өтетін жерлерде (дәліздер және баспалдақ торында) және баспалдақтың басқыштарында 5 лк апатты жарықтандыруды қарастыру қажет. 7.3.18 Дене және ақыл-ой дамуы бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі топтық, ойын-асхана, ұйықтайтын, оқшаулағыш палата ғимараттарында музыка және гимнастика сабақтарына арналған залдарда қарастыру керек: - эритемді увиольді (ЭУВ) немесе люминесценттік эритемді (ЛЭ), жай ауданның 3 ВТ/м2 есебінен, ультракүлгін сәуле шығару көздері және оларды еденнен 2,7-2,9 м биіктікте орнату; - 1 Вт/м2 бөлме есебінен ДБ 15 типті бактерицидті сәулелену көздері және оларды еденнен 2,7-2,8 м биіктікте орнату. 7.3.19 Дене және ақыл-ой дамуы бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің логопедиялық бөлмелеріндегі айна жанында еңіс бұрышы мен биіктікті өзгертуге мүмкіндік беретін кронштейнге 1,2 м биіктікте орнатылған жергілікті жарықтандыратын қабырға шамдалдарын қарастыру керек. 7.3.20 Электр желілерін қорғау, әдетте, автоматты ажыратқыштармен атқарылады. 7.3.21 Электр желілерінің тартылымдары, әдетте, жасырын ауыстырылатындай етіп жасалады. Ашық тартылымдар жертөлелерде, еденастыларында, техникалық қабаттарда, инженерлік қызмет жайларында, коммуникациялық шахталарда, дымқыл және өте дымқыл жайларда жасалады. 7.3.22 Жерге қосу және электр қауіпсіздігі қорғаныш шаралары ҚР ЭҚЕ, ҚР ҚН 4.04-23-2004 және ҚР ҚНжЕ 4-04-10-2002 бойынша атқарылады. 7.3.23 Жайдан қорғау ҚР ҚН 2.04-29-2005 талаптарына сәйкес орындалады. 7.3.24 Диспетчерлік пункт орналасатын жай, онда кезекші қызметкердің тәулік бойы болуына арналған жайлары қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
7.4 Байланыс және дабылдама құрылғылары Телефон, бейнетелефон байланысы 7.4.1 Интернат-үйлер қалалық және жергілікті телефон байланысымен қамтамасыз етіледі. Дербес АТС-ы бар жергілікті байланыс кем дегенде 80 абоненттік нүкте болғанды қарастырылады. 7.4.2 Келушілер болатын жерлерде, вестибюльдерде, сондай-ақ ұйықтайтын корпустарда таксофондар қарастырылады. Бөлмелерде тасымалданатын телефон аппараттары үшін штепсельді ажырамалар қарастырылады. 7.4.3 Бейнетелефон байланысы көлемі мен қажеттілігі жобалау тапсырмасымен анықталады. 7.4.4 Интернат-үйлерде тура жедел телефон байланысымен қамтамасыз етіледі: мекеме басшылары кабинеттері, әдетте, олардың орынбасарларының, оларға байланысты басшылар кабинеттерімен, ауруханалармен, өрттен қорғаумен, апаттық газ, полициямен бірге. 7.4.5 Тура жедел дауыс үдеткіш байланыс кезекші дәрігерлер, кезекші қызметкерлер кабинеттерінен, қабылдауды күтушілер бөлмесіндегі процедуралық кабинеттерден қарастырылады. 7.4.6 Ұйықтайтын бөлмелердегі әр бала төсегінің жанынан кезекші медициналық қызметкерді шақыруды қамтамасыз ететін екі жақты дабылды-сөйлеу құрылғысы қарастырылады. 7.4.7 Ұйықтайтын бөлмені бейнебақылау жүйесімен жабдықтау қажеттілігі жобалау тапсырмасымен анықталады. 7.4.8 Интернат-үйлерде қалалық радиомен хабар тарататын үлестіргіш желілер қарастырылады. 7.4.9 Сыммен хабар тарату желілерінің розеткалары әр кереуеттің жанында оларды мүмкіндігі шектеулі балалар пайдалана алатындай етіп қарастырылады. 7.4.10 150 және одан көп орынға арналған көрермен залы бар интернат-үйлерде дыбыс күшейткіш қарастырылады. 7.4.11 Есту кемістігі бар мүгедек балаларға арналған көрермен орындарын көрермен залының акустикалық жүйесімен байланыстыру керек. Креслоларда жеке есту аппараттарын қосатын пункттер жабдықталуы тиіс. Дыбыс үнін күшейту наушниктер көмегімен қамтамасыз етілуі тиіс. 7.4.12 300 және одан көп орынды тұруға арналған интернат-үйлерде ішкі радиомен хабар тарату жүйесі қарастырылады. 7.4.13 300 және одан көп орынды интернат-үйлерде дәретхана, себезгі, кір жуғыш, көкөніс қоймасы, салқындатқыш камералар, желкамералар, бассейндер, ас үйлер, жуғыштардан басқа жайлардың бәрінде жылу автоматты өрт сигнализациясы қарастырылады. Сигнал телефон жұбы бойынша орталық бақылау пунктіне немесе жергілікті жағдайға қарай жеке сигналдық құрылғыларға (қоңырау, шам) шығарылады. 7.4.14 Персонал мен балаларға жарық және дыбыс сигналы арқылы өрт жөнінде хабар беру қарастырылады. 7.4.15 Интернат-үйлер уақыт құралдарымен, ішкі сағат жүйесімен жабдықталады. 7.4.16 Орталықтандырылған уақыт есептеу жүйесі қарастырылады. Екінші қайтара сағат кезекші персонал постыларында, вестибюльдерде, дәліздерде, және уақыттың көрсетілуі функциональдық қажеттілік болып табылатын бөлмелерде орнатылады. 7.4.17 Интернат-үйлерде эфирлік теледидар бағдарламаларын қабылдауға арналған теледидар қабылдағыштарын қосу үшін антенналы-фидерлі құрылғы қарастырылады. Көрсетілген құрылғылар қарастырылады: ұйықтайтын бөлмелерде, мекеме басшылары кабинеттерінде және оқу аудиторияларында. 7.4.18 Кабельдік теледидар жүйесі, спутниктік теледидар жобалау тапсырмасымен анықталады. 7.4.19 Есту қабілеті бұзылған балалармен арнайы сабақ жүргізетін сыныптардағы үстелдерде педагогтің үстелімен басқару пультімен басқарылатын сурдотехникалық аппаратура қарастырылады.
Инженерлік-техникалық жүйелерді автоматтандыру және диспетчерлендіру. 7.4.20 Интернат-үйлердің инженерлік-техникалық жүйелерін автоматтандыру мен диспетчерлендіруді жобалаған кезде электр қондырғыларды орнату ережелерін, автоматтандыру жүйелерін, техникалық процестерді жобалау жөніндегі нормативтік құжаттарды, ғимарат пен имаратты жобалаудың өртке қарсы нормаларын, Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы инженерлік-техникалық жүйелерді нормалау жөніндегі нормативтік құжаттарды, және осы нормаларды басшылыққа алу керек. 7.4.21 Интернат-үйлерде автоматтандыру мен диспетчерлендіруге мынадай инженерлік жүйелер жатады: - жылумен жабдықтау, жылыту, желдету, ауа баптау; - электрмен жабдықтау, электрмен жарықтандыру; - сумен жабдықтау және канализация; - лифтілер.
