СНиП РК 3.02-38-2006 каз ОБЪЕКТЫ ОБЩЕСТВЕННОГО ПИТАНИЯ СНиП РК 3.02-38-2006ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІ
ОБЪЕКТЫ ОБЩЕСТВЕННОГО ПИТАНИЯ
Енгізілген күні 2007.01.01.
1 Қолданылу аясы
1.1 Осы нормалар биіктігі 16 қабатқа дейінгі тамақтандыру объектілерінің (алғаш рет салынатын, қайта салынатын, реконструкцияланатын немесе техникалық жағынан қайта жарақталатын) ғимаратын, сондай-ақ тұрғын үйлер мен оларға кіріктіре-жапсарлас салынған тамақтандыру объектілерінің бөлмелерін жобалауға қолданылады. 1.2 Нормалардың талаптары өнеркәсіптік кәсіпорынның құрамына кіретін тамақтандыру объектілерін жобалауға қолданылмайды. 1.3 Нормалардың ережелері түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы тамақтандыру объектілеріне қолданылады. 1.4 Нормаларда қоғамдық тамақтандыру объектілерін жіктеу, түрлі типтегі және сыныптағы қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын жалпы талаптар 30389 МемСТ бойынша қабылданған. 1.5 Нормалардың талаптары жылжымалы және маусымдық тамақтандыру объектілерін жобалауға қолданылмайды. 1.6 Нормалардың талаптары бірегей тамақтандыру объектілерін жобалауға қолданылмайды. Отандық және шетелдік жобалау практикасында кездеспейтін бірегей объектілерді және тамақтандыру объектілерінің күрделі кешендерін жобалау үшін тапсырыс беруші ғылыми-зерттеу және мамандандырылған ұйымдарды тартуға және олармен бірлесіп жобалау ерекшеліктерін көрсететін арнайы техникалық шарттарды әзірлеуге және оларды белгіленген тәртіппен бекітуге тиіс. 1.7 Осы нормалар негізгі ережелер мен көпшілік пайдаланатын тамақтандыру объектілерін орналастыруға, учаскеге, аумаққа, сәулет-жайғастыру және инженерлік жабдыққа қойылатын талаптарды белгілейді. 1.8 Нормативтік құжаттардың талаптарынан объектінің сенімділігін, сапасын, үнемділігін, экологиялық, гигиеналық тазалығын, өрт қауіпсіздігін және т. б. жағдайларды жақсартатын негізді алшақтауға аталған нормативтік құжаттарды бекіткен мемлекеттік органдармен келісілген (рұқсаты болған) жағдайда ғана жол беріледі. 1.9 Тұрғын үйлерге, мектеп, қонақ үй ғимаратына, спорт және өзге мақсаттағы ғимаратқа кіріктіре, кіріктіре-жапсарлас салынған тамақтандыру объектілерінің бөлмелерін жобалау кезінде тиісті нормалар мен ережелерді де басшылыққа алу керек.
Ресми
басылым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетінің қаржысы есебінен толық немесе ішінара қаржыландырылатын құрылыс объектілері үшін осы стандарттың талаптарын қолдану міндетті болып табылады. Жеке инвестициялар қаржысы немесе Қазақстан Республикасы резиденттері емес тұлғалардың қаржысы есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілері үшін осы стандарттың талаптары белгіленген талаптар мен ережелерді ең қажетті көлемде орындау бөлігінде міндетті болып табылады
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта мынадай нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалған. ҚР ҚНжЕ А.2.2.-1-2001 Кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар құрылысына арналған құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы туралы нұсқау. ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер. ҚР ҚНжЕ 1.02-18-2004 Құрылысқа арналған инженерлік ізденістер. Негізгі ережелер. ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі. ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы. ҚР ҚНжЕ 2.03-01-2001 Қауіпті табиғи әсерлердің геофизикасы. ҚР ҚНжЕ 2.03-10-2002 Су басу және су астында қалу қаупі бар аймақтарды инженерлік қорғау ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006 Сейсмикалық аудандардағы құрылыс. ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001* Құрылыс климатологиясы (Қолданысқа ҚР ҚН 2.04-21-2004-ті енгізумен 1, 3-кестелері – ұсынылатын сипаттық болады) ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002* Табиғи және жасанды жарықтандыру. ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 Азаматтық қорғаныстың қорғау имараттары. ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002* Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық мекендерді жайғасымдау және салу. ҚР ҚНжЕ 3.01-07-2001 Қазақстан Республикасындағы қала құрылысы жобаларының құрамы, әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы нұсқау. ҚР ҚНжЕ 3.02-01-2001* Тұрғын ғимараттар. ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 Қоғамдық ғимараттар және имараттар. ҚР ҚНжЕ 3.02-03-2003 Едендер. Жобалау нормалары.
ҚР ҚНжЕ 3.02-04-2002 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар. Мекемелерге және ұйымдарға арналған ғимараттар мен бөлмелер. ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 (ҚНжЕ 2.08.02-89*) орнына, ғылыми- зерттеу меекемелеріне, жобалау және қоғамдық ұйымдарға арналған ғимараттар және басқару ғимараттар бөлімінде, сондай-ақ ҚР ҚНжЕ 3.02-04-2002 (ҚНжЕ 2.09.04-87*) орнына, «Әкімшілік ғимараттар және бөлмелер» бөлімінде. МҚН 3.02-03-2002-ге ауыстырылған.ҚР ҚНжЕ 3.02-06-2002 Төбелер және шатырлар. ҚР ҚНжЕ 3.02.29-2004 Оқшаулағыш және әрлеу жабындар. ҚР ҚНжЕ 3.03-09-2003 Автомобиль жолдары. ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006 Ғимараттардың ішкі су құбыры және канализациясы. ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006* Жылыту, желдету және ауа баптау. ҚР ҚНжЕ 4.04-10-2002 Электртехникалық құрылғылар. ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 Ғимараттар және имараттардың негіздіктері. ҚР ҚНжЕ 5.03-37-2005 Көтеруші және қоршау құрылымдары. ҚР ҚНжЕ 5.04-23-2002 Болат құрылымдар. Жобалау нормалары. ҚР ҚНжЕ 5.06-09-2002 Асбоцемент құрылымдар. ҚР ҚН 1.02-16-2003 Құрылысқа арналған инженерлік ізденістер. Сейсмикалық шағынаудандастыру. Жалпы ережелер. ҚР ҚН 2.02-11-2002 Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрттік сигналдаудың жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары. ҚР ҚН 3.03-19-2006 Қатты емес типтегі жол төсемдерін жобалау. ҚР ҚН 4.04-18-2003 Қалаларға, кенттерге және ауылдық елді мекендерге сыртқы электрлік жарық беруді жобалау жөніндегі нұсқау, 2004 ж. басылымы. ҚР ҚН 4.04-23-2004 Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың электр жабдықтары. Жобалау нормалары, 2004 ж. басылымы. ҚН 227-82 Типтік жобалау жөніндегі нұсқау. ҚН 441-72* Кәсіпорындар, ғимараттар және имараттар алаңдары мен учаскелерін жобалау жөніндегі нұсқау, 2005 ж. басылымы. ҚНжЕ 2.01.07-85* Жүктемелер және әсерлер. ҚНжЕ 2.01-09-91 Салынатын аумақтардағы және шөкпелі топырақтардағы ғимараттар мен имараттар. ҚНжЕ 2.03.01-84* Бетон және темірбетон құрылымдар. ҚНжЕ 2.03.06-85 Алюминий құрылымдар ҚНжЕ 3.05.01-85* Ішкі санитарлық-техникалық жүйелер. ҚНжЕ 3.05-07-85 Жылу тораптары ҚНжЕ 3.05.07-85* Автоматтандыру жүйелері. ҚНжЕ 11-22-81 Тас және армотас құрылымдар. ҚНжЕ 11-25-80 Ағаш құрылымдар. ҚНжЕ ІІІ-10-75 Аумақты аббаттандыру МҚН 2.03-02-2002 Аумақтарды, ғимараттарды және имараттарды геологиялық қауіпті процестерден инженерлік қорғау. Жобалаудың негізгі ережелері МҚН 2.04-02-2004 Ғимараттарды жылулық қорғау. МҚН 2.04-03-2005 Шудан қорғау. МЕЖ 2.04.101-2001 Ғимараттардың жылу қорғауын жобалау. МҚН 3.02-05-2003 Ғимараттар мен имараттардың халықтың аз әрекетті топтары үшін қолжетімділігі МҚН 4.02-02-2004 Жылу желілері. МҚН 4.03-01-2003 Газ тарату жүйелері. ҚР ҚБҚ 1.01-01-2001 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі. ҚР ҚБҚ 1.01-02-2001 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді тіркеу тәртібі, басып шығару және тарату тәртібі. ҚР ҚБҚ 3.01-05.2001 қала құрылысы. Елді мекендерді мүгедектер және халықтың өзге аз әрекетті топтарының қажеттіліктерін ескере отырып жайғасымдау және құрылыстарын салу ҚР ЕЖ 1.04-18-2001 Эскалаторларды құрылғылау және қауіпсіз пайдалану ережелері ҚР ЕЖ 3.02.01-2002 Жылы едендерді құру. ҚР ЕЖ 3.06-15-2005 Ғимараттар мен имараттарды халықтың аз әрекетті топтарының қол жетімділігін ескере отырып жобалау. Жалпы ережелер. ҚР ЕЖ 3.06-31-2005 Мүгедектерге қолжетімді жайғасымдау элементтері бар тұрғын орта. ҚР ЕЖ 4.02-103-2002 Жылумен қамтамасыз етудің автономды көздерін жобалау. ЕЖ 2.3.6.1079-01 Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына, олардағы тағам өнімдерінің және азық-түлік шикізатын жасап шығаруға және олардың айналым қабілетіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар. ВҚН 8-72 Тұрғын ғимараттар мен қоғамдық ғимараттарда қоқыс құбырларын жобалау жөніндегі нұсқаулар. ВҚН 60-89 Тұрғын ғимараттар мен қоғамдық ғимараттардың байланыс, сигналдау және инженерлік құралдарын диспетчерлендіру құрылғылары. Жобалау нормалары. МСТ 12.1.005-88 ҚЖҚЖ. Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар. МСТ 12.1.019-79* ЕҚСЖ. Электр қауіпсіздігі. Қорғау түрлерінің жалпы талаптары және номенклатурасы. МСТ 12.1.029-80 ЕҚСЖ. Шудан қорғау құралдары мен әдістері. Жіктеу МСТ 12.1.036-81 (ӨЭК СТ 2834-80) ЕҚСЖ. Шу. Тұрғын ғимараттар мен қоғамдық ғимараттарда рұқсат етілетін деңгейлер. МСТ 21.101-97 ҚЖҚЖ. Жобалау және жұмыс құжаттамасына қойылатын негізгі талаптар. МСТ 25100-95 Топырақтар. Жіктеу, 2003 ж. басылымы. МСТ 27751-88 Құрылыс құрылымдары мен іргетасының сенімділігі. Есептеу жөніндегі негізгі ережелер. МСТ 28984-91 Құрылыстағы модульдік үйлестіру. Негізгі ережелер. МСТ 30389-95 Қоғамдық тамақтандыру. Кәсіпорындарды жіктеу. МСТ 30494-96 Тұрғын ғимараттар және қоғамдық ғимараттар. Бөлмелердегі микроклиматтың параметрлері. ӨЭК СТ 446-77 Құрылыстық жобалаудың өртке қарсы нормалары. Есептік өрт жүктемесін анықтау әдістемесі. ӨЭК СТ 1406-78 Бетон және темірбетон құрылымдар. Жобалаудың негізгі ережелері. ӨЭК СТ 1407-88 Құрылыстық құрылымдар және негіздіктердің сенімділігі. Жүктемелер және әсерлер. Негізгі ережелер. ӨЭК СТ 3972-83 Құрылыс құрылымдары мен негіздіктердің сенімділігі. Болат құрылымдар. Есептеу жөніндегі негізгі ережелер. ӨЭК СТ 3973-83 Құрылыс құрылымдары мен негіздіктердің сенімділігі. Алюминий құрылымдар. Есептеу жөніндегі негізгі ережелер. ӨЭК СТ 3976-83 Тұрғын ғимараттар және қоғамдық ғимараттар. Жобалаудың негізгі ережелері. ӨЭК СТ 4867-84 Құрылыстағы шудан қорғау. Қоршау құрылымдарының дыбысоқшаулауы. ӨЭК СТ 4868-84 Құрылыс құрылымдары мен негіздіктерінің сенімділігі. Ағаш құрылымдар. Есептеу жөніндегі негізгі ережелер. ӨЭК СТ 5060-85 Құрылыс құрылымдары мен іргетастарының сенімділігі. Пластмасса құрылымдар. Есептеу жөніндегі негізгі ережелер. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын жобалау. ҚНжЕ 2.08.02-89-ға арналған құрал ТЖРН 01-94 Технологиялық жобалаудың республикалық нормалары. Бөлмелердің, ғимараттардың және имараттардың жарылысөрттік және өрт қауіптіліктік санаттарын анықтау. СанЕжН 1.02.006-94 Өндірістік бөлмелердің микроклиматының санитарлық нормалары. СанЕжН 1.02.007-94 Жұмыс орындарында шу рұқсат етілген деңгейлерінің санитарлық нормалары. СанЕжН 4.01.069-03 Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта тиісті анықтамалары берілген мынадай терминдер қолданылды. 3.1 Атриум: Ғимараттың әр қабатында түрлі мақсаттағы бөлмелер тоғысатын галереясы бар тігінен өрістейтін көп сәулелі кеңістік түріндегі бөлігі. Көлденең бойымен көп сәулелі өтпе жол түрінде өрістейтін атриум пассаж деп аталуы мүмкін. 3.2 Бар: Тұтынушыларға басыртқы, десерт және кондитерлік заттар, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектілері. 3.3 Дәліз: Ғимаратқа жапсарлас және оған кіріктіре салынған шынымен жабылған жылытылмайтын бөлме. 3.4 Тамақтандыру объектісінің сыйымдылығы: Залдағы орындар саны. 3.5 Дәмхана: келушілерге жылдам қызмет көрсетуге арналған, оңай дайындалатын тағамдар ассортименті шектеулі болатын тамақтандыру объектісі. Дәмханалар өткізілетін өнім ассортименті бойынша жалпы типтегі және мамандандырылған болып бөлінеді: тұшпарахана, шұжықхана, құймақхана, пирожки пісіретін орын, ірі бауырсақ пісіретін орын, самсахана, кәуапхана, шайхана және басқа; өткізу типтері бойынша – дәмхана, бистро, кафетерий және т.б. 3.6 "Антипаника" құлпы: Жабық тұрған есікті бір жағынан ғана кілтсіз ашуға мүмкіндік беретін есікке салынатын құлып. 3.7 Аумақтарды, ғимараттар мен имараттарды инженерлік қорғау: Аумақтарға, ғимараттар мен имараттарға қауіпті геологиялық, экологиялық және басқа да процестердің кері әсерінің алдын алуға, сондай-ақ олардың зардаптарынан қорғауға бағытталған инженерлік имараттар мен іс-шаралар кешені 3.8 Кафе: Даяшылар қызметі міндетті түрде көзделетін, жеңіл дайындалатын тағамдар ассортиментін, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектісі. 3.9 Сатылы-лифтілі торап: Вертикаль коммуникацияларды, баспалдақ алаңшалар мен лифтілерді орналастыруға арналған бөлме. 3.10 Лифт холлы: Лифтіге кірер алдындағы бөлме. 3.11 Өрт қауіпсіздігі шаралары: Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-қимылдар. 3.12 Көп функциялы ғимарат: Функционалдық өрт қауіптілігі бойынша түрлі сыныптағы бөлмелерді немесе бөлме топтарын қамтитын ғимарат. Көп функциялы ғимараттарды жобалау кезінде тиісті ғимараттар тобы, ғимарат, ғимараттың бір бөлігі немесе бөлмелер тобы жататын функционалдық өрт қауіптілігі сыныбына қойылатын талаптар орындалуы керек. 3.13 Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі стандарттарды, нормаларды, ережелер мен нұсқаулықтарды орындамау немесе тиісінше орындамау. 3.14 Қоғамдық тамақтандыру: Тамақ өнімдерін өндіруге, өңдеуге, өткізуге және тұтынуды ұйымдастыруға байланысты кәсіпкерлік қызмет. 3.15 Қоғамдық тамақтандыру объектілері: Тамақ өнімдерін өндіру, өңдеу, өткізу және тұтынуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешендер. 3.16 Кешенді тамақтандыру объектісі: Тамақтандыру объектілерінің түрлі типтерін, атап айтқанда: мейрамхана, кафе, дәмхана, аспаздық дүкенін біртұтас кешенге біріктіру. 3.17 Жабық желінің тамақтандыру объектілері: Белгілі бір мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне қызмет көрсетуге арналған объектілер. 3.18 Көпшілік пайдаланатын тамақтандыру объектілері: Белгілі бір мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлеріне қызмет көрсетуге арналған тамақтандыру объектілерінен айырмашылығы халықтың барлық топтарына арналған бұқаралық тамақтандыру объектілері. 3.19 Өрт сөндірудің тірек бекеті: Өрт сөндірудің бастапқы құралдарын, жеке және ұжымдық құтқару құрылғыларын, өрт болған жағдайда қызметшілер және өрт қауіпсіздігі қызметі үшін қажет басқа да құралдарды орналастыруға арналған бөлме. 3.20 Жердің жоспарланған белгісі: жапсарлық шекарасындағы жердің деңгейі. 3.21 Ғимарат салынатын алаң: Шығыңқы бөліктерін қоса алғанда, шығыңқы ірге деңгейіндегі ғимараттың сыртқы қоршауы бойынша горизонталь көлденең қимасының ауданы. Діңгекте орналасқан ғимарат астындағы аудан, сондай-ақ ғимарат астындағы өтпе жолдар құрылыстың ауданына кіргізіледі.. 3.22 Жертөле: Өнімдерді жыл бойы сақтауға арналған жерге тереңдете қазып жасалған құрылыс; ол жеке орналасуы, сонымен қатар тұрғын үйдің, шаруашылық мақсаттағы құрылыстардың астына орналастырылуы мүмкін. 3.23 Өрт: Адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін, адамдарға материалдық шығын, қоғамның және мемлекеттің мүддесіне зиян келтіретін бақылаусыз жану. 3.24 Өрт қауіпсіздігі: Адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғамның және мемлекеттің өрттен қорғалу жай-күйі. 3.25 Өрт бөлігі: Ғимараттың басқа бөліктерінен отқа төзімділік шегі кемінде 2,5 сағат болатын өртке қарсы қабырғалармен және аражабындармен оқшауланған бөлімі. 3.26 Тамақтандыру объектісі ғимаратының пайдалы ауданы: Баспалдақ алаңшаларын, лифт шахталарын, ішкі ашық баспалдақтарды қоспағанда, ғимаратта орналасқан барлық бөлмелердің, сондай-ақ балкондар мен залдардағы, фойедегі антресольдер аудандарының қосындысы. 3.27 Пайдаланушы: Объектіге нақты келуші немесе қызметкерінің өкілі. 3.28 Мәңгі тоң аймағындағы желдетілетін еденасты: Ғимарат астындағы топырақ беті және бірінші (шығыңқы ірге, техникалық) қабаттың аражабыны арасындағы ашық кеңістік. 3.29 Реконструкция: Ғимараттың бастапқы түрін, өлшемдерін, техникалық көрсеткіштерін немесе пайдалану мақсатын өзгерту, қайта бейіндеу, жапсаржай немесе жайүсті салынымы, сондай-ақ конструкциялар мен инженерлік жүйелерді өзгерту және алып тастау. 3.30 Мейрамхана: Даяшылар қызметі міндетті түрде көзделетін, күрделі дайындалатын тағамдар ассортиментін, оның ішінде тапсырыспен дайындалған және фирмалық тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектісі. 3.31 Жарық беретін алаңша: Дәлізбен жалғасып жатқан және оған жарық беруге арналған табиғи жарықтандырылатын бөлме. Дәлізден ені кемінде 1,2 м болатын шыны салынған есікпен бөлінген баспалдақ алаңшасы жарық беретін алаңшаның ролін атқаруы мүмкін. Бұл орайда жарық беретін алаңшаның еніне баспалдақ алаңшасына шығаберістің ені алынады. 3.32 Жарық беру шамы: Баспалдақ алаңшасын немесе ішкі аулаға жарық беруге арналған жабынның шыны салынған конструкциясы. 3.33 Жарық өткізетін жабын: Жарық өткізетін элементтерден жасалған көтергіш конструкциялардан және қоршаудан немесе өзі көтергіш жарық өткізетін элементтерден тұратын жабын. 3.34 Тамақтандыру объектісінің желісі: бір орталықтан басқарылатын ұйымдық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысқан қажетті қосалқы кәсіпорындары бар тамақтандыру объектілері (мысалы «Макдональдс»). 3.35 Тамақтандыру объектілерінің жүйесі: Қаладағы немесе қарастырылып отырған әкімшілік округтегі, аудандағы тамақтандыру объектілерінің тобы. 3.36 Жылдам қызмет көрсететін мамандандырылған тамақтандыру объектілері: кафе, дәмхана, барлар, объектінің бейінімен айқындалатын негізгі тамақтың және сусынның бір түрі тұрақты түрде жылдам босатылатын тамақтандыру объектілері. 3.37 Асхана: Тұтынушылардың өздері қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру объектісі. 3.38 Ас таратылатын асхана: Әкелінетін дайын аспаздық өнімді өткізетін тамақтандыру объектісі. 3.39 Ауылдық елді мекендердегі асхана-дайындау орындары: Объектінің залында дайын тағамдарды, тамақтандыру объектілерінің ас даярлауға дейінгі желілерін қамтамасыз ету үшін жартылай фабрикаттарды және ұн тағамдарын, асхана-тарататын барларды қамтамасыз ету үшін дайын тағамдарды өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын объектілер. 3.40 Тамақтандыру объектісі ғимаратының құрылыс көлемі: ± 0.00 белгіден жоғары (жерүсті бөлігі) және осы белгіден төмен (жерасты бөлігі) құрылыс көлемінің қосындысы. 3.41 Ғимараттың жерүсті және жерасты бөліктерінің құрылыс көлемі: Шығыңқы сәулет бөлшектерін және конструкциялық элементтерді, еденасты каналдарын, діңмаңдайшаны, ашық дәлізді, балкондарды, тірекке орналастырылған ғимараттың астындағы (таза) жолдардың және кеңістіктің көлемін, сондай-ақ мәңгі тоң топырақтарында салу үшін жобаланатын ғимараттар астындағы желдетуге арналған еденастын есепке алмағандағы, ғимараттың әрбір бөлігінен таза еден белгісінен бастап, қоршау конструкциялары, лоджиялар, жарық беру шамдары, күмбездер және т.б.кіргізілген сыртқы шектеу беттері шегіндегі көлемі. 3.42 Тамбур: Ғимаратқа, баспалдақ алаңшасына немесе басқа бөлмелерге кіру кезінде суық ауаның, түтіннің және бөгде иістің кіруінен қорғауға арналған есіктер арасындағы өтпе кеңістік. 3.43 Терраса: Шатыры болуы мүмкін демалуға арналған алаңша түрінде ғимаратқа жапсарлас салынған қоршалған ашық жапсаржай; жерге немесе төменде орналасқан қабаттың үстіне орналастырылады. 3.44 Өрт қауіпсіздігі талаптары: Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында, уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік актілерінде белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнайы шарттар. 3.45 Жоғарғы жарық беру шамы (зениттік шам): Жабынның конструкциясына орналастырылатын жарық өткізетін материалдан жасалған құрылғы. 3.46 Шатырасты кеңістігі: Жабынның (шатырдың) беті, сыртқы қабырғалар мен жоғарғы қабаттың аражабыны арасындағы кеңістік. 3.47 Желдетуге арналған шахта: Қабаттағы барлық желдетілетін пәтерлердің жалпы ауданының кемінде 1/30 болатын көлденең қималы ғимараттың бүкіл биіктігін қамтитын желдеткіш торшамен қорғалған қуыс вертикаль кеңістік. 3.48 Эркер: Бөлменің фасад жазықтығынан шығатын, ішінара немесе толықтай шыны салынған, оған жарық беруді және инсоляциясын жақсартатын бөлігі. 3.49 Мансарда қабаты (мансарда): Шатырасты кеңістігіндегі қабат, оның фасады толық немесе ішінара еңіс немесе сынық шатырдың бетімен (беттерімен) құралған, бұл ретте шатыр жазықтығының және фасадтың қиылысу сызығы мансардтық қабат едені деңгейінен 1,5 м кем болмайтын биікте болуға тиіс. 3.50 Жерүсті қабаты: Бөлме еденін жердің жоспарланған белгісінен төмен болмайтындай етіп белгілеу кезіндегі қабат. 3.51 Үйасты қабаты: Бөлме едені жердің жоспарланған белгісінен бөлме биіктігінің кемінде жартысынан төмен етіп белгіленген қабат. 3.52 Техникалық қабат: Инженерлік жабдықтарды орналастыруға және коммуникацияларды төсеуге арналған қабат; ол ғимараттың төменгі (техникалық еденасты), жоғарғы (техникалық шатырасты кеңістігі) немесе ортаңғы бөліктерінде орналастырылуы мүмкін. 3.53 Шығыңқы ірге қабат: Бөлме биіктігінің кемінде жартысына тең болатын биіктікке жерді жоспарлау белгісінен төмен болатын бөлме едені белгісіндегі қабат.
