СНиП РК 3.05-09-2002* каз ТЕХНОЛОГИЧЕСКОЕ ОБОРУДОВАНИЕ И ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ ТРУБОПРОВОДЫ СНиП РК 3.05-09-2002ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫРЛАР
ТЕХНОЛОГИЧЕСКОЕ ОБОРУДОВАНИЕ И ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ ТРУБОПРОВОДЫ
Енгізілген күні 2003.04.01.
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
Осы ережелер абсолюттік қысымы 0,001 МПа-дан (0,01 кгк/см2) 100 МПа қос. (1000 кгк/см2), дейінгі бастапқы, аралық және соңғы өнімді алуға, өңдеу мен тасымалдауға, сонымен бірге құбырларды жылу беруге, майлау мен жабдықтың жұмысына қажетті басқа да заттарды алуға арналған технологиялық жабдықтар мен технологиялық құбырларды (бұдан әрі «жабдықтар» мен «құбырлар») құрастыру жұмыстарын өндіруге және қабылдауға таратылады. Ережелерді Қазақстан Республикасының аумағындағы жобалауға және жаңа құрылыс салуға, кеңейтуге, әрекеттегі кәсіпорындарды жаңғырту мен қайта жабдықтауға қатысатын барлық ұйымдар мен кәсіпорындар сақтауға тиіс. ҚР Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік қадағалау жөніндегі Департаменттің, ҚР Төтенше жағдайлар бойынша техникалық және кен бақылау агенттігінің (Мемқалтехбақылау) бақылауындағы жабдықтар мен құбырларды құрастыру жұмыстары, соның ішінде пісіру мен пісірілген қосылымдардың сапасын бақылау, сондай-ақ жоғары қауіптілік құралдарын қабылдау сынақтары ҚР Мемқалтехбақылау ережелері мен нормаларына және «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Мемлекеттік инспекция органдарының бақылауындағы өнеркәсіп салаларында пайдаланылатын отандық, сондай-ақ шетелдік жоғары қауіптілік өнімдерінің жаңа үлгілерінің топтық шығару және қолдану үшін қабылдау сынақтарына жіберу және рұқсат беру тәртібі туралы» нұсқауға сәйкес жүргізілуге тиіс.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Ережелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес республикалық және мемлекетаралық стандарттарды пайдалана отырып әзірленген. Ережелерді әзірлеу кезінде төмендегі нормативтік құжаттар мен материалдар пайдаланылған: ҚР ҚНжЕ А.2.2.1-2001. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен имараттардың құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, келісу,бекіту тәртібі және құрамы туралы нұсқау. ҚНжЕ 3.01-03-84. Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар. ҚР ҚБҚ 1.03-03-2001. Құрылыстағы геодезиялық қызмет және геодезиялық жұмыстар туралы ереже. ҚР ҚНжЕ 1.03-06-2002. Құрылыс өндірісін ұйымдастыру. ҚР ҚНжЕ 4.04-06-2002. Электротехникалық құрылғылар.
ҚНжЕ 2.02-05-87. Динамикалық жүктемедегі машиналардың іргетастары. ҚНжЕ 1.03-05- 2001. Құрылыстағы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі МСТ 17380-2001. Құбырлардың Py ≤ 10 МПа [≤ 100 кгс/см2] болат жіксіз пісіру бөлшектері. МСТ 24643-81. Өзара ауысымдықтың негізгі нормалары. Нысанның және беттік орналасулардың жіберілуі. Сандық мәндер. МСТ3242-79. Пісіру қосылымдары. Сапаны бақылау әдістері. МСТ 6032-89. Тоттануға төзімді болаттар мен балқымалар. Кристаларалық тоттануға қарсы төзімділікті анықтау әдістері. МСТ 6996-66*. Пісіру қосылымдары. Механикалық қасиеттерді анықтау әдістері. МСТ 7512-82*. Бұзбайтын бақылау. Пісіру қосылымдары. Радиографиялық әдіс. МСТ 14782-86. Бұзбайтын бақылау. Пісіру қосылымдары. Ультрадыбыс әдістері. МСТ 16037-80* Болат құбырларды пісіру қосылымдары. Негізгі типтері, құралымдық элементтері мен мөлшерлері МСТ 22130-86. Болат құбырлардың бөлшектері. Қозғалмалы тіреулер мен аспалар. Техникалық шарттар. МСТ 24379.0-80*. Іргетас бұрандалары. Техникалық шарттар. МСТ 24379.1-80. Іргетас бұрандалары. Жалпы құралымы және мөлшерлері. МСТ 24444-87. Технологиялық жабдықтар. Құрастыру технологиясына қойылатын жалпы талаптар. ҚН 527-80*. Ру 10 МПа дейінгі болат құбырларды технологиялық жобалау жөніндегі нұсқау. ҚН 550-82. Пластмассадан жасалған болат құбырларды технологиялық жобалау жөніндегі нұсқау. ССТ 30-143-88. Технологиялық жабдықтар мен технологиялық құбырларды құрастыру. Жұмыс өндірісін жобалау.Әзірлеу тәртібі, құрамы және мазмұны. ВҚН 003-88. Пластмассадан жасалған құбырлар құрылысы және жобалау. ВҚН 478-86. Технологиялық жабдықтар мен технологиялық құбырларды құрастыру жөніндегі өндірістік құжаттама. ҚР ТЖ жөніндегі Агенттігінің 1999 жылғы 29 қарашадағы № 256 бұйрығымен бекітіліп, ҚР Әділет министрлігімен 2000 жылғы 6 наурызда тіркелген «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Мемлекеттік инспекция органдарының бақылауындағы өнеркәсіп салаларында пайдаланылатын отандық, сондай-ақ шетелдік жоғары қауіптілік өнімдерінің жаңа үлгілерінің топтық шығару және қолдану үшін қабылдау сынақтарына жіберу және рұқсат беру тәртібі туралы» нұсқау. 3 АНЫҚТАМАЛАР
3.1 Жұмыстарды өндіру жобасы (ЖӨЖ) - бұл жұмыстардың өзіндік құны мен еңбек сыйымдылығын төмендетуге, объектілер құрылысының ұзақтығын қысқартуға, жұмыс сапасын жақсартуға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылыс-құрастыру жұмыстарын дайындаудың және орындаудың мейлінше тиімді әдістері анықталған объектінің құрылыс технологиясы мен ұйымдастырылуы жөніндегі техникалық құжаттама. 3.2 Полиэтилен - шикізаты этилен болып табылатын ақ түсті қатты материал. 3.3 Фторопластар - фтордан өндірілген этиленді қатардың барлық полимерлерінің жалпылама техникалық атауы. 3.4 Желі - тасымалданатын заттектің тұрақты параметрлері бар құбыр учаскесі. 3.5 Торап - мөлшерлері мен пішіндемесі бойынша жобалау жағдайына орнатылуы мүмкін құбыр желісінің бөлігі. 3.6 Блок - алмалы-салмалы және ажырағысыз қосылымдармен жинақталған бір немесе бірнеше түйіндерден, арматуралар мен құбыр кесінділерінен тұратын құбырлар желісі немесе оның бөлігі. 3.7 Шыбыртқы - құбырды құрастыру орнындағы өз ара пісірілген бірнеше секциялар. 3.8 Секция - транспорттық габариттермен шектелген бір диаметрлі бірнеше құбырдан тұратын түзу желілі жинақтау бірлігі. 3.9 Пісіру - пісірілетін бөліктер арасындағы молекулярлық өзара әрекет арқылы құралым элементтерінің ажырағысыз қосылымын алудың технологиялық процесі. 3.10 Түйістіре пісіру - пісірілетін бөліктерді қосу кезінде ерекше балқыту арқылы түйісу ұштарының беті бойынша өтетін ұштастықты жылулық пісіру. 3.11 Шашыранды пісіру - балқытылған бір бөлшектің аяғын балқытылған екінші бөлшектің соңына кіргізу арқылы құбырларды немесе бөлшектерді пісіру. 3.12 Айқастыра пісіру- пісірілетін бөлшектердің шеттерін бірін бірі жабатындай етіп, бір жақты немесе қос жақты балқыту арқылы пісіру. 3.13 Саңылау - пісіруге жиналған бөлшектердің пісірілген беттері арасындағы ара қашықтық. 3.14 Пісіру кернеуі - пісіру процесінен туындайтын пісіру қосылымындағы жеке кернеулер. 3.15 Рж- Жұмыс қысымы - құбырлардың арматуралары мен бөлшектерді пайдаланудың берілген тәртібі қамтамасыз етілетін ең артық қысым. 3.16 Рш-Шартты қысым - берілген мөлшерлері бар, нақты материалдары мен сипаттамалары бойынша 20 °С температураға сәйкес келетін тығыздық есептеулеріне негізделген ортаның 20 °С температурасы кезіндегі ең артық қысым. 3.17 Рсн.-сынамалы қысым - температурасы 5-тен кем болмайтын және 70 °С-тан аспайтын, немесе нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетілген басқа температурадағы су арқылы арматура мен құбыр бөлшектерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынау жүргізу кезіндегі артық қысым. 3.18 Dш-шартты өткел - қосылған құбырдың номиналдық ішкі диаметрі. 3.19 Беріктікті сынау - сынау кезінде құбыр жүйесінде жұмыс қысымынан асатын сұйықтық қысымы пайда болады.Бұл кезде құбыр материалында ақаулар бар болған жағдайда жоғары кернеулер туындайды да, сол ақаулар орналасқан аумақтарда шоғырланып, құралымның бүлінген бөлігін бұзады. 3.20 Тығыздықты сынау - құбыр жүйесінің тығыздығын анықтау мақсатында байқау жүргізіліп отырған құбырда сұйықтықтың жұмыс қысымы пайда болады. 3.21 Герметикалығын сынау - сыналып отырған құбырда ауа мен инертті газ арасында жұмыс қысымы пайда болып, одан соң, құбыр құбыр ағытылып, сол қысымда кем дегенде 24 сағат ұсталады. Құбырдың герметикалығы туралы сынау уақытында қысымның түсу көлемі бойынша қорытынды жасайды. Сынаудың бұл түрі жүйедегі ұсақ тығыздығы елеусіз жағдайдың өзін анықтауға мүмкіндік береді.
4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4.1 Жабдықтар мен құбырларды құрастыру жұмыстарын өндіру кезінде құрылыс өндірісін ұйымдастыру жөніндегі ҚР ҚНжЕ 1.03-06-2002 талаптарын, ҚР ҚНжЕ 1.03.05-2001 стандарттарына, техникалық шарттар мен ҚНжЕ 1.02.01-2001 сәйкес бекітілген ведомстволық нормативтік құжаттарға сәйкес талаптарды, сондай-ақ еңбекті қорғау, техника және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттарды сақтау керек. 4.2 Жабдықтар мен құбырларды құрастыру жұмыстары бекітілген жобалық-сметалық және жұмыс құжаттарына, жұмыстарды өндіру жобасына (ЖӨЖ) және өндіруші-кәсіпорынның құжаттарына сәйкес жасалуы тиіс. Импорттық жабдықтарды құрастыру кезінде өндіруші-кәсіпорынның тауарға ілеспе құжаттамасының құрамында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде және/немесе орыс тілінде ресми аудармасы болуға тиіс, сондай-ақ егер бұл жабдықтың жоғары қауіптілігі болса, кентехбақылаудың аумақтық органдарынан қабылдау сынақтарына жіберу үшін рұқсат алынуға тиіс. 4.3 ЖӨЖ құрамы объектінің түріне, күрделілігіне және құрастыру жұмыстарының еңбеке сыйымдылығына қарай ССТ 36-143-88 бойынша қабылданады. ЖӨЖ құрамында әзірленетін құжаттар мен басқа да материалдардың тізімі: - титулдық парақ; - құжаттар тізімдемесі; - түсіндірме жазбахат; - бас жоспардың құрастыру құрылысы; - құрастыру жұмыстарын жасаудың күнтізбелік жоспары; - жабдықтарды, құрылымдар мен құбырларды, соның ішінде жиынтық блоктарды құрастыруға тапсыру кестесі; - негізгі тетіктердің қозғалыс кестесі; - жұмысшы кадрлардың қозғалыс кестесі; - жабдықтарды құрастыру жөніндегі нұсқаулар; - жабдықтарды, құрылымдарды, жиынтық блоктарды құрастыру сұлбалары; - жабдықтарды құрастырудың технологиялық карталары; - құрастыру құрылғыларының, жеке жайындау құралдары мен жабдықталуының жұмыс сызбалары; - құбырларды құрастыру жөніндегі нұсқаулар; - құбырларды (соның ішінде тіреулік құрылымдарды) құрастырудың сұлбалары; - құбырларды құрастырудың технологиялық карталары; - пісіру жұмыстарын жүргізу туралы нұсқаулар; - құбыр желілерінің пісіру қосыламдары бойынша негізгі деректер; - пісіру жұмыстары бойынша тізімдемелер (пісіру, термоөңдеу бойынша жұмыс көлемдері, пісіру қосылымдарының сапасын бақылау, еңбек сыйымдылығы, пісіру және көмекші материалдар, жұмыстарды өндіруге арналған жабдықтар); - металл және металл емес құбырлар қосылымдарын пісірудің технологиялық карталары; - құрастыру жұмыстары көлемінің тізімдемесі (технологиялық желілер, цехтар, құрылғылар бойынша); - құрастыру жабдықтары мен құрылдарының тізімдемесі; - материалдар мен сатылып алынатын бұйымдардың тізімдемесі; - уақытша қоректендіруші электр желілерінің сұлбасы. 4.4 Жабдықтар мен құбырларды құрастыру құрылыстың тораптық тәсілінің және құрастырудың жинақты-блокты әдісінің негізінде жүзеге асырылуға тиіс.