7.4.22 Өрт туындағаны туралы автоматты хабарлау жүйесімен жабдықталған интернат-үйлерде өрт болғанда көрме ағындық және ішке тарта желдетуді автоматты ажырату жүйесін және түтін шығаруды қосу жүйесін қарастыру керек. 7.4.23 Интернат-үйлерде инженерлік-техникалық жүйесінің қалыпты жұмыс режимінен ауытқуын білдіретін апаттық сигнализация қарастырылады, егер мұндай ауытқулар адамдардың өміріне, жабдықтардың, ғимарат пен имараттың немесе өзге материалдық құндылықтардың бүлуіне қауіп тудырса. Апаттық белгі (сигнал) диспетчерлік пунктке қойылады, диспетчерлік пункт болмаса – кезекші техникалық персонал бөлмесіне. 7.4.24 Инженерлік жабдықтарды диспетчерлендіру көлемінің қажеттілігі жобалау тапсырмасымен анықталады. Диспетчерлік пункт, әдетте, жүктеме орталығында орналасады. Диспетчерлік пункт орналасатын жай онда кезекші персоналдың тәулік бойы болуына арналған жайларға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
8 ҒИМАРАТ ЭЛЕМЕНТТЕРІ (43-49 қосымшаларды қара)
8.1 Ғимаратқа кіреберістер 8.1.1 Әр ғимаратта кез келген дене кемістігі бар балалардың тауып алуына оңай, қолжетімді және ыңғайлы кіреберістер болуы тиіс. Баспалдақтан басқа, кіреберіс кресло-арбадағы мүгедектің бірінші қабат, вестибюль деңгейіне және т.т. келуін қамтамасыз ететін пандустармен жабдықталуы тиіс. 8.1.2 Мүгедектердің ғимаратқа келуіне арналған кіреберістер атмосфералық жауын-шашыннан қалқалармен, күнқағарлармен қорғалуы керек және кіреберіс алдында кресло-арбамен маневр жасауға жеткілікті, өлшемі 1000х2500 мм кем емес, бренаты бар, ал жергілікті климаттық жағдайға қарай қыздырғышы бар алаңша қарастыруы керек. 8.1.3 Кресло-арбамен қозғалатын адамдар кіреберіс есіктерге жақындай алуы үшін есіктің алдында маневр жасауға 1500 мм кем емес, кеңістік қажет, есіктің арт жағында - 1200 мм кем емес. 8.1.4 Егер кіреберіс есіктер бірінен соң бірі орнатылса, онда бір жаққа қарай ашылатын есіктердегі кіреберіс есіктердің ең аз ені 1500 м кем емес, тереңдігі де сол сияқты 1500 мм кем емес болуы тиіс. Есіктің алдындағы және артындағы бас алаңшалар 1500 мм кем болмауы тиіс. Бұдан басқа, кіреберіс тамбурлар габаритінің нұсқалары болуы мүмкін (43-қосымшаны қара). 8.1.5 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мекемелерде ұйықтайтын бөлмеге, кәсіптік-оқу даярлығы жайларына, баспалдақ тақталарына, кабинеттерге, залдарға және т.т. кіреберістер алдындағы еденнің беті өзгертілген бөлігі құрылысымен байланысты кеңістік бағдардың өте зор маңызы бар. Сондай беті өзгертілген еден баспалдақ құрылысында - сатыларды, алаңшаларды жиектеу қарастырылуы тиіс. Мұндайда есік ойықтарының қатынасына қарай бағдарлауыштарды орналастырудың біріңғай әдістемесі сақталғаны маңызды. Есіктің ашылатын жағындағы бедерлі бөлік барлық жағдайда есік жаппасының әр жағынан 10 см кең болуы және ашық жаппадан 10 см қашық тұруы тиіс (8.1-суретті қара). Есіктің қарама-қарсы ашылатын жағындағы бедерлі бөлік ашылатын жақтағы бедерлі бөлікпен сәйкес келуі тиіс, ал тереңдігіне қарай есік ойығы енінің жзартысына тең болуы тиіс. Бала бағдарлауыштарды есікке қарай орналастыруға тез дағдыланады және оны оңай пайдаланады. 8.1.6 Ғимараттарға кіреберістерде тереңдігі 1,5 м кем емес тамбурлар жобалау керек (арбалы мүгедектермен бірге жобалағанда).
Сурет 8.1 - Беті өзгерген едені бар бағдарлауыштарды орналастыру сұлбасы (соқырлар мен нашар көретіндер үшін)
8.2 Баспалдақтар мен пандустар 8.2.1 Пандус пен лифт арбалы мүгедектерді тік байланыспен (қабаттар арасындағы) қамтамасыз етудің бірден бір құралы болып табылады. Пандустың лифтіден артықшылығы бар, себебі балалар мекемелеріндегі лифтілерде болуға тиіс кезекші қызметкерсіз де арбалы мүгедектер пайдалана алады. 8.2.2 Баспалдақтарда тиісті жарықтандыру деңгейі болуы, қанаттармен және мынадай өлшемдермен жабдықталуы тиіс: - баспалдақ ені - 1200 мм кем емес; - басқыш ені - сыртқы баспалдақ үшін 400 мм кем емес және ішкі үшін 300 мм кем емес; - сыртқы баспалдақ үшін сатылар биіктігі 120 мм артық емес, ішкі үшін 150 мм артық емес. Аралықтағы көтерімдердің ең жоғарғы саны 12-13 сатымен шектелуі тиіс. 8.2.3 Мүгедек балалар жүретін жолдардағы баспалдақ сатылары бітеу, тегіс, шығыңқы жері жоқ және беті кедір-бұдыр болуы тиіс. Сатылардың қырының радиусы 50 мм аспайтын дөңгелек болуы тиіс. Белдеудің бүйір жиегі бойымен биіктігі 20 мм кем емес ернеушелері болуы тиіс. Сатылардың беті мықты бекітілуге тиіс тайғанамайтын материалмен жабылуы тиіс (44-қосымшаны қара). Баспалдақты кез келген аралығындағы барлық сатылар тұрақты көтеру биіктігі және тұрақты ені болуы тиіс. Саты жақтауларының ашық болуына рұқсат етілмейді. 8.2.4 Көзінен мүгедектер үшін баспалдақ белдеулерінің басы мен соңы сатылардың басы мен соңынан 600 м қашықтықта еденнің түсті бедерлі бетінен бөлініп көрсетілуі тиіс. Белдеулер арасындағы алаңша ұзындығы 1200 мм кем болмауы тиіс. Бұдан басқа, әр сатының алдыңғы жиегі контраст түсті болуы тиіс. Едендегі және қабырғадағы фактуралы және түсті жолақтар баспалдақ белдеулерінің және пандустардың бүйір жағының бойымен, сондай-ақ көру кемістігі бар балалар мекемелерінде де болғаны жөн. Баспалдақ белдеуі бүйір шеті мен қабырғаға тимейтін сатылардың биіктігі 0,02 м кем емес ернеушелері болуы тиіс. Көру аномалиясы бар балалар мекемелеріндегі сатылардың бүйірінен жарық беру ұсынылуы мүмкін (44-қосымшаны қара). 8.2.5 Негізгі қолжетімділік талаптарынан арбалы мүгедектер үшін еден деңгейінің бір сатыдан көбірек өзгерген жерлерінде пандус қарастыру керек (45-қосымшаны қара). Жалпы мақсаттағы жайлар үшін пандус еңісін 1:20 (8%) етіп алған жөн. Пандус еңісінің оның ұзындығына және бұзылу түріне қарай өзгерісі 8.1-кестеде берілді.
8.1-кесте
Пандустың ені 900 мм кем емес етіп алынады. Көлденең еңіс 2%, бүйір ернеушелердің биіктігі – 50 мм. 8.2.6 Пандус аймағына кіреберіс есік алдындағы көлденең алаңша кресло-арбаның кері бұрыла алуы үшін 1500 мм кем болмауы тиіс. Пандус ұзындығы 6 м көп болса, ұзындығы 1700 мм кем емес аралық алаңшалар қарастыру керек. Сондай-ақ әр пандустың басы мен соңында ұзындығы 1700 мм және екі пандустың өзіне тең көлденең алаңшаларды қарастыру керек. 8.2.7 Мүгедек балалардың пайдалануына арналған сыртқы және ішкі баспалдақтар мен пандустардың екі жағынан, мектепке дейінгілер үшін биіктігі еден деңгейінен 500 мм тірек тұтқа-қанаты, оқушылар үшін 700 және 900 мм болуы тиіс. Тұтқалардың ұзындығы пандустың немесе баспалдақ белдеуінің ұзындығынан әр жағынан кем дегенде 300 мм артық болуы тиіс (45-қосымшаны қара). 8.2.8 Тұтқалар диаметрі 30 мм кем емес және 60 мм артық емес дөңгелек қималы болуы тиіс. Қанаттар мен қабырға арасындағы жарыққа қарай кеңістік 40-45 мм кем болмауы тиіс (46-қосымшаны қара). Қармауыштың беті белдеулердің соңындағы қанат тіреулерімен немесе өзге құрылымдық ғимараттармен үзілмеуі тиіс. Мүгедек балалар мекемесіндегі баспалдақтардың тұтқалары белдеулердің бүкіл ұзындығы бойынша аралық алаңшаның ені жағынан және периметрімен қарастырылады. Пандус қоршауының тік элементтерінің 0,1 м аспайтын ойығы болуы тиіс. Қоршауды көлденеңіне бөлуге болмайды. Тұтқа тек пандус бетіне параллель орналасуы және майда жұмыр болып бітуі тиіс.