4 Негізгі мақсаттары, қағидаттары және құрылымы
4.1 Нормалар мемлекеттік нормативтердің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған және ғылымның, техниканың және технологияның жетістіктеріне, жобалау мен құрылыс жүргізудің отандық және шетелдік озық тәжірибесіне негізделген тамақтандыру объектілерін жобалау міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін, халықаралық және дамыған елдердің ұлттық стандарттары ескеріле отырып әзірленген техникалық және экономикалық тұрғыдан негізделген талаптарды қажетті көлемде қамтиды. 4.2 Осы ҚНжЕ тамақтандыру объектілерін жобалау мен салу сапасының тиісті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі ұйымдық-әдістемелік талаптарды, жобалауға және құрылыс жүргізуге арналған инженерлік ізденістер бойынша жалпы техникалық талаптарды, сондай-ақ тамақтандыру объектілерін жоспарлауға және құрылыс жүргізуге, олардың ғимараттары мен имараттарына, құрылыс конструкцияларына, негіздеріне және инженерлік жабдық жүйелеріне қойылатын талаптарды қамтиды. 4.3 Тамақтандыру объектілерінің озық жобалау шешімдері кешенді тұрғыдан әзірленеді: - қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану; - құрылыс жүргізілетін ауданның жағдайларын барынша пайдалану; - қалалық және ауылдық мекендер жүйесінде тамақтандыру объектілерін негіздемелі орналастыру; - тұтынушылар үшін, сонымен қатар қызметкерлер үшін қолайлы ортаны құрайтын және функционалдық-технологиялық талаптарға сәйкес келетін көлемдік-жайғастыру құрылымына үйлесімді енгізу; - ұтымды конструкциялық жүйелерді енгізу, ғимараттар мен олардың интерьерлерінің нақышты сәулет нысандарын жасауға мүмкіндік беретін үнемді, қолайлы құрылыс және әрлеу материалдарын қолдану; - санитарлық-гигиеналық, экологиялық және эргономикалық талаптарға жауап беретін өнімділігі жоғары, технологиялық және үнемді инженерлік жабдықты қолдану; - тамақ даярлау үшін жартылай фабрикаттарды барынша пайдалану, ол өндірістік және қосалқы алаңдарды азайтуға, объектінің рентабельдігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. 4.4 Қалалар және елді мекендер аумақтарында тамақтандыру объектілерін орналастыру 3.01-01-2002* ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес, қала құрылысы болжамдары мен бағдарламаларының, қоныстандырудың бас схемаларының деректері тұрғысынан өндірістік күштерді аумақтық ұйымдастыруды, көлік коммуникацияларын дамытуды, табиғат пайдалануды, әкімшілік-аумақтың бірліктерді аудандық, ауылдық жоспарлау жобалары мен схемаларын есепке ала отырып жүзеге асырылады. 4.5 Тамақтандыру объектілері ғимараттарының жеке жобаларын құрылыс жүргізілетін ауданның климаттық, экологиялық, инженерлік-геологиялық, демографиялық, ұлттық-мәдени және басқа жағдайларын ескере отырып әзірлеу қажет. 4.6 Тамақтандыру объектілерін жобалау кезінде құрылыс жүргізілетін ауданның өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау және жақсарту жөніндегі талаптарды сақтау қажет. Бұл орайда халықтың өміріне барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуын және қоршаған табиғи ортада қайтымсыз өзгерістерді болдырмау мақсатында қоршаған табиғи ортаның ықтимал мүмкіндіктерін, аумақтық және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану режимін анықтау негізінде оған түсетін шекті рұқсат етілген жүктемелерді есепке алу қажет. 4.7 Тамақтандыру объектілері салынатын аумақты сәулет-жайғастыру шешімдерінің нұсқаларын салыстыру, техника-экономикалық, санитарлық-гигиеналық көрсеткіштер, отын-энергетикалық, су, аумақтық ресурстар, қоршаған орта жағдайлары негізінде оның ұтымды функционалдық пайдалану мүмкіндіктерін есепке ала отырып, болашақта табиғи және басқа жағдайлардың өзгеру болжамын назарға ала отырып таңдау қажет. 4.8 Инженерлік-геологиялық жағдайлары күрделі аудандарда құрылыс жүргізу үшін инженерлік дайындыққа, тамақтандыру объектілерінің ғимараттары мен имараттарын салу мен пайдалануға шығын аз жұмсалатын учаскелер пайдалану қажет. 4.9 Тамақтандыру объектісін орналастыру кезінде халықтың өмір сүруінің санитарлық-гигиеналық жағдайларын нашарлатуға рұқсат етілмейді. 4.10 Тамақтандыру объектісін жобалау және салу кезінде мүгедектердің және халықтың қимыл-қозғалысы шектеулі топтарының толыққанды өмір сүруіне арналған жағдайларды қамтамасыз ету қажет. 4.11 Тамақтандыру объектілері ғимараттарының аудандарын, құрылыс көлемін, құрылыс ауданы мен қабат санын есептеу 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ берілген міндетті 3*-қосымшаның ережелері бойынша жүзеге асырылуға тиіс. Тамақтандыру объектісінің типтері мен қабат санын аумақтың қала құрылысын жүргізуге бағалылығын, сәулет-композициялық, әлеуметтік-тұрмыстық, экологиялық талаптарды, демографиялық ерекшеліктерді, инженерлік жабдықтардың сипаттамаларын есепке ала отырып техника-экономикалық есептеулер негізінде анықтау керек. 4.12 Сейсмикалық аудандарда, (сейсмикалығы 7 және одан жоғары баллда), ісінетін, маусымдық қататын, мәңгі тоң, ісініп ұлғаятын, шөгетін, тұзданған, шымтезектелген топырақтарда, сырғымалы (көшкінді), сел қаупі, карстық қауіпті және пысықталған аумақтарда салынатын тамақтандыру объектілерін жобалау кезінде 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ, 2.03-01-2001 ҚР ҚНжЕ, 2.03-30-2006 ҚР ҚНжЕ, 2.03-10-2002 ҚР ҚНжЕ, 2.01.09-91 ҚНжЕ, 2.01.15-90 ҚНжЕ, 429-71 ҚН, 2.03-07-2001 ҚР ҚН, 2.03-08-2001 ҚР ҚН, 2.03-12-2001 ҚР ҚН, 1.02-16-2003 ҚР ҚН қамтылған құрылыс жүргізілетін нақты ауданының жағдайларына сәйкес келетін арнайы талаптарды ескеру қажет. 4.13 Тамақтандыру объектілері жартылай фабрикаттар негізінде жұмыс істейтіндей етіп жобалануы керек. Жартылай фабрикаттарды өндіретін кәсіпорындары болмаса, жартылай фабрикаттарды жеткізу қиындық туғызатын елді мекендерде тамақтандыру объектілерін шикізатта жұмыс істейтіндей етіп жобалауға жол беріледі.
5 Жалпы талаптар
5.1 Жаңа объектілерді салуға және қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсат беру рәсімдерін өту ережелеріне сәйкес тамақтандыру объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу инвестицияның бекітілген негіздемесі және құрылыс жүргізуге берілетін жоба алды құжаттамасы (бизнес-жоспар, эскиздік жоба, құрылыс жүргізуді жоспарлау жобасы және т.б.) негізінде жүзеге асырылуға тиіс. 5.2 Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті регламенттейтін басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алу керек. 30389 МСТ 5-тарауында келтірілген қауіпсіздік талаптары және осыған байланысты тамақтандыру объектілеріне қойылатын талаптар міндетті түрде орындалуға тиіс. 5.3 Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тиісті қызмет түріне берілген мемлекеттік лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыра алады. 5.4 1.02-01-2001 ҚР ҚНжЕ сәйкес құрылыс объектісін жобалауды жобалау-сметалық жұмыстарды орындауға берілген мердігерлік шарт негізінде жобалау-іздестіру ұйымы жүзеге асырады. 5.5 Тапсырыс беруші мердігермен бірге жобалау-сметалық құжаттамаға жаңа нормативтік құжаттардың қолданысқа енгізілуіне және қолданыстағы нормативтік актілерге өзгерістер енгізілуіне байланысты тиісті өзгерістерді уақтылы енгізуге міндетті. 5.6 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарын қолайсыз табиғи құбылыстар және процестер болуы мүмкін сейсмикалық, сел қаупі, сырғымалы, карстану қаупі бар және басқа да аудандарда жобалау кезінде (2.03-01-2001 ҚР ҚНжЕ) тәуекел дәрежесін төмендететін және олардың қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шаралар қарастырылуға тиіс (2.03-30-2006 ҚР ҚНжЕ, 2.03-02-2002 МҚН, 2.01.09-91 ҚНжЕ, 2.03-10-2002 ҚР ҚНжЕ). 5.7 Конструкциялық шешімдерді, тамақтандыру объектілерінің ғимараттары мен имараттарының түрлі элементтерін орнықтыруға арналған материалдарды және жабдықты таңдау жобалау ұйымының құзыретіне кіреді және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттардың талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс (5.01-01-2002 ҚР ҚНжЕ, 5.01-03-2002 ҚР ҚНжЕ, 5.04-23-2002 ҚР ҚНжЕ, 5.06-09-2002 ҚР ҚНжЕ, 3.02-01-2002 ҚР ҚНжЕ, 3.02-03-2003 ҚР ҚНжЕ, II-22-81 ҚНжЕ, II-25-80 ҚНжЕ, 2.03.01-84* ҚНжЕ, 2.03.03-85 ҚНжЕ, 2.03.06-85 ҚНжЕ, 3.03.01-87 ҚНжЕ, 3.04.01-87 ҚНжЕ, 5.03-05-2001 ҚР ҚН, 3.02-01-2002 ҚР ЕЖ, 441-72* ҚН). 5.8 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттары мен имараттарын инженерлік қамтамасыз етілуін жобалау тиісті нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс (4.01-01-2001 ҚР ҚНжЕ, 3.05.01-85* ҚНжЕ, 4.02-05-2001* ҚР ҚНжЕ, 4.02-103-2002 ҚР ЕЖ, 4.03-01-2003 МҚН, 4.04-10-2002 ҚР ҚНжЕ, 4.04-23-2004 ҚР ҚН, 8-72 ВҚН). 5.9 Тамақтандыру объектілерінің жобаларында санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына 4.01.069-03 СанЕжН, мүгедектердің және халықтың қимыл-қозғалысы шектеулі топтарының қол жетімділігін 3.01-05-2001 ҚР ҚБҚ, 3.02-05-2003 МҚН, 60-91* ВҚН, 3.06-15-2005 ҚР ЕЖ, 3.06-31-2005 ҚР ЕЖ, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ, 2.02-15-2003 ҚР ҚНжЕ, төтенше жағдайлар кезінде адамдарды қорғауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, табиғатты қорғауға 17.5.1.01 МемСТ, 17.5.3.04 МемСТ, 17.1.5.02 МемСТ ерекше назар аудару керек. 5.10 Қалаларда және басқа елді мекендерде тамақтандыру объектілерінің жеке тұрған ғимаратын жобалауды қоғамдық және басқа көліктің келуін ұйымдастырумен, аялдамаларды, автомобиль тұрақтарын орналастырумен, жаяу жүргіншілер үшін қолайлы және қауіпсіз жолдарды орналастырумен байланыстыру ұсынылады. 5.11 Тамақтандыру объектісі учаскесінің ауданы жобалауға берілген тапсырмада қала құрылысының жағдайы, орта сипаттамаларын, тамақтандыру объектілерінің мамандануын, оның функционалдық құрамын және санатын есепке ала отырып айқындалады. 5.12 Кіріктіре-жапсарлас немесе жеке тұрған тамақтандыру объектісінің жобасын таңдау оның типімен, шамасымен және қала құрылысындағы мақсатына байланысты анықталады. 5.13 Жобалауға берілген тапсырмада объектінің түрі мен құрамы белгіленуге тиіс: бір типті тамақтандыру объектісі (асхана, мейрамхана, кафе, бар) немесе бір ғимаратқа біріктірілген түрлі тамақтандыру объектілерінің кешені (мейрамхана, кафе, бар, аспаздық дүкені және т.с.с.) 5.14 Қалалар мен басқа елді мекендерде салынатын көпшілік пайдаланатын тамақтандыру объектілерін 30389 «Қоғамдық тамақтандыру. Кәсіпорындарды жіктеу» МемСТ сәйкес жобалау ұсынылады. 5.15 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарын орналастыру және олардың көлемдік-кеңістік шешімдері 3.01-01-2002 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес келуге тиіс. Халыққа, оның ішінде келушілердің қимыл-қозғалысы шектеулі топтарына қызмет көрсетуге арналған тамақтандыру объектілерінің ғимараттарын, бөлмелерін жобалау кезінде осы нормалардың және 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ, 3.02-05-2003 МҚН, 3.01-05-2001 ҚР ҚБҚ, 62-91* ВҚН, 3.06-15-2005 ҚР ЕЖ талаптарын басшылыққа алу керек. 5.16 Тамақтандыру объектісінің көлемі түскі ас залындағы орындар санымен сипатталады. Аспаздық дүкендердің көлемі сауда залы ауданының мөлшерімен немесе жұмыс орындарының санымен сипатталады.. 5.17 Көпшілік пайдаланатын желідегі тамақтандыру объектілерінің негізгі типтеріндегі залдардың ұсынылатын сыйымдылығы 5.1-кестеде келтірілген. 5.18 300 орыннан астам қалалық маңызы бар тамақтандыру объектілерін, оның ішінде отыратын орындар саны маусымға байланысты кеңейтілетін курорт аймақтар үшін объектілерді орналастырудың жергілікті қала құрылысы жағдайларын, халықтың еңбек және мәдени-тұрмыстық байланыстырын, келушілер контингентін және өзге жағдайларды есепке ала отырып арнайы бағдарлама-тапсырмалар бойынша жобалау ұсынылады. 5.19 Тамақтандыру объектісі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тиісінше негізделген, осы нормалардың және басқа да нормативтік құжаттардың талаптары сақталған кезде жерасты кеңістігінде орналастырылуы мүмкін. 5.20 Жобаға енгізілетін жобалау-сметалық құжаттаманың құрамы 1.02-01-2001 ҚР ҚНжЕ, 1.04-01-2002 ҚР ҚН, 227-82 ҚН талаптарына сәйкес келуге тиіс. 5.21 Тамақтандыру объектілерінің жобалау-сметалық құжаттамасын 21.101 МемСТ талаптарына сәйкес әзірлеу қажет. 5.22 Сметалық құжаттаманың бөлімі А 2.2-1-2001 ҚР ҚНжЕ 4.1.10-тармағына сәйкес жасалуға тиіс. 5.23 Сапаны қамтамасыз ету жобалау-іздестіру қызметін лицензиялау, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушілердің авторлық қадағалау жасауы, жобаларға сараптама жасау және сәулет-құрылыстық бақылау арқылы жүзеге асырылады. 5.24 1.02-06-2001 ҚР ҚН талаптарына сәйкес тамақтандыру объектілерінің жобаларына міндетті түрде сараптама жасалуға тиіс. 5.25 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда сараптама жүргізу міндетті емес. 5.26 Сараптаманың оң қорытындысы құрылыс жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тапсырма беру үшін негіз болып табылады. 5.27 Белгіленген тәртіппен міндетті сараптамадан өтпеген тамақтандыру объектілерінің жобалары аяқталмаған болып саналады және іске асырылмайды.
5.1-к е с т е
6 Инженерлік ізденістер
6.1 Алдын ала жобалау құжаттамасын, жаңа тамақтандыру объектілерін жобалауды (жоба және жұмыс құжаттамасы сатысын қамтитын) және салуды, қолданыстағы тамақтандыру объектілерін кеңейтуді, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыруды негіздеу үшін, құрылыс жүргізу және олардың аумақтарын инженерлік қорғау үшін инженерлік ізденістерді ұйымдастыруға және жүргізу тәртібіне, сондай-ақ объектіні салу, пайдалану және тарату кезеңінде орындалатын ізденістерге қойылатын негізгі ережелер мен талаптар 1.02-18-2004 ҚР ҚНжЕ тағайындалады. 6.2 Тамақтандыру объектілерін салу үшін инженерлік ізденістер жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, 1.02-16-2003 ҚР ҚН талаптарын, осы нормаларды, сондай-ақ құрылыс жүргізу үшін инженерлік ізденістер жүргізу саласындағы қызметті реттейтін өзге де нормативтік құжаттарды басшылыққа алу қажет. 6.3 Техникалық тапсырмада, жобаланатын объектіге қатысты жалпы мәліметтерден басқа, іргетастың көзделіп отырған типі көрсетілуге тиіс, өйткені іздестіру жұмыстары кешенінің құрамы іргетастың типіне байланысты болады. 6.4 Инженерлік іздестіру материалдарының толықтығы мен дәйектілігі жобалаудың тиісінше сатысының талаптарына, жобаланатын ғимараттың (имараттың) жауаптылық сыныбына және инженерлік-геологиялық жағдайлардың күрделілігіне жауап беруге тиіс.. 6.5 Инженерлік-геологиялық ізденістер тамақтандыру объектісінің ғимаратын учаскеге орналастыру, жобалау, салу және пайдалану үшін қажетті және жеткілікті материалдар алу мақсатында жобаланатын тамақтандыру объектісі ауданының жер бедерін, геологиялық құрылысын, геоморфологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын, топырақ құрамын, жай-күйін және қасиеттерін, геологиялық және инженерлік-геологиялық процестерді, құрылыс салынған аумақтың жағдайының өзгеруін, жобаланатын объектінің геологиялық ортамен өзара әрекеттесуі нәтижесінде инженерлік-геологиялық жағдайлардың өзгеруін болжауды қоса алғанда, ауданның (алаңның, учаскенің) инженерлік-геологиялық жағдайларының кешенді зерттелуін қамтамасыз етуге тиіс. 6.6 Бұрғылау жұмыстары 12071 МемСТ талаптарын есепке ала отырып, құрылыс алаңының топырақ және су сынамасын ала отырып жүргізілуге тиіс. 6.7 Монолиттерді және топырақ үлгілері 12071 МемСТ талаптарына сәйкес алынуға тиіс. 6.8 Жобаланатын тамақтандыру объектісінің геологиялық ортамен өзара әрекеттесетін аумағында жерасты сулары таралған немесе қалыптасуы мүмкін болса, объектіні пайдалану кезінде сулы қабат ластануы немесе сарқылуы, су басып қалу процесі болжанса немесе жерасты сулары топырақ қасиетінің өзгеруіне, сондай-ақ геологиялық және инженерлік-геологиялық процестердің (карстану, суффозия, көшу, ісіну және т.б.) даму қарқынына айтарлықтай ықпал ететін болса, онда инженерлік-геологиялық ізденістер кезінде гидрогеологиялық зерттеулер жүргізілуі керек. 6.9 Кен қазбалары арасындағы арақашықтық инженерлік-геологиялық жағдайлардың күрделілік санатына байланысты қабылдануға тиіс (1.02-18-2004 ҚР ҚНжЕ-е берілген 2-қосымшаға сәйкес):
6.1-к е с т е, м
6.10 Табиғи негіздегі тамақтандыру объектілері үшін кен қазбаларының тереңдігі имараттың және сығылатын қалыңдықтан 1 м төмен тереңдіктегі геологиялық ортаның өзара әрекеттесуін есепке ала отырып айқындалады. Өзіндік қасиеттері бар топырақтан қалыптасқан учаскелерде кен қазбаларының кемінде 50 % олардың бүкіл қалыңдығы бойымен өтуі керек. Геологиялық процесстер дамуы мүмкін учаскелерде қазбаларды олар белсенді дамитын аймақтан 3 м төмен өтуге тиіс. 6.11 Қадалы іргетастарды жобалау кезінде 5.01-101-2003 МҚЕ-нің 5-тарауында келтірілген инженерлік-геологиялық ізденістерге қойылатын талаптар сақталуы қажет.
7 Орналастыруға қойылатын талаптар
7.1 Көпшілік пайдаланатын тамақтандыру объектілерін орналастыру, олардың сыйымдылығы және типі нормативтік құқықтық актілердің ережелері міндетті түрде сақталған жағдайда тапсырыс берушінің инвестициялық артықшылығы тұрғысынан елді мекендердің бас жоспарларын дамытудың келелі схемаларын басшылыққа ала отырып айқындалады. 7.2 Тамақтандыру объектілерін объектіні қоғамдық орталықтардың, инженерлік-көлік инфрақұрылымдардың қалыптасқан жүйесімен және даму заңдылықтармен өзара байланысын; объектінің аумағын тиімді пайдалануды; қала құрылысы-сәулет дәстүрлерін, табиғи-климаттық, ұлттық-тұрмыстық және басқа да жергілікті ерекшеліктерді кешенді есепке алуды; қоршаған ортаны, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ете отырып орналастыру керек. 7.3 Тамақтандыру объектісінің құрылысы салынатын учаскенің ең төменгі ауданын 7.1-кестенің деректері тұрғысынан есептеу ұсынылады.
7.1-к е с т е
7.4 Тамақтандыру объектілерінің жеке тұрған ғимараттарының жер учаскелерінің осы тарауда көрсетілмеген өлшемдері жобалауға берілген тапсырма бойынша алынуы керек. 7.5 Тамақтандыру объектілерінің бас жоспарларын жобалау кезінде осы нормалардың талаптарынан басқа, 3.01-01-2002* ҚР ҚНжЕ, II-89-80* ҚНжЕ, III-10-75 ҚНжЕ, 3.01-05-2001 ҚР ҚБҚ, 3.06-31-2005 ҚР ЕЖ талаптары сақталуы керек. 7.6 Тамақтандыру объектілерінің бас жоспарларында аумақты абаттандыру қарастырылуға тиіс. 7.8 Тамақтандыру объектілерінің жеке тұрған ғимараттары тұрғын үйлерден кемінде 50 м қашықтықта орналастыруға тиіс. 7.9 Тиісті қалпына келтіру іс-шаралары жүргізілмесе, экологиялық қолайсыз аймақта (ШРК және зиянды әсерлердің рұқсат етілген деңгейлерінен асатын) тамақтандыру объектісін орналастыруға рұқсат етілмейді. 7.10 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарын санитарлық-қорғаныш аймақтарында, органикалық және радиоактивтік қалдықтармен ластанған жер учаскелерінде (Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және экология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімдер өткенге дейін); көмір және басқа шахталардың, байыту фабрикаларының жыныстары төгілген қауіпті аймақтарда; көшкіндер, сел ағындары және қар көшкіндері өткен жерлерде; бөгеттер немесе бөгетшелердің бұзылуы салдарынан апаттық су басып қалатын аймақтарда; магистарльдік құбырлар және гидрометеостанциялардың күзет аймақтарында орналастыруға рұқсат етілмейді. 7.11 Сумен жабдықтау көздерін және су құбыры имараттарының алаңдарын санитарлық қорғаудың бастапқы аймақтарында тамақтандыру объектілерін орналастыруға рұқсат етілмейді. 7.12 Жағалаулық суды қорғау белдеулері аумағында қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін тамақтандыру объектілерін жобалауға және салуға тыйым салынады. 7.13 Жерлердің жай-күйіне кері ықпал ететін жаңа тамақтандыру объектілерін орналастыру, жобалау, салу және жаңа технологияларды енгізу арқылы қолданыстағы тамақтандыру объектілерін реконструкциялау кезінде 17.4.2.02 МемСТ, 17.5.3.06 МемСТ және басқа да қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес жерлерді қорғау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға тиіс. 7.14 Жеке тұрған тамақтандыру объектісінің аумағында 441-72* ҚН талаптарына сәйкес қоршау болуға тиіс. Қоршаудағы қақпаның ені кемінде 4,5х4,5 м болуға тиіс. 7.15 Тамақтандыру объектісінің жер учаскесінде: жазғы уақытта ашық ауада үстелдер (қосымша орындар) орналастыруға арналған алаңдары бар келушілерге арналған зонаны; жүк автомобильдеріне арналған кіреберіс жолдары және ғимараттың қойма бөлмелері топтарына, қалдық жинайтын орындарына жалғасып жатқан жүк түсіру алаңы бар шаруашылық зонаны; қызметкерлердің демалуына арналған зонаны; жеке автокөлікке арналған тұрақты; ауылдық елді мекендерде шаруашылық аулада – қатты отынды сақтауға арналған зонаны бөлу арқылы нақты зоналарға бөлу көзделуі керек. 7.16 Учаскенің құрамында: - кіреберістері абаттандырылған алаңдар; - автомобиль тұрағына арналған алаңдар; - ішкі тура жолдар, ғимараттың негізгі және басқа кіреберіс жолдары; - қонақтарға арналған аймақтан оқшауланған, жүк түсіру алаңдары мен дебаркадерлерге баратын автокөлік жолдары бар шаруашылық аймағы көзделуге тиіс; - таулы аймақта, сондай-ақ жер пішіні күрделі басқа да алаңдарда салынатын тамақтандыру объектілерінің аумағында қауіпті учаскелерде (көтерілу, аспа жолдар, тау шаңғысы трассасы, сусыма, тас көшкіні, су қоймасы және т.с.с аймақтарда) қорғаныш құрылғылары және қоршаулар көзделуі қажет. 7.17 Учаскенің элементтері мүгедектер үшін қолайлы қол жетімді болуға тиіс: - учаскедегі ашық баспалдақтар мен пандустар қимыл-қозғалыстың қауіпсіздігін және қолайлығын қамтамасыз етуге тиіс; - қоршаулар, сүйеніштер және құрал-жабдықтар жеке арбалардың қозғалысына мүмкіндік беруге тиіс; - адамдар жүретін жолдарда қолданылатын жабын материалдары және олардың фактурасы сырғанауды және т.с.с. жағдайларды болдырмауға тиіс. 7.18 Тамақтандыру объектілері орналастырылатын ғимараттар мен имараттар қызыл сызықтан кемінде 6 м қашықтықта орналасуы керек. 7.19 Тұрғын ғимараттар мен тамақтандыру объектілері ғимараттары арасындағы, сондай-ақ өндірістік ғимараттар арасындағы арақашықтық 2.04-05-2002* ҚР ҚНжЕ келтірілген нормаларға, сондай-ақ 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ өртке қарсы талаптарына сәйкес инсоляцияны және жарық түсіруді есептеу негізінде алынуға тиіс. 7.20 Терезелер арқылы жарық түсетін тамақтандыру объектілері ғимараттары мен имараттары арасындағы арақашықтық көршілес ғимараттар мен имараттардың жоғарғы карнизіне дейінгі ең үлкен биіктіктен кем болмауға тиіс. 7.21 Тамақтандыру объектілерін жеке тұрған және қатарласа салынған ғимараттарға, сондай-ақ тұрғын және қоғамдық ғимараттарға кіріктіре салынған бөлмелерде, сондай-ақ ғимараттың бірінші және шығыңқы ірге қабаттарында орналастыруға болады. Тамақтандыру объектілеріне қойылатын қолданыстағы нормативтік құжаттарда белгіленген санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және өзге талаптар сақталған кезде көпшілік пайдаланатын тамақтандыру объектілерін тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға жапсарлас және кіріктіре салуға рұқсат етіледі. Бұл орайда тамақтандыру объектісінің, ол кіріктіре салынатын ғимараттың барлық функционалдық сипаттамалары сақталуға тиіс. Ғимараттың үйасты және шығыңқы ірге қабаттарында сыйымдылығы 50 адамға дейінгі тамақтандыру объектілерін орналастыруға рұқсат етіледі. Үйасты және шығыңқы ірге қабаттарында орналастырылатын тамақтандыру объектілерін жобалау 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. 7.22 Тұрғын үйлерде: 1) өндірістік цехтары болмайтын, сыйымдылығы 50 орынға дейінгі, сағат 23-ке дейін және қатты дыбыстың (оркестрдің) сүйемелдеуінсіз жұмыс істейтін кіріктіре немесе жапсарлас салынған тамақтандыру объектілерін; 2) технологиялық процестері болмайтын, сауда алаңы 150 м2 аспайтын аспаздық дүкендері; 3) сауда объектілерінің құрамында кафетерий орналастыруға рұқсат етіледі. Тұрғын үй ғимараттарының кіріктіре немесе кіріктіре-жапсарлас салынған бөлмелерінде аспаздық өнімдерін өндіру жөніндегі тамақтандыру объектілерінің аспаздық цехтарын орналастыруға рұқсат етілмейді. 7.23 Тамақтандыру объектілері тұрғын үй ғимараттарына кіріктіре орналастырылған кезде биіктігі 2-3 қабатқа дейінгі тұрғын үй ғимараттарының ұзын тараптары арасында арақашықтық (тұрмыстық ашық алаң) - кемінде 15 м, биіктігі 4 қабатқа дейінгі – кемінде 20 м, тұрғын бөлмелердің терезелері бар осы ғимараттың ұзын тарабы мен шеткі жағы арасында – кемінде 10 м етіп алынуға тиіс. 7.24 Тамақтандыру объектілерін тұрғын үй ғимараттарының үй жанындағы аумақтарында орналастыруға рұқсат етілмейді. 7.25 Қалалық маңызы бар тамақтандыру объектілерін (мейрамханалар, барлар, сыйымдылығы 100 және одан көп орынға дейінгі кафелер) жеке тұрған ғимараттарға, сондай-ақ қоғамдық және сауда орталықтарының, вокзал бөлмелерінде, магистраль бойымен және алаңдарда, халық көп жүретін орындарға, қалалық көлік аялдамаларына, метрополитен бекетінен кемінде 500 м қашықтықта, сондай-ақ рекреациялық аумақтарда орналастыру ұсынылады. 7.26 Мамандандырылған кафелер және дәмханалар, барлар, аспаздық дүкендері, көпшілік пайдаланатын және емдәмдік асханалар, ас тарататын асханалар (соңғылары белгілі бір контингентке, мысалы, зейнеткерлерге, мүгедектерге қызмет көрсету қажет болғанда ғана ұсынылады немесе қайырымдылық) сияқты сыйымдылығы 25-тен 75 орынға дейінгі тамақтандыру объектілерін, сондай-ақ үй дәмханасын жақын жерде тұратын халыққа қызмет көрсетуге бағдарлау және тұрғылықты аудандардың аумақтарында осы аумақтарда орналастырылған кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлеріне қызмет көрсетуді есепке ала отырып орналастыру керек. 7.27 Аспаздық өнімдерді сатуға арналған бөлмелерді (аспаздық дүкендері) мейрамханалар және асханалар құрамында, өзге мақсаттағы ғимараттардың құрамында қарастыруға рұқсат етіледі. 7.28 Жерасты өтпе жолдарында инженерлік жүйелері қалалық коммуникацияларға қосылған сыйымдылығы 25 орынға дейінгі тамақтандыру объектілерін орналастыруға рұқсат етіледі. 7.29 Тұрғын үй құрылысы құрамында тамақтандыру объектілерін жобалау кезінде өлшемдері және тамақтандыру объектілерінің ғимараттарына дейінгі арақашықтығы 7.2-кестеде келтірілген мәндерден кем болмайтын алаңдарды орналастыру көзделуі керек. 7.30 Ауылдық елді мекендердің ас дайындайтын асханалардың учаскелерінде көлемі жобалауға берілетін тапсырмада айқындалатын көкөніс қоймаларын қарастыруға рұқсат етіледі. 7.31 Картоп, көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қоймаларға арналған санитарлық-қорғау зоналарының өлшемдері 50 м етіп алынуы керек. 7.32 Тамақтандыру объектісінің учаскесінде өтпе жолдар, жаяу жүргіншілер жолы, жасанды жарық беру және көгалдандыру көзделуге тиіс. 7.33 Өтпе жолдарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдары мен алаңдарын жобалау кезінде 3.03-09-2003 ҚР ҚНжЕ, 3.03-19-2003 ҚР ҚН, 3.06-31-2005 ҚР ЕЖ, 3.01-05-2001 ҚР ҚБҚ талаптары сақталуға тиіс.