Ескертулер: 1 Құрылыстың тораптық әдісі құрылыс-құрастыру жұмыстары аяқталған соң техникалық дайындығы автономдығы, объектінің жалпы дайындығына байланыссыз, іске қосу жұмыстарын жасауға, агрегаттардың, механизмдер мен қондырғыларды жеке сынау мен кешендік сынауға мүмкіндік беретін жұмыстарды құрылыс объектісін іске қосу кешенін өзара байланысқан технологиялық тораптарды - құрылымдық және технологиялық ерекше объектілерге бөліп құрылыс-құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру түсініледі. 2 Құрастырудың жинақты-блокты әдісі деп жабдықтар мен құбырларды құрастыруды құрылыс алаңындағы жұмыстарды жабдықтарды, құбырлар мен құрылымдарды жабдықтаушы-кәсіпорындарына, сонымен бірге құрылыс индустриясының құрастыру-жинақтау кәсіпорындарында және құрылыс құрастыру ұйымдарында құрылысқа блок қондырғыларының жиынтығы түрінде жеткізілетін блоктарға агрегаттаумен өнеркәсіптік өндіріс жағдайларына барынша (мүмкіндігінше толық) ауыстыру түсініледі.
4.5 Осы Ережелердің 4.2-тармағына сәйкес құрастыру ұйымына берілетін құжаттарда: а) агрегатталатын техникалық блоктар мен коммуникациялар блоктарының, олардың құраушы бөліктерін номенклатура мен техникалық талаптардың негізінде құрастыру жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер мен тапсырушының жоғары тұрған ұйымымен өзара келісілген немесе бекітілген талаптардың негізінде қолданылуы; б) құрылыс объектісін технологиялық тораптарға бөлу, олардың құрамы мен шекарасын жобалау ұйымы құрастыру жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым мен тапсырыс берушімен келісе отырып анықтайды; в) ғимараттардың қабырғалары мен аралық жабындарында қажет болған жағдайларда құрастыру ойықтарын және бұрылыс әдісімен құрастыру үшін тіреу құралымдарында топсалы құрылғылар жасап және тағы құрастыру барысында пайда болатын қосымша уақытша жүктерді қабылдайтын құрылыс құрылымдарын нығайтып технологиялық блоктары мен коммуникациялық блоктарын құрастыру орнына жинақталған түрде беру мүмкіндігі; ауыр салмақты мен ірі габаритті жабдықтарды және жүккөтергіштігі үлкен крандарды ауыстыру үшін тұрақты не уақытша жолдар; г) жабдықты құрастыру үшін ішкі геодезиялық бөлу негіздерін және геодезиялық бөлу жұмыстарындағы орындау дәлдігі есептелетін шек бойынша мәліметтер қарастырылуға тиіс. Көрсетілген құжаттама немесе оның бөлігі, тапсырыс берушінің келісімі бойынша, құрастыру ұйымының тиісті лицензиясы бар болған жағдайда, жеке әзірленуі мүмкін. 4.6 Бас мердігер құрылысты ұйымдастыру жобасы бойынша қарау және қорытынды жасауға, ғимараттар мен имараттардың құралымдық шешімдеріне және жұмыстарды жинақты-блокты және тораптық әдістерімен жасаудың негізгі ережелері мен мүмкіндіктері анықталатын технологиялық үйлестіруге құрастыру ұйымын қатыстыру керек. Құрастыру ұйымы жобаны қарау және ол бойынша қорытынды жасау кезінде қатысуға құқылы. 4.7 Жабдықтарды, құбырларды және құрастыру үшін қажетті жинақтаушы бұйымдармен материалдарды жеткізуді құрастыру ұйымымен келісілген кесте бойынша жүзеге асыру керек, онда құрастыру ұйымымен жасалуға жататын блоктар спецификациясына енгізілген машиналар, аппараттар, арматуралар, құрылымдар, бұйымдар мен материалдарды жеткізіп беруі бірінші кезекте қарастырылуы керек. Құрастыру ұйымы тапсырыс берушінің және бас мердігердің келісімі бойынша объектіні жөнделуші жабдықпен жинақтауды жеке жүзеге асыра алады. 4.8 Жабдықтар мен құбырларды құрастыру жұмыстары аяқталды деп осы ережелердің 8-бөліміне сәйкес орындалған жеке сынақтардың аяқталуы және жұмыс комиссиясының жабдықтарды қабылдау актісіне қол қойғаны саналады. Құрастыру ұйымы құрастыру бойынша жұмыстарды аяқтаған соң, яғни жеке сынаулар аяқталғаннан кейін және жабдықтар мен құбырларды кешенді сынамалауға қабылдағанда, тапсырыс беруші міндетті 1-қосымшаға сәйкес жабдықты кешенді сынамалау байқауын жүргізеді. 4.9 Құрылыстың әрбір объектісінде жабдықтар мен құбырларды құрастыру барысында ҚР ҚНжЕ 1.03-06-2002 сәйкес құрылыс өндірісін ұйымдастыру бойынша жұмыстар өндірісінің жалпы және арнайы журналдары жүргізілуі керек және олардың түрлері мен мазмұны міндетті 2-қосымшаға сәйкес келуге тиіс, ал оның пішіндері (үлгілері) ведомстволық нормативтік құжаттармен тағайындалу қажет.
5 ҚҰРАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚ
5.1 Жалпы талаптар
5.1.1 Жабдықтар мен құбырларды құрастыруға дейін (алдында) құрылыс өндірісін ұйымдастыру бойынша ҚР ҚНжЕ 1.03-06-2002 мен осы ҚНЖЕ сәйкес дайындық жасалуы тиіс. Құрылысты ұйымдастыру жобасын (ҚҰЖ) жоба құрамында жобалау ұйымы әзірлейді және тапсырыс берушімен, бас мердігерлік ұйыммен келісіледі. ҚҰЖ бойынша жұмсалатын шығындарды жобалау ұйымы объект бойынша жиынтық сметалық есептеу құрамына енгізеді. 5.1.2 Жалпы ұйымдастыру-техникалық дайындық кезінде: а) технологиялық желіге, технологиялық торапқа, технологиялық блокқа жабдық жинақтарын жеткізіп тұрушылығы ескерілген тапсырыс берушінің қамсыздандырушылығымен объектіні жабдық және материалдармен қамтамасыз ету шарттары; б) құрастыру жүйелілігін және ілеспелі арнайы құрылыс және іске қосу-дайындау жұмыстарын еске алып жабдықтар, бұйымдар және материалдарды жеткізіп тұру мерзімдерін анықтайтын кестелер; в) құрастыруға жататын жабдықты жеткізуге құрастыру-технологиялық талаптарды анықтайтын МСТ 24444-87 және техникалық шарттардың талаптарын ескере отырып, жабдықтың зауыттық дайындығының деңгейі; г) дайындаушы-кәсіпорынның қамқоршы-құрастыру қызметшілерін қатыстырумен құрастыратын жабдықтардың тізімі; д) ірі габаритті және ауыр салмақты жабдықты құрастыру орнына тасымалдау шарттары тапсырыс берушімен анықталуға, бас мердігермен және құрастыру ұйымымен келісілуге тиіс. 5.1.3 Құрастыру ұйымының жұмыс өндіру дайындығы кезінде: а) жабдықтар мен құбырларды құрастыру жөніндегі ЖӨЖ бекітілуге; б) жабдықтарды, құбырларды және құрылымдарды, блоктарды жинауға (технологиялық және коммуникациялық) ірілендіріп құрастыруға арналған алаңшалар дайындау бойынша жұмыстар орындалуға; в) ЖӨЖ қарастырылған жүк көтергіш, көлік құралдары, жабдықтар мен құбырларды құрастыру және жеке сынауға арналған қондырғылар, инвентарлық өндірістік және санитарлық-тұрмыстық ғимараттар мен имараттар; блоктарды (технологиялық және коммуникациялық) жинау құбырлар мен металл құралымдарын әзірлеуге арналған өндірістік база дайын болуға; г) еңбекті қорғау, техника және өрт қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормалар мен ережелерде қарастырылған шаралардың орындалуға тиіс. 5.1.4 Құрастыру жұмыстарын өндіру дайындығы кестеге сәйкес жүргізілуге тиіс және оған: тапсырушымен жабдықты, бұйымдар мен материалдарды құрастыруға беруді, құрастыру ұйымымен бас мердігерден жабдықтар мен құбырларды құрастыру үшін өндірістік ғимараттарды, имараттар мен іргетастарды қабылдауы; құбырлар мен құрылымдар дайындауы; технологиялық блоктар, коммуникациялар блоктарын жинауы және жабдықтарды ірлендіріп жинақтауы; жұмыс аймағына жабдықтарды, құбырлар мен құрылымдарды жеткізуі кіруге тиіс.
5.2 Жабдықтарды, бұйымдар мен материалдарды құрастыруға тапсыру
5.2.1 Тапсырушымен (бас мердігермен) жабдықтар, бұйымдар мен материалдар тапсырылғанға дейін құрастыру ұйымына: а) технологиялық жабдық пен арматураға - МСТ 24444-87 және осы Ережелердің 4.2-тармағына сәйкес ілеспе құжаттар; б) 10 МПа (100 кгк/см2) жоғары РУ құбырлардың құрастыру бірліктеріне - құбырлардың, тіреу мен аспа (ілме) құрастыру сызбалары және олардың материалдарының ерекшелігі мен сапасын куәландыратын, жұмыс параметрлдері, құрастыру және сынау нормалары көрсетілген құжаттар; в) материалдарға - жабдықтаушы-кәсіпорынның сертификаттары ұсынылуға тиіс. Бұдан тысқары құрастыру кезеңіне тапсырыс беруші дайындаушы-зауыттың төмендегідей жиынтық құжаттамасын тапсырады: жеткізу жиынтығына кіретін машиналардың, аппараттардың, бақылау-өлшеу құралдарының төлқұжаттары, жеке блоктармен түскен жабдықтардың жинақтау сызбалары, машиналар мен аппараттарды жинауға рұқсат берілген формулярлар, жабдықты жинау, пісіру, жіберу және сынау жөніндегі зауыт нұсқаулықтары. Жабдықтаушы-кәсіпорнының құжаттары болмаған жағдайда, оларды мазмұны бойынша сәйкес келетін тапсырушының жауапты өкілінің қолы қойылған құжаттармен ауыстыруға болады. Ілеспе құжат бойынша құрастыру жүзеге асырылатын жабдықтардың, бұйымдар мен материалдардың жұмыс құжаттамасына олардың таңбаларының, мөлшерлері мен басқа да сипаттамаларының сәйкестігі тексерілуге тиіс. 5.2.2 Жабдықтар, бұйымдар, материалдар құрастыруға жұмыс сызбаларына сәйкес блоктарға және технологиялық тораптарға жинақ түрінде тапсырылуы керек. 10 МПа (100 кгк/см2 ) артық Рy құбырларды құрастыруға құрастыру бірліктеріне жинақталған түрде тапсырады. Жабдықтарды, бұйымдар мен материалдарды тапсыру тәртібі « ҚР күрделі құрылысқа мердігерлік ету шарттары туралы Уақытша ережелермен» және «ҚР Бас мердігерлер мен қосалқы мердігерлік ұйымдардың өзара қатынасы туралы ережелермен» белгіленеді. 5.2.3 Жабдықты құрастыруға тапсырғанда оны қарау, жинақтылығын (құрастырма бірліктері бөлшектерге ажыратусыз) және ілеспе құжаттардың жұмыс сызбаларының, стандарттардың, техникалық шарттар мен басқа да құрастыру-технологиялық талаптарын анықтайтын құжаттардың талабына сәйкестігін тексеру, дайындаушы-кәсіпорындарының кепілдігі болуы мен қызмет ету мерзімін тексеру жүргізіледі. Жабдықтарды қабылдау кезінде кепілдік мерзімі өткенге дейін анықталған ақауларды жою жеткізушінің шарт жасасу кезінде айтылуға тиіс міндеті болып табылады. Жабдықты құрастырушыға тапсырғанша кепілдік мерзімі өтіп кеткен жағдайда ақауларды жою тапсырыс берушімен жүргізіледі, ал егер бекітілген шартта жеткізу мердігермен немесе құрастыру ұйымымен қаралса, ақауларды жою солардың міндеті болып табылады. 5.2.4 Техникалық шарттарында көрсетілген кепілдік мерзімі өтіп кеткен жабдықтар мен бұйымдар, ал мұндай нұсқаулар болмаған жағдайда - жыл өтіп кеткеннен кейін, ақауларды жою, сынау және пайдалану құжаттарында қарастырылған басқа да жұмыстар өткізілгеннен кейін ғана құрастыруға қабылдауға болады. Өткізілген жұмыстардың нәтижелері осы ереженің 5.2.1.-тармағына сәйкес формулярға, төлқұжаттарға және басқа да ілеспе құжаттарға сәйкес жазылуы тиіс. 5.2.5 Құрастыруға қабылданған жабдықтар, бұйымдар мен материалдар дайындаушы-кәсіпорны мен ЖӨЖ талаптарына сәйкес сақталуы керек. Сақтау кезінде қарау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс, механикалық бүліну, ылғал тию мен ішкі жағының шаңдануын болдырмайтын жағдайлар жасалуға тиіс.