8.3 Лифтілер 8.3.1 Көп қабатты үйлерде лифтілер мүгедектерді жоғарғы қабаттарда орналасқан бөлмелерге жеткізудің негізгі құралы болып табылады. - Лифт немесе лифтілер ғимаратқа бас кіреберіспен қатар орналасуы және анық таңбалануы тиіс. Ғимаратта бар лифтілердің кем дегенде біреуі арбадағы мүгедектердің қолы жететіндей ыңғайлы болуы тиіс. - Бірінші қабаттағы лифтіден шығаберісті өзге жайлардан өртке қарсы арақабырғалармен және есіктермен бөлінген жолда немесе вестибюльде қарастыру керек. Мүгедектер жүретін жолдағы лифтілік холлдар мен алаңшаларды аралық баспалдақ деңгейінде орналастыруға тыйым салынады. 8.3.2 Барлық ғимараттарда бірінші қабаттан жоғары орналасқан және мүгедек балалардың пайдалануына арналған жайларда өлшемінің ені - 1100 мм; тереңдігі - 1350 мм; есік ойығының ені - 800 мм лифтілер, кабиналар қарастыруы керек (47-қосымшаны қара). Лифті алдындағы алаңшаның ең кіші өлшемі кресло-арбаның кері айнала бұрылуына жеткілікті, 1400х1600 мм тең. 8.3.3 Лифті кабинасы едені мен лифтілік холл алаңшасының арасындағы өту деңгейінің шамасы 25 мм аспауы тиіс. Лифтілік вестибюльдер мен холлдардағы мүгедектердің пайдалануына бейімделген шақыру батырмалары еден деңгейінен 1000-1200 мм биіктікте орналасуы тиіс. Шақыру батырмаларының визуальды жарық белгілері болуы тиіс, мұнда жоғарыға бағыттауға арналған батырмалар жоғарыда болуы тиіс. Шақыру батырмасының өлшемі ең кем дегенде 19 мм болуы тиіс. Мүгедектер пайдаланатын әр лифтінің жанында көрінетін және естілетін дабылдар қарастырылады. Жарық белгісін еден деңгейінен 1830 мм биіктікте қою керек. Жарық беретін белгілер ең кіші өлшем 64 мм кем емес болуы тиіс. 8.3.4 Қабат нөмірлерінің жарық нұсқағыштарын еден деңгейінен 1525 мм биіктікте орналастыру керек, белгілердің өлшемі 50 мм кем болмауы тиіс. Көтергіштер мен лифтілердің есіктері автоматты түрде ашылуы және жабылуы тиіс. 8.3.5 Ғимараттарда тігінен немесе баспалдақ бойымен жылжитын платформа түріндегі көтергіштерді (арбадағы мүгедектер үшін) орнатқан кезде, оның жоспардағы өлшемі 0,9 х 1,2 м кем болмауы тиіс (ені х тереңдігі). Көтергішті орнату алаңы жобалау тапсырмасында анықталады.
8.4 Дәліздер 8.4.1 Барлық ғимараттарда кіру аймағынан барлық жайларға баруды дұрыс жобаланған ішкі коммуникация – дәліздер арқылы қамтамасыз ету керек. Ішкі коммуникациялар қарапайым етіп жоспарлануы, стандартты өлшемге сәйкес болуы, жеткілікті жарықтандырылуы тиіс. Ішкі өткелдердің ені жарыққа қарай кем дегенде 1500 мм кем болмауы тиіс, мұнда ашылатын есіктер, ақпарат беруші белгілер, шкафтар, орындықтар және басқалары ең кіші бос кеңістікке еніп кетуі тиіс емес. 8.4.2 Балалардың үлкен легі болады дейтін орындарда ені 1950 мм кем емес өткелдер қарастыру қажет. 8.4.3 Келе жатқан адамның кресло-арбадағы адаммен жолығуына және айырылуын мүмкіндік беретін ең кіші ені 1500 мм құрайды, екі арбаның кіруі үшін 1800 мм (48-қосымшаны қара). 8.4.4 Егер дәліздің ұзындығы үлкен болуға тиіс болса, онда демалатын кеңістік қарастырылуы тиіс, оны бірыңғай интервалмен орналастырған жөн; осындай дәліздің бойымен, сондай-ақ демалатын орындық қарастырылуы тиіс. Қабырғадан шығып тұратын бұрышы өткір заттар 100 мм артық шықпауы тиіс. Сондай-ақ олар дәліздің ең кіші қажетті енін азайтпауы тиіс. 8.4.5 Төбеге ілінген визуальды ақпарат белгілері кем дегенде 2100 мм биіктікте болуы тиіс. Есік ойықтары жанындағы визуальды ақпарат белгілерін есіктің тұтқасы жағындағы қабырғада еден деңгейінен 1400-1600 мм биіктікте орналастыру керек. 8.4.6 ТҚА-ты бұзылған балаларға арналған оқу-тәрбие мекемелеріндегі ашық учаскелерді мектепке дейінгі мекемелерде 0,5 м биіктікте және мектеп-интернаттар мен интернат-үйлерде 0,7 және 0,9 м биіктікте тұтқалармен жабдықтау керек. 8.4.7 Көру кемістігі бар балаларға арналған мамандандырылған мекемелердегі дәліз қабырғаларының бос учаскелерінде бағдарлаушы түсті және фактуралы жолақтар қарастыру керек.
8.5 Есіктер мен терезелер 8.5.1 Мүгедек балаларға арналған кіреберіс есіктердің ені жарыққа қарай 900 мм кем емес болуы тиіс. Тербелмелі топсалардағы есіктерді және айналмалы есіктерді мүгедектер қозғалатын жолда қолдануға тыйым салынады. Мүгедек балаларға арналған оқу-тәрбие мекемелеріндегі ішкі және сыртқы есіктерге әйнектелген ойық орнатпаған жөн. Есік жаппасының төменгі бөлігі 300 мм биіктікте соққыға қарсы жолақпен қорғалуы тиіс. Ақыл-есі кем балаларға және ТҚА кемістігі бар балаларға арналған мекемелерде соққыға қарсы қорғаныш жолағының биіктігі 600 мм-ге дейін үлкейткен жөн (49-қосымшаны қара). 8.5.2 Мүгедектерге арналған ғимараттардың кіреберісінде табалдырық болмауы тиіс, ал қажет болғанда олардың құрылғысының биіктігі 25 мм аспауы тиіс. Табалдырық түсі жағынан еден мен өте контрасты болуы тиіс. 8.5.3 Есік жаппаларындағы есік тұтқалары еден деңгейінен 800-900 мм биіктікте орналасуы тиіс. Есік тұтқалары, қапсырма шегелер және өзге құрал-жабдықтардың бір қолмен оңай ашуға ыңғайлы пішіні болуы тиіс. П-типті тұтқаларды қолдану ұсынылады. Көруі нашарлаған адамдарға арналған есіктерді сәйкестендіруді қамтамасыз ету үшін есік және есік жақтауы қабырғамен контрасты түске боялуы тиіс. Есік жаппасы мен қорабының арасындағы саңылаулар топса жағынан иілгіш материалмен жабылуы тиіс. 8.5.4 Көру кемістігі бар балаларға арналған мекемелерде есік жапасының жоғарғы бөлігіне түрлі-түсті витраждан салған жөн. Сондай-ақ есік ойығы алдындағы қабырғадағы бағдарлаушы жолақтың фактурасы мен түсін өзгерткен жөн. Нашар көретін балаларға арналған мекемелердегі есік жаппалары екі контрасты түспен есіктің ашылу бағыты көрсетіліп боялуы мүмкін (49-қосымшаны қара). Соқыр балаларға арналған мекемелерде есік ойықтарының қасына түрлі дыбыстық дабылдарды орнатқан жөн. 8.5.5 ТҚА-ты, сонымен бірге көруі бұзылған балаларға арналған мекемелерде қабырға бойымен жүретін, есік жаппалары қасындағы тірек тұтқаларының түсін өзгерту керек. 8.5.6 Мүгедек балаларға арналған барлық оқу-тәрбие мекемелері терезелерінің жоғарыда тұрған ашылмалы фрамугалары мен желдеткіштері болуы тиіс. Терезе ішке қарай ашылуы тиіс. Ашылмалы терезе элементтеріндегі жапқыштардың орналасу биіктігі - еденнен 2-2,2 м. Терезе алдылардың биіктігі ақыл-есі кем балалар мекемелерінде 900 мм кем емес, көру кемістігі бар балалар мекемелерінде 600 мм аспауы тиіс. 8.5.7 Ақыл-есі кем балаларға арналған мамандандырылған мекемелерде терезе сынбайтын шынымен әйнектеу керек. Кәдімгі шынымен әйнектеген жағдайда шыныны сынудан қорғайтын құрылғыны (сәндік торламаны) қарастыру керек. 8.5.8 Көру кемістігі бар балаларға арналған мекемелерде таспалы әйнектеуді контрасты түсті және фактуралы жолақты терезе ойығы бөліп тұруы керек. 8.5.9 Арбадағы мүгедек балалар үшін балкондағы, лоджиялардағы, галереялардағы қоршау құрылымдардың биіктігі 1100 мм аспауы тиіс, мұнда қоршаудың бітеу бөлігі, кеңістік тереңдігі 1500 мм аспаған жағдайда, еден деңгейінен 600 мм аспайтын биіктікте болуы тиіс.