7.2-к е с т е
7.34 Көшенің негізгі жүргіншілер бөлігінің, жергілікті немесе шеткі жолдардың шетінен құрылыс сызығына дейінгі арақашықтық 25 м аспайтындай етіп алынуға тиіс. Көрсетілген арақашықтықтан асып кеткен жағдайда құрылыс сызығынан кемінде 5 м қашықтықта өрт машиналарының жүруіне қолайлы, ені 6 м болатын белдеу қарастырылуға тиіс. 7.35 Ғимараттағы кесіп өтетін жолдар бір-бірінен кемінде - 300 м, ал реконструкцияланатын аудандарда периметр бойымен құрылыс жүргізу кезінде кемінде 180 м арақашықтықта қарастырылуға тиіс. Тамақтандыру объектісі аумағында орналасқан жолдардың қозғалысы реттелетін магистраль көшелердің жүріс бөлігімен көше қиылыстарының тоқтау сызықтарынан кемінде 50 м арақашықтықта жанасуына жол беріледі. Бұл орайда қоғамдық көлік аялдамасына дейін кемінде 20 м болуы керек. 7.36 Ірі тамақтандыру объектілеріне, ғимарат топтарына, сондай-ақ көп функциялы ғимараттарға (кіріктіре және кіріктіре-жапсарлас салынған тамақтандыру объектілері бар) жақындап келу үшін - негізгі жолдар, ал жеке тұрған тамақтандыру объектілерінің ғимараттарына қосалқы жолдар қарастырылуы керек. 7.37 Тамақтандыру объектілеріне баратын бір белдеулі жолдарда бір-бірінен кемінде 75 м арақашықтықта ені 6 м және ұзындығы 15 м болатын таралу жолдары көзделуі керек. Кіреберістері бар объект ғимаратының фасады шегінде ені 5,5 м болатын жолдар салынады. 7.38 Мүгедектер келетін тамақтандыру объектілеріне жолдардың ұзындығы кемінде 150 м және жалпы ені кемінде 4,2 м болған кезде, ал шағын қабатты (2-3 қабатты) құрылыстарда – ені кемінде 3,5 м болған кезде тротуарлармен біріктірілген жолдарды орналастыруға рұқсат етіледі. 7.39 Жолдың шетінен ғимараттың қабырғасына дейінгі арақашықтықты 10 қабатқа дейінгі тамақтандыру объектілері үшін 5-8 м етіп және 10 қабаттан жоғары ғимараттар үшін 8-10 м етіп алу қажет. Бұл аймақта қоршаулар, ауада электр беру желілерін орналастыруға және ағаштарды қатарластырып отырғызуға болмайды. 7.40 Тұйық жолдардың ұзындығы 150 м аспауға тиіс және олар автомобильдердің, қалдық шығаратын машиналардың, көше тазалау және өрт машиналарының бұрылуына арналған диаметрі кемінде 16 м болатын шағын аумақтары бар бұрылыс алаңдарымен аяқталуға тиіс. Бұрылыс алаңдарын автомобильдердің тұрағы ретінде пайдалануға болмайды. 7.41 Машиналар жүретін және жаяу жүргіншілер жүретін жолдарды жобалау кезінде тамақтандыру объектілерінің ғимараттарына, оның ішінде кіріктіре-жапсарлас салынған бөлмелері бар ғимараттарға өрт машиналарының жақындап келуі және өрт сөндірушілердің автосатылар арқылы немесе автокөтергіштерден кез-келген бөлмеге кіре алу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс. Кіреберістері болмайтын ғимараттың фасады бойымен жабынға немесе топыраққа түсетін шекті жүктемені есепке ала отырып, өрт машиналарының өтуіне қолайлы ені 6 м болатын белдеулерді қарастыруға болады. 7.42 Ланшафттық-рекреациялық аумақтардың жол желілері (жолдар, аллеялар, соқпақтар) жаяу жүргіншілер жүретін негізгі жолдардың бағытына сәйкес барынша төмен еңістікпен және тамақтандыру объектісінің аумағында орналасқан аялдама бекеттеріне, алаңдарына апаратын ең қысқа арақашықтықты анықтауды есепке ала отырып трасса салынуы керек. Жолдың ені 0,75 м еселі болуға тиіс (бір адам жүретін жолақтың ені). Ландшафттфқ-рекреациялық аумақтар шегінде жол-соқпақтар желісінің алаңдарының жабыны плиткамен, қиыршық таспен және басқа да берік минералдық материалдармен жабылуға тиіс, ерекше жағдайларда асфальт жабынды қолдануға болады. 7.43 Тамақтандыру объектілерінің жаяу жүргіншілер үшін қолайлы кіреберістері және кіреберіске апаратын жолдары, қажетті анықтамалық-ақпараттық көрсеткіштері болуы керек. 7.44 Тамақтандыру объектісінің аумағында реконструкция жүргізілген жағдайда, сондай-ақ есептік жаяу жүру екі бағытта кемінде 50 адам /сағ болғанда ені 1 м болатын тротуарлар мен жолдар салуға рұқсат етіледі. Тротуарлар ғимараттың қабырғасына, тірек қабырғаларға немесе қоршауға тікелей тірелетін жағдайда олардың енін кемінде 0,5 м ұлғайту керек. 7.45 Жаяу жүргіншілер аллеяларын орналастыру, олардың ұзындығы мен ені, сондай-ақ көлденең кескіндегі орны көшенің және ондағы құрылыстардың сәулет-жоспарлау шешімдерін есепке ала отырып анықталуы керек. Жаяу жүргіншілер аллеяларында аз уақытқа демалуға арналған алаңдар болуға тиіс. 7.46 Көгалдандырылған аумақтарда көшеден, жолдан және жаяу жүргіншілер қозғалысынан оқшауланған велосипед жолдары қарастырылуға тиіс. Велосипед жолдарының шетінен қауіпсіздік арақашықтығы барынша аз болғанда бір бағытта және екі бағытта қозғалатындай етіп орналастырылуы мүмкін, м: - Көлік жүретін бөлікке, тіректерге, ағаштарға дейін 0,75; - Тротуарға дейін 0,5; - Автомобильдер тұрағы және аялдамаларға дейін - Қоғамдық көлікке дейін 1,5. Тротуар бойымен орналастырылған велосипед жолының ені кемінде 1 м болуға тиіс. 7.47 Тротуарлар мен велосипед жолдары жүретін жолдар деңгейінен 15 см көтеріңкі етіп орналастырылуға тиіс. Тротуарлар мен велосипед жолдарының қосалқы жүретін жолдармен қиылыстары, тамақтандыру объектілеріне баратын жолдарда – негізгі жүретін жолдармен қиылысы ұзындығы тиісінше 1,5 және 3 м болатын рампа құрылғысы арқылы бір деңгейде көзделуге тиіс. 7.48 Көпшілік пайдаланатын тамақтандыру объектілері орналасқан жерлерде мүгедектер арбасының өтуіне мүмкіндік беретін жаяу жүргіншілер жолы қарастырылуға тиіс. Бұл ретте жол бойындағы вертикаль кедергілердің (жиек тастары, қабырғалықтар) биіктігі 5 см аспауға тиіс; тік (100 % астам) қысқа рампаларға, сондай-ақ тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолының көлденең еңісінің 50 % асуына рұқсат етіледі. Еңістігі 30-60 % жолдарда әрбір 100 м сайын ұзындығы кемінде 5 м болатын көлденең учаскелер орналастырылуы керек. 7.49 Квартал ішіндегі жолдардың, тротуарлар мен алаңдардың жабындарының әр түрлі типтерін кез келген орнықты төсеме топыраққа орналастыруға болады, олардың көтергіш қабілеті табиғи факторлардың әсерінен 20 % дейін өзгереді. 7.50 Ені 2 м астам жаяу жүргіншілер жолын салған кезде осьтік жүктемесі 8 т дейінгі көлік құралдарының (суару – жуу автомобильдері, жылжымалы мұнарасы бар автомобильдер және т.б.) жүру мүмкіндігін есепке алу керек. Жолдардың, тротуарлардың, жаяу жүргіншілер жолдарының және алаңдарының жабыны жерүсті суларын ағызып жіберуді қамтамасыз етуі керек. 7.51 Тамақтандыру объектілерінің аумағында орналасқан автомобиль тұрақтарына арналған алаңдар 3.02-02-2001 ҚР ҚН және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын, сондай-ақ осы нормалардың ережелерін есепке ала отырып есептеледі. 7.52 3.01-01-2002* ҚР ҚНжЕ сәйкес жаяу жүргіншілердің жеңіл автомобильдерді уақытша сақтау тұрақтары мен қою орындарынан тамақтандыру объектілері ғимаратының кіре берісіне дейінгі жолдың арақашықтығы 150 м аспауға тиіс. 7.53 Жерүсті және жерүсті-жерасты гараждарынан, жеңіл автомобильдерді тұрақты және уақытша сақтау тұрақтарынан және техникалық қызмет көрсету станцияларынан тамақтандыру объектілері бар тұрғын ғимараттарға немесе жеке тұрған тамақтандыру объектілеріне дейінгі арақашықтықты 7.3-кестеде келтірілген шамалардан кем болмайтындай етіп алу керек. 7.54 Автотұрақтарда мүгедектердің көлік құралдарына арналған орындар көзделуге тиіс. Мүгедектердің көлік құралдарына арналған тұрақтарды тамақтандыру объектісінің ғимаратына кіретін орынға барынша жақын етіп орналастыру керек. Тамақтандыру объектісі ғимаратының және аумағының мүгедектерге қолайлылығын қамтамасыз ететін арнайы құралдарды (пандустар, көтерілгіштер) 3.01-05-2001 ҚР ҚБҚ, 3.06-15-2005 ҚР ЕЖ және осы нормалардың 9-тарауына сәйкес жабдықтау қажет. 7.55 Машиналы-орындардың есептік санын тамақтандыру объектілерінің типі мен классы бойынша 7.4-кестеге сәйкес жіктемелі түрде қабылдау ұсынылады.
7.3-к е с т е
7.4-к е с т е
7.56 Автотұрақтардағы бір автомобиль қоюға арналған учаскенің ауданы 22,5 м2 кем болмайтындай етіп алынып, ал автотұрақтар көшенің көлік жүретін бөлігімен және жолдармен шектескен жағдайда - 18 м2 аспайтын етіп алынуы керек. 7.57 Жеңіл автомобильдерге арналған тұрақтарды тамақтандыру объектісі ғимаратының жерасты және шығыңқы ірге қабаттарында 3.02-22-2002 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес орналастыруға болады. 7.58 Негізгі кіреберісте қысқа мерзімді қоюға арналған ашық алаңдар бір мезгілде кемінде 5 автомобиль қоюға болатындай етіп жобаланады. 7.59 Велосипед қоюға арналған тұрақтар тамақтандыру объектісінің ғимаратына тікелей кіретін жерде орналастырылады. 7.60 Тамақтандыру объектісінің аумағын абаттандыру жұмыстарын 3.01-01-2002* ҚНжЕ, сондай-ақ 111-10-75 ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүзеге асыру қажет. 7.61 Учаскеде шағын сәулет нысандарын, сондай-ақ қысқы бақтарды, оранжереяны, жасыл партерлер мен басқа да демалу және бос уақыт өткізетін аймақтарды орналастыру қажеттілігі жобалауға берілген тапсырмада айқындалады. 8 Өрт қауіпсіздігі талаптары
8.1 Қоғамдық тамақтандыру объектісін жобалау және салу кезінде осы нормалардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мынадай нормативтік құқықтық актілерді: - «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заң; - 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ. Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі; - 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ. Өртке қарсы талаптарды қамтитын қоғамдық ғимараттар мен имараттар; - 2.02-15-2003 ҚР ҚНжЕ. Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы. - 446-77 ЭӨК СТ. Құрылысты жобалаудың өртке қарсы нормалары. Есептік өрт жүктемесін анықтау әдістемесі. - ҚӨҚЕ-01 «Құрылыс-монтаждау және оттық жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері; - ҚР ӨҚЕ 08 «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері, Негізгі талаптар; - салалық және арнайы өрт қауіпсіздігі ережелері ЭОЕ, МемСТ және өрт қауіпсіздігін реттейтін басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алу қажет. 8.2 Биіктігі 10 м асатын тамақтандыру объектілерінің ғимараттары және бір қабаттан көп жерасты қабаттары болатын ғимараттар үшін, сондай-ақ аса күрделі және бірегей ғимараттар үшін қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің өртке қарсы талаптарын сақтаумен қатар, қосымша инженерлік-техникалық және ұйымдастыру іс-шаралары кешенін қамтитын, оларды өрттен қорғау ерекшеліктерін көрсететін арнайы техникалық шарттарды әзірлеу қажет. 8.3 Тапсырыс беруші объектіні ғимараттың жоғарғы қабаттарынан адамдарды эвакуациялау, оған судың есептік шығынын беру мүмкіндігі есептелген механикалық сатымен немесе буынды көтергіштермен қамтамасыз еткен жағдайда 9 қабаттан асатын тамақтандыру объектілерінің ғимараттарын жобалауға және салуға болады. Қосымша өрт техникасының түрлері мен саны мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісілуге тиіс. 8.4 Тамақтандыру объектісінің ғимаратына, оны салу кезінде пайдаланылатын құрылыс конструкцияларына, заттары мен материалдарына арналған нормативтік және техникалық құжаттамада қолданыстағы нормативтерде регламенттелген өрт-техникалық сипаттамалар болуға тиіс. 8.5 Мемлекеттік өртке қарсы қызметпен және тізімін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган белгілейтін басқа мүдделі органдармен келісілген осындай бас тартудың орнын толтыратын іс-шаралар қарастырылған жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган нақты объектілер бойынша өртке қарсы талаптардан негізделген ішінара бас тартуға рұқсат береді. 8.6 Тамақтандыру объектісінің жобалық құжаттамасы құрамында оны пайдалану кезіндегі өртке қарсы талаптардың орындалуын айқындайтын тарау (немесе объектінің, оның ғимараты мен имаратының паспорты) қарастырылуға тиіс. 8.7 Қолданыстағы ғимараттардың немесе ондағы жекелеген бөлмелердің функционалдық мақсаты тамақтандыру объектісі етіп өзгертілген жағдайда, сондай-ақ көлемдік-жайғастыру және конструкциялық шешімдер өзгертілген жағдайда осы ғимараттардың немесе бөлмелердің жаңа мақсатта пайдаланылуына сәйкес нормативтік құжаттаманы басшылыққа алу қажет. 8.8 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында конструкциялық, көлемдік-жайғастыру және инженерлік-техникалық шешімдер және өрт болған жағдайда: - өрттің қауіпті факторларының әсері салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде дейін, олардың жасына және дене жағдайына қарамастан, сыртқа ғимарат жанындағы аумаққа эвакуациялау мүмкіндігін; - адамдарды құтқару мүмкіндігін; - өрт құралымдарының жеке құрамының жақын келу және өрт ошағына өрт сөндіру құралдарын жеткізу, сондай-ақ адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқару шараларын өткізу мүмкіндігін; - өрттің қатар орналасқан ғимараттарға таралмауын; - залалдың және өртке қарсы шараларға кеткен шығындардың экономикалық тұрғыдан негізделген арақатынасы кезінде ғимараттың ішіндегі мүлікті және ғимараттың өзін қоса алғандағы тікелей және жанама материалдық залалды шектеуді қамтамасыз ететін шаралар көзделуге тиіс. 8.9 Тамақтандыру объектілерін өрт-техникалық тұрғыдан жіктеу тамақтандыру объектісі ғимаратының (2-кестеде 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ бойынша), оның элементтерінің, материалдары мен конструкцияларының (30247.0 МемСТ, 30247.1 МемСТ, 30247.2 МемСТ, 30247.3 МемСТ, 30244 МемСТ) отқа төзімділік дәрежесін анықтау негізінде, сондай-ақ өрт қауіптілігі сыныбына байланысты жүргізіледі (30403 МемСТ). Тамақтандыру объектілерін жобалау кезінде 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ және 12.1.004 МемСТ келтірілген 3-қосымшадағы өрт-техникалық жіктелімді басшылыққа алу қажет. 8.10 Тұрғын үй, қоғамдық ғимараттар және тамақтандыру объектілерінің ғимараттары арасындағы өртке қарсы арақашықтық олардың отқа төзімділік дәрежесіне байланысты 8.1-кестеге сәйкес алынуы керек.
8.1-к е с т е
8.11 Отқа төзімділігі I, II дәрежелі тамақтандыру объектілерінің ғимараттары және отқа төзімділігі I, II дәрежелі өндірістік ғимараттар мен гараждар арасындағы ең төмен арақашықтық кемінде - 9 м, ал полимер немесе жанғыш материалдардан жасалған жылуұстағыш жабындары бар өндірістік ғимараттарға дейін 15 м болуға тиіс. 8.12 1-типті өртке қарсы қабырғалар арасындағы қабат ауданын тамақтандыру объектісі ғимаратындағы қабаттар санына, ғимараттың және оның элементтерінің отқа төзімділік дәрежесіне байланысты 1-кестедегі 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ бойынша анықтау керек. 8.13 Ғимараттар мен өрт бөліктері отқа төзімділік дәрежелері бойынша (2-кесте 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ), конструкциялық өрт қауіптілігі бойынша (3-кесте 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ), функционалдық өрт қауіптілігі бойынша (2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ 3.38-тармағы) бөлінеді. 8.14 Тамақтандыру объектілері функционалдық өрт қауіптілігінің Ф3.2 класына, тамақтандыру объектілерінің өндірістік және қойма бөлмелері Ф5 класына жатады. Өндірістік және қойма бөлмелері жарылу-өрт және өрт қаупі бойынша олардың ішіндегі (қолданылатын) заттар мен материалдардың санына және өрт-жарылу қаупінің қасиеттеріне байланысты олардағы өндірістің технологиялық процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, 01-94 РТЖН сәйкес санаттарға бөлінеді. 8.15 Тамақтандыру объектілері функционалдық өрт қаупінің басқа кластарына жататын ғимараттар құрамына кіруі мүмкін. Осындай жағдайларда өртке қарсы талаптарды орындау жөніндегі іс-шаралар ғимараттар мен имараттардың нақты типтері туралы ҚНжЕ, 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ талаптарына, сондай-ақ осы нормалардың ережелеріне сәйкес қарастырылуы керек. 8.16 Өрттің таралуын болғызбауға арналған өртке қарсы кедергілерді (өртке қарсы қабырғалар, арақабырға, аражабындар, аймақтар, шлюз-тамбурлар, есіктер, терезелер, люктер және клапандар) 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ 3.12 - 3.29-тармақтарының талаптарына сәйкес жобалау қажет. 8.17 Қолданылатын құрылыс конструкциялары 1 және 4-кестелердегі 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес отқа төзімділіктің ең төменгі шектерін қамтамасыз етуге тиіс. 8.18 Ғимараттар өрт туралы дабыл беру жүйелерімен жабдықталуға тиіс. Дабыл беру тәсілі (техникалық құралдар немесе ұйымдастыру шаралары) 2.02-11-2002 ҚР ҚН, 2.02-15-2003 ҚР ҚНжЕ, 9-қосымшадағы 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес тамақтандыру объектісі ғимаратының көлемдік-жайғастыру шешіміне байланысты анықталады. 8.19 2.02-11-2002 ҚР ҚН сәйкес автоматты өрт сөндіру және өрт сигнализациясы көзделуі керек. Автоматты өрт сөндіру құралдарын таңдау жобада өрттен қорғалатын бөлмелердің және техника-экономикалық негіздеменің технологиялық және конструкциялық ерекшеліктерін ескере отырып көрсетілуі керек. 8.20 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттары бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс. 8.21 Жылулық автоматты өрт сигнализациясы түскі ас залында, құрғақ өнімдер сақталатын бөлмеде, тиеу, ыдыстар, ас үй жанындағы киім-кешек бөлмесінде, ас үй жанындағы шаруашылық қоймасында көзделуі керек. Шикізатты және дайын өнімді сақтауға арналған қоймаларды түтінге сезімтал автоматты өрт сигнализациясы құралдарымен жабдықтау қажет. Осындай сигнализацияның іске қосылғаны туралы сигнал кезекші қызметкер тәулік бойы болатын бөлмеге немесе жақын арадағы өрт бөліміне жеткізілуі керек. 8.22 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ сәйкес 10 қабаттан төмен ғимараттарда 50 және одан көп адамды эвакуациялауға арналған табиғи жарық берілмейтін дәліздерде түтін шығаратын құрылғылар болуы керек. Табиғи жарық түспейтін үйасты қабатында жобалауға рұқсат етілетін тамақтандыру объектілерінің бөлмелері түтін шығарылатын құрылғымен қамтамасыз етілуге тиіс. Ауданы 200 м2 және одан үлкен киім ілетін бөлмелерде түтін шығару жүйесі жабдықталуға тиіс. Түтін шығаратын желдеткіштер түтінге сезімтал өрт хабарлағыштарынан дистанциялы іске қосылуы керек. Өрт кезінде үрлеу-сору желдеткіші жүйесінің тиісінше іске қосылуы қарастырылуы керек. Осы нормаларының талаптарында көзделмеген жағдайларда тамақтандыру объектілерінің ғимараттары мен жекелеген бөлмелерін түтіннен қорғау 4.02-05-2001* ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес орындалуға тиіс. 8.23 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттары мен бөлмелеріндегі эвакуациялау жолдарын 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ («Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»), 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ (өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар, «Эвакуациялау жолдары», «Лифтілер», «Биіктігі 10 қабатты және одан жоғары ғимараттарға қойылатын қосымша талаптар») талаптарын сақтау арқылы жобалау керек. 8.24 Эвакуациялау жолдарына 2.04-05-2002 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес табиғи жарық берілуі немесе авариялық жарық берудің дербес көзінен авариялық жарық берілуі керек. 8.25 Тамақтандыру объектілерінің барынша алыс орналасқан есіктерінен (дәретханадан, қол жуатын орындардан, душ қабылдайтын және басқа да қызмет көрсететін бөлмелерден басқа) эвакуациялау жолдары бойынша арақашықтық 9-кестедегі 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ көрсетілген шамадан аспауға тиіс. 8.26 Эвакуациялық жолдар тамақтандыру объектісіндегі барлық адамдарды эвакуациялық есіктер арқылы қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге тиіс. Эвакуациялау орындарын анықтау, сондай-ақ оларды орналастыруға қойылатын талаптар 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ 4-тарауында келтірілген. 8.27 Эвакуациялау орындары 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ 4.9 – 4.22-тармақтарының талаптарына сәйкес келуге тиіс. 8.28 Қоғамдық тамақтандыру объектілерінде эвакуациялау орындарын жобалау кезінде залдың ең алыс нүктесінен жақын жердегі қызметтік баспалдақ алаңшасына немесе ғимараттан шығатын орынға дейінгі арақашықтық 8-кестедегі 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ көрсетілген шамадан аспайтын болса, қызметтік баспалдақ алаңшаларын және залмен тікелей немесе өтпе жолмен (дәлізбен) байланысты ғимараттан шығатын орындарды есепке алуға болады. 8.29 Тамақтандыру объектісі ғимаратының әрбір қабатынан кемінде екі эвакуациялық есік қарастырылуы тиіс. Екі эвакуациялық есік орналастырылған жағдайда олардың әрқайсысы бөлмедегі, қабаттағы немесе ғимараттағы барлық адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуі тиіс. Биіктігі 15 м аспайтын тамақтандыру объектілері ғимараттарында баспалдақ алаңшасына шығатын жерлер 2-типті есіктермен жабдықталған кезде және ауданы 300 м2 аспайтын (немесе қабаттың басқа бөліктерінен өртке қарсы аражабындармен бөлінген бөлігінен), 20 адам болатын қабаттан бір эвакуациялау орны қарастырылады.