5.3 Ғимараттарды, имараттарды және іргетастарды құрастыруға қабылдау
5.3.1 Жабдықтар мен құбырларды құрастыруға тапсырылатын ғимараттар мен имараттарда ЖӨЖ-да қарастырылған құрылыс жұмыстары орындалуы тиіс, соның ішінде осы ереженің 5.1.3-тармағында көрсетілген, жер- асты коммуникациялары өткізілген, жобалық белгілерге дейін топырақ қайта көмілген және тығыздалған, еден жабындары мен арналар астына тұтастырғыштар жасалып, кран асты жолдары мен бір рельсті аспалы жолдар дайын болып және қабылданып, құбырларды орнату үшін тесіктер жасалып, олардың астына тіреу орнату үшін салма бұйымдар орнатылуы керек, іргетастар мен басқа да құралымдар қалыптардан босатылған және құрылыс қоқысынан тазартылған, ойықтар қоршалған, науалар мен қақпақтар жабылу керек Жабдық пен құбырлар орнатылатын ғимараттарда олардың техникалық шарттарында тазалыққа, температура режимі және басқа да арнайы талаптар қарастырылған болса құрастыруға тапсырғанда бұл шарттардың сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс. 5.3.2 Жабдықтардың іргетастары жобаға сәйкес орындалуға тиіс және беттері сызатсыз, бұрыштары мен жалаңаш арматуралары бүлінбеген болуы қажет. Іргетастарды құрастыруға тапсырғанша олардың жер жұмыстары кезінде пайда болған ойықтары толтырылуға, қалыптары алынуға, тығындары шығарылуға және беті құрылыс қоқыстарынан тиянақты түрде тазартылуға тиіс. Анкерлік бұрандаларға арналған құдықтар да осылайша тазартылуға тиіс. Динамикалық жүктемелері бар машиналарға арналған іргетастар ҚНжЕ 1.03-03-2001 талаптарына сәйкес келуге тиіс. Жабдықтар мен құбырларды құрастыруға тапсырылатын ғимараттарда, имараттарда, іргетас пен басқа да құралымдарда құрылыстағы геодезиялық жұмыстардың ҚНЖЕ 3.01.03-84 және ҚР РДС 1.03-03-2001 белгіленген тәртіпте және қажетті дәлдікпен құрастырылатын элементтердің жобалық жағдайын анықтайтын осьтер мен биіктік белгілері түсірілуі керек. Жабдық орнату үшін дәлдігіне қатаң талаптар қойылатын іргетастарда және тағы ұзын бойлық жабдықтарды орнату үшін осьтер мен биіктік белгілері салма металл табақшаларға түсірілуі керек. Жабдықтарды орнататын іргетастардағы биіктік белгілері, құюды қажет ететін, жұмыс сызбаларында көрсетілген жабдықтардың тіреуіш бетінің белгісінен 50-60 мм төмен, ал жабдықтың шығыңқы қырлары орналасқан жерлерде - сол қырлар белгісінен 50- 60 мм төмен жасалуы тиіс. 5.3.3 Құрастыруға тапсырылатын іргетастарда іргетастық бұрандалар мен салма бөлшектер, егер оларды орнату іргетастың жұмыс сызбаларында қарастырылса, орнатылуы тиіс, құдықтар жасалып немесе іргетас бұрандаларына ұңғымалар бұрғылануы тиіс. Көпшілік жағдайларда МСТ 24379.0-80* және МСТ 24379.1-80 сәйкес іргетастық бұрандалармен қатайтып бекітеді. Оларды кондуктор бойынша белгілеп, іргетасты бетондау кезінде құяды. Сондай-ақ мұндай бұрандалар жабдықтарды орнатқаннан кейін бетон қоспасымен толтырылатын құдықтарды қарастыратын іргетасты дайындаған кезде қолданылады. Іргетасқа дірілдік және динамикалық жүктеме түсіретін технологиялық жабдықтарды бекіту кезінде анкерлік бұрандалар орнатылады. Бұрандалардың мұндай құралымы оларды жүйелі түрде қарап бақылап отыруға және қажет болған жағдайда ауыстыруға мүмкіндік береді. Технологиялық жабдықтарды бұрандалармен орнатудың бұрғыланған тесікке арнайы желіммен шекімелеп бекіту нұсқасы да орындалуы мүмкін. Бұл нұсқа жабдықтың мейлінше дәл орнатылуын қамтамасыз етеді. Жабдықты дюбель шегелермен және өзі анкерленетін әр түрлі құрылымдағы бұрандалармен бекіткенде жабдықты орнатқаннан кейін бірден жүктеме түсіруге және сынауға болады. Егер жұмыс сызбаларында іргетастың сілемінде қалатын іргетас бұрандалары үшін кондукторлар қарастырылса, бұл кондукторларды және оларға бекітілген іргетас бұрандаларын орнатуды жабдықты құрастыратын ұйым жүзеге асырады. Іргетастарда ұңғымаларды бұрғылау, желіммен және цемент қоспаларымен бекітілетін іргетастық бұрандалар орнатуды құрылыс ұйымы орындайды. Іргетасқа құйып бекітілген іргетас бұрандаларының іргетастан шығып тұратын бөліктері тоттанудан қорғалуы керек. 5.3.4 Ғимараттарды, имараттар мен құрылыс құрылымдарын құрастыруға тапсыру-қабылдау кезінде іргетас бұрандаларының, жабдықтар мен құбырлардың салма және басқа да бекіту бөлшектерінің орналасатын атқарушы сұлбасы да берілуі тиіс. Нақты мөлшерлердің жұмыс сызбаларында көрсетілген шамалардан ауытқуы ҚНжЕ белгіленген көлемнен асуға тиіс емес. 5.3.5 Технологиялық торапты құратын жабдықтар мен құбырлар кешенін орнатуға қажетті ғимараттар, имараттар мен іргетастар құрастыруға қабылдауға бір мезгілде ұсынылуы керек.
5.4 Құбырлардың жинақтау бірліктерін дайындау
5.4.1 Құбырлардың жинақтау бірліктерін дайындау технологиясына екі кезең кіреді: элементтерді дайындап, оларды соңынан жинау және жинақтау бірліктерін пісіру. Құбырлардың жинақтау бірліктерін жасау бөлшектік сызбаларға, МСТ 16037-80* және ведомстволық нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жасалуы тиіс. Ажырамайтын қосылыстар осы ереженің 7- бөлімінің талаптарына сәйкес орындалуы тиіс. 5.4.2 Құрастыруға берілетін құбырлардың жинақтау бірліктері бөлшектік сызбалардың спецификациясы бойынша жинақталған болуы тиіс, пісірме түйістер пісірілген және тексерілген; беттері астарланған (пісіру жиектерінен басқа); құбырлардың тесіктері тығындармен жабылуы тиіс. 5.4.3 Құрбылардың элементтері мен жинақтау бірліктері өлшемдерінің жобаланған мөлшерден ауытқуы әрбір метрге 3 м ± 5 мм-ден және әрбір келесі метрге қосымша ± 2 мм-ден аспауы керек, бұл жағдайдағы жалпы ауытқу ± 10 мм-ден аспауы керек. Түйіскен жердің екі жағынан 200 мм қашықтықта өлшенген жиналған элементтер мен жинақтау бірліктерінің мүмкін ауытқуы 0,5 мм-ден аспауға тиіс. Өлшеу құбыр шеңберін бойындағы үш-төрт нүктеде сызғышпен жүргізіледі. Элементтер мен жинақтау бірліктері шеттерінің ұзындығы 100 мм-ден кем емес негізгі бетке бұрыштық қою арқылы өлшенген өске перпендикуляр түспеуі (қиғаштануы) сыртқы диаметрге байланысты:
аспауға тиіс. Тесіктің осінен құбыр бөлшектері шеттерінің бет жағының перпендикулярлығы мен параллельдігінің жіберілу мүмкіндіктеріі МСТ 24643-81, МСТ 17380-01 және т.б. көрсетілген.
5.5 Технологиялық блоктар мен коммуникация блоктарын жинау
5.5.1 Құрастыруды бастар алдында құбырлардың дайын түйістерін блоктарға, ал құбыр секцияларын шыбыртқыларға ірілетеді. Құбырлар түйіндерінің ірілетілген жинағын пісіру кезіндегі бөлшектердің, элементтердің, түйіндердің, құбырлар мен арматураның дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін арнайы стендтер мен құралдарды қолдану арқылы қатты жақсы істелген стеллаждарда жүзеге асырады. 5.5.2 Блок құрамында құбырларды жинау мен пісіруді осы ереженің 5 және 7-бөлімдерінің талаптарына сәйкес жасау керек. Блокта аспаптарды, бақылау мен басқару құралдарын, электротехникалық қондырғылар мен автоматтандыру жүйелерін орнату электротехникалық қондырғыларды құрастыру және автоматтандыру жүйелерін құрастыру бойынша ҚР ҚНжЕ 4.04-06-2002 талаптарына сәйкес жасалуы тиіс. 5.5.3 Құбырлар тораптары мен блоктарының массасы крандардың және басқа да такеллаждық жабдықтардың жүк көтерушілігіне сәйкес келуге тиіс. Блокты көтеру және орнату кезінде оның сынуын немесе қалдық деформациясын болдырмау үшін қажетті қаттылығы мен беріктігін сынау қажет. 5.5.4 Дайын блокта барлық темір ұсталық және пісіру жұмыстары аяқталуға, түйістерді жылумен өңдеу жүргізілуге (егер бұл жобада және техникалық шарттарда қарастырылса), пісіру сапасы тексерілуге тиіс, барлық фланцты қосылымдар төсемдердің орнатылуы арқылы толық тартылуға тиіс. Технологиялық блоктар жинақталып болған соң сынақтан өтіп, сырланып, ал саңылаулары тығындармен жабылуы тиіс. Блоктарды немесе олардың жинақтау бірліктерін санауды осы ереженің 8-бөлімінің талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырады. Коммуникациялар блоктарының жабдықпен қосылмаған жинақтау бірліктері, жабдықтар алдына және жапқыш арматураның ашық күйіне тығын орнату арқылы жобалық жағдайына орнатылғаннан кейін сыналады. 5.5.5 Жиналған блоктарды сақтауда осы ереженің 5.2.5-тармағының талаптары сақталу керек. 5.5.6 Коммуникациялар блоктарындағы құбырлар тұрақты тіреулерге бекітілуге және орнатылуға тиісті.
6 ҚҰРАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ
6.1 Жалпы талаптар
6.1.1 Жабдықтар мен құбырларды тиеу, түсіру, орнын ауыстыру, орнату мен дұрыстауда олардың түгелдігі қамтамасыз етілуі керек. Алаң ішіндегі тасымалдау, орнату және дұрыстау ЖӨЖ-ге сәйкес жасалады. 6.1.2 Жабдықтар, құбырлар, технологиялық блоктар мен коммуникациялар блоктары бұл мақсатқа арналған бөлшектерге немесе дайындаушы-кәсіпорнының белгілеген жерлерінде берік ілмектенуі тиіс. Жабдықтар мен құрбыларды ілмектен босатуды оларды берік бекіткеннен кейін немесе тұрақты орнатқаннан кейін жасау керек. 6.1.3 Жабдықтар мен құбырларды ауыстыру мен орнатуға және құрастыру жұмыстарының құрылдарына байланысты пайда болатын құрылыс құрылымдарына түсетін жүктер жұмыс сызбаларында көрсетілген мүмкін құрастыру жүктерінен (шамасы, бағыты және күш түсіру орны бойынша) аспауы керек. Жүкті көбейту мүмкіндігі жобалық ұйыммен және жалпы құрылыс жұмыстарын орындайтын ұйымымен келісілуі керек. 6.1.4 Бекітілген тәртіппен келісілген мемлекеттік және салалық стандарттар мен техникалық шарттармен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда құрастыру кезіндегі жабдықтар мен құбыр арматурасы бөлшектеу мен тексеруге жатпайды. Осы ережелердің 5.2.4.-тармағында аталған жағдайларды есепке алмағанда дайындаушы-кәсіпорнынан сүргіштеліп түскен жабдықты бөлшектеуге тыйым салынады. 6.1.5 Жобалық орнына орнатылудың алдында жабдықтардың және құбырлардың сыртқы беттері бұзылудан қорғайтын майлар мен жабындардан тазартылу керек, жабдықты құрастыру және пайдалану процесінде қорғаушы құрамдармен қаталып қалатын беттерді қоспағанда. Жабдықтардың қорғаныш жабындары, қағида бойынша, жеке сынаудың алдында дайындаушы- кәсіпорнының құжаттарында келтірілген нұсқауларға сәйкес жабдықты бөлшектемей жойылуы керек. 6.1.6 Ластанған, деформацияланған, қорғаныш жабындары мен өңделген беттерінің зақымдануы мен басқа да ақаулары бар жабдықтар мен құбырлар бұзушылықтары мен ақауларын жойғанға дейін құрастыруға жатпайды. 6.1.7 Жабдықтар мен құбырларды құрастырғанда орындалған жұмыстар сапасының операциялық бақылауы жүзеге асырылуы керек. Табылған ақаулар келесі операциялар басталғанға дейін жойылуға тиіс. 6.1.8 Жабдықтар мен құбырларды пайдалану шарттарында қарастырылған сыртқы ауа температурасынан төмен немесе жоғары құрастыру жұмыстары олардың бұзылмаушылығын қамтамасыз ететін шараларды қадағалай отырып жүргізілуі керек.