8.6 Визуальды және дыбыстық ақпарат 8.6.1 Мүгедек балаларға арналған ғимараттарындағы бағдарлаушы тосқауылдарды болдырмау үшін символдар, ақпараттық табло, дыбыстық сигналдар пайдаланылады. Белгілер мен символдар барлық жастағы балаларға түсінікті болуы тиіс, ақпараттық мәтіндер жеңіл оқылатын болуы тиіс. 8.6.2 Визуальды және дыбыстық ақпарат қайталануы тиіс. Қабырғалық визуальды ақпарат нақты фонда еден деңгейінен 1370-1675 мм биіктікте болуы тиіс. Аспалы визуальды ақпараттық нұсқағыштарды кеңістік осі бойымен немесе еден деңгейінен 2100 м биіктікке барар жолда орналастыру керек, ол отырған және тұрған мүгедектердің барлығының қабылдауына ыңғайлы болады. 8.6.3 Ақпараттық жарық және түсті нұсқағыштардың әріптері мен цифрларының өлшемдері қашықтыққа қарай болуы тиіс; 10 м - 250 мм; 20 м - 400 мм; 50 м - 750 мм. Ақпараттық нұсқағыштар жайдағы есікпен қатар тұтқа жағынан қабырғаға 1500 м биіктікке орналасуы тиіс. Мүгедек балалардың белгілік ақпаратты өте жақсы қабылдауы үшін күңгірт фонда ашық түсті әріптерді, цифрлар мен символдарды пайдалануы керек. 8.6.4 Маңдайша жазуының пішіні хабарланатын ақпаратқа сәйкес болуы тиіс: - тікбұрышты маңдайша жазу ақпарат береді; - үш бұрыштысы «сақтануға» нұсқайды; - дөңгелек маңдайша «тыйым салу» туралы көрсетеді. 8.6.5 Әртүрлі мақсат үшін арнайы кодтық түсті пайдалану қажет: - жасыл - қауіпсіздік, бос өткел, қосалқы шығаберіс, алғашқы жәрдем және т.т.; - сары - тәуекелдік, ескерту, қозғалыстағы заттар, шығыңқы құрылымдар; - қызыл - қауіп, тыйым салу және т.т. 8.6.6 Көзінен мүгедек балалар баратын ірі оқу-тәрбие және сауықтыру орталықтарында бағдарлаушы көрнекті карта-жоспарлар немесе магнитофон таспасына жазылған дыбыстық нұсқау болғаны жөн. Көзінен мүгедектер үшін негізгі қозғалыс жолағы бойымен бүйір қабырғаларда немесе еденде түрлі-түсті, контрасты нұсқағыштарды 850 мм кем емес және 1100 мм аспайтын биіктікте орналастыру қажет. 8.6.7 Көруі нашарлаған балалар үшін сондай-ақ пайдалы бағдарлаушы нұсқағыш болып табылады: - жарықтандырылу деңгейінің өзгеруі; - күңгірт фондағы ашық түсті символдар. Көзінен кеміс мүгедектер үшін негізгі жол мен қозғалу бағытын бөлме осінің бойымен еденде ені 1500 мм кем емес контрасты түсті жолақпен бөліп көрсету керек. 8.6.8 Толық немесе ішінара жанарын жоғалтқан адамдардың болуына қауіпті жайларға апаратын есіктердегі тұтқалар, тиектер және өзге құрал-жабдықтар танымдық, беті бедерлі немесе фактуралы жайлар сияқтылар үшін бірдей болуы тиіс. 8.6.9 Әріптер мен символдар соқыр балалар саусақтарының ұшымен ақпаратты оқи алатындай белгі фонында дөңес болуы тиіс. Әріптер мен символдардың биіктігі 16 мм кем емес, бірақ 50 мм артық емес болуы тиіс. 8.6.10 Кесілген фигуралар мен символдардың ені 6 мм кем емес ойықтары болуы тиіс. Белгілердегі символдар мен пиктограммалар бедерлі немесе ең кем дегенде 0,8 мм кесілген болуы тиіс.
9 ӨРТКЕ ҚАРСЫ ТАЛАПТАР
9.1 Мекеме ғимаратындағы қабатта бір мезгілде болатын адамдардың ең көп саны, эвакуациялау жолдарының енін есептегенде оқу жайларының, еңбекке үйрету жайларының және ұйықтайтын бөлмелердің, сондай-ақ осы қабаттағы спорт және акт залының – дәріс аудиториясының сыйымдылығын негізге ала отырып анықталады. 9.2 Мүгедектерге арналған мекемелерде: - сырттан өрт сөндіру кезіндегі су шығынының нормасы халықтық шаруашылық және ауыз су мұқтаждықтарына бір мезгілде жұмсалатын су шығыны кезіндегі 100 л/с кем емес етіп алынуы тиіс; - өрт гидранттарының қызмет көрсету радиусы 150 м аспауы тиіс; - ғимарат пен имараттың қабырғаларында өрт гидранттарының жарық нұсқағыштарын орнатуды қарастыру керек. 9.3 Әр тұрғын топтан екіден кем емес эвакуациялық шығаберіс қарастырылған болуы тиіс. Үш қабаттан жоғары емес ғимараттарда екінші эвакуациялық шығаберісті сыртқы баспалдақ арқылы (немесе пандаус), сондай-ақ қайырмалы тобогганмен жабдықталған лоджия-тұндырғыш арқылы қарастыруға болады. 9.4 Эвакуациялау жолдарында апаттық және эвакуациялық жарықтандыру қарастырылуы тиіс. 9.5 Мекемелерде автоматты өрт сигнализациясы қарастырылған болуы тиіс. Автоматты өрт сигнализациясы, автоматты өрт сөндіру және адамдарға өрт жөнінде хабарлау қондырғылары қарастырылуы тиіс, ғимараттар мен жайлар тізбесін ҚР ҚН 2.02-11-2002 сәйкес қарастыру керек. 9.6 Биіктігі 2 және одан көп қабатты ғимараттарда тереңдігі 2 м кем емес және ені 6 м кем емес (1-2 тұрғын секцияға кем дегенде бір лоджия) ашық лоджиялар жобалау керек, оларды өрт кезінде адамдар жиналатын өртке қарсы бөлмелер ретінде қарастыра отырып. Аралықтар ені 1,6 м кем болмауы тиіс. Екі-үш қабатты ғимараттардағы лоджия қоршауларында өрт кезінде эвакуациялау үшін қайырмалы құрал-жабдықты орнатқан жөн (өз денесінің салмағымен түсуге арналған ашық еңіс науашалар), олар стационарлы, қайырмалы, құрама болуы мүмкін (9.1, 9.2- суретті қара). 9.7 Егер өрт кезінде эвакуациялау өрт кезінде эвакуациялауға арналған жиналмалы құрал-жабдыққа есептелсе, негізгі ғимараттан тыс мектеп-интернаттарда оларды сақтауға арналған, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілген ауданы 8-10 ш.м жылытылатын жай қарастыру қажет.
