«Агро


Алматы қаласы әкімдігінің

2016 жылғы 17 қазандағы

№ 4/497 қаулысымен

бекітілді

 

 

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде

жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12520 болып тіркелген) бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген.

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 185 мекенжайындағы 431 кабинет, телефон: 8 (727) 264-79-37 бойынша «Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - оператор) жүзеге асырады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі






(c) 2020 - All-Docs.ru :: Законодательство, нормативные акты, образцы документов