6.2 Жабдықтарды құрастыру
6.2.1 Жабдықтар ластану мен майлы дақтардан тазартылған іргетаста орнатылуы тиіс. 6.2.2 Жабдықтарды дұрыстау дайындаушы-кәсіпорнының құжаттарындағы нұсқауларға және жұмыс сызбаларына сәйкес осьтер мен белгілердің арнайы бекітілген таңбалары мен реперлеріне (қажетті дәлдікте) қатысты тура немесе дұрысталатын жабдық кинематикалық немесе технологиялық байланыста ертерек орнатылған жабдыққа тура жүргізілуге тиіс. 6.2.3 Жоғары сенімділік пен бекітудің қаттылығын талап ететін машиналар мен тетіктерді уақытша тіреуіш элементтері бар бетон құюға, сондай-ақ тікелей іргетасқа толық сүйене отырып, орнатады. Бетон құюға дейінгі соңғы бекітуді талап етуші аппараттардың аралас тіреуіштерімен (бетон құюға және тұрақты тіреуіш элементтеріне) құрастырады. Орындары мен қайта орналастыруларын жиі реттеуді талап ететін жабдықтарды құрастыру кезінде тұрақты тіреу элементтеріне бетон құюсыз жергілікті тіреуіш арқылы орнату тәсілі қолданылады. 6.2.4 Жабдықтарды уақытша тіреу элементтеріне орнату деформация болдырмауға және оны құйып бекіткенге дейін сенімділігін қамтамасыз етуге тиіс. 6.2.5 Жабдықтың тіреуіш беті оның іргетаста орналасуын реттегеннен кейін тіреу элементтеріне, реттегіш бұрамалар - тіреу табақтарына, ал тұрақты тіреу элементтері (бетон тұғырық, металл төсемдері) - қалыңдығы 0,1 мм щуппен тексерілетін іргетас бетіне тығыз жанасу керек. 6.2.6 Құрастырылатын жабдықты дұрыстау үшін уақытша тіреу элементтерін пайдаланғанда жабдықтың жылжып кетуін болдырмау мақсатында бетон құю барысында сомындарды алдын-ала тарту керек. Ақырғы тарту дайындаушы-кәсіпорнының техникалық құжаттарына сәйкес құю материалы жобаның 70 % кем емес беріктікке жеткеннен кейін жасалуы керек. Дұрыстау үшін тұрақты тіреу элементтерін пайдалану кезінде сомындарды ақырғы тарту бетон құйғанша жасалады. Жабдықты дұрысталғаннан кейін және іргетасқа бекітілген соң оның қондырғысының тексеру актісі жасалу керек. 6.2.7 Жабдықтарды құю құрастыру ұйымының жазбаша хабарламасынан кейін 48 сағаттан кешіктірмей, оның өкілінің қатысуымен құрылыс ұйымымен орындалуы керек. 6.2.8 Құйылған бетонды бабына келтіру мен оның күтімі бетон жұмыстарын жүргізу жөніндегі ҚНжЕ және ЖӨЖ талаптарына сәйкес жасалуы керек.
6.3 Құбырларды құрастыру
6.3.1 Құбырларды құрастыруды құрастыру жұмыстарының ең үлкен механизациялы құбырлардың ерекше дайын жинақтау бірліктерімен және және олардан жиналған блоктармен жүргізу қажет. Құбырлардың төсеміне кеңістіктегі құбырлардың орналасуын анықтайтын олардың трассаларының (осьтерінің) және жеке нүктелердің бөліктері алдында болуға тиіс. Құбырлардың орналасуы трассаларды бөлу кезінде сызбалар нұсқауларына сәйкес еңістер ескеріледі, бұрылыс орындары, сондай-ақ құбырлардың жапсарлас желілерінің орналасуы белгіленеді. 6.3.2 Құбырларды тек тіреулерге бекітілген жабдықтарға ғана қосуға рұқсат етіледі. Құбырларды жабдықтарға қисайтылмай және қосымша керусіз қосу керек. Жылжымайтын тіреулер құбырлар мен жабдықтармен қосылғаннан кейін тіреуіш құрылымдарға бекітіледі. Құбырлардың жинақтау бірліктерін жобалық орнына орнатардың алдында фланцелі қосудағы бұрандалардың сомындары тартылған және пісіру түйістері пісірілген болуы керек. 6.3.3 Жылжымалы тіреуіштер мен олардың бөлшектері тіреулердің жоғары бөліктері, роликтер, шарлар) әрбір құбыр учаскесінің жылу ұзартуын (қысқартуын) есепке ала отырып, МСТ 22130-86 сәйкес орнатылуға тиіс. Құбырлардың астына тіреу мен тіреу құрылымдарын орнатуда олардың жобадағы жағдайынан ауытқуы, егер басқа шектер жобамен арнайы қарастыралмаса, бөлме ішінде салынатын құбырлар үшін ± 5 мм және сыртқы құбырлар үшін ± 10 мм аспауы керек, ал еңіс бойынша + 0,001 артық болмауы керек. Құбырлардың пісіру түйістері тіреулерден кем дегенде 50 мм қашықтықта, ал құбырларда бу мен ыстық судан кем дегенде 200 мм қашықтықта орналасуға тиіс. Құбырлардың фланцті қосылымдарын тікелей тіреулер жанында орналастыру ұсынылады. Құбырдың жобалық еңісін қамтамасыз ету үшін тіреулер астына салма бөліктеріне немесе болат құрылымдарына пісірілетін металл төсеніштерді орнатуға рұқсат етіледі. Тіреулер мен аспалардың серіппелері жұмыс сызбаларында келтірілген нұсқауларға сәйкес тартылуы керек. 6.3.4 Эстакадаларда, арналарда немесе науаларда болат құбырларын орнатқанда әрбір температуралық блоктағы құбырларды соңғы бекіту жылжымайтын тіреулерден бастап жасалады. 6.3.5 Қабырға мен аражабындары арқылы өткізілген орындарда қауыздар ішіне алынған құбырлар учаскелерінде түйістер болмауы керек. Қауызға орнатылғанға дейін құбырлар оқшауланған және сырланған болу керек. Құбырлар мен қауыздар арасындағы саңылаулар өртенбейтін материалдармен тығыздалуы керек. 6.3.6 Технологиялық құбырларды құрастыру кезінде арматураны, фланцты және алмалы-салмалы қосылымдарды (дренаждық қосылымдарды қоса алғанда) терезе және есік ойықтарының үстіне орнатуға болмайды. 6.3.7 Жүру жолдарының технологиялық құбырлар желілерімен қиылысуын жүру жолының осін 90° бұрышта қарастыру керек. Қажет болған жағдайда қиылысу бұрышын 45°-қа дейін кішірейтуге рұқсат етіледі. 6.3.8 Барлық тіреулік құрылыс құрылымдары жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс. 6.3.9 СДЯВ, түтіндеуші қышқылдар, уланғыш қасиеттері бар өнімдер, жанғыш газдар, сұйытылған газдар (жабдықталған будың рациональдық қысымына қарамастан) және ЛВПС (қайнату температурасына қарамайтын) тасымалдаушы құбырлар үшін тек қана жер үсті төсемдеріне рұқсат етіледі, егер жобада өзге де жағдай қаралмаса СДЯВ-тан басқа аталған орта үшін құрғақ құммен толтырылып, тақталармен жабылған өтпейтін арналардағы сорғыларға сорғыш құбырлар салуға рұқсат беріледі. Аталған технологиялық құбырларды арнасыз бітеуге ғимараттардың едендерін құрауда рұқсат етілмейді. 6.3.10 Тұрмыстық және әкімшілік-шаруашылық жайлар арқылы, сондай-ақ электрлі-машиналы жайлар, желдеткіш камералар, БӨҚ жайлары, электр тарату, трансформаторлы және осыған ұқсас жайлар арқылы төсеуге отты-жарылғыш, улы және агрессивті заттардан құбырларды рұқсат етпейді. 6.3.11 Технологиялық құбырларды салу тереңдігі (жер бетінен құбырдың немесе оқшауландырғыш құрылымның төбесіне дейін) көлік құралдарының қозғалысы қаралмайтын орындарда 0,8 м-ден кем болмауы тиіс, ал қалған учаскелерде құбырдың тығыздығын есептеу шартына орай қабылданады. 6.3.12 Арматураны, фланцты және бұрандалы қосылыстарды, линзалы және толқынды компенсаторларды және дренаждық құрылғыларды теміржол желілерінің, автожолдардың және жаяу жүргіншілер жолының үстінде орналасқан құбырларда орналастыруға тиым салынады. 6.3.13 Цехаралық эстакадаларда салынған әр түрлі қышқылдар мен жоғары агрессивті сұйықтарға арналған құбырлар барлық қалған орталарға арналған құбырлардан төмен орналасуы тиіс. 6.3.14 Бір орда екі немесе одан да көп құбырлар бір мезгілде салынған жағдайда оларды бір қатарға (бір көлденең жазықтықта) орналастырған жөн. Олардың арасындағы қашықтық: а) 300 мм-ге дейін құбырлар үшін - 0,4 м-ден кем болмағанда; б) Шартты диаметрі 300 мм-ден жоғары құбырлар үшін - 0,5 м-ден кем болмайтындай қабылдануы тиіс. 6.3.15 Кез келген тәсілмен дайындалған құбырдың пісіру жіктері мен майыстырылған бөлшектеріне штуцерлерді, орама біліктерді, дренаждарды қоса дәнекерлеуге рұқса етілмейді. 6.3.16 Құбырларға ендірмелерді қоса дәнекерлеу қажет болған жағдайда құбырдың диаметріне қарамастан олардың ұзындығы 100 мм-ден кем болмауы тиіс. Бұрыштық жігі бар штуцерден немесе басқа элементтен құбырдың бүгілу басына немесе көлденең пісіру жігіне дейінгі ара қашықтығы диаметрі 100 мм-ге дейінгі құбырлар үшін 50 мм-ден, диаметрі үлкен құбырлар үшін 100 мм-ден кем болмауы тиіс. 6.3.17 Құбырлардың шеттері арасындағы саңылауларды немесе құбырларды салу кезінде туындаған остердің сәйкессіздігін құбырларды қыздыру, созу немесе олардың остерін бүгу арқылы жоюға рұқсат етілмейді. 6.3.18 Түсті металдардан - мыстан, жезден, алюминийден, титан мен қорғасыннан жасалған құбырларды құрастыру кезінде көміртекті болаттан жасалған құбырларға қойылатын талаптар сақталады. Мұндай құбырларды құрастыруды жабдықтар мен болат құбырларды құрастыру бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін ғана бастайды. 6.3.19 Қорғасын құбырларды тақтайшалар мен бұраштардан науаша тәріздес жасалған тұтас негізде салынады. Науашалар мен фланцтер немесе арматуралар орналасқан жерлерде ең аз мөлшердегі жарықшақтарды қалдырады. Наушаға салынған құбырлар әрбір 700-1000 мм-ден кейін қорғасыннан жасалған таспамен бекітіледі. 6.3.20 Пластмассадан жасалған технологиялық құбырлардың құрылысы мен құрастыру жұмыстарын жасау кезінде ВҚН 003-88 талаптарын сақтау қажет. Пластмассадан жасалған құбырларды қолдану, пайдалану кезіндегі материалға, оның химиялық төзімділігіне тасымалдаушы ортаның температурасына, жұмыс қысымының шектелуіне байланысты ҚН 550-82 талаптарымен анықталады. 6.3.21 Пластмассадан жасалған құбырлардың такелаждық жұмыстары кезінде мәтін-таспадан, кендір арқандардан және олардың беттерінің бұзылуына бермейтін басқа да материалдардан жасалған ілгектер қолданылады. 6.3.22 Металл емес құбырлар барлық құрылыс және әрлеу жұмыстарының соңында, жабдықтар мен болат құбырларды құрастырғаннан кейін (олардың санатын, боялуын, жылуоқшаулағышын қоса алғанда) құрастырылады. Алдымен полиэтиленнен, полипропиленнен, винипластан және фторпластан жасалған құбырлар, содан кейін фаолитті, асбестцементті, фарфорлы, шыны және графитпластмасты құбырлар құрастырылады. 6.3.23 Металл емес құбырлардың жерасты төсемі науаларда, арналарда және орларда, негізінен, тек полиэтиленді, полипропиленді, винипласты және асбесцементті құбырлар салынады. 6.3.24 Жобада шыны және ситалды құбырлардың нұсқаулары көрсетілмеген жағдайда, олар: газ бен буды тасымалдау кезінде 0,002, суды тасымалдау кезінде - 0,003, қышқылдар мен сілтілерде - 0,005, тағам өнімдерін тасымалдаауда - 0,01 еңіспен салынады. Шыны құбырлар мен фасондық бөліктерді тілетін орнын айналдыра отырып, диаметрі 0,8-1,2 мм болатын нихром сымды электрмен қыздыру арқылы, сондай-ақ диаметрі 200-300 мм және қалыңдығы 1,5-2 мм болат дискілермен немесе карборунды шеңберлермен кеседі. Кесілгеннен кейін құбырдың шеттерін өткір шеттерін, шығыңқы, ойлы-қырлы жерлерін тегістеп өңдейді. Кесіліп және әрленіп болған соң, тік бұрыштан диаметрі 45 мм-ге дейінгі құбырлар үшін - 0,5 мм-ден аспайтындай, 68 мм-ге дейін - 1 мм, 122 мм-ге дейін - 1,5 мм және 221 мм-ге дейін 2 мм ауытқуға рұқсат беріледі. 6.3.25 Шыныдан, ситалдан, фарфордан және керамикадан жасалған құбырлар бұрынырақ белгіленген тіреулерде, кронштейндерде және аспаларда аппараттан бастап құрастырылады. Құбырлар мен фасондық бөліктердің металл бөлшектермен тікелей жанастыруға резеңке аратөсемдер бекіту арқылы рұқсат етіледі. 6.3.26 Шыныдан, ситалдан, фарфордан және керамикадан жасалған құбырларды автомобиль және теміржол жолдарының астына, сондай-ақ өртке қарсы тосқауылдар арқылы салуға рұқсат етілмейді.Улы және өрт қаупі бар өнімдерді тасымалдаушы құбырлар механикалық зақымдануы мейлінше аз орындарда орналастырылуы немесе төсемдермен, қалқандармен қоршалып қорғалуы қажет. Мұндай құбырлардың алмалы-салмалы қосылымдарына қорғаныш қаптар кигізіледі. 6.3.27 Шыны, пластмассамен гумирленген және футерленген құбырларды құрастырғанда оларды қыздыру жолымен бүгу, жиналған құбырларға штуцерлер мен «орама біліктер» бұрандауға рұқсат етілмейді. Құбырлардың жобалық мөлшерлерден ұзындығы бойынша ауытқуы фланцті қосылымдарға орнатылатын қоспалармен (сақиналармен) теңестірілуі керек. 6.3.28 Қажет болған жағдайда шыны құбырларды өздігінен тасымалданатын өнімдерінен оқшау газбен немесе 0,1 МПа (1 кгк/см2) аспайтын қысымдағы ауамен үрлеп босатқан жөн. Шыны құбырларды бумен үрлеп тазартуға рұқсат етілмейді. 6.3.29 Шыны құбырларды құрастырғанда икемді тығыздағыш төсеніштері бар, құбырларды жуу қажет болғанда қолданылатын ортаға химиялық төзімді фланцті немесе жалғастырғыш алмалы-салмалы қосылымдар пайдаланылуға тиіс.