1-қосымша (ұсынылған)
Тірек-қозғалыс аппараты ауыратын балаларға арналған емдік-ойын алаңшалры (ЦНИИЭП оқу ғимараты ұсынысы бойынша)
I. Гимнастика алаңшасы: 1 - фунттағы бөрене; 2 - тіреудегі бөрене; 3 - топырақтағы тақтай; 4 - орындықтар; 5 - еңіс баспалдақ; 6 - еңіс тақтай; 7 - білеушелер; 8 - көпір ағаш; 9 - қолмен жүру; 10 - сырық; 11 - сақина; 12 - балаларды сапқа тұрғызу үшін топыраққа салынған бағдарлар; 13 - шведтік стенкалар; 14 - тік гимнастикалық баспалдақтар; 15 - планкалары бар тақтай; ІІ. Емдік-ойын алаңшасы: 1 - тік гимнастикалық баспалдақ; 2 - дифференциялауға қозғалысты арналған жол; 3 - швед стенкалары; 4 - орындықтар; 5 - еңіс баспалдақ; 6 - еңіс тақтай; 7 - циклотренажер; 8 - тербелмелі жазықтық; 9 - батут; 10 - көтерілудің алуан түрлері; 11 - балаларды сапқа тұрғызу үшін топыраққа салынған бағдарлар; 12 - түрлі жабынды жолдар; 13 - валикті жолдар; 16 - толқынды тақтай; 17 - «шырша» тақтай; 16 - следоступ; 17 - жол
Есту және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған емдік-ойын алаңшалары (ЦНИИЭП оқу ғимараты ұсынысы бойынша)
I. Саңырау және нашар еститін балалар үшін: 1 - тіреудегі бөрене; 2 - орындықтар; 3 - еңіс баспалдақ; 4 - еңіс тақтай; 5 - бум; 6 - білеушелер; 7 - көпір ағаш; 8 - қолмен жүру; 9 - сақтандырғышты тар көтергіш; 10 - прессті бекітетін тақтай; 11 - сырықтар; 12 - сақина; 13 - балаларды сапқа тұрғызу үшін топыраққа салынған бағдар; 14 - шведтік стенкалар; 15 - көтерудің алуан түрлері; 16 - бекітілген штанга; 17 - аяққа арналған күш балансирі; 18 - қолға арналған күш балансирі ІІ. Соқыр және нашар көретін балаларға арналған: 1 - топырақтағы бөрене; 2 - тіреулердегі бөрене; 3 - топырақтағы тақтай; 4 - циклотренажер; 5 - еңіс баспалдақ; 6 - еңіс тақтай; 7 - адыммен жүру; 8 - следоступ; 9 - толқынды тақтай; 10 - «шырша» тақтай; 11 - кедір-бұдырлы тақтай; 12 - велотренажер; 13 - алуан түрлі жабынды жолдар; 14 - қалқаннан тұратын жолдар; 15 - тақтайшалы жол; 16 - дыбысты бағдарлауыштар; 17 - тік гимнастикалық
баспалдақтар (ұсынылған)
Учаскедегі қозғалыс жолдары
3-қосымша(ұсынылған)
Балалар үйіндегі топтық ұя бөлмелерінің құрамы мен ауданы
Қызметтік-тұрмыстық бөлменің құрамы мен ауданы
Кір жуғыштың құрамы мен ауданы
Тағам блогының құрамы мен ауданы
4-қосымша (ұсынылған)
Оқушы кресло-арбасының габариттері
Кресло-арбадағы мүгедекті орналастыратын алаңша
5-қосымша (ұсынылған)
Мектепке дейінгі мекеме типі бойынша жобаланған тұрғын жайлардың ұсынылған құрамы мен ауданы
5-қосымшаның жалғасы
Дәлізді жүйе типі бойынша жобаланған, тұрғын жайлардың ұсынылған құрамы мен ауданы
6-қосымша (ұсынылған)
Түрлі ауруы бар мүгедек балаларға арналған 4 орындық ұйықтайтын бөлме жабдығы
а - есту және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған ұйықтайтын бөлме: 1- кереует жанындағы тумба; 2 - бала кереуеті; 3 - киім-кешек шкафы; 4 - орындық; 5 - кілемше; б - ТҚА-сы бұзылған балаларға арналған ұйықтайтын бөлме:1 - арнайы бала кереуеті; 2 - қабырға сөресі; 3 - кресло-арба; 4 - ходилкалар; 5 - тұтқалар; 6 - тумбочка.
6-қосымшаның жалғасы
Соқыр және нашар көретін мектеп жасындағы балаларға арналған санитарлық тораптары бар 3 және 4 орынды ұйықтайтын бөлмелердің жайғастыру сұлбасы
Жабдықтау экспликациясы 1. Кереует; 2. Диван; 3 Тумбочка; 4. Құрама шкаф; 5. Үстел; 6. Орындық; 7. Экран; 8. Ілгіш; 9. Еденнің құрылымымен өзгерген бағдарлауыш; 10. Жоғарғы жарық фрамугасы; 11. Шыныланған есік; 12. Байқау терезесі.
7-қосымша (ұсынылған)
2 және 3 орынды ұйықтайтын бөлмелердің жайғастыру сұлбалары
Жабдықтау экспликациясы 1. Кереует; 2. Диван; 3 Тумбочка; 4. Құрама шкаф; 5. Үстел; 6. Орындық;; 7. Кресло; 8. Торнер; 9. Банкетка; 10. Мүгедек арбасы.
8-қосымша (ұсынылған)
6 және 9 орынды 2 пәтерге арналған ұйықтайтын секцияны жайғастыру нұсқасы
Бөлменің экспликациясы
1. 3 орынды ұйықтайтын бөлме; 2. Ортақ бөлме -асхана; 3. Асүй; 4. Оқу бөлмесі; 5. Қызметкер бөлмесі; 6. Алдыңғы шешінетін бөлме; 7. Дәрігер немесе медициналық бике кабинеті; 8. Керек-жарақ қоймасы; 9. Ашылатын тобогганы бар лоджия (10).
9-қосымша (ұсынылған)
Мектепке дейінгі жастағы мүгедек балаларды келуіне бейімделген топтық ұя бөлмелері жабдығы
а - 10 балаға арналған мектепке дейінгі топ шешінетін бөлме: 1 - балалар киім-кешегіне арналған шкаф; 2 - киінуге арналған орындық; 3 - қызметкердің киім-кешек шкафы; 4 - орындық; 5 - айнасы бар дәретхана үстелшесі; 6 - ақпарат стенді;
б - 10 балаға арналған мектепке дейінгі топтық ойын бөлмесі: 1 - оқу құралдарын сақтайтын шкаф; 2 - ойыншықтарды сақтайтын шкаф; 3 - терезеалды ленталы үстел; 4 - бала орындығы; 5 - тәрбиеші орындығы; 6 - тәрбиеші үстелі; 7 - бала үстелі.
9-қосымшаның жалғасы
в - 10 балаға арналған мектепке дейінгі топтық ұйықтайтын бөлмесі: 1 - бала кереуеті; 2 - бала орындығы; 3 - тәрбиеші орындығы; 4 - киім-кешек шкафы; 5 - жеке киім жинақтамасына арналған шкаф.
г - мектепке дейінгілерге арналған топтық ұядағы дәретхана: 1 - бала қолжуғышы; 2 - бала унитазы; 3 - ересек унитазы; 4 - себезгі табандығы; 5 - сүлгі ілгіш; 6 - шаруашылық шкаф; 7 - фактуралы жолы бар аяқ себезгісі.