8.30 Сыйымдылығы 50 және одан көп орынға арналған тамақтандыру объектілерінде екінші эвакуациялау орны қарастырылады. Үйасты немесе жоғарғы ірге қабатында орналасқан ауданы 300 м2 бөлмеден, егер онда тұрақты түрде 5 адам болатын болса, бір эвакуациялау орны жол қарастырылады. Адамдар саны 6-дан 15-ке дейін жеткенде вертикаль баспалдақты өлшемі 0,6x0,8 м кем болмайтын люк арқылы немесе өлшемі кемінде 0,75x1,5 м шығуға бейімделген терезе арқылы екінші шығу орнын қарастыруға болады. 8.31 Ғимараттың әр түрлі функционалдық өрт қауіптілігіне жататын бөлігі дербес эвакуациялау орындарымен қамтамасыз етілуі керек. 8.32 Тамақтандыру объектісінің бірінші қабатына үйасты (шығыңқы ірге) қабатында орналасқан фойеден, вестибюльден, киім ілетін орыннан, шылым шегетін орыннан және санитарлық тораптардан шығатын орындарды тамбур-шлюз құрылғыларынсыз қарастыруға болады. 8.33 Тамақтандыру объектісінің ғимаратынан эвакуациялау орындарының саны ғимараттың кез-келген қабатынан эвакуациялау орындарынан кем болмауға тиіс. 8.34 Бөлмеден, қабаттардан және тамақтандыру объектісінің ғимаратынан эвакуациялау орындарының саны мен ені олар арқылы эвакуацияланатын адамдардың санына және адамдар жиналатын ең түкпіріндегі жерден ең жақын эвакуациялау орнына дейінгі рұқсат етілген шекті арақашықтыққа байланысты есептеледі. 8.35 Төтенше жағдайлар кезінде өрттен қорғауды қамтамасыз ету және адамдарды эвакуациялау мақсатында баспалдақтардың және баспалдақ алаңшаларының түрлі типтерін қолдану 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ, 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ талаптарына және осы нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. 8.36 Эвакуациялау жолдарында бұрамалы баспалдақтарды, жоспарда толықтай немесе ішінара қисық сызықты баспалдақтарды, сондай-ақ ұзын және қисық сызықты сатыларды, баспалдақ және баспалдақ алаңшасы шегінде ені және биіктігі әр түрлі сатыларды орналастыруға болмайды. Эвакуациялау жолдарында жіктестірілген баспалдақ алаңшасын қарастыруға рұқсат етілмейді. 8.37 Баспалдақ белдеулері мен алаңшаларында тұтқалары бар қоршаулар болуға тиіс. 8.38 IV климаттық ауданында және IIБ кіші климаттық ауданында сыртқы ашық эвакуациялық баспалдақтарды орнатуға болады. 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ сәйкес барлық климаттық аудандарда тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында екінші қабаттан екінші эвакуациялау орны ретінде сыртқы ашық баспалдақтарды пайдалануға болады. 8.39 Сыртқы өрт баспалдақтарын ғимараттың периметрі бойымен (бас фасадты қоспағанда) бір-бірінен 150 м аспайтын арақашықтықта орналастыру керек, бұл ретте 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ талаптары сақталуға тиіс. 8.40 Егер баспалдақ орналасқан бөлме онымен жалғасатын дәліздерден және басқа бөлмелерден өртке қарсы арақабырғамен бөлінген болса, онда биіктігі 9 қабатқа дейінгі, отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында ішкі баспалдақтардың бірін ғимараттың бүкіл биіктігіне ашық етіп орналастыруға болады. Бүкіл ғимаратқа автоматты өрт сөндіру құрылғысы орнатылған жағдайда, ашық баспалдағы бар бөлмені дәлізден және басқа бөлмелерден бөлмеуге болады. 8.41 Егер вестибюль, дәліздер және басқа бөлмелер арасында кәдімгі есігі және өртке қарсы аражабынды өртке қарсы арақабырғалар болған жағдайда, отқа төзімділігі І-ІІІ дәрежелі тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында вестибюльден екінші қабатқа дейінгі ішкі баспалдақты ашық етіп орналастыруға болады. Вестибюль болмаған жағдайда, отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында бірінші қабаттан екінші қабатқа немесе шығыңқы ірге қабаттан бірінші қабатқа дейін ашық баспалдақ орнатуға болады. Ашық баспалдақтың (немесе пандустың) ұзындығы еденнің ең шеткі нүктесінен сыртқа эвакуациялау орнына дейінгі арақашықтыққа қосу керек, алайда оның ауданы негізгі эвакуациялық өтпе жолдардың ауданына кірмейді. Үйасты немесе шығыңқы ірге қабатында фойе, киім шешетін орын, шылым шегетін орын және дәретхана орналасқан кезде үйасты қабатында немесе шығыңқы ірге қабаттан бірінші қабатқа дейін жекелеген ашық баспалдақтар қарастырылуы мүмкін. 8.42 Тамақтандыру объектісі бөлмелерінің қолданылу мақсатына қарамастан, ашық баспалдақтарға шектесетін вестибюльге, киім шешетін орынға, әр қабаттағы холлға және фойеге тікелей шығатын есіктер болуы керек. 8.43 Тамақтандыру объектісінің ғимаратындағы адамдарды эвакуациялауға арналған баспалдақ маршының ені 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ 4.29-тармағының немесе 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ 1.96-тармағының талаптарына сәйкес айқындалады. Үнемі 5-тен көп адам болатын қызметтік бөлмелерден шығатын қисық сызықты баспалдақтың, сондай-ақ қисық сызықты мерекелік баспалдақтардың жіңішке бөлігіндегі сатының ені - кемінде 0,22 м, ал қызметтік баспалдақтар кемінде 0,12 м болуға тиіс. 8.44 Баспалдақ алаңшасына, баспалдақтың әрбір типіне қойылатын талаптар, сондай-ақ эвакуациялау жолындағы баспалдақтың еңісі 2.02-05-2002. ҚР ҚНжЕ 4-тарауының ережелерімен айқындалады. Баспалдақ маршының еңісі кемінде: - жерүсті қабаттарында - 1:2; - үйасты және шығыңқы ірге қабатқа, шатыр астындағы кеңістікке апаратын баспалдақтар, сондай-ақ адамдарды эвакуациялауға арналмаған жерүсті қабаттарындағы баспалдақтар 1:1,5 етіп алынуы керек. Адамдар жүретін жолдардағы пандустардың еңісін кемінде: - тамақтандыру объектісі ғимаратының ішінде - 1:6; - сыртында - 1:8 ; - ғимараттың ішінде және сыртында мүгедектер арбамен жүретін жолдарда - 1:12 етіп қабылдау керек. 8.45 Баспалдақ алаңшаларының ені белдеу енінен кем болмауға, ал айқара ашылатын есіктері бар лифтілерге кіреберістерде - марш ені мен лифт есігі енінің жартысының қосындысынан, бірақ 1,6 м кем болмауға тиіс. Баспалдақтың тура маршындағы аралық алаңшалардың ұзындығы 1 м кем болмауға тиіс. 8.46 Жерүсті қабаттарынан, сондай-ақ үйасты немесе шығыңқы ірге қабаттардан адамдарды эвакуациялауға арнаған баспалдақ алаңшаларында бір қабаттың биіктігінде 1-типті тұтас өртке қарсы арақабырғамен бөлінген үйасты немесе шығыңқы ірге қабаттан сыртқа шығатын оқшауланған орындар қарастырылуы керек. Үйасты және шығыңқы ірге қабаттан шығатын эвакуациялық орындар ғимараттың жалпы баспалдақ алаңшаларынан тікелей сыртқа шығатын оқшауланған етіп қарастырылуы керек. 8.47 Баспалдақ алаңшаларынан объект ғимаратының айналасындағы аумаққа тікелей немесе жалғасып жатқан дәліздерден есігі бар арақабырғалармен бөлінген вестибюль арқылы шығатын есік қарастырылуы керек. Ортақ вестибюль арқылы екі баспалдақ алаңшасынан шығатын эвакуациялық есіктер орналастырылған кезде вестибюльге шығатыннан басқа, олардың біреуі тікелей сыртқа шығатын болуы керек. Егер үйастындағы немесе шығыңқы ірге қабаттан шығатын баспалдақ бірінші қабаттың вестибюліне тірелітн болса, осы вестибюльге шығатын есіктен басқа, ғимараттың жерүсті бөлігіндегі барлық баспалдақтан тікелей сыртқа шығатын есіктер болуы керек. 8.48 Баспалдақ алаңшаларында (түтін кірмейтіндерінен басқа) бірінші қабаттан төмен түсетін, жанбайтын материалдан жасалған лифт шахталарының қоршау конструкциялары бар кемінде екі жолаушылар лифтісін орналастыруға болады. 8.49 Түтін кірмейтін баспалдақ алаңшаларында жылыту аспаптарын қарастыруға болады. 8.50 Баспалдақ алаңшаларын әрбір қабаттағы сыртқы қабырғалардағы (үйасты баспалдақтарынан басқа) ойықтар арқылы табиғи жарық түсетін етіп жобалау керек. Ойық ауданы кемінде 1,2 м2 болуы керек. Отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі 2 қабатты ғимараттардың, сондай-ақ 3 қабатты ғимараттардың баспалдақ алаңшаларының 50 % баспалдақ марштары арасында кемінде 1,5 м тең болатын жарық түсетін кезде жоғарыдан жарықтандыруға ғана рұқсат етіледі. Табиғи жарықтандырылмайтын баспалдақ 2 немесе 3-типті түтін кірмейтін болуы керек. 8.51 Отқа төзімділігі І, ІІ және ІІІ дәрежелі, конструкциялық өрт қауіптілігі С0 және С1 сыныбына жататын тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында жабынға салынған шыны немесе ашық ойықтар арқылы табиғи жарықтандырылатын кәдімгі баспалдақ алаңшаларын қарастыруға болады. Бұл орайда тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында мұндай баспалдақтар 50 % аспауы керек; қалған баспалдақтардың әрбір қабаттағы сыртқы қабырғаларда жарық түсетін ойықтары болуы кеерк. 8.52 Биіктігі 10 және одан көп жерүсті қабаты бар тамақтандыру объектілерінің ғимаратында баспалдақ алаңшасына ашық өтпе жолдар бойынша сыртқы ауа аймағы арқылы қабаттан баспалдақ алаңшасына өтетін түтін кірмейтін баспалдақ алаңшасы қарастырылуы керек. Өзге жағдайларда 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ тиісті бөлігін, сондай-ақ биіктігі 10 және одан көп қабатты ғимараттарға қойылатын 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ берілген ерекше талаптарды басшылыққа алу қажет. 8.53 Отқа төзімділік пен конструкциялық өрт қауіпсіздігінің І және ІІ дәрежелі биіктігі 28 метрден аспайтын СО тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында қолданыстағы нормалармен талап етілетін эвакуациялық баспалдақ алаңшалары болған кезде екі қабаттан астамын қосатын 2-типтегі баспалдақтарды қолдануға жол беріледі. 2-типтегі баспалдақтар бойынша эвакуациялау жолының ұзындығын оның биіктігінің үш еселенген мөлшеріне тең деп қабылдау қажет. Вестибюльден екінші қабатқа дейін жеткізетін 2 типтегі баспалдақтар салу кезінде вестибюль дәліздер мен сабақтас үй-жайлардан 1-типтегі өртке қарсы қоршаумен ажыратылуы тиіс. 2-типтегі баспалдақтар орналасқан бөлме оған шектесетін дәліздермен және өзге бөлмелермен 1-типтегі өртке қарсы арақабырғалармен бөлінуі тиіс. 2-типтегі баспалдақтар орналасқан бөлмені өртке қарсы арақабырғалармен мынандай жағдайларда бөлуге болмайды. - бүкіл ғимаратта өздігінен өрт сөндіру құралдары орнатылған; - тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында биіктігі 9 метрден, қабаттың алаңы 300 м2-ден аспайтын бөлмелерді өртке қарсы қоршаумен ажыратуға жол берілмейді. 8.54 Өрт сөндіруші бөлімшелеріне арналған лифтілерге қойылатын талаптар 2.02.-05-2002 ҚР ҚНжЕ 4-қосымшада және 3.02.-02-2001 ҚР ҚНжЕ-нің тиісті бөлімінде қамтылған. Баспалдақ алаңшаларында орналастырылатын жолаушы лифтері металл торлармен қатар, армирленген шынымен де және отқа төзімділігі шегінің нормасы жоқ басқа да жанбайтын материалдармен де қоршалуы мүмкін; ғимараттардан тыс орналастырылатын лифтерде отқа төзімділігі шегінің нормасы жоқ жанбайтын материалдармен қоршаумен қоршауға жол беріледі. Биіктігі 10 қабат тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында жолаушы лифтерінің бірі өрт сөндірушілер бөлімшелерін тасымалдауға есептелуі тиіс. 8.55 Лифт шахталарының (8.54-тармақта көрсетілгеннен басқа) және лифтілер машина бөлімшелерінің бөлмелері (төсеніште орналасқаннан басқа), сондай-ақ коммуникациялар төселетін каналдар, шахталар мен төсемдерді қоршайтын конструкциялар 1-типтегі қоршауларға және 3-типтегі тасаларға қойылатын талаптарға сай келуі тиіс. Лифт шахтасы мен лифт машина бөлімшелері арасындағы қоршайтын конструкциялардың отқа төзімділігі шегі нормаланбайды. Жоғарыда аталған лифт шахтасындағы қоршауларда өртке қарсы есіктер салу мүмкін болмаған кезде өртке қарсы 1-типтегі қоршаулар және 3-типтегі тасаларымен тамбурлар немесе холлдар не өрт кезінде лифт шахтасының есіктегі саңылауларын өздігінен жабатын экрандар көзделуіне жол беріледі. Отқа төзімділігінің шегі 0,75 сағ осындай экрандар жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс. 8.56 Үйасты немесе жоғарғы ірге қабаттарында лифтілердің алдында өрт кезінде ауаны қысатын 1-типтегі тамбурлар (егер лифт шахтасында ауа қысымы көзделмесе), өртке қарсы қоршаулармен қоршалған лифтілік холлдар көзделуі тиіс. Лифтілік холлдар мен тамбур-шлюздердің есіктері өртке қарсы, жабылатын жерлері тығыздалған, өздігінен жабылатын болуы тиіс. Лифтілік шахталар жағындағы лифтілік холлдар мен тамбур-шлюздердің есіктерін шыны салмай-ақ жанбайтын материалдармен жасауға жол беріледі. 8.57 Егер аталған лифтілік шахталардың ауызында өрт кезінде ауаны қысатын 1-типтегі тамбур-шлюздері болмаса, ғимараттардың түтінденбейтін баспалдақ алаңшаларында лифтілік шахталардың өртке қарсы өздігінен көтерілетін қондырғыларын көздеу қажет. 8.58 Оларда өрт сөндіру қиын тамақтандыру объектілерінің ғимараттарының бөліктерінде (техникалық қабаттар мен қабаттар, үйасты немесе жоғарғы ірге қабаттар және т.с.с.) жану алаңын, оның тығыздылығы мен ұзақтығын шектеуге бағытталған қосымша құралдармен жабдықтау қажет. 8.59 Өрт қауіптілігі мен отқа төзімділік шегінің әртүрлі сыныбына жататын тамақтандыру объектілерінің ғимараттарының бір бөліктерін отқа төзімділік шегі нормаланатын және өрт қауіптілігі конструкциялары сыныптарындағы конструкциялармен немесе өртке қарсы қоршаулармен ажырату қажет. Осындай қоршау конструкциялары мен өртке қарсы тосқауылдарға қойылатын талаптар үй-жайлардың функционалдық өртке қауіптілігіне, өрт жүктемесіне шамасына, тамақтандыру объектісі ғимаратының отқа төзімділік шегінің дәрежесі мен конструкциялық өрт қауіптілігі сыныбына қарай белгіленеді. 8.60 Тамақтандыру объектілерін салу кезінде тымырсып жанудың таралуына сеп болатын құрылыс конструкцияларын қолдануға жол берілмейді. Құрылыс конструкцияларын бекіту түйінінің отқа төзімділігі конструкцияның өзінің отқа төзімділігі талабынан кем болмауға тиіс. 8.61 Құрылыс конструкцияларында осы конструкциялардың отқа төзімділігі шегін төмендететін электр төсемін салу үшін каналдар салуға жол берілмейді. Г1 (нашар жанатын), В1 (әрең жанатын), РП1 (жер бетінде от таралмайтын) топтардағы материалдардан жасалған, ашық салынған құбырларда электр төсемдерін салуға жол беріледі. 8.62 Тамақтандыру объектілері ғимараттарының ортақ дәліздерінде, баспалдақ алаңшаларында, вестибюльдерінде, холлдарында және фойелерінде V-ден басқа, барлық отқа төзімділік дәрежесіндегі жанатын материалдардан қабырғалар мен төбелерін қаптауға жол берілмейді. 8.63 Конструкцияларды әрлеу кезінде конструкциялардың ашық бетіне салынатын арнайы оттан қорғау жабындылары мен сіңдірмелерге қойылатын талаптарды сақтау қажет. Отқа төзімділік шегін ұлғайту немесе конструкциялардың өрт қауіптілігі сыныбын төмендету мақсатында оларды мерзімдік ауыстыру немесе қалпына келтіруге мүмкіндік бермейтін арнайы оттан қорғау жабындылары мен сіңдірмелерін пайдалануға жол берілмейді. 8.64 Өрт қауіпсіздігі бойынша аспалы төбелер олардың отқа төзімділігін арттыру үшін аспалы төбелер қолданылатын аражабындар мен жабындыларға қойылатын талаптарға сай келуге тиіс. Аспалы төбелерден кейінгі кеңістікте жанғыш газдарды, шаңсорғыш қоспаларды, сұйықтар мен материалдарды тасымалдау үшін қолданылатын каналдар мен құбыр өткізгіштерді орналастыруға жол берілмейді. А және Б санаттарындағы үй-жайларда аспалы төбелер көздеуге жол берілмейді. 8.65 Тамақтандыру объектілері ғимараттарындағы өртке қарсы тосқауылдар мен қоршау конструкциялары қосылатын жерлерде (оның ішінде ғимарат конфигурациясы өзгеретін жерлерде) осы тосқауылдардан өтіп, өрттің таралмауын қамтамасыз ететін іс-шаралар көздеу қажет. 8.66 Өрттен қорғау бөліктеріне объект ғимаратын ажырататын өртке қарсы қабырғалары олар өрт ошағы тарабынан ғимарат конструкциялары жарылған кезде өрттің өрттен қорғаудың сабақтас бөліктеріне тарамауын қамтамасыз ететіндей етіп жобалау қажет. 8.67 Өрттен қорғау тосқауылдарындағы саңылаулар өрт кезінде жабылатын болуға тиіс. Ашық күйінде пайдаланылуы мүмкін есіктер, қақпалар, люктер мен клапандарды өрт кезінде олар өздігінен жабылуын қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықтау қажет. Өрттен қорғау тосқауылдарындағы терезелер ашылмайтын, ал есіктер, қақпалар, люктер мен клапандар өздігінен жабылуын және саңылауы тығыздалуын қамтамасыз ететін құрылғылармен қамтамасыз етілуі тиіс. 8.68 А және Б санаттарындағы екі немесе одан да көп үй-жайларда ортақ тамбур-шлюздер құруға жол берілмейді. 8.69 Негізгі және арнайы өрт сөндіру машиналарының өтуі үшін кірме жолдар 3.01.-01-2002* ҚР ҚНжЕ, ІІ 89-80* ҚНжЕ, ІІ-97-76 ҚНжЕ талаптарына және осы нормалардың 7-бөлімінің ережелеріне сәйкес көзделуге тиіс. 8.70 Ықтимал өртті сөндіруге және құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған конструкциялық, көлемін жоспарлау, инженерлік-техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар 2.02.-05-2002 ҚР ҚНжЕ 6-бөлімінің ережелеріне сәйкес жобалануға тиіс. 8.71 Оларда жанғыш газдар, жарылғыш заттар, сондай-ақ тез жанатын материалдар қолданылатын немесе сақталатын үй-жайларды үйасты және жоғарғы ірге қабаттарда орналастыруға жол берілмейді. 8.72 Құстарды күйдіруге қолданылатын жанғыш газдар бар баллондарды тамақтандыру объектілері үй-жайларында орналастыруға жол берілмейді. 8.73 Қоқыс шығаратын жабдықтың құбыры жанбайтын материалдардан жасалуға тиіс. 8.74 Қоқыс жинайтын камера қоқыс шығаратын жабдықтың құбыры астында орналастырылуы әрі 1-типтегі өртке қарсы қоршаумен ажыратылуы тиіс. Қоқыс жинайтын камера құбырының желісінде автоматты синклерлер орнатылуы тиіс. Қоқыс жинайтын камераның мұржасы тікелей сыртқа шығуы тиіс әрі ғимарат есігінен қабырғамен (экранмен) ажыратылуы тиіс; қоқыс жинайтын камераның мұржасының үстінде жанбайтын материалдардан қалпақ орнатылуы тиіс.
9 Қимыл-қозғалысы шектеулі келушілердің топтары үшін тамақтандыру объектілерінің қол жетімділігіне қойылатын талаптар
9.1 Тамақтандыру объектілерін жобалау, қолда бар ғимараттарды тамақтандыру объектілеріне реконструкциялау кезінде халықтың барлық санаттарын, оның ішінде мүгедектер мен халықтың қимыл-қозғалысы шектеулі топтарына қызмет көрсетудің бірдей жағдайларын қамтамасыз ету қажет. 9.2 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттары мен үй-жайларының функционалдық-жоспарлау элементтеріне, кіру тораптарына, келушілерге қызмет көрсету аймақтарына, сондай-ақ 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ-де жазылған ақпараттық және инженерлік құрылғыларға қойылатын талаптардың сақталуы: - қызмет көрсету орындарының қол жетімділігін, тамақтандыру объектілерінің ғимаратының және оның құрылыстарының ішінде кедергісіз қозғалуды қамтамасыз етуге; - қозғалыс жолдарының (оның ішінде эвакуациялық), қызмет көрсету және демалыс орындарының қауіпсіздігін; - толық әрі сапалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз етуге; - мүгедектер мен қимыл-қозғалысы шектеулі келушілерге ыңғайлы әрі жайлы болуына мүмкіндік береді. 9.3 Құрылыс учаскелерін, кірме қозғалыс жолдарын, баспалдақтар, пандустар, лифтілер, көтергіштер, ішкі жабдықтар, санитарлық тораптар мен өндірістік бөлмелер салу жобаларында 3.02-05-2003 МҚН 5-бөлімінің, 3.06-15-2005 ҚР ЕЖ-ның 5-8 бөлімдерінің талаптары орындалуға тиіс. 9.4 Келушілерге қызмет көрсету орындарын, жұмыс орындарын жобалау кезінде 3.02-05-2003 МҚН 6.2, 6.3 тармақшаларының талаптары басшылыққа алынуы керек. 9.5 Тамақтандыру объектілерінің санитарлық тораптарының жоспарлау шешімдерінде 3.06-31-2005 ҚР ЕЖ-ның 5.12, 5.13 тармақшаларында аталған талаптарды пайдалану ұсынылады.
10 Санитарлық-гигиеналық және инженерлік-технологиялық талаптар
10.1 Тамақтандыру объектілерінің санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде оларды орналастыруға, жер учаскелерін беруге, құрылыс пен реконструкциялауға жобалық құжаттаманы бекітуге жол беріледі. 10.2 Тұрғын ғимараттарда орналасқан тамақтандыру объектілерінде ғимараттың тұрғын бөлігінен бөлек есіктер болуы керек. 10.3 Тұрғын ғимараттардың терезелері жанында және тротуарларда тамақтандыру объектілерінің жазғы алаңдарын, тамақ жасау және дыбыс шығаратын аппаратура бойынша технологиялық жабдықтарды орналастыруға тыйым салынады. Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында тұрғын бөлмелерді, қоғамдық тамақтандыруға байланысы жоқ жұмыстар мен қызметтер ұсынылатын бөлмелерді орналастыруға, сондай-ақ жануарлар мен құстар ұстауға жол берілмейді. 10.4 Тамақтандыру объектілерінің аумағы абаттандырылуға тиіс. Тамақтандыру объектілерінің аумағында қоқыс жинау үшін асфальт төселген немесе бетон салынған көлік уақытша тұратын алаңдар көзделуге тиіс. Қоқыс жинауға арналған контейнерлер алаңы тамақтандыру объектілері ғимараттарының терезелері мен есіктерінен кемінде 25 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Контейнерлер алаңның шетінен кемінде 1 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Қоқыс жинау алаңының тараптары қоқыс жинауыштың жан-жағынан 1,5 метр қашықтықта жобалануы тиіс. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жалпы аулалық алаңдарында қоқыс жинау объектісіне арналған алаңды орналастыруға жол беріледі. Тамақтандыру объектілерінің аумағында орналасқан тамақтандыру объектісінің ғимаратына кіре берісте сәкілер мен автотұрақта қоқыс жәшіктері орнатылуы тиіс. 10.5 Тамақтандыру объектілерін сумен жабдықтау және кәріздері қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің: 4.01-01-2001 ҚР ҚНжЕ, 4.01-02-2001 ҚР ҚНжЕ, 2.04-03-85 ҚНжЕ, 3.05.01-85* ҚНжЕ-нің талаптарына сәйкес жобалануы тиіс. 10.6 Пайдаланатын судың мөлшері У қосымшасына сәйкес судың шығыс нормаларына сәйкес өндіріс қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс. 10.7 Су құбыры жоқ елді мекендердегі тамақтандыру объектілерін сумен жабдықтауға арналған сумен жабдықтау көзі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы негізінде таңдап алынуы тиіс. 10.8 Тамақ дайындау және ыдыс-аяқ жууға пайдаланылатын су ауыз суға қойылатын талаптарға сай болуы тиіс. 10.9 Ыстық және суық су жеткізу барлық жуу ванналары мен қоспалары бар қолжуғыштарда, сондай-ақ қажетті технологиялық жабдықтарда көзделуі тиіс. Су алу нүктесіндегі ыстық судың температурасы кемінде 65 0 С болуы тиіс. Технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға арналған сумен жабдықтау жүйесіндегі ыстық суды пайдалануға тыйым салынады. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған кезде дербес су көздерін (су жылытқыштар) орнату арқылы өндірістік цехтар мен жуу бөлмелерін ыстық сумен жабдықтауды көздеу қажет. 10.10 Тамақтандыру объектілері өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарға арналған жеке кәріз жүйелерімен жабдықталуы тиіс. 10.11 Кәріз жоқ елді мекендерде объектілерді орналастыру кезінде өндірістік және тұрмыстық сарқынды суларды бұруға арналған жеке жергілікті кәріз құрылысы көзделуі тиіс. Сарқынды суларды қабылдау қатты жабылатын қақпағы бар люкпен жабдықталған бетондалған жерасты су кірмейтін сыйымдылықта жүзеге асырылады. 10.12 Даладағы дәретхана және бетондалған су кірмейтін сыйымдылық өндірістік үй-жайлардан, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардан кемінде 25 метр қашықтықта орналасуы тиіс. 10.13 Түскі ас залдары, өндірістік және қоймалық бөлмелердің төбесі ішкі кәріз желілерін салуға жол берілмейді. Өндірістік және қоймалық бөлмелердегі кәріз тікқұбырлары сыланған қораптарда салынады. 10.14 Тұрғын үйлерде және өзге де мақсаттағы ғимараттарда орналастырылған тамақтандыру объектілеріндегі тұрмыстық және өндірістік кәріздердің желілері осы ғимараттардың шаруашылық-фекалдық кәріздерімен біріктірілмеуі тиіс. 10.15 Барлық өндірістік цехтарда, жуу, дефростерде, тамақ қалдықтарын сақтау камераларында еденнің оған қатысты еңістігімен 100 м2 алаңы есебінен (бірақ кемінде бір бөлмеде) траптар көзделуі тиіс. 10.16 Барлық объектілер келушілер қол жуатын қолжуғыштармен жабдықталады. 10.17 20-дан астам отыратын орны бар объектілерде персонал мен келушілерге арналған дәретханаларды қосуға тыйым салынады. Персоналға арналған дәретхана тамбурында еденнен 0,5 метр деңгейде еден жууға арналған су жинау краны көзделеді. 10.18 Өндірістік бөлмелер және келушілерге арналған бөлмелер микроклиматының көрсеткіштері С қосымшасына сәйкес гигиеналық нормативтерге сай келуі тиіс. 10.19 Өндірістік, қосымша және санитарлық-тұрмыстық бөлмелер 4.02-05-2001* ҚР ҚНжЕ, 8.02-05-2002 ҚР ҚН талаптарға сәйкес үрлеу-сору механикалық желдеткішімен жабдықталуы тиіс. 10.20 Тамақтандыру объектілері өндірістік бөлмелерді, келушілерге арналған бөлмелерді жобалау, реконструкциялау және пайдалану кезінде шудан қорғайтын: дыбысты жабатын құрылыс материалдарымен бөлмелерді өңдеу; дыбыс жұтатын қаптамалар қолданылған амортизаторларға электр двигательдерін орнату; виброжұтқыш іргетасқа жабдықтар орнату; музыкалық өңдеу қуатын шектеу; аражабыннан 40-50 см қашықтықта аспалы төбелер салу; жабдықтарды уақтылы жөндеу және жалпы жөндеу жөніндегі іс-шаралар орындалу тиіс. 10.21 Өндірістік бөлмелердің кемінде 1,8 метр қабырғалары дымқыл тазалау мен дезинфекцияға шыдайтын тақтамен немесе басқа да материалдармен қапталуы, ал қоймалық бөлмелер 1,8 метр биіктікте суға төзімді бояумен боялуы тиіс. Едендер сырғанауын болдырмайтын соққыға төзімді материалдардан жобалануы тиіс. Залдарды өңдеу жууға және дезинфекцияға шыдайтын материалдардан жобалануы тиіс. 10.22 Желдеткіштерді, кондиционерлерді, сүзгі камераларды, ауа жылытқыштарын, жылу ұстағыштарды, шаң ұстағыштарды, сүзгілерді, клапандарды, дыбыс басқыштарды және тағы басқаларды (бұдан әрі - жабдықтарды): жабдықтарда - дайындаушы зауыттың деректері бойынша; тарту жүйелерінің ауа өткізгіштерінде желдеткішке дейінгі және желдеткіштен кейінгі сүзгі жүйелеріндегі сорылғаны мен тығыздығы нашар болғандықтан ысырабын ескере отырып, есепті ауа ысырабын негізге ала отырып (олар қызмет көрсететін шекте салынатын жалпы ауа алмасу желдеткіші жүйелерінің ауа жүретін учаскелерін қоспағанда) таңдау қажет. 10.23 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында қоқысты шығару және шаң тазалау жүйелерін жобалау қажет. 10.24 Тамақтандыру объектілерінің 5 және одан көп қабатты ғимараттарында қоқыс шығару құбырларын көздеу қажет. Тиісті негіздеме болған жағдайда одан қабаты аз ғимараттарда да қоқыс шығару құбырларын орналастыруға рұқсат етіледі. 10.25 Қоқыс шығарудың пневматикалық жүйелерін орналастыру қажеттілігі жобалауға арналған тапсырмамен айқындалады. 10.26 Қоқысты шығару және шаң тазалау жүйелерінің жобасы 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ талаптарына сай келуі тиіс.