7 ҚҰБЫРЛАРДЫҢ ПІСІРМЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АЖЫРАМАЙТЫН ҚОСЫЛЫСТАРЫ
7.1 Жалпы талаптар
7.1.1 I-IV санатты (ҚН 527-80 бойынша) 10 МПа (100 кгк/см2) астам Рy болат құбырлардың түйістерін пісіруге ҚР Мемқалтехбақылауымен бекітілген «Пісірушілерді аттестаттау Ережелеріне» сәйкес құжаттары бар пісірушілер жіберіледі. V санатты болат құбырлардың түйістерін пісіруге аталған аттестациядан өтпеген, бірақ сынақ түйістерін пісірген пісірушілер жіберілуі мүмкін. 7.1.2 Осы объектіні құрастыруда құбырларды пісіруге алғашқы рет кірісетін пісірушілер (пісірудің кез-келген түрі) немесе өзінің жұмысында 2 айдан асатын үзілісі бар пісірушілер, сонымен қатар жаңа пісіру материалдары мен жабдықтарды қолдану жағдайында барлық пісірушілер, оларда аттестациядан өту құжаттарының болғанына қарамастан, тепе-тең жағдайларда сыналатын екі сынау түйісін пісіруілері қажет. Мұндағы түйістің бірі-көлденең, екіншісі - тігінен орналасу қажет. Пісіру-құрастыру жұмыстарына жіберілген пісірушілер пластмассадан жасалған құбырларды құрастыру кезінде ПНП және ПП жасалған құбырларды пісіру үшін - түйістік, ПВП құбырларын пісіру үшін түйістік және қоныштық пісіру жұмыстарын орындауға тиіс. 7.1.3 Құбырлардың сынама түйістері: а) сыртқы бақылаудан өтуге тиіс; бұл жағдайда пісіру жігінде сызаттар, қуыстар, қатпарлар, кратерлер, тереңдігі 0,5 мм-ден асатын ойықтар, көзге дөрекі көрінетін қабыршақтар болмауға тиіс; балқытылған металдың беті құбырдың барлық периметрі бойынша негізгі металға білінбей біркелкі өтетіндей дөңестеу болуға тиіс; жіктің күшейту биіктігі 1-3 мм аралығында болуға, ал ені жиектерін әр қырынан 2-3 мм жабатындай болып қамтамасыз етілуге тиіс; б) осы ережелердің талаптарына сәйкес бақылаудың бұзылмайтын әдістерімен жаппай тұтастығы тексерілуге тиіс; в) 4-міндетті қосымшаға сәйкес МСТ 6996-66* үлгілері механикалық сынаудан өтуге тиіс. Механикалық сынақтарды өткізу үшін үлгілерді пісіру қосылымдарының әр учаскесінен барлық жіктің сапасының кешенді бағалануы қамтамасыз етілетіндей етіп кесіліп алынады. 7.1.4 Сыналатын түйістерді пісіру сапасы қанағатсыз болған жағдайда, анықталғандарды: а) сыртқы байқауда түйісті жарамсызға жатқызады және бақылаудың басқа әдістеріне тартпайды; б) бақылаудың бұзбайтын әдістерімен жаппайлығын тексеруде ақау жіберген пісіруші тағы да екі сыналатын түйісті пісіреді және мұнда да бұзбайтын әдіспен бақылағанда түйістің біреуі ақауланса, сыналатын түйістердің пісіруін ақауға жатқызады; в) механикалық сынауда нұсқалардың екі еселенген саны қайта сыналады, осы түйістен немесе сол пісірушінің қайта пісірген түйісі алынады, егер қайта механикалық сынауда бұл нұсқалардың біреуі ақауланса, сыналатын түйістердің пісіруін ақауға жатқызады. 7.1.5 Құбырларды пісіруге жинақтар алдында қиын жиектердің дұрыс дайындалуын тексереді; түйістірілген құбырлардың жиектері ішкі және сыртқы жақтарынан 20 мм қашықтықта металл жылтырына дейін тазартылуға тиіс. Тазартылған жердің бетінде ластанудың, майдың, ылғалдың, қақтың, тоттану өнімдерінің жиналуына рұқсат етілмейді. 7.1.6 Құбырларды, бөлшектер мен арматураларды пісіруге түйістіру кезінде жиектердің әр жақтылығы мен ығысуын қабырға қалыңдығының 10 %-ы мөлшерінде, бірақ 3 мм-ден аспайтындай көлемде қабылдаған жөн. Егер түйісу элементтерінің әр жақтылығы, жиектердің ығысуы немесе құбырлардың ішкі диаметрлерінің айырмашылығы көрсетілген шамадан асатын болса, онда механикалық өңдеу жолымен мейлінше толық элементтен мейлінше жұқа элементке құбыр осіне 15°-тан аспайтын бұрыш жасай отырып, білінбей өтуі қамтамасыз етілуге тиіс. ҚР Мемқалтехбақылау ережелері таратылмайтын болат құбырларды пісіру кезінде түйісу элементтерінің әр жақтылығы немесе жиектерінің ығысуы элемент қабырғаларының қалыңдығына қарай қабылданады:
7.1.7 Болат құбырларды пісіру жұмысын ҚР Мемқалтехбақылаау бекітілген ережелерде, ведомстволық нормативтік құжаттар мен салалық стандарттарда көрсетілген температурада жүргізуге рұқсат етіледі. Құбырлар түйістерін жөнсіз температурада пісіруге жинақтау кезінде соққылардың болмауын қадағалаған жөн және қосу ұштарын тек қыздырылған күйде бағыттап отыру қажет. Жік түбірінің барынша толық пісірілуін қамтамасыз ететін ең кіші саңылаулар ұстау қажет. Бұл үшін іліндіру саны ең аз мөлшерде, ал ұзындығы үлкен етіп салынады.Қажет болған жағдайда жинақтау және пісіру алдында пісірілетін құбырлар мен бөлшектердің ұштарына алдына ала жергілікті қыздыру жұмысын жүргізеді. 7.1.8 Жинақтау кезінде құбырларды іліндіру сол біліктіліктегі пісірушілермен жүргізілуге тиіс және ол берілген болаттан жасалған құбырларды соған сәйкес электродтармен пісіру арқылы жүзеге асырылады. 7.1.9 Пісіру қосылымдарының талап етілген қасиеттері мен қалдық пісіру кернеулерінің төмендеуін қамтамасыз ету үшін С, ХГ, ХМ және ХФ топтағы болаттан жасалған құбырлардың түйістері пісіргеннен кейін бірден жылумен өңдеуге жіберілуге тиіс. 7.1.10 Жылумен өңдеуге анықталған рұқсат етілмейтін ақаулары жойылған сыртқы бақылаудан өткен пісіру қосылымдары жіберіледі. 7.1.11 Пісіру қосылымдарын жылумен өңдеу кезінде түйіс температурасының үздіксіз бақыланып отыруы қамтамасыз етілуге тиіс. Жылумен өңдеу уақытында құбырлардың шеттері ауаның тартылуын және түйістің салқындауын болдырмас үшін уақытша тығындармен жабылуға тиіс. Жылумен өңдеу жүргізіліп жатқанда қыздыруға үзіліс жасау ұсынылмайды. 7.1.12 Түсті металдар мен қорытпалардан жасалған ажырамайтын қосылымдарды орындауға, пластмасса құбырларды пісіруге және желімдеуге оқудан өткен, тиісті куәліктері бар және сынақ тапсырған жұмысшылар жіберіледі. 7.1.13 Алюминийден, мыстан, және жезден жасалған құбырлар үшін газбен және электрдоғалы пісіру және қорғаныш газдар ортасындағы пісіру қолданылады. Сондай-ақ мыс пен жезден жасалған құбырлар үшін дәнекерлеу де қолданылады. 7.1.14 Дәнекерленген қосылым айқастыра орындалу қажет. Жұмыс сызбасында көрсетілуге тиіс айқастыру мөлшері бес еседен кем емес құбыр қабырғасының қалыңдығын құрайды. Дәнекерлеу алдында тораптың бақылау жинауы орындалады және қосылым кезіндегі саңылаулар тексеріледі, ол 0,3 мм-ден аспауға тиіс. 7.1.15 Болат құбырларды құрастырудың алдында құбырлар мен бөлшектердің пісірілген қосылыстары толық суығанға дейін, ал желіммен қосылған пластмасса құбырлары 2 сағ. кем емес уақыт ұсталуы керек. 7.1.16 ПВП және ПП-дан жасалған диаметрі 40 мм және одан жоғары, қабырғасының қалыңдығы 3 мм-ден артық құбырлары мен бөлшектерінің алмалы-салмалы қосылымдарына контактілік түйістіре пісіру орындалады. ПНП-дан жасалған диаметрі 16...140 мм және қалыңдығы 2...12 мм құбырлар зауытта дайындалған құйма бөлшектердің көмегімен қоныштық және қоныштық-түйістіре пісіру арқылы біріктірілуге тиіс. Қонышты пісіру құбырдың өз типінен бір тип жоғары құбырларды біріктіру кезінде , ал қоныштық-түйістіре пісіру бір типтегі құбыр мен құбыр бөлшектерін біріктіру үшін қолданылады. Қабырғасының қалыңдығы 3 мм-ден жоғары болатын және бұл құбырлар мен бөлшектерді біріктірудің құйма бөлшектері болмаған жағдайда оларды біріктіру жұмысы контактілік түйістіре пісіру арқылы жүргізіледі. ПВХ-дан жасалған құбырлардың ажырамайтын қосылымдары желімдеу арқылы орындалады. Шыбықтап пісіру ІІІ және ІV санаттағы құбырларды контактілік пісіру арқылы орындау мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. 7.1.17 ПВП және ПНП-дан жасалған құбырларды қоршаған ауаның температурасы -5 °С-тан төмен емес темпеатурада контактілік пісіру арқылы, +5 °С-тан төмен емес температура кезінде шыбықтап пісіру арқылы дәнекерлеуге болады. ПП және ПВХ-дан жасалған құбырларға қоршаған ауаның температурасы +5 °С-тан төмен емес жағдайда пісірудің барлық түрін қолдануға болады. Пісіру қосылымдарын табиғи жолмен суытуға болады,механикалық жүктеме 24 сағаттан кем емес уақытта түсірілу қажет, тек қоныштық контактілік пісірумен орындалған қосылымдарды толық салқындаған соң пайдалана беруге рұқсат етіледі.