10-қосымша (ұсынылған) Мектепке дейінгілерге арналған топтық бөлмені жинастыру нұсқасы
І – оқу сабақтарын өткізуге арналған жабдықтарды орналастыру; ІІ – бөлмені асхана әрі ойын бөлмесі ретінде пайдалану кезінде жабдықтарды орналастыру
Жабдықтау экспликациясы 1. Оқушы үстелі; 2. Арбалы мүгедекке арналған оқушы үстелі; 3 Бала орындығы; 4. Мұғалім үстелі; 5. Мұғалім орындығы; 6. Оқушы тақтасы; 7. Шкаф стеллаж; 8. Теледидар; 9. Табиғат бұрышы; 10. Кинопроекциялық аппарат; 11. Мүгедек арбасы.
11-қосымша(ұсынылған)
Арбалы мүгедектің мұқтаждығын ескеріп, киім шешетін бөлмені жайғастыру үлгілері
Жабдықтау экспликациясы 1. Киім-кешек пен аяқ киімге арналған жеке шкаф; 2. Мүгедекке арналған жеке шкаф; 3. Кептіргіш шкаф; 4. Мүгедек арбасы; 5. Киінуге арналған орындық; 6. Айна; 7. Қызметкер шкафы; 8. Ілгектері бар және бас киім сөресі бар ашық киім ілгіш; 9. Қолшатыр мен таяқтарға арналған кәрзеңке; 10. Жұмыс аймақтарының шекарасы
I - Дәлізді жүйе типі бойынша жобаланған тұрғын жайдағы 8 орынды киім шешетін бөлме II - Мектепке дейінгі
мекеме типі бойынша жобаланған топтық ұядағы 8 орынды
киім шешетін бөлме (ұсынылған)
Балаларға арналған санитарлық тораптардың ұсынылған орналасуы, жайлар мен жабдықтардың құрамы
Ескертулер 1 Оқымайтын балаларға арналған топтық ұялардағы дәретхана жабдықтарының құрамына унитаз, бидэ, қүйылыс, себезгі, екі қолжуғыш кіреді. Бұдан басқа, жабдық құрамына горшоктар мен суденге арналған стеллаж, кленканы дезөңдеуге арналған ванна, пленка кептіргіш кіруі тиіс; Балық-жабдық кабина мен экрансыз ортақ жайға орналасуы тиіс. 2 Барлық жайдың санитарлық тораптарының еденінде суды жіберетін трап болуы тиіс. 3 Қолжуғышта, дәретханада, біріккен санитарлық торапта сүлгі кептіргіш қарастыру керек. 4.Санитарлық тораптарда (сәби тобынан басқа) жайғастыру және жабдықтау арбалы мүгедектердің пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру керек.
13-қосымша (ұсынылған)
Мектепке дейінгі топтарға арналған санитарлық тораптардың жайғастыру сұлбалары
Жабдықтау экспликациясы 1. Балалар унитазы; 2. Бала қол жуғышы; 3. Себезгі табандығы; 4. Айналатын кресло; 5.Аяқжуғыш; 6. Банкетка; 7.Тұтқа-ұстағыш; 9. Шаруашылық шкаф; 10. Мүгедек арбасы;
14-қосымша (ұсынылған)
Санитарлық тораптарды жайғастыру сұлбалары
Жабдықтау экспликациясы 1.Ванна; 2.Унитаз; 3. Себезгі табандығы; 4. Қол жуғыш; 5. Мүгедек арбасы; 6. Айналатын кресло. І - Қолжуғышы бар әжетхана ІІ - ұйықтайтын бөлмедегі санитарлық торап, себезгісі бар нұсқа. ІІІ - ұйықтайтын бөлмедегі санитарлық торап, себезгісі бар нұсқа.
15-қосымша (ұсынылған)
Біріккен санитарлық торап
15-қосымшаның жалғасы
1- тұтқа; 2 - алмалы орындық; 3 - ашылмалы орындық; 4 - кресло-арбамен маневр жасау аймағы; 5 каталкамен маневр жасау аймағы
16-қосымша (ұсынылған)
Психологиялық жеңілдеу аймағы бар 10 адамдық сыныптың жайғастыру сұлбасы
Жабдықтау экспликациясы 1. Оқушы үстелі; 2. оқушы орындығы; 3 Мұғалім үстелі; 4. Мұғалім орындығы; 5. Арбалы мүгедекке арналған оқушы үстелі; 6.Мүгедек арбасы; 7.Тақта; 8.Швед стенкасы; 9.Кресло; 10. Кинопроекциялық аппарат; 11.Табуреткалар; 12. Тумбочка; 13.Кушетка; 14.Экран; 15. Қолжуғыш.
Жеке есту сабағы (саңырау және нашар еститін балаларға арналған) кабинеті
Жабдықтау экспликациясы 1. Стеллаж; 2.Үстел; 3.
Орындық;4.Айна; 5.Әдіскер үстелі; 6. Қолжуғыш. (ұсынылған)
10 адамға физика, химия кабинетінің жайғастыру сұлбасы
Жабдықтау экспликациясы
1.Зертханалық оқушы үстелі; 2.Оқушы орындығы; 3. Демонстрация үстелі; 4. Мұғалім орындығы; 5.Жуғыш; 6. Қоқыс багы; 7. Тақта-экран; 8. Таратқыш қалқан; 9. Шкаф-стеллаж; 10. Кинопроекциялық аппарат; 11. Мүгедек арбасы. 17-қосымшаның жалғасы
12 адамдық физика (химия) кабинетінің жайғастыру сұлбасы (соқыр және нашар көретін балалар үшін)
Жабдықтау экспликациясы 1.Зертханалық оқушы үстелі; 2.Оқушы үстелі; 3. Демонстрация үстелі; 4. мұғалім орындығы; 5.Жуғыш; 6. Қоқыс багі; 7. Тақта-экран; 8. Таратқыш қалқанша; 9. Шкаф-стеллаж; 10. Фактурасы өзгерген еден бағдарлауышы; 11. Байқау терезесі
18-қосымша (анықтамалық)
10 адамдық биология кабинетінің жайғастыру сұлбасы
Жабдықтау экспликациясы 1.Зертханалық оқушы үстелі; 2.Оқушы үстелі; 3. Демонстрация үстелі; 4. Мұғалім орындығы; 5.Жуғыш; 6. Қоқыс багы; 7. Тақта-экран; 8. Шкаф-стеллаж; 9. Терезе алды деңгейіндегі аквариум, өсімдігі бар жәшіктер, құстар мен жануарлары бар торларды орналастыруға арналған аласа стеллаж; 10. Кинопроекциялық аппарат; 11. Мүгедек арбасы;
18-қосымшаның жалғасы
12 адамдық биология кабинетінің жайғастыру сұлбасы (соқыр және нашар көретін балалар арналған)
Жабдықтау экспликациясы 1.Зертханалық оқушы үстелі; 2.Оқушы үстелі; 3. Демонстрация үстелі; 4. Мұғалім орындығы; 5.Жуғыш; 6. Қоқыс багы; 7. Тақта-экран; 8. Шкаф-стеллаж; 9. Терезе алды деңгейіндегі аквариум, өсімдігі бар жәшіктер, құстар мен жануарлары бар торларды орналастыруға арналған аласа стеллаж; 10. Фактурасы өзгертілген еден бағдарлауышы; 11. Мүгедек арбасы
19-қосымша (анықтамалық)
6 адамдық компьютер сыныбының (соқыр және нашаркөретін балалар үшін) жайғастыру сұлбасы
Жабдықтау экспликациясы 1. Оқушы үстелі; 2.Айналмалы оқушы креслосы; 3. Мұғалім үстелі; 5.Серверге арналған үстел (орталық процессордың); 6.Оқушы компьютеріне (терминал) арналған үстел; 7. Құрама шкаф-стеллаж; 8. Фактурасы өзгерген еден бағдарлауышы; 9. Байқау терезесі;
20-қосымша (анықтамалық)
Сурет кабинетін жайғастыру үлгісі
Жабдықтау экспликациясы 1.Суреттерге арналған шкаф-стеллаж, модельдер, реквизит. 2. Мольберт 2 а. Арбалы мүгедек үшін арнайы мольберт. 3.Модельдер мен натурщиктерге арналған тақтайша үстел. 4. Натурщик демалатын кресло. 5. Ширма. 6. Айнасы бар ілгіш. 7. Оқытушы үстелі. 8. Орындық. 9.Суреттер мен картиналар көрмесі. 10. Мүгедек арбасы.