11 Функционалдық-кеңістік талаптары. көлемдік-жайғастыру және конструкциялық шешімдерге қойылатын талаптар
Жалпы ережелер
11.1 Жаңа және реконструкцияланатын тамақтандыру объектілерінің жобалары өндірісті дамытудың, орналастырудың қала жағдайларының озық бағыттарына, халықтың артып отырған қажеттіліктеріне сай келуі тиіс. Тамақтандыру объектілерін жобалау құрылыс пен қоғамдық тамақтандырудағы ғылыми-техникалық прогресстің қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. 11.2 Сәулет-жоспарлау, көлемдік-жайғастыру, конструкциялық шешімдер, құрылыс материалдары, техникалық қамтамасыз ету және технологиялық жабдықтар 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ, 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сай келуі тиіс. 11.3 30389 МемСТ бойынша белгіленетін кез келген типтегі және сыныптағы тамақтандыру объектілерінде тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс. 11.4 Тамақтандыру объектілерін жобалау кезінде санитарлық-гигиеналық, технологиялық, өрттен қорғау, экологиялық, электр қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары орындалуы тиіс. 11.5 Басқа ұйымдар мен мекемелер ғимараттарының бір бөлігі болып табылатын тамақтандыру объектілері бөлмелерінің құрамы мен алаңдарын тиісті объектілерді жобалау нормаларына сәйкес, ал ондай жоқ болса, ҚНжЕ деректері талаптары ескерілген жобаға тапсырма немесе жоба бойынша айқындалуы тиіс. 11.6 Тамақтандыру объектілері бөлмелерінің құрамы, ғимараттарының алаңдары мен құрылыс көлемі, технологиялық жабдықтары қызмет көрсетілетін объект, ұсынылатын есептік көрсеткіштер, объектінің функционалдық құрылымы, қажетті коммерциялық тиімділігі ескерілген тапсырмамен айқындалады. 11.7 Тамақтандыру объектілерінің сыйымдылығы, бөлмелерінің құрамы мен алаңдары, бөлмелердің функционалдық өзара байланысының схемалары мен қағидатты жоспарлау шешімдері негізгі екі факторға: оның негізінде объект жұмыс істейтін технологиялық негіз – бастапқы өнімнен, сондай-ақ келушілерге қызмет көрсету нысандары мен әдістеріне тәуелді. 11.8 Бастапқы өнімге қарай (шикізат, шала өнімдер мен жоғары дәрежедегі дайын өнім) барлық тамақтандыру объектілері мыналарға жіктеледі: - дайындама – шикізат өңдеу мен өнім дайындаудың толық технологиялық циклы бар; - жете дайындау - технологиялық циклы толық емес. Біріншісіне шикізатпен жұмыс істейтін тамақтандыру объектілері: ресторандар, асханалар, кафелер, дәмханалар, кулинарлық цехтар, жете дайындау объектілеріне қызмет көрсете алатын ерекше мамандандырылған және өз өнімдерімен кулинария дүкендерін жабдықтайтын объектілер жатады. Екіншісіне шала өнімдермен және жоғары дәрежедегі дайын өнімдермен жұмыс істейтін тамақтандыру объектілері: кафелер, асханалар-жете дайындау, дәмханалар, жылдам қызмет көрсете алатын объектілер жатады. 11.9 Келушілерге қызмет көрсететін тамақтандыру объектілері қызмет көрсету нысандары мен әдістеріне қарай бөлінеді: официанттар арқылы қызмет көрсететін тамақтандыру объектілері және өзіне өзі қызмет көрсететін тамақтандыру объектілері. 11.10 Тамақтандыру объектілерін жобалау кезінде келушілерге қызмет көрсетудің әртүрлі нысандарын, жете дайындау объектілерін технологиялық негізбен жабдықтауды ұйымдастыру, өнімдер жеткізу процесін және басқа еңбекті қажетсінетін процестерді барынша механикаландыру және автоматтандыру. Тамақтандыру объектілерінің көлемдік-жайғастыру шешімдері мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс: - технологиялық процестің ағынын; - технологиялық негіз бен дайын өнімнің төте ағындарын болдырмау; - пайдаланылған және таза ыдыстың төте ағындарын болдырмау; - келушілер мен қызметкерлер қозғалысы жолдарының қиылысуын болдырмау. 11.11 Тамақтандыру объектілерін жобалау сыйымдылық негізінде – түстену залындағы орын санына қарай жүзеге асырылуы тиіс. 11.12 Тамақтандыру объектілерінің функционалдық-жоспарлау құрылымында бөлмелердің екі санаты: келушілерге арналған бөлмелер (вестибюльдер, түскі ас залы, холлдар және т.с.с) және тамақ дайындаумен байланысты бөлмелер (өндірістік, қоймалық, әкімшілік-тұрмыстық және техникалық бөлмелер). Тамақтандыру объектілері өзіне мынадай бөлмелер топтарын қамтиды: келушілерге арналған бөлмелер, өндірістік бөлмелер, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелер, техникалық бөлмелер. 11.13 Азаматтық қорғаныс құрылыстарын орналастыру схемасы бойынша айқындалатын тамақтандыру объектілерінің жекелеген ғимараттарында 2.04-09-2002 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес екі ұдайы мақсаттағы бөлмелерді жобалау қажет. 11.14 Официанттар арқылы қызмет көрсететін және өзіне өзі қызмет көрсететін, шикізатпен және шала өнімдермен жұмыс істейтін тамақтандыру объектілері бөлмелерінің құрамы әртүрлі (Д-И қосымшаларында келтірілген), сондай-ақ функционалдық-технологиялық және өзара байланысты жоспарлаудың әртүрлі схемалары. Өзінің кулинариялық өнімдерін объектіден тыс орналасқан сауда бөлімдері мен дүкендерде өткізетін тамақтандыру объектілерінің құрамында буып-түю, таңбалау, сақтау және өнімдері бөлек есік арқылы босататын бөлмелер көзделуі тиіс. 11.15 Кешенді тамақтандыру объектілерінде олардың жиынтық алаңдарын 10-15 % дейін қысқартылуы ықтимал қоймалық, әкімшілік-тұрмыстық, техникалық бөлмелердің біртұтас кешенін жобалауға жол беріледі. Жете дайындау және жуу сияқты өндірістік бөлмелер топтары кешен құрамына кіретін әрбір объект типінде көзделуі мүмкін. 11.16 Келушілердің белгілі бір типіне қызмет көрсететін тамақтандыру объектілерінде арнайы қызмет көрсету аймақтарын көздеу ұсынылады, мысалы диета залы, емдік-профилактика залы. 11.17 Тамақтандыру объектілерін мынадай түрде жобалау ұсынылады: түстену залдары мен персоналға арналған бөлмелер оңтүстік пен оңтүстік шығысқа қаратылады, ал өндірістік және қоймалық бөлмелер солтүстік пен солтүстік шығысқа қаратылады. 11.18 Тамақтандыру объектілерінде алаңы 5 м2 аз бөлмелерді жобалауға жол берілмейді. 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ сәйкес белгіленген нормалы алаңдарды азайту бөлмелер топтары немесе жеке бөлмелер үшін 5 %-тен; тұрғын үйлерге жапсарлас салынған объектілердің бөлмелері үшін 15 %-тен аспауы тиіс. 11.19 Техникалық қабатты қоспағанда, тамақтандыру объектісі қабатының биіктігі (еденнен еденге дейін) 3,3 метрден кем болмауы тиіс. 11.20 Тамақтандыру объектісі бөлмелерінің шығыңқы конструкциялар мен аспалы төбелердің етегіне дейінгі биіктігі кемінде 3,0 метр болуы тиіс. 11.21 Сыйымдылығы 50 орынға дейінгі, тұрғын үйлерге жапсарлас салынған тамақтандыру объектілерінің биіктігін тұрғын үйлердің биіктігі бойынша қабылдауға жол беріледі. 11.22 Өндірістік бөлмелердің биіктігін: - 3,0 м - 150 орынға дейінгі объектілер; - 3,5 м - 150-ден 300 орынға дейінгі объектілер; - 3,6 м - 300 орын және одан да көп объектілер. Ыстық цехтар мен жуу цехтары бөлмелерінің биіктігін олармен сабақтас түстену залдарының биіктігінен төмендетпей әрі 3,6 метрден асырмай жобалау ұсынылады. Өндірістік, қоймалық және тұрмыстық бөлмелердегі шығыңқы блоктардың етегіне дейінгі биіктігін 2,7 метр етіп қабылдауға жол беріледі. 11.23 Тамақтандыру объектісінің көлемдік-жайғастыру шешіміне және технологиялық талаптарға қарай қосалқы мақсаттағы жеке бөлмелерде және дәліздерде биіктігін 1,9 метрге дейін төмендетуге жол беріледі; қоймалық бөлмелердің биіктігі шығыңқы конструкциялардың түбінен кемінде 2,5 метр құрауы тиіс. 11.24 Төбесі еңістеу немесе кейбір бөліктерінің биіктігі әртүрлі бөлмелерде үй-жайдың биіктігі ең төменгі биіктік талаптарына сай болуы тиіс. Оның кез келген бөлігіндегі үй-жайдың биіктігі жүргізілген шуға қарсы іс-шаралар ескеріле отырып, кемінде 2,5 метр құрауы тиіс. 11.25 Объектінің барлық функционалдық топтары адамдар қозғалысының және жүк ағындарының жолдарын қоспағанда, жіті аймақтарға бөлініп, өндірістік дәліздер арқылы қолайы өзара функционалдық-технологиялық өзара байланысы болуы тиіс. Бөлмелер топтары бойынша дәліздердің енін 11.1-кестеге сәйкес қабылдау ұсынылады. 11.26 Тамақтандыру объектісіне кіру тұтынушылардың екі қарсы ағынының бір мезгілде қозғалысын қамтамасыз етуі тиіс. Зал сыйымдылығы 50 орыннан астам тамақтандыру объектілерінде тұтынушылар мен персонал үшін бөлек кіретін есіктер мен баспалдақтар жасалуы тиіс. Сыйымдылығы 100 орынға дейінгі тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында персонал үшін есікті қабылдау бөлмелерінде жобалауға жол беріледі. 11.27 Тамақтандыру объектісі бөлмелерінің қабырғалары мынадай пайдалану талаптарына сай болуы тиіс: - өңдеу кемінде 1,8 метр биіктігінде суға төзімді болуы тиіс; - келушілер мен персонал өтетін жерлерде қабырғалардың қасында орналасқан отыратын орындардың маңындағы бояу немесе пленкалық материалдарды гигиеналық жабындысы бар ернеумен немесе берік материалдардан панельдермен экрандау қажет. 11.28 Тамақтандыру объектісі бөлмелерінің қабырғаларында габариті ірі жабдықтарға арналған монтаждау ойыстарын көздеу қажет. 11.29 Үлестіру орындары мен барлардың үстіндегі төбені әрлеу суға төзімді болуы тиіс. 11.30 Қабырғалар мен төбелердің өңделуі кемінде 250-300Гц дыбыс жұту қабілетіне ие болуы тиіс. 11.31 Дымқыл режимді үй-жайлардағы бағандарда биіктігі 1,8 метр, ал салқындату камераларында - үй-жайдың толық биіктігіне суға төзімді өңдеу болуы тиіс. Көлік құралдары қозғалысы жолдарында орналасқан колонналар, қабырғалар мен аражабындар механикалық зақымданудан қорғалуы тиіс. 11.32 Тамақтандыру объектілері ғимараттарының терезелері мен витраждарын жобалауды терезелер мен витраждарды жекелеген элементтерге бөлу арқылы санитарлық өңдеу үшін мерзімді түрде қауіпсіз ашу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып жүзеге асыру қажет. 11.33 Еден жабынына қажетті материалдарды таңдау кезінде мынадай талаптарды басшылыққа алу қажет: - еден жабынының материалдары дымқылдап тазарту мен дезинфекциялауды қамтамасыз етуі керек; - еден жабынының материалдары берік, шаңсыз, уытсыз болуы керек;
11.1-к е с т е
- еден жабынының материалдарында қарамай мен қарамай жағымы болмауы керек; - көшеге тікелей шығатын бөлмелердегі, сондай-ақ жуу бөлмелеріндегі, дәретханадағы және душтағы жабындар ылғалға төзімді болуы керек; - келушілер және/немесе қызметкерлер легі көптеп жүретін орындарда еден жабындарының тозуға төзімділігі басқа бөлмелердегі едендердің тозу шегінен 4 есеге артық болуы керек; - жабын материалдары жарақат алуды болдырмауы керек; - басты өтпе жолдарда, сондай-ақ үлестіру орны жанындағы өтпе жолдарда еден жабыны тайғанақ болмауы керек; теріде тайғанау коэффициенті 0,2-ден кем болмауға тиіс; - тамақтандыру мен бос уақытты өткізу қызметтерін біріктіретін объектілерде еден жабыны шусыз, дыбысбәсеңдеткіш және жылу ұстайтын болуы керек. 11.34 Едендердің конструкциясында қуыс болмауы керек. 11.35 Ылғал процестер өтетін бөлмелерде (өндірістік бөлмелер, санитарлық тораптар мен душ бөлмесі), сондай-ақ трап орнатылатын жерлерде еденді су өтпейтіндей етіп оқшаулау керек. Ылғал процестер өтетін бөлмелердің едендері траптарға қарай кемінде 1 % еңіс болуы керек. Жуыну, дәретхана және душ бөлмелері еденінің белгісі көршілес бөлмелер еденінің белгісінен 2 см төмен болуы керек. 11.36 Өндірістік бөлмелерде және өзіне-өзі қызмет көрсету залдарында едендер деңгейінің төмендеуіне жол берілмейді. 11.37 Азық-түліктер, дайын тағамдар мен пайдаланылған ыдыстар тасымалданатын жолдарда табалдырық орнатуға болмайды.
Келушілерге арналған бөлмелер
11.38 Келушілерге арналған бөлмелер мынадай көрсеткіштерге: объектінің түріне, оның сыйымдылығына, қызмет көрсету нысандары мен әдістеріне, келушілердің контингентіне қарай жобалануы керек. 11.39 Келушілерге арналған бөлмелердің құрамына бөлмелердің мынадай кіші топтары: түскі ас залы (аванзалды, эстраданы және т.б. қоса алғанда) және қосалқы бөлмелер (вестибюль, холл, гардероб, дәретхана және басқа да қосымша қызмет көрсететін бөлмелер) кіреді. Келушілерге арналған бөлмелердің ауданы М, Н қосымшаларына сәйкес алынуы керек. Тамақтандыру мен бос уақытты өткізу қызметтері біріктірілген объектілерде, сондай-ақ қосымша қызметтерді ұсынатын тамақтандыру объектілерінде келушілерге арналған бөлмелердің ауданын 25%-ке дейін ұлғайту көзделуі керек. 11.40 Өзіне-өзі қызмет көрсететін объектілердегі түскі ас залдары тамақты алу және қабылдау аймақтарына бөлінеді. Қызмет көрсету тағамдардың шектеулі немесе кешенді түрлері ұсынылатын жылдам қызмет көрсететін тамақтандыру объектілерінде бармендер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін; мұндай жағдайда тамақ алу аймағы бар тірегі жанына шоғырландырылады. Тамақ алу аймағы тағамдардың кең ассортименті ұсынылатын тамақтандыру объектілерінде (дәмхана, асхана) үлестіру желісінің бойымен орналасуы мүмкін. 11.41 Түскі ас залдарын өндірістік бөлмелердің негізгі тобымен: ыстық және суық цехтармен, ыдыс жуу, үлестіру бөлмелерімен бір деңгейде орналастыру ұсынылады. 11.42 Үлестіру алаңын қоспағанда, түскі ас залының ауданын залдағы бір орынға кем дегенде: - мейрамханаларда......................................1,8 - көпшілік пайдаланатын асханалар мен жоғарғы оқу орындарының асханаларында..........1,6 - жалпыға білім беру мекемелерінің асханаларында...............................................................0,8 - дәмханада, асханада және сыра барларында...................................................................1,4 - автомат-дәмханаларда, жылдам қызмет көрсететін тамақтандыру объектілерінде және алкогольсіз барларда, туристік лашықтар мен жетімханаларда ......................................................1,2 - балалар лагерьлері (жазғы) мен жоғарғы сынып оқушыларын сауықтыру лагерлерінде..... 1,0 - балаларға арналған санаториялық лагерьлерде........................................................................1,4 - мектептер мен мектеп-интернаттарда: - 80 орынға дейінгі залда...........................0,75 - 80 орыннан астам залда..........................0,65 - кәсіби-техникалық училищелерде.............0,8 - орта арнайы оқу орындарында.................1,3 - санаторийлерде, профилактикалық санаторийлерде, демалыс үйлерінде (пансионаттарда), демалыс базаларында, жастар лагерьлерінде, туристік базаларда: - өзіне-өзі қызмет көрсеткен кезде..............1,8 (үлестіру желісін қоса алғанда) - даяшылар қызмет көрсеткен кезде.........1,4 м2 етіп қабылдау керек.
Е с к е р т у 1 Мамандандырылған тамақтандыру объектілеріндегі залдардың ауданы жобалауға берілген тапсырма бойынша алынуы керек. 2 Жалпы білім беру мекемелеріндегі асхананың түскі ас залындағы орындар саны оқушылардың, оқытушылардың және жалпы білім беру мекемелері әкімшілігі санының 1/3 есебінен айқындалады.
11.43 Түскі ас залдарындағы өтпе жолдардың енін 11.2-кестеде көрсетілгеннен кем болмайтындай етіп қабылдау ұсынылады. 11.44 Қосымша қызмет көрсету бөлмелері темекі шегетін бөлмелерді қамтиды. Темекі шегетін бөлмелер сыйымдылығы 100 және одан көп орынға арналған тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында көзделуге тиіс. 11.45 Өзіне-өзі қызмет көрсететін тамақтандыру объектілерінде үлестіру желісі өндірістік бөлмелер тобы мен түскі ас залының арасындағы байланыстырушы звено болып табылады. Үлестіру желісі өндірістік бөлмелермен тікелей байланысты бола отырып, түскі ас залында орналасады. Үлестіру желісі түскі ас залы мен ыстық цехтың арасында орналасқан жағдайда және олардың арасында аражабын болмаған кезде еденнен төбеге дейін 2 метр аралықта жанбайтын немесе жануы қиын материалдан экран қарастырылуы керек.
11.2-к е с т е
Үлестіру желісін түскі ас залдарынан шектеуші экранмен (тосқауыл, декоративтік аражабындар және т.б.) бөлу ұсынылады. Үлестіру жабдықтарынан шектеуші экрандардың арақашықтығы бір қатарлы кезек кезінде – 0,9 м, кезектің жылуы көзделсе – 1,2 метр болуы керек. 11.46 Келушілердің легі біркелкі болатын және мәзірі әр түрлі өзіне-өзі қызмет көрсететін тамақтандыру объектілерінде өзіне-өзі қызмет көрсетудің үлестіру желісін қолдану ұсынылады. Кешенді тағам түрлерін ұсынатын тамақтандыру объектілерінде келушілер легі көп болған кезде механикаландырылған үлестіру желілерін пайдалануға болады. 11.47 Өзіне-өзі қызмет көрсететін тамақтандыру объектілерінде түскі ас залында орналасқан барлар екі бөлмеден тұрады: азық-түлікті босатуға арналған бөлме және азық-түлікті сақтауға арналған бөлме. Азық-түлікті босатуға арналған бөлме залға қарай бағытталуы және бар тіреуімен, салқындатқыш сөрелермен, мұзгенераторларымен, стеллаждармен, тауар қойғыштармен жабдықталуы керек. Бұл ретте, тауарларды тасымалдау жолы мен келушілер жолының тоғысуына жол берілмейді. 11.48 Даяшылар қызмет көрсететін тамақтандыру объектілерінің үлестіру аймақтары мен барлары өндірістік бөлмелер тобының аумағында орналасады. 11.49 Көпшілік пайдаланатын тамақтандыру объектілеріне келушілердің сыртқы киім ілетін киім ілгіштердегі орындар саны келушілердің кідіріп қалуын көздейтін 1,1 коэффициентке көбейтілген залдың сыйымдылығы есебінен айқындалады. Киім ілгіштердің ұзындығы 1 метр киім ілгішке 6 ілгек есебінен айқындалады. 11.50 Дәретханаларды адамдар болатын жерден неғұрлым алшақ 75 метрден аспайтын қашықтықта орналастыру керек. Келушілер үшін дәретханаға кірер жолды вестибюль не шлюз арқылы жасау қажет. 11.51 Даяшылар қызмет көрсететін мейрамханалар мен кафелердегі дәретханалардың шлюздарында кемінде 4 м² қосымша алаң көзделеді. 11.52 Сыйымдылығы 300 орыннан кем болатын тамақтандыру объектілерінде келушілер үшін кафелердегі унитаз саны әр 60 орынға 1 унитаз, 300-ден көп болғанда - әр 100 орынға қосымша 1 унитаз есебінен анықталады. Тамақтандыру объектілерінде: ерлер және әйелдер үшін 2 дәретхана жобалау керек. 11.53 Ерлер дәретханасында әр унитазға 1 писсуардан; сыра барларындағы дәретханаларда 2 писсуардан көзделеді. 11.54 Дәретхана шлюздарында әр 4 унитазға 1 қолжуғыштан, бірақ біреуден кем болмауға тиіс 11.55 Вестибюльдерде немесе жекелеген бөлмелерде келушілер үшін әр 50 орынға қосымша бір қолжуғыштан көздеу ұсынылады. Вестибюлі болмайтын асханаларда қолжуғыштарды залдарда орналастыруға рұқсат етіледі. 11.56 Көпшілік демалыс, туризм аймақтарында, автотарссаларда және бір мезгілде көп келушілер болатын басқа да орындарда орналасқан тамақтандыру объектілеріне санитарлық аспаптар санын екі есеге арттыра отырып жобалау ұсынылады. Мұндай объектілерде вестибюль алаңын осы ҚНжЕ көрсетілгеннен 30 % ұлғайту ұсынылады. 11.57 Келушілерге арналған бөлмелердің интерьерін қалыптастыру кезінде эстетикалық және функционалдық талаптардың жиынтығын басшылыққа алу қажет. Тамақтандыру объектілерінің интерьері келушілер мен объект қызметшілеріне оның түріне, сыйымдылығына, орналасуына, келушілердің контингентіне және т.б. қарай қолайлы деңгейді қамтамасыз етуге тиіс. 11.58 Тамақтандыру объектілерінің интерьерін қалыптастыру кезінде көрінетін ақпаратты ұсыну сапасына, жарық түсті таңдау шешіміне ерекше назар аудару қажет. 11.59 Тамақтандыру объектілерінің санаты мен түріне қарай интерьерді қалыптастыратын функционалдық талаптардың немесе эстетикалық талаптардың басымдылығы айқындалады. Бұл ретте функционалдық сипаттамалар объектінің түрі мен санатына қарамастан, өзінің маңызын жоғалтпайды, мұндайда эстетикалық талаптардың маңыздылығы өзгеруі мүмкін. 11.60 Келушілер мен қызметшілердің қажеттілігін ең жоғары деңгейде қанағаттандыру мақсатында интерьерді әзірлеу кезінде оңтайлы шешім бөлмелердің, функционалдық аймақтардың нақты жоспарланған құрылымын және олардың өзара байланысын қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. 11.61 Интерьерді қалыптастыру кезінде келушілерге арналған бөлмелер мынадай функционалдық аймақтарға бөлінеді: кіреберіс, күту аймағы, тамақ алу және қабылдау аймағы, көңіл көтеру аймағы, демалыс аймағы. 11.62 Демалыс объектілерінің функцияларын қоса атқаратын тамақтандыру объектілерінде күту, демалу және келушілер легін бөлу үшін аванзалдар мен холлдар жасау ұсынылады. 11.63 Аванзалдың қалыптасуына жәрдемдесетін түскі ас залында, кіреберісте бар тіреуін орналастыруға рұқсат етіледі. 11.64 Түскі ас залы интерьерін қалыптастыруда тамақ қабылдау аймағы мен бардың ерекше маңызы бар. Даяшылар қызмет көрсететін тамақтандыру объектілерінде түскі ас залының интерьері даяшының бір мезгілде 8 - 12 келушіге қызмет көрсетуіне мүмкіндік беруі керек. 11.65 Көңіл көтеру аймағын эстрада мен би алаңы құрайды. Би алаңын залдың жалпы сыйымдылығының 50 - 70 % есебінен бір жұпқа алаңның 0,15 - 0,2 м² келетіндей етіп анықтау керек. 11.66 Түсті таңдау шешімін: жалпы алғанда үйлесімді түстерді, бөлменің интерьерінде нақыштар жасау үшін кереғар түстерді қолдану негізінде қабылдау ұсынылады. Бөлмелерді жеке бөліктерге (элементтерге) бөлу көмегімен бірегей жарық түс шешімін жасау кезінде әр түрлі жарықтандыру арқылы үстелдерге және өтпе жолдарға жарықтың түсуі 8 – 10 есе көлемнен аспауға тиіс.