7.2 Болат құбырлар қосылыстарының сапасын бақылау
7.2.1 Болат құбырлардың пісірілген қосылыстарының сапасын бақылау келесі жолдармен жасалады: жүйелі операциялық бақылау; сынаулы түйістерден кесіп алынған нұсқаларды механикалық сынау; бақылаудың бұзбайтын әдістерінің біреуімен ішкі ақауды анықтап, түйістердің тұтастығын тексеру және де осы ереженің 8-бөліміне сәйкес келесі гидравликалық немесе пневматикалық сынау. Пісірілген қосылыстардың сапасын бақылау әдістері МСТ 3242-79 келтірілген. V санатты құбырлардың пісіру жіктерінің сапасын тексеру операциялық бақылауды жүзеге асырумен және сыртқы бақылаумен шектеледі. 7.2.2 Операциялық бақылау пісіруге жататын құбыр бөлшектерінің, арматуралар мен пісіру материалдарының сапасын, жиек ұштарының дұрыстығы мен оның бетінің сапасын, жинау операцияларының дәлдігін (саңылаулар мен жиектердің ығысуы), технологиялық процестің сақталуын және пісіру процесіндегі тапсырылған тәртіптеменің орындалуын тексеруді қарастыру керек. 7.2.3 Сыртқы бақылауға төмендегі ақауларды анықтауға арналған барлық пісіру түйістері жатады: а) пісіру аймағындағы жіктің немесе негізгі металдың бетіне түскен сызаттар; б) негізгі металдан қорытылған металға өту аймағындағы қатпарлар мен күзеулер; в) күйген жерлер; г) пісіру жігінің ені мен биіктігі бойынша, сондай-ақ оның осьтен ауытқу(қиғаштық) мүмкіндігінің күшею теңсіздігі. Жіктің бетіндегі қабыршақ көзге білінбейтіндей ұсақ болу қажет; дөңестік, қуыстылық, дөрекі қабыршақтық жіберілмейді; Қорытылған металдан негізгі металға өту білінусіз болуға тиіс, жіктерде кратерлер қалмау керек. Жіктің нысаны мен мөлшерлері пісіру жұмыстарының жүргізілуін реттеуші техникалық құжаттама нормаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс. 7.2.4 Барлық пісіру жіктері пісіруден соң және жылумен өңдеуден өткеннен кейін (қажет болған жерлерде) түрлері мен көлемдері 1-кестеде көрсетілген бақылауға тартылады. 7.2.5 Бақылаудың бұзбайтын әдістері ретінде нақты жағдайларды ескере отырып негізінен ультрадыбысты, электрорентгенографиялық және рентгенографикалық фотоқағазды пайдаланып қолданылуға тиіс. Бақылауға құбырлардың түйістері барлық периметрі бойынша техникалық шарттарға немесе 2-кестеге сәйкес қарастырылған мөлшерде тартылуға тиіс. 7.2.6* Әртектес болаттарды пісіру кезінде жарықтандыруға 10 МПа-дан жоғары PyI құбырлардың 100 %-і және І - ІV санатты құбырлар және V санатты құбырлардың 10 %-і жатады. S = 4 мм және одан артық болған кездегі диаметрі 50 мм-ге дейінгі құбырларды түйістіру үшін өткізуші сәулелену мен УДА орнына созылуы мен бүгілуіне механикалық сынақтар жүргізуге рұқсат етіледі. Қалыңдығы қоса алғанда 4 мм-ге дейінгі Ду 50 мм-ге дейінгі құбырлар үшін созылуына сынауды үлгілері құбырлардың барлық түйісіндегі кеспей-ақ жүргізуге болады, ал бүгілуіне сынау МСТ 6996-66* бойынша жаншылуы сынаумен алмастырылады. Сыналған түйістер саны 2% -дан кем болмауы тиіс.
1-кесте - Пісіру қосылымдарын бақылау әдістері
2-кесте* - Құбырларға арналған қосылыстардың дәнекерлеушісімен (бірақ біреуден кем емес) пісірмелі қосылыстарды ультрадыбыстық немесе радиографикалық әдіспен пісірмелі қосылыстардың жалпы санынан алынатын %-пен бақылау көлемі
Ескерту - Бақыланатын түйістердің ең аз саны әрбір пісіруші пісірген өндірістік түйістердің жалпы санынан %-де берілген, бірақ бір түістен кем болмауы тиіс.
7.2.7 Радиографиялық бақылау нәтижелері бойынша болат құбырлардың пісірілген қосылыстарының сапасын бағалауды міндетті 3-қосымшаға сәйкес балл жүйесінің нәтижесі бойынша жүргізу керек. Егер олардың жиынтық балы құбырларға тең немес олардан артық болса, пісіру қосылымдары ақаулы деп танылуға тиіс:
Рy 10 МПа (100 кгк/см2) 2 I санатты 3 II „ 3 III „ 5 IV „ 6 Көрсетілген немесе одан жоғары балмен бағаланған пісірілген қосылыстар түзетуге жатқызылады, содан кейін ақау жіберген пісіруші мен орындалған бастапқы бақылау көлемінің екі еселенген түйістер саны қосымша бақылауға тартылады. 4 және 5 сомалық балмен бағаланған тиісінше ІІІ және ІV санатты құбырлардың пісірілген қосылыстары түзетуге жатқызылмайды, бірақ сол пісірушінің орындаған екі еселенген түйістер саны қосымша бақылауға тартылады. Егер қосымша бақылауда түйістердің біреуінде ақау табылса (ІІІ және ІV санатты құбарлар үшін сәйкес жиынтық балдары 4 пен 5 деп бағаланған) бұл пісірушінің орындаған түйістерінің 100 % бақылауға жатқызылады. Егер мұнда бір түйіс ақау болып шықса, пісірушіні құбырларды пісіру жұмысынан босатады. 7.2.8 Радиографиялық бақылаудың сезімталдығы (МСТ 7512-82* бойынша) 10 МПа (100 кгк/см2) астам РУ құбырлары, I және II санатты құбырлар үшін - 2 сыныпқа, III және IV санатты құбырлар үшін - 3 сыныпқа сәйкес болу керек. 7.2.9 Ультрадыбысты бақылау нәтижелері бойынша 10 МПа (100 кгк/см2) астам РУ құбырларының пісірілген қосылыстарында: а) созылған жазықтықты және көлемді ақаулар; б) балама ауданы 2 мм2 және астам сәйкес шағылысқан сигналдың теңселу шегі бар көлемді созылмаған ақаулар - құбыр қабырғасының қалыңдығын қоса санағанда 2 мм2 дейін және 3 мм2 және артық - қабырға қалыңдығы 20 мм жоғары болғанда; в) балама ауданы 2 мм2 дейін сәйкес шағылысқан сигналдың теңселу шегі бар көлемді созылмаған ақаулар - құбыр қабырғасының қоса санағанда 2 мм2 және 3 мм2 дейін - қабырға қалыңдығы 20 мм жоғары болғанда, әр 100 мм жікке үшеуден артық мөлшердегі жағдайлар болмаса, олар сапалы болып саналады. I—IV санатты болат құбырлардың пісірілген қосылыстары салалық стандартармен бекітілген талаптарды қанағаттандыруы керек. Ультрадыбысты бақылау әдісімен бір түйістен қанағатсыз нәтиже алған жағдайда, сол пісірушінің орындаған түйістерінің екі еселенген саны бақылауға тартылады. Қайта бақылауда қанағатсыз нәтижелер болса, түйістердің 100 %-ы бақылауға тартылады. Ақау жасаған пісіруші құбырларды пісіруге «Пісірушілерді аттестаттау Ережелерге» сәйкес білімдерін тексеріп, сынақтарды қайта тапсырғаннан кейін ғана жұмысқа жіберіледі. 7.2.10 Пісірушіні сынау кезінде пісірілген түйістердің жіктері сыртқы түрі мен бұзылмайтын әдістермен тексерілетін нәтижелері бойынша қанағаттанарлық деп танылса, онда механикалық сынау үшін түйістерден үлгілер кесіліп алынады. 7.2.11 Механикалық қасиеттерін бақылау МСТ 6996-66* талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ол төмендегі сынау түрлері бойынша жүргізіледі: а) бүгуге немесе жапыруға; б) созуға; в) соғу тұтқырлығына (құбыр қабырғасының қалыңдығы 12 мм-ден кем болмаған жағдайда); г) қаттылығын өлшегенде. 7.2.12 Жергілікті таңдау жолымен түзетуге және келесі пісіріңкіреу (барлық қосылысты қайта пісірусіз) болат құбырларының пісірілген жігінің учаскелері жатады, егер жіктің ақау учаскесін жойғаннан кейін іріктелген шамалар 3-кестеде көрсетілген мәндерден аспаса жатқызылады. Ақау бөлігін түзету үшін 3-кесте бойынша мүмкін мөлшерлерден асатын өлшемді іріктеуді қажет ететін пісірілген қосылыс толық жойылу керек, ал оның орнына «орам» пісірілу керек. Сыртқы байқаумен өлшеуде ультрадыбысты, магнит ұнтағымен немесе түсті әдіспен бақылауда анықталған пісірілген қосылыстың барлық ақау бөліктері түзетуге жатқызылады. Радиографиктік бақылау нәтижелері бойынша ақау болған түйістерде міндетті 3-қосымша мен 7.2.7-тармағына сәйкес анықталатын жоғары балмен бағаланған жік учаскелері түзетуге жатқызылады. Егер түйісте бірдей бал жиынтығымен ақауланса, түзетуге пісірмей қалған учаскелер жатады.
3 -кесте
Түйістің бір жерін бір реттен артық түзетуге болмайды. Ақауларды шекімемен түзетуге тыйым салынады. Түйістердің түзетілген учаскелерінің барлығы бұзылмайтын әдістермен тексерілуі керек. Түйістерді түзету мен қайта бақылау туралы мәліметтер міндетті 2-қосымшаға сәйкес өндірістік құжаттамаға енгізілуі тиіс. 7.2.13 Жік металының қаттылығын сынауға 10 МПа (100 кгк/см2) жоғары РУ құбырлардың, қоса 10 МПа дейін (100 кгк/см2) РУ құбырлар термиялық өңдеуден өткен ХМ мен ХФ тобының болаттарынан жасалған пісірілген қосылыстар жатады. Қаттылығын өлшеу нәтижелері бойынша келесі шарттар орындалғанда: а) балқытылған металл қаттылығы негізгі металл қаттылығының төменгі мағынасынан 25 НВ аспай төмендесе; б) балқытылған металл қаттылығы негізгі металл қаттылығының жоғарғы мағынасынан 20 НВ аспай жоғарыласа; в) негізгі металл қаттылығы мен термиялық әсер ету аймағындағы металл айырмашылығы 50 НВ аспай жоғарыласа пісірілген қосылыстар сапалы деп саналады. Қаттылық айырмашылығы, рұқсат етілген мүмкін мөлшерден асып кетсе, қосылыстарды термиялық өңдеуге қайта жатқызады, қайта термиялық өңделгеннен кейін қаттылық айырмашылығы асып кетсе металл жігін және осы пісірушінің соңғы бақылау тексерісінен кейін пісірген барлық бір типті қосылыстарының негізгі металын стильді түрде көшіру керек. Балқытылған металдың химиялық құрамы аталған түйіске сәйкес келмесе, ақаулы деп саналады. 7.2.14 Кристалиттік тоттануға сынау және оны бағалау МСТ 6032-89-ға және ведомствалық нормативтік құжаттарға сәйкес, егерде жобада талап етілсе, жоғары қоспалы қышқылға төзімді болаттар үшін жүргізіледі.
7.3 Түсті металл мен қорытпалардан жасалған құбырлардың қосылыстарының сапасын бақылау
7.3.1 Пісірілген және дәнекерленген қосылыстар сапасын оларды сыртқы байқау, сонымен бірге құбырларды гидравликалық немесе пневматикалық сынау жолымен осы ережелердің 8-бөлімінде баяндалған нұсқауларға сәйкес орындау керек. 7.3.2 Сырқы көрінісі бойынша дәнекерленген жіктер тегіс, негізгі металға бірқалыпты ауысқан болуы керек. Қатпарлар, қаяулар, бөгде қосылыстар, нашар дәнекерлену рұқсат етілмейді. 7.3.3 Дәнекерленген жіктердің ақаулы жерлерін дәнекерлеп, соңынан қайта сынаумен, бірақ екі реттен артық емес, түзетуге рұқсат етіледі.