21-қосымша (анықтамалық)
Кітаптарға және оқырман залына жол ашық кітапхананы жайғастыру сұлбасы (соқыр және нашар көретін балалар үшін)
Жабдықтау экспликациясы 1. Кітаптарды ашық сақтайтын шкаф. 2. Сабақ үстелі. 3. Орындық. 4. Абонементтік қызмет көрсету үстелі. 5. Табурет. 6. Аспалы сөрелер. 7. Фактурасы өзгерген еден бағдарлауышы. 8. Қол жуғыш. 9. Байқау терезесі.
21-қосымшаның жалғасы
Кітаптарға және оқырман залына жол ашық кітапхананы жайғастыру үлгісі
Жабдықтау экспликациясы 1. Кітаптарды ашық сақтайтын шкаф. 2. Сабақ үстелі. 2а Арбалы мүгедек сабағы үстелі. 3. Орындық. 4. Абонементтік қызмет көрсету үстелі. 5. Табурет. 6. Аспалы сөрелер. 7. Мүгедек арбасы
22-қосымша (ұсынылған)
Мектепке дейінгі мекемелердегі мүгедек балалар қатысатын арнаулы сабақтарға арналған бөлме жабдығы
а – ТҚА-сы бұзылған балаларға арналған арнайы сабақ бөлмесі: 1 – оқу құралдарына арналған шкаф; 2 – грифельдік тақта; 3 – тәрбиеші орындығы; 4 – тәрбиеші үстелі; 5 – стационарлы балалар үстелі; 6 – бала орындығы.
б – интеллектісі бұзылған балаларға арналған арнайы сабақ бөлмесі: 1 – грифельдік тақта; 2 – бала орындығы; 3 - тәрбиеші үстелі; 4 – бір орынды балалар үстелі; 5 – бала орындығы; 6 – оқу құралдарына арналған шкаф; 7 – кілемді жабын.
22-қосымшаның жалғасы
в – есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы сабақ бөлмесі: 1 – бір орынды балалар үстелі; 2 – бала орындығы; 3 - тәрбиеші үстелі; 4 - тәрбиеші орындығы; 5 – грифельдік тақта; 6 – оқу құралдары мен материалдарды сақтауға арналған шкаф.
г – көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы сабақ бөлмесі: 1 – тұрып сабақ оқуға арналған таспалы балалар үстелі; 2 – бір орынды балалар үстелі; 3 – тәрбиеші үстелі; 4 – бала орындығы; 5 – тәрбиеші орындығы; 6 – оқу құралдары мен материалдарға арналған шкаф; 7 – балалар қолжуғышы; 8 – сүлгі ілгіш. 23-қосымша (анықтамалық)
Мәдени-көпшілік қызмет көрсету жайларының шамамен алғандағы құрамы мен ауданы
Ескерту - Сыйымдылығы 200 орыннан жоғары мектеп-интернаттарда акт залын мектеп жасындағы (оқитын) балалардың 60%-іне есептеуге болады. 24-қосымша (анықтамалық)
Көрермен залындағы орындарды жайғастыру нұсқалары
Жабдықтау экспликациясы 1. Сахна. 2. Жүретін көрерменге арналған орындар. 3. Арбалы мүгедектер орналасатын орындар. 4. Пандус
25-қосымша (анықтамалық) Мүгедек балалар баратын бассейн ванналары жабдығы
26-қосымша (анықтамалық)
Ернеуінің биіктігі еден деңгейіндей болатын бассейнге кіреберіс құрал-жабдығы
Лебедкалы тип
Рычагты (иінтіректі)
Ернеуінің биіктігі арба деңгейінде болатын бассейнге кіреберіс құрал-жабдығы
пандуспен
Баспалдақпен
26-қосымшаның жалғасы
Мүгедектерге бассейн кіреберіс түрлі құралөжабдықтардың үлгілері
пандуссыз
пандуспен
Мүгедектерге есептелген жүзу бассейнін жабдықтау үлгілері
суға отырғызуға арналған орындығы бар
суға түсуге арналған пандусы бар
27-қосымша (анықтамалық)
Бассейн мен спорт залындағы киім шешетін және себезгі бөлмелерін жайғастыру үлгілері
Жабдықтау экспликациясы
1. Ашық ілгіші мен аяқ киімге арналған орны бар орындық; 2. Мүгедек арбасы (жеке); 2а Мүгедек арбасы (бассейнге бекітілген); 3. Байқау терезесі; 3а. Байқау, таза сүлгіні беретін терезе; 4. Кір киім-кешекке арналған бөшке; 5. Құйылыс. 6. Унитаз. 7. Қол жуғыш. 8. Кәдімгі себезгі кабинасы. 9. Арбалы мүгедектің пайдалана алу мүмкіндігі ескерілген себезгі кабинасы; 10. Трап; 11. Арбалы мүгедекке арналған аспалы доңғалақ; 12. Трос немесе арқалық. І. Санитарлық торабы, себезгісі мен жинастыру заттарын сақтау бөлмесі бар бассейндегі шешінетін бөлме. ІІ. Себезгісі мен жинастыру заттарын сақтау бөлмесі арбалы мүгедекті аспалы кресло көмегімен жылжытуға болатындай есеппен жайғастыру нұсқасы. ІІІ. Санитарлық тораптары мен себезгісі бар спорт залындағы киім шешетін бөлме.
27-қосымшаның жалғасы
Мүгедек балалар баратын шешінетін бассейндер мен дене шынықтыру залдарын жабдықтау
28-қосымша (анықтамалық)
Асхана бөлмесі мен өндірістік асүй бөлмесінің шамамен алғандағы құрамы мен ауданы
29-қосымша (анықтамалық)
Мүгедек балалардың баруына бейімделген мектеп асханасы түскі ас залдарын жабдықтау
Асханадағы түскі ас орындарын ұйымдастыру үлгілері
Жабдықтау экспликациясы 1. Үстел. 2. Орындық. 3. Мүгедек арбасы.
30-қосымша (анықтамалық)
140-160 орындық мектеп-интернаттардағы медициналық қызмет көрсету жайларының шамамен алғандағы құрамы мен ауданы
30-қосымшаның жалғасы
Ескерту - Сколиозбен ауыратын және тірек-қозғалыс аппараты ауруы бар арналған балаларға арналған мектеп-интернаттарда жобалау тапсырмасына сәйкес корсеттер дайындайтын шеберхана қарастырылуы мүмкін, оны әкімшілік-тұрмыстық және шаруашылық қызмет көрсету жайларының құрамында орналастыруға болады.
31-қосымша (ұсынылған)
Қараңғы бөлмесі бар консультациялық қабылдау кабинеті
Жабдықтау экспликациясы
1. Дәрігер үстелі; 2. Орындық; 3. Кесте; 4. Байқау кушеткасы; 5. Құрал-сайман үстелшесі. 6. Медициналық шкаф; 7. Тұрмыстық тоңазытқыш. 8. Қыш қол жуғыш. 9. Палаталық үстел. 10. Офтальмоскоп. 11. Табурет. 12. Реттеуіш құрылғысы бар үстел үсті периметрі.13. Қалдық бөшкесі. 14. Киім ілгіш. 15. Жарықтан қорғайтын перде.
31-қосымшаның жалғасы
Гидропатия кабинеті
Жабдықтау экспликациясы
1. Басқару пульті. 2. Циркулярлы себезгі. 3. Жаңбырлатқыш себезгі. 4. Жоғары шашырайтын себезгі. 5. Шарко себезгі. 6. Ашылмалы тұтқа. 7. Мүгедек арбасы
32-қосымша (анықтамалық)
Логопед кабинеті
Жабдықтау экспликациясы 1. Дәрігер үстелі; 2. Орындық; 3. Медициналық шкаф; 4. Байқау кушеткасы; 5. Қыш қол жуғыш; 6. Палаталық үстел. 7. Айна; 8. Кітапханалық стеллаж. 9. Мүгедек арбасы.