Өндірістік бөлмелер
11.68 Өнімдерді даярлау процесінің реттілігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік бөлмелер бірыңғай функционалдық аймақта орналастырылуы керек. Функционалдық жағынан әр қабатты аймақтарға бөлудің осы қағидатын өндірістік бөлмелерді бірнеше қабатқа орналастыру кезінде сақтау ұсынылады. 11.69 Оқшауланған функционалдық аймақта шикізатпен жұмыс істейтін дайындау цехын орналастыруға болады, бұл ретте жүктер тасымалданатын және адамдар жүретін жолдар бір-бірімен қиылыспауы керек. 11.70 Өндірістік бөлмелер мынадай функционалдық топтардан құралады: негізгі өндірістік бөлмелер, қойма бөлмелері мен қызметтік-тұрмыстық бөлмелер. 11.71 Тамақтандыру объектілері бөлмелерінің өндірістік топтарының ауданын осы нормалардың П-қосымшасына сәйкес қабылдау қажет. 11.72 Өндірістік бөлмелердің, ауданы 10 м²-ге дейінгі өнімдерді қабылдайтын және сақтайтын бөлмелер есіктерінің ені - кемінде 0,9 м; ал ауданы 10 м² астам бөлмелерде кемінде 1,2 м етіп; тұғырықтары бар арбаларға арналған есіктердің ені 1,8 м етіп жобалануы керек. 11.73 Өндірістік бөлмелердің басқа топтармен өзара байланысы өндірістік дәліздер арқылы қамтамасыз етіледі. 11.74 Өндірістік бөлмелердегі өтпе жолдардың енін 11.3-кестеге сәйкес қабылдау ұсынылады. 11.75 Өндірістік цехтарды жеке бөлмелерге орналастыру керек. Бір бөлмеге: - жартылай шикізатпен жұмыс істейтін, сыйымдылығы 50 орынға дейінгі объектілердің ыстық, суық, дайындауға дейінгі цехтарын; - шикізатпен жұмыс істейтін, сыйымдылығы 50 орынға дейінгі объектілерде ыстық және суық цехтарды орналастыруға болады. 11.76 Сыйымдылығы 50 орыннан астам тамақтандыру объектілерінде бір бөлмеде температура-ылғал режимі әр түрлі цехтарды орналастыру кезінде аталған бөлме осы нормалардың 12.1-кестесіне сәйкес өнімдерді өңдеу мен даярлау орындарында температура және ылғал деңгейін сақтап тұратын арнайы жабдықтармен жарақтандырылуға тиіс. Осындай бөлмелердегі цехтарды биіктігі кемінде 1,5 м бағанамен бөлу ұсынылады. 11.77 Функционалдық байланыстар мардымсыз болғанда және технологиялық және көлік лектері қиылыспаған кезде технологиялық процестің реттілігі мен үздіксіздігі тамақтандыру объектісі ғимаратының жоспарлы құрылымында цехтардың тиісті орналасуымен қамтамасыз етіледі. Технологиялық процестерің реттілік сатысын құрайтын жеке цехтарды қоспағанда, цехтарды өтпелі етіп жобалауға рұқсат етілмейді. 11.78 Даяшылар қызмет көрсететін тамақтандыру объектілерінде үлестіру бөлмесін ыстық, суық цехтарға, ыдыс жуу орнына, барға кіретін технологиялық (есіктермен) ойықтармен жобалау керек. Мұндай объектілерде тамақты беру орнының өлшемі залдағы 1 орынға: ыстық цехтар үшін - кемінде 0,03 м, суық цехтар үшін - 0,015 м; барлар үшін 0,01 м болуға тиіс.
11.3-к е с т е
Үлестіру бөлмесінің ені, егер аталған бөлмелер үлестіру бөлмесінің бір жағында болса - 2 м; егер аталған бөлме үлестіру бөлмесінің екі және одан да көп жағында болса 3 м болуға тиіс. 11.79 Үлестіру бөлмесінің ауданын тамақтандыру объектісінің түріне, оның сыйымдылығына, келушілер легіне және контингентіне, үлестіру жабдықтарының түріне, тамақ ассортиментіне, есеп айырысу тораптарына және т.б. байланысты анықтау керек. 11.80 Асхана, ас үй ыдыстарын, жартылай шикізат сақталатын ыдыстарды жуу орындарын олардың арасында биіктігі кемінде 1,6 м бағандар орналастырылған жағдайда бір бөлмеге орналастыруға болады. 11.81 Ас үй плитасы көмірмен, шымтезекпен немесе ағаш отынмен жағылатын орынды дербес есігі бар жеке бөлмеге жобалау керек. 11.82 Тұрғын үй ғимараттарына кіріктіре-жапсарлас салынған тамақтандыру объектілерінің шаруашылық аймағын және жүк түсіру алаңшасын ғимараттың тұрғын бөлмелерге шығатын есіктері мен терезелері жоқ бөлігіне орналастыру керек. 11.83 Жүк тиеу (өнімдерді қабылдау үшін) және қойма (өнімдерді сақтау үшін) бөлмелерін жүк лифтілеріне тікелей шығатын және өндірістік дәліздер арқылы басқа бөлмелермен байланысы бар біртұтас функционалдық аймаққа біріктіру керек. Тамақтандыру объектілерінің өнімдерін қабылдау мен сақтауға арналған бөлмелердің аудандарын Л қосымшасына сәйкес қабылдау керек. 11.84 Сыйымдылығы 300 және одан көп орынды тамақтандыру объектілерінде жүк тиейтін бөлмелердің алдынан өлшемдері: - ені - 3 м.; биіктігі - 1,1 - 1,2 м.; ұзындығы - есеп бойынша, бірақ бір автомобильден жүк түсіруге 3 метрден кем болмайтын платформа қарастырылуы керек. Бұл платформа қажет болған кезде автомобиль шанағының еденін және платформа еденін теңестіретін арнайы қондырғылармен жабдықталуы мүмкін. Жүк түсіретін платформаны автомобильден жүкті артқы және оң борты арқылы түсіру тұрғысынан жобалау керек. 11.85 Сыйымдылығы 300 орыннан кем болмайтын тамақтандыру объектілерінде көтеру-түсіру тетігі бар жүк түсіретін алаңдарын орналастыру ұсынылады. 11.86 Жүк түсіру алаңдары мен платформаларында биіктігі 3,6 м болатын қалқа көзделуі керек. Қалқаның өлшемдері платформаның (алаңның) бетін толық және автомобиль шанағын 1 м дейін жабуға мүмкіндік беруі керек. Тұрғын үй ғимараттарында және оларға жапсарлас салынған құрылыстарда орналастырыл-ған тамақтандыру объектілерінің жүк түсіретін орындары мен платформалары бөлмелерде немесе қалқаның астында болуы керек. Жүк түсіретін платформаның (алаңдардың) бөлмелері тұтастай желдетілуі керек. 11.87 Автомобильдердің жүк түсіретін бөлмелерге кіруі және жүк түсіретін платформаға жақын келуі үшін пандустардың еңісі: пандус ғимаратта және қалқаның астында орналасқан жағдайда – кемінде 16 %, пандус ашық далада орналастырылған жағдайда 8 % кем болмауы керек. 11.88 Сыйымдылығы 500 және одан аз орынды тамақтандыру объектілерінде жүк түсіретін орынды жобалау ұсынылады. Сыйымдылығы 500 орынға арналған, шикізат негізінде жұмыс істейтін тамақтандыру объектілерінде көкөністерді түсіретін және оларды жүк түсіретін бөлмеге соқпастан, бірден қоймаға түсіруді көздейтін қосымша орын қарастырылуы керек. 11.89 Жоғарғы іргі, үйасты қабаттарында орналасқан жүк түсіретін бөлмелерді вертикаль есіктері бар люктермен және пандустармен жабдықтау керек. Бұл орайда көкөністерді бірден қоймаға түсіру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. 11.90 Өнімдерді сақтауға арналған бөлмелерді өтпелі етіп жобалауға және жуатын бөлмелердің, санитарлық тораптардың, траптары бар өндірістік бөлмелердің астына орналастыруға болмайды. Осындай бөлмелерді жобалау кезінде оларды жүк түсіру бөлмесімен тікелей байланыстыру қарастырылуы керек. 11.91 Салқындатылатын камераларды тереңдігі кемінде 1,6 -1,9 м болатын тамбурлар арқылы кіретін құрылғымен бір блокта орналастыру керек. Есептік ауа температурасы 2 0С және одан жоғары салқындатылатын камералар тамбурсыз жобалануы мүмкін. 11.92 Сыйымдылығы 500 орынға арналған тамақтандыру объектілерінде салқындату камераларын сақталатын өнім топтарына сәйкес бөлек орналастыруға болады. 11.93 Жеке салқындатылатын камералардың ауданын жобалауға берілген тапсырма бойынша олардың жалпы ауданынан проценттік бірлікпен анықтау керек. Бұл орайда салқындатылатын камераның ауданы жоспардағы ішкі өлшемдер кемінде 2,4х2,2 м болғанда 5 м2 кем болмауы керек. 11.94 Салқындатылатын камераларды температурасы және ылғалдылығы жоғары бөлмелермен қатар, сондай-ақ осындай бөлмелердің астына және үстіне орналастыруға болмайды. Камералардың үстіне ғимараттың қабатаралық аражабынынан бөлек арнайы аража-бындар орнатылған жағдайда салқындатылатын камераларды адамдар үнемі болатын бөлменің астына орналастыруға болады. Осы аражабындар арасындағы кеңістік желдетілуі керек. 11.95 Ауылдық елді мекендерде салқындатылатын камера шаруашылық аймақта орналастырылуы мүмкін. 11.96 Өтпелі камераларды жобалауға жол берілмейді. 11.97 Салқындатылатын камералардың биіктігі таза еденнен аражабын конструкциясының шығыңқы бөліктеріне дейінгі биіктігі кемінде 2,7 м және 3,5 м аспауы керек. Аражабынның шығыңқы бөліктеріне дейінгі биіктік көрсетілген шамадан асып кетсе, жалғамалы төбе қарастырылуы керек. 11.98 Тамақ қалдықтары салқындату камерасын ғимараттың бірінші қабатында орналастыру керек. Мұндай камера тамбурлар арқылы бірден сыртқа және бөлмеге немесе дәлізге шығуы керек. 11.99 Салқындату камераларындағы есептік температураны 12.1-кесте бойынша қабылдау керек. 11.100 Салқындату камераларының қоршау конструкцияларына камералардағы есептік температураны, температурасы төмен камераларда минус 15 0 С жоғары болмайтын және басқа салқындатылатын камераларда минус 2 0С жоғары болмайтын температураны қамтамасыз ететін, жанбайтын және қиын жанатын жылу оқшаулағыш материалдар қолдану керек. Салқындату камераларындағы есептік температуралардың айырмашылығы 4 0С және одан төмен болса, камералар арасындағы аражабынды жылау оқшауламай жобалауға болады. 11.101 Камералардың қоршау конструкцияларында жылу беру коэффициенттерін тиісті нормаларға сәйкес қабылдау керек. 11.102 Қабатаралық аражабындарда орналасқан камералардың еденін жылумен оқшаулау цемент тұтастырғышпен арматураланған жылу оқшаулағыш материал тақтадан орындалады. Осындай камераларға кіреберістерде пандустар орнату керек. Камера қабырғаларының немесе камералар блогының жылу оқшаулағыш қабаты еден деңгейінен 15 см төмен етіп орнатылған жағдайда, ауаның есептік температурасы минус 2 °С және одан жоғары камераларда топырақтағы едендерді жылу оқшаулағышсыз жобалауға рұқсат етіледі. 11.103 Салқындату камераларына арналған компрессорларды жеке іргетастарға орнату керек. Салқындату камераларына компрессорлар орнату кезінде шу және вибрация деңгейін төмендетуге арналған вибрацияны оқшаулағыш құрылғыны қолдану қажет. 11.104 Салқындату камералары және тамбурлары бүкіл периметрі бойымен екі қабатты резеңке тығыздатқышты және серіппелі жапқышы бар арнайы жылу оқшаулағыш есіктермен жабдықталуы керек. Есіктер камерадан шығатын бағытқа қарай ашылуы керек. Камераларға кіреберістерде босағаның және табалдырықтың болуына жол берілмейді. 11.105 Салқындату камераларының қоршау конструкцияларында, сондай-ақ камералар және тамбурлар арқылы жылыту құбырларын, су құбырын, кәріз құбырларын, газ, желдеткіштің ауа үрлеу құбырларын және кабельдерін төсеуге жол берілмейді. 11.106 Температурасы төмен камераны ортақ тамбур арқылы кіруге негізделген салқындату камераларының жалпы блогында орналастыру керек. Егер температурасы төмен камера блоктан бөлек орналасқан болса, оған арнайы тамбур арқылы кіретін есік қарастырылуы керек. 11.107 Тоңазытқыш машиналарды баспалдақ алаңшаларында, баспалдақ астында, кіреберіс есіктерге жақын орындарға, салқындату камераларының тамбурларында, шаң көптеп жиналатын орындар мен бөлмелерге орналастыруға жол берілмейді. 11.108 Хладогенді агрегаттар: - олар үшін көзделген және камералар блогы қабырғасының периметрі бойымен орналасқан машина бөлімінде; - дәлізден кіру есігінен биіктігі 1,5 м .металл қоршаумен бөлінген камералармен қатарластыра арнайы орындарда орналастырылуы мүмкін. 11.109 Машина бөлімінің бөлмелерін жобалау кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін басшылыққа алу қажет. Машина бөлімі бөлмелерінің биіктігі тікелей салқындату жүйелері үшін кемінде 2,7 м болуға тиіс. Осы бөлмелердің есіктері шығатын есіктің бағытына қарай ашылуға тиіс. 11.110 Хладогенді агрегаттар сумен салқындатылатын конденсаторлармен жабдықталған кезде соңғыларын градирня немесе бассейн құрылғысы бар айналмалы сумен жабдықтау жүйесімен жарақтау қажет. Хладогенді агрегаттар сумен салқындатылатын конденсаторлармен жабдықталған кезде соңғыларын агрегаттың 1000 ккал/сағ тоңазытуына 800 м ауа есебінен конденсатордың үстінен орналастырылатын шатыр арқылы ауа берілетін үрлеу-сору желдеткішімен жобалау керек.
Қызметтік-тұрмыстық бөлмелер
11.111 Тамақтандыру объектілерінің қызметтік-тұрмыстық бөлмелер тобын оның басқа бөлмелер топтарымен өндірістік дәліздер арқылы өзара байланысын қамтамасыз ететін бір функционалдық аймақта жобалау ұсынылады. Қызметтік-тұрмыстық бөлмелердің алаңдарын Л қосымшасына сәйкес қабылдау ұсынылады. 11.112 Жоғарғы оқу орындарының асханаларында ең көп ауысымда жұмыс істейтіндер санын жұмыс істейтіндердің жалпы санының 75 %, басқа тамақтандыру объектілерінде 60 % тең етіп қабылдау керек. 11.113 Тұрмыстық бөлмелерді есептеу кезінде жұмыс істейтіндердің: 70% - әйелдер, 30% - ерлер етіп қабылдау керек. 11.114 Тамақтандыру объектілерінің қызметкерлеріне арналған киім ілетін орынның сыйымдылығы жұмыс істейтіндердің жалпы санының 85 % киімін сақтау есебінен алынуы керек. Сыртқы киім ілетін орындарда орындар санын ең көп ауысымда істейтіндердің 100 % және аралық ауысымда істейтіндердің 25 % тең етіп қабылдау ұсынылады. 11.115 100 және одан аз адам істейтін тамақтандыру объектілерінің киім ілетін орындарында киім-кешектің барлық түрлері үшін бір жұмыскерге бір жабық екі қатарлы шкаф қарастырылуы керек. 100 және одан көп адам істейтін тамақтандыру объектісінің қызметкерлеріне арналған киім ілетін орында көшеде киетін (адам басына 1 ілгектен) және арнайы (адам басына 2 ілгектен) киімдерді бөлек сақтауды қамтамасыз ету ұсынылады. 11.116 Киім ілгіштің ұзындығы оның 1 м 5 ілгек есебінен анықталады. 11.117 Ерер мен әйелдерге арналған киім ілетін орындарда душ кабиналарымен қатар орналастырылған киім ауыстыруға арналған бөлек бөлмелер қарастырылуы керек. 11.118 Киім ауыстыруға арналған орындықтардағы орындар саны ең көп ауысымда жұмыс істейтіндер санының 30 % тең етіп алынуы керек. 11.119 Арнайы киімге арналған киім ілетін орындарда бір қол жуғыш көзделуі керек. 11.120 Объектіде кір жуатын бөлме жобаланған кезде оның ауданын жұмыс істейтін 100 адамға 10 м2 есебінен анықтау керек. Кір жуатын орынның құрамында таза және кір киімдерге арналған бөлімдер жобалануға тиіс. 11.121 Санитарлық аспаптар санын ең көп ауысымда жұмыс істейтіндердің 100 % шаққанда 30 адамға 1 аспап есебінен анықтау ұсынылады. Душ торларының санын ең көп ауысымда жұмыс істейтіндердің 50 % шаққанда бір душ торына 15 адам есебінен анықтау ұсынылады. 11.122 Ең көп ауысымда жұмыс істейтін әйелдер саны 15 және одан көп болған кезде әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлмелер көзделуі керек. Ең көп ауысымда 15 дейін әйелдер болған кезде әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлменің орнына дәретхана жанынан процедураларға арналған жеке кабиналар қарастырылады. Душ торларының санын ең көп ауысымдағы әрбір 15 әйелге бір душ есебінен анықтау керек. 11.123 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында дәретхана жанында ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелерімен жабдықталған тазалау құрал-жабдықтарын сақтауға, тазартуға және кептіруге арналған бөлме көзделуге тиіс. Осындай бөлмелердің ауданын қабаттың әрбір 100 м2 ауданына шаққанда 0,8 м2 есебінен, бірақ 4 м2 кем болмайтындай етіп алу керек. Егер қабаттың ауданы 400 м2 кем болса, екі қатар қабатқа осындай бір бөлмені қарастыруға болады.
Табиғи жарықтандыру және инсоляция
11.124 Тамақтандыру объектілерінің бөлмелерін жарықтандыру және инсоляциялау 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ талаптарын сақтай отырып орындалуға тиіс. 11.125 Инсоляцияның қажетті ұзақтылығы тамақтандыру объектілері ғимараттарын орналастыру және бағдарлау арқылы қамтамасыз етіледі. Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында және бөлмелерінде 22 наурыздан 22 қыркүйекке дейінгі кезеңде күніне кемінде 2,5 сағат үздіксіз инсоляция қамтамасыз етілуге тиіс. 11.126 Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттың, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерінің ғимараттарында орналасқан тамақтандыру объектілерінде 3 сағат бойы үздіксіз инсоляция қамтамасыз етілуі керек. 11.127 Залдарды, негізгі өндірістік және әкімшілік бөлмелерін бүйірден, жоғарыдан табиғи жарықтандыру ұсынылады. Залдарда, негізгі өндірістік және әкімшілік бөлмелерде тікелей күн сәулесінен қорғайтын жоспарлау және конструкциялық іс-шаралар көзделуі керек. 11.128 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ көрсетілген барлық бөлмелер табиғи жолмен жарық түспейтіндей етіп жобалауға рұқсат етіледі.. Үйасты қабатында орналасқан бөлмелерді, барларды табиғи жарық түспейтіндей етіп жобалауға болады. 11.129 Маусымның орташа айлық температурасы 21 0С және одан жоғары болатын аудандарда 130 — 315 0 бағдарланған жарық түсетін саңылаулар: - адамдар үнемі болатын бөлмелер - санитарлық-гигиеналық және технологиялық нормаларға сәйкес күн сәулесі түсуіне және қызып кетуіне жол берілмейтін бөлмелер күннен қорғалатындай етіп жабдықталуы керек.
Тиісті көлемдік-жайғастыру шешімдері арқылы бөлмелерді күннен және қызып кетуден қорғауға жол беріледі. 5 және одан көп қабатты отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі тамақтандыру объектілерінің ғимараттарын сыртқы күннен қорғау жанбайтын материалдардан орындалуы керек. Бір, екі қабатты тамақтандыру объектілерінің ғимараттары үшін көгалдандыру арқылы күннен қорғау қарастырылуы мүмкін.
Құрылыс материалдары және конструкциялары
11.130 Тамақтандыру объектілері ғимараттары элементтерінің материалын, заттарын, конструкцияларын таңдау нұсқалық жобалау негізінде жүзеге асырылады. 11.131 Тиісінше негізделген жағдайда осы тарауда көзделмеген конструкциялық шешімдерді, заттар мен материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. 11.132 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарының конструкцияларын жобалау кезінде конструкцияның осы түріне қойылатын мемлекеттік стандарттың талаптарын орындау қажет. 11.133 Тамақтандыру объектісінің конструкциялық шешімін анықтау кезінде нақты құрылыс ауданындағы индустриалдық база және жергілікті құрылыс материалдарына жасалған талдауды және бағалауды, жобаланатын тамақтандыру объектісінің мақсатын, типін, шамасын, сондай-ақ оның орналастырылуын басшылыққа алу керек. Конструкциялық шешімді таңдау бірнеше нұсқаларды салыстырмалы талдау негізінде жүзеге асырылады. Конструкциялық шешімді таңдау қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес құрылыс материалдарын үнемдеп жұмсау қажеттілігі н есепке ала отырып жүзеге асырылуға тиіс. 11.134 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарын жобалау қолдануға рұқсат етілген түрлі конструкциялық жүйелер мен материалдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Тиімді конструкциялар мен материалдарды қолдану тамақтандыру объектісін пайдалану және/немесе реконструкциялау кезінде кеңістікті барынша өзгерту мүмкіндігі көзделуі керек. 11.135 Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттың конструкциясына және қабылданған қабаттың биіктігіне байланысты конструкцияның құрастырмалы жүйесі негізінде кіріктіре-жапсарлас салынған тамақтандыру объектілерін жобалау жүзеге асырылуы керек. Ауылдық елді мекендерде тамақтандыру объектілерін жобалау үшін кірпіштен және жергілікті құрылыс материалдарынан жасалатын қаңқасыз шешімдерді қолдану немесе толық емес сызба бойынша қаңқалы шешімдерді, яғни жергілікті материалдардан жасалған қабырғаларды қолдану ұсынылады Жеңіл металл конструкциялар құрылысты тездету мақсатында, сондай-ақ қайтадан игерілетін немесе алыс аудандарда тамақтандыру объектілерін салу кезінде қолдануға болады. 11.136 Негіз ретінде индустриалдық конструкциялар пайдаланылған кезде тірек қадамын 6´6 м етіп қолдану ұсынылады. Сыйымдылығы үлкен залдарда (6´9, 9´9, 6´12 және т.б.) тірек торшаларын ұлғайтуға рұқсат етіледі. 11.137 Құрастырмалы конструкциялардың элементтері ретінде өте берік бетоннан және арматурадан жасалған алдын ала салмақ түсірілген конструкцияларды жобалау қажет. Жеңіл және торшалы бетоннан жасалған конструкциялар басқа нормативтік құжаттардың талаптарымен шектелмейтін болса, қарастырылуы мүмкін. 11.138 Конструкцияларды есептеу кезінде сенімділік коэффициенттерін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес қабылдау қажет. Жүктемелер мен әсерлердің шамасы және олардың үйлесімі 2.01.07-85* ҚНжЕ талаптарына сәйкес анықталуы керек. 11.139 Шекті жай-күйлері бойынша конструкцияларды және оның элементтерін есептеу барлық: дайындау, тасымалдау, салу және пайдалану сатыларында жүзеге асырылады. Есептік сызбалар қабылданған конструкциялық шешімдерге сәйкес келуі керек. Бетон және темірбетон конструкциялар 2.03.-01-84* ҚНжЕ талаптарына сәйкес көтергіш қабілеті (бірінші топтың шекті жай-күйі) және қалыпты пайдалануға жарамдылығы (екінші топтың шекті жай-күйі) бойынша есептеулердің талаптарын қанағаттандыруға тиіс. 11.140 Тас және армотас конструкцияларды жобалау 11-22-81 ҚНжЕ бойынша жүзеге асырылады. 11.141 Кірпіш, тастар мен тас және армотас конструкцияларға арналған ерітінділер, сондай-ақ тастар және ірі блоктар жасауға арналған бетондар тиісінше МСТ талаптарын және техникалық шарттарды қанағаттандыруға тиіс. 11.142 Ылғал режимді бөлмелердің сыртқы қабырғалары үшін силикат кірпіштерді, тастар мен блоктарды, торшалы бетоннан жасалған тастар мен блоктарды, қуыс кірпіштерді және керамикалық тастарды, жартылай құрғақ күйінде престелген саз кірпіштерді, олардың ішкі бетіне будан оқшаулау жабыны жағылған жағдайда пайдалануға болады. Ылғал режимді бөлмелердің қабырғалары үшін, сондай-ақ сыртқы қабырғалар, жертөле және цокольдар үшін аталған материалдарды қолдануға болмайды. 11.143 2.03.06-85 ҚНжЕ сәйкес тамақтандыру объектілерін салу және реконструкциялау кезінде алюминий конструкцияларды қолдану керек. 11.144 5.04-23-2002 ҚР ҚНжЕ сәйкес болат конструкцияларды жобалау кезінде құрылыс конструкцияларын тоттанудан қорғау жөніндегі ҚНжЕ нормаларын және ғимараттар мен имараттарды жобалаудың өртке қарсы нормаларын сақтау қажет. Конструкциялардың отқа төзімділік шегін жоғарылату мақсатында прокаттың және құбырлар қабырларының қалыңдығын ұлғайтуға болмайды. 11.145 Бетонда, кірпіш қалауында және т.с.с. монолиттенбеген конструкцияларды жобалау кезінде оларды бақылау, тазарту, сырлау үшін қол жетімділігін қамтамасыз ету керек. Мұндай конструкциялар ылғалды ұстап қалмауы және желдетуге кедергі болмауы керек. Тұйық профильдер герметикаландырылған болуға тиіс. 11.146 Болат конструкциялар және олардың есептеулері 27751-88 МемСТ талаптарын қанағаттандыруға тиіс.. 11.147 Ағаш конструкциялар жобалау 11-25-80 ҚНжЕ сәйкес жүзеге асырылуы керек. Ағаш конструкциялар аталған ҚНжЕ талаптарына сәйкес тоттанудан және жанудан қорғалуы керек. 11.148 Ағаш конструкциялардың ұзақ мерзімге жарамдылығы 4868-84 ЭӨК СТ тиісті тарауының нұсқауларына сәйкес конструкциялық шешімдермен және оларды ылғалданудан, биобүлінуден және жанудан сақтауды көздейтін қорғаныш қабатымен қамтамасыз етіледі. 11.149 Асбестцемент конструкцияларды есептеу 5.06-09-2002 ҚР ҚНжЕ талаптарын қанағаттандыруға тиіс. 11.150 Агрессивті орта жағдайында пайдаланылатын асбестцемент конструкцияларды жобалау кезінде 2.01-19-2004 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес ғимараттарды және олардың негізгі қаңқасына бекітілетін элементтерін коррозиядан қорғау қарастырылуы тиіс.