7.4 Пластмасса құбырлардың қосыластарының сапасын бақылау
7.4.1 Пластмасса құбырлардың пісіру және желімдеу қосылымдарының сапасын бақылауға материалдар мен бұйымдардың сапасын кірме бақылау, операциялық және қабылдау бақылау (сыртқы байқаулар мен өлшеулер, пісірілген қосылымдардың сапасын жедел тексеру және оларды механикалық сынау) кіреді. Пластмасса құбырлардың пісірген қосылымдарының бақылау нормалары (бұзатын және бұзбайтын әдістермен) ҚНжЕ талаптарына сәйкес қабылдауға тиіс. 7.4.2 Пісірілген және желімделген қосылыстарды кірме бақылауда материалдар мен бұйымдар сапасының стандарттар мен ведомстволық мөлшерлік құжаттардың талаптарына сәйкестілігін тексеру керек. 7.4.3 Пісірілген қосылыстарды операциялық бақылау пісірілетін құбырларды жинақтау сапасын, құбыр ұштары беттерінің сапасын, қыздыру құралдарының жұмыс беттерінің тазалығын тексеруді және пісіру режимін бақылауда қарастырады. Желімделген қосылымдардың операциялық бақылауына желімделетін беттің дайындық сапасына, желімдеуді жинақ кезіндегі және технологиялық үдерістердің режимдеріне қойылатын талаптардың орындалуын тексеру кіреді. 7.4.4 Байқау мен өлшеуге барлық пісірілген және желімделген қосылыстар жатады. Оладың сыртқы пішіні келесі талаптарға жауап беруі керек: а) қыспақ түйіскен пісіру нәтижесінде алынған пісірілген қосылыстың білікшесі ені мен периметрі бойынша симметриялы және біркелкі орналасқан болу керек; б) білікшенің биіктігі қабырғаның қалыңдығына қарай былай болуға тиіс, мм-мен алғанда:
Білікшенің ені оның енінің 1,8...2,3 тең болуға тиіс. в) пісірілген қосылыс білікшесінде айқын межеленген сызықтар болмауы керек, оның беті тегіс, жарықсыз, газ көпіршіктері мен басқа да қоспаларсыз болу керек, қоңышты пісіруде білікше қоныштың дөңбек ұшы бойынша біркелкі орналасуы керек; г) поливинилхлоридтік құбырларды шыбық газды пісіруде шыбықтар арасында қуыстар, бұйым материалдары мен пісіру шыбықтарын күйдіру, пісірілген қосылыстың ені мен биіктігі бойынша біркелкі емес нығаюы болмау керек, ал оның беті дөңес және негізгі материалға бірқалыпты жанасқан болу керек; Шыбықтап пісіру сапасын алдын ала тексеру “шыбықты үзу” әдісімен жүргізіледі. Пісіру аяқталған соң ұзындығы 100 мм-дей пісіру шыбығының ұшын қалдырады; егер жік суығаннан кейін шыбықтың ұшы пісіру жігінде ойыстау болып бітсе, пісіру сапасы - қанағаттанғысыз. Сапалы пісіру кезінде шыбық алынбайды, пісірудің аяқталған жерінен сынады. Құбырдың пісіру түйісіндегі түзу сызықтықтан ауытқуы құбыр ұзындығының 1 метріне 20 мм-ден аспауы тиіс. д) құбырларды желімдегенде олардың арасындағы саңылау қосылыс периметрі бойынша біркелкі шығып тұратан желім үлдірімен толтырылуы керек. 7.4.5 Контактілік пісіру кезінде түйістерде ақау табылған жағдайда түйістер кесіліп алынады да, ұзындығы 200 мм-ден кем болмайтын “орамалар” пісіріледі. Газбен шыбықтап пісіру кезінде ақаулы учаскелер кеспей-ақ түзетілуі мүмкін. 7.4.6 Пісірілген қосылымдардың сапасын жедел тексеру пісіру құбырлардың жаңа партиясын алу кезінде жабдықтарын қалыпқа келтіру және пісіру тәртіптемесіне түзетулер енгізу үшін орындалуға тиіс. Бұл үшін түйісу қосылымдарының созылу, статикалық бүгілу, ал қоныштық қосылымдардың созылу және жылжу сынақтарын ведомстволық нормативтік құжаттар талабына сай жүргізіледі. 7.4.7 Созу мен жылжуға механикалық сынауға ІІ және ІІІ санатты құбырлардың пісірілген қосылыстары тартылады. Бақылауға қосылыстардың бір объектіде орындалған жалпы санының 0,5 %, соның ішінде бір пісірушімен орындалған жалпы қосылыстар санынан біреуінен кем емес қосылыстар жатады. Бақылау үшін таңдалған нұсқалар тура сызықты болуы тиіс. Пісірілген қосылыс кесілген учаскенің ортасында орналасуы керек. Сыналатын нұсқалар сапасының өлшемдері мен көрсеткіштері ведомстволық нормативтік құжаттамалардың талаптарына сәйкес қабылданады. Пісіру мен нұсқаларды созу мен жылжуға сынау аралығындағы уақыт 24 сағаттан кем болмауы керек. Созу мен жылжуға сынағанда кем дегенде бір қосылыста қанағатсыз нәтижелер болған жағдайда олардың екі еселенген көлемі қайта тексеруден өткізіледі. Қайта тексеруде қанағатсыз нәтижелер болған жағдайда барлық пісірілген қосылыстар ақауланып және кесіп алынады.
8 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН ЖАБДЫҚТАР МЕН ҚҰБЫРЛАРДЫ ЖЕКЕ СЫНАУ
8.1 Технологиялық жабдық пен құбырларды жеке сынауға дейін жеке сынауды өткізуге қажетті майлау, салқындату, өрттен қорғау, электр жабдықтары, қорғаныш жерге қосу, автоматтандыру жүйелерін құрастыру аяқталуы керек және сол технологиялық жабдықты жеке сынауды өткізумен тікелей байланысты, аталған жүйелердің сенімді қызметін қамтамасыз ететін іске қосу-реттеуіш жұмыстары орындалуы керек. Жеке сынау мен оларды қамтамасыз ететін іске қосу-реттеуіш жұмыстарын өткізу тәртібі мен мерзімі құрастыру және іске қосу-реттеуші ұйымымен, бас мердігер, тапсырыс беруші мен құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындауда қатысатын басқа да ұйымдармен келісілген кестелермен бекітілуі керек. 8.2 Құрылыста жиналған сауыттар (ыдыстар) мен аппараттарды беріктігі мен герметикалығына сынау керек. Құрылыс алаңына түскен дайындаушы-кәсіпорында толық құрастырылған және сыналған ыдыстар мен аппараттар беріктігі мен герметикалығына жеке сынауға қосымша тартылмайды. Сынау түрі (беріктігі, герметикалығы), сынау тәсілі (гидравликалық, пневматикалық), сынау қысымының шамасы, сынау ұзақтығы мен нәтижесін бағалау ілеспе немесе жұмыс құжаттарында көрсетілуі керек. 8.3 Машиналар, механизмдер мен агрегаттар дайындаушы-кәсіпорнының техникалық шарттарында қарастырылған талаптарды сақтауды тексере отырып сынауға бос жүрісте тартылуы тиіс. Құрастыру процесінде жинақталған машина, механизмдер мен агрегаттар, сонымен бірге құрастыруға жинақталған және сүргіштелген түрде келіп түскендер сынау алдында ажыратуға жатпайды. 8.4 Сынақтарды бастамас бұрын құбырлардың техникалық құжаттамаға сәйкестігін тексереді. Сынаққа дайындау кезінде құбырларды аппараттардан, машиналардан және сыналмайтын құбырлар учаскесінен тығындармен ажыратады. Жапқыш арматура ашық басуға тиіс, тығыздамалар толтырылып, тығыздалуға, штуцерлер, орама біліктер және басқа да ашық қималар сенімді түрде бітелуге тиіс. Сынақ, әдетте, құбырды жылумен, тотталуға қарсы оқшауланумен жапқанға дейін жүргізіледі. Құбырды үстеме оқшаулау арқылы сынауға рұқсат етіледі, бұл жағдайда құрастыру түйістері ашық қалдырылады. 8.5 Құбырды сынау жұмыстары құбыр толығымен тұрақты тіреулерге немесе аспаларға жиналып, барлық қималар, штуцерлер, орама біліктер, арматура, дренаждық құрылғылар, түсіру сызықтары мен ауа жібергіштері жөндеуден өткен соң жүргізіледі. 8.6 Технологиялық құбырларды сынау кезінде қолданылатын монометрлер тексеріліп, сүргіштелуге тиіс. 8.7 Құбырларды беріктігі мен герметикалығына сынау қажет. Түрін (беріктігі мен герметикалығы), тәсілін (гидравликалық, пневматикалық), сынау ұзақтылығы мен нәтижелерін бағалауды жұмыс құжатына сәйкес қабылдау керек. Жұмыс құжаттарында қосымша нұсқаулар болмаса, беріктікке сынағанда сынау қысымының шамасы 4- кестеге сәйкес қабылдануы керек. Қабырғасының температурасы 400 0С-тен жоғары болат құбырлар үшін сынау қысымы 1,5 Р-ден қабылдануы керек, бірақ 0,2 МПа кем болмау керек (2 кгс/см2). Герметикалық сынау қысымының көлемі жұмыс қысымына сәйкес келуге тиіс.
4-кесте
8.8 Сынау барысында құбырларды учаскелерге бөлу (қажет болған жағдайда), беріктігі мен герметикалығына сынауды біріктіру және ақауларды анықтау тәсілін (сабынды сумен жағу, ақпалар іздеушілерді қолдану) жұмыс құжаттарында тиісті нұсқаулар болмаса, сынауды өткізу ұйымы қабылдайды. Мұнда қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын және ҚР Мемқалтех бақылау ережелерін басшылыққа алу керек. 8.9 Гидравликалық сынауда болат құбырларды салмағы 1,5 кг аспайтын, түсті металл құбырларын - 0,8 кг аспайтын балғамен қағуға рұқсат етіледі. Пневматикалық сынау кезінде қағуға рұқсат етілмейді. 8.10 Пластмасса құбырларын беріктігі мен герметикалығына сынауды қосылымдарды пісіру не желімдеуден кейін 24 сағаттан асқан соң жасау керек. Сынау қысымын 5 минут ұстайды. Күзгі-қысқы кезеңдерде құбырларды жылытуға және сынауға қолданар кезде ыстық судың температурасы ПНП және ПВХ-дан жасалған құбырлар үшін 400-тан, ПВП және ПП жасалған құбырлар үшін 600-тан аспауға тиіс. 8.11 Шыны, фаолит, фарфор және антегмит құбырлар беріктігі мен герметикалығына қоршаған ортаның оң температурасында тек қана гидравликалық тәсілмен сыналады. Сынаудың пневматикалық тәсіліне рұқсат етілмейді. 8.12 Фаолит пен антегмиттен жасалған құбырлар сынау қысымында 5 минут, фарфор мен шыныдан жасалған құбырлар 20 минут, асбестцементтен жасалған - 10 минут ұсталады. Шыны құбырлар үшін сынақ қысымы 1,25 жұмыс қысымындай, бірақ 2 кгс/см2 кем емес, ал ситалды, фарфор және керамика құбырлар үшін - 1,5 жұмыс қысымындай, бірақ 2 кгс/см2 кем болмайтындай болуы қажет. 8.13 Егер сынау кезінде манометр бойынша қысым төмендемесе, және пісірілген жіктерде, фланцты қосылымдарда, арматура корпустарында, ыдыстардың, аппараттар мен құбырлардың бетінде ағындар мен буланулар, бұзылу белгілері мен көзге көрінетін қалдық деформациялар байқалмаса, ыдыстар, аппараттар мен құбырлардың беріктігі мен тығыздығын гидравликалық сынаудан өтті деп есептеледі. 8.14 Мемлекеттік бақылау органдарының бақылауымен жабдықтар мен құбырларды сынау осы органдардың бекіткен ережелерінің талаптарына сәйкес жүргілуі керек. Жабдықтар мен құбырларды сынау процесінде құрастыру жұмыстарында жіберілген ақаулар табылған жағдайда, ақаулар жойылғаннан кейін сынау қайта жүргізілуі тиіс. Қысым астындағы ыдыстардағы, аппараттар мен құбырларда, ал механизмдер мен машиналарды - олар жұмыс істеп тұрған кезінде ақауларды жоюға рұқсат етілмейді. 8.15 Кері температурада жабдықтар мен құбырларды гидравликалық сынаудан өткізу процесінде сұйықтықтың қатып қалуын болдырмау шараларын (сұйықтықты жылыту, қату температурасын төмендететін қосымшаларды қосу) қолдану керек. 8.16 Гидравликалық сынаулар аяқталған соң құбырлардан, ыдыстар мен аппараттардан сұйықтық жойылуы керек, ал тығын қондырғылары ашық қалпында қалуы керек. 8.17 Пневматикалық сынауда ыдыстардағы, аппараттағы, құбырлардағы қысымды келесі сатыларға қарап біртіндеп жоғарылату керек: 0,2 МПа (2 кгк/см2) дейінгі жұмыс қысымында пайдаланылатын ыдыстар, аппараттар мен құбырлар үшін - сынау қысымының 60 % жеткенде, 0,2 МПа (2 кгк/см2) және одан да жоғары жұмыс қысымында пайдаланылатын ыдыстар, аппараттар мен құбырлар үшін сынау қысымының 30 және 60 % жеткенде. Байқау уақытында қысымды жоғарылату тоқтатылады. Ақырғы байқауды жұмыс қысымында жасайды және қағида бойынша, герметикалық сынаумен біріктіреді. 8.18 Беріктігі мен тығыздығын пневматикалық сынау ауамен немесе инертті газбен жүргізіледі. Беріктігін сынау қысымы жер үсті төсемдеріндегі құбырларды сынау учаскесінің ұзындығы 5-кестеде көрсетілген шамадан аспауға тиіс. Пісіру түйістерінің, фланцті қосылымдар мен тығыздауыштардың герметикалығы төмендегі тәсілдермен: а) құбырдың қосылған жеріне сабын ерітіндісін жағып, ақаулы жерлерден ауа көбіктерінің пайда болуын бақылау арқылы; б) сынау жүргізіліп отырған ауаны немесе инертті газды одоризациялау арқылы; в) галондты ағын іздегіш арқылы тексеріледі.