Механотерапия кабинеті
Жабдықтау экспликациясы 1. Лиханотерапияға арналған жабдықтарды орналастыратын шартты аймақ. 2. Медициналық бике үстелі; 3. Орындық; 4. Салфетка (майлық) сүлгілерді және т.б. сақтайтын шкаф; 5. Мүгедек арбасы; 6. Қолжуғыш. 33-қосымша (анықтамалық)
Офтальмолог кабинеті (соқыр және нашар көретін балаларға арналған)
Жабдықтау экспликациясы 1. Дәрігер үстелі; 2. Орындық; 3. Медициналық шкаф; 4. Қол жуғыш; 5. Құрал-сайман үстелі; 6. Байқау кушеткасы; 7. Офтальмоскоп; 8. Көру алдын анықтауға арналған құрал; 9. Көздің қылилығын емдейтін құрал; 10. Көздің көргіштігін анықтайтын кесте.
33-қосымшаның жалғасы
Соқыр және нашар көретін балаларған арналған қалған көру қабілетін дамыту кабинеті (1-нұсқа)
Жабдықтау экспликациясы
1. Шкаф стенка; 2. Көздің түбін зерттейтін құрал; 3. Оқытушы үстелі; 4. Компьютерге арналған оқушы үстелі; 5. Принтер үстелі; 6. Сабаққа арналған оқушы үстелі (сурет, оқу); 7. Теледидар үстелі; 8. Мозаика үстелі; 9. Жарықтандырғышы бар көшірме үстелі; 10. Мұғалім үстелі; 11. Оқушы орындығы; 12. Табурет; 13. Фактурасы өзгерген еден бағдарлауышы; 14. Байқау терезесі; 15. Қол жуғыш.
34-қосымша (ұсынылған)
Озокерит, парафинмен емдеу және ыстықтай орау кабинеті
Жабдықтау экспликациясы 1. Байқау кушеткасы; 2. Кереует жанындағы тумбочка; 3. Медбике үстелі; 4. Орындық; 5. Мүгедек арбасы.
Аминозин кабинеті
Жабдықтау экспликациясы 1. Байқау кушеткасы; 2. Палаталық үстел; 3. Орындық; 4. Медициналық шкаф; 5. Қыш раковина; 6. Тартатын шкаф; 7. Тоңазытқыш; 8. Құрал-сайман үстелшесі; 9. Мүгедек арбасы.
35-қосымша (ұсынылған)
Суасты массажы кабинеті
Жабдықтау экспликациясы
1. Суасты массажы ваннасы; 2. Суасты массажына арналған аппарат; 3. Ауруды ваннаға жайғастыруға арналған көтергіш; 4. Банкетка; 5. Ілмегі бар киім ілгіш; 6. Сүлгі кептіргіш; 7. Қыш қол жуғыш; 8. Педальды шелек.
36-қосымша (ұсынылған)
Сумен емдейтін кабинеттің ванна залының фрагменттері
Жабдықтау экспликациясы
1. Ангобирленген қыш ванна 2. Себезгі 3. Айналмалы кресло 4. Ауруды ваннаға жайғастыруға арналған көтергіш 5. Мүгедек арбасы
36-қосымшаның жалғасы
4 және 6 ванналық ванна залдарының жайғастыру сұлбалары
Жабдықтау экспликациясы 1. Ванна; 2. Аспалы кресло; 3. Трос немесе арқалық; 4. Мүгедек арбасы.
37-қосымша (ұсынылған)
Аппаратура мен тұрмыстық техниканы жөндеу шеберханасын жайғастыру үлгісі
Жабдықтау экспликациясы
1. Жұмыс үстелі; 2. Теледидар аппаратурасын жөндеу үстелі; 3. Реттелетін табурет; 4. Үстел-зонт; 5. Шебердің жазу үстелі; 6. Орындық; 7. Қыш қолжуғыш; 8. Мүгедек арбасы.
38-қосымша (ұсынылған)
Картонаж шеберханасын жайғастыру үлгісі
Спецификалық жабдықтар 1. Жұмыс үстелі 2. Реттелетін табурет 3. Сымды-тігін аппараты 4. Электр желімді пісіргіші бар үстел-зонт 5. Шебердің жазу үстелі 6. Орындық 7. Қыш қол жуғыш. 8. Мүгедек арбасы
39-қосымша (ұсынылған)
Ағаш шеберханасын жайғастыру үлгісі
Жабдықтау экспликациясы
1. Ағаш жонатын верстак. 2. Реттелетін табурет. 3. Үстел-зонт. 4. Қыш қол жуғыш 5. Шебердің жазу үстелі. 6. Орындық. 7. Дискілі электрара 8. Ағаш жонатын токарь станогы. 9. Мүгедек арбасы
40-қосымша (ұсынылған)
Аяқ киім шеберханасын жайғастыру үлгісі
Жабдықтау экспликациясы 1. Аяқ киім үстелі. 2. Реттелетін табурет. 3. Ұлтанды қайып тігу машинасы 4. Әрлеу операцияларына арналған машина. 5. Әйелдер аяқ киіміне өкше желімдеуге арналған пресс 6. Ұлтан желімдейтін машина. 7. Жылтыратқыш станок. 8. Ұлтан кесетін машинасы бар слесарлық верстак 9. Үстелі бар тігін машинасы. 10. Шебердің жазу үстелі.11. Орындық 12. Қыш қол жуғыш. 13. Мүгедек арбасы 41-қосымша (ұсынылған)
Тігін шеберханасын жайғастыру үлгісі
Жабдықтау экспликациясы
1. Тігін машинасы. 2. Реттелетін табурет. 3. Пішу үстелі. 4. Үтіктейтін үстел 5. Үтіктейтін үстел. 6. Жұмыс үстелі. 7. Қыш қол жуғыш. 8. Шебердің жазу үстелі
42-қосымша (ұсынылған)
Әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу кабинетін, қонақтарды қабылдау бөлмесін жайғастыру сұлбасы
Жабдықтау экспликациясы 1. Түскі ас үстелі. 1а Резервтегі үстел. 2. Орындық. 3. Мүгедек арбасы. 4. Құрама стенка 5. Тоңазытқыш. 6. Жуғыш. 7. Плита. 8. Асүйлік шкаф-үстел 9. Сервирлеу бағаны, бөлетін стол-шкаф 10. Табурет 43-қосымша (анықтамалық)
Ғимаратқа кіру тамбурларын жайғастыру нұсқалары
44-қосымша (анықтамалық)
Мүгедек балалардың келуіне бейімделген оқу-тәрбие ғимаратындағы баспалдақтарды жабдықтау
45-қосымша (ұсынылған)
Мүгедек балалардың келуіне бейімделген оқу-тәрбие ғимаратындағы кіру пандусын салу
46-қосымша (анықтамалық)
Мүгедек балалардың келуіне бейімделген оқу-тәрбие ғимаратындағы баспалдақтар мен пандустардың тірек тұтқалары мен қанаттар
1-сурет - Тұтқалар мен қанаттардың көлденең қимасының оңтайлы габариттері 46-қосымшаның жалғасы
2-сурет - Тұтқаның түбін бекітетін элементтер
47-қосымша (анықтамалық)
Мүгедек балалардың келуіне бейімделген оқу-тәрбие және сауықтыру ғимараттарындағы лифтілерді жабдықтау
48-қосымша (ұсынылытын)
Өтетін жолдардың минималды параметрлері
48-қосымшаның жалғасы
49-қосымша (анықтамалық)
Мүгедек балалардың келуіне бейімделген оқу-тәрбие және сауықтыру ғимараттарындағы есіктерді орнату
ӨӘЖ 362.61 МСЖ 91.040.10; 91.040.30; 03.180
Негізгі сөздер: мекемелер, сәбилер үйі, арнаулы мектеп-интернат, балалар үйі, интернат-үйлер, жайғастыру шешімдері. |