12 Инженерлік жүйелер мен желілерді жобалауға қойылатын талаптар
Инженерлік желілерді орналастыру
12.1 Тамақтандыру объектілері аумағында инженерлік желілерді жер астында орналастыру көзделуі керек. 12.2 Инженерлік желілерді жер астында орналастыру мақсатында басқа имараттар мен инженерлік желілер аралығындағы қашықтық 15 кестедегі 3.01-01-2002 ҚР ҚНжЕ 14** бойынша қабылдануға тиіс. 12.3 Сумен жабдықтау, кәріздердің және газ құбырларының жылу желілерінің құбырларын жер астымен біріктіріп жүргізуге рұқсат етіледі. 12.4 Тамақтандыру объектілерінің инженерлік желілері 3.01-01-2002 ҚР ҚНжЕ, 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ сәйкес көшелер мен жолдардың көлденең профильдері шегінде; тротуарлар немесе бөлгіш жолақтар астындағы инженерлік желілер – коллекторларда, каналдарда немесе тоннельдерде; бөлгіш жолақтарда – жылу желілері, су құбыры, газ құбыры, шаруашылық және жаңбыр кәріздері орналастырылуы керек. 12.5 Жер асты желілерін бас жолдардан тыс құрылыс жүргізілмеген бос орындарда жобалау қажет. Тамақтандыру объектілерінің инженерлік желілерін тоннельдерде немесе каналдарда орналастыру мүмкін болған жағдайда оларды бас жол астына жүргізуге рұқсат етіледі; техникалық қажеттілік кезінде газ құбырын көшелердегі бас жолдардың астына жүргізуге рұқсат етіледі. 12.6 Тоннельдерде ауа өткізгіштерді, тегеуіріндік кәрізді және басқа инженерлік желілерді жүргізуге рұқсат етіледі. 12.7 Жер асты инженерлік желілері жүргіншілердің жер асты жолдарымен тоғысқан кезде құбыр желілерін тоннельдердің астымен, күштік және байланыс кабельдерін – тоннельдердің үстімен жүргізу қарастырылуы тиіс. Газ құбырларын тоннельдердің астымен жүргізуге рұқсат етілмейді. 12.8 Оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тасымалдайтын газ- және құбыр желілерін кабель желілерімен бірге төсеуге рұқсат етілмейді. 12.9 Металл емес құбырлардан жасалған газқұбырларын орналастыру 4.03-01-2003 МҚН сәйкес жүргізілуі тиіс. 12.10 Күштік кабель желілерін орналастыру нұсқалары 4.04-18-2003 ҚР ҚН талаптарына сәйкес жүргізілуге тиіс. 12.11 Күрделі жоспарлау кезінде селитебті аумақтарда жерасты жылу желілерін жергілікті әкімшіліктің рұқсаты болған кезде жүргізуге болады. 12.12 Бірнеше су құбырлары желілерін параллель жүргізу кезінде олардың арасындағы арақашықтық 4.01-02-2001 ҚР ҚНжЕ сәйкес техникалық және инженерлік-геологиялық жағдайларға байланысты қабылдануға тиіс. 12.13 Күрделі топырақ жағдайында құрылыс жүргізілетін учаскелерде су өткізетін инженерлік желілерді өтпелі тоннельдерде жүргізу қарастырылуы қажет. Топырақтың ерекше сипаттамалары 5.01-01-2002 ҚР ҚНжЕ, 25100 МемСТ, 2.03-01-2001 ҚР ҚНжЕ; 2.01-09-91 ҚР ҚНжЕ және 2.04-01-2001* ҚР ҚНжЕ сәйкес анықталуға тиіс. 12.14 Өндіріс легі шығатын жерлерде тамақтандыру объектілері үшін: - жартылай фабрикаттарда жұмыс істейтін, залдардың сыйымдылығы 500 және одан көп; - шикізаттарда жұмыс істейтін, залдардың сыйымдылығы 200 және одан көп; - жалпы білім беретін мектептердің орталықтандырылған ыстық су жүйесімен жабдықталмаған 5 және одан көп параллель сыныптарға қызмет көрсететін ас блоктары үшін май ұстағыш орналастыру қарастырылуы тиіс. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің ас блоктары май ұстағыштармен жабдықталмайды. 12.15 Орталықтандырылған кәріз жүйесі болмаған кезде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жергілікті органдарының келісімі бойынша ағызу станциялары қарастырылуы тиіс. Ағызу станцияларының және олардың санитарлық-қорғау зоналарына бөлінген жер учаскелерінің мөлшері 2.04.03-85 ҚНжЕ сәйкес қабылдануға тиіс. 12.16 Метрополитен имараттарының инженерлік желілермен 90º бұрышпен қиылысуы көзделуі керек, реконструкциялау кезінде қиылысу бұрышын 60º дейін азайтуға рұқсат етіледі. Инженерлік желілердің метрополитеннің станциялық имараттарымен қиылысуына рұқсат етілмейді. Қиылысу учаскелеріндегі құбыр желілерін бір жағына қарай еңіс қорғаныштық конструкциялармен (болат футляр, монолитті бетондалған немесе темірбетондалған каналдар, коллекторлар, тоннельдер) қапталған етіп жобалау қарастырылуға тиіс. Метрополитен имараттары қаптауының сыртқы беті мен қорғаныш конструкцияларының шетіне дейінгі арақашықтық әрбір жағына қарай 10 м-ден, ал қаптау немесе рельс табанының (жер асты линиялары кезінде) арасындағы және қорғаныш конструкциялар аралығындағы қашықтық тігінен алғанда (жарықта) – 1 м-ден кем болмауы керек. 12.17 Инженерлік желілердің метрополитеннің жер асты желілерін алмастырылуы МемСТ 23961 талаптарын ескере отырып қарастырылуға тиіс. Бұл кезде желілер метрополитеннің жерасты учаскелерінің қоршауынан тысқары 3 м-ден кем емес қашықтыққа шығарылуға тиіс.
12.1 Жылыту, желдету және ауа алмасу
12.1.1 Тамақтандыру объектілерінің бөлмелерін жылыту, желдету және ауасын алмастыру 4.02-05-2001 ҚР ҚНжЕ, 4.02-103-2002 ҚР ЕЖ, 2.04-101-2001 МЕЖ, осы ҚНжЕ ережелері және қолданыстағы басқа да нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалануға тиіс. 12.1.2 Жылыту, желдету және ауа алмастыру жүйелері тамақтандыру объектілерінің барлық бөлмелерін қажетті микроклимат көрсеткіштерімен қамтамасыз ету мақсатында (С қосымшасына сәйкес), сондай-ақ оларға ерекше талаптар белгіленген 4.02-05-2001 ҚР ҚНжЕ, 12.1.003 МемСТ сәйкес авариялық желдеткіш пен түтіннен қорғау жүйелерінен басқа құрал-жабдықтар мен жылыту, желдету және ауа алмастыру жүйелерінің жұмысынан шығатын шу мен вибрацияның нормаланған деңгейі жобалануға тиіс. 12.1.3 Жылыту, желдету және ауа алмастыру жүйелерін жобалау кезінде тамақтандыру объектілер салынатын ауданның климаттық параметрлері 2.04-01-2001 ҚР ҚНжЕ бойынша қабылдануы тиіс. Жылыту, желдету және ауа алмастырудың жобалық шешімдерін үнемдеу үшін екінші ретті жылу шығаратын энергоресурстарды пайдалану қарастырылады. 12.1.4 Жылыту, желдету, ауа алмастыру, ауалық-жылулық перде жүйелерін пайдалану бойынша ұсыныстар жобалау-сметалық құжаттаманың құрамына кіруі тиіс. 12.1.5 Тамақтандыру объектілерінің жобаларында жылыту, желдету және ауа алмастыру жүйелерінің жөндеуге жарамдылығы және жарылу-өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі қажет. Тамақтандыру объектілерін жобалау кезінде жылыту, желдету және ауа алмастыру жүйелерін пайдалануға жауапты қызметкерлер саны қарастырылуға тиіс. 12.1.6 Жылыту жүйесін 4.02-05-2001* ҚР ҚНжЕ міндетті 11-қосымшасына сәйкес жобалау қажет. Сыйымдылығы 50-ден аспайтын тамақтандыру объектілерінің бір қабатты ғимараттарында пешпен жылытуды қарастыруға рұқсат етіледі. 12.1.7 Объекті ғимаратының жылыту жүйесі бөлмелер ауасын біркелкі жылытуды, гидравликалық және жылыту тұрақтылығын, жарылу-өрт қауіпсіздігі және тазалау мен жөндеу үшін қол жетімділігін қарастыруы қажет. 12.1.8 Өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктіре, кіріктіре-жапсарлас салынған тамақтандыру объектілерінің жылыту жүйелері бөлек етіп жобалануға тиіс, ал оларды басқару негізгі ғимаратты басқарумен біріктірілуі мүмкін. 12.1.9 Жылудың есептелген шығыны 50 кВт және одан да көп болғанда, тамақтандыру объектілерін жылумен қамтамасыз ету жүйесін жылу ағысы автоматты реттелетін етіп жобалау көзделеді. Автоматтандырылған жеке жылу пункттері 3.02-02-2001 ҚНжЕ 3.2, 3.3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда қарастырылуы және жобалануы қажет. 12.1.10 Бөлмелердегі ауаның есептік температурасын қамтамасыз ету үшін (С қосымшасына және осы нормалардың 12.1 кестесіне сәйкес) жылыту қоршау конструкциялар арқылы жылуды жоғалтуды, ішке сүзілген сыртқы ауаны, материалдарды, құрал-жабдықтарды қыздыруға арналған жылу шығынын және технологиялық құрал-жабдықтардан, жарықтандырудан, электр аспаптардан, адамдардан шығатын жылу ағыстарын ескере отырып жобалануы тиіс. 12.1.11 Баспалдақ алаңшаларындағы жылыту аспаптарын бірінші қабатта, ал бөліктерге бөлінген баспалдақ алаңшаларында – әрбір бөлікте 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ талаптарын ескере отырып орналастыру қажет. Жылыту аспаптарын сыртқы есіктері бар тамбур бөліктерінде орналастыруға болмайды. Баспалдақ алаңшаларындағы жылыту аспаптарын жеке тармақтарға немесе жылыту жүйесінің тіректеріне біріктіруге болады. 12.1.12 Ылғал және дымқыл режимдегі құрылғылар тізбегін бөлмелердің сыртқы қабырғаларына қыздыру аспаптарын орналастыруға болмайды. 12.1.13 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында жылыту аспаптарының жанында автоматты термореттегіштер орнатылуға тиіс. Киім ілетін, душ, санитарлық тораптар, қойма бөлмелеріндегі, сондай-ақ жылу тасымалдағыштың қатып қалу қаупі бар бөлмелердегі (баспалдақ алаңшаларында, тамбурларында және т.с.с) аспаптарды қоспағанда, реттеуші арматураны жылыту аспаптарына орнату керек. 12.1.14 Жылыту элементтері орнатылған құрылыс конструкциялары бетінің орташа температурасы 4.02-05-2001 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес алынуы керек. 12.1.15 Жылу тасымалдағыш, жылу тасымалдағыштың параметрлері 4.02-05-2001* ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес келуге тиіс. 12.1.16 Сумен жылыту жүйесіндегі су ағыны және жылу тасымалдағыштың шығынын 4.02-02-2004 МҚН талаптарына сәйкес анықтау керек. 12.1.17 Тамақтандыру объектілерінің жүк тиеу, вестибюль бөлмелері жылу қалқаларымен жабдықталуы керек. 12.1.18 Залдардағы орындар саны 100 және одан көп тамақтандыру объектілері ғимараттарында есептік сыртқы ауа температурасы минус 15 0С және одан төмен болғанда келушілерге арналған кіру тамбурларын жылу қалқаларымен жобалау ұсынылады. 12.1.19 Сыйымдылығы кемінде 50 орынға арналған тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында қосарланған есіктер орнатуға жол беріледі. 12.1.20 Жылу оқшаулағыш конструкцияларды ҚНжЕ 2.04.14-88, 4.02-102-2003 ҚР ЕЖ сәйкес жобалау керек. 12.1.21 Тамақтандыру объектілерінде үрлеу-сору желдеткіші және ауа алмасу жүйелерінің автоматты реттелуін көздеу ұсынылады. 12.1.22 Тамақтандыру объектілерінің түскі ас залында және өндірістік бөлмелерінде едәуір жылу бөлінген кезде ауа алмасу жүйесін орнату көзделуі керек. Қалған қызметтік бөлмелерді үрлеу-сору желдеткіш жүйесімен жабдықтау керек. 12.1.23 Желдету және ауа алмасу жүйелерінің өнімділігі ауа алмасудың санитарлық нормалары – сыртқы ауаның өңделетін мөлшері негізінде анықталады. Ауа алмасуды есептеу адамдардан, күн радиациясынан немесе электр жарығынан және технологиялық жылу жабдығынан шыққан артық жылуды сіңіру негізінде жүргізіледі. 12.1.24 Бөлмелердегі ауаның есептік температурасы және ауа алмасу еселігі 4.02-05-2001 ҚР ҚНжЕ 2-бөлімінің ережелеріне және осы ҚНжЕ 12-1-кестесіне сәйкес қабылдау керек
12.1 к е с т е - Бөлмелердегі ауаның есептік температурасы және ауа алмасу еселігі
12.1 кестенің жалғасы
12.1.25 Ыстық цехтар мен кондитерлік бұйымдарды пісіруге арналған бөлмелердегі ауа алмасуын есептеу үшін ауа температурасы: - жылу бөлетін технологиялық құрал-жабдықтардың үстіндегі шатырлар, перделер және оқшаулағыш құрылғылар - 42 ºС - төбенің астында - 30 ºС болуға тиіс. 12.1.26 Тамақтандыру объектілерінің сауда залдарынан бөлінетін ауа температурасы биіктік бойынша градиент есепке ала отырып анықталады. 12.1.27 Мектептердің ас блоктарындағы ауа алмасу есебі асханадағы технологиялық құрал-жабдықтардан бөлінетін артық жылуды сіңіруге арналып жүргізілуі керек. Өндірістік бөлмелердің ас блогына ауаның түскі зал арқылы келуі қарастырылуы керек. Берілетін ауаның көлемі түскі ас залындағы бір орынға шаққанда 20 м³/сағ кем болмауы тиіс. 12.1.28 Залдағы жылу бөліну бір келушіге шаққанда 0,116 кВт/сағ (100 ккал/сағ) етіп алу ұсынылады. 12.1.29 Технологиялық құрал-жабдықтардан бөлінетін жылуды осы ҚНжЕ Ф қосымшасына сәйкес жабдық жұмысының және іске қосылуының бір мезгілдік коэффициенті негізінде есептеу арқылы анықтау ұсынылады. 12.1.30 Құрал-жабдықтар бойынша ауа шығыны 12.2 кесте бойынша қабылданады. Технологиялық жабдықтың үстінен сорғыш шатырларды конструкциялау кезінде шатырдың қабылдау ойығының өлшемдері зиянды заттар бөлінетін көздердің өлшемдерінен үлкен болуы керек. Бұл орайда шатырдың ашылу бұрышы 60 ° аспауы керек. Шатырдың жиегінен зиянды заттар бөлінетін орынға дейінгі арақашықтық шатырдың жұмыс операцияларына кедергі келтірмейтіндей етіп таңдалады. 12.1.31 Жылу, ылғал және газ шығаратын жабдықтарды шағын сору жүйелерімен жарақтау қажет. 12.1.32 Желдеткіш, ауамен жылыту, ауада су себезгілеу және ауа-жылу шымылдықтарын тамақтандыру объектілерінде, бөлмелерінде, сондай-ақ қызмет көрсету аймағында және жұмыс аймағында микроклимат көрсеткіштерін қамтамасыз ету мақсатында жобалау қажет. 12.1.33 Тамақтандыру объектілерінің желдету жүйелерін жобалау кезінде энергия үнемдеу, санитарлық-техникалық және өртке қарсы нормалардың талаптары сақталуы қажет. 12.1.34 Өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктіре немесе кіріктіре-жапсарлас салынған тамақтандыру объектілерін желдету жүйелерін дербес етіп жобалау керек.
12.2 к е с т е
Тұрғын үй ғимараттарына кіріктіре немесе кіріктіре-жапсарлас салынған тамақтандыру объектілерінде тұрғын бөлмелерді шудан және вибрациядан қорғау шаралары көзделуге тиіс. 12.1.35 Желдеткіш жабдықты құру, жөндеу және техникалық қарау үшін монтаждық саңылаулар, жылжымалы және тұрақты көтеру-көлік құралдарын қарастыру қажет. 12.1.36 Желдету жүйелерінен ауаның шығарылуы есеп бойынша немесе сыртқы ауа үшін қабылдау құрылғысынан горизонталь бойынша кемінде 10 м немесе горизонталь арақашықтық кемінде 10 м кезде вертикаль бойынша 6 м арақашықтықта айқындалады. Жергілікті ауа сору жүйесінің шығарынды газдары, егер оның шығыңқы бөлігіне дейінгі арақашықтығы 10 м кем болса, онда ғимараттың ең жоғары бөлігінің шатырынан кемінде 2 м биіктікте орналастыру керек. 12.1.37 Ыстық цехтардың желдету жүйелерінде шағын үрлеу-сору құрылғыларын пайдалану ұсынылады. 12.1.38 Сору желдеткіші жүйелерін мынадай бөлмелер топтары: - келушілер үшін; - өндірістік; - тамақ қалдықтары камералары; - жеміс-жидектер, көкөністер және дәмдеуіштер тоңазытылатын камералар; - ыдыс жуатын машиналардың жергілікті сору жүйелері; - дәретханалар және шешінетін орындары бар душ бөлмелері үшін бөлек етіп жобалау керек. Ыстық цехтардың және жалпы алмасу желдеткішінің, ыстық, суық, дайындауға дейінгі цехтардың, жуатын және басқа өндірістік бөлмелердің жергілікті сору жүйелерін бір сору жүйесіне біріктіруге жол беріледі. 12.1.39 Тамақтандыру объектілерінің залдарында ауаны сорып шығару табиғи негізгі сору жүйелерінің көмегімен жүзеге асырылады. 12.1.40 Санитарлық тораптардың, шылым шегетін және душ бөлмелерінің сору желдеткіші жүйелері біріктірілуі мүмкін. 12.1.41 Білім мекемелерінің тағам блогынан келетін ауа сору жүйелерін топтық және жатын бөлмелер арқылы жобалауға жол беріледі. 12.1.42 Сыйымдылығы 50 және одан аз орынды кафелер мен асханаларда шоғырландыра үрлеу көзделмейтін сору желдеткішін орналастыруға жол беріледі. 12.1.43 Ауа үрлеу желдеткіші жүйелерінде (сыртқы және рециркуляциялық ауа қатынасының нормаларын реттеу кезінде) ауаның рециркуляциясын кеңінен пайдалану керек. 12.1.44 Жылу мен электр энергиясының өндірістік емес шығыстарын болдырмайтын режимде ауамен жылыту жүйелерімен бірге ауа үрлеу желдеткішін қолдануға жол беріледі. 12.1.45 Ауа үрлеу камералары шегінде ішкі кәрізді төсеуге жол берілмейді. 12.1.46 Табиғи негіздегі ауа кіретін желдеткіштер үшін пайдаланылатын қабылдағыш құрылғыларды, ашылатын терезелер мен ойықтарды орналастыру мен жобалау 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ, 4.02-05-2001* ҚР ҚНжЕ бойынша жобалануға тиіс. 12.1.47 Технологиялық талаптар бойынша ауа кіруіне жол берілмейтін немесе ауаны желдете алмастыру көзделуге тиіс үй-жайларды қоспағанда, тамақтандыру объектілерінің үй-жайларында ауа ағысы кіруге арналған фрамугалар, желдеткіштер немесе басқа да құрылғылар көзделуге тиіс. 12.1.48 Жекелеген үй-жайларда жазғы кезеңге арналған механикалық желдеткіш ретінде жергілікті ағысты қондырғылар (кондиционерлер және т.б.) қолдануға жол беріледі. 12.1.49 Залдар мен ыстық цехтарда ауаны желдете алмастыруға қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес орталық немесе жергілікті кондиционерлер арқылы, сондай-ақ ауаны желдете алмастырудың компрессорсыз жүйесімен қамтамасыз етуге жол беріледі. 12.1.50 Ауаны желдете алмастыру жүйесі: - сыйымдылығы 200 орыннан астам, ІV климаттық ауданда орналасқан; - сыйымдылығы 300 орыннан астам, басқа климаттық ауданда орналасқан тамақтандыру объектілерінде көзделуге тиіс.
12.2 Сумен жабдықтау және кәріз
12.2.1 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ, 4.01-01-2001 ҚР ҚНжЕ, 3.05-01-85* ҚНжЕ талаптарына сәйкес келетін, шаруашылық-ауыз су, өртке қарсы және ыстық сумен жабдықтау, кәріз және суағар көзделуге тиіс. 12.2. Тамақтандыру объектілеріндегі шаруашылық-тұрмыстық қажеттіктерге арналған су шығынын 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ, өртке қарсы мақсаттар үшін 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес айқындау қажет. 12.2.3 Кәрізі жоқ елді мекендерде орналасқан тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында жергілікті кәріздік тазарту құрылғылары бар ішкі сумен жабдықтау және кәріз жүйесін көздеу қажет. І–ІІІ климаттық аудандардағы кәрізі жоқ елді мекендерде 25 немесе одан кем орны бар тамақтандыру объектілерін люфт-клозеттермен немесе күресіндермен жабдықтауға жол беріледі. 12.2.4 Тұрғын үйлерге кіріктіре-жапсарлас салынған тамақтандыру объектілерінде сумен жабдықтау және кәріз жүйесі дербес болуға тиіс. 12.2.5 Тамақтандыру объектілерінің сумен жабдықтау жүйесі суға арналған есептегіштермен жабдықталуға тиіс. Кіріктіре салынған, кіріктіре-жапсарлас салынған және жеке салынған тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында әрбір абонентке жеке-жеке есептегіш орнатылуға тиіс. 12.2.6 Санитарлық бөлмелерді және дымқылдайтын процестер жүретін үй-жайларды тамақтандыру объектілерінің қойма, технологиялық үй-жайлары мен тоңазыту камераларының үстіне орналастыруға жол берілмейді. 12.2.7 Ішкі кәрізді төбенің астына, қабырғаларға, едендерге салуға, сондай-ақ транзиттік су құбыры магистральдарын тамақтанатын залдарға, тамақ өнімдерінің өндірістік үй-жайларында және қойма үй-жайларында салуға жол берілмейді. 12.2.8 Су құбыры мен кәрізді тоңазытқыш камераларының қоршау конструкцияларына, сондай-ақ осындай камералар мен тамбурлар арқылы салуға жол берілмейді. 12.2.9 Тамақтандыру объектілерінде кәріздің желдетілетін тік құбырларын жобалау ұсынылады. 12.2.10 Тамақтандыру объектілерінен сыртқы кәрізге бұрып тартылатын суағарлардың саны тұтынылатын судың мөлшерінен К-0,85 болып қабылданады. 12.2.11 Тамақтандыру объектілерінің тұрмыстық және өндірістік сарқынды сулары бөлек шығарындысы бар сыртқы кәрізге бұрып тартылуға тиіс. 12.2.12 Тамақтандыру объектілерінің технологиялық жабдықтары мен аспаптарынан суағарларды бұратын құбырлар кәріз желісіне ағыстың үзілуі кемінде 20 мм сифон арқылы жалғастырылуға тиіс. Тамақ пісіретін қазандар тобынан су ағызуды жобалау кезінде еденде алмалы-салмалы тормен жабылған трапы бар астау болуы ұсынылады. 12.2.13 Тамақ дайындау мен ыдыс-аяқ жууға арналған технологиялық жабдықтардан шығатын құбыр қабылдағыш воронканың жоғарғы жағынан кемінде 20 мм ағысты үзе отырып кәріз желісіне жалғастырылуға тиіс. 12.2.14 Тамақтандыру объектілерін ыстық сумен жабдықтау жүйесін су айналысынсыз жобалау қажет. 12.2.15 Тамақтандыру объектілерінің өндірістік үй-жайларында технологиялық траптар болған жағдайда үй-жайды жинау үшін қосымша траптар орнату ұсынылмайды. 12.2.16 Өндірістік және сарқынды суларды сыртқы кәрізге түскенге дейін майдан, крахмалдан, қою қалдықтардан, құмнан және ластан тазалау үшін ғимараттан тыс кәріз желісінің шығатын жерінде май және қою қалдықтарды ұстап қалатын құрылғы жобалау қажет. 12.2.17 Өнімділігі ауысымына 2 тонна болатын көкөніс цехтарының сарқынды суларын тазалау үшін осы цехтардың технологиялық жабдықтарының құрамында құм ұстағыш көзделуге тиіс. 12.2.18 Тоңазытқыш машиналар конденсаторларына түсетін суды суыту үшін ГВП үлгісіндегі градирня орната отырып, айналма сумен жабдықтау жүйесін жобалау ұсынылады. 12.2.19 Тоңазытқыш камераларда буланғыштарды еріту кезінде конденсаттың суын ағызу үшін олардың астына суы тамбурда, камерасы бар көрші үй-жайларда немесе ерекше жағдайларда дәліздерде орналасатын траптарға ағатын су жиналатын ыдыс жобалау қажет.
12.3 Газбен жабдықтау
12.3.1 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарын газбен жабдықтау жүйесін МҚН 4.03-01-2003 және Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес жобалау қажет. 12.3.2 Газбен қамтамасыз ету жүйесі және газ пайдаланатын құрылғылар жобалауға арналған тапсырмада белгіленген қызмет ету мерзімі ішінде олардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес төзімділігі, орнықтылығы және саңлаусыз жабылуы қамтамасыз етілетіндей болып жобалануы қажет. 12.3.3 Ішкі газ құбырларындағы және газ пайдаланылатын құрылғылардың алдындағы газдың қысымы осы құрылғылардың орнықты жұмыс істеуі үшін қажет, әзірлеуші завод техникалық паспорттарда көрсеткен қысымға сәйкес болуға тиіс, бірақ тамақтандыру объектілерінің жеке тұрған ғимараттары үшін - 0,005 МПа және тұрғын үйлерге кіріктіре және кіріктіре-жапсарлас салынған тамақтандыру объектілері үшін 0,003 МПа мәнінен аспауға тиіс. 12.3.4 Тамақтандыру объектілерін немесе тамақтандыру объектілері етіп реконструкциялануға тиіс объектілерді қамтитын тұрғын үйлердің оқшауланған үй-жайларынан басқа, табиғи газды және сұйытылған көмірсутегі газын пайдаланатын құрылғыларды, тамақтандыру объектілері ғимараттарының подвалдары мен цокольді қабаттарында орналастыруға тыйым салынады. 12.3.5 Сұйытылған көмірсутегі газының баллондарын шатырларда, тамақтандыру объектілерінің ас ішетін залдарының астына және үстіне орналасқан үй-жайларда, табиғи жарық түспейтін үй-жайларда, авария кезінде шығатын есіктердің жанына, бас фасад жағына орнатуға рұқсат етілмейді. 12.3.6 Қызмет көрсететін персонал тұрақты түрде болмайтын, автоматты режимде жұмыс істейтін газ пайдаланылатын қондырғы орнатылатын тамақтандыру объектілерінің үй-жайларын газдың берілуін автоматты түрде тоқтататын және газдану туралы диспетчерлік пунктке немесе персонал тұрақты түрде болатын үй-жайға сигнал жіберетін газдануды бақылау жүйесімен жарақтау қажет. 12.3.7 Театрлар мен кинотеатрлардың барлары мен кафелерінде газ құрылғыларын орнатуға жол берілмейді. 12.3.8 Емдеу және амбулаториялық-емханалық мекемелерде орталықтандырылған газбен жабдықтауды тамақ әзірленетін үй-жайларда, жеке тұрған ғимараттарда орналасатын орталық дайындау үй-жайларында ғана көздеуге жол беріледі.