5-кесте
8.19 Пневматикалық сынауды бастағанға дейін нақты жағдайларда сынау жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқау жасалуы керек, онымен сынауға қатысушылардың барлығы таныстырылуы тиіс. 8.20 Беріктікке пневматикалық сынаулар жүргізуге рұқсат етілмейді: а) сынғыш материалдардан жасалған (шыны, шойын, фаолит және т.б.) ыдыстар, аппараттар, құбырлар үшін; б) жұмыс істеп тұрған цехтарда орналасқан ыдыстар, аппаратттар, құбырлар үшін; в) жұмыс істеп тұрған құбырдың жанындағы эстакадаларда, арналар мен науаларда орналасқан құбырлар үшін; г) егер ыдыстарда, аппараттарда немесе құбырларда сұр шойыннан жасалған арматура орнатылса, [0,4 Мпа (4 кгк/см 2)] артық қысымда. 8.21 Беріктікке сыналатын гидравликалық немесе пневматикалық қысым 5 мин. бойы ұсталады, содан соң оны жұмыс қысымына дейін төмендетеді. 8.22 Ішкі жабыны бар болат технологиялық құбырлардың беріктігі мен тығыздығы гидравликалық тәсілмен сыналады, қысымды жұмыс қысымының 1,25-не тең сынауына дейін, бірақ 6 кгс/см2 кем болмайтындай көтеріледі. Сынақ мерзімін 5 минут ұстайды. Жобамен қаралған жағдайлардағы сынаулардан кейін, жабынның тұтастығына ұшқынды индуктордың көмегімен электролитті тәсіл арқылы қосымша сынау жүргізіледі. Бұл жағдайда тексерілетін учаске немесе желілер электрден оқшауландырылады. 8.23 Жұмыс құжаттамасында нұсқаулар болмаса герметикалық сынау уақыты ыдыстарды, аппараттарды, құбырларды байқау ұзақтылығымен анықталуы керек, егер ажырайтын және ажырамайтын қосылыстарда саңылаулар мен монометр бойынша қысымның төмендеуі сынау кезеңінде температураның өзгеруін ескере отырып анықталмаса, сынаулар қанағаттанарлық болып табылады. 8.24 Жабдықтар мен құбырларды жеке сынаудың қорытынды кезеңі болып оларды жеке сынаудан кейін кешенді сынауға қабылдау актісіне қол қою болу керек. 1-қосымша (міндетті)
ІСКЕ ҚОСУ-РЕТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
1 Іске қосу-реттеу жұмыстарына жабдықтарды жеке сынау мен кешенді сынауды жүргізу мен дайындау кезеңінде орындалатын жұмыстар кешені жатқызылады.* 2 Жеке сынау кезеңі болып (бұдан былай жеке сынау деп аталатын) жабдықты жұмыс комиссиясының кешендік сынау үшін қабылдауға дайындау мақсатымен жекелеген машиналар, механизмдер мен агрегаттарда жеке сынауды өткізуге қажетті жұмыс құжаттары, стандарттар мен техникалық шарттармен қарастырылған талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, құрастыру мен іске қосу-реттеу жұмыстарын қосатын кезең түсініледі. 3 Жабдықты кешенді сынау кезеңі болып (бұдан былай кешенді сынау) түсініледі: жұмыс комиссиясының жабдықты кешенді сынаудан өткізу үшін қабылданғаннан кейін орындалатын іске қосу-реттеу жұмыстарын және мелекеттік қабылдау комиссиясының объектіні пайдалануға қабылдағанға дейін кешенді сынаудың өзін өткізу кезеңі. 4 Жүктеме арқылы жабдықтың сынау туралы шешім тапсырыс берушінің өкімімен, бас мердігерлік ұйым және құрастыру ұйымының жетекшісімен қабылданады, ал сынақтың өзі олардың бірлескен бұйрығымен тағайындалған комиссия арқылы ҚР МемқалтехБақылау және ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агентіктің өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. 5 Жеке сынауды бастамас бұрын электротехникалық қондырғылары, басқарудың автоматтандырылған жүйелері, санитарлық-техникалық және жылу күшінің жабдықтары бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіледі, олардың орындалуы технологиялық жабдықтың жеке сынауын жүргізуді қамтамасыз етеді. Аталған қондырғыларды, жүйелер мен жабдықты жеке сынауды құрастыру жұмысының тиісті түрін жасау бойынша ҚНжЕ келтірілген талаптарға сәйкес жүргізеді. 6 Кешендік сынамалау кезеңінде өнімнің бірінші партиясының шығуын қамтамасыз ететін жобамен қарастырылған технологиялық процесте бос жүрісінен кейін жабдықты жүктемелік жұмысқа ауыстыру мен соңынан тұрақты жобалық технологиялық тәртіптемеге келтіріп, жабдықтың өзара байланысты біріккен жұмысын тексеруді, реттеуді және қамтамасыз етуді орындайды. Жабдықты кешендік сынауды бастамас бұрын апатқа қарсы және өрттен қорғау құралдарының автоматтандырылған және басқа да құралдары іске қосылуы керек. 7 Іске қосу-реттеу жұмыстарының көлемі мен шарттары, соның ішінде жабдықты кешенді сынамалау кезеңінің ұзақтылығы, қажетті пайдалану қызметшілердің саны, отын-энергетика ресурстары, материал мен шикізат мөлшері ҚР тиісті министрліктері мен ведомстволарымен бекітілген, құрылыспен кәсіп орындардың, объектілердің, цехтар мен өндірістер дің аяқталған құрылысын пайдалануға қабылдаудың салалық ережелерімен анықталады. 8 Пайдалану режимінде жабдықтарды кешенді сынау кезеңінде бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар құрылыс және құрастыру жұмыстарының анықталған ақауларын жою үшін тиісті жұмыскерлерді жедел тарту үшін өзінің инженерлік-техникалық қызметкерлерін кезекшілігін қамтамасыз етеді. 9 Іске қосу-реттеу жұмыстарының құрамы мен оларды орындау бағдарламасы жабдықты дайындаушы-кәсіпорындарының техникалық шарттарына, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының ережелеріне, өрт қауіпсіздігі, мемлекеттік бақылау орындарының ережелеріне сәйкес болуы керек. 10 Іске қосу-реттеу процесінде айқындалған және жабдықты кешенді сынауда жобалық құжаттармен қарастырылмаған, қосымша жұмыстарды тапсырыс беруші немесе оның тапсырмасы бойынша белгіленген тәртіппен рәсімделген құжаттар бойынша құрылыс және құрастыру ұйымдары орындайды. 11 Жабдықты жеке сынау мен кешенді сынамалау процесінде және де іске қосу-реттеу жұмысында анықталған жабдық ақаулары тапсырыс берушімен (немесе дайындаушы-кәсіпорынмен) объектіні пайдалануға қабылдағанға дейін жойылуы тиіс. 12 Жабдықты кешенді сынаудан өткізу мен дайындау кезеңінде орындалатын 6-т. көрсетілген жұмыстар мен шаралар тапсырыс берушімен немесе оның тапсырмасы бойынша іске қосу-реттеу ұйымымен және бас мердігер мен құрастыру ұйымдарының қосалқы мердігерлерімен және қажет болса - жабдықты дайындаушы - кәсіпорнының қамқоршы қызметкерімен - жасаған бағдарлама мен кесте бойынша жүзеге асырылады. 13 Жабдықты кешенді сынамалау бас мердігердің, жобалық және қосалқы мердігерлік құрастыру ұйымының инженерлік-техникалық кызметкерлердің, ал қажет болған жағдайда - жабдықты дайындаушы- кәсіпорнының қызметкерлерінің қатысуымен - тапсырыс берушінің пайдалану қызметкерлермен жүзеге асырылады. Кешендік сынамалау нәтижелері бойынша «Қазақстан Республикасындағы өкілеттіктерді, міндеттерді, сондай-ақ салынған объектілерді қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссиясының міндетті құрамын белгілеу Ережелеріне» сәйкес жұмыс комиссиясының жабдықты қабылдау туралы актісі жасалады.
2-қосымша (міндетті)
ЖАБДЫҚТАР МЕН ҚҰБЫРЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ КЕЗІНДЕ РЕСІМДЕЛЕТІН ӨНДІРІСТІК ҚҰЖАТТАР
Жабдықтар мен құбырларды құрастыру кезінде кестеде келтірілген өндірістік құжаттама жасалу керек, ал оларды тапсырғанда (1-3-т.т. көрсетілгенді қоспағанда) жұмыс комиссиясына тапсырылу керек.
3-қосымша (міндетті)
БОЛАТ ҚҰБЫРЛАРДЫҢ ПІСІРІЛГЕН НҰСҚАЛАРЫН МЕХАНИКАЛЫҚ СЫНАУ
Сынау түйістерінен дайындалған пісірілген нұсқаларын механикалық сынау келесі талаптардың сақталуын дәлелдеу керек: а) статикалық созудағы уақытша кедергі пісірілетін құбыр металының уақытша кедергісінің төменгі шегінен кем болмауы керек; б) статикалық бүгілуге сынағанда бүгілу бұрышы кестеде келтірілгендерден кем болмауы керек; в) сәулеге дейін қабыстырылған нұсқада құбыр қабырғасының үш қалыңдығына тең сызаттар болмауы керек; г) 10 МПа (100 кгк/см2) жоғары Рy мен қабырға қалыңдығы 12 мм және артық І санатты құбырларды доғалы пісіруде металл жігінің соққы тұтқырлығы МСТ 6996-66* бойынша ІV типті нұсқалардан анықталған плюс 20 °С температурасында металл жігі бойынша орналасқан кертпесі бар барлық болаттар үшін аустениттіктен басқа, 50 Дж/см2 (5 кгк·м/см2) кем емес, аустениттік үшін - 70 Дж/см2 (7 кгк·м/см2) болу керек.
4-қосымша (міндетті)
БОЛАТ ҚҰБЫРЛАРДЫҢ ПІСІРІЛГЕН ҚОСЫЛЫСТАР САПАСЫНЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАЛЫН РАДИОКЕСКІНДЕМЕЛІК БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АНЫҚТАУ
1 Пісірілген қосылыс сапасының жиынтық балы 1 және 2-кестелерге сәйкес қосылыстарды жеке бағалаудан алынған ең үлкен балдарды қосу арқылы анықталады. 2 Құбырлардың пісірілген қосылыстарының сапасын жік осі бойынша пісірілмеген ұзындығы, имектігі мен жік түбірінің артық балқуы мен балқымауына және балқымауы мен сызаттары болуына байланысты бағалау 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте
Ескерту - I—IV санатты құбырлар үшін түбір имектігінің шамасы мен балқытудың арттырылуы нормаланбайды. 3 Радиографиялық бақылауда кесіп алынған кіріспелердің (саңылаулардың) мүмкін өлшемдері және олардың балмен берілген бағалары 2-кестеде көрсетілген. Егер кіріспелер (саңылаулар) болмаса, пісірілген қосылыс учаскесі 1 балмен бағаланады.
2-кесте
Ескертулер: 1 Радиографикалық суреттерді оқығанда ұзындығы 0,2 мм және одан аз кіріспелер (саңылаулар), егер олар жиналмаса және ақаулар торын құрмаса, есептелмейді. 2 Жеке кіріспелердің (саңылаулардың) саны, ұзындығы кестеде көрсетілгеннен қысқа, бірақ 1 балл үшін 10 данадан аспауы керек, 2 балл үшін 15 данадан, 3 балл үшін ұзындығы 100 м радиограмманың кез келген учаскесінде, сонымен олардың жиынтық ұзындығы кестеде көрсетілгеннен аспауы керек 3 Ұзындығы мөлшерлі 100 м кем пісірілген қосылыстар үшін кестеде көрсетілген кіріспелердің жиынтық ұзындығы бойынша, сонымен бірге жеке кіріспелер саны бойынша да пропорционалды кемітілуі керек. 4 10 МПа (100 кгк/см2) астам Рy құбырларының пісірілген қосылыстары учаскелерінің бағалауы, кіріспелердің (саңылаулардың) жиналғаны табылса, 1 балға көбеюі керек. 5 Кіріспелердің тізбегі табылған барлық санатты құбырлардың пісірілген қосылыстар учаскелерінің бағалауы 1 балға көбейтілуі керек.
ӘОЖ 67.057.16 МСЖ 23.040.01; 75.200.13; 91.140.10; 91.140.40
Түйін сөздер: Технологиялық жабдық, құбырлар, пісірілген алмалы-салмалы қосылымдар, іске қосушы жұмыстар. * Мұнда «жабдық» түсінігі өнімнің жобамен қарастырылған бірінші партиясының шығуын қамтамасыз ететін объектінің барлық техн[i]ологиялық жүйесін, яғни жабдықтар мен құбырлардың технологиялық және басқа да түрлерінің кешені, электротехникалық, санитарлық-техникалық және басқа да құрылғылар мен автоматтандыру жүйелерін қамтиды.
|