12.4 Ішкі электр жүйесінің құрылғысы және инженерлік жабдық
12.4.1 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында электр жабдықтары, электр жарығы, байланыс, ақпараттандыру және телевизия құрылғылары көзделуге тиіс. Тамақтандыру объектілері жергілікті электр аспаптарымен, байланыс және ақпараттандыру құрылғыларымен жарақталуы мүмкін. 12.4.2 Ішкі электр жүйесін 4.04-23-2004 ҚР ҚН, 2.02-11-2002 ҚР ҚН, ВҚН 60-89, 2.02-15-2003 ҚР ҚНжЕ, МемСТ 12.1.030-81, 12.1.019-79 МемСТ талаптарын сақтап жобалау керек. 12.4.3 Тамақтандыру объектілері ғимараттарының жасанды жарықтандырылуын және электртехникалық құрылғыларын 2.04-05-2002* ҚР ҚНжЕ, 4.04-10-2002 ҚР ҚНжЕ, 2.02-18-2005 ҚР ЕЖ, ҚР ҚЕ 4.04-23-2004 ҚР ҚН, 60-89 ВҚН талаптарына сәйкес жобалау қажет. 12.4.4 Үй-жайларда электр жүргізу, жарық беретін электр құрылғыларының сымын жерге қосу және нольге келтіру ЭОЕ талаптарына сәйкес орындалуы қажет. 12.4.5 Тамақтандыру объектілерінің барлық үй-жайларында жұмыс істеуге арналған электр жарығы құрылғысы болуы міндетті. 12.4.6 Күш беретін және жарық беретін құралдарды жобалау кезінде 4.04-23-2004 ҚР ҚН, 4.04-19-2004 ҚР ҚН талаптары орындалуға тиіс. Күш беретін электр қабылдағыштарды және жарық беруді қоректендіруді 380/220В кернеулі ортақ трансформаторлар мен желілерден жүзеге асыру ұсынылады. 12.4.7 Тамақтандыру объектілерінде электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты 12.3-кестеде көрсетілген электр қабылдағыштар көзделуге тиіс. 12.4.8 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында бір кірме-тарату қүрылғысы орнатылуға тиіс. Қалыпты және авариялық режимдегі кірмелердің әрқайсындағы жүктелім 630 А-дан астам болған кезде ҚТҚ санының артуына жол беріледі. 12.4.9 Тарату пунктері мен топтық щиттердің кірмелерінде басқару аппараттары орнатылуға тиіс. Кірмелеріне басқару аппараттарын орнату барлық жағдайда міндетті болатын ыстық цехтардың тарату пункттерін қоспағанда, бір қоректендіру желісіне қосылған пункттер мен щиттердің саны қоса алғанда 5-ке дейін болған кезде олардың кірмелеріне басқару аппараттарын орнатпауға жол беріледі. 12.4.10 Тарамдалған схема бойынша қоректенетін электрмен жабдықтау сенімділігінің І санатындағы тұтынушылардан басқа, күш беретін тарату щиттеріне, жарық беру пункттері мен топтық щиттерге электр энергиясын тарату магистральдық схема бойынша жүзеге асырылуға тиіс. 12.4.11 Жарық көздерін олардың жарық беруін, қызмет ету мерзімін, спектрлік және электрлік сипаттамаларын, сондай-ақ конструкциялық ерекшеліктерін ескере отырып, функционалдық талаптарды негізге алып таңдау керек. Түрлі-түсті жарық беруге қойылатын жоғары талаптарды орындау қажет болатын ресторандарда, кафелер мен барларда ЛДЦ, ЛДЦ УФ, ЛБЦТ, ЛХЕ лампаларына басымдық беру ұсынылады. Ыстық өндірістік үй-жайларда амальгамды люминесценттік лампаларды пайдаланған жөн. Техникалық қажеттілік болған кезде және эстетикалық функцияларына сәйкес залдың немесе бір үй-жайдың шегінде жарық көзінің түрлі типтерін пайдалануға жол беріледі.
12.3-к е с т е
12.4.12 Шырақтарды: - нормаланған және сапалы жарық беру; - олардың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қауіпсіз және ыңғайлы орналастыру; - олардың бекітілу сенімділігі қамтамасыз етілетіндей етіп орнату қажет. 12.4.13 Тамақ өнімдерін дайындауға арналған өндірістік үй-жайларда жұмыс орнының (плитаның, үстелдің және т.б.) үстіне орнатылатын қызатын лампалары бар шырақтардың төменгі жағында қорғаныш шынысы болуға тиіс. Люминесцентті лампалары бар шырақтарда лампасының түсіп кетуін болдырмайтын тор не лампаұстағыш болуы керек. 12.4.14 Үй-жайлардағы, эвакуация жолындағы дәліздердегі авариялық жарық беру, шығатын есіктердегі жарық көрсеткіштер, жұмысқа арналған жарық өшіп қалғанда жұмысты жалғастыру үшін қосылатын қауіпсіздік жарығы, сондай-ақ күзет және кезекші жарық беру 2.04-05-2002* ҚР ҚНжЕ -де жазылған жағдайларда көзделуге тиіс. 12.4.15 Объектілерге жарық беруді қоректендіруді 4.04-23-2004 ҚР ҚН талаптары бойынша есептеу және жобалау керек. 12.4.16 Үй-жайлардың авариялық және жұмыс жарығын қоректендіруді әр түрлі көздерден көздеу керек; не жұмыс жарығын қоректендіретін көз ажыраған кезде авариялық жарық беру екінші көзге автоматты түрде қосылуға тиіс. Авариялық жарық беруді қоректендіру үшін автономды көздер (аккумуляторлық батареялар, дизельді электр станциялары және т.б.) құрылғысы талап етілмейді. 12.4.17 Эвакуациялық және авариялық жарықты қоректендіруді жұмысқа арналған жарық беру көзіне тәуелсіз етіп жобалау керек және: - ғимаратқа екі кірме болғанда - әр түрлі кірмелерден; - бір кірме болғанда кірме-тарату құрылғысынан (КТҚ) бастап дербес желілерден орындау керек. 12.4.18 Эвакуациялық және авариялық жарықты, жарнамаларды, иллюминацияларды, бірге салынған дербес жылу пункттерін, тоңазытқыш құрылғыларын қоректендіретін желілер ҚТҚ-дан бастап ГРЦ-ға дейін дербес болуға тиіс. 12.4.19 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында, ЭОЕ талаптары, тиісті санитарлық және өртке қарсы нормалар сақталған жағдайда, кіріктіре салынған және жапсарлас салынған жылу пункттерін (ЖП), оның ішінде жинақталған жылу пункттерін (ЖЖП) орнатуға рұқсат етіледі. 12.4.20 Кіріктіре салынған жылу пункттерін бас таратушы щиті (БТЩ) бар бір үй-жайда немесе аралас үй-жайда орналастыру керек. 12.4.21 Кіріктіре салынған ЖП, ЖЖП және жабық таратушы құрылғы (ЖТҚ) үшін ЭОЕ нормаларына қосымша мына талаптардың орындалуын қамтамасыз ету қажет: - оларды дымқыл технологиялық процестер жүретін үй-жайлардың, душтардың, санитарлық орындардың астына орналастырмау; - ЖП, ЖЖП және ЖТҚ үй-жайларының астына жылу, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінде су өтіп кетуін болғызбайтын сенімді гидроизоляция жасалуы керек; - кернеуі 1000 В-ға дейінгі және одан жоғары трансформаторлар мен ЖТҚ камераларының кіретін жақтағы еденінің белгісі жалғасып салынған үй-жайлар еденінің белгісінен кемінде 10 см жоғары және жердің белгісінен кемінде 30 см жоғары болуға тиіс; - кіші станция еденінен жалғасып салынған үй-жайлар еденіне немесе жерге дейінгі аралық 40 см-ден астам болған кезде кіру үшін баспалдақтар көзделуге тиіс; - кіші станция орналасқан жерге автомашиналардың баруы үшін немесе трансформаторды көтеру үшін жол көзделуге тиіс; - қызмет көрсетуші персоналдың ЖП-ға, ЖЖП-ға, ЖТҚ-ға тәулік бойы кіруі қамтамасыз етілуге тиіс. 12.4.22 Жарық беруді орталықтандырылған қашықтықтан басқаруды 300-ден астам орны бар тамақтандыру залдарында көздеу ұсынылады. 12.4.23 Қойма үй-жайларындағы, сондай-ақ тауарлар дайындауға арналған үй-жайлардағы жарық беруді басқару әр үй-жай үшін жергілікті болып, объектінің жұмысы аяқталған кезде оларды орталықтандырылған ажырату мүмкіндігі болуға тиіс. Жарық беруді жергілікті басқарудың ажыратқыштары үй-жайдан тыс жанбайтын конструкцияларда орналастырылып, пломбылауға арналған тетіктері бар шкафтарда немесе қабырғадағы қуыстарда болуға тиіс. 12.4.24 Байланыс және сигнализация құрылғыларын жобалау 2.02-15-2003 ҚР ҚНжЕ, 2.02-11-2002 ҚР ҚН талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. 12.4.25 Ішкі және әкімшілік-шаруашылық немесе директорлық байланыс қажеттілігі жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес айқындалады. 12.4.26 Залдардағы, әкімшілік үй-жайлардағы және адамдар шоғырланған орындарда байланыс желісін - жасырын, ал қалған үй-жайларда ашық тәсілмен орындау ұсынылады. 12.4.27 Сыйымдылығы 300 және одан астам орындық тамақтандыру объектілерін күзет сигнализациясымен жарақтау қажет. Тамақтандыру объектілерінің аумағын периметрі бойынша күзет сигнализациясы құрылғыларымен жарақтауға жол беріледі. Сыртқы есіктерді, терезелерді, желдеткіштерді, люктерді ашу, сындыру болмайтындай етіп қоршау ұсынылады. 12.4.28 Материалдық құндылықтар сақталатын үй-жайларда күзетті күшейту үшін қорғаудың қосымша шептері көзделеді. 12.4.29 Жекелеген үй-жайларды қорғау (қоршау) тәсілін таңдау күзет сигнализациясының техникалық құралдарын қолдану сипаттамасы мен тактикасына байланысты. 12.4.30 Өрт сигнализациясы және өрт хабарлағыштың типі өрт сигнализациясы құрылғыларын жобалау жөніндегі нормалар талаптарына сәйкес таңдап алынады. 12.4.31 Тамақтандыру объектілерінің инженерлік жабдықтары үшін реттеу мен қорғаудың автоматтандырылған электр жүйесі ұсынылады, оларды 2.02-15-2003 ҚР ҚНжЕ, 2.02-11-2002 ҚР ҚН талаптары бойынша жобалау қажет. 12.4.32 Инженерлік жабдықтарды автоматтандыру жүйелерінде автоматтандыру көлемін таңдау (бақылау, реттеу, қорғау, қоршау, басқару және сигнализация) қажетті параметрлерді сақтау, сенімділікті қамтамасыз ету, өртке қарсы талаптарды орындау, жылуды, суықты және электр энергиясын үнемдеу мақсатында жүзеге асырылуға тиіс. 12.4.33 Тамақтандыру объектілерін салу және реконструкциялау жобаларында өнеркәсіпте дайындалған технологиялық жабдықтарды орнатуды көздеу ұсынылады. Жабдықтың жинағы мен қуаты объектінің сыйымдылығына және типіне қарай айқындалады. 12.4.34 Инженерлік жабдықтарды жобалау кезінде қайталама энергия ресурстарын пайдалану және жоғары сипаттамалармен ерекшеленетін, оның ішінде металл мен энергия жұмсау жөнінен неғұрлым үнемді санитарлық-техникалық агрегаттар мен түрлі құрылғылардың, электртехникалық және басқа жабдықтардың озық үлгілерін қолдану керек. 12.4.35 Автоматтандыру құралдарын индустриалдық әдістермен монтаждау үшін: - жобаның сәулет-құрылыс бөлімінде: қабырғалар және аражабындар арқылы электр және құбыр сымдарын жүргізуге арналған саңылаулар, жасырын сымдар үшін салма құбырлар; қалқандар орнатуға арналған конструкциялар; - жобаның санитарлық-техникалық бөлімінде: бастапқы аспаптар мен автоматтандыру құралдарын орнатуға арналған технологиялық жабдықтар мен құбырлардағы салма құрылғылар (бобышкилар, кеңейткіштер, конус тәрізді өтпелер, қайтарма шентемірлер, құбыр байпастары және т.б.); реттеуіш клапандар, солениодтық шұралар, электр ысырмалар, тікелей әсер ететін реттеуіштер, атқару тетіктері бар жапқыштар; Автоматтандыру бөлімінде: төсеу әдістерін көрсете отырып және негізгі монтаждау бұйымдарын таңдау арқылы электр және құбыр сымдарын үйлестіру; қалқандарды үйлестіру, сондай-ақ ғимараттың қабырғаларына, еденіне, бағандарына, технологиялық аппараттарда және құбырларда орнатылатын автоматтандыру аспаптары мен құралдары қарастырылуы керек. 12.4.36 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында лифтілер 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ, 2.02-05-2002 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес жобалануы керек. Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында лифті және басқа да вертикаль көлік құралдарын орнату қажеттілігі осы бөлімнің талаптарымен және жобалауға берілетін тапсырмада белгіленеді. 12.4.37 Жолаушылар тасымалдайтын лифтінің санын 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ берілген есептеулер негізінде, бірақ екіден кем болмайтындай етіп белгілеу керек. Екінші лифтіні жүк таситын лифтімен ауыстыруға болады, ғимараттағы вертикаль көліктің есебі бойынша бір ғана жолаушылар лифтін орнату жеткілікті болса, онымен адамдарды тасымалдауға рұқсат етіледі. 12.4.38 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында залдар үшінші қабаттан жоғары орналастырылған жағдайда жолаушылар таситын лифтілер көзделуі керек. 12.4.39 Ең түкпірдегі бөлменің есігінен жақын арадағы жолаушылар таситын лифтінің есігіне дейінгі арақашықтық 60 м аспауы керек. 12.4.40 Жолаушылар таситын лифтіден лифт холлы арқылы шығатындай етіп жобалау керек. Биіктігі 10 қабатқа дейінгі ғимараттарда екі немесе одан аз лифтіден шығуды тікелей баспалдақ алаңшасына орналастыруға болады. 12.4.41 Жолаушылар таситын лифтілер алдындағы лифті холлының ені: - лифтілер бір қатарға орналасқан кезде — лифт кабиналарының ең төмен тереңдігі 1,3 м; - екі қатарға орналасқан кезде — еселенген ең төмен тереңдігі, бірақ кемінде 5 м болуы керек. Кабина тереңдігі 2,1 м және одан астам лифті алдында лифт холлының ені кемінде 2,5 м болуы керек. 12.4.42 Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында жүк таситын лифтілер 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ көзделген технологиялық талаптарға сәйкес қарастырылуы керек. Жүк таситын лифтілер бөлмелердің өндірістік тобы екі және одан көп деңгейде орналасқан жағдайда, оның ішінде жерасты кеңістігінде қарастырылуы керек. Бұл жағдайда жүк таситын 2 лифт көзделуі керек: жүк көтергіштігі 500 кг болатын, лифт алдында шектесетін дәліздердің енін қоспағанда, жүк түсіретін алаңы 2,7´2,7 м болатын құрылғысы бар өнімдерді тасымалдауға арналған лифт және екіншісі – жүк көтергіштігі 100 кг болатын, жүк түсіретін алаңы 2´1,5 м болатын қалдықтарды тасымалдауға арналған лифт. 12.4.43 Зембілмен адамды тасымалдау үшін ғимараттағы лифтілердің біреуінің (жолаушылар немесе жүк таситын) кабинасының тереңдігі кемінде 2,1 м болуы керек. 12.4.44 Тамақтандыру объектілерін найзағайдан қорғау 2.04-29-2005 ҚР ҚН сәйкес телевизия антенналарын және телефон желісінің немесе сымды хабарлау желісінің құбыр бағандарын есепке ала отырып орындалуы керек.
12.5 Қалдық шығару және шаңнан тазарту
12.5.1 Тамақтандыру объектілерінің қалдықтарын шығару және шаңнан тазарту 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ, 8-72 ВҚН талаптарына сәйкес жобалануы керек. 12.5.2 Пневматикалық қалдық шығару жүйелерін орнату қажеттілігі жобалауға берілген тапсырмада белгіленеді. 12.5.3 Тамақтандыру объектілерінің 5 қабатты және одан биік ғимараттарында пневматикалық қалдық шығару жүйесі болмағанда қалдық құбырлары көзделуі керек. Басқа ғимараттарда қалдық құбырларын орнату қажеттілігі негіздеме болған кезде жобалауға берілген тапсырмада белгіленеді. Қалдық құбырлары жабдықталмаған ғимараттар үшін қалдық жинайтын камералар немесе алаңшалар көзделуі керек. 12.5.4 Тамақтандыру объектілерінің аумағында тамақтандыру объектісінің ғимаратынан және тұрғын үйлердің терезелері мен есіктерінен 25 м қашықтықта сумен жабдықтау және кәріз желілеріне жеткізілген қалдық жинауға арналған қақпағы бар контейнерлер орнатуға арналған асфальтталған немесе бетондалған алаңшалар көзделуге тиіс.
А қосымшасы (ұсынылады)
Тамақтандыру объектілері ғимараттарының техника-экономикалық көрсеткіштерінің ұсынылатын тізбесі.
А.1-к е с т е
Жобалауға берілетін тапсырманың құрамы мен мазмұны (ұсынылады) Ғимараттың бөліктері. 1. Жалпы бөлім. 1.1 Әзірленетін құжаттың атауы және түрі. 1.2 Әзірлеу үшін негіздеме, қаржыландыру көзі. 1.3 Құжаттаманы әзірлеуші. 1.4 Құжаттамаға тапсырыс беруші. 1.5 Құжаттаманы әзірлеу сатылары және мерзімдері (оның ішінде құжаттаманы келісуге, сараптамаға беру, қабылдап алу) 2 Мәселенің жай-күйі, жұмыстың мақсаты, күтілетін нәтижелері. 2.2.1 Қолданыстағы нұсқалардың сипаттамалары. 2.2.2 Жұмыстың мақсаты және оны негіздеу. 2.2.3 Жұмыстың нәтижесі. 3 Жобалауға арналған бастапқы деректер. А) Типтік құрылыс конструкцияларына, бұйымдары мен тораптарына берілген құжаттама үшін. 3.1 Құжаттаманың қолданылу мақсаты. 3.2 Конструкциялардың, бұйымдардың, тораптардың негізгі параметрлері, номенклатурасы, типтік өлшемдері. 3.3 Конструкцияларды, бұйымдарды және тораптарды біркелкілендіруге қойылатын талаптар. 3.4 Көтергіш қабілетіне, ұзақ мерзімге жарамдылығына, жылу-техникалық қасиеттеріне, дыбыс оқшаулағыштығына, отқа төзімділігіне қойылатын талаптар. 3.5 Пайдалану шарттарына қойылатын талаптар. 3.6 Жүктемелер және әсерлер. 3.7 Есептеу, дайындау, сынау, тасымалдау, монтаждау шарттары. Б) Ғимараттардың, имараттардың жобалары үшін. 3.8 Ғимараттың, имараттың қолданылу мақсаты, олардың құрамы, негізгі сипаттамалары және көрсеткіштері. 3.9 Ғимаратты, имаратты салу және пайдалану шарттары, жауапкершілік деңгейі. 3.10 Көлемдік-жайғастыру шешімдеріне қойылатын талаптар 3.11 Конструкциялық шешімдерге, көтергіш және қоршау конструкцияларына, ішкі және сыртқы әрлеуге қойылатын талаптар. 3.12 Технологияларға, өндірісті ұйымдастыру әдістеріне, объектінің жұмыс режиміне қойылатын талаптар. 3.13 Өндірістік процестерді механикаландыруға және автоматтандыруға қойылатын талаптар. 3.14 Еңбек қауіпсіздігіне және гигиенасына қойылатын талаптар. 3.15 Халықтың қимыл-қозғалысы шектеулі топтарының өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар. 3.16 Инженерлік жабдықтар, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету жағдайларына, кәрізге қойылатын талаптар. 3.17 Жобалық шешімдердің жобалары. 3.18 Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар. 3.19 Қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайтарма энергия ресурстарын пайдалануға қойылатын талаптар. 3.20 Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қойылатын талаптар. 3.21 Құрылысты ұйымдастыру жөніндегі негізгі ережелерді әзірлеуге қойылатын талаптар. 3.22 Жобада сәулет, құрылыс, техника, технологиялар, жабдықтар, инженерлік жүйелер, құрылыс конструкциялары және материалдары саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалануға қойылатын талаптар. 3.23 Сметалық құнын анықтау шарттары. 4 Жұмыстардың құрамы және ресімдеу 4.1 Ақпарат тасымалдағыштың түрі (қағаз, магниттік тасымалдағыш), томдардың форматтары. 4.2 Құжаттаманы ресімдеуге қойылатын ерекше талаптар; топтық құжаттарды, кестелерді пайдалану, сызбалардың нақты түрлерін, құжаттаманың бөлімдерін орындау.
Б қосымшасы (міндетті)
Ұсынылатын қызмет түрлеріне байланысты тамақтандыру объектілерінің сыныптары
Б.1-к е с т е
Б.1-кестенің соңы
В қосымшасы (ұсынылады)
Сәулет-жайғастыру шешімдеріне және түрлі типтегі және сыныптағы тамақтандыру объектілерін безендіруге қойылатын талаптар
В.1-к е с т е
Г қосымшасы (ұсынылады)
Жиһазға қойылатын талаптар
Г.1-к е с т е
Д қосымшасы (ұсынылады)
Тамақтандыру объектілері бөлмелерінің ұсынылатын құрамы
Д.1-к е с т е
Е қосымшасы (ұсынылады)
Түрлі типтегі тамақтандыру объектілері бөлмелерінің құрамы
Е.1-к е с т е – Тамақтандыру объектілерінің бөлме топтарының құрамы
Е-1-кестенің соңы
Е.2-к е с т е – Тамақтандыру объектілерінің бөлме топтарының құрамы
Е-2-кестенің соңы
Ж қосымшасы (ұсынылады)
Тамақтандыру объектілері бөлмелерінің құрамы
Ж.1-к е с т е - Тамақтандыру объектілеріне келушілерге арналған бөлмелердің құрамы
И қосымшасы (ұсынылады)
Кондитерлік цехтардың өндірістік бөлмелерінің тізбесі
И.1-к е с т е- Өнім өндіруге байланысты кондитерлік цехтар бөлмелерінің тізбесі
К қосымшасы (міндетті)
Тамақтандыру объектілері аудандарының шекті ең төмен көрсеткіштері (залдағы бір орынға)
К.1-к е с т е – Тамақтандыру объектілерінің есептік және жалпы аудандарының шекті ең төмен көрсеткіштері (залдағы бір орынға) м2
К.2-к е с т е – Тамақтандыру объектілерінің нормаланған және жалпы аудандарының шекті ең төмен көрсеткіштері (залдағы бір орынға), м2
К-2-кестенің соңы
Л қосымшасы (міндетті)
Тамақтандыру объектілері бөлмелерінің ең төмен аудандары
Л.1-к е с т е – Қызметтік-тұрмыстық бөлмелердің ең төмен аудандары, м2
Сыра барлары: 50 орынға - 23, әрбір келесі орынға - 0,4. Кафе-автомат: 75 орынға - 42, әрбір келесі орынға -0,12 Балмұздақ кафесі: 50 орынға - 20, әрбір келесі орынға -0,8 Кондитерлік кафе: 50 орынға-26, әрбір келесі орынға -0,48
Е с к е р т у 1 Сызықтың үстінде (алымында) - өзіне-өзі қызмет көрсету кезіндегі, сызықтың астында (бөлімінде) даяшылар қызмет көрсетін кездегі аудандар берілген. 2 «●» белгісімен көрсетілген тамақтандыру объектілері ауданының ең төмен шекті көрсеткіштерін жобалауға берілген тапсырма бойынша алу керек.
Л.2-к е с т е – Өнімдерді қабылдауға және сақтауға арналған бөлмелердің ең төмен аудандары, м2
Л-2-кестенің соңы
Л.3-к е с т е – Шаруашылық бөлме элементтері, оларда арнайы жабдықты орнатуға және қызмет көрсету үшін жақындап келуге арналған алаңдардың ең төмен аудандары, м2
М қосымшасы (міндетті)
М.1-к е с т е - Тамақтандыру объектілері келушілерге арналған бөлмелердің шекті ең төмен аудандары м2
Н қосымшасы (міндетті)
Тамақтандыру объектілерінің бөлме топтарының аудандары
Н.1-к е с т е - Тамақтандыру объектісінің типіне байланысты келушілерге арналған бөлме топтарының ең төмен аудандары, м2
Н.2-к е с т е – Мейрамхана, көпшілік пайдаланатын асхана, кафе, дәмхана бөлмелері топтарының аудандары, м2
Н.3-к е с т е – Кафе-автомат, балмұздақ, кондитерлік кафелер, сыра барлары бөлмелері топтарының аудандары, м2
Н.4-к е с т е – Маманданған дәмханалар және жылдам қызмет көрсететін тамақтандыру объектілері бөлмелері топтарының аудандары, м2
Н. 5-к е с т е – Жоғары оқу орындарының асханаларындағы бөлме топтарының аудандары, м2
Н.6-к е с т е – Үлестіретін асхана бөлмелері топтарының аудандары, м2
12.7-к е с т е – Барлар бөлмелері топтарының аудандары, м2
Н.8-к е с т е – Ұн өнімдері цехтары бөлмелерінің аудандары, м2
Н.9-к е с т е – Аспаздық дүкендер бөлмелерінің аудандары, м2
Н.10-к е с т е – Кафетерий бөлмелерінің аудандары, м2
(міндетті)
Өндіріс нысандарына байланысты тамақтандыру объектілері бөлмелерінің ең төмен аудандары
П.1-к е с т е - Өндірістік бөлмелердің ең төмен аудандары, м2
П.1-кестенің жалғасы
|
(міндетті)
Ауылдық жердегі объектілер бөлмелерінің ең төмен аудандары
Р.1-к е с т е – Ауылдық елді мекендегі тамақтандыру объектілері бөлмелері топтарының аудандары м2
С қосымшасы (міндетті)
Тамақтандыру объектілеріндегі микроклимат параметрлері
С.1 - к е с т е – Тамақтандыру объектілеріндегі өндірістік бөлмелер микроклиматының есептік параметрлері
С.2-к е с т е – Жылдың суық және жылы кезеңдеріндегі микроклиматтың оңтайлы параметрлері
С.3-к е с т е – Жылдың суық және жылы кезеңдеріндегі өндірістік бөлмелердің жұмыс орындарындағы микроклимат көрсеткіштерінің рұқсат етілген шамалары
С.3-кестенің жалғасы
Т қосымшасы (міндетті)
Тамақтандыру объектілерінің бөлмелеріне жарық беру көрсеткіштері
Т.1-к е с т е – Тамақтандыру объектілерінің негізгі бөлмелерін табиғи және біріктіре жарықтандырудың нормативтік көрсеткіштері
Т.2-к е с т е – Тамақтандыру объектілерінің негізгі бөлмелерін жасанды жарықтандырудың нормативтік көрсеткіштері
Т.2-кестенің соңы
Т.3-к е с т е – Тамақтандыру объектілерінің өндірістік бөлмелерін жарықтандыру нормалары және сапалық көрсеткіштері
Т.3-кестенің соңы
У қосымшасы (міндетті)
Тамақтандыру объектілерінің технологиялық қажеттіліктеріне жұмсалатын су шығынының нормалары
У.1-к е с т е – Жартылай фабрикаттарды дайындауға жұмсалатын судың нормативтік шығыны
У.2-к е с т е – Су шығынының есептік мәндері және жабдықтың бір мезгілде әрекет етуінің проценттік көрсеткіші
Ф қосымшасы (анықтамалық)
Тамақтандыру объектілері жабдықтарының жұмысын есепке алуға арналған деректер
Ф.1-к е с т е – Тамақтандыру объектілері жабдықтарының бір мезгілде іске қосылу және жұмысы коэффициенттері
Х қосымшасы (міндетті)
Тамақтандыру объектілерінің жұмыс зонасының ауасындағы зиянды заттардың шекті мөлшері
Х.1-к е с т е – Жұмыс аймағының ауасындағы кейбір зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациялары және қауіптілік сыныптары
Қосымша (анықтамалық)
Библиография
[1] 2001 жылғы 16 маусымдағы №242-II «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала Қазақстан Республикасының Заңы құрылысы және құрылыс қызметі туралы» [2] 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы [3] ҚР Үкіметінің 2002 жылғы Жаңа объектілер салуға және қолда бар 13 желтоқсандағы №1313 қаулысы объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесі [4] Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ішкі сауда ережесін бекіту туралы 2005 жылғы 21 сәуірдегі №371 қаулысы
ӘОЖ 69(083.75)+725.7.011 (080+75) МСЖ 03.080.30; 91.040.10; 67.040
Түйін сөздер: ғимараттарды, тамақтану объектілерін, тұрғын ғимараттардың құрамына қоса салынған және оларға құрамына қоса салынған- жапсарлас тамақтану объектілерін жобалау
|